Бағдарламасы «бастау бизнес»


Ауылшаруашылығы кооперативі



бет194/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Ауылшаруашылығы кооперативі шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық ны- сандарының бірі болып табылады, бұл – кооператив мүшелерінің материалдық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың бірлескен өндірісіне немесе басқа да мүліктік пай жарналарын біріктіруге негізделген шаруашылық қызметі үшін ауылшаруашылығы тауар өндірушілері құрған ұйым.
Арнайы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіле- нетін және салықтардың және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем- ақының жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептілікті ұсынудың оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысулардың ерекше тәртiбi.
Ашық деректер – бұл мемлекеттік органдардың және басқа да ақпарат иелерінің жалпыға қолжетімді, машиналық түрде оқылатын деректері бар алаң.
Ашық нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) – бұл әзірленіп жатқан заң жобаларын, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары мен рұқсат құжаттарын талқылаудың бірыңғай алаңы.
Ашық бюджеттер – портал негізінен азаматтардың мемлекеттегі «бюджет» ұғымы туралы түсінігін жеңілдету және бюджет қаражатын жұмсауды қоғамдық бақы- лау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
Ашық диалог – мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы тиімді кері байланыс жасауға арналған алаң.
Әкімшілік-басқару шығыстарына әкімшілік-басқару персоналының негізгі жалақы- сына және оған есептелген төлемдер мен сыйақыларға жұмсалатын шығыстар; іссапарлар мен көлікке жұмсалатын, кеңсе және пошта-телеграф шығыстары; әкімшілік-шаруашылық ғимараттар мен орынжайларды ұстау құны, сондай-ақ ғимараттар мен құрал-саймандардың өтеліміне жұмсалатын шығыстар және басқадай әкімшілік-басқару шығыстары жатады.
Бизнес-жоспар – ұйымның өндірістік, сату және қаржылық қызметі туралы толық ақпараты бар іскерлік ұсыныстар мен жобалар ұсынудың формасы және өзінің экономикалық мүдделері мен әріптестерінің, инвесторлар, тұтынушылар, дел- далдар және жобаның басқа қатысушылары мүдделері теңгеріміне негізделген ынтымақтастық перспективаларын, жағдайларын және нысандарын бағалауды қамтитын әлемдік шаруашылық тәжірибеде жалпы қабылданған бизнес-ұсы- ныстар мен жобаларды ұсынудың нысаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет