Бағдарламасы «бастау бизнес»


Презентацияның негізгі бөлігі



бет191/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Презентацияның негізгі бөлігі:


  • Бүгінгі күнгі істің жағдайы – орын алып жатқан жағдайларды қарапайым әрі жан-жақты сипаттау. Егер ештеңе болмаса, перспективалар мен салдарлар.

  • Мәселені шешу нұсқалары

  • Қандай қиындықтар бар және неге байланысты.

  • Шарықтау шегі Презентацияның соңғы бөлігі:

  • Айқын пікір айту

  • Сөз сөйлеудің негізгі идеяларын қайталау

  • Түйіндеу

  • Қорытындылау

  • Алдағы жоспарлар

Презентацияның аяқталуы мақсатқа сәйкес болуы және ұмытылмас әсер қал- дыруы керек.

Төртінші қадам: «Фиксация»


Ең жақсы әдіс – слайдтар. Көрнекі материалдар және бір уақытта жасырын па- рақшалар.
Неге мәтіннің мәтінін жазба:

  • Жаттап алған мәтінде, табиғилық болмайды;

  • Егер сіз мәтінді есте сақтай алмасаңыз, аудиториямен көзбен байланысу мүл- де болмайды, себебі қағаздан бас алмай қарап тұруға тура келеді;

  • Мәтіннен көз алсаңыз, сол жерді қайта іздеп жүресіз. Сіз бірден таба алмай- сыз;

  • Қолыңыздағы қағаз кедергі келтіреді және қолыңызды қозғай алмайсыз.

  • Жазып алған мәтініңізді өзгертіп айту қиынға түседі.

Бесінші қадам: «Түзету»


Айтатын мәтініңіз қанша уақыт алатынын анықтап алыңыз. Оған тағы уақыттың бестен бірін қосыңыз. Қандай жерлердің тығыз екенін және ақпараттың жеткіліксіз екенін түсініңіз.
10 минут сөйлеуге дайын болыңыз. Сөйлеуге 6 минут, комиссияның сұрақтары- на 4 минут уақыт қалдырыңыз.

Алтыншы және соңғы қадам: «Қорғау алдындағы демалыс»


Сөйлеуге дайындықтың алдында басқа нәрсемен айналысып, миыңызды ты- нықтырыңыз.
Күтпеген нәрселердің алдын алу үшін:

  • Қажетті нәрселердің бәрін алыңыз;

  • Лайықты киініңіз;

  • Одақтастықтарыңызды таңдаңыз (залға достарыңызды, әріптестеріңізді отырғызыңыз);

    • Сөзді бастар алдында аудитория туралы біліңіз;

    • Дайындық жасаңыз;

    • Бос уақытыңыз болсын. Көңіл-күйді басқару тәсілдері:

    • Жақ сүйегін жиырма рет алға-артқа белсенді қозғаңыз. Кезбе жүйкенің түп- тері қоздырылады, сигнал орталық жүйке жүйесіне беріледі, адреналин бөлі- неді, көңіл-күйіңіз біркелкілікке келеді.

    • Сізді шақырғанға дейін күтіп отырғанда, қолдарыңызды түсіріп, бос ұстаңыз. Көз алдыңызға қолдарыңыз ұзарғаны соншалықты, еденге тигенін елестетіңіз.

    • Білезігіңізді қозғаңыз, саусақтарыңызды қимылдатыңыз, қолыңызды уқа- лаңыз. Қол білезігінің гимнастикасы толқудың қорқыныш эффектісін азайта- ды әрі сөйлеу мүшелерінің жұмысын жақсартады.

    • Тез-тез жүріп, қолыңызды сермеңіз. Жүректің соғысын жиілететін кез келген қозғалыс жүйкеңізді тыныштандырады.

    • Генералдың погоны бар ауыр шинель киіп отырмын деп елестетіңіз және ауырлығын иығыңызбен сезініңіз. Иығыңызды түсіріңіз, иегіңізді көтеріңіз, арқаңызды тік ұстаңыз.

    • Баяу және терең демалыңыз. Көрермендер сізді көруге келген жоқ, олардың өздерін қалай ұстайтынын сіз көруге келдіңіз.

    • Қалай сөйлегеніңізді еске түсіріп, қайсы сәтті шыққанына көңіліңізді ауда- рыңыз. Осыны есте сақтап, қайта қолданыңыз.

    • Ең бастысы – көпшілік алдында сөйлеп, мақсатқа жету, соған көңіліңізді ау- дарыңыз

    • Шешен жақсы физикалық дайындықта болуы қажет.

    • Сөйлеу нәтижесіне байсалды қараңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет