Бағдарламасы «бастау бизнес»


Маркетинг – сіздің компанияңыздың сыртқы әлеммен кез келген, тіпті маңызды емес байланысы. Маркетинг жиынтығы



бет197/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Маркетинг – сіздің компанияңыздың сыртқы әлеммен кез келген, тіпті маңызды емес байланысы.
Маркетинг жиынтығы – мақсатты нарыққа әсер етуге арналған құралдар жиын- тығы.
Мерчандайзинг – тауарды сату орнында алға жылжыту жүйесі.
Микрокредиттер (немесе миникредиттер) – бұл микроқаржы ұйымдарының кре- диттік өнімі, яғни сол кредит, бірақ сегіз мың АЕК аспайтын, шектелген кредит.
Нарық сегменті — алға қойылған ұсынысқа бірдей жауап қатуы мүмкін деп күтілетін шынайы немесе әлеуетті тұтынушылар тобы.
Нарық сыйымдылығы – нақты мерзімде аталған нарықта сатуға болатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі.
Өтелімділік мерзімі деп жобаның бастапқы сәтінен есесі қайтқан сәтіне дейінгі ке- зеңнің ұзақтығын атаймыз. Ол таза ақша ағынын қорландыру арқылы алғашқы
инвестицияларды қайтару үшін қажетті кезең, яғни қорланған таза ақша ағыны- ның шамасы оң болғандағы кезең болып белгіленеді.
Позициялау – бәсекелестер иелігіндегі позицияларға қатысты тұтынушылар сана- сында бренд қалыптастыру мақсатында өте тиімді позиция жобалау және құру.
Рұқсат – рұқсат беру органдарының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруы арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растауы.
Салықтар – мемлекет тарапынан біржақты тәртіпте бюджетке міндетті ақшалай төлемдер, бұл белгілі бір мөлшерде өндіріледі, қайтарылмайтын және ақысыз сипатта.
Салық режимі – салық төлеушілердің салық пен бюджетке төлемдер төлеудегі бар- лық салық міндеттемелерін есептеу кезінде қолданатын ҚР салық заңнамасы нормаларының жиынтығы.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама – өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен шаруашылық объектілерінің және өзге де қызметтердің са- нитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізілетін органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпиде- миологиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерінің кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет