Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет196/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Залалсыздық нүктесі тауарды өткізуден пайдалылық шегін белгілейді де компания шығындарының барлығы өткізуден түскен түсімге (яғни пайда = 0) тең болатын баға деңгейін, сату көлемін және өнімнің өзіндік құнын білдіреді.
Зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/ немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақ- сатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру және өнімдерді кепілді өткізу мақсатында АӨК орта және ірі субъек- тілерімен әріптестігі.
Камералдық бақылау – салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы өзге де құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізіндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың жүргізетін бақылауы, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері.
Кәсіпкер – өз бизнесін құра отырып, тәуекелге және эксперимент жасауға дайын, өз өмірін өзгерткісі келетін, көп әрі табандылықпен еңбек етуге дайын адам. Азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану,
тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлікке) не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлікке) негізделген дербес, бастамашыл қыз- меті кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кредит тарихы – бұл сіздің барлық кредиттеріңіз және оларды өтеу тәртібі жайлы жалпы ақпарат.
Кредиттік серіктестік – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым. Нысаны – құрылтай шарты негізінде және өзінің жарғысына сәйкес ЖШС.
«Комфорт аймағы» – адам өмірінің шектеулі кеңістігі, сондай-ақ үйреншікті және қалыптасқан өмір сүру салты.
Қаржылық сауаттылық – бұл қаржыға қатысты ақылға салынған және ақылға қо- нымды шешім қабылдауға көмектесетін білімдер мен дағдылар.
Лизинг – мүлікті сатып алу және лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығымен, оны лизинг шарты негізінде жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір ақыға, бел- гілі бір мерзімге және шартта көзделген белгілі бір талаптарда беру жөніндегі инвестициялық қызметтің түрі.
Лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейімен байла- нысты қызметтің немесе іс-әрекеттер (операциялар) осы Заңда белгіленген түрлерін (кіші түрлерін) жүзеге асыруға тиісті лицензиар беретін бірінші са- наттағы рұқсат.
Лицензиялау – лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды, лицен- зиялардың және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берумен және қайта ресімдеумен, рұқсатты бақылауды жүзеге асырумен, лицензия- лардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұрумен, қайта жаңартумен және оның қолданысын тоқтатумен байланысты іс-шаралар кешені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет