Бағдарламасы «бастау бизнес»



бет198/200
Дата18.10.2023
өлшемі11,69 Mb.
#118608
түріБағдарламасы
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200
Байланысты:
кітап бизнес бастау 22-23 ж

Сатудың кірістілігі – ұйымның кірістің қандай бөлігі пайда әкелетінін көрсететін ұйым қызметінің қаржы нәтижелілігінің көрсеткіші.
Сегмент қажеттіліктері, ниеттері мен мүмкіндіктері ұқсас сатып алушылар тобы. Нарықтың түрлі сегменттерге бөлінуі және оларды кейін зерттеп-білу компа- ниялардың назарын табыстылық тұрғысынан біршама перспективалы сегмент- терге (яғни мақсаттық сегменттерге) жұмылдыруына мүмкіндік береді.
Сегмента́ция – тұтынушылардың қандай да бір тауарға/қызметке реакциясын зерт- теп-білу және нарықтың мақсаттық сегменттерін таңдау мақсатында нарықты ұқсас сипаттамаларға ие сатып алушылар топтарына бөлу.
Субсидиялау – кәсіпкерлердің операциялық қызметіне қатысты белгілі бір жағдай- дың болашақта орындалуына айырбас ретінде несие үшін сыйақы ретінде кәсіпкерлердің банкке төленген шығындары ішінара өтеуге пайдаланылатын кәсіпкелерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету нысаны.
Тайм-менеджмент – өз уақыт ресурстарын есепке алу, бөлу және жедел жоспарлау.
Таза ақшалай қаражат ағыны – (басқа атауы таза кіріс, ТК, Net Value, NV) капи- талдың кірісі және шығысымен (яғни, меншікті капитал мен қарыз қаражатын есепке алмастан) байланысты төлемдерді қоспағанда, жобаның барлық төлем- дердің сомасы ретінде есептеледі.
Тікелей шығындар – өзіндік құнға енгізілуі мүмкін белгілі бір өнім түрін өндіруге байланысты шығындар. Оларға мыналар жатады: шикізат пен негізгі материал- дардың құны; сатып алынатын бұйымдар мен жартылай фабрикаттардың баға- сы; отын мен электр энергиясына кететін шығындар; қызметкерлердің жалақы- сы; жабдықтың құнсыздануы.
Хабарлама – рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган неме- се Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат.
ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары – әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту әрі көтеру мен өмір сүру деңгейін жақсарту үшін кәсіпкерлік қызметті құру және дамытуда халыққа көмек.
b2b нарығы (business to business – бизнес үшін бизнес): корпоративті сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қарым-қатынас – жаппай сатып алушы ком- паниялармен, өндірістік кәсіпорындармен, корпоративті клиенттерге арналған қызметтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет