103
13)
операция жҥргізілетін бӛлмені ауа және тамшы арқылы берілетін
инфекциядан сақтандыру;
14)
хирургтің қолын операцияға
дайындау;
15)
жануарды операцияға
және операция алаңын дайындау;
16)
қҧралдарды стерильдеу;
17)
таңуға
арналған және тігу материалын, қолғапты стерильдеу;
18)
жараны іріңдеуден сақтандыру (антибиотиктер қолдану).
Несеп-жыныс ағзалардың операциялары. Пішу
Пішу - аталық және аналық жыныс бездерінің қызметін жасанды тҥрде толық
тоқтату. Оны әр тҥрлі әдістермен жҥзеге асыруға болады. Кӛбінесе пішу арқылы
малдың жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркек малдарда жыныс бездерінің
қанмен қамтамасыз етуін, оның иннервациясын бҧзу операциялық тәсілдерін
қолдану арқылы жҥргізіледі және оның қҧрамы толық немесе жартылай бҧзылады.
Жыныстық бездердің функциясы радиоактивтілік сәулелендіру, химиялық және
гормондық дәрілерді қолдану мен иммунологиялық тәсілдер арқылы да тоқтатылуы
мҥмкін. Малдарды хирургиялық операциямен пішудің шаруашылық маңызы зор.
Пішілген малдың организмінде терең зат алмасу ӛзгерістері жҥреді және оның
даму барысында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсы
бордақыланады, оның еті нәзік және сапалы болады, еркек мал жағымсыз иістен
тазарады, жҥнінің сапасы жақсарады, жҧмыс малы шыдамды болып келеді, пішілген
сиырдың сҥт беру кӛрсеткіші жоға-рылайды.
Еркек малдың жыныстық бездерін толық алып тастауды орхидектомия (грек.
оrсhis - жҧмыртқалық, есtome - кесу), ал ҧрғашы малдарда - овари-эктомия (лат.
оvагium - аналық без) деп атайды.
Еркек малдарды пішудің мақсаттары:
6) жҧмысқа
толық пайдалану;
7) ҧрғашы малдармен бірге топтастырып кҥтіп бағу;
8) асыл тҧқымды емес еркек малмен ҧрықтандыруды болдырмау;
9) ет
сапасын жақсарту;
10)
жарықтарды (грыжаларды) және
қабынған шәует орнын емдеу;
11)
жалпы қынап қабығының шеменін емдеу;
12)
ең бауының кҥре тамырларының варикозды кеңейуін емдеу;
13)
интравагинальдық жарықтарды, ҧмалардың механикалық зақымдан-уын
емдеу болып табылады.
Кӛбінесе асыл тҧқымды емес және жҧмысқа пайдаланатын жануар-ларды
пішуге жібереді. Пішуді кӛктем және кҥз айларында жҥргізеді. Ауру, арық
жануарды және індеттен сау емес топтағы малды пішуге болмайды.
Пішілген малдарды жҧмысқа пайдалану жасы:
1,2 - 2 жастағы ӛгіздер; 3-4 жастағы қҧнан-дӛнендер.
Бордақылау жасы:
10-30 кҥндік
торай-қабандар; 1 айлық
еркек-қозылар;
2-3 айлық еркер-бҧзауларды бордақылайды, бірақ союға дейінгі жасы 6 айдан
кем болмауы керек.
Мал шаруашылығында бордақыланған малды пішу, олардан қосымша май, ет
және жҥн алу мақсатында қолданылады.
104
Сиырдың бордақылануын жақсарту ҥшін және емдеуге жарамсыз бедеулікке
соқтыратын аналық бездердің аурулары кезінде, ал шошқаларды бордақылау
алдында пішеді.
Мал шаруашылығында пішуді жҧқпалы ауруларға қарсы (топалаң, қарасан,
шошқаның тілмесі мен обасы және т.б.) профилактикалық шаралардың басталуынан
немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін жоспарлайды. Дәл осылай жоспарлы тҥрде
жҧмыс малдарын пішеді.
Достарыңызбен бөлісу: