Көрсеткіш
|
Жаңа туған бала
|
Емшек жасындағы бала
|
Бір жастан кейінгі балалар
|
1
|
Гемоглобан /Нв/
|
170-250 г/л
|
110-150 г/л
|
120-150 г/л
|
2
|
Эритроциттер /Э/
|
4,5-7,5 х 1012/л
|
3,5-4,0 х 1012/л
|
4,5-5,0 х 1012/л
|
3
|
Лейкоциттер /L/
|
10-30 х 109/л
|
10-11 х 109/л
|
6-8 х 109/л
|
4
|
Тромбоциттер /Т/
|
20-25 х 1010/л
|
20-30 х 1010/л
|
20-30 х 1010/л
|
5
|
Түсті көрсеткіш
|
0,8-1,0
|
0,9-1,0
|
0,9-1,0
|
Қан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – анемия. Анемияның тіпті ең жеңіл түрлерінің өзі баланың ағзасын әлсіретіп сақтану күштерін төмендетеді, баланың өсіп-дамуын тоқтатады. Анемиямен ауырған балаларда басқа аурулар өте ауыр өтеді. Сондықтан анемияны – фондық ауру деп атайды.
Қанның бір мөлшерінде эритроциттардың саны кұрт азайып кет-кен патолоиялық жағдайды «анемия» деп атайды.
Бұл патология көбінесе жас, 1-7 жастағы балаларда жиі кездеседі.
Бұл кезеңде балалардың денесі өте жылдам ширап өскендіктен, қан қорытатын ағзалар және қан түзілүі дененің дамуының ар-тынан үлгермей қалады, сондықтан гемоглобинның көрсеткіші және эритроциттардың саны кұрт төмендеп кетеді.
Анемияның жіктемесі
1) Тапшылықтық анемиялар: теміртапшылықты, витамин-
тапшылықты, негізуызтапшылықты.
Гипо және апластикалық анемиялар: туа біткен және иеленген.
Геморрагиялық (қан кету) анемиялар: жіті қан кетуден болған анемия, созылмалы қан кетуден болған анемия.
Гемолитикалық - қан езіліп бұзылғаннан болған анемия: туа біт-кен және иеленген
Басқа әртүрлі аурулардың асқыну ретінде болған анемиялар.
Тапшылықтық анемиялар
Гемоглобинның молекуласын құрамына кіретін керекті заттар организмге тағам арқылы түспей немесе түскен заттар асқазан-і-шекте қорытылмай және сіңбей қалған патологиялық жағдайлар-ды «тапшылықтық анемия» деп атайды. Көбінесе, тағам арқылы керекті заттар түспейтін анемия - оны «көректену анемиясы» - «алиментарная анемия» деп атайды. Нәрестені ешкінің сүтімен көректегеннен алиментарная анемия түзіледі. эритроциттардың пішіні өзгереді - пойкилоцитоз, анизоцитоз болады.
Этиологиясы
Бала мерзімінен ерте туғаны, емшек ембей жасанды тағамдармен көректенуі, бір қалыпты тағамдармен (мысалы, сүт ұнтағымен ғана) узақ уақыт көректенуі, етсіз тағамдармен көректенуі, бала жиі-жиі ауырғаны, рахит, гипотрофия - осылардың бәрі заталмастыруды бұзып, (соның ішінде темірдің сіңүін бұзып) тапшылықтық ане-мияға әкеліп соғады. Қанда темір аз мөлшерде болғандықтан, гемоглобинный, құрастырылу үрдісінде соның жетіспеушілігі болға-ны анемияға әкеліп соғады.
Организмге негізуыз аз мөлшерде түсетін болса, гемоглобинның құрамындағы ерекше негізуыз - «глобин»ның жетіспеушілігі пайда болады. Ал, сол негізуызсыз гемоглобинның қызметі - оттегіні алып, гемоглобинный, ішіне бекіту, толық орындалмайды.
Витаминдердің тапшылығының арасында, ең маңызды В-12, В-1, В-2; PR С, В-6 сияқты витаминдерсіз гемоглобинның түзілүі толық болмайды. Сол себептен, гемоглобин толық мөлшерлі оттегіні алып, тарай алмай, тапшылықты анемияға әкеліп соғады. Сұйек-тердің қызыл миларында қанның формалық денелерінің түзілүіне әсіресе В-12 және фолий қышқылы өте маңызды болып табылады, себебі оларсыз гемоглобин дурыс түзілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |