Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысуы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілген нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірбиесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.