Мұхтар:
Жасымнан мен өзімді баптап едім,
Осындай алтын жырмен аптап едім.
Нұрғисаевты мақтадың деп қоясың,
Қай жерде сол әкімді мақтап едім?
181
Солай келіп намысымды таптайсың ба,
Өз жағыңның өлеңін мақтайсың ба?
Денсаулық жайлы ештеңе айтпадың деп,
Солай маған ойларыңды сақтайсың ба?
Бізден гөрі үкіметке жақындаусың,
Сол жақта тағы тілді қақпайсың ба?
«Денсаулықты қолдау керек мәңгілікке», –
Деп солай жоғарыға айтпайсың ба?!
«Қалқаманның» жайы неге шектеледі,
Біз білмейтін бар екен көп дерегі.
Кезінде заңды етіп жерін алып,
Үй салып халық терін төккен еді.
Тұрғын үйлер жобасыз салынған деп,
Жоғарыдан бұзылсын деп хат келеді.
«Бұдан былай бұл жердің егесі мен»
Деп біреу кеп халықты сөккен еді.
Бір жерді екі саткан Храпуновқа
Халықтың басылмай тұр өкпелері.
Қай төбеге апарып қоймақ енді
Қауіпі сейілмеген Көктөбені?
Лай көшкіні болады деп дүрлігіп жүр,
Елімізге осы еді жетпегені.
Алматым, бізге қымбат бәрінен де
Шырайыңның лай боп шөкпегені.
Өйткені ару Алматы – астанамыз,
Алашымның тірегі боп келеді.
Қарт Алатау құшағын кеңге жайып,
Кеп жатқанның ешбірін жат демеді.
Ағасы, бос ойларды қуалайсың,
Бірақ та биігіңнен құламайсың.
Өткендегі әкіміне айтпадың деп,
Тек келіп мына мені кінәлайсың.
Бізден кетті, сіздерге жақындау ғой,
Сол жақта оның құлағын бұрағайсың.
Өткендегі тірлігіңе жауап бер деп,
Дәтің жетсе, содан барып сұрағайсың!
182
Аманжол:
Шындықты ақтарсам да тілімменен,
Шендінің құлағына ілінбеген.
Семей полигонының зардабынан
Шаранаң кемтар болып бүгілген ең.
Полигонның сынағы тоқталғанмен,
Зардабы шектелмейді бүгінменен.
Алтай, Арқа орманы өртенгенде,
Қарағай жоқтау айтып дірілдеген.
Байқоңырдан ұшырған протондар
Гептилменен у шашып гүрілдеген.
Тұз басқан Аралдағы өлі құмда
Қаңбақтан басқа ештеңе жүгірмеген.
Экология құлдырап бара жатыр,
Ағайын, неміз қалды бүлінбеген?!
Саясат алаңында кең қақпалы
Белгілі үлкен сайлау кеп жатқаны.
Сайлауға дайындалып жатқан шығар
Белсенді көкелерің сен жақтағы.
Есімізден шықпасын, ау, ағайын,
Қазіргілер тіл білмей, жер сатқаны.
Халқын сүйген жігіттер атқа мінсін,
Тағдырға мойын бұрар ел жақтағы.
Заманның толқығанда күшті ағыны,
Ерлердің байқалады күшқарымы.
Бәрі өткінші екенін білдіргендей
Күздегі тыраулаған құс сарыны.
Білгенге біздегі көп партияның
Анық емес саяси ұстанымы.
Бір партия есімі «Ауыл» болды,
Тіркеліп алғанынша бауыр болды.
Партияның басшысы жалпақшешей,
Қазаққа қарсы соққан дауыл болды.
Қой терісін жамылған қасқырға ұқсап,
Тілге балта шапқаны ауыр болды.
183
Сайқал емес, партия керек бізге
Халқыма нұсқай білер тәуір жолды.
Болғанмен қазақ деген ұлы халық,
Саясат абыржытар бұрып алып.
Машкеевич дегенің талтаңдайды,
«Азаматтық» партия құрып алып.
Ішкі өнімнің біразы соныкі екен,
Ағалар байқамайды мұны нағып?
Саясатқа «жебекең» араласса,
Болады болашақтың күні ғаріп.
Алдыңда ақиқатқа үңілгесін,
Халқымнан жасырайын бүгін несін.
Жалпылдаған жабылар озып кетіп,
Құлагерлер қапылыс сүрінбесін.
Жершілдік, рушылдық етек алып,
Алаланып, беліміз бүгілмесін.
Көп партияға бөлініп Абай айтқан,
Елдің іші дүрлігіп, бүлінбесін.
Мұхтар:
Аманжолдың бұл жайлы жинағы көп,
Мұхтарды да ойлана қирады деп.
Жетімге қарайласам деді жаңа,
Ағамның ол жайында қиялы көп.
Жеті тұлпар мінсең де айтыстарда,
Естімеппін дөңгелегін сыйлады деп.
Елдің жайын жырласаң еліме кеп,
Мен де соны айтайын семіре кеп.
Біз білетін Арабия бір мұнаймен
Өсіп, дамып жетілген мемлекет.
Ал бізде мұнай да бар, басқа да бар,
Жағдайымыз неге сонша кері кетед?
Зейнетақы күткен атаәжелерге
Өкімет қашан жылуын төгіп өтед?
Мардымсыз пенсиясын көтерем деп,
Ол сөзіне қашанғы сеніп өтед?
184
Жұмыссыздық кеудемді басып барад,
Ойлағанның ет жүрегін еңіретед.
Сырттан кеп билік қылған қандай жаман,
Жайылған дастарханның төріне кеп.
Қашаннан бай елдерге ғашық едік,
Соларға ұқсап мұнай көзін ашып едік.
Егін егіп, оны қайта жинар кезде
Майды қайдан алам деп сасып едік.
Малдан да жайлаудағы түк қалмады,
Басында соған сеніп тасып едік.
Бір күндері масқара боп жүрмейік,
Құдаларға балықтың басын беріп.
Аманжол, айтысқанда ұлықсыңдар,
Сөзінде бауырыңның ұлық сын бар.
Анау Қырдың, анау Сырдың мақамы деп,
Ойпырмайау, ағалар, қызықсыңдар.
Үш жүзге бөлінгенім аз болғандай,
Мақам сазды бөлуге шығыпсыңдар.
Аманжол:
Жағаға шығып қалмай тасқынменен,
Бабалардың жолымен бастым берен.
Рушылдық, жүзшілдікті шатастырма
Өнердегі сақталған дәстүрменен.
Елжұртым құлақ түріп, сайратты өктем,
Мәреге белім талмай жайнап жеткем.
Ең құрмаса, дөңгелек бермедің деп,
Бауырым, отырсыңау қайрап тектен.
Талай темір тұлпарды айтысқанда
Аруларға сый қылып байлап кеткем.
Алла берген ғұмырда сайрандармын,
Иманымды сауыт қып жайланғанмын.
Дін жайында айтпасақ айып болар
Бүгінгі туған күні пайғамбардың.
185
Айтылсын шындық сөздің дүр дерегі,
Сайрасын сар даланың тілді өрені.
Діндер бас қосуының қос қыры бар
Секілді күннен кейін түн келері.
Астанада бас қосқан түрлі діннің
Пайдалысы – бірлікке үндегені.
Зияндысы – толқыған кейінгі ұрпақ
Көп дінге ден қояды іргедегі.
Анашаның шөбіндей ұрық шашар
Түрлі діннің бір елде гүлдегені.
Дұрыстап ойланғаның дұрыс болар,
Бастамас бұрын, елім, бірдеңені.
Киелі рухымыз көктесе екен,
Нар намысым шөл қысып, шөкпесе екен.
Періштенің әнімен туған сәби
Өмірден имансыз боп өтпесе екен.
Папаның абыройы қазақ үшін
Мұхаммедтен биік боп кетпесе екен.
186
АЙБЕК ҚАЛИЕВ ПЕН
АМАНЖОЛ ӘЛТАЙ
Жекпе-жек, Алматы қаласы, 2004 жыл
Аманжол:
Жырменен жазып жүрген жан жарасын,
Ұлы едім тұғыр тұтқан cap даласын.
«Ақжолтайлап!» алдыңда сөз бастайын,
Жолымның сәтті қылғай, Алла, басын.
Маңғазданып қарайды тау құлжасы,
Басса да меңіреулі жар жағасын.
Табан етін тас тілген жолбарыстың
Жазады каңтардағы қар жарасын.
Ер түркінің бұтағы – бабам қазақ
Ат үстінде өткізген арда жасын.
Ер Тарғындай ер болсын деген анам,
Халқын ойлап сүйеген талға басын.
Ғаламнан ғаділетті жол іздеген,
Армысың, қалың елім, арлы Алашым!
Елден үміт үзбедім ес білгелі,
Өнерден өгейсітпес ешкім мені.
Алла берген несібем өнер еді,
Өмір атты өрілген бес күндегі.
Ұлтымның жүрегіне жеткен өлең,
Талай ғасыр өтсе де ескірмеді.
Қасиетті халқымның арқасы ғой,
Дауысымның саңқылдап естілгені.
Жүректен жарып шыккан жырларымның
Келіп тұрмын кіндігн кестіргелі.
Ерекше жаралғандай жаның нұрдан,
Алты алаш үміт күтер жалынды ұлдан.
187
Шашуымды шашайын дәстүрменен,
Келгенде боз жусанды сағым қырдан.
Осылай өмip деген өте берер,
Жастық шақ артта қалып сағындырған.
Тойыңыз құтты болсын, Амангелді,
Алпыс жастың асуын бағындырған.
Дархансың Сарыарқаның даласындай,
Мәуелісің Жетісу ағашындай.
«Отан» партияң халқыма қамқор болсын
Әлихан аталардың «Алашындай».
Ұлтын сүйген тұлғалы қайраткер бол
Байтұрсынның кемеңгер баласындай.
Күлдіркүлдір кiciнeтiп күлікті өрден,
Тетелесіп шығып ек ұлық белден.
Жолы бөлек, Айбекау, інім едің
Сәлемін орынынан тұрып берген.
Жөн сілтейтін алдыңнан ағаң едім,
Сұрасаң бip бүйрегін жұлып берген.
Жалған қоңыраулардың әcepi ғой,
Жеңісті екеумізден бұрып берген.
Мінеки, Құдай қолдап қайта шықтық,
Оң тілеу болғаннан соң ғұрыпты елден.
Қатар қанат қағайық кел екеуміз,
Eгiз аққу ұшқандай тұнық көлден.
Айбек:
Біссіміллә, сөз бастадым жарық құттан,
Алланың әз есімін қалып тұтқан.
Ассалаумағалайкум, Қазақстан,
Қыраның қанат қомдап алысқа ұшқан.
Өткен жолы жеңіліп Мэлс ағамнан,
Өртеніп, күйініштен налып шыққам.
Сәкендей ағамызға мың рахмет
Газетке ақиқатты жазып шыққан.
Ақиқатты сүйетін алты алаштың
Алдына қайта мені алып шыққан.
188
Қабыл ал сәлемімді, арда қазақ,
Жұдырықтай жүректен жарып шыққан.
Аманжол, ағам едің ардақтаған,
Бағасын асыл сөздің салмақтаған.
Keшeгi серілердің сарқыты едің,
Бip болса, сендей болар аруақты адам.
Бip туған бауырыңыз болғаннан соң,
Жатырсың жылы сөзді арнап маған.
Ағайынды қоңыр қаз шыққаннан соң,
Ақ сөзімді айтармын талғап саған.
Кезіккен Батыраштың балтасына
Құлагер ек шашасын шаң қаппаған.
Айластың мұңы бip деп қазақ айтқан,
Қос мұңлықты бұл күнде ар жақтаған.
Алайда белдесуге келгеннен соң,
Жараспас сен жақсы деп жалбақтаған.
Сөздерді сен де естідің, мен де естідім,
Біздерді жаттанды деп тармақтаған.
Сондықтан суырып сап айтысайық,
Сөздерді қоя тұрып бар жаттаған.
Билікке дат айттың не, хат айттың не,
Зарыңды тыңдамайды заржақ қоғам.
Қапталдағы үш найзаны жырлап көpшi,
Танытып ақындықты, ардақты ағам.
Әйтпесе көк мылжың таусылмайды,
Дөңгеленіп біткенше қаңбақ далам.
Аманжол:
Жаралған тұла бойы парасаттан,
Айтулы інім едің дара шапқан.
Бip сынайын дедің бе Аманжолды,
Сұрағың найза болдыау жаңа тапқан.
Толғанып тосын сауал қойсаңдағы,
Құрмассың қарсы алдымнан қара қақпан.
Сол найзаны қолға алып батырларым,
Қастасқан дұшпанына қан асатқан.
189
Аяулы ақ жаулықты аналарым
Ақ найзаға сүйеніп бала тапқан.
Сол найзаның арқасы, білебілсең,
Сақтаған бізді талай алапаттан.
Найзасыз елестетпен ер бабамды,
Найзагер қып өcipeм бел баламды.
Күлтегін, Еділ патша, Бейбарыс боп,
Жаулағам ақ найза ұстап мен ғаламды.
Шашақты сол найзаның арқасында
Аталар қорғап қалған кең даламды.
Ағайын екеумізге үңілгендей,
Жайым жок сұрағыңнан сүрінгендей.
Найза жайлы сұрақты қойғаныңмен,
Толғай алар ма екенсің, iнiм, мендей?
Жүрсінге сол найзаны ұстатсаңыз,
Болмай ма Ер Махамбет тірілгендей.
Найзалы ұл күзеткен қақпа бекем,
Найзалы ер жайғасқан атқа бекем.
Найзаға сап болсын деп атам қазақ,
Түзу өскен қайыңды шапқан екен.
Дұшпанымның сауытын cөкciншi деп,
Ұшына болат темір қаққан екен.
Боз айғырдың кекілін кесіп алып,
Желбіретіп басына таққан екен.
Ақ найзалы қазақтың бip баласы
Болғанымды әрқашан мақтан етем.
Сұрағың найза болдыау сенің маған,
Жауабымнан білінер менің бағам.
Ер Науан – Наурызбайдың атын қойған
Тербеліп өciп жатыр сенің балаң.
Ақжолтай Ағыбайдың атын берген
Ержетіп келе жатыр менің балам.
Eкeyi де найзадай жігіт болсын
Жауларымнан қорғайтын елімді аман.
190
Бек шақта басылмасын жарқылыңыз,
Екеуіміз де қазақтың алтынымыз.
Шашубай, Жамбыл, Қайып, Нұрхандардың
Өнерін жалғастырған сарқынымыз.
Қалқанды саған енді жырла десем,
Жетер ме оған, Айбек, қарқыныңыз?
Қысылмай қадауқадау ой айтарсың,
Шыдаса табаның мен балтырыңыз.
Алты найза секілді сахнадағы,
Бауырым, болсын лайым алты ұлыңыз!
Баһадүр бабаларым тең алысты,
Найзаласып алаңда кек алысты.
Yш найзаға қарап мен елестетем
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарысты.
Ақ найза жарасадау күлікті ерге,
Найза ұстап қадам бастым үміттерге.
Бірліктің ұлы қасиет екендігін
Ғажап қой өмip cүpce бiлiп пенде.
Мығым тұрады екенау қара жерге,
Yш найзаның бастары біріккенде.
Айбек:
Аманжол, айтыс десе желдетеді,
Ол сөйлесе тынады жел де, тегі.
Найза жайлы толғанып, тебіреніп,
Әдемі әуенімен тербетеді.
Қалқан жайлы жырла деп інiciнe,
Неліктен бүгiн ағам кер кетеді.
Несиеге қалдырмай сол қалқанды,
Өзіңақ жырлай салсаң нең кетеді?!
Найза мен қалқан деген – егіз ұғым,
Жауынгер қазағымның келбеті еді.
Қарыз болып қалмайын сізге бүгін,
Сөзімді күтіп отыр ел де, тегі.
Алдында, Аман аға, қалқан жайлы
Мынау інің өлеңін өрлетеді.
191
Сыныңыздан сүрінбей сырғып өтіп,
Сырлы сөздің тасқынын селдетеді.
Қалжа жеп «қыбы» қанған келіншектей
Маңдайын Аманжолдың терлетеді.
Маңдайың ал, Аманжол, шын терлесін,
Ініңіз қалқан жайлы жыр тербесін.
Қалқаным – әз Алатау асқаралы,
Шыңдарын еміреніп бұлт емгесін.
Бip қалқаным – Алтай мен Тарбағатай,
Одан асып Қытайдың құрты өрмесін.
Бip қалқаным – Каспий мен Ақ Жайығым,
Мақтанышпен айтайын сыр пернесін.
Бip қалқаным – Қостанай, Қызылжардың
Орманынан өзің де гүл тергесін.
Төрт қалқаным төрт жақта тұрған кезде
Төрт құбылам тең болып, ұлт өрлесін.
Бip қалқаным мына отырған ел емес пе,
Ол барда көгімізден күн сөнбесін.
Бip қалқаным – Елбасым Нұрсұлтандай,
Биіккe Қазақстан жұрты өрлесін.
Бip қалқаным – Айталыдай депутаттар,
Қорғаштап басып жүрген тіл пернесін.
Бip қалқаным тіл менен дін емес пе,
Ғаламдасқа оятар ұлт зердесін.
Бipлiгiмдi білемін бip қалқан деп,
Жаһандану басталса шын тeңдeciм.
Қалқанымыз тесіліп iш жағынан,
Үш найза бipбipiнe сілтенбесін.
Жаратқан мейірімнің нәрін беріп,
Лайым қона берсін әр үйге құт.
Ол рас, Құдай бізді қуантқан ед,
Былтырғы жыл iзбacap сәби бepiп.
Ақжолтай, Наурызбай деп атын қойдық,
Ырымдап жақсылықтың шамын көріп.
Ағыбай, Наурызбайлар өтпеп пе еді
Азаттық деп ел үшін жанын бepiп.
192
Солардың ерлігі мен достықтары
Бүгінгe жетпеп пе eдi аңыз болып.
Екеуміздің ұлымыз дос боп өссін,
Бабалардың көрмей кеткен бағын беріп.
Олардың болашағы қалай болар,
Сол жайында толғаншы зар иленіп.
Осыларды ойласам ұйықтамаймын,
Қайғыдан қабырғама қан илeнiп.
Балаларды кейінгі болашақ деп ceнeмiз,
Келешегін солардың қай жағдайда көpeмiз?
Осы жайлы толғашы, артыңа тастап терең із,
Күн ертең олар ержетіп, сұрақ қояр тepлeтiп,
Сол кезде айтшы, Әужеке, қайырламай ма кeмeмiз?
Қорқатын жалғыз Құдайдан айбының қайда дегенде,
Не қалды кеннен, мұнайдан, байлығым қайда дегенде,
Иманды ұлдың ғашығы – дiнiмiз қайда дегенде,
Ұлтымыздың асылы – тiлiмiз қайда дегенде,
Keшeгi өткен ғаламат еріміз қайда дегенде,
Бабадан қалған аманат – жеріміз қайда дегенде,
Намысқа қалай көнеміз, ұяттан қалай өлеміз,
Не деп жауап береміз, қай тесікке енеміз?..
Аманжол:
Сезімді жүректегі жасырмаймын,
Жаңбыржырды селдетпей басылмаймын.
Қалжаның сорпасымен шатастырма,
Құланның етін жеген батырдаймын.
Ел едік ақиқатқа бас иетін,
Өмірдің көрдік талай қасіретін.
Батырлар қанжарымен турап жеген
Қалқаннан кер құланның асым етін.
Компьютермен ержеткен бүгінгі ұрпақ
Қалқанның түсінсе екен қасиетін.
Адамды алмастырған құмай жарық,
Күн ұяға батадыау бip айналып.
193
Қасым ақын айтқандай, ұрпақ жайлы
Күніне жүз толғанам, мың ойланып.
Бәрін неге шетелге саттыңдар деп,
Heciбeciн ұрпақтар сұрайды анық.
Түбі жауап беретін сәт келеді,
Уақыт арба жылжиды шыр айналып.
Осы жайлы бүгінгі шенеуніктер,
Дұрыстап көрсең қайтед бip ойланып?
Бұл менің сөзім емес жай бүгінгі,
Көтердім ақындарға сай жүгімді.
Халқын сүйген қайраткер аз болып тұр,
Саясатшы көбейіп маймыл үнді.
Күлдіркүлдір кiciнeп оқыранған,
Азаматтар, қайдасың, айғыр үнді.
Айбекау өзің айтқан сол заманда,
Ұрпаққа түсіндірем қай мұңымды,
Шет елдерге саттық деп қалай айтам,
Қайда деп сұрар болса байлығымды?
Дөңгеленген дүние – шарайнада
Бұл жайлы айтып өткен талай дара.
Өзімдікі дей алмай өз малымды,
Қан жылап сынағандай Абай дана.
Жерді неге саттыңдар десе балам,
Жауабын қайтарамын қалай ғана?
Еркінсіп асағанмен бүгін майды,
Депутаттар, болмасын түбің кайғы.
Қалай жауап береміз, Айбек інім,
Сұраса дінім менен тілім жайлы?
Шендінің майланғанмен бip бармағы,
Ел еншілі деуіңе тіл бармады.
Ұрпақтарым бақытты болса екен
Eкi мың отызыншы жылдардағы.
Елімнің қамын ойлар қалқаны едің,
Шалқыған боз далада шалқар едің.
13302
194
Ақаң менен Жақаңдай ұлды берген
Аман ба Торғайдағы дархан елің?
Айбек:
Тос деп ем жауабыңа құлағымды,
Көмейден ағылтегіл жыр ағылды.
«Берем, – деп, – қалай жауап, Айбек інім?»
Өзіме қайта қойдың сұрағымды.
Ұрпаққа бiз қарабет болмау үшін
Басынан тазалағын бұлағыңды.
Торғайдың айтар болсам сырын мұңды,
Саясат былғап кеткен тұнығымды.
Басталған 93те Торғайдағы,
«Ақтабан» таусылмай тұр «шұбырынды».
Қостанай, Астанаға шұбырған көш
Жүрекке қанжар болып сұғылулы.
Көрмеген он жыл жарық ауылдардың
Бүгiнгi толған топан мұңы күнді.
Пайдасы «Ауыл жылдың» тимей жатыр,
Шығарсам ақиқат деп шын үнімді.
Ресейден елге әкеліп қойған едік.
Күтем деп болашақтан ұлы күнді.
Міржақып сүйегінің айдалада
Қалғаны шырқыратар шыбынымды.
Ауылы Міржақыптың тарап кетті,
Жұртында иттер қалды құр мұңды.
Әр жерде шыршыр еткен бip топ торғай,
Тыңдайтын жан жоқ сенің шырылыңды.
Үніңді бip Құдайға жеткізбесем,
Кеше гөр шырқыраған құлынынды.
Ақаң мен Міржақыпты туған Торғай,
Сен көрген қacipeтті кім ұғынды?..
Торғайға жағдай жасап берем десе,
Мен қазір қияр едім ғұмырымды.
Әй, бipaқ менің жаным кімге керек,
Қайғыдан құрт жеп жатыр жұлынымды.
195
Тілеймін Торғай төрге өрлесін деп,
Қиындық енді кайтып келмесін деп.
Ыбырай, Ақаң, Жақаң жаққан шырақ
Тағдырдың дауылымен сөнбесін деп.
Торғайдың мұңы менен зарын айттым,
Өзгенің бастарына бермесін деп.
Қиындыққасіретті Торғай көрген
Қазақтың өзге жері көрмесін деп.
Торғай да, Торғай, Торғаймын,
Жүректе тұнған мол қайғым.
Мұңымның мәнін ұғатын,
Жырымның нәрін ұғатын,
Сырымның зарын ұғатын
Тыңдаушы жұртым кез келсе,
Сөйле деп маған сөз берсе,
Толғау да, толғау, толғаймын.
Yш жүздің асыл нәpi деп,
Айтқанда сөзі дәрі деп,
Абылай таққа мінгенде
Батасын берген баһадүр,
Шақшақтың ұлы Жәнібек,
Арыстан туған Торғаймын.
Алты алашқа күн болған,
Күннен тамған нұр болған –
Ахмет пен Міржақып,
Данышпан туған Торғаймын.
Әбдіғаппар хан бастап,
Амангелді, ол қостап,
Ақ патшаның өзін де
Торықтырған Торғаймын.
Әскерін итше сабылтып,
Қайратынан қағынтып,
Айбатынан арылтып,
Зорықтырған Торғаймын.
Әлихан құрған Алаштың
Ордасы болған Торғаймын.
196
Азаттық үшін күресте
Төлбасы болған Торғаймын.
Еміренген елім деп,
Еміренген жерім деп,
37дегі қырғынға
Асыл берген Торғаймын.
Эрмитажға Кейкінің
Басын берген Торғаймын.
Сырбай, Ғафу, Кеңшілік,
Әдебиеттің күні кеше
Tөpiн де ойған Торғаймын.
Орнағанда азат күн,
Теңгесіне қазақтың
Қолын қойған Торғаймын.
Өз тұсында eкi рет
Өкімет болған Торғаймын.
Облысым жабылып,
Тынысым да тарылып,
Көрінгеннің ермегі,
Жетімек болған Торғаймын.
Тарихым, мiнe, осылай
Парақталған Торғаймын.
Қостанай, Ақмолаға
Жесір әйел секілді
Екі көзім жәутеңдеп,
Қарап қалған Торғаймын.
Тасынғандар басынып,
Масыл болған Торғаймын.
Басынғанға ашынып,
Батыл болған Торғаймын.
Ашынғаннан ашылып,
Ақын болған Торғаймын.
Ақиқатын айтайын,
Қорқатұғын нем қалды,
Қорқақорқа әркімнен
Батыр болған Торғаймын.
ҚұдіретКәрім бар болса,
Жаратқан ием жар болса,
197
Жұрт не десе о десін,
Облыс болмай қоймаймын!
Осылайша, Әужеке,
Торғай жайлы жырладым,
Қарап босқа тұрмадым,
Туып өскен елімнің
Айтып өттім жайын да.
Айналайын, Әужеке,
Сізді де бip сынайын,
Шақырып енді қайымға.
Жасың үлкен ақынсың,
Қайымың болса пайымда.
Аманжол:
Өткен күн өкінгенмен оралмайды,
Ұшқан құс бірлік болмай қона алмайды.
Сарпековтей нашарды сайласаңдар,
Таяу маңда облыс бола алмайды.
Айтыстың шақырдың ғой қайымына,
Мен де қарсы келмеймін пайымыңа.
Қайымның дариясында жүземін деп,
Ілece алмай жүрмеші қайығыма.
Айбекай, айтысуға бекем едің,
Келеді ағаң болып жетелегім.
Өзің айтқан Торғайдан парламентке
Депутат болып жатсаң не етер едің?
Айбек:
Ол рас, айтысуға бекем едім,
Дейсіңау келіп отыр жетелегім.
Жетекті тазы ешқашан түлкі алмайды,
Жетектен қай түлкіге жетер едің?
Депутат болсам егер, Аман аға,
Өзің де осы жерде не етер едің?
Үйтемін, бүйтемін деп жұртты алдамай,
Қолымнан келген icтi етер едім.
198
Тапталып табандарда жатқан тілді
Тұғырға ең әуелі көтеремін.
Ойлаған ұлттың қамын ағам едің,
Тұлғаңды өзгелерден жекеледім.
Әдемі келбетіңмен салыстырсақ,
Әужеке, қыздан зият бетер едің.
Гүлжанның орынына, Құдай қалап,
Министр бола қалсаң не етер едің?
Аманжол:
Тұлғаңды өзгелерден жекеледің,
Министр болсам егер не етер едім?
Отырған әкелерге жағдай жасап,
Елжұртымды риза етер едім.
Көп балалы анаға жәрдем беріп,
Қазақтың көбейтер ем бөпелерін.
Осы айтқанның барлығы болмай жатса,
Өз еркіммен орнымнан кетер едім.
Храпунов жездеңнің орынына
Өзіңді әкім қылса не етер едің?
Айбек:
Тұлғамды өзгелерден жекеледің,
Дейсің бе әкім болсаң не етер едің?
Жоғары қызметті қимадың ба,
Тілегім төмендеу ме өте менің?
Тұрғанда министр боп Аманжолым,
Жұмақтай Алматыны етер едім.
Жаптырып заправка атаулыны,
Табар ем табиғаттың бөтен емін.
Дұрыстап, жол біткенді тақтайдай ғып,
Жақсы істің табар едім төтерегін.
Саин мен Сейфуллинде тұрғандардың
Бәріне жұмыс тауып берер едім.
Жанында жетім бұрыш жүргендердің
Бәріне бipбip пәтер әперемін.
Аманжол министр боп тұрған кезде
Қаржыға басым ауырмас өте менің.
199
Осылай ару қала Алматыны
Аялап, қадіріне жетер едім.
Ciз сұрап жатырған соң айтқаным ғой,
Келмейді бос мылжыңмен тепелегім.
Алаштың арын ойлар арманымды
Келмейді бос қиялмен некелегім.
Ақын болғым келеді, ақын болғым,
Әкім болғым келмейді, көке, менің.
Достарыңызбен бөлісу: |