Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет57/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88
Аумайсың
Жас баладан, жас баладан,
Пəк бəйбiше сен едiң.
Тастайын деп, тастамағам,
Жəй əншейiн серi едiм,
Бе-е-е-еу, бəйбiше!
Еркек болып жаралдым,
Қыз-қырқыннан нəр алдым.


251
Жадыраған жаның гүлдей
Бəйбiше,
Мен өзiңдi сағындым ғой,
Айналайын, бəйбiше!
Бəйбiше,
Еркек едiм, еркек едiм,
Ерке болған жаныңа.
Ендi саған еркеледiм,
Тоқал алып тағы да.
Бе-е-е-еу, бəйбiше.
Еркек болып жаралдым,
Қыз қырқыннан нəр алдым.
Жадыраған жаның гүлдей
Бəйбiше,
Мен өзiңдi сағындым ғой,
Ауылдағы бəйбiше!
Айналайын бəйбiше...
Əйел туады. Туған сайын қаны жаңарады. Жаны жаңара-
ды. Құндақтаулы баласын құшақтап, айналып-толғанады. 
Ийдi! Ал, еркек ше? Туа алмайды. Тiптi кiмдi айналып, кiмдi 
толғанып жүргенiн өзi де аңғармай қалады. Сондықтан да, 
көрiнген сұлуға көзiн сатып жүргенше, еркекке екi əйел ал-
ған анағұрлым тиiмдi! И морально и экономически...
Осы кезде бiр əйел депутат:
– Еркектер екi əйел алса, əйелдер екi күйеуге тиюге бола 
ма? – деп сұрады.
– Болмайды! – деп депутаттар үзiлдi-кесiлдi қарсы шық-
ты. – Өйткенi, еркек он əйел алса, жылына он бала туғыза-
тындай мүмкiндiгi бар. Ал əйелдер он күйеуге тисе де жы-
лына бiр-ақ бала туады. Сондықтан да болмайды. Одан 
демография дамымайды.
Депутаттар он бес минөт үзiлiске шыққанда «Тоқал» пар-
тиясына мүше болуға ниет бiлдiргендерге «Лейла, Лейла, 
Лейлажан» деген əн орындалды.


252
Лейла, Лейла, қалқам-ай,
Əрбiр ғашық əр қалай.
Əйел болса балтадай,
Еркек болар жаңқадай.
Лейла, Лейла, қалқам-ай,
Қалқам Лейла, қал қалай?
Бəйбiше-тоқал екеуi
Бидай менен арпадай.
Арпа-бидай – ас екен,
Алтын, күмiс – тас екен.
Тоқал алсаң басталар
Бəйбiшеңмен бəсекең.
Лейла, Лейла, соқтықпа,
Жүйрiк жетпес жоқтыққа.
Тоқал алар тоқ адам,
Ораза, намаз – тоқтықта.
Лейла, Лейла – Лейласың,
Лейла жаным, қайдасың?
Бəйбiшелер бiлмейдi-ау
Тоқалдардың пайдасын.
Лейла, Лейла, елпектеп,
Көзiн сатып мөлтектеп.
Тоқал қуған еркектен
Бокал қуған еркек көп.
Үзiлiстен соң демiн басып келген депутаттар «Отан» 
партиясын құрдық. Ал, «Тоқал» партиясын қалай құрамыз?» 
деп қырық пышақ қырқысып, қызылшеке айтысын жалғас-
тырды.
– Халықтың санын көбейту үшiн еркек пен əйелдiң айыр-
машылығын анықтайтын ғылыми-зерттеу институтын ашсақ 
қайтедi? – деп, нəшiне келтiрiп нəзiк сөйлейтiн бiр депутат 
ұсыныс жасады.


253
– Жоқ жерден жұмыс тауып... Сол үшiн сорымызды қай-
натып институт ашамыз ба? Еркек пен əйелдiң арасында екi-
ақ айырмашылық бар емес пе? Еркекке əңгiме айтсаң бiр 
құлағынан кiрiп, бiр құлағынан шығып кетедi. Ал, əйелге 
жеткен əңгiме екi құлағынан кiрiп, аузынан бiр-ақ шығады. 
Сондықтан да дүниенi дүр сiлкiндiрген Наполеон «Əскердi 
басқарғаннан əйелдi басқарған қиын» деп бекер айтпаған. 
Əйелдер – əскерден де күштi. Жанына тисең жаулап алады.
Қазақстанның қаһарман армиясы жасасын! Ура-а-а!
Əйелдердiң жаны көп болғасын ба, əйел туралы əңгiме 
де көп. Кавказдықтар «Əйел – чемодан, алып жүруге ауыр, 
тастап кетуге қимайсың» дейдi.
Бiздiң қазақтар ше? «Үйдi он еркек емес, бiр-ақ əйел тол-
тырады» дейдi. «Ерiн баққан əйел, елiн де бағады» дейдi. 
«Əйел – үйдiң туы, еркек – үйдiң қуы» дейдi. Қу деген – зы-
миян емес, аққу деген сөз. Еркектер – аққу. Көлге қонады, 
көлден ұшады. Көлiне қонбай со күйi ұшты-күйлi ұшып 
кететiн аққулар да бар. 
«Əйел – тау, еркек – киiк. Бiр тау бiр киiктi аш та қылмайды, 
тоқ та қылмайды. Өз тауыңда жайылсайшы, шырағым!» деп 
кейде əкелерiмiз жекидi. 
...Əйелдер айтпайды. Тiптi көйлектi не үшiн сатып ала-
тынын да айтпайды. Мысалы, Күлзия көйлектi көршiлердiң 
көзiне түсу үшiн алады. 
Зымзия көршiнiң көзiн қыздырып, қызғаныш тудыру 
үшiн алады.
Мағира ондай көйлектi бұрын-соңды ешкiм кимегенi 
үшiн алады. 
Бағила болса жұрттың бəрi киiп жүр ғой деп алады.
Ал бiздiң Жəмила ше? Жай əшейiн алу үшiн ала салады. 
Баршылық та...
Тiптi киiмнiң түсiне де қарамайтын, түсi түгiлi түсiп 
қалған тiсiне де қарамайтын əйелдер бар. Байтоқтың бəй-
бiшесi сондай əйел. Түсi бар, тiсi жоқ. Соған бiр көршiсi «Ай-
налайын-ау, аузыңдағы отыз тiс опырылып түсiп қалыпты. 
Қызыл иек боп қашанғы жүресiң? Тiс салдырып алмайсың 
ба, бейбақ-ау?» десе, ол жеңгемiз былай дейтiн көрiнедi: 


254
«Тұймысқа шыққаныма жиыйма төйт жыл болды. Ешқайда 
баймаймын. Телевизый қайап, үйде отиам. Менi кiм көйiп 
жатый? Тiшiмдi кiмге көйшетем?».
Ендеше жеңгелерiмiз тiсiн де, iсiн де түзеу керек. Сонда 
ғана бiздiң халқымыз көбейiп, қазақтар қанат жаюы мүмкiн.
– Халықты көбейту үшiн əуелi əйел туралы заң қабыл-
дауымыз керек! – дедi қадалған жерiнен қан алып сөйлейтiн 
бiр заңгер-депутат. – Ол үшiн Қазақстан Республикасы қыл-
мыстық жəне басқа да iстер жөнiндегi кодекстердiң кейбiр 
статьясына мынадай түзету енгiзу керек:
1. Күйеуiн көзiмен атқан əйелдер Қылмыстық кодекстiң 
58-шi статьясына сəйкес, суық қаруды қолданғаны үшiн 
жауапқа тартылсын.
2. Ернiн бояп, қасын жұлып, шашын қысқартып, кiрпiгiн 
ұзартып... Қысқасы, бет-аузына бес кiлемнiң бояуын жаққан 
əйелдер 177-шi статья бойынша документтердi қолдан 
жасағаны үшiн түзеу жұмыстарына жiберiлсiн.
3. Бес-алты жыл бiрге тұрып бала сүюден қасақана қашқан 
ерлi-зайыптылар 145-шi статья бойынша өз мiндеттерiне 
қалай болса солай атүстi қарағаны үшiн айып салынсын.
4. Жиырма бес жасқа дейiн құрығында бiр рет тұрмысқа 
шықпаған бикеш 8-шi статья бойынша қылмысты қасақана 
iстегенi үшiн қатаң жазалансын.
5. Көп жiгiттермен көңiлдес болған əйел 23-шi статья бо-
йынша «мүлiктi ысырап етiп», сондай-ақ «счетчик» орнатпай 
электр энергиясын есепсiз шығындағаны үшiн өкiметтiң 
бюджетiне тапқан табысынан салық төлейтiн болсын.
6. Табаны тайғанақтап, удай мас боп келген марғасқа 
күйеуiн үйiне кiргiзбей қараңғы далаға қаңғыртып жi-
берген əйел «Жануарларға қатал қарау» туралы 200-шi 
статьяның 2-шi тармағына сəйкес, төбесiн көрсетпей, төр-
кiнiне жер аударылсын. Немесе еркек байғұсқа тоқал алып 
берiлсiн.
Есiнегенге де елiктейтiн бiр депутат əйел туралы əңгiме-
нi бiр ақын əрiден қозғады.
– Сүйемдi қарыс қылатын да – əйел, жақынды алыс қыла-
тын да – əйел, жоқтан бар қылатын да – əйел, барыңа зар қы-
латын да – əйел.


255
Адамдардың 99 пайызы елiктеу арқылы өмiр сүредi, бiр 
пайызы ғана өз пiкiрiмен жүредi. «Анау «Мерседес» мiнiптi, 
мен неге мiнбеймiн? Анау көкем асқақтап тоқал алыпты, мен 
немене одан кеммiн бе?» деген сияқты елiктейтiндер көп. 
Мен сол бiр пайыздың iшiндегi еркек депутатпын. 
«Бiр əйел – ырыс, 
Екi əйел – ұрыс,
Үш əйел – үш бұрыш».
Негiзiнде төртеуден қайтқан дұрыс!
Бұл мақалды шығарған сiрə, сол 99 пайыздың iшiндегi 
еркектер болу керек...
Əйел еркектiң оң қабырғасынан жаратылған. Ал, қабырға 
қисық болады, оны түзетем деп сындырып алып жүрме.
Осы тұста əлгi депутатқа əдеттегiдей сан-қилы сұрақтар 
қарша борады.
– Ағай, өзi сұлу, өзi бай, өзi ақылды жiгiтке күйеуге шы-
ғуға бола ма?
– Болады. Ол үшiн үш күйеуге бiрдей тию керек.
– Жақсы əйел жаман еркектi миллионер ете ала ма?
– Əрине, жақсы əйел жаман еркектi миллионер ете алады. 
Егер еркек миллиардер болса...
Сұрақтан соң «бiр пайыз» ағамыз тiрнектi мəселеге тiке-
лей көштi. Халқымыздың азайып, демографияның мешеуле-
нiп жатқанына кiнəлi ең бiрiншi коммунистiк партия жүйесiн 
кiнəлап, күстаналады.
Талай-талай талдырмаш коммунист-қыздарымыз қызмет 
қуып, «қызыл билеттi» құшақтап тұрмысқа шықпай қалғанын 
тiлге тиек еттi де, қырғыздың əуенiмен «Коммунист – тоқал» 
деген замана нақышын зар илеп айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет