Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Жүрсiн: – Рахмет! Уақыттарың болды... Болды, болды!   Айнұр



Pdf көрінісі
бет65/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Жүрсiн:
– Рахмет! Уақыттарың болды... Болды, болды! 


 Айнұр:
– Ағай, бiр-р шумақ...
Жүрсiн: 
– Ал, Айнұр, айтысыңды ұзартпа! Соңғы шумағыңды айт 
та қайт. 
Айнұр:
– Қайнаға, не шығады қырқысқаннан.
Шындасам шыңғыртамын бiр қысқаннан.
Радж Капур секiлдi мұрт қойыпсыз,
Қонақ боп келгендей-ақ Үндiстаннан!
2002 жыл


287
НУ, ЖАРАЙДЫ!
(«Тамашаның» режиссерi 
Лұқпан Есеновтiң монологы)
Не надо! Керегiсi жоқ... Артистер қазан сияқты. Ал, ре-
жиссер – сол қазанды қайнататын ошақ. Жиырма екi жыл-
дан асты – «Тамашаның» оты да мен, ошағы да мен, қазаны 
да, қаспағы да... Жоқ қаспақ емес, қақпағы да мен.
Незаменимых не бывает, қарындас. Мен сенi бiр-ақ жыл-
да... звезда қып шығарам.
Ну, судьба! Өмiр солай. Тiрi байымай, өлi разы болмайды. 
Мейiрман кеттi. Арты қайырлы болсын. (Бетiн сипайды) Тоқ-
сын кеттi. (Бетiн сипайды) Құдайберген кеттi (Бетiн сипай 
берiп кiлт кiдiредi де) депутат боп. Қазiр құда да тыныш


288
құдағи да тыныш, Құдайберген де тыныш... депутат емес. 
Тiфə, тiфə... бетi берi бұрылды. Бауыржан кеттi «Шоу!» боп. 
Тұңғышбай кеттi «ЗОУ» боп. «ЗОУ» деген қысқарған сөз: 
«з» – завтрак, «о» – обед, «у» – ужин. Тұңғышбай əл-Тарази 
емес, Тұңғышбай Зоу-Тарази!
Қарындас, атың кiм? Мен сенi бiр-ақ күнде... Тойыс, бiр-
ақ жылда звезда қып шығарам. 
Сатириктер жазбайды. Оспанхан кеттi. Мен вообще сати-
риктердiң сұлтаны Оспанхан деп бiлем. 
Во-первых, «Тамашаның» да атын қойған Оспанхан. Во-
вторых, Оспанханның тілі шедевр. Неповторимый сатирик. 
Сөзді қалай ойнатады! Мастер! Например, мына өлеңін давай 
оқиық. Мектептегі преподавательдің уровенін сынайтын 
сықақ өлең.
Сабақтың ең құндысы – 
Əдебиеттен берді бұл кісі.
Ал енді,
Қызығы,
Ғажабы,
Дымқыл Дамбылбаев
Бар сөзін жұмбақтап
Əр сөзін құндақтап,
Көзілдірігін алып тастап,
Жазушылардың атын жаңылтпаштап,
Былай бастайтын сабағын:
Өлеңге
Өте-мөте
Гете
Төте.
Жылжымай жатып
Жылдам жазды,
Пысық кісі болған.
Ал енді Пушкин – ұшқын!!!
Тұс-тұста ұшқан,
Құсты ұстаған
Қырғи ақын!


289
Пушкин ұшқын!
Үш күн,
Үш түн,
Ұшқындатқанда,
Сарқылмаған ақын.
Қызық кісі болған.
Ал,
Ақылды,
Нақылды,
Ұғымды,
Жұғымды,
Ұтымды,
Күтімді,
Нұсқа сөзге
Абай ағай ұста!
Кейде Абай ағай,
Абайламай
Əн де жазып қоятын,
Пысық кісі болған.
Ал енді,
Айтыстан қайтыспай
Айтысқан,
Еміс-еміс емес,
Тегіс жеңіс бермеген,
Өлең сөздің иесі
Ақ жаңбыр Жамбыл
Жалықпай жүріп жүзге жетті.
Бұ кісі де
Түсіп тісі
Пысық кісі болған. 
Шона кеттi. Сейiт – далада. Толымбек – тамада. Көпен – лə-
лə-лə! Өзi жазады, өзi айтады и өзi сахнадан қайтады. Вот, 
өзi де келе жатыр. Ал, Көпен, бiзге бiрдеңе əкелдiң бе? Не? 
«Халық қаһарманы туралы?» Не надо! Халық қаһарманының 


290
керегiсi жоқ. Ну и что? А-а, Роза Бағланова туралы пародия 
ма? Тақырыбы не? «Бақытты апай Бағланова туралы бал-
лада?» Да-а, вообще-то Роза апай бақытты əншi. Соғыс ке-
зiнде генерал Рокоссовскийдiң өзi окоптың iшiнде апайға 
орден берген. Вот это счастье! 
Патша? Не надо патша! Керегiсi жоқ. Патша туралы вообще 
айтпа. Не дейсiң? Кiм? Құрманғазы? Не Құрманғазы? Не 
надо! Керегiсi жоқ... Құрманғазының бiр күйiн «Тамашаға» 
шығару керек пе? Не знаю? Құрманғазы «Тамашаға» қандай 
еңбек сiңiрдi? По-моему ешқандай заслугасы жоқ. Ең болма-
са Муромов құсап:
«Тамаша,
Тама-аша,
Та-ма-ша-а!» деп əн шығарған жоқ. Баяғыда Браун деген 
бай немiстiң балмаскарадына барып, «Балбырауын» деген 
күй арнаған. Ол «Тамашаға» күй шығарған жоқ. Знаю! Тiптi 
түрмеден қашқандарға да күй тартқан. «Түрмеден қашқан», 
«Көбiк шашқан», «Кiсен ашқан» сияқты кiсi шошитын 
күйлерi көп. Посмотрим! Егер Құрманғазы спонсор тапса
бiр күйiн «Тамашаға» жiберуге болады... Ол туралы бiздiң 
директорымыз Əзiмханмен сөйлессiн. Я не решаю. Билет, 
билiк – бəрi сонда.
А? Зəкең келе ме? Заманбек Нұрқадiлов «Тамашаға» қа-
тысам деп пе? Вообще-то, Зəкең Құрманғазының күйлерiн 
жақсы көредi. Зəкеңнiң күйден басқа да хоббиi бар. Жұмыс-
ты жақсы көредi, алтын мен күмiстi жақсы көредi, Мақпал 
Жүнiстi жақсы көредi. Əсiресе, Құрманғазының «Алатау» 
күйiн жақсы көредi. «Адай» күйi ме? Не надо! Керегiсi жоқ. 
Зəкең «Адай» емес, «Алатау» десе, iшкен асын жерге қоя-
ды. Давайте, «Алатау» күйiн дайындаңдар!.. Президент те Құр-
манғазының күйлерiн ұнатады. Егер Нұрекең «Тамашаға» 
келетiн болса, онда Құрманғазының «Сарыарқа» күйiн тар-
тыңдар!
Ну, жарайды! Пока! 
2000 жыл


291
ЌАЗАЌТЫЅ ТОЙЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет