Қыз: – Туу-у, жақсы болды ғой, онда үйленейiк, ағай.
Жiгiт: Онда қазiрден бастап кiрiсе берейiн. Кеттiм!
Қыз: – Өлiп-талып бұл ағай
Сүйген болар, жар-жар.
Ғашықтардың қамытын
Киген болар, жар-жар.
Отырған қыз орынын
Тапса жақсы, жар-жар.
Барар жерi бидайдың
Диiрмен болар, жар-жар.
Өлiп-талып бұл ағай
Сүйген болар, жар-жар.
Қыз дегенiң қадаусыз
Түймең болар, жар-жар.
Еркек деген шiркiн-ай,
Инең болар, жар-жар!
(Жiгiт алқынып жүгiрiп келедi).
298
Қыз: (Белiн таянып). – Əй, келi қайда, келсап қайда? Тап!
Жiгiт: – Қап!
Қыз: – Не қап? Тап!
Жiгiт: – Так, так! Келi мен келсапты қазiр алып келемiн,
жаным. Қазiр, қазiр!
(Жiгiт кетедi).
Қыз: – («Бипыл-ай» əнiмен)
Сылдыр, сылдыр қамысқа
Сырғам түстi, ахоу.
Сылдыраған жiгiтке
Жылдам түстiм, ахоу...
Тəнiм-ай,
Жылдам түстiм, жаным-ай.
Махаббаттан күштi ме
Майсөк деген, ахоу,
Келi-келсап күтумен
Күйiп-пiстiм, ахоу.
Тəнiм-ай,
Келсап қайда, жаным-ай?
А-а-а-ай,
Сылдыр, сылдыр, сылдыр-ай,
Келсап күтiп тұрмын-ай.
Келсап, келсап, келсап-ай,
Келсап əкеп берсең-ай...
(Жiгiт жүгiрiп келедi).
Жiгiт: – Кешiр, жаным! Асекең еккен ағашты жонып-
жонып, келi мен келсап... жасай алмадым.
Қыз: – Сонда депутаттар көлеңкесiне қарап көйлек пiше
ме?
Жiгiт: – Пiшпейдi, пiшпейдi. Айтқанын iстейдi. Мен де
айтқанымды iстеймiн. Айттым – бiттi. Мен саған кетпен сап
жасап берем! (Жүгiрiп кетедi).
Қыз: – Күйеу деген көзiмнiң
Ағы болды, ахоу.
Уəдесiн құбылтып
Тағы бердi, ахоу...
Тəнiм-ай,
299
Уəде бердi жаным-ай.
Сайтан күйеу сарғайтып
Күттiргенi, ахоу,
Сала құлаш кетпеннiң
Сабы болды, ахоу...
Тəнiм-ай,
Кетпен қайда, жаным-ай?
А-а-а-ай,
Сылдыр-сылдыр, сылдыр-ай,
Кетпен күтiп тұрмын-ай.
Кетпен, кетпен, кетпен-ай,
Кетпен қайда кеткен-ай?
Жiгiт: – (Жүгiрiп келедi). Босамашы, жаным. Əй, бiрақ...
Кетпен саптың керегi не? Мен саған, айтпады деме, ағаш
қасық жасап берем! Ағаш қасықпен, айхай, шiркiн, ақ қоян-
ның сорпасын iшесiң!
Достарыңызбен бөлісу: |