Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


(«Алматы түнi» əнiнiң əуенiмен)



Pdf көрінісі
бет66/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88
Алматы түнi» əнiнiң əуенiмен)
Қазақтар ояу, қазақтар ояу,
Көз iлмес тойда бiр түнге.
Көңiлi – думан, өмiрi той-ау
Көйлегi көктеу шiркiнге.
Қазақтың тойы – «сен же де, мен же!»
Қазақтың тойы көл-көсiр.
Басыңның қамын, қарағым, кем же,
Бiтедi сонда елге шыр.
Қазақтар ояу, қазақтар – аңғал,
Топалаң тойды көп көрдiк.
Қызып қап бiреу шығарса жанжал,
Көкпардай тартып бөктердiк.
Қазақтың тойы – алыс та берiс,
Жеткiзген елдiң мұратын.
Қазақтың тойы – шақырсаң тегiс,
Өкпелеп бiреу тұратын.
Қазақтың тойы – ашылған жиын,
Қазақтың тойы – жиналыс.
Өзбектiң тойы – ұйтқыған құйын,
Өзбектiң тойы – би жарыс.
Түнде сондай бiр «жиналыста» болдым. Қазақтың тойы 
да. Бiреу қаққан қазықтай тұрып сөйледi. Ендi бiреу екiленiп, 
байлаулы бұзау секiлдi ерсiлi-қарсылы жүрiп сөйледi. Базбi-
реулер төбелеске шығатындай екi жеңiн түрiп сөйледi. Кел-
сiн-келмесiн өңшең қазақ орысшаны ұрып сөйледi.
Галстугi ырғайдай, даусы сырнайдай бiр қазақы көкем 
орысшалап «тост» көтердi. Сiрə, оқымысты болу керек. Жағ-


292
рафиядан сабақ берiп тұрғандай көңiлi тасып көлдi айтты. 
Тебiренiп теңiздi айтты. Мұңданып мұхитты айтты. 
Əйтеуiр, жер-жаһанға топан суды қаптатып, сөзiн əрең тə-
мəмдады.
– На одном берегу стоит девушка, на другом – джигит. 
Так, выпьем же за перспективу! – деп қолындағы қыпша бел 
рөмкесiн қылқ еткiздi. Түк түсiнсем бұйырмасын.
Тағы бiр көкем су жұтқан тауықтай көкке қарап шүлдiр-
ледi. Өзi қисық дейтiндей қиқар емес, көзi қисық дейтiндей 
қитар емес. Ол да оқымысты болу керек, орысшадан қа-
йырды.
– Ночь. Луна... Он. Она... Он сказал «Да!». Она сказала 
«Нет!». Прошли годы. Ночь. Луна. Он. Она... Она сказала 
«Да!». Он сказал «Да!». Но возможности уже были не те. 
Поздно. Так выпьем же за своевременность! – деп ол да 
рөмкесiн орталап тастады.
Тағы бiр оқымыстыға сөз тидi. Бұтына жара шыққандай 
талтаңдап келдi де, тамыр ұстаған тəуiптей ойланып-ойла-
нып сөйледi.
– Давайте выпьем за Казахстанскую дверь, потому что 
она открывается и закрывается. Давайте поднимем тост за 
Алматинский диван, потому что он всегда нам нужен. И на-
конец-то выпьем за Шымкентское электричество, потому 
что оно горит, когда не надо, и не горит когда надо.
Дəп осы тұста бiр қария: 
– Əй, қарағым! – деп əлгiге қатты қадалды. – Қазақстанның 
есiгiн ашып-жабатын сен бе? Қазақтың есiгi қашанда ашық. 
Мына жастарға айтып тұрған диваның не? Диван тура-
лы емес, иман туралы неге айтпайсың? Ш-ш-ш... Бiздiң Шым-
кенттiң светiнде шаруаң қанша? Светтiң қашан жанып, 
қашан сөнетiнiн əкiм де бiлмейдi. Сен немене?.. Ш-ш-ш... 
Шымкенттiң əкiмiнен əулие ме едiң?
Бiреулер əлгi əкiреңдеген кiсiге қой-қойлап жатыр. Бiреу-
лер оған қарайтын емес, той-тойлап жатыр. Асаба бала Алдар-
көседей айнып, жалма-жан ылдым-жылдым, ухит-сухит 
мiнез танытып, үйленген баланың үйрек бас шешесiне сөз 
бердi.


293
– Ой, айналайын, мен ендi не дейiн? – дедi əжей. – Екi 
жас бақытты болсын. Үбiрлi-шүбiрлi болсын. Осы баламды 
арқа етiм арша, борбай етiм борша боп жүрiп бақтым ғой... 
ой, аузыңа сиейiн.
Ал, ендi сөз орайы келген соң «Сөзден сөз туады, əйелден 
бұрын қыз туады» демекшi, мен ендi айтайын. Айналайын, 
келiн шырақ! Бiз де қатын болғанбыз, қапқа тары салғанбыз! 
«Есенiң де есесi бар, шешенiң де шешесi бар» дейдi бұрын-
ғылар. Бұ еркек деген ессiздеу болады. Қарнын тойғызып, 
арқасынан қағып қойсаң, арбаға жеккен ешектей қайқаң 
қағы-ы-ы-ып жүрiп бередi. 
Ал, ендi айналайын балам, тыңда. Əйел деген доп сияқты. 
Ұрған сайын құтырады. Ұрған сайын басыңнан асып ыр-
шиды. Сондықтан оны аялап, домалатып ұстау керек. Тiптi 
қолың қышып бара жатса, анда-санда желiн шығарып, нұқып 
қой. Болмаса басыңа қарай ыршымайтындай аулаққа теуiп 
жiбер, əдiре қалғыр.
Əзiлiм ғой, айналайын. Əзiлiң жарасса атаңмен ойна, ебiн 
тапсаң енеңдi киноға шақыр, қалжыңың жарасса қайын-
бикеңнiң қабырғасын сана дегендей, ойнап-күлiп өмiр сүр-
генге не жетсiн.
Ит өз құйрығын өзi көтермесе, оның құйрығын кiм көте-
редi? Бiр-бiрiңдi көтерiп жүрiңдер. Құс қанатымен ұшып, 
құйрығымен қонады. Құдайға шүкiр, қанат десе қанаттарың, 
құйрық десе ол да бар.
Басқа не дейiн ендi? Құда-құдағиларыма арнап ауылдың 
алты ауызын айтып берейiн.
Құда-жекжат бұл тойға келiп отыр,
Келiн бала сəлемiн берiп отыр.
Əзiлi жоқ айтатын, қалжыңы жоқ,
Қайран шалдар қаусаған неғып отыр?!
Үзiлiс. Шампанның тығынындай атылған өңшең шүлдiр-
лек өздерiнiң «частушкасына» басты. Олардан қалайын ба, 
мен де өзiмше өрекпiп, тойбастар секiлдi топ-топ мазақтама-
өлеңiмдi айттым.


294


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет