Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Қыз: – А? Ағаш қасық? Түу-у, жақсы болды ғой! (Реңi  бұзылып). Əй, сен осы ас iшпей жатып аузымды күйдiрмешi! Жiгiт



Pdf көрінісі
бет69/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
Қыз: – А? Ағаш қасық? Түу-у, жақсы болды ғой! (Реңi 
бұзылып). Əй, сен осы ас iшпей жатып аузымды күйдiрмешi!
Жiгiт: – Ағаш қасықтан ауызың күймейдi, айналайын. 
Қазiр саған ағаш қасық жасап əкеп берем. (Кетедi).
Қыз: – Қасық қайда, қарағым,
Қасық қайда, ахоу.
Миллион сөз миыңды
Ашытпай ма, ахоу,
Тəнiм-ай,
Ашытпай ма, жаным-ай?
Үйiп-төгiп уəде,
Сөз берiп ең, ахоу,
Бұл депутат дегендер
Асықпай ма, ахоу,
Тəнiм-ай, 
Қасық қайда, жаным-ай?
А-а-а-ай,
Сылдыр, сылдыр, сылдыр-ай,
Қасық күтiп тұрмын-ай.
Қасық, қасық, қасық-ай,
Кеттiң бе əлде қашып-ай? 


Жiгiт: (Қуанып) – Сүйiншi, жаным! Жасадым! Ақыры 
жасадым!
Қыз: – Не жасадың? Ағаш қасық па?
Жiгiт: – Ағаш қасық? Ағаш қасық емес, тiс шұқығыш 
жасадым! Мə, тiсiңдi шұқы.
Қыз: – Шұқысаң – өзiң шұқы!
Жiгiт: – Жоқ, жаным, мен бiр ағаштан, екi тiс шұқығыш 
жасадым. Мə!
Қыз: – Екi тiс шұқығыш? Бiр ағаштан екi тiс шұқығыш! 
(Екеуi əндетiп кетедi):
Сен барасың сен қайда,
Мен барамын мен қайда.
Тiс шұқығыш табылды,
Талшық болса таңдайға!


301
МАЌАЛ ЖАРЫС
Анау: – Əй, құрдас! Балағың батпақ жалап, қайдан келе-
сiң?!
Мынау: – «Мұрның барда пысқыр, тiсiң барда ысқыр!»
Анау: – Пысқырғаны несi, ысқырғаны несi? Түк түсiнсем 
бұйырмасын.
Мынау: – Түсiнсең де осы, түсiнбесең де осы. Кандидат-
тық диссертация қорғадым.
Анау: – Диссертация? «Итке темiрдiң керегi не?»
Мынау: – «Торғайға шоқитын тары жақсы, бақырауық 
түйенiң де бары жақсы».
Анау: – Диссертацияның тақырыбы не?
Мынау: – Мақал!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет