Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет16/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88
өзімше топшыладым. Қалай дейсіз бе? Былай...
Баяғы Совет өкіметінің кезінде бір парторг ағамыз сов-
хоз директоры болуды армандап, аудандық атқару коми-
теті төрағасының орынбасарына барыпты да:
– Ағатай, – депті алыстан орағытып, астарлай сөй-
леп, – түнде түс көрдім. Төрде Брежнев отыр. Оң жағын-
да – Қонаев. Одан кейін – обкомның бірінші хатшысы Асан-
бай Асқаров. Мен сол кісілердің қолдарына су құйып жүріп, 
оянып кеттім. 
Сонда əлгі ағатайы: 
– Адам да түсті артына қарап көру керек қой. Сенің тү-
сіңе мен кірсем де жетпей ме? – деген екен.
Сол айтпақшы, Өмірзақ көкем: «Айналайын-ау, Аухади-
евте нең бар, саған мен де жетем ғой!» дегенді ақсақалдық 
оймен аңғартқаны ма?
Сұңғақ ағам!
Еңбегін бұлдамаған,
Боп кеттіңіз қалайша жұмбақ адам?


51
Ақ патшадай жүрсем де, 
Сіз секілді 
Сыйласқанмен сыйласып, құл да болам!
Түсімде көрдім сіздің самолетті,
Жер бауырлап, төбемнен жанап өтті.
«Полный бак запрапкі жасаңдар!» деп,
«Летчигі» базбіреуден талап етті. 
Əлі талай ұшарсыз самолетпен,
Сонда бізді жөн шығар ала кеткен.
Төбем көкке екі елі жетпей тұрса, 
Кірер еді-ау реңім самал өпкен.
Байбатшаға бас иіп, бас ұрмай-ақ,
Дос түгілі қараймын қасымды аяп.
Самолеттен секірсе,
Жүрмей ме осы 
Парашюті Жүрсіннің ашылмай қап?!.
Ала бұлттың аржағын аралатпай
Бола алмаймыз, Өмеке, жарау аттай.
«Испытания» жасайсыз
Космосқа
Кораблін ұшырған Королевтай...


52
№18
Ж±МА С¦ЛЕМ
Баяғы заманда бір ақылды патша болыпты. Күйеу ба-
ласы қызына қол жұмсайды екен. Соны байқайды. Бірақ 
ара түсе алмайды. Күндердің күнінде сол содыр күйеуді ша-
қырып алып:
– Қырық нөкеріңмен қырық күн ел аралап қайт! – дейді 
патша. Əмірін бұлжытпай орындаған күйеу баласы қырық 
нөкерімен қырық күн ел аралап, көрген-білгенін патшаға ба-
яндайды. 
– О, хан ием! Айдалада шөпшек теріп, сексеуіл арқалаған 
бір бейбақты көрдім. Демін алған сайын сексеуіліне сексеуіл 
қосып, қайран қалдырды. 
О, хан ием! Одан кейін бір шұбар жылан кездесті. Дойыр 
қамшыммен долданып, тартып кеп жіберіп ем, өзіме қарай 
шапшыды. Тағы да бір тартып ем, одан сайын ысылдап,
өзіме қарай дəп қылды. Үшінші рет сілтегенімде, басына 
қамшым емес бармағым тиіп кетіп еді, сылқ ете түсті. 
О, хан ием! Құла түзде жайылып жүрген бір ақсақ ат-
ты ұстайын деп ем, ұстатпады. Тұра қашты. Артынан 
қанша қусам да, жете алмадым. Сағымға сіңіп, қарасын 
көрсетпей кетті.
О, хан ием! Жолда бір қобдиша жатыр екен. Нөкерлерім 
теңге ілгендей іліп алғысы келіп еді, шегелеп қойғандай былқ 
етпеді. Тепеңкөгімді тебініп барып, екі қолыммен күшене 
тартып ем, астымдағы атымның төрт аяғы жерге кіріп 
кетті. Қобдиша қозғалмады. Сол мезетте көк есегімен жа-
намалай өтіп бара жатқан бір қария таяғының ұшымен 
лып еткізіп, көтеріп алды да кетті. 
– Мəнісін айтайын, – деді патша. – Жұмыр басты пенде-
нің біліп, білмей істеген əр күнəсі бір-бір сексеуіл сияқты. 
Сексеуілге сексеуіл қосқаны – күнəсына күнə қосып, азап 
шеккені.
 Жылан дегенің – əйел. Əңгіртаяқ ойнатқан сайын əйел 
күшейеді, ал сипасаң сылқ ете түседі. 


53
Ақсақ ат – дүние. Қу дүние қанша қусаң да жеткізбей-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет