48
№16
Ж±МА С¦ЛЕМ
Абай Құнанбаев төрт əйел алған.
* * *
Үш некелі Мұхтар Шахановтың мəліметі бойынша,
Пушкин 113 қыз-келіншекпен көңіл қосқан.
* * *
Ағылшынның атақты драматургі Бернард Шоу жетпіс
екі жасында он тоғыз жасар қызға үйленген.
* * *
Елу жастағы еркек:
– Жиырмадағы қызға үйлендім! – деп кеуде керіп мақ-
танса, оған біреу:
– Оһо-о, – депті онша қуанбай. – Сен алпысқа келгенде,
ол отызға толады. Жетпіске жеткеніңде, ол – қырықта.
Сен сексеннен асқанда, ол алпысқа қарай аяқ басады. Кəрі
əйелге үйленіп денің сау ма?
(Қазіргі заманның қалжыңы)
Бергелі тұрған жоқпын күшті кеңес,
Мақаш
1
ағам: «Бақшама түсті!» демес.
Көзін ашып көргені бір-ақ əйел,
Шөмішбай
2
сондықтан да Пушкин емес.
Қыз-қырқынға мінезі жүдə жайлы,
Танымайтын əйел жоқ бұл ағайды?
Күйеу бала атанып төс жеуден-ақ
Басып озды Досанов ұлы Абайды.
Тонды пішіп сыртынан, жобалама,
Тоқал үйір болады тоқ ағаңа.
1
Мақаш Тəтімов – демограф ғалым.
2
Шөмішбай Сариев – ақын.