Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет14/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88
саласың? – деп шапалақпен тартып жіберсе, баласы басын 
шайқап:
– Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанымда, шапалақ 
жемес едім! – деген екен.
 
 
 
 
(Ел аузындағы əфсана)
Тілім қышып жүреді күнде менің,
Бұлқыныс па бойдағы бұл дегенің?
Келсе-дағы талайлар таптағысы,
Бір Құдайға тапсырып, үндемедім.
Салғыласып сайтанмен таласпадым,
«Кет, пəлекет!» деп іштей аластадым.
Қасапшының итіндей жалаңдаған
Жағымпазды көрсем де жақ ашпадым. 
Қисық шеге түзеткен балғаң едім, 
Сабым сынып қалған ба əлде менің?


45
Алдағанын аярдың біле тұра,
Аңқау адам секілді лəм демедім.
Тəрбиесі солай ма ата-ананың, 
Құдық қазып су ішпей, қаталадым.
...Сөйлемей-ақ қояйын,
Мен əйтпесе
Жеп жүрермін ағаның шапалағын...
№14
Ж±МА С¦ЛЕМ
Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасын-
дағы ең жақсысы – өз қателігін мойындап, тəубеге келгені.
(Қасиетті хадис)
– Сен үшін Құдай кім? 
– Білмеймін. Əйтеуір Құдай мен үшін сенің ойыңдағыдан 
өзгеше.
(Пауло Коэльо)

Төпен інім телефон шалды. Ауылда тұрады. Отырарда. 
Əжік-күжік əңгімеден соң əйелімнен кетіскенімді айттым:
– Жеңешеңнен бөлініп, жеке шықтым! – дедім.
– Əй, көкетай, – деді інім, – Тəуелсіздікті осыдан он сегіз 
жыл бұрын Қазақстанмен бірге алу керек еді!
Ой, айтқышым-ай, айтады-ау...
Адам болып фəниге неге келдік,
Бір басыңда болмаса егемендік?
Тағдыр бізді тақтайға қаққаннан соң,
Тастай болып тапжылмай шегелендік.
Ылғал тисе тақтайға ісінеді,
Өз бағасын ол сөйтіп түсіреді.


46
Ауыстырсаң айныған тақтайыңды,
Түйсікті адам «Дұрыс!» деп түсінеді.
Іздегем жоқ хас-сұлу, ай қабақты,
Табанының бүрі жоқ тайғанақты.
Сүргіленген су жаңа бір тақтайға,
Тағдыр мені шеге қып қайта қақты.
№15
Ж±МА С¦ЛЕМ
Кəнігі кəсіпкер, əйгілі меценат Өмірзақ Сəрсенов демеу-
шілер жөнінде күй шығарған өнерпаздарға бəйге жария-
ласа, қай өнерпаз қайтер еді? Бəлкім, қоңыр домбырасын 
қолына ұстап Қоразбайдың Алтынбегі елден бұрын жетер 
ме еді? Алда-жалда қара көрсетсе:
– Өмеке, өзіңізге мəлім, алты алаштың аузында жүр-
ген «Үшқоңыр», «Сарыарқа» деген əндерімнің сөзін жаз-
ған Елбасының өзі! – дейді Алтекең арқаланып. – Одан 
бұрынырақ Заманбек Нұрқаділовтің «Өмір де өмір, өмір-
ай!» деген өлеңіне əн шығардым. Мақпал орындады. Енді сіз 
туралы «Демеуқожа» деген күй шығарам, Өмеке!
– Қанша сұрайсың?
– Бес мың доллар! Бір мыңын өзім алам, бір мыңын бала-
шағама берем, үш мыңын есеп-шотыма салып қоям.
Серілердің соңғы тұяғындай Секен Тұрысбеков:
– Өмеке, – дейді алыстан орағыта, – баяғыда біреу аққу-
лардың қанатын қырқып жатса, «Əй, мұның не?» дейді 
көршісі көріп. Сөйтсе əлгі əпенді айтыпты:
– Ұшып кетпесін деп қырқып жатырмын! 
Сонда көршісі:
Айналайын-ау, қанатын қайшыламай-ақ, аққудың 
алдына жем шашып тұрсаң, өзі-ақ ұшпайды ғой! – деген 
екен.


47
Сол айтқандай, Өмеке, сіз қаншама аққуға қанат қақ-
тырдыңыз. Анаңызға арнап «Ақжүніс» деген күй шығарсам, 
енді сізге «Демеу толқыны» деген күй арнаймын.
– Қанша сұрайсың?
– Он мың доллар! Бес мыңын өзім алам, үш мыңын бала-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет