Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет17/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
ді. 
Қобдиша – даналық. Ал, даналықты көп адам көтеріп 
кете алмайды. 
 
 
 
 
(Ел аузындағы əфсана)
Шарлаймын деп дүние шартарабын,
Оһ, қаншама сексеуіл арқаладым. 
Ақсақ аттың артынан қумасам да, 
Татып көрдім пенделік сорпа дəмін.
Жолықтың деп сен менің сорыма да, 
Қамшы үйірдім қанша рет «кобрама».
Қобдишасын қожаның көтерем бе,
Тастаңызшы бір күні жолыма, аға!..
№19
Ж±МА С¦ЛЕМ
Əкесі баласынан:
– Қанша досың бар? – деп сұрапты.
– Қырық досым бар! – дейді баласы кəдімгідей масат-
танып.
– Оһо-о-о-о!.. Соның бəрі сен дегенде астындағы атын 
түсіп бере ме?
– Сөз жоқ, оған күмəнданбаңыз. Ал, сіздің досыңыз 
қанша? 
– Онша көп емес, бір жарым досым бар. 
– Бір жарым?!
– Балам, достың парқы санында емес, салмағында. Қане, 
сенің достарыңды сынап көрейік.
Əкесі екеуі түйеге тең артып, баласының бір досына ке-
леді. 
– Əй, досым, – дейді баласы өтірік жыламсырап. – Бір 
бауырым аяқ астынан қайтыс болды. Сүйегі түйенің қо-
мында. Не істерімді білмеймін. Көмектесші!..


54
Досы: 
– Көр қаз да, көм! Сол да қиын боп па? – дейді сырғақтап.
Елпек қағып, екінші досына барса, ол да олай-бұлай бұл-
ғақтайды. Қалған достары да сыныққа сылтау іздеп, ат-
тонын ала қашады. 
Баласы:
– Енді сіздің бір жарым досыңызды сынап көрейік, кө-
ке! – дейді. Əкесі жарты досына келіп:
– Бауырым бақилық болды. Қол – қысқа, жерлеуге жəр-
демдес! – дейді. Жарты досы:
– Марқұмның мəйітін түйеден түсіріп, жерлеуге қол 
ұшын берейін. Бірақ түйеңнің жем-шөбін өзің тап! – дейді. 
Ал жалғыз досы жаны қалмай: «Ей, бауырым, еш қинал-
ма, бəрін өзім атқарам!» деп зыр жүгіріпті. Сонда əкесі: 
«Көз алдындағы көп досыңнан көңіліңдегі бір досың артық» 
деген екен.
 
 
 
 
(Ел аузындағы əфсана)
Досым қанша,
Біреу ме, бір жарым ба?
Қанша досым «Доспын!» деп жүр жанымда.
Дос дегенің көбейіп кетер еді-ау,
Қонаев боп, шіркін-ай, тұрғанымда.
Болса-дағы өмірде өлмес дана,
Қарамаймын қызығып марғасқама.
Димаш ағам тағынан тайған күні 
Қалмап па еді қасында Олжас қана. 
«Досым көп!» деп,
Сыйладым пай-пай, бəрін.
Ағам қанша? 
Дəл санын айта алмаймын.
«Примерні бір жарым ағам бар» деп,
Бай баласы секілді байпаңдаймын. 
Жарты ағамыз өбектеп айналады,
Бірақ талай сырт беріп тайғанады.


Жарылқап бір массажды жасағандай 
«Маладес!» деп арқамнан жай қағады. 
Кім қорықса өнердің киесінен,
Ей, абырой, 
Сен соған тиесілі ең.
...Сіз шығарсыз, Өмеке, жалғыз ағам, 
Сыйлатұғын итті де иесімен.


56
№20
Ж±МА С¦ЛЕМ
Ертең емтихан деген күні бит туралы тақырыпқа ғана 
дайындалып үлгерген студентке «Ашатұяқтылардың түр-
лері» деген сұрақ келіпті.
– Ашатұяқтыларға қой жатады. Қойдың жүні болады. 
Жүн жүрген жерде бит жүреді. Бит бірнеше түрге бөлі-
неді! – деп студент судырата жөнелсе, профессор сөзін 
бөліп: 
– Тағы қандай ашатұяқтыларды білесің? – депті. 
– Ашатұяқтылардың енді бір тобы – сиыр. Қарасан 
келгір сиырдың да жүні болады. Жүн жүрген жерде бит 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет