(Ауыз əдебиетiнiң нобайымен)
Ау-у-у!..
Неге үндемейсiңдер? Менi танисыңдар ма? Əлде, «Таны-
майтын перiштеден танитын шайтан артық» деп тұрсыңдар
ма? Мен не шайтан емес, не сайтан емес, не өгiз, не байтал
емес – қасқырмын. Қасқыр болғанда қандай қасқыр? Ал-
дымнан сүйреп, артымнан итерсең де тұра алмай тұралап
жатқан кəрi қасқырмын.
Жатысым мынау. Бiр өгiз əрi өтедi, берi өтедi. Соның
бұтындағы тасы домалап жерге түссе, жеймiн бе деп күтiп
жатырмын. Жуық арада түсетiн түрi жоқ...
72
Түзу жолмен келе жатқан түйеге: «Əй, түйе!» деп ем, қа-
рамады. Қарамасаң – қарама. Атамнан əрман!
– Түке! – деп ем, қарады. – Түке, айтыңызшы, ауыр жүктi
арқалап қырға шыққан оңай ма, əлде сайға түскен оңай ма? –
деп сұрадым. Сонда түйе:
– Екеуiнiң де атасына нəлет! – деп қисайып-ап қисық
кеттi. Қисайсаң – қисай. Түйенiң түзу жерi қайсы? Мойны
да қисық, өркешi де қисық, дəретi де қисық – терiс шапты-
рады. Тiптi түйеге деген адамдардың көзқарасы да қисық.
Əнебiр жылдары екi миллиондай түйе бар едi, қазiр қаншасы
қалғанын қайдам?
Қасқыр жылына 850 килə ет жемесе тiсi қышиды. Қасқыр-
дан кейiнгi екiншi орынды қазақтар алады.
Уh, дүние-ай! Жатысым мынау... Жапан даладағы жал-
ғыз ағаштың жалғыз бұтағына қонақтап отырған жалғыз
қарғаның қасына тағы бiр қарға қонғысы кеп едi, ана қарға
мына қарғаны қондырмады.
– Əй, сен не, ағашты аяп тұрсың? – дедi Қарға.
– Аяп тұрғам жоқ.
– Əлде қызғанасың ба!
– Қызғанбаймын.
– Əлде мына бұтақ бос емес пе?
– Бос.
– Онда неге қондырмайсың? Қарға тамырлы Қарға емес-
пiз бе?
– Бiздiң ауылдың ағашына басқа ауылдың қарғасын қон-
дырмаймыз. Жалпы, қондырмау қолымнан кеп тұрғанда
қондырмаймын. Ал, қондырмаймын, қайтесiң? Қондырмай-
мын!..
Қара қарға көлдегi аққуға барып «Өмiрде бiрге жүзейiк!»
дедi. Аққу «Сен қап-қарасың, қасыңда қалай жүрем?»
дедi. Қара қарға «Мен де аққумын!» дедi. «Қай жердiң
аққуысың?» дедi көгiлдiр құс. «Мен бе? – дедi қарға, –
Африканың аққуымын!». Өйттi-бүйттi... Əйтеуiр қара қарға
аққуды алып, алысқа ұшып кеттi.
Аң-құстардың ара-жiгi ашыла бастағасын... Күндердiң
күнiнде Тəңiрiм аң-құстардың патшасы қып Арыстанды та-
73
ғайындады да «Өз орынбасарыңды өзiң таңдап ал!» дедi. Со-
сын «Бюджет бекiгенше талшық ете тұрыңдар!» деп аспан-
нан бiр бұғы, бiр киiк, бiр тауық тастады.
– Ал, мұны қалай жеймiз? – деп аң патшасы ақылдасқан
болды. Қанша дегенмен қасқыр атым бар емес пе?
– Қалай жейтiн несi бар?! – деп қарғып тұрдым. – Бұғыны
сiз жеңiз, киiктi мен жейiн, тауықты қалған-құтқан хайуа-
наттар қорек қылсын.
Бұл пiкiрiм Арыстанға ұнамады бiлем:
– Тағы кiмде қандай ұсыныс бар? – дедi. Қайдан шыққа-
нын қайдам, мына жақтан қу түлкi қутыңдап:
– О, патшам! – дедi. – О, дүрдиiп тұрған дүр патшам, сұ-
рыңнан айналайын сұр патшам! «Ас – адамның арқауы». Бұ-
ғыны завтрак қылыңыз, киiктi обед қылыңыз. Тауықтың етi
асқазаныңызға жұмсақ болады, кешке ужин қылыңыз. Бiзге
сiзден қалған сүйек-саяқ та жетедi.
Аң патшасы Арыстан түрiң құрғыр түлкiнi өзiне бiрден
«первый зам» қып алды. Сол күннен бастап мен аң патшасы
Арекеңе оппозициямын. Егер менi қоқитып орынбасар қып
алғанда ғой... Онда мен оппозицияға кетiп, айдалаға қарап
ұлымас едiм.
Өзiнен көрсiн. Ау-у-у!..
Айтпақшы, есек те пiкiр бiлдiрген едi. «Оу, Ареке! Бiз
сiздiң артыңызда қалған арам шөптi жесек те арам қатпай-
мыз!» деп жылымық сөйлеген жынды есектi өсiрiп жiбердi.
Биiк төбенiң басында отыр екен. Жоқ, отырған жоқ, ауырып
жатыр екен. Қасына бардым.
– А-а-а-ай, саған не керек? – дедi есек ақырып.
– Маған сенiң орның керек.
– Бұнда неғып тұрсың?
– Ажалыңды тосып тұрмын.
– Аң патшасы Арыстаным аман болса, мен сəрсенбiге де-
йiн өлмеймiн.
– Ə, нешауа! – дедiм. – Жұмаға дейiн қолым бос, күте тұрам...
Есебiн тауып есектi де жарып тастадым. Ендi жатысым
мынау... Маймылдар ағаштан ағашқа секiрiп, шегiрткелер
шырылдап, сауысқандар шықылықтап, əбден миым ашыды.
74
Қызық көп жер мен көктiң арасында,
Бiреу – бай, бiреу жарлы дүниясында.
Құдайым сауысқанға бақыт берсе,
Самұрық қызмет етер саясында!
Сүйек кемiрiп жатқан күзетшi итке:
– Ит-ау, сүйегiңнiң сүйек сияғы жоқ қой! – деп ем:
– Майлы жiлiк мүжимiн деп осы сүйегiмнен айырылып
қалармын! – дедi. «Кел, ауыз ти!» демедi. Əй, ит екен.
Түлкi кездестi. Қанша дегенмен первый зам ғой.
– Түке! – дедiм. – Сiз осы тазыдан қашып құтылудың
қанша əдiсiн бiлесiз?
– Жүзден астам əдiсiн бiлем, – дедi түлкi. – Ең жақсысы –
со пəлеге жолықпау ғой.
Достарыңызбен бөлісу: |