Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Атасы: – Балам! Ата-баба бас иетiн «Жетi» деген санның Бiлесiң бе қасиетiн? Немересi



Pdf көрінісі
бет34/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Атасы:  Балам!
Ата-баба бас иетiн
«Жетi» деген санның
Бiлесiң бе қасиетiн?
Немересi:  Бiлем!
Мысалы, жетi жаста
Молда келiп баланың есiн алған.
«Бық» дегiзiп əшеуiн кесiп алған.
Сосын,
«Қазiр басына торғай қонады,
Кейiн борбайың борбай болады!»
Деп қызықтырған.
Атасы: Əй, мынауың не мыжып тұрған?
Машинаның дөңгелегi нешеу?
Немересi:  «Запаскiсiмен» бесеу,
Шопырымен алтау,
МАИ-мен жетеу.


120
Атасы:  Қай-қайдағыны айтып
Адам боласың қайтiп?
Бiр аптада неше күн бар?
Немересi:   Ата,
Өзiмше есебiм бар.
М-м... аптасына
Алты күн сабақ...
Атасы:  Осы тұрған жерiңде
Алайын ба сабап?!
Аптасына алты күн оқисың.
Ал жетiншi күн  жексенбiде
Доп қуып көкисiң.
Ұқтың ба?
Əй, қисаңдамай, тiк тыңда!
Немересi:   Ата, менi қинап не етесiз?
Атасы:   Өй, жетесiз!
Сен ендi
Сала бермей делеңдi
Жетi атаңды бiлiп ал.
Əуелi «Үйлен!» десем не дер ең?
Келiн келсе болар едi немерем.
Немересi:  Ата,
Немере деген немене?
Атасы: Балам,
Немере деген бауыр болады.
Салт-дəстүрдi түсiнген
Өзiңе де тəуiр болады.
Немересi:  Немере ме,
Немене?
Сол өзi сонда саған жақын ба,
Əлде маған жақын ба?
Атасы:  Қалқам,
Өйтiп қаңғыма да, шатаспа да.
Сен, мəселен, немересiң.
Мен сияқты аташкаға.
Ұқтың ба?
Немересi:  Жоқ!


121
Атасы:  Тə-əк, қазiр баласың ба?
Баласың.
Түбi əйел аласың ба?
Аласың.
Сосын балалы боласың ба?
Боласың.
Со бақырауық балаң
Сонда маған немене болады?
Əкеңе немере болады,
Маған шөбере болады...
Жетеңе ендi жеттi ме?
Немересi:  Ата,
Сөзiңiздiң бiразын түсiндiм.
Мысалы, əйел алуды
Сразым түсiндiм.
Ал, ендi
Ұқпай қойдым 
Немере деген бəлеңдi.
Атасы:  Ой, кеще,
Төбеңдi тессе
Сөзiмнiң бiразын түсiнбей,
Сразым түсiнер ең.
Ыржаңдама, күлме сен.
Немеренi бiлмесең.
Кеудең кейiн қуыс болады.
Немересi:  Ну, кiм кiмге
Қанша процент туыс болады?
Атасы:  Асфальтта туып,
Балконда балмұздақ жеп,
Калькуляторды ұстап ап,
Компьютермен көзiн ашқан қызталақ!
Одан басқаны көрмедiң бе?
Туған-туысты
Процентке бөлгенiң не?
Немересi:  Мен процентсiз 
Ештеңенi түсiнбеймiн.
Мысалы, мамам мен папам


122
Маған 100 процент туысқан.
Мен сiзге через посредник
Где-то 50 процент туысқан.
Ал, менiң балам
Сiзге қанша процент туысқан? 
Атасы:  Балам бекерге шатпа!
Бiлгiң келсе, Оспанханның
«Жетi атасын» жатта!
Мысалы...
«Арғы атаң  Масақ,
Масақтан  Қасап,
Қасаптан  Шайқы
Шайқыдан  Қайқы,
Қайқыдан  Тайпы,
Тайпыдан  Майсақ,
Майсақтан  Найсап..»
Немересi:  Ата,
Вагон секiлдi бұл не?
Атасы:   Əй, қызталақ, күлме?
Жетi ата
Вагон секiлдi емес,
Əскердiң иығындағы пагон секiлдi.
Мiнеки:
1. Солдат.
2. Лейтенант.
3. Капитан.
4. Майор.
5. Полковник.
6. Генерал.
7. Маршал.
Сен, мысалы,
Бəрiмiзге солдатсың.
Кейiн келiн əкеп
Лейтенант болмақсың.
Немересi:  Ата,
Айтпайсыз ба төтесiн?
Атасы:   Жетi атаңды бiлмесең


123
Жетесiз боп өтесiң.
Мiнеки:
1. Əке.
2. Бала.
3. Немере.
4. Шөбере.
5. Шөпшек.
6. Немене.
7. Туажат.
Жер бетiндегi жетiмдiк те жетеу:
1. Тыңдамаса сөз жетiм,
2. Киюсiз тозған тон жетiм.
3. Иесiз қалған жер жетiм.
4. Басшысы жоқ ел жетiм.
5. Аққу-қазсыз көл жетiм.
6. Елiнен айырылған ер жетiм.
7. Қатары қалмаған қарт жетiм.
«Бiр күн қонақ  құт,
Екi күн қонақ  жұт,
Үшiншi күнi зыт!» дегендей
Жұт та жетi ағайынды:
1. Құрғақшылық.
2. Оба.
3. Мал жұтауы.
4 Өрт.
5. Соғыс.
6. Сел.
7. Жер сiлкiнiсi.
Сондай-ақ,
Жетi парыз,
Жетi ғалам,
Жетi жарғы,
Жетi ру,
Жетi қазына,
Жетiсу,


124
Жетi қарақшы секiлдi
Жетi керемет көп екен.
Жер бетiнде алайда,
Жетi нəрсе жоқ екен.
1. Құста сүт жоқ.
2. Жылқыда өт жоқ.
3. Көлде көпiр жоқ.
4. Тамда белбеу жоқ.
5. Аспанда тiреу жоқ.
6. Тауда саты жоқ.
7. Таста тамыр жоқ.
Кең дүниеде 
Кереғар да жетеу:
1. Футболшы.
Допты теуiп жiбередi де, 
Соңынан өзi қуады.
2. Ревизор.
Өзi ештеңе жоғалтпаса да,
Өмiр бойы жоғалған нəрсенi iздейдi.
3. Поп.
Жұрттың бəрi жылап тұрса,
Өзi өлең айтып тұрады.


125
4. Молда.
Өнiп тұрған нəрсенiң
Басын шырпып, кесiп тастайды.
5. Шопыр.
Жұрттың бəрiн үйдi-үйiне тасып,
Өзi үйiне жаяу қайтады.
6. Мұғалiм.
Өзi бəрiн бiлiп тұрып,
Бiлмейтiндерден сұрайды.
7. Дəрiгер.
Ауруыңды сұрайды да,
Ауруыңды өзiңе айтады.
Ақсақ-тоқсақ,
Мешеу секiлдi
Сендердiң секеңдеп билейтiн
Музыкаларың нешеу секiлдi?
Немересi:   По моему үшеу.
1. Поп.
2. Рок.
3. Рэп.
Атасы:  Олай емес,
О, тоба!
Жетi дыбыстан
Тұрады ғой нота да:
1. До.
2. Ре.
3. Ми.
4. Фа.
5. Соль.
6. Ля.
7. Си.
Сондықтан балам,
«Жетiге» басыңды iй!
Өйткенi, астанамыздың да
Атауы алтыдан асып,
Жетiге жетiп отыр:


126
1. Түркiстан.
2. Орынбор.
3. Қызылорда.
4. Алматы.
5. Целиноград
6. Ақмола.
7. Астана.
Немересi:  – Сонда бiздiң
Астанамыздың аты  
Астана ма?
Атасы: Астана!
(Аузын ашып,
Көзiн жұмды жас бала).
Немересi Астананың атауын
Ауыстыра бере ме ұдайы?
Атасы:  Жетiге жеткен нəрсеге
Жетi нан құдайы!
Немересi балалық жасап шатысты:
Ата! – дедi, – 
Былтыр бiр ағай
Ат жарысына қатысты.
«7»-нiң қасиетiн дəлелдеп,
Бiрiншi орын алам деп,
7-шi айдың 7-сi күнi
Таңғы сағат 7-де тұрып,
«777» нөмiрлi мəшинесiне мiнiп,
Ипподромға барған да...
7-шi нөмiрлi «Премьер» деген атын
Бəйгеге қосқан.
Не бiттi?
Ат жарыста 
7-шi нөмiрлi аты 
7-шi болып келiптi. 
Атасы:  Е, балам,
Ештеңе етпейдi.
Кереметтерiмiз кей-кейде
Жетiге де жетпейдi.


127
Немересi:  Ата, сонда
Премьер-министр нешеу?
Атасы:  Оппо-о-о, 
Небір Премьер кетті ғой.
Саусақ бүгіп санай бер,
Жетеуге қазір жетті ғой.
Яғни, Терещенко.
Бiреу.
Қажыгелдинмен  екеу,
Балғынбаевпен  үшеу,
Тоқаевпен  төртеу.
Рухани байлыққа 
Ой тастап келген,
Шенеунiктердiң шекесiн шертiп,
Цирктiң атындай
Ойқастап келген
Тасмағамбетовпен  бесеу. 
Даниял Ахметовпен  алтау.
Ал Кəрім Мəсімов
Жетінші Премьер-Министр!
Жетінші болғандықтан да,
Қайта сайланып дұрыс тұр...


128
Немересi:  Ата,
Айтыңызшы ендi сiз,
Жетi нəрсе белгiсiз.
Ол не?
Атасы:  Балам, бəрiн бiлiп ал.
Оның да жетi түрi бар!
1. Ақырзаман қашан болады?
Белгiсiз!
2. Адам қашан,
Қай жерде,
Қалай өледi?
Белгiсiз!


129
3.Қашан жер сiлкiнедi?
Белгiсiз! 
4. Қашан күн күркiрейдi?
Белгiсiз!
5. Ертең не болады?
Белгiсiз!
6. Теңге қашан тұрақтайды?
Белгiсiз!
7. Қай министр
Қашан ауысады?
Белгiсiз!..
Немересi:   Тү-у-у-у,
«7» қандай күштi едi!
Əлгi Премьер ағайлардың
Қайсысы қанша күн iстедi?


130
Атасы:  Əрқайсысы əрқилы.
Бiреуi қармақтай батса,
Ендi бiреуi қалтқыдай қалқиды.
Мысалы,
Терещенко  1092 күн,
Қажыгелдин  1977 күн,
Балғынбаев – 732 күн,
Тоқаев  854 күн,
Тасмағамбетов 500 күндей iстедi.
Даниялды санағам жоқ,
Мəсімовтің де
Мəліметін қарағам жоқ. 
Немересi:  Ата,
Президент нешеу?
Атасы:  Қой, балам!
Құдай  хақ,
Президент  тақ!..
Немересi:  Президент болу үшiн
Не ету керек?
Атасы:  Əуелi
Жетi сатыдан өту керек.
1. Ленин.
2. Сталин.
3. Хрущев
4. Брежнев
5. Горбачев.
6. Ельцин.
7. Назарбаев.
Немересi:  Назарбаевтан кейiн 
кiм болады?
Атасы:  Қайтсем екен бұл баланы? 
Назарбаевтан кейiн...
1.Назарбаев!
2.Назарбаев!
3.Назарбаев!


131
4.Назарбаев!
5.Назарбаев!
6.Назарбаев!
7.Назарбаев!
Жетеңе ендi жеттi ме,
«Жетiнi» санап, жан қинап?
Жетi жылдан сайланар
Нұрекең жалғыз кандидат!..
№66
Ж±МА С¦ЛЕМ
Мен мəдениет министрінен қорықпаймын, министрдің 
мəдениетінен қорқам.
 
 
(Орыс сатиригі Мих.Жванецкийдің əзілі)
Бокспен айналысқан бір шенеунік Мəдениет министрі болып 
тағайындалды. Күндердің күнінде сол «боксер» театрдағы 
актерлардың репетициясын көріп отырып:
– Тренировкаларың қашан бітеді? – деп сұраса керек.
 
 
 
 
 
 
(Болған оқиға)
МЫНАУЫЅ КІМ?
Əйелінің сөмкесінен 
Министр бір жігіттің суретін тауып алды.
Қызғаныштың қызыл иті
Əп дегеннен жүрегін қауып алды.
Ойы теріс туды да
Арада айқай ұрыс-керіс туды.
Министр күйініп:
– Мына бұйра басың кім-ей,
Əшінаң ба? – деді.


Əйелі:
– Иба-а-ай, сенің миың ашыған ба?! – деді.
Мен оны шын жүректен ұнатам!..
– Ұнатам?!
Қазір сені бір-ақ ұрып құлатам.
Бұйра-бұйра шашының
Қалдырмастан бір талын,
Бакембардымен
Қосып жұлып құртамын!..
... Қызғаныштың қызып жанған
Оты осы екен.
Араға айқай болған
А.С.Пушкиннің фотосы екен.


133
№67
Ж±МА С¦ЛЕМ
– Көзіңді кім көгертті?
– Күйеуім.
– Е, ол командировкаға кеткен жоқ па?
– Мен де сөйтіп ойлағам... 
(Қазіргі заман қалжыңы)
Е, Құдайым, ғафу ет, пендең едім,
Бетім бар ма көрсетер елге менің?
Сабақ алсын мінəбір өлеңімнен,
Сайтан бойын билеген жеңге, келін.
ƏТТЕГЕН-АЙ!
Тура жолдан таяуда тайғанадым,
Бір сұлудың көрдім де ай қабағын.
Бала-шағам болса да амал қанша
«Айналайын!» деп оны аймаладым.
Асау жүрек жөңкіді,
Ала көңіл толқыды.
Қолаң шаштың үйінде
Қонақ болдым сол күні.
Япырмау, бұл жүрісім теріс пе еді?
Сайтан ойым азғырып келіспеді.
Жатсам-тұрсам ойлаймын жаным қалмай
Көргенім жоқ мен мұндай періштені.
Күнде құстай ұшамын,
Құралайды құшамын.
Көмектесіп үйіне
Қайрап бердім пышағын.


134
Құдай берген жолықтым нəсіппенен,
Қандай ғажап біреуге ғашық деген.
Қиғаш қасты қайтейін қимасам да
Үйге қарай аяңдап басып келем.
Пəле бар-ау не тіпті,
Маған қалай жетіпті?
Үйге келсем пышақты
Біреу қайрап кетіпті!
№68
Ж±МА С¦ЛЕМ
О кезде Шалбай Құлмаханов – Алматы қаласының əкімі. 
Қалекең алдында бір кіріп, «Түркістан» газетіне қаржы сұ-
рап ақша алған. Шалбайға тағы да кірудің сəтін ойласты-
рады. Бір күні Шалбайдың бөлмесіне артымен біреу кіреді, 
беті есік жақта. Шалбай орнынан ұшып тұрып:
– Сіз кімсіз?
– Мен Қалтаймын. Əнеукүні алдыммен кіріп, «Түркіс-
танға» көп қаржы алғанмын. Енді артымның құнын білгім 
келді. Артыма не көмегіңіз бар?
Шалбай күлкіден есін жия алмай:
– Сізге қанша қаржы керек? – дей беріпті. Қалекеңнің 
сөйтіп олжалы оралғаны бар екен.
 
 
 
 
 
 
(Болған оқиға)
Айтыс үшін сайтанмен де тіл табысам.
 
 
 
 
 
(Жүрсін Ерман) 
Айтыс үшін болмайды бай малы кем,
Келсе-дағы ауылы аймағымен.
Қалтай қалай кіргенін ел біледі,
Жүрсін сізге кіріп жүр қай жағымен?


135
№69
Ж±МА С¦ЛЕМ
Асылғазы 
Басын қасып еді,
Асылғазының қасындағы
Қасымғазы да
Асыға басын қасыды.
 
 
(Оспанхан Əубəкіровтің жаңылтпашы)
Жаңылмайтын жақ жоқ.
 
 
 
(Халық мəтелі)
Ой қосайын Өмеке, ойыңызға,
Аласыз ба сіңіріп бойыңызға.
Жаңылтпашты жаңылмай айтыңызшы,
Тос көтеріп тұрсаңыз тойыңызда.
ЖАТЫПАТАР ЖАЅЫЛТПАШ
Пəленше Төленшені
Үйіне шақырып тұз-дəм татқызды.
Тұз-дəм татқызды да
Пəленшеге звондатқызды.
Тұз-дəм татқан мүттəйім ба,
Звондатқан мүттəйім ба?!
* * *
Қасқа бас,
Басқа басты
Таспа бас дейді.
Басқа бас
Қасқа басты
Таспа бас дейді.


136
Қасқа бас 
Таспа бас па?
Басқа бас
Таспа бас па?
№70
Ж±МА С¦ЛЕМ
Маңдайыңды сəждеге тигізіп, намазға жығылсаң «Құ-
дайға құлдық ұрған мына пендеден айырылып қалдым-ау!» 
деп жетпіс мың шайтан зар жылайды екен. 
Жын-шайтанмен жымдасып, ібіліспен ымдасып жүрген 
күндеріме күйініп, қатты өкіндім. 
Шықса пенде далаға жалаңаяқ,
Жүре ала ма көзіне қарамай-ақ?
Табанына кіретін тікенектен 
Қашпайды ма қу жанын адам аяп?
Жатқанын білмейтұғын жолда ненің,
Жасымда көзсіз жігіт болған едім.
Бір тікенге теңесем  бір күнəмді,
Шұрқ тесік табаным онда менің.
Білмеймін бақыт қолын бұлғады ма,
Шүкір, Хаққа мойнымды бұрғаныма.
Тікенекті жерлерге аяқ баспай,
Ендім, аға, періште гүл бағына.
Ақшаң болса əрине үй сатып аларсың-ау, бірақ семьяны 
сатып ала алмайсың.
Ақшаң болса жамбастап жатып алатын төсек орын 
сатып аларсың-ау, бірақ тыныш ұйқы сатып ала алмай-
сың.


137
Ақшаң болса алтын сағат сатып аларсың-ау, бірақ ал-
тын уақытты сатып ала алмайсың.
Ақшаң болса кітап сатып аларсың-ау, бірақ білімді са-
тып ала алмайсың.
Ақшаң болса дəрі-дəрмек сатып аларсың-ау, бірақ денсау-
лықты сатып ала алмайсың.
Ақшаң болса өміріңді сақтандыратын «страховка» де-
ген қатырма қағазды сатып аларсың-ау, бірақ қауіпсіздікті 
сатып ала алмайсың.
 

 
 
 
(Əлем əфсаналары)
Күлкі – денсаулық, ынты-шынтымен бір рет күлген 
адамның өмірі 15 минутқа ұзарады.
Күлкі – дəрі, күлкі – дəру, күлкі – шипа.
Күлкі – білім, «ымды білмеген дымды білмейді».
Күлкі – абырой. Абыройы бар адам асқақтап күледі.
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
(Шынайы əңгіме) 
Əрине, күлген де жақсы, бірақ кімнен кейін күлгенді 
білген де жақсы.
 
 
 
 
 
 
(Ишара сөз)
Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның сада-
ғасы.
 
 
 
 
 
(Қазақ мақалы)
Сəлем бергенге – 100 сауап, сəлем алғанға 10 сауап жа-
зылады.
 
 
 
 
 
(Қасиетті хадистен)
Аз емес-ау өмірде малды кісі,
Із қалдырар артына арлы кісі.
«Өнегелі Өмекең» атанды ғой,
Бастағасын бақытқа барлық ісі.


Жақсылыққа бұратын дəйім басын,
Мұрагерін көбейтіп дайындасын.  
Күліп-ойнап жолдадым жетпіс сəлем,
Құдай бізді сəлемнен айырмасын!.. 


ЕКIНШI Б¤ЛIМ
Па, шіркін,
ПАРОДИЯ!..


140
ДАЃДАРЫС


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет