Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


Сəулетшi Шота-Аман УƏЛИХАНҒА



Pdf көрінісі
бет35/88
Дата21.01.2023
өлшемі4,3 Mb.
#62168
түріБағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88
Байланысты:
7370 (1)

Сəулетшi Шота-Аман УƏЛИХАНҒА
Сiздер Шотаны бiлесiздер ме? Шота! Жо-жоқ, грузиннiң 
Шота Руставелиi емес. Өзiмiздiң Шота! Сəулетшi, суретшi, 
мүсiншi Шота-Аман Уəлихан ше? Сол ағам əнеукүнi 
жеңiмнен ұстап жетектеп шеберханасына шақырды. Жол-
жөнекей:
– Мен су жаңа мақал шығардым! – дедi. – Тыңда!
«Судың төресi – минерал,
Солдаттың төресi – генерал».
Қалай, ұйқаса ма?
– Ойпырмай, Шөмiшбай шайырды құдай сақтаған екен. 
Сiз ақын боп кеткенiңiзде оған нан жоқ едi.
– Шөмiшбайың не-ей сенiң? Бұхар жырау аузыңа түспедi 
ме? Тағы бiр мақалым бар. Тыңда!
«Төбесiз жер болмайды,
Төресiз ел болмайды». Во!
Бас бармағын қайқайтқан күйi шеберханасына алып бар-
ды да, жасап жатқан жаңа ескерткiштiң жобасын көрсеттi.
Тас тұғырдың үстiнде екi қолы ербиiп, бұты талтайып, өзi 
тоңқайып, өңi суық өңкиген шал тұр. Түк түсiнсем бұйыр-
масын!
– Бұл кiм, аға? – дедiм таңырқап.
– Атамның ескерткiшi.
– Қай атаңыз?
– Тезек төре.
– Төренi неге тоңқайтып қойғансыз?
– Негiзi, атамның астында аты болуы керек едi. Қазiр кри-
зис... Дағдарыс! Атын салуға ақша жоқ. Сосын солай боп 
қалды. 
2009 жыл



142
БIР КЕМ ДЇНИЕ-АЙ!
Халық жазушысы Шерхан МҰРТАЗАҒА
Пойызға мiнсем... Мəссаған! Екi кiсiлiк купеде Шерағаң 
отыр. Кəдiмгi Шерхан Мұртаза.
– Ассалаумағалейкум, аға! Жол болсын?!
– Таразға барам. Өзiң ше?
– Шымкентке.
Пойыздың «гө-ө-өк» дегенiнде кө-ө-өп гəп бар... Алма-
тыдан ұзап батысқа қарай бағыт алған пойызымыз «дiгiдiк-
ке» басты. 
Дiгiдiк дiк-дiк, дiгiдiк дiк-дiк. Жүйткiп келедi.
– Бiр əдемi келiншек бесiншi вагонға мiндi. Соны шақы-
рып келшi! – дедi Шерағаң.
– Аты кiм, аға?


143
– Бiлмеймiн. Бағана вокзалда кездесiп, қолтаңба сұрады. 
Сөзiнiң нобайына қарағанда, менiң бiраз кiтабымды оқыған 
сыңайлы. 
Қиянды кезiп қызыл түлкi iздеген аңшыдай бесiншi ва-
гонға беттедiм. «Түлкiнiң қызылы – өзiнiң соры» деген рас-
ау. Əдемi болмаса əлекке түсе ме? Кəмпит дəметкен бала 
секiлдi əр купеге телмiрiп, əдемi келiншектi жобалап жүрiп 
таптым-ау.
– Сiздi Шерағаң шайға шақырып жатыр! – дедiм.
– Менi?
– Иə.
– Ыңғайсыз емес пе? Бармай-ақ қояйыншы! – дедi.
Кез келген еркектiң бiрiншi ұсынысына бiр рет «отказ» 
беру – əр əйелдiң мiндетi. Əдемi келiншек өз мiндетiн орын-
дап, бiр рет «отказ» жасады. 
– Бармасаңыз ыңғайсыз болады, – деп мен де тықақтап 
қоймадым. – Жүрiңiз, меселiн қайтармаңыз. Үлкен кiсi ғой.
– Солай ма?
– Солай!..
Бiттi. Ендi «отказ» жоқ. Мен – паровоз, ол – вагон, iркес-
тiркес iлестiрiп Шерағаңа əкеле жатыр ем, бетiнiң қыртысы 
көп, аузының бiр тiсi жоқ кем иек кемпiр қарсы жолығып:
– Шырағым, жүзiң таныс. Қай баласың? Əлгi əзiлкеш 
бала емессiң бе? – дедi.
Басымды изедiм.
– Е, айналайын-ай! Жақсы жолықтың ғой. Ауылдың жағ-
дайын айғайлап неге айтпайсыңдар, түге?
– Апа-ау, айғайлап сөйлейтiн адам iздесеңiз мына вагонда 
Шерхан Мұртаза келе жатыр.
– Тiк тұрып тiстенiп сөйлейтiн депутат Шерхан ба?
– Иə! Жүрiңiз, со кiсiге жолықтырайын. 
Əжемдi, əдемi келiншектi «Күте тұрыңыздар!» деп есiктiң 
ернеуiне кiдiртiп қойдым да, Шерағаңның купесiне сойған 
түлкiдей ыржиып жалғыз кiрдiм.
– Таптың ба? – дедi.
– Таптым.
– Қайда?


144
– Сыртта тұр.
Ағамның ажары жүзiн жуған қауындай қызарып, қобы-
раған шашын қолымен тарақтап, қалыңдығын күткендей 
қатты қопаңдады. Əзiл болсын деп əжемдi əдейi жеке кiр-
гiздiм. 
Шүйкедей кемпiр шүлдiрлеп:
– Əй, Шерхан шырағым, амансың ба? – деп есiктен енген-
де, екi көзi тас төбесiне шықты. «Мынауың не?!» дегендей 
маған ажырая қарады.
– Ескi заманның ең əдемi келiншегi осы емес пе? – дедiм 
өтiрiк аңқаусып.
Əжемiз əңгiменi əрiден қозғап, Шəкеңнiң миын шайқады. 
«Дұрыс, апа, дұрыс!» деп шыбындаған аттай басын қайта-
қайта шұлғып, кемпiрден əрең құтылғасын:
– Адам өстiп те қалжыңдаса ма?! – дедi ызғарланып. Iле-
шала лып еткiзiп ең əдемi келiншектi енгiзгенiмде, емiзiк кө-
рiп жылағанын қоя салған баладай сап тиылды. «Екi ғашық 
қол ұстасып оңаша отырсын» деп жағдай жасағансыдым да: 
– Аға, таңертең Таразда жолығамын! – деп кетуге ыңғай-
ландым. «Отыр!» деген жоқ. Сiрə, қарамды көрсетпей қайт-
қанымды қалап тұр.
Жолсерiктермен келiсiп, көршi купеге жайғастым. 
Таңға таяу Таразда оянып, Шерағаңды шығарып салдым. 
– Қарындас, ағаңды өкпелетiп, томпитып қойғансың ба, 
неге солғындау қоштасты? – дедiм тамырын баса сөйлеп.
– Ағамның ер екенiн бiлсем де, серi екенiн бiлмеппiн, – 
дедi əдемi келiншек жымиып. 
– Не, құда түстi ме?
– Жо-оқ, əңгiмесiнiң əуенi солай. Əуелi əдебиет төңiре-
гiнде сырластық. Пiкiрлестiк. Шай iштiк. Жiпсiдiк. Сөзiмiз 
жарасқасын жiбектей есiлiп, жiгiттей қырындады. Бiрте-
бiрте буыны босай бастағасын: 
– Ағай, күйеуiме ант бергем. Антымды қалай бұзам?! – 
дедiм. Сол сол-ақ екен: 
– Ант?! Айналайын-ау, ант деген немене? Еуропаға елiк-
теп өз заңымызға да өзгерту енгiзiп жатқан жоқпыз ба? – дедi 
қабағынан қар жауып.


145
Сөз саптауына қарағанда, əдемi келiншек өз «заңына» өз-
герту енгiзбеген сияқты.
... Бiр кем дүние-ай! 
2005 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет