212
Роза Рымбаева окопты көрмесе де, Тасқын Оқапты көрдi.
Бақытты! Ақ патша «Парасат» орденiмен марапаттады. Ба-
қытты! Екi рет депутаттыққа ұсынды.
Сахнаны саясатқа
айырбастамады. Бақытты! Ең бастысы – елдiң жүрегiнде!
Бұдан асқан бақыт бар ма?
Қазақ қарап жүре ме? Жəй отырған қазақ бiр кебiстi бiр
кебiске сұғып отырады. Əйтпесе, қазақ бола ма? Соңғы жыл-
дары сахнадан, теледидардан
Мақпалға арнаған майпалау
секiлдi пародия жиi орындалады. Мақпалдай-ақ əншi бол-
сын! Өткен жолы «Тамашадан» тағы да айтып жатыр.
– Роза Рымбаева космосқа ұшуы мүмкiн бе? – дейдi.
– Розаны қайдам, Мақпал Жүнiсова ұшады! – дейдi.
Сондай да сөз бола ма екен? Роза мен Мақпал əн əлемiнiң
космосына ұшқалы қай заман! Екеуi əлi ұшып жүр. Бөлек-
бөлек...
Роза Рымбаева – космонавт. Мақпал Жүнiсова – космонавт.
Заманбек Нұрқадiлов – «борт инженер».
Зəкеңдей «борт инженерлер» көбейсе, шiркiн-ай,
қазақ
эстрадасын айға апарып орнатуға болар едi.
Əй, бiрақ қазақ қарап жүре ме?
– Розаны Роза еткен «Əлия» əнi! – дейдi.
– Болгарияда өткен халықаралық эстрада əншiлерiнiң кон-
курсында «Əлияны» айтпағанда Роза көкке шырқап шық-
пайтын едi! – дейдi. Шыққанда қандай! Роза «Əлияны» кө-
тердi, «Əлия» Розаны көтердi.
Сонда деймiн-ау... Сол конкурста «Əлияны»
Роза емес,
басқа əншiлер айтқанда «Алтын орфей» жүлдесi бұйырар ма
едi? Əй, қайдам?
Мысалы, Розаның бiр əнiн мен айтып көрейiншi.
А-а-а-а-ай!
Қазақтардың қапшығы
Арқасында болады.
Анау-мынау нəрсеге
Қапшықтың iшi толады.
Толған сайын қазақтар
Шалқаятын болады.
213
Ал, өзбектiң қапшығы
Кеудесiнде болады.
Кəкiр-шүкiр нəрсеге
Қапшықтың iшi толады.
Толған сайын өзбектер
Еңкейетiн болады.
Қалай? Маған «Алтын орфей» бересiздер ме? Əй, қайдам?
Бiзде не жоқ, бəрi бар. Конкурс өз алдына, «конкуренция»
деген бар. Бəсеке! Қызылшақа əншi Рахат Тұрлыханов əн
шырқады.
Жанарыңнан домалап
Бiр тамшы жас үзiлдi.
Ой, рахат-ай! Рахаттың конкурентi жоқ едi, табылды.
Көзiнiң жасын мөлтiлдетiп депутат Ғани Қасымов шықты.
«Тұрлыхановта бар дауыс менде де бар!»
дегендей, ол да
əндеттi.
Жаным-ау, неге мөлт еттiң,
Бiр тамшы көздiң жасындай?
...Бiздiң Ғани осындай!
Мiне, эстраданың ең соңғы екi тамшысы!
Бiзде не жоқ, бəрi бар. «Есiнегенге де елiктейтiндер»
бар. «Асылғазы басын қасып едi, Асылғазының қасындағы
Қасымғазы да асыға басын қасыды». Анау түшкiрсе, мынау
«Жəрекемалла!» дейдi. Бiреу графин сындырса, бiреу стакан
сындырады.
Ендеше, елп еткенге елiктемейтiн эстрада жұлдызы кiм?
Роза Рымбаева!
Розаның сиқыры сол – бiр өзi сахнада бұлбұлдай сайрап,
бүкiл залға қол шапалақтатып қояды.
Розаның сиқыры сол – бүкiл залды тамсандырып, əн сал-
дырып, бiр өзi сахнада қол шапалақтап тұрады.
Розаның сиқыры сол – самалдай соғып сахнаға шыққанда,
құйқылжыған əнiмен ел-жұрттың рухани əлемiн дүр сiлкiн-
дiредi.
1997 жыл