Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К


(Ауыз əдебиетiнiң нобайымен)



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата13.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#4074
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
(Ауыз əдебиетiнiң нобайымен)

Ау-у-у!.. 

Неге үндемейсiңдер? Менi танисыңдар ма? Əлде, «Таны-

майтын перiштеден танитын шайтан артық» деп тұрсыңдар 

ма? Мен не шайтан емес, не сайтан емес, не өгiз, не байтал 

емес – қасқырмын.  Қасқыр  болғанда  қандай  қасқыр?  Ал-

дымнан  сүйреп,  артымнан  итерсең  де  тұра  алмай  тұралап 

жатқан кəрi қасқырмын.

Жатысым  мынау.  Бiр  өгiз  əрi  өтедi,  берi  өтедi.  Соның 

бұтындағы тасы домалап жерге түссе, жеймiн бе деп күтiп 

жатырмын. Жуық арада түсетiн түрi жоқ...


72

Түзу жолмен келе жатқан түйеге: «Əй, түйе!» деп ем, қа-

рамады. Қарамасаң – қарама. Атамнан əрман!

– Түке! – деп ем, қарады. – Түке, айтыңызшы, ауыр жүктi 

арқалап қырға шыққан оңай ма, əлде сайға түскен оңай ма? – 

деп сұрадым. Сонда түйе:

–  Екеуiнiң  де  атасына  нəлет! – деп  қисайып-ап  қисық 

кеттi. Қисайсаң – қисай. Түйенiң түзу жерi қайсы? Мойны 

да қисық, өркешi де қисық, дəретi де қисық – терiс шапты-

рады.  Тiптi  түйеге  деген  адамдардың  көзқарасы  да  қисық. 

Əнебiр жылдары екi миллиондай түйе бар едi, қазiр қаншасы 

қалғанын қайдам?

Қасқыр жылына 850 килə ет жемесе тiсi қышиды. Қасқыр-

дан кейiнгi екiншi орынды қазақтар алады.

Уh,  дүние-ай!  Жатысым  мынау...  Жапан  даладағы  жал-

ғыз  ағаштың  жалғыз  бұтағына  қонақтап  отырған  жалғыз 

қарғаның қасына тағы бiр қарға қонғысы кеп едi, ана қарға 

мына қарғаны қондырмады.

– Əй, сен не, ағашты аяп тұрсың? – дедi Қарға.

– Аяп тұрғам жоқ.

– Əлде қызғанасың ба!

– Қызғанбаймын.

– Əлде мына бұтақ бос емес пе?

– Бос.


– Онда неге қондырмайсың? Қарға тамырлы Қарға емес-

пiз бе?


– Бiздiң ауылдың ағашына басқа ауылдың қарғасын қон-

дырмаймыз.  Жалпы,  қондырмау  қолымнан  кеп  тұрғанда 

қондырмаймын. Ал, қондырмаймын, қайтесiң? Қондырмай-

мын!..


Қара қарға көлдегi аққуға барып «Өмiрде бiрге жүзейiк!» 

дедi.  Аққу  «Сен  қап-қарасың,  қасыңда  қалай  жүрем?» 

дедi.  Қара  қарға  «Мен  де  аққумын!»  дедi. «Қай  жердiң 

аққуысың?»  дедi  көгiлдiр  құс. «Мен  бе? – дедi  қарға, – 

Африканың аққуымын!». Өйттi-бүйттi... Əйтеуiр қара қарға 

аққуды алып, алысқа ұшып кеттi.

Аң-құстардың  ара-жiгi  ашыла  бастағасын...  Күндердiң 

күнiнде Тəңiрiм аң-құстардың патшасы қып Арыстанды та-



73

ғайындады да «Өз орынбасарыңды өзiң таңдап ал!» дедi. Со-

сын «Бюджет бекiгенше талшық ете тұрыңдар!» деп аспан-

нан бiр бұғы, бiр киiк, бiр тауық тастады.

– Ал, мұны қалай жеймiз? – деп аң патшасы ақылдасқан 

болды. Қанша дегенмен қасқыр атым бар емес пе?

– Қалай жейтiн несi бар?! – деп қарғып тұрдым. – Бұғыны 

сiз  жеңiз,  киiктi  мен  жейiн,  тауықты  қалған-құтқан  хайуа-

наттар қорек қылсын.

Бұл пiкiрiм Арыстанға ұнамады бiлем:

– Тағы кiмде қандай ұсыныс бар? – дедi. Қайдан шыққа-

нын қайдам, мына жақтан қу түлкi қутыңдап:

– О, патшам! – дедi. – О, дүрдиiп тұрған дүр патшам, сұ-

рыңнан айналайын сұр патшам! «Ас – адамның арқауы». Бұ-

ғыны завтрак қылыңыз, киiктi обед қылыңыз. Тауықтың етi 

асқазаныңызға жұмсақ болады, кешке ужин қылыңыз. Бiзге 

сiзден қалған сүйек-саяқ та жетедi.

Аң патшасы Арыстан түрiң құрғыр түлкiнi өзiне бiрден 

«первый зам» қып алды. Сол күннен бастап мен аң патшасы 

Арекеңе оппозициямын. Егер менi қоқитып орынбасар қып 

алғанда ғой... Онда мен оппозицияға кетiп, айдалаға қарап 

ұлымас едiм.

Өзiнен көрсiн. Ау-у-у!..

Айтпақшы,  есек  те  пiкiр  бiлдiрген  едi. «Оу,  Ареке!  Бiз 

сiздiң артыңызда қалған арам шөптi жесек те арам қатпай-

мыз!» деп жылымық сөйлеген жынды есектi өсiрiп жiбердi. 

Биiк төбенiң басында отыр екен. Жоқ, отырған жоқ, ауырып 

жатыр екен. Қасына бардым.

– А-а-а-ай, саған не керек? – дедi есек ақырып.

– Маған сенiң орның керек.

– Бұнда неғып тұрсың?

– Ажалыңды тосып тұрмын. 

– Аң патшасы Арыстаным аман болса, мен сəрсенбiге де-

йiн өлмеймiн.

– Ə, нешауа! – дедiм. – Жұмаға дейiн қолым бос, күте тұрам...

Есебiн  тауып  есектi  де  жарып  тастадым.  Ендi  жатысым 

мынау...  Маймылдар  ағаштан  ағашқа  секiрiп,  шегiрткелер 

шырылдап, сауысқандар шықылықтап, əбден миым ашыды.



74

Қызық көп жер мен көктiң арасында,

Бiреу – бай, бiреу жарлы дүниясында.

Құдайым сауысқанға бақыт берсе,

Самұрық қызмет етер саясында!

Сүйек кемiрiп жатқан күзетшi итке:

– Ит-ау, сүйегiңнiң сүйек сияғы жоқ қой! – деп ем:

– Майлы жiлiк мүжимiн деп осы сүйегiмнен айырылып 

қалармын! – дедi. «Кел, ауыз ти!» демедi. Əй, ит екен.

Түлкi кездестi. Қанша дегенмен первый зам ғой.

–  Түке! – дедiм. – Сiз  осы  тазыдан  қашып  құтылудың 

қанша əдiсiн бiлесiз?

– Жүзден астам əдiсiн бiлем, – дедi түлкi. – Ең жақсысы – 

со пəлеге жолықпау ғой.



  

№32


Ж±МА С¦ЛЕМ

Қарға келіп қарқ етіп,

Қалқып ішіп – ол кетті.

Көбелек кеп күмп етіп,

Көлкіп ішіп – ол кетті.

Сауысқан кеп саңқ етіп,

Сарқып ішіп – ол кетті.

                     (Ауыз əдебиетінен)

Есейген ұлы əкесінен:

– Папа, – депті, – филиал деген не?

– Бала кезіңде отырған горшок есіңде ме?

– Иə, иə...

– Ендеше былай: сол горшок біздің үйдегі унитаздың фи-

лиалы.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

75

Қарқылдаса бүгінде Қарғаларың,

Қол соғатын қауымға таң қаламын.

Бəйге алатын Сəйгүлік, Арғымақтар

Байбатшаның сүйреді арбаларын.

Көлдің суын көбелек тауысқанда,

«Зам» болып жүр Самұрық Сауысқанға.

«Əй!» дейтұғын əже жоқ,

Əмпейлерің

Жəмпейлердің орнына ауысқанда.

Қырнап жейді қазанды қаспағымен,

Қоса жұтар сиырды баспағымен.

Ым-жымы бір

Ындыны құрығандар

Пойызды да жалмайды «составымен».

Обыр, жемқор обалға қарасын ба,

Бармақ басты, көз қысты – санасында.

Менің елім мешкей боп бара ма осы,

Унитаз бен горшоктың арасында?

№33


Ж±МА С¦ЛЕМ 

«Жақсы сөз – жарым ырыс».

                               (Қазақ мақалы)

«...Қайнар Олжайға «Қазақстан Республикасының еңбек 

сіңірген қайраткері» атағы берілсін.

 (Елбасының өкімі)

Бəйгеге қосқан жүйрігі төртінші боп келген біреу:

– Қап, əттеген-ай! – деп қатты қынжылыпты. – Алдың-

ғы үш ат болмағанда, біздің ат, сөз жоқ, бірінші орын ала-

тын еді.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Бəрі дұрыс, Өмеке, бəрі дұрыс,

Барыс жылы күтіп тұр тағы бір іс.

Жаңа жылда жанымды жадыратып,

Жақсы тілек тілесем – жарым ырыс.

Айхай, өмір, 

Аламан бəйге ме едің,

Құстай ұшсаң – құшағын жайған елің!

Арғымақтай болуды армандай ма,

Тапырақтап шабатын тай, дөненің?!

Шабандозға бұйырар қай несібе,

Əулиедей боламын, əй, несіне?

Қасқа құнан секілді Қайнар Олжай

Елбасының қатысты бəйгесіне.

Топты жарып үйренген жас шағынан,

Бас бəйгені алыпты қасқа құнан.

«Қасқа құнан, шіркін-ай, болмағанда...», –

Деп күйіпті біраз жұрт сасқанынан.

Сөзімізді іспенен дəлелделік,

Сонда сəлем береді əлем келіп.

Алдымызда елу ел болмағанда,

Ең бірінші ел болып қалар ма едік?!


77

№34


Ж±МА С¦ЛЕМ 

Еліміз егемендік алған жылдары бір ағамыз:

– Бар екен де,

Жоқ екен.

Аш екен де,

Тоқ  екен! – деп  ырғайлы  далада  ыңылдап  келе  жатса, 

тұзаққа түскен бейбақ қоян кезігіпті. «Бұ неғылған батпан 

құйрық, айдалада жатқан құйрық?!» деп тірі қоянды үйіне 

əкеледі де:

– Бəйбіше, – дейді қуанып, – бүгін аузымыз аққа тиетін 

болды! Мə, мынаның терісін сыпыр да, ыстық сорпа жаса!

Əйелі:

– Тұз жоқ! – дейді.

– Ендеше қуыр.

– Май жоқ!

– Енді қайттік?

– Онда қоянды қорламай қоя берейік.

Бостандық алған боз қоян:

– Тəуелсіз Республика жасасын! – деп зыта жөнеліпті.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

«Қайната бер қара су күнде мейлі,

Кекірте ме бір қоян кіл кедейді?»

Деп сұрап ем көктегі көкелерден,

Аузын буған өгіздей үндемейді.

Мафияны жабылып жоя алмады,

Жоямын деп қоймайтын ноян ба əлгі?

Жинап алған секілді жоғарыға

«Жасасын!» деп қашатын қояндарды.


78

№35


Ж±МА С¦ЛЕМ

Ескендір Зұлхарнайын Парсының патшасын қонаққа ша-

қырыпты да, аспазына:

– Сенің пісірген тамағың Парсының патшасын таңғал-

дыру керек! – деп тапсырма беріпті. 

Аспаздың  дайындаған  асына  қонақ  түгіл  Ескендір  Зұл-

харнайынның өзі аузын ашып, көзін жұмып таңырқапты. Ең 

ғажабы сол, дастарқанға қойылған тостаған ішіндегі то-

пырлаған қызыл шаянның бəрі қыбырлап жатыр екен.

–  Мыналарың  піскен  бе? – дейді  Ескендір  Зұлхарнайын 

сенер-сенбесін білмей.

– Иə! – дейді аспаз бас шұлғып.

– Өлген шаян жыбырлай ма? Қалай істедің?

–  Оп-оңай, – дейді  ақылды  аспаз. – Қазанда  қайнаған 

шаяндардың астына жаны бар жалғыз шаянды салып қой-

дым. Сол жыбырласа, бəрі де жыбырлайды.

 

 

 

 

  (Баяғы заманның əфсанасы)

Қанша досым қайнады қара суда,

Тағдыр, бəлкім, жазбады əрі асуға.

Ас болды деп патшаға қанша шаян,

Ағайынның, қайтейін, жаны ашуда.

Бастан өтіп барады баянды шақ,

Жақсылыққа сонда да жаям құшақ.

Өліп қалған өмірді 

Жыбырлатар

Жалғыз тірі үмітім шаян құсап.



79

№36


Ж±МА С¦ЛЕМ 

Дəрігер бір кісіден:

– Сіз түс көргенде тісіңізді қайрайсыз ба?  – деп сұрапты.

– Жоқ!

– Шын айтасыз ба?

– Əрине!

– Шырт ұйқыда жатып оны қайдан білесіз?

– Қарағым-ау, мен түнде тісімді стақанға салып қоям.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Баласымын қаны бар байрақты елдің,

Сатираның «сартісін» қайрап келдім.

Стақанға салулы

Азу тісі

Біз жақтағы бірталай қайраткердің.

№37

Ж±МА С¦ЛЕМ 



Шекесіне  шеге  қақса  кірмейтін  бір  шенеунік  диссер-

тация  жазды. «Сегізді  екіге  бөлсең  төрт  болады»  деген 

«жаңалық» ашып, «кандидат наук» атанды да, көп ұзамай 

докторлық қорғады. Тақырыбы – сол баяғы «Сегізді бөлу». 

Ашқан жаңалығы екеу: 

1. Сегізді көлденеңінен қақ бөлсең, екі «нөл» шығады.

2. Егер сегізді тігінен бөлсең, екі «үш» шығады.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Ілім-білімін атақ, мансапқа арнаған адам алтын қасық-

пен нəжіс жегенмен бірдей.

(Қасиетті хадис)

Шенеуніктер несіне жан қинапты?

Атақ қуып, ғылымды аңди қапты.


80

Əл-Фараби ашса да көп жаңалық,

Қорғаған жоқ ол бірақ кандидатты.

Бөкейханов бітірген көп тірлікті,

Көсемсөзден көреміз өткірлікті.

Атақ үшін алысса «Алашым!» деп,

Көздеген жоқ ол неге докторлықты?

Мынау күліп қараса, анау күліп,

Ғалымсымақ жандарда бар-ау былық?

Қайран ғылым,

Қашты ма қасиетің

Жыртығына мансапты жамау қылып?..



81

№38


Ж±МА С¦ЛЕМ 

Бірде «Запорожец»  «Мерседеске» мақтаныпты. Не деп?

–  Бе-бе-еп!  Сигналым  күшті.  Моторым  мықты.  Көле-

мі 1197 куб.см., 42 аттың күші бар, сағатына 120 км жыл-

дамдықпен құстай ұшамын!..

Сонда «Мерседес»:

–  Слушай, «Запор»,  бұл  достижение  емес! – депті. – 

Менің  двигателімнің  объемы 5789 куб.см.,  мощность 367 

лошадиных сил, ты знаешь... менде 12 цилиндр бар. Макси-

мальная  скорость 250 км/час.  Так  что  засунь  свой  мотор 

знаешь куда...? Артыңа тығып қой. 

Лəм-мим демей, міне, содан бері «Запорождың» моторы 

артында екен.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Орыс тілін теңесем «Мерседеске»,

Түсіреді шүлдірлек кеңсені еске.

«Ана тілім «Запорож» сияқты» деп,

Айта қалсам, ағайын, ерсі емес пе?!

№39


Ж±МА С¦ЛЕМ

Бірінші көрініс.

Əзəзіл Пері бір бүкірден «Бүгін сейсенбі ме?» деп сұраса

ол бейбақ жұма екенін біле тұра «Иə, сейсенбі, сейсенбі...» 

деп  жалбақтапты.  Не  десе  де  құрақ  ұшып,  құлдық  ұрып 

тұрған ыңғайлы пенденің ығына жығылғанына риза болған 

Əзəзіл оның бүкірін жазып жібереді. 

Екінші көрініс.

Ну орманның ішінде Əзəзіл Пері:

– Бүгін сейсенбі! Бүгін сейсенбі! – деп айғайлайды. Оны 

естіген бір жігіт:

– Бүгін сейсенбі емес, жұма ғой, – деп түзетіпті. 

–  Жо-жоқ,  бүгін  сейсенбі! – деп  Əзəзіл  де  айтқанынан 

қайтпайды. 

– Бүгін – жұма! Сіз жаңылысып тұрсыз!

Өтірік болса да өзін қостамаған əлгі жігітті Əзəзіл əп-

сəтте бүкір қылып жібереді. 

(Драматург Туфан Минуллиннің «Достар жиналған жер-

де» пьесасының желісі бойынша)

Саясат та сайтанның ойыны ма,

Мініп алған қоғамның мойынына.

Жел жағынан жүрем деп,

Қанша шындық

Əзəзілдің жығылды сойылына.

Жезге балап алтын мен күмістерді,

Шындық өлсе, шуламай тыныш көмді.

... Леп белгідей қақиған ақиқатым,

Сұрау белгі секілді «құныс» болды.



83

№40


Ж±МА С¦ЛЕМ 

Қалтасы қалың «жаңа қазақ»:

– Бір миллионда қанша «нөл» бар? – деп сұрапты. 

– Алты «нөл», – десе:

– Айттым ғой, алты «нөл» болады, – деп қатты қуанып-

ты. – Мен білем, бір миллионда – алты «нөл», ал екі мил-

лионда он екі «нөл» болады!..

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Көргенімнен көп екен көрмегенім,

Онша жақсы сан емес «нөл» дегенің.

Ата салтың «нөл» болса,

Қайнағадан 

Бұрынырақ шығады төрге келін. 

«Нөлдер» үшін өмірдің қызығы не,

Ілінбесе байлардың тізіміне. 

100 доллардың «1» саны – жалғыз саусақ,

Ал, екі «00» ұқсайды жүзігіне. 

«Нөлге» «нөлді» қосқанда «нөл» болады,

Сан қойсаңыз алдына мол болады.

Бір миллион соңында тұрған «нөлдер» – 

Аумай қалған машина доңғалағы. 

Садақасын қимайтын сыйлы қартқа,

Байдың көбі сауна мен бильярдта.

Түрің құрғыр түрмеде

Шылдырлаған

Шынжырларың ұқсайды миллиардқа.


84

№41


Ж±МА С¦ЛЕМ

Аты ащы ішектей шұбатылған «бірдеңе-бірдеңе» деген 

өндірістік  мекеме  жұмысқа  тұрғысы  келгендерді  алдын 

ала ауызша сынақтан өткізеді екен. 

– Екі жердегі екі қанша? – дейді əуелгі келгенге.

– Үш.

– Дұрыс емес.

– Бес. 

– Дұрыс емес. 

– Алты.

– Дұрыс емес. Əйтсе де ізденгіштігің, əсіресе айналысқан 

ісінің  ақырына  жетпей  тынбайтын  қайсарлығың  бізге 

ұнады, бала. Сені жұмысқа аламыз. 

– Екі жердегі екі қанша? – дейді одан кейінгіге. 

– Үш. 

– Дұрыс емес. 

– Үш. 

– Дұрыс емес.

– Жо-оқ, үш!

–  Дұрыс  емес.  Бірақ  айтқанынан  қайтпайтын  «прин-

ципиальный характерің» үшін сені жұмысқа қабылдаймыз. 

– Екі жердегі екі қанша? – дейді үшінші үміткерге де сол 

сұрағын қайталап. 

– Төрт. 

–  Дұрыс!  Өкінішке  қарай,  саған  бізде  орын  жоқ.  Кеше 

ғана екі маманды қабылдап қойдық. 

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)

Сол кадр жұмсаған боп соңғы күшін,

Тірлікке тигізбейді қолдың ұшын.

Қол ұшы тимегесін сұлап жатыр

Құлаған етбетінен өндірісім.


85

№42


Ж±МА С¦ЛЕМ

Ғалым жігіт ұстазына келіп, түнде бір ұлықтың үйінде 

қонақта болғанын, жаны қалмай жақсылап күткенін баян-

дайды да:

– Бірақ қатты қапа болып қайттым, – дейді.

– Е, неге?

– Ол сыртыңыздан сізді жамандап, ғайбат сөздер айт-

ты.

Сонда ұстазы шəкіртінің қолына алтын ұстатып:

–  Мə,  мынаны  сол  кісіге  апарып  бер! – дейді. – біреуді 

сыртынан  ғайбаттаған  кісі  көп  кінəні  өзіне  артады.  Ол 

өзінің сауабын маған жазғанын білмепті-ау, ə? Маған жа-

саған  жақсылығын  алтынға  айырбастап  ала  алмаймын, 

менің атымнан оған рақмет айт!

Ал, саған қайран қалып тұрғаным: тамақ сыйған ішіңе 

бір ауыз сөз неге сыймады? Бұдан былай біреудің сөзін біре-

уге жеткізбе, айналайын. 

Сөз төрт түрлі болады: 

1. Білуге де, айтуға да қажетті сөз.

2. Білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөз.

3. Білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөз.

4. Білу керек, бірақ айтуға болмайтын сөз.

 

 

 

 

 

      (Ғибратты хикая)

Жамандады баз біреу министрді,

«Адам ба?» деп шекесін тырыстырды.

Біреулерді біреуге айдап салып,

Енді біреу біреуді ұрыстырды.

Өсектеді бір ақын ірі ақынды,

Ірі ақын да салып жүр сұрапылды.

«Екеуінің енесін ұрайын!» деп,

Енді біреу тастады бір атомды.


86

Тілім қышып барады сірə, менің,

Сөйлейін деп рұқсат сұрап едім...

Айтқым кеп тұр бір сөзді,

Əттеген-ай, 

Айтуға болмайтын сөз бірақ оным.

№43

Ж±МА С¦ЛЕМ



«Жар таңдайтын кезде, оның ораза тұтып, намаз оқи-

тынына  алданып  қалмаңдар.  Иманын  тексеріңдер»  деген 

хадисті  көңіліне  тоқыған  патшаның    баласы  үйлену  үшін 

маңдайын сəждеге тигізген 100 қызды сынаса керек. Қалай? 

Бəрін теңіздің жағасына шақырыпты да, əрқайсысына бір-

бір алтыннан үлестіріпті. Сосын: 

– Енді осы алтынды теңізге лақтырыңдар! – депті. Əр 

қыз  əртүрлі  ойлайды.  Көбісі  «Алтынды  суға  лақтырғаны 

несі?» деп іркіліп қалса, енді бір сыпырасы қымбат дүниені 

қимай-қимай ойланыңқырап барып тастапты. Тек жалғыз 

қыз ғана естіген заматында алақанындағы алтынды теңіз-

ге лақтырып жіберіпті.

Еркектің сөзін екі етпеген сол қызды жар болуға лайық 

деп таңдапты. 

        

 

 

 

      (Ғибратты хикая)

«Таумын!» дейсің, тұрсаң да етекте сен,

Жетекке де жүрмейсің жетектесем.

Жүз алтынды берер ем бір өзіңе,

Ердің сөзін,

Ей, жаным,екі етпесең.



87

№44


Ж±МА С¦ЛЕМ

Менің кемшіліктерімді кім көрсетсе, сол – менің ең сүйік-

ті адамым. 

(Мұхаммед  (с.ғ.с)  Пайғамбармыздың  сүйікті  сахабала-

рының бірі халифа Омардың айтқаны)

«Ұлтыңның болмасаң да ұйытқысы,

Билікте отырсың-ау, биік кісі!»

Деп біраз кемшілігін бетке бассам,

Мен оның бола алам ба сүйіктісі?

№45


Ж±МА С¦ЛЕМ

Адам үш түрлі болады: 

1. Біледі жəне білген сайын білгісі келеді. Бұлар ғалымдар 

тобына жатады: айтқанына құлақ түріп, ықыласпен тың-

дау керек.

2. Біледі, біле тұра білмеймін дейді. Бұлар зұлымдар: сақ 

болған жөн.

3.  Білмейді,  білгеннің  тілін  алмайды.  Олар  ессіз  надан-

дар: аулақ жүрген абзал.

 

 

 

 

         (Бабалардан қалған сөз)

Бар мен жоқтың арасы бір-ақ адым,

Мен көрдім Академия

1

 құлағанын.



Зұлымдар мен надандар басқа шығар,

Ақ ордасы болмаса ғұламаның.

1

 Академия – ҚР Ғылым Академиясы.



88

№46


Ж±МА С¦ЛЕМ

Мұхаммед  (с.ғ.с.)  Пайғамбарымыздың  сүйікті  сахаба-

ларының  бірі  халифа  Омар  жыламсырап  келген  баласын 

жұбатып:

– Не болды, қарағым? – дейді. 

– Балалар мазақтады.

– Неге?

– Шалбарың жыртық деп күлді.

Бажайлап  қараса,  баласының  шалбары  шынында  да 

шұрқ тесік екен. Бас есепшісінен келесі айдың айлығын жа-

зып беруін сұрайды. 

– О, халифа Омар! – дейді бас есепшісі. – Біз Сізді сый-

лаймыз. Құрметтейміз. Үлгі тұтамыз. Бірақ Сіз келесі айға 

дейін дін-аман болатыныңызға кепілдік бере аласыз ба?  

Сонда халифа Омар баласына күлімсірей қарап: 

– Қалқам, бір ай шыдай тұр! – деген екен.

 

 

 

 

 

    (Ғибаратты хикая)

Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,

Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».

Көбейтеміз айлықты келесі жыл,

Шалбар жыртық болса да шыдаңыздар.

Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,

Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».

Ана тілін он жылда меңгереміз,

Шүлдірлеген дөкейге шыдаңыздар.

Қамдарыңды ойлайтын мына біз бар,

Дейсіңдер ме «Сөзіңе шүбəміз бар?».

Сыбайластың береміз сыбағасын,

Он-он бес жыл оған да шыдаңыздар.


Ақ қағазға қол қойып қаламұшпен,

Айналысқан боламыз халал іспен.

«Сайтан ғана үмітсіз»,

Ал, өзіміз

Өмір сүріп келеміз «аванспен».


90

№47


Ж±МА С¦ЛЕМ

Көшеде жыламсырап тұрған баладан бір кісі:

– Не болды, қарағым? –  деп сұраса, қарадомалақ неме:

– Мамам 70 теңге беріп еді, жоғалтып алдым, – дейді.

– Қой, соған да жылайсың ба? – деп əлгі кісі  қалтасынан 

суырып 70 теңге ұсынса, балақай одан сайын бақырып жы-

лапты.

– Өй, мұның не?

–  Мамамның 70 теңгесін  жоғалтпасам  ғой,  менде 140 

теңге болатын еді, – деп ботадай боздапты.

 

 

 

 

(Қазіргі заманның қалжыңы)     

Сол баладай мен кеше жылап тұрдым.

– Не болды? – деп, о, Тағдыр, құлақ түрдің.

– Əйелімді жоғалтып алдым! – деп ем, 

Тоқал беріп көзімді шырақ қылдың.

Еңіредім бе, білмеймін, бақырдым ба,

Одан сайын боздадам,  «Аһ» ұрдым да.

– Аз ба саған бір тоқал? – деді Тағдыр, –

Алла сені ескеріп жатыр мұнда.

Тағдырыма қараймын таң қалам да,

Сыйлағасын сұлуды паң болам ба?

Бір өзімде  екі əйел болар еді-ау,

Бəйбішемнен ажырап қалмағанда.


91

№48


Ж±МА С¦ЛЕМ

Жұмыртқаны жаңа ғана жарып шыққан сары ауыз ба-

лапан  көзіне  түскен  бірінші  шіркейді  жеп  қойды. «Дəнік-

кеннен құныққан жаман», жылы ұясынан жылжып, мойы-

нын əрірек созып еді, қарсы алдында қара мысық  тұр екен. 

Мысық мұны «ап» деп «ашап» қойды.

... Бірін-бірі жеп жүрген дүние!

 

 

 

 

 (Қазіргі заманның əфсəнасы)

Ұйымдасқан қылмысың – сірескен мұз,

Сең бұза алмай сес қылып, тірескенбіз.

Сыбайласқан жемқормен сыбайласып,

Көбісімен көз қысып, күрескенбіз.

«Күресейік солармен!» деп қоямыз,

Бастық етіп біреуді «шеф» қоямыз.

Сөйтеміз де сөмкенің аузын ашып,

Қазынаның қаржысын жеп қоямыз.

Тесік ауыз болғасын, тек тұрмайды,

Тойып біткен жерінде «шеф» тұрмайды.

Желкесінен жегенін шығарам деп,

Түбін қазсаң түтігіп, бет тырнайды.

Бесенеден бек болып бел астың да,

Алпауытпен тез ауыз жаластың ба?

Өз ойыңның өлшемін таразылап:

– Жемейтіндер, – дейсің бе, – жер астында?!


92

№49


Ж±МА С¦ЛЕМ

Көше  шетіндегі  ығы-жығы  халықты  көрген  Саймасай 

деген журналист жігіт арғы беттен қарғып өтіп, соларға 

қосылды.  Мойынын  созып,  ортаға  қарай  ентелеп  жатқан 

адамдардан:

– Не болды? – деп сұрады.

– Машина қағып кетіпті. Дорожная правиланы білмей-

ді ғой, ақымақ! — деп мысқылдады біреу.

Əйтеуір орайын тауып, ортаға жетуді ойлаған Сайма-

сай:

– Қане, былай тұрыңдар! Маған жол беріңдер! – деді да-

уыстап.

– Сіз кім боласыз?

– Мен бе? Мына марқұмның бауырымын.

– Жақсы танисыз ба? – деді əлгі кісі мұртынан күліп.

–  Танығаның  не?  Жерлеспіз.  Екеуміз  бір  ауылданбыз! – 

деп өтірікті соғып жіберді.

Екіге жарылған ел-жұрттың арасынан ебін тауып ор-

таға барса... Масқара-ай! Есек өліп жатыр екен.

 

 

 

 

     (Əзіл-шыны аралас əңгіме) 

Ойқастаған өмірдің бəрі де ойын,

Қойшысына сенеді кəрі қойың.

Абыройсыз шыбышың арқа тұтар,

Ай мүйізді текенің абыройын.

Қара суың көл болды сайға барып,

Аквариумда жүзіп жүр майда балық.

Есектерің ертерек қашыр болды,

Абыройын айғырдың пайдаланып.

Алаяқтың сөзіне нанасың көп,

Айта алмайсың алайда «Бəлесің!» деп.

Танымайтын дөкейге ие болып,

Мақтанады сыртынан нағашым деп.


93

№50


Ж±МА С¦ЛЕМ

Сонау 1988 жылдың көктемінде ауылға барсам, есік ал-

дындағы ескі үйді өзбектер тері тон тігетін цехқа айнал-

дырыпты. Жалға емес, пайдалануға  тегін берілген қоржын 

тамның өтемін ойлады ма, əлде əкемнің көңілінен шыққысы 

келді ме, əйтеуір екі өзбек елбелектеп маған тері тон сый-

лады. Киіп көрсем, тарлау екен.

– Бұдан сəл-пəл кеңдеу болса ғой, – деп  қара тонды өзде-

ріне қайырып ем:

– Бұйырғаны осы шығар, балам. Қолдарын қайтарма! – 

деді əкем. 

– Бопты, көке. Сізге шақтап тон тігіп қоямыз, – деп өз-

бектер тонды алып қалды.

Сол  жылы  күзде  оралсам,  өзбектер  Тəшкентіне  кетіп 

қалыпты. 

... Тар тонға да зар боп қалдым.

 

 

 

 

 

 

(Болған оқиға) 

2008 жылдың ерте көктемінде Парижде ақындар айты-

сы өтетін боп, жолға дайындалдық. Ертең ұшамыз деген 

күні Өмірзақ Сəрсенов ағам:

–  Мен  ол  жаққа  Мəскеу  арқылы  барамын.  Бір  шұғыл 

шаруам  шығып  қалды.  Арттарыңнан  жетемін, – деді  де, 

маған қарап сөзін əрі  қарай сабақтады.  – Əй, Көпен, мен 

саған жол қаражат берейінші.

Қойынына қолын салмай жатып:

– Кəшөлөгімде бірдеңе қалды ма екен өзі? – деп ақшасы 

аз  екендігінен  хабардар  етті.  Былғары  əмиянының  түбін 

қағып, 900 АҚШ долларын ұсынды. Іштей азсындым да:

– Өмеке, көкемнің «көк қағазын» Парижде алу мен үшін 

салтанат! Францияға барғанда берерсіз, – деп сыпайылап, 

сырғақтадым.  Өмекең сəл жымиды да, бір əңгіменің шетін 

шығарды. 

– Бала күнімде бір кісі «Велосипед сатып ал» деп тұтас 

100 сом ақша ұстатты. Пілдің құлағындай үлкен ақшаны 

94

бірінші  рет  көруім.  Қуанғанымнан  құлдыраңдап  ауылдағы 

магазинге жүгіріп барып ем, велосипедке əлгі ақша жетпей 

қалды. Сол сəтте Лəтипа деген апай:

– Əй, неғып тұрсың? – деді. Велосипед алуға ақшамның 

жетпей қалғанын айтып ем:

–  Маған  бер,  жоғалтып  аласың, – деді  Лəтипа  апай. – 

Мен үстіне ақша қосып, саған велосипедті өзім əперем.

Баламын  ғой,  имандай  сеніп  бере  салдым.  Осы  күнге 

дейін не велосипед жоқ, не 100 сом жоқ. Со құсап жүрме 

сен! – деп əңгімесін əзілге бұрып аяқтады. 

Мəссаған! Өмекең Парижге бармай қалды. Қап, əттеген-

ай! Қара тоннан сабақ алғанымда, қарап тұрып 900  дол-

лардан да қағылмайтын ем ғой.

 

 

 

 

 

 

(Болған оқиға) 

«Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар»

 

 

 

 

(Халық мақалы)

Ой бомбасын жарайын – дүрсілдесін,

Қанағатсыз сүйрейді құр сүлдесін.

Қызыл түлкі – дүние,

Біз – тазымыз,

Сезесің бе осыны, Жүрсін досым?

Ой бомбасын жарайын – дүрсілдесін,

Қанағатсыз сүйрейді құр сүлдесін.

Іздеймін деп апыр-ай, іңгеніңді,

Мінгеніңнен айрылдың, Жүрсін досым.

Көңіліне ешкімнің кір сіңбесін,

Тығырыққа тіреліп, күрсінбесін.

Дағдарыстан Өмекең шыққан күні

Дайындай бер сүйінші, Жүрсін досым!..



95

№51


Ж±МА С¦ЛЕМ

«Дүние – мүминнің абағы, кəпірдің жəннаты»

 

 

 

       (Имам Мүслим жеткізген хадис)

Ептесеміз, біреумен септесеміз,

Шындықпенен біз қалай беттесеміз?

Бала-шаға қасыңда бас аман боп,

Айтасыз ба тəубаны ет жесеңіз?

Бірлік түбі білгенге — бітімшілік,

Ошағынан тұратын түтін шығып.

Езу майлар ет болмай қалған сəтте

Етесіз бе құр шайға шүкіршілік?

Күн кешсең де жыртықты бүтіндеумен,

Шүкір!

Шүкір!


Бас аман, бүкіл кеудең.

Қанағатшыл қазақтай ел жоқ, сірə,

«Шүкір!» деумен келеміз, «Шүкір!» деумен...

№52


Ж±МА С¦ЛЕМ

   


Фирдоуси  хан  сарайында  ақын  боп  жүрген.  Абыройлы 

болған. Шахтың өзі сыйлаған. Қартайған шағында Шахин 

Шах  Фирдоусиге  «Елдің  тарихы  туралы  поэма  жаз!»  деп 

ұсыныс жасаған. Жай əншейін ұсыныс емес, өлеңнің əрбір 

жолына алтынмен төлеймін деген.

Қысқасы,  не  керек,  екі  жыл  мұрсат  сұрап  жас  ақын 

елге кетеді. Парсылардың қышлағында жатып, алты том-

ды  күндіз-түні  жазып  бітіреді  де  ханға  тапсырады. 

Сарайдағылардың бəрі оқып шығады да, «Дүниеге ұлы шы-

ғарма  келді»  деп  қуанады.  Шах  поэманың  жолын  есепте-

96

се,  екі  қап  алтын    болады.  Бірақ,  қазынада  сонша  алтын 

жоқ  екен.  Шах  амал  ойлап,  екі  қап  алтынның  орнына  екі 

қап  күміс  жібереді.  Фирдоуси  моншаға  түсіп  жатыр 

екен,  қаптың  ауызын  сөксе,  алтын  емес – күміс.  Шахқа 

қатты ренжиді де, екі қап күмісті монша иесіне бере са-

лады.  Шабарман  бəрін  айтып  келеді.  Қартайған  шахтың 

мұрагері 14-15 жасар  бала  үнемі  қасында  отырады  екен. 

Фирдоусидің  қапаланғанын  естіген  жас  мұрагер  жерге 

кіре  жаздайды.  Бес-алты  айдан  соң  шах  қайтыс  болып, 

таққа отырған жас мұрагер бала уəзірлеріне «Жерден қаз-

саңдар  да  екі  қап  алтын  табыңдар!»  деп  нұсқау  береді. 

Екі  қап  алтынды  есекке  артып,  Фирдоусидің  үйіне  əкеле 

жатса... Қызықты қараңыз, қарсы алдынан қайтыс болған 

Фирдоусидің сүйегін молаға қарай əкеле жатқан  жұртты 

көреді.

Осы оқиға өмірі есімнен кетпейді. Алтыны түскір ақынға  

да бұйырмай, айдалада қалған жоқ па?

 

 

 

(Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ айтқан əфсана)

Көңілімде көптен жүрген түйткіл еді,

Ойпыр-ай, өмір неге сүйттіреді?

Алтын артқан керуеннің

Айтшы неге,

Алдында есек, артында ит жүреді?

 

 

 

 

(Оразақын Асқар)

Алтын түгіл алмаған күмісін де,

Бүгіп қалған қаншама сыр ішінде.

Қайран Қасым, 

Шəмші мен Мұқағали

Фирдоусидей күн кешкен тірісінде.

«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» 

Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.

Керегін ап, кебегін тастайтұғын

Шодиевтің қай ісі Шахқа лайық?



«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» 

Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.

Жер телімін жекелеп Терещенко

Іс істеді дейсің бе Шахқа лайық?

«Қандай жолмен кетті екен қатты байып?» 

Деп сыртынан тақпашы əккіге айып.

Есек құрты мұрнынан түсіп жүрген

Машкевичтің қай ісі Шахқа лайық?

– Бұл өмірдің айырып ақ, қарасын,

Қайғырасың, ал бірде шаттанасың.

Қышлақта қысылып бір жыл бойы

Жазып біттім Қожаның «Шахнамасын»,-

Деп өзімше бəлсінсем қыздан əрі,

Ыза болып Періштем сызданады:

– Жақсылығын айтпаса жұртқа істеген

Жауһар жанның артынан із қалады.

«Жаздым, – дейсің, – Қожаның «Шахнамасын»,

Неменеңе жетісіп мақтанасың?

Мақтан мейлі, мақтанба, 

Ахиретке 

Алланың құлы болып аттанасың...


98

№53


Ж±МА С¦ЛЕМ

«Ертеде бір қарияның екі ұлы болыпты. Кенже баласы 

шөп басын сындырмайды екен. «Шіркін, менің салтанатты 

сарайым болса...  Ай десе аузы, күн десе көзі бар  сұлу қызға 

үйленсем... Үйір-үйір жылқым, қора-қора қойым жайлауда 

жүрсе...» деп азаннан кешке дейін армандап, үйінен шықпай 

жата  береді  екен.  Кемпір-шал  «Баламыздың  мақсат-мұ-

раты жаман емес» деп сырттай масаттанады. Ал, үлкен 

ұлы  таңның  атысы,  күннің  батысы  тыным  таппай  күн-

делікті күйбең тірлікпен айналысып жүре береді.

Бір  күні  жата-жата  жамбасы  тесілген  жалқау  ұлы 

далаға  шықса,  айналаның  бəрі  жайнап  тұрғанын  көреді. 

Тақыр жер тамаша өлкеге айналғанына таң қалады да: 

– Мына зəулім үй кімдікі? – деп сұрайды ағасынан.

– Менікі, – деді ол. 

– Ойпырмай, бір қасық сумен қылқ еткізіп жұтып қоя-

тындай мына сұлу келіншек кім? 

– Менің əйелім. 

– Мына қара домалақтар кімнің баласы?

– Менің...

– Мына мыңғырған малдар кімдікі?

– Менікі.

– Мұның бəрін қай кезде үлгердің?

– Сен армандап жатқанда».

Порфирий Ивановтың осы бір əпсанасын естігенде ойы-

ма    Астана  қаласы  оралды. «Құрғақ  қиял  қол  байлайды» 

дейді ғой. Анда-санда армандап қойып қол қусырып жата 

бергенде Астанадай жұмақ шаhар бой көтерер ме еді?

Астана – елдігіміздің белгісіндей ескерткіш секілді ерек-

ше қала. 

Астана – «Қыбырлаған  қыр  асады»  деген  бабамыздың 

өсиетін дəлелдейтін дəуірлі қала. 

Астана – мемлекетіміздің айдарлылығы мен айбарлылы-

ғын паш ететін Жер шарындағы монумент шаhар. 

99

Жақында Махмұт Қасымбековтің «Жан жадыратар жа-

сын сөз» атты  мақаласын баспасөз бетінен оқыдым. Үзінді 

келтірейін: «Іргелі  көршіміз  Түркіменстанның  астанасы 

Ашғабад қаласы осы елдің тұңғыш Президенті Сапармұрат 

Ниязов марқұмның тұсында қатты өзгеріп, жайнап кеткені 

белгілі. Қаладағы жұртшылықтың назарын ерекше аудара-

тын сəулет құрылыстарының бірі − оның зəулім үйлері мен 

жүздеген су бұрқақтарының ортасына, биіктігі 70 метр-

лік  тұғырдың  үстіне  орнатылған  Түркіменбашының  биік-

тігі 14 метрлік  алтынмен  апталған    алып  мүсіні  еді.  Мо-

нумент құрылымының  бір ерекшелігі  Түркіменбасшының 

мүсіні  ұдайы  Күннің  жылжу  бағыты  бойынша  қозғалып, 

айналып  тұрады  екен.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарба-

ев  Түркіменстанға  барған  сапарында  өз  əріптесімен  бірге 

қаланы  аралап жүріп, осы мүсінді  көрген кезде: 

− Сапар, мына жерде сен күнмен бірге қозғалып тұрған 

жоқсың,  осы  жарық  көзінің  өзі  сенің    саусағың  нұсқаған  

бағытпен жылжып тұр ғой деймін, – депті астарлы əзіл-

дей сөйлеп. 

− Нұрсұлтан Əбішұлы, сіз ғой Қазақстанға  көп жақсы-

лық жасадыңыз,  тамаша астана салдыңыз. Халқыңыз неге 

сізге  ескерткіш қоймайды? – депті Сапармұрат Ниязов та 

сөз қарымтасына.  

Нұрсұлтан Əбішұлы оның бұл əзіліне: 

− Баяғыда бір атақты Рим императоры айтқандай, біз-

дерден  кейінгі  ұрпақ: «Бұл  ескерткіш  кімдікі?»  деместен: 

«Осыған  неге  ескерткіш  қойылмаған?»  дегеніне  не  жет-

сін! – деп жауап беріпті».

Айтары жоқ, əдемі уəж. Ескерткіштей шаhарды орнат-

қан Елбасымызға түрік елінде ескерткіш қойылды. 

Ақындардай  арқаланып,  жүрегімнен  жыр  шумақтары 

тамшылады.   

«Күн-көсемді» пір тұтып баяғыдай,

Күнде сəлем бермейміз Кремльге.


100

Тілімізді жұтып ап, 

Тірлік үшін

Ойнамаймыз кəуірдің рөлінде.

Ұлықтаған «Ұлы!» деп көп көсемнің,

Аты түгіл ұмыттық түр-өңін де.

Бодан болмай, 

Босаған белді буып,

«Қазақ елі»

1

  тұғыр боп тұр елімде.



Ел-жұртымның ең үлкен ескерткіші,

Елбасының орнаған жүрегінде.

1

 Астанадағы ескерткіш.



 

101

№54


Ж±МА С¦ЛЕМ

«Бокс − екі қара нəсілдінің бірін-бірі қалай ұрып соққа-

нына ақ нəсілділердің қаумалап қарап тұруы»

 

 

 

 

 

          (Мұхаммед Əлі)

Бабаларым күн кешті соғыспенен,

Кейінгілер көз ашты сөгіспенен.

Соғыспен де пара-пар, 

Сөгіспен де,

Біздің елде басқаша бокс деген.

Обырлар жүр аяғын оқыс басып,

Оларменен келеміз көп ұстасып.

«Жегендерін желкеден шығарам!» деп,

Кейде билік қояды « бокстасып».

Білінбейді жемқордың шаршағаны,

Желпіндіріп жұрт оны қарсы алады.

Түсірмейтін бірін де нокаутқа,

Еһе-е-ей, елім – жемқордың шаршы алаңы.

№55

Ж±МА С¦ЛЕМ



 

«Айтуын Қоңқыш айтса да, ұялуын мен ұялам»

 

 

 

            (Атамның əңгімесінен)

Күлдіруді əйтеуір талап қылып,

Кейбір əртіс сөйлейді балақ түріп.

Анайы сөз аузынан төгілгенде,

Қара жерге кіремін қарап тұрып.


102

№56


Ж±МА С¦ЛЕМ

Бір  жігіт  көл  жағасында  балық  аулап  отырыпты.  Оң 

қолында – қармақ, сол қолында – кірпіш. Өкпе тұсынан өтіп 

бара жатқан бұраңбел келіншек бұрылып кеп: 

− Балық аулап отырып кірпіш ұстағаныңыз не? − деп қы-

зықтаса,ол:

− Қармағымның қанша балық қапқанын білмеймін, бірақ 

мына  кірпішке  түсіп  тұрған  сен  төртінші  келіншексің!  − 

депті.

 

 

 

       (Тұрсын Ахановтың əңгімесінен)

Жасағанда біреулер жарнамасын,

Жағаңды ұстап апыр-ай, таң қаласың.

Кереметке бұрылған келіншектей

Алданасың, 

Немесе арбаласың.

Жасағанда біреулер жарнамасын,

Жағаңды ұстап тағы да таң қаласың.

Күркедей деп алғаның 

Сіркедей боп,

Аузыңды ашып апыр-ай, алданасың..

Ал, інімнің жасасам жарнамасын,

Алымды жан екенін аңғарасың.

Күннен күнге биіктеп келе жатыр,

Қайта-қайта игесін ханға басын.

Өскің келсе несіне дал боласың,

Інімді сап біреуге қарманасың. 

Бара беріп алдына, 

Пара беріп,

Жанын қоймай інімді жалға аласың.



103

Қолында қармағы мен кірпіші бар

Жоғарыда «крыша» бір кісі бар,

Қаппай қалсаң «қармағын»

Қақ маңдайдан

Қайқайтып кеп кірпішпен ұрғысы бар.

№57

Ж±МА С¦ЛЕМ



Балтаның атын естігенде жасыл орманның жаны қал-

мапты. 

−  Ойбай,  балта  деген  бəле  шығыпты!  Қарағайсың  ба, 

қайыңсың ба – қарамайды екен. Шетімізден жаңқалап, бал-

талап шауып келе жатыр. Не істейміз? − деп шуласа, иір 

бұтақты емен:

− Е, мен одан қорықпаймын! − депті.

− Неге? 

− Балтаның басы темір болғанмен, сабы өзіміздің ағаш 

емес пе?

 

 

 

        («Мың бір мысал» жинағымнан)

Мен – балтамын!

Ау, сонда қай балтамын?

Бірі емеспін əншейін жай балтаның.

Қайқы қылыш, 

Шашақты найзаларға

Қарсы шапқан ағаш сап Айбалтамын!

Сайтандармен шайқасып сабым сынды,

Сабым сынды дегенім – сағым сынды.

Екі көзден жас емес, 

Қан сорғалап,

Қара жерге қайтейін қаным сіңді.



104

Сорым ба екен, бұл менің бағым ба екен?

Жасымаймын, жанымды жалынды етем.

Тегі мықты темірден жаралса да,

Барлық күші балтаның сабында екен.

Азаматқа жарасар аттандаса,

«Балтам бар!» деп сен бірақ мақтанба аса.

Айбалтаңыз айбарлы көрінгенмен,

Қалай, қайтіп сермейсің сап болмаса?!

Кейінгіге қалдырған үлгі-тəлім,

«Жұма сəлем» – болашақ жыр кітабым.

Қайыспайтын қара емен 

Беу, Өмеке,

Сап болуға жарай ма бір бұтағың?!



105

№58


Ж±МА С¦ЛЕМ

Күшік асырап ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

                                   (Абай)

Бейшараның қолына қамшы тисе, біреуді сабап тынады.

* * *

Таққұмар бала артымен туады.

* * *

Қарға қарғаның көзін шұқымайды,

Мафия мафияның көзін ойып алады.

 

 

 

 

(Қадыр Мырза-Əлі)

Ағатай, айтайын ба бір əңгіме,

Бір əңгіме болғанда ірі əңгіме.

Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайластық

Бір ұшы тіреліп-ақ тұр əлдіге.

ТЕЛПЕКТIЊ Т¤БЕСI НЕГЕ ОЙЫЌ?

Ұшыратын зəрені,

Ашқұрсақтау əрі елі,

Ертеде бір патшаның

Ерке құсы бар еді.

 

Бақытты екен сол құсы, 



Бағып-қаққан он кісі. 

Жетеуі оның жем берсе, 

Желпіп тұрар соңғысы.

«Самұрықтың алдына 

Жемді түгел салды ма?» 


106

Дейтін екеу

Жетеуін

Бақылайтын аңдыма.



«Жалғыз құсқа жарыдық!» 

Деп күткесін жабылып, 

Бəйтеректің басына 

Ұя салды Самұрық.

Жеті жемқор кеңесті, 

Кеңескенде не десті: 

– Патшамыздың қалайша 

Айдарынан жел есті?

– Рас, қалай жүр байып? 

Біз де бекер тұрмайық. 

– Жұмыртқасын сол құстың 

Ебін тауып ұрлайық

– Кім тұқымды ұрлайды? 

Қолға түссең – бір қайғы. 

Онда патша кісендеп, 

Қол-аяқты шырмайды.

– Жетеуміз де дырдаймыз, 

Бірақ қайтіп ұрлаймыз? 

Ым-жымымыз бір болып. 

Неге ұйым құрмаймыз?

– Байқап қалса былай қаш, 

Өлсең ешкім мұңаймас! –

Деп жасырын топ құрып, 

Сыбырласты сыбайлас.

Бітірейік деп істі, 

Жеті сыбай келісті. 

Телпектері шошайған, 

Сүйір екен ең үсті.



107

Айлакерлер ақылды, 

Амал тауып, қатырды. 

Үшкіл жағын телпектің 

Ішке қарай батырды.

Сай телпегің – қияда, 

Салса тұқым сыя ма? 

Ұңғыл телпек ойығы 

Ұқсап қалды ұяға.

Аздырмақ боп асылды, 

Айлаларын асырды.

Сол ойыққа Қарғаның 

Жұмыртқасын жасырды.

Бар қулықты меңгеріп, 

Тұрды алтауы жерде нық. 

Барған болды əдейі 

Жетіншісі жем беріп.

Ішке бүгіп бармағын. 

Өлшеп-пішті əр қамын. 

Ауыстырып сап қойды 

Жұмыртқасын Қарғаның.

Самұрығың масқара,

Мазақ болды басқаға.

Жұмыртқадан бір күні

Қарға шықты тас қара.

Жарып шығып жас Қарға

Шырт түкірді acпaнғa.

Билік қолға тигесін,

Бір пəлені бастар ма?

Үйретем деп бүргенді,

Самұрықтай түрге енді.


108

Байыз таппай құйрығы,

Əр бұтаққа бір қонды.

 

«Бет қаратпас беттімін, 



Желден қатты екпінім. 

Сайлы бабам – Самұрық, 

Тұяғымын тектінің!»

Деп шіреніп бұл тіпті 

Құстың бəрін үркітті. 

Бəйтерекке қондырмай 

Қуалады Бүркітті.

Лашын, 


         Сұңқар

                   Қырғиға 

Тыңшы қойды ылғи да. 

Биік самғап ұша алмай, 

Бəрі түсті ылдиға.

Бұлбұлың да тұншықты,

Кімдер қалып, кім шықты?

Топтастырды маңына

Торғай менен шымшықты.

* * *


Жеті телпек кеңесті,

Кеңескенде не десті?

– Көзін құртып Қарғаның,

Жегізейік жеместі.

– Шығарады есіңді,

Тыңдамайды не сынды.

Бəйтеректің басында

Қарқылдайды.

Несі үлгі?!


109

– Қарсы шығып қайқайып,

Миын оның шайқайық.

Самұрыққа жамандап,

Арамдығын айтайық.

* * *


– О, Самұрық, Самұрық,

Ісіңіздің бəрі нық.

Ұлғайса да жасыңыз,

Келген жоқ қой кəрілік.

– О, Самұрық, Самұрық, 

Ісіңіздің бəрі нық.

Қуанамыз сол үшін

Жүрегіміз жарылып!

– Қарау Қарға «Байқа!» деп,

Бұтағына қайта кеп,

Енді сізге сес қып жүр

Менікі деп Бəйтерек! –

Деп жетеуі көсілді,

«Адалмыз!» деп төс ұрды.

Жел сөзіне сенгесін

Жетеуін де өсірді.

– Маған қарсы Қарғасың,

Қалай биік барғасың? –

Деп Самұрық дігерлеп,

Қиғылықты салғасын...

Кетем бе деп шатылып,

Апыл-ғұпыл қапылып,

Алды-артына қарамай

Қашты қарға «Аһ» ұрып.



110

Қарғамен де кетісті,

Самұрыққа не түсті?

«Қырғиқабақ қылдық!» деп,

Жеті телпек жетісті.

* * *


Байқадың ба пайымды байтақ елім?

Көзтүрткіні көбірек айтар едім...

Сая болып тұр ма екен Самұрыққа

Жеті телпек жем қылған Бəйтерегім?!

 

№59


Ж±МА С¦ЛЕМ

Осы бір «ъ» əріп тыңшыдан аумайды. Тіміскілеген немені 

кейбір жағдайларда керек демесеңіз, тіпті айналып өтуге 

де болады. Бірақ оның мұрнын тықпайтын жері жоқ.

 

 

 

 

 

 

 (А.С Пушкин)

Түсіндірме: Пушкин заманында «ъ» əрпін көптеген орыс 

сөздерінің соңына тіркеп қою сəн болған. 

Осы əріптің ерекше есімі жоқ,

Кірмейтұғын əйтсе де тесігі жоқ.

Орысша аты – «Твердый знактың»

Аузының салымы бар, несібі көп.

Таразылап тарихым пысықтарды,

Пайдасы жоқ əріпті қысып та алды.

«Санктъ-Петербург» сапында болып еді,

Орын таппай ол жерден түсіп қалды.

Таразылап тарихым пысықтарды,

Пайдасы жоқ əріпті қысып та алды.



111

Барып еді «Ведомостъ» деген жерге,

Келе-келе одан да түсіп қалды.

«Подъезде» мен неге жүремін деп,

«Разъезге» ұмтылды кіремін деп.

Мансап қуып масқара-ай, 

Осы қуың

Орын тапты «Съезден» Кремль кеп.

Қалмаса да қарайып ізі хатта,

Ілінген жоқ басбұзар бұзық атқа.

... Съездерді басқарған кей дөкейді

Ұқсатамын «Твердый знакқа». 

№60

Ж±МА С¦ЛЕМ



Үкіметті сынадай қағып, сынап-мінейтіні несі? Олар əлі 

ештеңе істеген жоқ қой. 

 

 

      (АҚШ əзілкеші Боб Хоуптың əңгімесінен)

Жоғарыда  отырған кім дейсіңдер,

Не бітіріп жатқанын білмейсіңдер.

Тіфə, тіфə... 

Шөп басын сындырған жоқ,

Жүндей түтіп несіне тілдейсіңдер?

Заңды жасап отырған кім дейсіңдер,

Кімді қорғап жүргенін білмейсіңдер.

Мафияға ақия қарамаса,

Тіке шауып несіне тілдейсіңдер?



112

№61


Ж±МА С¦ЛЕМ

Біреудің сүтті сиыры болыпты. Күніне бір құмыра сүт 

береді екен.

«Құдайдың  құтты  күні  қарасан  келгірді  қақтап  əуре 

болғанша, он күнде бір рет сауып он құмыра сүтті бір-ақ 

алмаймын ба?!»  деп ойлайды сиырдың иесі. 

Он  күннен  кейін  келсе ... Уақытында  саумағандықтан 

сиыры суалып, сүті қайтып кетіпті. 

 

 

 

 

 

       (Үнді мысалынан)

Дер кезінде біткен іс – пайдалысы, 

Күні өткен соң болмайды жай мəнісі.

 

 

 

 

 

(Бабырнамадан)

Сатирамды сабақтап сауықпенен, 

Өзімді-өзім күн сайын сауып келем.

Идірмесем шабытты жиі-жиі,

Суалып кетем бе деп қауіптенем.

Жүрсіз бе аға, жайлауда күтім іздеп,

Бағалаймыз біз сізді құтымыз деп.

Күрпілдетіп сауса да таусылмайтын

Сияқты еді əу баста сүтіңіз көп.

Сатирамды сабақтап сауықпенен, 

Өзімді-өзім күн сайын сауып келем.

Аға, сізді саумасақ ауық-ауық

Суалып кете ме деп қауіптенем.


113

№62


Ж±МА С¦ЛЕМ

Жыланның Құйрығы:

– Жолды мен бастап жүруім керек! – деп  жоқ жерден 

дау шығарды.

Оған сол жыланның Басы:

– Айналайын, Құйрықжан-ау, сенде не көз жоқ, не құлақ 

жоқ.  Алдымда  қайқаңдап  жүргенде  қайда  барасың? – деп 

басу айтты. 

–  Жыланды  жылы  орнынан  жылжытып,  ирелеңдетіп 

жүрген кім? Біле білсең мен, Құйрықпын! Айтқаныма көніп, 

айдауыма жүрмесең сенен ажырасам! – деді оратылып. 

– Ажырассақ ажырасайық! – деді жыланның Басы. 

Құтырған Құйрық Бастан ажырап тынды. Жолға түс-

тім деп жорғалағаны сол еді, алдындағы апанға құлап, ба-

қа-шаянға жем болды. 

 

 

 

 

 

       (Үнді мысалынан)     

Ажырасақ дəстүрден асып айла,

Ұлтымыздың рухы жасымай ма?

Жылан жылжып келеді құйрығымен,

Құдай-ау, Басы қайда?

Басы қайда?!



114

№63


Ж±МА С¦ЛЕМ

Аға, сіз түу биікте тұрсыз. Төмен қараңызшы, мен көзі-

ңізге көрінем бе екен?

 

(Шерхан Мұртазаға 1982 жылы Оралхан Бөкейдің

 

 

 

 

 

       жазған хатынан)

Саяхаттап жүрмедім шет еліңде,

Саясаттың кеткем жоқ жетегінде.

Тау басында тұратын жігіт едім,

Жүрмін аға, мен қалай етегінде?!

Шығармады шайтандар тау басына,

Құдай құлын түсірді тəубасына.

Ық жағында жындардың жүремін деп,

Сатып алдым сақина сау басыма.

Орағытып ой қоссақ сөзімізге,

Түу биікте тұрсыз ғой өзіңіз де.

Етек жаққа еңкейіп қараңызшы,

Көріне ме періште көзіңізге?..


115

№64


Ж±МА С¦ЛЕМ

Зиялы деп жүргенің

Мұжық болып шығады.

Биязы деп жүргенің

Бұзық болып шығады.

* * *

Пара алмайтын адам пара алатын орынға бара алмай-

ды. 

* * * 

Судьяға біреумен барма, бірдеңемен бар.

 

 

 

 

 

(Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ)

Заңдардың  орындалмауы  мемлекеттің  қауқарсыздығы 

мен қоғамның кеселдігін көрсетеді.

 

     

 

 

 

(Расул ҒАМЗАТОВ)

Атқа мінерлері көп елде заңнан ауытқу көп болады.

 

 

 

 

            (Сүлеймен Пайғамбар) 

Заңдар  өрмекшінің  торы  сияқты:  əлсізді  шырмағанмен 

күшті түскенде сетінеп кетеді.

 

 

 

 

 

  (Соломон данышпан)

Заңдар  проблемаларды  шешу  үшін  жасалмайды,  солар-

ды шатастырып оны əркім өз пайдасына жарату үшін жа-

салады.

 

 

 

 

 

       (Пауло КОЭЛЬО)

Егер сен барлығын да заң арқылы реттеуге болады деп 

санасаң, онда Афинаның барлық еркектері ат болып кетсін 

деген заң шығаршы.

 

 

 

 

 

 

         (Сократ)

116

Мафияның білемін тайынбасын,

Шарадай боп барады шайыр басым.

Он жыл бұрын былайша зарлап едім,

Табасыз ба өзгерген айырмасын? 

АЙТСАМ ДАУЫСЫМ 

ЖЕТЕР МЕ?

Əй-əй, заман, əй, заман,

Мына заман қай заман?

Саббас кетсе Жаппас бар,

Сайтанға шайтан сай заман.

Бабалардың басынан

Өтті талай зар заман,

«Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман».

«Əр патшаның тұсында

Бір сұрқылтай» дегендей,

Сұрқылтайын өзінің

Туғыза ма əр заман?

Қашқанын көріп қоянның

Түңілесің қалжадан.

Зар илетпей заманды

Бұғау салар бар ма заң?

Қопаңдатып құйрықты

Қорқытпайтын «түрме» деп,

Жердің дауы бір бөлек,

Жесір дауы бір бөлек.

«Ала жібін біреудің

Аттап кетіп жүрме!» деп,

Бабы күшті баяғы

Бабалардан қалған заң.

Алаяқты аттатпай

Аяғынан шалған заң,


117

Кең көмейлі жемқорды,

Кеңірдектен алған заң.

Дүниеден өттің бе

Дүбірлетіп жалған заң?!

Көзі тоймас көкемнің

Көзін дереу ойған заң.

Оя салып ойпыр-ай,

Орнына көзін қойған заң.

«Жемейтіндер шынында

Жер астында жүр екен,

Не қылсаң да о қыл!» деп

Өз заңын өзі жойған заң.

Заң туралы зар илеп

Айтсам даусым жетер ме?

Саңырауға айтқандай

Сарнадым ба бекерге?

Бір заңымды биле деп

Айтайын ба екі елге?

Көп заңымды көкпар ғып,

Əркім тартып кетер ме?

Шырмауықтай шырмалып

Бір-бірімен баттасқан,

Тоғыз қабат торғауыт

Мафияға өтпес заң.

Тон кигізіп сабайтын

Ештеңе де етпес заң.

Күннен күнге күшіктеп,

Көбейсе де жетпес заң!..

Артық-ауыз айтпа деп,

Аузымызды жапқан заң.

Еңіреп туған ерлерге

Қара күйе жаққан заң.

Қауқары жоқ қарттарға

«Əрі жүр!» деп айтқан заң.


Кінəсін дереу мойындап

Райынан қайтқан заң.

Сиыр ұрлап жегенді

Бір күн қамап баққан заң.

Бір кесе сүт ішкенді

Он жылға айдап жатқан заң.

Қыстыкүнгі қыраудай

Күн жылыса – аққан заң.

Айтып-айтпай не керек,

Мынауский қатқан заң!..



119

№65


Ж±МА С¦ЛЕМ

Қиямет  күні  он,  не  одан  да  көп  адамға  бастық  болған 

кісінің екі қолы төбесінде байлаулы тұрады. Ол əділ адам 

болса,  əділдік  кеп  қолын  шешеді.  Залым  болса,  зұлымдық 

келіп  қолын  одан  сайын  қаттырақ  байлайды  да  тозаққа 

жібереді. 

 

    (Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың хадисінен)  

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. 

 

 

 

 

 

      (Жүсіп Баласағұн)

Қожеке, бір Алланың сыйы да ерек,

Түсінуге адамның миы керек.

«Жеті» деген қастерлі сан дейді ғой,

Бір əңгіме айтайын биігірек.

ЖЕТІ НАН ЌЎДАЙЫ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет