Қадыр МЫРЗА-ƏЛІ:
– Ештеңенi тiзеге
Салғаным жоқ əй, тегi.
Бiр мысыққа жүз өлең
Жаза салсам қайтедi?
Бажылдатып қуады
Бiр мысықты бiр мысық.
Содан шабыт туады,
Жүрегiмдi жыр қысып.
Мысық жүрсе мияулап,
Мен ойлаймын ұятты.
Көргенiм жоқ үй аулап
Бала мысық сияқты.
«Мырзалиев» десе де,
Мырза демес менi ешкiм.
О, жаратқан,
Кеше гөр,
Мысықтiлеу емеспiн.
Жырға бiрақ дарханмын,
Оны бiлер тектi елiм.
Күжiрейтiп арқамды,
Итке айбар шекпедiм.
Кей дұшпаным аямай
Лақтырса да күшенiп,
Мысық құсап
Əй-əй-ай,
Төрт аяқтап түсемiн.
190
Иран-ҒАЙЫП:
Құс сататын дүкенге барсам, көздiң жауын алатын
попугай толып тұр екен.
– Мынаны алыңыз! – дедi сатушы сұқ саусағымен бiр
попугайды нұсқап.
– Оның қандай қасиетi бар? –дедiм.
– Оң аяғын тартсаң орысша сөйлейдi, сол аяғын тартсаң
қазақша сайрайды! – дедi.
Қарап тұрмай сол аяғын тартып кеп қалып ем:
– Ар-р-рмысыз, Ир-р-ран Ғайып! – дедi.
Оң аяғын сiлкiп ем:
– Здр-р-р-равствуйте, Ур-р-разбаев! – дедi.
Екiленiп кеп екi аяғын бiрдей жұлқып қалып ем:
– Құлатасың ғой, дур-р-рак! – дедi тырапай асып жатып.
191
– Өзiң дурак! Есiңдi жый! – дедiм едендегi попугайға. –
Сен бар-жоғы бiрiншi рет құлап тұрсың. Ал, мен Мемлекеттiк
сыйлықты аламын деп алты рет құладым.
Маңайымдағылар маңдайымнан ұрып, айналамдағылар
аяғымнан тартып, алты рет тоңқалаң асырды менi. Беу,
дүние-ай!..
– Беу, безек қаққан ақыным-ай! Егер сен попугай туралы
поэма жазғаныңда баяғыда-ақ лауреат боп кететiн ең.
– Менiң тақырыбым не құс емес, не денi сау кiсi емес.
Попугайға қара мысықты қосып жырласам лауреаттығын
бере ме? Берсе, мақұл. Сыйлық үшiн сыбанайын бiлегiмдi.
Нар тəуекел!
Армысың,
Бiреуге – тары,
Бiреуге – талқан, дүние!
Бiреуге – аң-таң,
Бiреуге – талтаң, дүние.
Жаратылғандай дал-дұлға
Кiшiк болмадым, дүние.
Арыстан қып жараттың,
Мысық қылмадың, дүние.
Бересiң дəйiм қол ұшын
Қутыңдаған қуларға.
Қайнады қаным сол үшiн,
«Мен iшпеген у бар ма?»
Анау жүрген пысықтай
Бола алмадым əлi.
Сүтке тиген мысықтай
Қуалайды бəрi.
Өмiр – тартыс,
Өмiр – айтыс,
Мəнi қай тұста?
Қатысып келем
Бəйгiсiз, бапсыз бəдiк айтысқа.
Ана жер – батпақ,
Мына жер – лай.
Көңiлiм əппақ,
192
Көрмеймiсiң, Попугай?!
Парқыңды бiлдiм, дүние,
Өлеңде қалмай өрiсiм.
Менiң сорым – отан,
Сен отанның сорысың.
Нарқыңды бiлдiм, дүние,
Саудасы – дау-дамайлы.
Мың теңге көрмесе,
Мысық та тышқан ауламайды.
Байлық деген сен үшiн –
Дүние, малдың көптiгi.
Байлық деген мен үшiн –
Нəпсiнiң ғана тоқтығы.
Нəпсiнi қуып, дүние,
Қазағым қалай жетiспек?
Нəпсi де үшке бөлiнген:
Ұйқы,
Құлқын,
Секс деп.
Əйел болсын,
Болсын мейлi ер кiсi,
Тағы да үшке бөлiнген
Екi жүздiнiң белгiсi:
Өтiрiк айту,
Уəдеде тұрмау –
Аманатқа қиянат.
Беу, дүние,
Барасың қайда қиялап?
Əркiмдi қойсаң орнына
Хош болар едi, дүние.
Онда қазiр көп орын
Бос қалар едi, дүние.
Мен лауреат болсам
Зар илер ме едiм бұлай...
Қара мысық алдымды
Кесе бере ме, Попугай.
Жыр үшiн туған бiр балаң едiм,
Маған жаның аши ма?
Уһ!
Жамбыл бабаны жырлаған едiм,
Бердiң-ау бiр машина.
(Жарылқағаның сол ма!..)
Жамау-жамау диванымда
Жарбиып жатып ойлаймын.
Бiр сыйлығыңды қимадың ба,
Мен бəрiбiр алмай қоймаймын!
Қоймаймын.
Жоқ, қоймаймын!..
Қоймаймын-ау деп ойлаймын.
194
Шөмiшбай САРИЕВ:
– Ей, мысығым!
Жүндей түтiп жазып ем жүйелi өлең,
«Менiкi!» деп мен сенi иеленем.
Мықтылардың мысығы болсаң егер
Сүйем сенi!
Сүйемiн!
Сүйе берем!..
Дегенменен сүюдiң бар-ау зiлi,
Өртемей ме ақынды алау жыры.
Бiр бастықты, апыр-ай, бас сап сүйiп,
Бiр пəлеге қалғанмын анау жылы.
Сəлем!
Сəлем!
Сəлем саған, поэзия – мысығым!
Шөп еткiзiп сүйер сенi пысық ұл.
Ғафу айтты: «Өспептi-ау сақал, мұртың,
Бiрақ ұқсас Пушкинге бакенбардың!»
Деп менi мақтағасын сүйе бердiм,
Дəл мен құсап сүйген жоқ Ғафаңды əркiм.
Форма қуып жүргенде Пушкин болып,
Өлең кеттi басыма үш күн қонып.
Сүйiп жазып сынды да, сықақты да
Тастай салдым бiр күнi мүшкiл көрiп.
Сəлем!
Сəлем!
Сəлем саған, поэзия – мысығым!
Иə, солай Пушкинге «ұқсас» кiсiмiн.
Ойласам көп жанрды аңди қаппын,
Əуелетiп бiраз жыл əн, күй бақтым.
Қалыңдықтай сүйгесiн ғалымдықты,
Мен қазiр ақын емес, кандидатпын.
«Шөмiшбай ендi қайда тұрақтады?»
Деп бiреулер жүрмесiн сұрап тағы.
Бəрiн сүйем!
Бəрiн де,
Бəрiн,
Бəрiн...
Бəрi менi сүйе ме бiрақ-тағы?!
Солай,
Солай
Сүйiктi, əй, мысығым!
Өзiме ұқсап қалады қай мүсiнiм?..
196
Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ:
– Арқам қозғанда ардақты кiсiлердiң сөзiне əрегiдiк əн
шығаратыным рас. Соған сайып мысықты жырла дегенге
«Əгугəй мысық» деп əуейi өлеңдi сүйкей салсам, онда не
болғаным. Əйтсе де, көңiл жықпас көп көкеңнiң бiрi едiм.
Нартəуекел, мысықтың мұртын қоссам да «Сағындым Алма-
тымды» деген əйгiлi əнiмнiң сарынымен қара мысықты əн-
детiп көрейiн.
Кеткем жоқ тастап əндi,
Аяймын бас қаламды.
Алматы, қоя тұршы,
Жырлайын Астанамды.
Сағындым сарынымды,
Көл-көсiр дарынымды.
Сағындым баяғыдай
Қауқарлы қарымымды.
Қысылсам – сүйеу маған,
Привет, күйеу балам.
Ұқсаймын сол мысыққа
Тышқанды жиi аулаған.
Бiреулер қарсы болған,
Алтынды аршып алғам.
Сағындым Заманбектi,
Сөзiне əн шығарғам.
Жаңадан əкiм болса,
Өнерге жақын болса,
Сөзiне əн шығарам
Храпунов та ақын болса...
1991 жыл
198
НЎЌ ПАЙЄАМБАРДАН
НЎРЌАДIЛОВКЕ ДЕЙIН
Саясаткер Заманбек НҰРҚАДIЛОВКЕ
– Жарылқа, Тəңiрiм!
Тiлегiмдi қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Жағдайымнан мен ендi
Берейiншi мəлiмет.
Бұ фəнидiң
Көрдiм ептеп рəтiн.
Менiң көңiлiм қалған жоқ
Насыбайдан бiр атым.
Орындалмай жатыр бiрақ
Опай-топай мұратым.
199
Маған,
Саған,
Оған...
Оның бəрi сабақ.
Екiнiң бiрi болуға
Қалған едiм сəл-ақ.
Көз таныстың көбiсi
Менi саясаткерге санап,
«Алматының бұрынғы мэрi ғой!» дейдi.
Ал, бiлмейтiн пəтшағарлар
«Мақпал Жүнiсованың ерi ғой!» дейдi.
Мэр болғаным да рас,
Ер болғаным да рас.
Я, Алла!
Көрсеткенiңе шүкiр,
Көрсетпегенiңе де шүкiр.
Мiне, саған садақа,
Мiне, саған пiтiр.
(Өзiң бiрдеңе етiп бiтiр!..)
Басымда бақ бар,
Астымда тақ бар.
Тағымды Қыдыр Ата
Талдықорғанға бармасам да сақтар.
Өткенге – салауат!
...Депутат боп жүргенiмде
Былай сайраған гəп бар:
Ата-бабамыз
«Ассалаумағалейкумнен» соң
«Мал-жан аман ба?» деп
Əуелi малды сұрайтын,
Сосын барып халдi сұрайтын.
Қазiр не мал жоқ,
Не хал жоқ,
Немiздi сұраймыз, Алла?
Мал – мойнымыздағы масыл емес,
Қойнымыздағы асыл.
Етi – емге,
200
Терiсi – теңге,
Тұяғы – дойч марка,
Мүйiзi – валюта,
Құмалағы – доллар.
Себебi, қорада
Долларға сатып ала алмайтын көң бар.
Жақсаң – отын,
Шашсаң – тыңайтқыш,
Шетелге қаңғып нең бар?
Я, Алла!
Уəжiме құлақ түр,
Мынадай тосын сұрақ тұр:
Мен сайланған округ
Алматыдан жырақ тұр.
Аржағы – Қытай, бiр-ақ қыр.
Швейцария атанып,
Болған едi жұмақ бiр.
Сiлекейiн ас қылып,
Барлық ауыл жылап тұр.
Анау үйдiң алдында
Қаңқасы қалған «К-700»,
Мынау үйде қаусап тұрған трактор.
Жекешеленген бiрақ бұл.
Сонда
«Есепсiз жекешелендiру
Елге керек пе?» деген сұрақ тұр.
Бұл не, жекешелендiру ме?
Əлде жеке шешiндiру ме?
(Есiктен енген бiреуге зекiп)
– Жабыңыз!
Жап есiктi!
Көрмейсiң бе,
Құлшылық жасап тұрмын.
Ал, сен батамды бұзып,
Айдалаға тас аттырдың.
Батамды бұзба.
Мынау өзi ұл ма, қыз ба?
201
(Құлшылығын жалғастырып)
Аллаhу акбар!
Аллаhу акбар!
Ашуым – алқымымда,
Жар бола көр, жаратқан ием Жаппар.
Я, Алла!
Өзiңе аян,
Қарсыластарым өте көп пе?
Мүйiзi қарағайдай
Сол қарсыластарыма төтемекке,
«Соқыртеке» ойнатқан социализмнiң атынан,
Тумай туа шөккен коммунизмнiң атынан,
Топырағың торқа болғыр партияның атынан,
Иманыңнан айналайын мафияның атынан
Құбылмайтын түрiмдi
Құбылаға қараттым.
Мəжiлiске депутат қып
Менi əдейi жараттың.
Бұдан бұрынғы парламенттi
Тездетiп неге тараттың?
Уа, шебер Құдай!
Өзiң жаратқан бiр соқыр,
Бiр саңырау,
Бiр таз бопты.
Үшеуi бөсiп мəз бопты.
«Көргенiмдi айтсам,
Көп адам таң қалады!» деп,
Соқыр айтыпты.
Саңырау да құлағын қағып,
Қалпағын қоқырайтыпты:
«Естiгенiмдi айтсам ел риза!» деп,
Өзiнше көкiп сөйлептi.
Сонда таз:
«Əй, əңгiменi қой!» – дептi. –
«Екеуiңнiң айтқандарыңды естiсем,
Төбе шашым тiк тұрады!».
О, тоба!
202
Ауызбен орақ орып
Кiм ненi ұқтырады?
Сол соқыр,
Саңырау,
Таз секiлдi
Бүгiнгiнiң сөйлегiш мықтылары.
Я, Алла!
Бiр-бiрiмiзбен тату ек.
Ғафу ет!
Сенiң орныңа таласпаймын.
Сайтан алғыр,
Саясат туралы да жақ ашпаймын.
Бүгiнгiнiң əкiмдерi
Не соқыр,
Не саңырау,
Не таз емес.
Менiң атқаратын шаруам аз емес.
Алатауға егетiн апортым бар,
Қапшағайға салатын аэропортым бар.
Ертiстi берi ағызам,
Iленi керi ағызам.
Ең бiрiншi – ел керек,
Электрге – жел керек.
Жетiсудiң жерi де жақсы,
Желi де жақсы.
Əкiм боп келiсiмен
Ептi сөзбен елдi үйiргем,
«Əр ауылдың тұсына
Орнатам, – деп жел диiрмен!»
Шымбұлақты жұмақтай қып,
Дүниежүзiнен туристердi шақырам.
Жегендердiң желкесiне статья қойып,
Юристердi шақырам.
Сосын – бiттi шаруа!..
Уh!..
Адамды азғыратын – шайтан.
Шайта-а-а-н,
203
Шайтан болсаң қайтейiн,
Сенiң де бетiңе айтам.
Маған көрсетпе тайтаң.
Төбемнен
Төтенше жағдай туғызып,
Нұқ Пайғамбардың топан суын
Нұрқадiловке ағызып,
Қаптата көрме селiңдi,
Тұрғыза көрме желiңдi.
Ендi алайын демiмдi.
Я, Алла!
Менi 2030 жылға дейiн алма.
Пəледен,
Жаладан,
Тiлден,
Көзден,
Сұқтан,
Судан,
Оттан,
Опаттан,
Апаттан,
Мансаптан сақтай көр!
Бай қылып – балпайт,
Əкiм қылып – қалқайт.
Маған жамандық ойлағандарды
Басынан бiр ұрып жалпайт.
(Ғибадатын кiлт үзiп)
Оппо-о-о-о!..
Жататын мезгiл боп қапты ғой,
Қаланың у-шуы да тоқтапты ғой.
Ғибадатын үздi деп,
Сөге көрмес менi ешкiм.
Я, Алла!
Мен Сiзге оппозиция емеспiн.
Ғафу ет!
Ендiгi ойым – етбеттеп,
Телевизор көрiп жату ед.
Стоп!
КТК-дан
Əн салып тұр Мақпалым.
Осымен бiттi ақпарым.
Все!
Рекламная пауза.
Əумин!
2001 жыл
205
АТЫ ҐЗГЕРГЕН АКТЕР
Халық əртiсi Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВҚА
Қара түндi қайыстай тiлген машина жыннан қашқандай
жылдамдығын үдетiп зымырап келедi. Iшiнде – Тұңғышбай
Жаманқұлов. Рульде – өзi. Арғы-бергi замандағы аузы дуалы
ғұламалардың айшықты ойларын есiне түсiрiп отыр.
«Есек арыстанның терiсiн жамылса да, айғайынан таны-
лып қалады». Бұл қай данышпанның сөзi едi? Е-е, Эзоп айт-
қан екен ғой.
«Қыран боламын десең, торғайлардың ортасында бiрiншi
болма». Бұл – Пифагор данышпанның пəлсафасы.
206
«Бұлбұлы қадiрленбеген елдiң қарғасы қарқылдайды».
Бұл қай данышпандiкi? Аристотель? Жоқ. Сократ? Ол емес.
Ендi кiм? Е, өзiм айтқан екем ғой.
Таразды тастап, Ақыртөбеден асқанда:
– Баяғы бабаларымыздың ныспысы қандай əдемi! – деп
таңырқады. – Мысалы, Əбу-Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн
Тархан əл-Фараби. Қысқаша – Əбунасыр əл-Фараби. Мен
ше? «Уважаемый Тунгишбай Кадирович Джаманкулов».
Масқара-ай, сол Фарабидi бүгiнгiдей бүкiр тiлмен «Абунасыр
Аль-Фарабиевич!» десе ше? Күлесiз, ə?
Бойымның сорайғаны болмаса əл-Фарабиден қай жерiм
кем? Ол Отырарда, мен Таразда, екеумiз де Жiбек жолының
бойында туғанбыз. Мен де сол Əл-Фараби секiлдi жетi атама
жерiмдi, екi атама елiмдi қосып жазайын. Ол аз болса руым
мен рухымды мипалаудай араластырып жiберейiн. Бұған
театр мен кинода сомдаған хандардың есiмiн қосақтап,
аты-жөнiмдi айғақтай түсейiн. Сонда бар ғой-ə, аты-жөнiм
алты Алаштың аузында жүрмесе ап кел қолыңды! Бiттi,
Бəтима! Кiрiсем! «Ығай, сығай, Мырқымбай, сам ызнайыт
Сəрсенбай». Өз еркiм өзiмде, өзгертсем өзгертем ныспымды.
Бөрi жеген бөксем бар, иттен несiн аяйын?
Жамбыл қаласының бұрынғы аты – Əулие Ата. «Тұңғыш-
бай Əулие Ата» десем қайтедi? Онша келiңкiремейтiн сияқ-
ты. «Атымды ұрлады!» деп Сары əулие, Ақ əулие, ана əулие,
мына əулие тайлы-таяғымен көтерiлiп, шуламай ма? Əй, бi-
рақ несi бар, əртiстер де əулие!
Оһо-о, табылды. Тұңғышбай əл Тарази! Қатып тұр. Əй,
бiрақ Əкiм Тарази ағам «Менiң фамилияма жармасып,
аты-жөнiмдi алып қойды» деп қиғылық шығарса қайтем?
Кiмдiкiн кiм алмай жатыр қазiр? Қорасына түсiп қойын
ұрлағам жоқ. Əкiм – «əл»сiз Тарази, мен – əл-Тарази!
Тараз – қала, недвижимость. Тараздың затын жекешелен-
дiрмесем де, атын жекешелендiруге құқым бар шығар?!
Он ойланып, тоқсан толғанып ныспысын тапты-ау ақыры.
Өзi құрастырған өзiнiң аты-жөнiне iштей риза болғаны
сонша, еңсесi түскен ескi үйдi бұзып, орнына он алты қабат
жаңа ғимарат салғандай қуанды.
207
– Бұл жаңалығымды Əзiрбайжан Мəмбетов пен Асанəлi
Əшiмов естiсе, тапқырлығыма таң қалса, белiмнен қысып,
бетiмнен шөп-шөп сүйетiн шығар? – деп топшылады. –
Бiрақ, бұл пəтiгiмдi бұхара халық қабылдай ма? Мiне, гəп
қайда? Қалың ұйқыда жатқан халқымды оятып, сынап көре-
йiншi осы.
Тас қараңғы түнде шам жанып тұрған шағын үйдiң ал-
дына тоқтады да, тоқылдатып есiгiн қақты.
– Бұл кiм? – дедi үй иесi. Есiктiң қиюына екi езуiн тақаған
Тұңғышбай ешкiм естiмеген су жаңа есiмдерiн судыратты:
– Хас Сақ, Дештi-Қыпшақ, ибн Жаныс Дулати, Даңғыл
Жамбыл, Əз Əулие Ата, Абылайхан, Қайырхан, Əлiшер
Науаи, Эдип патша, Голливуд ибн Номад «Көшпендiлер»,
ибн Қадыр Жаманқұл шал, Тұңғышбай сал, Шыңғыс ханның
бажасы Əл-Тарази!..
Ащы iшектей шұбатылған есiмдердi естiген үй иесiнiң
есi шығып:
– Ойбо-о-ой, көп екенсiздер ғой. Үйiмiз тар. Сонша адам-
ға орын жоқ! – деп есiгiн ашпай қойды.
Ұзын тектен ұтылған Тұңғышбай сол түннен бастап ай-
даһардың құйрығындай ұзы-ы-ы-ын «фамилиясының» құй-
рығын кесiрткедей қып кестi де «Тұңғышбай əл-Тарази» боп
кеттi.
ƏЛ-ТАРАЗИДIҢ ƏНI
Барып қайт, балам!
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Шаршасаң қуат алып қайт.
Шоколад жемей шапалақ жесең атаңнан,
Кiнəлi оған бағасы удай нарықты айт.
Барып қайт!
Барып қайт, балам, шапалақ жеп «жарып» қайт.
Нағашы, жиен,
Жоқ, əлде əпке, аға ма?
208
Қарама, жаным,
Қалдырмай бəрiн арала.
Театр үшiн қу жанын қузап əкең де
Безбенiн сүйреп безектеп жүрген далада.
Арала!
Арала бəрiн – қалтасы тесiк, қазаны жоққа қарама.
Еңкейiп жүрiп,
Ешкiмге болма кiрiптар.
Көтерсең көңiл
Ауылда сарай, клуб бар.
«Турандот ханшайым» думаны саған табылмас,
Табылар бiрақ «собразим!» деген другтар.
Другтар:
«Пошли!» десе, iлесе кетпей тұрып қал!
Ауылда қазiр
Қоздаған бағзы ғұрыптар.
Қай жүзсiң, балам,
Руың кiм – бiлiп бар.
«Бiздiң көшемен неге жүресiң?» деп,
Ұруы мүмкiн кей бала,
На всяки случай қолыңа таяқ, шыбықты ал.
Шыбықты ал!
Шықпыртып сен де бiр-екi рет ұрып қал!
Дүние – түлкi,
Тазы боп ел-жұрт қуып жүр.
Тек доллар iздеп,
Теңгеден бəрi суып жүр.
Мал табу үшiн малмандай су боп ауылда
Есектiң артын еңкiлдеп кiмдер жуып жүр?
Жуып жүр!
Дүние қумай өнерге, жаным, жуық жүр!
Өсiп те жатыр
Егемен елдiң айлығы.
Өстi ме екен
Рухани шiркiн, байлығы?
Жамбылда туған Жаманқұлов-ақ болсам да,
Əл-Тарази айтып жатыр əй, мұны.
Əй, мұны...
Егiлiп тұрып елiме айтам қай күнi?
Сахнамның, айхай,
Белгiлi дəстүрi елге.
Сақал да қойып,
Кей кезде мəскiмен де
Қайырхан бабам, Тəңiрберген мен патша Эдип
Кейпiне енiп ойнадым талай басты ролде.
Басты ролде!
Ауылға мен де барсам ба деймiн гастролге.
Барып қайт, балам,
Ауылға туған барып қайт.
Шалғынға аунап,
Шаршасаң қуат алып қайт.
Шоколад жемей шапалақ жесең атаңнан
Кiнəлi оған бағасы удай нарықты айт.
Шауып қайт!
Шауып қайт, балам, «спонсор» болса тауып қайт!..
1994 жыл
210
БIЗДЕ БƏРI БАР!
Достарыңызбен бөлісу: |