Бағдарламасы бойынша жарық көрді Әмірбек К



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата13.02.2017
өлшемі4,3 Mb.
#4074
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Айтыс ақындары

ШОРАБЕК пен АЙНҰРДЫҢ сарыны

Жүрсiн: – Ассалаумағалейкум,  айтыс  сүйер  алқалы  қа-

уым. Айтысымызды əрi қарай жалғастырамыз. Кешiгiп кел-

ген көрермендерге əдiл қазылар алқасын тағы да таныстыра 

кетейiк. Көрiп отырсыздар, кiлең ығай мен сығай.

«Асанқайғы атамыз азанғы сағат алтыда туған» деп жер-

жаhанға жар салған ғалым ағамыз Дүйсенбай – мiнеки! 

«Асанқайғы  атамыз  азанғы  сағат  алтыда  емес,  алтыдан 

тұп-тура  он  екi  минут  кеткенде  шыр  етiп  дүниеге  келген» 

деп кандидаттық диссертация қорғаған Сейсенбай ағамыз – 

əнеки!


«Олардыкi  əшейiн  гəп,  жорамал.  Асанқайғы  алты  жа-

рымда  туған»  деп  докторлықтың  атын  ертерек  ерттеп 

мiнген  Сəрсенбай  ағамыз  да  бүгiнгi  қазылар  алқасының 

мүшесi.


«Асанқайғы  бiздiң  ауылда  туған.  Оның  азан  шақырып 

қойған аты – Асанқайғы емес, Асанғали болатын. Бала кезiм-

де көкемнiң көзiн көргем» деп академик атанған Бейсенбай 

ағамыз – əдiл қазылар алқасының төрағасы.

Тыныш... Шуламаңыздар! «Сөз қадiрiн бiлмеген шағала-

ша  шулайды»  деп  бабаларымыз  айтқандай,  кiшкене  сабыр 

сақтап отырыңыздар. Қазiр айтысты бастаймыз.


280

Баяғыда...  Бiздiң  ауылда...  Ұлытауда...  Бiр  үй  өртенiп 

жатса ауыл-аймақ, көршi-қолаң жиналып, үдерiсiптi. Бiреуi 

шелекпен  су  шашып,  ендi  бiреуi  киiз  басып  шат-шəлекейi 

шығып  жатса,  бiр  əйел  жүгiрiп  келе  жатыр  екен.  Қолында 

айыр. Айырға қойдың бас-сирағын шаншып алыпты.

– Ау, жеңеше, қайда барасыз?

– Өй, əдiрə қалғыр, ақыры өрт боп жатыр ғой, бас-сира-

ғымды үйтiп алайын деп ем.

Сол  айтпақшы  «Ақыры  айтыс  боп  жатыр  ғой,  қатарды 

көбейтiп  қатыса  салайын»  деген  қара  жаяу  ақындар  жоқ. 

Кiлең бұлбұл, кiлең дүлдүл.



Октябряттар орнына

Ақпақұлақтар келдi ғой.

Пионерлер орнына

Зиян ерлер келдi ғой.

Комсомолдар орнына

Нан соғарлар келдi ғой.

Коммунистер орнына

Коррупистер келдi ғой! – деп бебеу қаққан Бекжан ақы-

нымыздың өнерiн тамашалайсыздар.



Базарың да – «Евразия».

Ажарың да – «Евразия».

Баспанаң да – «Евразия».

Астанаң да – «Евразия».

Университетiң де – «Евразия».

Шаш ал десе, бас алған,

Что за безобразия? – деп жер тепкiлейтiн Жетiсудың жор-

ғасы Айтақын да алдарыңызға шығады. Арыны қатты. Алды-

нан арқан кермесеңiздер тоқтамайды. Əрi қарай шауып өтуi 

мүмкiн.


Жоққа жүйрiк жете ме? Демеушiмiз жоқ. «Атамұра» кор-

порациясын, оның президентi Мұхтар Құл-Мұхаммед мыр-

заны  қашанғы  қаужаймыз?  Айтыстың  үстiнде  атып  тұрып 

жүлдегер ақындарға екi мəшине мiнгiзген Өмiрзақ Сəрсенов 

ағамыз да бейнеттен зейнетке кеттi. Оның пенсиясына жар-

масамыз ба? Ұят шығар. Құрылыстан бұрылыс тауып, көп-

теген айтысқа көмектескен Ермегяев көкемiз бiр көзiн қысса, 


281

бiз екi көзiмiздi қысып жүрдiк. Қазiр ол көкемiз де көп көз 

қыспайтын боп барады. 

Демеушi болам деген бiр кəсiпкер iнiмiз кеше аяқ асты-

нан ауырып қалды. Анализ тапсыру үшiн жүз грамдық бар-

мақтай  шишаны  емханаға  апарайын  десе, iшiндегi  бiр-екi 

тамшы «зеленкасын» қимаған. «Зеленканы» төгiп тастайын 

десе – обал. Ақшаға келген дəрi ғой.

Демеушi iнiмiз  жалма-жан  бас  бармағын  тiлiп  жiберiп, 

«зеленканы» жаққан да босаған шишасын ауруханаға алып 

кеткен.  Мiне,  бiздiң  демеушiлерiмiздiң  хал-жағдайы.  Қазiр 

дiмкəс. Ендiгi айтысқа дейiн ауруынан айығып кетуiне тiлек-

теспiз.

Жеребе  бойынша  ендi  екi  ақынды  сахнаға  шақырамыз. 



Екеуi де Тараз қаласынан. Қарсы алыңыздар – Айнұр Тұр-

сынбаева жəне Шорабек Айдаров. Бiрi – келiн, бiрi – қайнаға.

Ақындар, сiздерге құлаққағыс: əңгiменi əлхиссадан баста-

май қысқа қайырып, тiке тақырыпқа көшiңiздер.

Көп шапса қара айғырдың əлi кетер,

Көп шайнаса қазының дəмi кетер! – дегендей, ауыз тұщы-

татын айтыс болсын. Бүгiнгi тақырып – қой туралы. Саясатты 

қайтесiңдер,  қойды  жырлаңдар.  Қойы  маңыраған,  қозысы 

жамыраған баяғы елу миллион қой қайда? Соны тiлге тиек 

етiңдер!..



Шорабек:

– Армысың, ағайын жұрт, халқым, елiм,

Сақтаған сары алтындай салты-жөнiн.

Дамытып дарындылар келе жатыр

Қазақтың қасиеттi фольклорын.

Айтыстың айдынында бiрге жүзген

Армысың, Айнұр деген партнерiм!

Айнұр:

– Ардақты ақын едiңiз

Басынан бағы таймаған.

Айтысқан сайын айғайлап,

Саласың ылғи байбалам.

282

Екi бүктелiп келiпсiң,

Есен бе елiң – айналаң.

Иiлiп сəлем берейiн,

Армысың, ақын қайнағам.

Шорабек:

– Алдыңда не деп ендi шолжаңдайын,

Мен емес бос сөз айтар сандалбайың.

Айнұрмен айтыстырып қойғаннан соң,

Тағы да тiл-ауыздан қалғандаймын.

Кəрi қызбен айтысам-ау деп келiп ем,

Келiнге кез болды ғой сор маңдайым.

Айнұр:

– Қайнағама қарасам,

Бұлданып тұрған секiлдi.

Бұлданам деп барынан

Құр қалып тұрған секiлдi.

Кəрi қыздар қарамай

Жынданып тұрған секiлдi.

Сол жынды Айнұр қағатын

Күн болып тұрған секiлдi.

Шорабек:

– А-а-а-ау, ағайын!

Алсам мен Айнұржанға екi-үш қарап,

Бiткендей болар едi оқыс қанат.

Келiндi қолмен ұстап көре алмайсың,

Секiлдi музейдегi экспонат!

Айнұр:

– Экспонат сый деймiз,

Тiрлiктi алға сүйреймiз.

Намысқа тиер жан болса,

Əзiлмен жаншып түйреймiз.

Бiр терiнiң пұшпағын

Жеке-дара илеймiз.

283

Əлемдi ерлер билесе,

Ерлердi бiздер билеймiз.

Шорабек:

– А-а-а-ау, Айнұржан!

Қызығар жансың кiсi тұлғасына,

Шыға бер өнердегi шың басына.

Абыройың асып тұр бұл күндерi,

Айтыс сайын мiнесiң бiр машина.

Қораға қой қамамай гараж салған

Мəшинең еркек пе өзi, ұрғашы ма?

Айнұр:

– Ақ маңдай, ақ қайнаға деп отырмыз,

Айтыстың алаңына кеп отырмыз.

«Қайнаға қарап тұрмас» деген сөз бар,

Дегенмен көңiлiмiз тоқ отырмыз.

Қиқу мен бытпылдығы келiспейтiн

Тырна мен бөденедей боп отырмыз.

Шорабек:

– Арлы таз басын елден ар қылып па,

Шыдаймын бүгiн сендiк бар қылыққа.

Айнұр-ау, ақ маңдай деп кекетесiң,

Қап-қара екенiмдi мəңгi ұмытпа!

Қап-қара болсам егер несi жаман,

Тумай ма қара тауық ақ жұмыртқа?

Айнұр:

– Екпiндеп келiп сөйлейсiз,

Айнұрға кезеп мылтықты.

Сөйлейiн десем дес бермей,

Жанымды алдың тым тiптi.

Тауық қуып жүрсiз бе,

Мұндайды сiзден кiм күттi!

Қарап тұрған бүркiттi 

Қайнағам келiп үркiттi!

284

Жүрсiн:

– Ау, ақындар! Тақырып қайда? Қой қайда? Қой туралы 

ой қайда? Қойды жырлаудың орнына қай-қайдағы ақ тауық, 

қара тауық, бүркiт, тырна, бөдене, бытпылдық, жұмыртқаны 

дəрiптегендерiң не? Қане, қой қораның маңынан ұзамаңдар. 

Қой туралы əрi қысқа, əрi нұсқа айтысыңдар.



Айнұр:

– Қазақтың дархан жерiнде

Мерейiм ассын менiң де.

Жұлдызы ермен жанатын

Əйел заты едiк тегiнде.

Жоқ қойды жырла дегесiн,

Айтысу қиын келiнге.

Екi ешкi қосылса,

Қой түседi егiнге!

Шорабек:

– А-а-а-ау, ағайын!

Бұл күнi қой қалмады қорамызда,

Қорамыз қаңыраса оңамыз ба?

Қой деген момын малды көру үшiн,

Бiз ендi зоопаркке барамыз ба?

Айнұр:

– Қиялдап, кəне көрейiк,

Екi мың отыз елесiн.

Миронос қой көбейiп,

Қырқымға сен де келесiң.

Тықырлап қырқып алыпты

Миронос қойдың денесiн.

Қайнаға, сонда не дер ең,

Ақ қойды жырла дегесiн?

Шорабек:

– Жүндерi жiбек болып есiлгендей,

Ақындар бiр күй бастан кешiргендей.

285

Мериносты тықырлап қырқып алсаң,

Болады орыс қызы шешiнгендей.

Айнұр:

– Қиялдап тағы көрейiк

Екi мың отыз елесiн.

Қаракөл қой көбейiп,

Қырқымға тағы келесiң.

Тықырлап қырқып алыпты,

Қаракөл қой денесiн.

Қайнаға, сонда не дер ең,

Қара қойды жырла дегесiн?

Шорабек:

– Жүндерi жiбек болып есiлгендей,

Ақындар бiр күй бастан кешiргендей.

Қаракөлдi тықырлап қырқып алсаң,

Болады негр қатын шешiнгендей.

Айнұр:

– Алатауым биiк тұр,

Төбесi бұлтқа тиiп тұр.

Сол таудың ақ бас шыңдарын

Сəулесi күннiң сүйiп тұр.

Қасиеттi жердiң мойнына

Алма-тал басын иiп тұр.

Қиялына қазақтың

Алматы қалай сыйып тұр?

Шорабек:

– А-а-а-ау, ағайын!

Қалайды тiрлiктегi кiм митыңды?

Бұзбасын əлдекiмдер түнгi ұйқыңды.

Айтысқа бəрiң келiп отырғанда,

Кетпесiн бiреу тонап үй-мүлкiңдi.

Жүрсiн:

– Рахмет! Уақыттарың болды... Болды, болды! 



 Айнұр:

– Ағай, бiр-р шумақ...



Жүрсiн: 

– Ал, Айнұр, айтысыңды ұзартпа! Соңғы шумағыңды айт 

та қайт. 

Айнұр:

– Қайнаға, не шығады қырқысқаннан.

Шындасам шыңғыртамын бiр қысқаннан.

Радж Капур секiлдi мұрт қойыпсыз,

Қонақ боп келгендей-ақ Үндiстаннан!

2002 жыл


287

НУ, ЖАРАЙДЫ!



(«Тамашаның» режиссерi 

Лұқпан Есеновтiң монологы)

Не надо! Керегiсi жоқ... Артистер қазан сияқты. Ал, ре-

жиссер – сол қазанды қайнататын ошақ. Жиырма екi жыл-

дан асты – «Тамашаның» оты да мен, ошағы да мен, қазаны 

да, қаспағы да... Жоқ қаспақ емес, қақпағы да мен.

Незаменимых не бывает, қарындас. Мен сенi бiр-ақ жыл-

да... звезда қып шығарам.

Ну, судьба! Өмiр солай. Тiрi байымай, өлi разы болмайды. 

Мейiрман кеттi. Арты қайырлы болсын. (Бетiн сипайды) Тоқ-

сын  кеттi. (Бетiн  сипайды)  Құдайберген  кеттi (Бетiн  сипай 

берiп  кiлт  кiдiредi  де)  депутат  боп.  Қазiр  құда  да  тыныш, 


288

құдағи  да  тыныш,  Құдайберген  де  тыныш...  депутат  емес. 

Тiфə, тiфə... бетi берi бұрылды. Бауыржан кеттi «Шоу!» боп. 

Тұңғышбай  кеттi «ЗОУ»  боп. «ЗОУ»  деген  қысқарған  сөз: 

«з» – завтрак, «о» – обед, «у» – ужин. Тұңғышбай əл-Тарази 

емес, Тұңғышбай Зоу-Тарази!

Қарындас, атың кiм? Мен сенi бiр-ақ күнде... Тойыс, бiр-

ақ жылда звезда қып шығарам. 

Сатириктер жазбайды. Оспанхан кеттi. Мен вообще сати-

риктердiң сұлтаны Оспанхан деп бiлем. 

Во-первых, «Тамашаның» да атын қойған Оспанхан. Во-

вторых, Оспанханның тілі шедевр. Неповторимый сатирик. 

Сөзді қалай ойнатады! Мастер! Например, мына өлеңін давай 

оқиық.  Мектептегі  преподавательдің  уровенін  сынайтын 

сықақ өлең.

Сабақтың ең құндысы – 

Əдебиеттен берді бұл кісі.

Ал енді,

Қызығы,

Ғажабы,

Дымқыл Дамбылбаев

Бар сөзін жұмбақтап

Əр сөзін құндақтап,

Көзілдірігін алып тастап,

Жазушылардың атын жаңылтпаштап,

Былай бастайтын сабағын:

Өлеңге

Өте-мөте

Гете

Төте.

Жылжымай жатып

Жылдам жазды,

Пысық кісі болған.

Ал енді Пушкин – ұшқын!!!

Тұс-тұста ұшқан,

Құсты ұстаған

Қырғи ақын!


289

Пушкин ұшқын!

Үш күн,

Үш түн,

Ұшқындатқанда,

Сарқылмаған ақын.

Қызық кісі болған.

Ал,

Ақылды,

Нақылды,

Ұғымды,

Жұғымды,

Ұтымды,

Күтімді,

Нұсқа сөзге

Абай ағай ұста!

Кейде Абай ағай,

Абайламай

Əн де жазып қоятын,

Пысық кісі болған.

Ал енді,

Айтыстан қайтыспай

Айтысқан,

Еміс-еміс емес,

Тегіс жеңіс бермеген,

Өлең сөздің иесі

Ақ жаңбыр Жамбыл

Жалықпай жүріп жүзге жетті.

Бұ кісі де

Түсіп тісі

Пысық кісі болған. 

Шона кеттi. Сейiт – далада. Толымбек – тамада. Көпен – лə-

лə-лə! Өзi жазады, өзi айтады и өзi сахнадан қайтады. Вот, 

өзi де келе жатыр. Ал, Көпен, бiзге бiрдеңе əкелдiң бе? Не? 

«Халық қаһарманы туралы?» Не надо! Халық қаһарманының 


290

керегiсi жоқ. Ну и что? А-а, Роза Бағланова туралы пародия 

ма?  Тақырыбы  не? «Бақытты  апай  Бағланова  туралы  бал-

лада?» Да-а, вообще-то Роза апай бақытты əншi. Соғыс ке-

зiнде  генерал  Рокоссовскийдiң  өзi  окоптың  iшiнде  апайға 

орден берген. Вот это счастье! 

Патша? Не надо патша! Керегiсi жоқ. Патша туралы вообще 

айтпа.  Не  дейсiң?  Кiм?  Құрманғазы?  Не  Құрманғазы?  Не 

надо! Керегiсi жоқ... Құрманғазының бiр күйiн «Тамашаға» 

шығару керек пе? Не знаю? Құрманғазы «Тамашаға» қандай 

еңбек сiңiрдi? По-моему ешқандай заслугасы жоқ. Ең болма-

са Муромов құсап:

«Тамаша,

Тама-аша,

Та-ма-ша-а!» деп əн шығарған жоқ. Баяғыда Браун деген 

бай  немiстiң  балмаскарадына  барып, «Балбырауын»  деген 

күй арнаған. Ол «Тамашаға» күй шығарған жоқ. Знаю! Тiптi 

түрмеден қашқандарға да күй тартқан. «Түрмеден қашқан», 

«Көбiк  шашқан», «Кiсен  ашқан»  сияқты  кiсi  шошитын 

күйлерi  көп.  Посмотрим!  Егер  Құрманғазы  спонсор  тапса, 

бiр  күйiн  «Тамашаға»  жiберуге  болады...  Ол  туралы  бiздiң 

директорымыз  Əзiмханмен  сөйлессiн.  Я  не  решаю.  Билет, 

билiк – бəрi сонда.

А? Зəкең келе ме? Заманбек Нұрқадiлов «Тамашаға» қа-

тысам  деп  пе?  Вообще-то,  Зəкең  Құрманғазының  күйлерiн 

жақсы көредi. Зəкеңнiң күйден басқа да хоббиi бар. Жұмыс-

ты жақсы көредi, алтын мен күмiстi жақсы көредi, Мақпал 

Жүнiстi  жақсы  көредi.  Əсiресе,  Құрманғазының  «Алатау» 

күйiн жақсы көредi. «Адай» күйi ме? Не надо! Керегiсi жоқ. 

Зəкең  «Адай»  емес, «Алатау»  десе, iшкен  асын  жерге  қоя-

ды. Давайте, «Алатау» күйiн дайындаңдар!.. Президент те Құр-

манғазының  күйлерiн  ұнатады.  Егер  Нұрекең  «Тамашаға» 

келетiн болса, онда Құрманғазының «Сарыарқа» күйiн тар-

тыңдар!


Ну, жарайды! Пока! 

2000 жыл

291

ЌАЗАЌТЫЅ ТОЙЫ



(«Алматы түнi» əнiнiң əуенiмен)

Қазақтар ояу, қазақтар ояу,

Көз iлмес тойда бiр түнге.

Көңiлi – думан, өмiрi той-ау

Көйлегi көктеу шiркiнге.

Қазақтың тойы – «сен же де, мен же!»

Қазақтың тойы көл-көсiр.

Басыңның қамын, қарағым, кем же,

Бiтедi сонда елге шыр.

Қазақтар ояу, қазақтар – аңғал,

Топалаң тойды көп көрдiк.

Қызып қап бiреу шығарса жанжал,

Көкпардай тартып бөктердiк.

Қазақтың тойы – алыс та берiс,

Жеткiзген елдiң мұратын.

Қазақтың тойы – шақырсаң тегiс,

Өкпелеп бiреу тұратын.

Қазақтың тойы – ашылған жиын,

Қазақтың тойы – жиналыс.

Өзбектiң тойы – ұйтқыған құйын,

Өзбектiң тойы – би жарыс.

Түнде сондай бiр «жиналыста» болдым. Қазақтың тойы 

да. Бiреу қаққан қазықтай тұрып сөйледi. Ендi бiреу екiленiп, 

байлаулы бұзау секiлдi ерсiлi-қарсылы жүрiп сөйледi. Базбi-

реулер төбелеске шығатындай екi жеңiн түрiп сөйледi. Кел-

сiн-келмесiн өңшең қазақ орысшаны ұрып сөйледi.

Галстугi  ырғайдай,  даусы  сырнайдай  бiр  қазақы  көкем 

орысшалап «тост» көтердi. Сiрə, оқымысты болу керек. Жағ-



292

рафиядан  сабақ  берiп  тұрғандай  көңiлi  тасып  көлдi  айтты. 

Тебiренiп  теңiздi  айтты.  Мұңданып  мұхитты  айтты. 

Əйтеуiр,  жер-жаһанға  топан  суды  қаптатып,  сөзiн  əрең  тə-

мəмдады.

–  На  одном  берегу  стоит  девушка,  на  другом – джигит. 

Так, выпьем же за перспективу! – деп қолындағы қыпша бел 

рөмкесiн қылқ еткiздi. Түк түсiнсем бұйырмасын.

Тағы бiр көкем су жұтқан тауықтай көкке қарап шүлдiр-

ледi. Өзi қисық дейтiндей қиқар емес, көзi қисық дейтiндей 

қитар  емес.  Ол  да  оқымысты  болу  керек,  орысшадан  қа-

йырды.


– Ночь. Луна... Он. Она... Он сказал «Да!». Она сказала 

«Нет!».  Прошли  годы.  Ночь.  Луна.  Он.  Она...  Она  сказала 

«Да!».  Он  сказал  «Да!».  Но  возможности  уже  были  не  те. 

Поздно.  Так  выпьем  же  за  своевременность! – деп  ол  да 

рөмкесiн орталап тастады.

Тағы бiр оқымыстыға сөз тидi. Бұтына жара шыққандай 

талтаңдап  келдi  де,  тамыр  ұстаған  тəуiптей  ойланып-ойла-

нып сөйледi.

–  Давайте  выпьем  за  Казахстанскую  дверь,  потому  что 

она  открывается  и  закрывается.  Давайте  поднимем  тост  за 

Алматинский диван, потому что он всегда нам нужен. И на-

конец-то  выпьем  за  Шымкентское  электричество,  потому 

что оно горит, когда не надо, и не горит когда надо.

Дəп осы тұста бiр қария: 

– Əй, қарағым! – деп əлгiге қатты қадалды. – Қазақстанның 

есiгiн ашып-жабатын сен бе? Қазақтың есiгi қашанда ашық. 

Мына  жастарға  айтып  тұрған  диваның  не?  Диван  тура-

лы емес, иман туралы неге айтпайсың? Ш-ш-ш... Бiздiң Шым-

кенттiң  светiнде  шаруаң  қанша?  Светтiң  қашан  жанып, 

қашан  сөнетiнiн  əкiм  де  бiлмейдi.  Сен  немене?..  Ш-ш-ш... 

Шымкенттiң əкiмiнен əулие ме едiң?

Бiреулер əлгi əкiреңдеген кiсiге қой-қойлап жатыр. Бiреу-

лер оған қарайтын емес, той-тойлап жатыр. Асаба бала Алдар-

көседей  айнып,  жалма-жан  ылдым-жылдым,  ухит-сухит 

мiнез  танытып,  үйленген  баланың  үйрек  бас  шешесiне  сөз 

бердi.


293

–  Ой,  айналайын,  мен  ендi  не  дейiн? – дедi  əжей. – Екi 

жас бақытты болсын. Үбiрлi-шүбiрлi болсын. Осы баламды 

арқа етiм арша, борбай етiм борша боп жүрiп бақтым ғой... 

ой, аузыңа сиейiн.

Ал, ендi сөз орайы келген соң «Сөзден сөз туады, əйелден 

бұрын қыз туады» демекшi, мен ендi айтайын. Айналайын, 

келiн шырақ! Бiз де қатын болғанбыз, қапқа тары салғанбыз! 

«Есенiң де есесi бар, шешенiң де шешесi бар» дейдi бұрын-

ғылар.  Бұ  еркек  деген  ессiздеу  болады.  Қарнын  тойғызып, 

арқасынан  қағып  қойсаң,  арбаға  жеккен  ешектей  қайқаң 

қағы-ы-ы-ып жүрiп бередi. 

Ал, ендi айналайын балам, тыңда. Əйел деген доп сияқты. 

Ұрған  сайын  құтырады.  Ұрған  сайын  басыңнан  асып  ыр-

шиды. Сондықтан оны аялап, домалатып ұстау керек. Тiптi 

қолың қышып бара жатса, анда-санда желiн шығарып, нұқып 

қой.  Болмаса  басыңа  қарай  ыршымайтындай  аулаққа  теуiп 

жiбер, əдiре қалғыр.

Əзiлiм ғой, айналайын. Əзiлiң жарасса атаңмен ойна, ебiн 

тапсаң  енеңдi  киноға  шақыр,  қалжыңың  жарасса  қайын-

бикеңнiң қабырғасын сана дегендей, ойнап-күлiп өмiр сүр-

генге не жетсiн.

Ит өз құйрығын өзi көтермесе, оның құйрығын кiм көте-

редi?  Бiр-бiрiңдi  көтерiп  жүрiңдер.  Құс  қанатымен  ұшып, 

құйрығымен қонады. Құдайға шүкiр, қанат десе қанаттарың, 

құйрық десе ол да бар.

Басқа не дейiн ендi? Құда-құдағиларыма арнап ауылдың 

алты ауызын айтып берейiн.



Құда-жекжат бұл тойға келiп отыр,

Келiн бала сəлемiн берiп отыр.

Əзiлi жоқ айтатын, қалжыңы жоқ,

Қайран шалдар қаусаған неғып отыр?!

Үзiлiс. Шампанның тығынындай атылған өңшең шүлдiр-

лек өздерiнiң «частушкасына» басты. Олардан қалайын ба, 

мен де өзiмше өрекпiп, тойбастар секiлдi топ-топ мазақтама-



өлеңiмдi айттым.

294

Қазақы əуен:

«Ах!» дейсiң бе, орысша «Ох!» дейсiң бе,

Əзiл айтсам шүлдiрлеп сөкпейсiң бе?

Зибаш-ай,

Қасыңның қара қиғашы-ай.

Анаңның тiлiн сыйлашы-ай!

Орыс частушкасы:

– Здраствуй, здраствуй, аксакал,

Зачем маган казакча.

Мен торгую на базаре,

Ап жүргем жок аз акча.

Ой-й-й, ой-й, ой,

Как мы жить-то будем.

В наше время-то такое,

Кого любить-то будем?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет