Саясаткер Алтынбек СƏРСЕНБАЙҰЛЫНА
Атам қазақ «Ер жiгiттiң басына бақ үш рет қонады» деу-
шi едi. Қалай тауып айтқан! Алтынбектiң басына БАҚ үш
рет емес, төрт рет қонды. «БАҚ» – қысқарған сөз. Бұқаралық
Ақпарат Құралдары. Мiнеки, Алтынбек Сəрсенбайұлы Ақ-
парат министрi боп төртiншi рет тағайындалды. Жетi рет
өлшеп, бiр рет кесетiн дана халқымыздың тiлiмен айтқанда,
Үкiмет оны төрт рет өлшеп, бiр рет кестi! Сол-сол екен, та-
лай сөздiң тиегi ағытылды. Талай журналист тар қалпағын
аспанға атып, қуанғаны да рас. Негiзi, бiр адам билiкке кел-
се, əрi итерiп, берi жығып гу-гуге басамыз. Əйтпесе, қазақ
боламыз ба? Ол – өмiр заңдылығы.
Пəлсафа заңы былай: «Бар нəрсе жоғалмайды, жоқтан бар
пайда болмайды». Ендеше, Алтынбек жоқтан пайда болған
жоқ, ол баяғыдан бар шенеунiк. Ақпарат министрлiгiнiң
атын ауыстырып мiне берсiн, мейлi! Бəрiбiр бəсең жүрiп те
бəйге алатын шабандоз.
Кешегi Кеңес өкiметiнiң кезiнде «Дважды герой Совет-
ского Союза» болғандар аз ба? Ғарышқа екi рет ұшқандар
қаншама!.. Ондай дерек шетелде шаш етектен. Мысалы,
Сүлеймен Демирель алты рет Премьер-министр болған. Же-
тiншi ретте Түркияның Президентi болды. Ал, Алтынбек
тағы да, тағы да Ақпарат министрi болса, несi бар?! Шым-
кентше айтқанда – жүдə, жақсы!
Махаббат заңы былай: Ғашығын бiр рет сүйген жiгiт тағы
да сүйгiсi кеп тұрады.
Физика заңы былай: Iргетасы мықты қабырғаның бiр
кiрпiшi дұрыс қаланбаса, түптiң түбiнде бүкiл қабырға құ-
лайды. Егер Алтынбектi бiр кiрпiш десек, саясаттың қабыр-
ғасына жапсарбасты боп қаланған орнықты кiрпiш. Қытай
қорғанындай!
Математиканың заңы былай: Шеңбер бойымен жүрген-
дер ешқашан тұйыққа тiрелмейдi. Алтынбек – шеңберi үлкен
шенеунiк. Шеңбердi айналсын-айналмасын, көзқарасы тұ-
рақты.
Аңшылардың заңы былай: Бiр рет атқан оғы мүлт кетсе,
екiншi рет тағы атады. Министр де аңшылардан аумайды,
ендi ненi көздесе де мықтап көздейдi.
Механизм заңы былай: Үлкен шестерня бiр айналғанда,
кiшi шестерня шыр айналады. БАҚ қызметкерлерi үшiн Ал-
тынбек, əрине, үлкен шестерня. Шыр айналдырады! Бiрақ,
оның да үлке-е-ен шестернясы бар...
2003 жыл
234
ЖЕР МЕН КҐКТIЅ АРАСЫ
Жазушы Сəбит ДОСАНОВҚА
Бұл өзi жайсыз жатып көрген түс емес, не адам сенетiн iс
емес. Бiрақ, болған оқиға.
Ерте, ерте, ертеде, ешкi жүнi бөртеде... Жо-оқ, одан да бер-
теде... Анау жылдары Торғай облысы бiресе ашылып, бiресе
жабылып жатқан жапатармағай заманда Арқалықтан ұшқан
«ТУ-154» алып ұшағы апатқа ұшырап, көп жолаушылар-
дың iшiнен екi-ақ адам аман қалған едi.
Соның бiрi – жазушы Сəбит Досанов болатын...
235
Ала бұлттың аржағында айырпылан ағып келедi, артына
«ақ бояуын жағып» келедi. Iшiнде Сəбит Досанов нағып ке-
ледi? Қасында отырған қарындаспен танысқысы кеп, қас-қа-
бағын бағып келедi. Ойы – он бөлек, көзi – дөңгелек.
«Қалай таныссам екен?» – деп ойлады Сəбит. – «Қарындас,
атың кiм?» десем бе екен, əлде сағат сұрасам ба екен?
«Қарындас қайда барасың?» десем бе екен, əлде «Қайдан
келесiң?» десем бе екен?
Тындырған iсiмдi айтсам ба екен, əлде түнде көрген тү-
сiмдi айтсам ба екен? Ə, соным дұрыс. «Қарындас, түнде түс
көрдiм, түсiмде қызық iс көрдiм дейiн. Басымда бит қаптап,
балағыма шейiн өрiп жүр екен. Екеумiз бас түйiстiрдiк. Менiң
басымдағы бiр-екi бит сенiң басыңа қарай барлаушыдай ба-
уырлап, жыбырлаған күйi өттi де кеттi. Жанында жетi-сегiз
жабысқағы бар».
Жо-жоқ, шошып кетер. Одан басқа ойнақы нəрсенi ойлап
табайын. Əлде... Əй, бiрақ, бұл қу қыз менiң əйгiлi жазушы
Сəбит Досанов екенiмдi бiлiп отыр-ау? Ə-ə, бiлiп отыр. Неге
бiлмесiн, бұ қыз түгiлi қазақ əдебиетiнiң қазанын қайнатып,
көбiгiн қалқыған Сəбит Мұқанов, Мұқамеджан Қаратаев,
Олжас Сүлейменов, Темiрғали Нұртазин, Тəкен Əлiмқұлов,
Сəкен Жүнiсов, Сайын Мұратбеков, сосын Аристотель... Туh,
Аристотель деппiн ғой, кiм... анау... мəскеулiк сыншылар
Мирошниченко, Тамм, Полухина, Столяров менiң мен еке-
нiмдi баяғыда бiлген. Бiлмесе шығармаларыма жылы лебiз
жаза ма?!
Менi Қазақстан ғана емес, шетелдiктер шетiнен бастап
таниды. Дүние жүзiн дүбiрлеттiм. Бармаған жер, баспаған
тауым жоқ. Иə, əрiсi шетел, берiсi Торғайға белгiлiмiн. Анау
жылы Арқалық қаласының қақ ортасында «Сəбитжан, қашан
келесiң?» деп оң қолын көтерiп тұрған Ленин ескерткiшiне
гүл шоғын қойып, тағзым еткенiмдi тамам жұрт бiледi.
Қасы-көзi қиылған қарындаспен қалай тiлдессем екен?
Өзiң, сəулем, iздегенiм,
Кездесуге жүз келемiн.
Сөйлесуге тiл жетпейдi,
Қиын екен қыз дегенiң...
236
М-м... «Қарындас, мен Амангелдi жəне Ақсуат ауданының
құрметтi азаматымын. Сондай-ақ, Африкадағы Дунду қала-
сының да құрметтi азаматы едiм!» деп, əуелi тамырын тап
басып сипақтатсам қайтедi? Əй, бiрақ бұ қыз менi бiлiп
отыр. «Ағай, сiз ауданның ғана емес, жеңгелi ауылдың да
құрметтi азаматысыз ғой?» десе, тобықтан қаққандай топ ете
түспеймiн бе? Болмайды!
Келе жатыр Досанов,
Жылдан-жылға жасарып.
Бүгiн шешiп тастайды
Кəстөм кисе кеше алып.
Келе жатыр Досанов,
Жылдан-жылға жасарып.
Барған жерi алдынан
Шығады ылғи төс алып...
Жарасқанның жазғанын айтып, солай десе сорым қай-
намай ма?
Ойпырмай, баяғыда Ташкенге барғанда бiр өзбек до-
сым үйiне шақырып, дастарқанына көк шай мен көкала
қарбыз əкеп қойған едi. «Сəбит ака, кок чай iшiң. Бұ кок
чай давлениеге жүда яхши. Сабит ака, iшiң-iшiң, көк чай
iшiң!» деп қайта-қайта көк шай құйып, iшiмдi кептiрген едi.
Қарбызды қалай сұрап жеудiң амалын таппай, былай деп ем-
ау:
– Сiздiң көк шайыңызға көп рақмет. Қазiр мына қарбызды
жегесiн қайда жатам? – дедiм.
– Хоп, мейлi, Сабит ака! Ыхтиярыңыз! – дедi өзбек досым.
– Бұ, дарбызнин жартысын жеп бата берiңiз де, мына тап-
чанға жата берiңiз, – дедi. Мен қарбыздың жартысын емес,
бəрiн жеп қойдым да екi рет бата бердiм. Өзбек те өз ағам
ғой, бəрiбiр емес пе?
Ойпырмай, өзбектiң қарбызынан өзiмiздiң қарындас қиын
болды-ау! О-о, таптым, таптым! Мəскеудегi «Советский пи-
сатель» баспасынан шыққан романдарымның сюжетiн ай-
тайын. Жоқ, одан гөрi пьесаларымның оқиғасы қызық. Əй,
қойшы, онсыз да басы қатып отырған қыздың басын қаты-
рып қайтем...
237
Айырпылан ала бұлттың аржағынан бержағына ағып өтiп,
ақ көңiл аэропортты бауырға басуға ыңғайланғандай, жерге
қарай жеделдетiп ұшып келедi. Сəбит Досанов қасындағы
қарындасқа бiрдеңе дегiсi кеп, тiлi қышып келедi. Кенет, он
бөлек ойын топтатып, дөңгелек көзiн тоқтатып:
– Қарындас! – дедi. – А, қарындас, сiз де осы самолетпен
ұшып келе жатырсыз ба?
Сол-ақ екен, тағдырдың жазғаны мол-ақ екен, патефонның
табағындай дөңгелеп тұрған көзiнiң оты жарқ ете қалды. Əрi
қарай есiнде жоқ. Ертесiне есiн жиса, екi аяғын аспанға асып
қойып, ауруханада жатыр екен.
– Маған не болды? – дедi Сəбит кiрпiгiн əрең қозғап.
– Болары болды! – дедi дəрiгер қыз. – Сiз мiнген самолет
қара жерге түскенде қақ бөлiнiп, басы бiр бөлек, құйрық
жағы бiр бөлек ұшып кетiптi. Ағай, сiз салонның қай жерiне
жайғасып едiңiз?
– Құйрық жағына отырып ем, құдай сақтап қалған екен
ғой. Қарындас, танысып қояйық, мен Сəбит Досанов деген
жазушы ағаң болам...
Қолаң шашқа қолын ұсынғысы кеп едi, о тоба! Қолы қор-
ғасындай ауыр, көтертпейдi. Қол-аяғы сынғанын сонда ғана
бiр-ақ бiлдi. Бұған да тəубе! Жазатайым жазмыш болғанда
Қазақстан Республикалық əдеби қорын кiм басқарар едi?
Республикалық халық шығармашылығы жəне мəдени дема-
лыс орталығының Бас директоры кiм болар едi? Баспаның
редакторы боп кiм iстер едi? Ресейдiң Шолохов атындағы
халықаралық сыйлығы кiмге бұйырар едi? Көзi жəудiреген...
көп шығарманың авторы ше? Құралай жеңгеме қожайын боп
кiм қоқаңдар едi?
Жаман айтпай – жақсы жоқ, жазатайым жазмыш болғанда
Мəскеуде шығармашылық кешiңiз өтер ме едi, өтпес пе едi?
Алматыдағы алпыс жылдық мерей тойыңыз ше? Шапалақ
ұрып, шапанды кiмге жабар едiк?
Опаттың бетi аулақ, ойпырмай, сiз со жылы олай-бұлай
боп кетсеңiз Сiздiң атыңызға Америкадан мынадай жедел-
хат жетер ме едi, əлде жетпес пе едi: «Диа райтэ оф Казахстан
Сабит Досанов Ю а талант заст уай уй лав ю. Ричард Джонс.
Вашингтон».
238
Түсiнбей тұрсыздар ма? Қазақшасы былай: «Қазақстан-
ның сүбелi жазушысы Сəбит Досанов! Сiздi жүдə жақсы кө-
ремiз, сүйемiз».
Тағы да мынадай бiр құттықтау келер ме едi, келмес пе
едi: «Су ку шай жибао шин Сабит Досанов чирлинг гао, чир-
линг зао, чирлинг... быхи-тыхи».
Жат жұрттың жарты бет құттықтауын жөндi оқи алмадым.
Бiрақ жобасы солай. Оның қазақшасын Қытайда елшi болған
Қасымжомарт Тоқаев аудармаса, бiз онша түсiнбедiк.
Қытай тiлi ме, əлде ескi хинди тiлi ме?
Қытай тiлiнiң маманы Мұрат Əуезовтің түсiндiруiнше,
мұның қысқаша мазмұны былай екен: «Құрметтi Сəке, быхи-
тыхидан аман боп, еңкейiп, шалқайып жүре берiңiз əйтеуiр».
Айырпыланның артында отырғаныңыз қандай жақсы
болған! Ойпырмай, со жолы олай-бұлай боп кетсеңiз Грузин-
нiң атағы жоқ атақты ақыны Амирдчан Копенидзе Сiзге ар-
нап мынадай өлең жазар ма едi, жазбас па едi?
– Дорогой, захади! Бешбармак будеш, шашлык будеш,
чача будеш, гостем будеш. Я сейчас тебе прочитаю торжес-
твенный стишок! Это – посвященная поэзия. Она называется
«Жизнь и творчество Сабита Досанова или возвращение
блудного сына».
Умный, красивый, волосатый и знаменит,
Сын степей, наш друг Сабит.
Для женщин
Ты всегда призовой депозит.
Расцветает целинный край,
Рядом с тобой – супруга Куралай.
И в светлый день,
И в трудный час
С тобой – Насыр Фазылов,
Абиш Кекильбаев,
Нурлан Оразалин,
Темирхан Медетбек,
Зюганов,
Жириновский,
Путин,
Оразбек Сарсенбаев,
Мустай Карим,
Тимур и Олжас...
И в трудный час!
Сейчас
Это радует нас!..
Ты был в Америке,
В Анголе,
В Африке,
В Голландии,
В Греции,
В Румынии,
В Чехословакии,
В Болгарии,
В Бельгии,
В Индии,
В Шри-Ланке,
В Шаульдере,
И в Чемолгане...
Ты почетный гражданин земли,
И почетный гражданин любви!
Амирдчан Копенидзе.
Тфлиси.
Көрер жарығыңыз көп болсын, көке! Сiздi құттықтаушы
Копенидзе емес, Көпен iнiңiз.
1990 жыл
240
ШƏМШIНIЅ ƏЗIЛДЕРI
Бiртуар сазгер
Шəмшi ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ рухына
Шəмшi ағаның əндерi бiр төбе, əзiлдерi бiр төбе. Ал,
ақындығы ше? Ауыз-екi əзiл-қалжыңдары ше? Қайталанбас
құбылыс.
... Ол кезде «қызыл империяның» əмiрi жүрiп, қылышы-
нан қан тамып тұрған заман.
«Жоғары оқу орнын бiтiрмегендер СССР композиторлар
одағының мүшесi болмайды» деген қатып қалған қағида бар.
Қағиданың аты – қағида, бұза алмайсың.
241
Құрманғазы атындағы консерваторияға түстi. Шүу де-
геннен атағы шарықтады. Iшi тарлардың көре алмағаны рас.
Қызғаныш не iстетпейдi? «Ылду-сылду, ыңғайы жоқ сту-
дент» секiлдi сыныққа сылтау iздеп, институттың соңғы кур-
сынан шығарылды. Дипломсыз композитор. Алты алашқа
танылған Ақан серiде диплом бар ма едi? Бiржан салда ше?
Кешегi Жаяу Мұса...
– Мен таң қалам, – дейдi екен Шəмшi. – Консерваторияға
Құрманғазының аты берiлген. Сонда Құрманғазы атам қай
консерваторияны бiтiрдi екен?
...Қара кəстөм туралы қалжыңы ше? Шəмшiге ел-жұрты
ерекше құрмет көрсетiп, су жаңа кəстөм-шалбар кигiзедi.
Алматыға келгесiн сол жаңа киiммен достарына соғады да,
түнделетiп үйiне келе жатса көшенiң бұзықтары ұстап алып:
– Шешiн! – дейдi.
– Əй, жiгiттер, мен Қалдаяқовпын ғой.
– Бiзге Қалдаяқов емес, қара кəстөм керек! – дейдi əлгiлер.
Сонда жарықтық Шəкең:
– Айналайын халқым, өзi киiндiредi, өзi шешiндiредi.
Халқым аман болсын!
...Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев екеуi Алматыдағы
Ленин ескерткiшiнiң түбiнде кездесiптi.
«Ойласам талай-талай қыр басыппын,
Досым деп доңызбен де сырласыппын!» –
деп жыр оқыған Мұқағали:
– Ленин неге оң қолын шығысқа қарай көтерiп тұр? – деп
сұрапты. Сонда Шəмшi не деген?
– «Банк пен базар мына жақта. И бас жазатын жер де осы
жақта!» деп тұр, – деген.
Бiр заманда өтiрiк «Шəмшiлер» көбейiп, атын пайдалан-
ғандар аз болмаған. Сыраханада Əбiлахат Еспаев екеуi бөр-
тiп тұрса, бiр бейтаныс жiгiт кеп:
– Мен Шəмшi Қалдаяқовпын! – деп өзiн таныстырады.
Екi дос не дерiн бiлмей бiр-бiрiне қарайды. Əбекең:
– Мен Əбiлахат Еспаевпын! – дейдi. Ал, Шəмшi өзiн:
242
– Академик Ахмет Жұбановпын! – деп таныстырады. Əл-
гi жiгiт кеткесiн Əбекең:
– Өлген кiсiнiң атын айтып, өтiрiк танысқаның ұят емес
пе? – дейдi. Сонда Шəмшi:
– Ұялса анау жiгiт ұялсын, – дейдi. – Ол жiгiт тiрiнi өлтiр-
дi, ал мен өлiнi тiрiлттiм.
Ұлтымыздың рухы, бiртуар тұлға Дiнмұхамед Қонаев
арнайы шақырып Шəмшiмен əңгiмелескен. Азды-көптi сұх-
баттан соң:
– Шəмшi шырағым, не жағдай керек? – деп Димаш аға
ықылас бiлдiрген.
Басқалар болса жыртығына жамау сұрап, алақан жайып
алдында тұрар ма едi, тұрмас па едi? Шəкең өйтпеген. Бек-
заттық танытып:
– Аға, рақмет! Шүкiр, бəрi бар! – деген.
Тұрмысының жұпыны да жұқа екенiн бiлетiн Нұрғиса
Тiлендиев:
– Димаш аға, Шəмшiнiң үйi жоқ! – дептi. Сонда Шəмшi:
– Неге үйiм жоқ? Үйiм бар! Өткен жолы екеумiз бiздiң
үйде болған жоқпыз ба? – деп бала секiлдi ағынан жарылған.
Жаны ашыған Нұрғиса жарқылдап сөзiн бөледi. Шəмшi-
нiң үйi үйден гөрi үңгiрге ұқсайтынын, қуықтай ғана екi бөл-
месiнiң өзi ескi əрi тар екенiн айта келiп:
– Димаш аға, – дейдi, – Оның үстiне Шəмшiнiң үйi алыс,
соно-о-оу микрорайонда.
«Солай ма?» дегендей Димаш аға Шəмшiге қарайды. Ол
болса қыбыжықтап:
– Алыс екенi алыс, – дейдi. – Бiрақ Шымкентке қарағанда
жақындау.
Жас əншi Нұрғали Нүсiпжановтың даусын «Бұлақтың
басына шөлдеп келген лақтың даусындай!» деп əдемi əзiл-
мен тəнтiлiк танытқан.
...Кiр жуып, кiндiк кескен жерi Отырарға барғанда Шəмшi
аяқ астынан ауырып, ауылындағы ауруханаға түседi. Хал-
ахуал сұраған жерлестерi:
– Жүрегiңiз ауырады екен-ау? – дейдi. Шəкең оған мойы-
сын ба?
243
– Жүрек ауруымен жүрегi барлар ғана ауырады! – дейдi.
Ғалымдардың болжамы бойынша, бүкiл жан-жануардың
iшiнде ит қана инфаркт болмайды екен...
– Егер менiң көрген күнiмдi көрсе ит те инфаркт бола-
ды! – дейдi Шəкең қуақыланып.
Қазақта «Аурудың жақсысы жоқ» деген сөз бар.
– Аурудың да жақсысы бар, – дейдi екен Шəмшi аға, – Ең
жақсы ауру – қышыма, қасыған сайын жаның кiредi.
Шəмшi Шымкентке қоныс аударып, көшiп келгенде ақын
iнiсi Төлеген Айбергенов бiр шумақ өлең шығарыпты.
Үстiнен оңтүстiктiң таңдай атып,
Шымкентке келiп қалды Қалдаяқов.
Қалдаяқов келдi де ару қызды
Өзiнiң əуенiмен алды оятып!
Сол Төлеген Айбергенов тұңғыш жинағы жарық көргенде
қуанғаны сонша, жүгiрiп Шəмшiден сүйiншi сұрайды. Кiта-
бы жұп-жұқа екен, қырғыштың қырындай ғана. Бағасы 5-ақ
тиын. Ал, аты айқайлап тұр: «Арман сапары». Сүйiншiсiне
не бере қойсын? Қалтасы тесiк Шəмшi табан астында тауып,
бiр шумақ мына өлеңiн «байғазыға» балап, қолтаңбасын қал-
дырған.
Көбейiп тұр бүгiнде
Ақындардың қатары.
Бес-ақ тиын тұратын
Не деген арман сапары?
«Құшақ жайған қандай адам» деген өз əуенiне өлең жазған
Шəмшi шынында да ағыл-тегiл ақын болған. Туындысын
күшенiп «туатын» кейбiр ақын құрдастарына:
– Мен композитор боп сендердi құдай сақтап қалған
ғой! – деп күледi екен.
Мұхтар Шахановтың жалындаған жас кезi. Бойдақ. «Ле-
ниншiл жастың (қазiргi «Жас Алаш» газетi) Оңтүстiктегi тiл-
шiсi. Үйiне iздеп барса Мұхтар iнiсi Қызылқұмға (қазiргi
244
Отырар ауданы) кетiп қалыпты. Шəмшi аға есiгiне екi шумақ
өлең жазып қалдырады.
Мұхтар, осы шынымен бұзылдың ба,
Немесе неге кеттiң Қызылқұмға?
8-март мейрамы қарсаңында
Бiр емес, қыздың тастап жүзiн мұнда.
Кетпегiн Қызылқұмның сайында ағып,
Қалмағын Шəуiлдiрде қайындалып.
Бiреудi ертiп келсең, өзiң бiлгiн
Бұл жақта бiз отырмыз дайындалып.
Отағасы болған шағында да ақтарып айта салған ақжар-
ма өлеңдерi көп-тiн. Соның бiреуi былай:
Жiгiт күнде қыз едi мақалымыз,
Шығып кеттi бұл күнде сақалымыз.
Қырқасынан қырықтың асқаннан соң
Қыз қалып, қатын болды қатарымыз.
Құдай басқа салған соң амал бар ма,
Жақсы қыздар кеттi ғой жамандарға.
Ата-бабам үш-төрттен қатын алған,
Қайтып келер дəл сондай заман бар ма?
Ал, қонақта отырып, үстел басындағы аруларға арнап шы-
ғарған өлеңiн бiлесiң бе? Бiр шумағы былай:
Жағасы едiң сен менiң жемпiрiмнiң,
Қыз келсе жiгiт – пұшақ елтiрiнiң.
Қыздар-ау, қастарыңа жақын қондық
Сұрар деп хал-жағдайын кемпiрiмнiң.
Жас кезiнен жанында көп жүрген жазушы досы Оразбек
Бодықов та Шəмшiнiң ақындығына айғақ.
Алпысыншы жылдардың аяқ шенiнде Алтынемелден асып
бiр шопанның үйiне түссе, той болып жатыр екен. Шəмшiнiң
245
келгенiне қуанған ауыл-аймақ түнi бойы əн-жырға бөленедi.
Таң ата көз шырымын алған Шəмшiнi келiншектер «Шай
iшiңiз» деп оятады. Қасындағы жiгiттер:
– Өлең айтып оятпасаңдар, тұрмаймыз! – дейдi еркелеп.
Келген келiншектер де суырыпсалма ақын екен, аяқ астынан
айтыс басталады. Шегiнетiн Шəмшi ме?
Келiншек:
– Болсаң да кетпен шапқан күнiменен
Даусымның оянарсың үнiменен.
Жiгiттер, бұл жатысың қандай жатыс,
Шыққандай қой күзетiп түнiменен?
Шəмшi:
– Белiнен басып жүрмiз жалғаныңды,
Көтерiп көрер ме едi салмағыңды.
Күнəсiз өткiзсем де осы түндi
Киейiн, шыға тұршы, дамбалымды.
Келiншек:
– Болғанда – сiз қалада, бiз – далада,
Дарияның сiз – ортасы, бiз – жағада.
Солдатша тез киiнiп болсаңдаршы,
Жараспас сыртта тұру қыз балаға.
Шəмшi:
– Кiре бер, ендi кидiм дамбалымды,
Тiстерсiң мен кеткен соң бармағыңды.
Артыңда бала-шағаң, байың да тұр,
Қалдырып кетер едiм бар малымды.
Таңертеңгi шай iшiлiп болғасын, сиыр сəскеде малшы
ауылдың өңшең өнерпаз келiншектерi Шəмшi бастаған қа-
дiрлi қонақтарды өлеңдетiп шығарып салады.
– Сендерден ала алмадым, таласым бар,
Кеудемде жазылмайтын жарасыңдар.
246
Бiр тəулiк көңiл ашып, өлең айттық,
Қай жаққа бiздi тастап барасыңдар?
Ақ жүрек ауылдың ажарлы думанын қимаған Шəмшi қыз-
келiншектiң бəрiмен қол бұлғап қоштасады. Сол сəтте кеу-
десiнен өлең құстай ұшып, қанат қағады.
– Жiгiттiк өзiмiзге тəн шығарсың,
Ал сендер соған сəйкес сəн шығарсың.
Алда – жол, артта – қиял,
Омырауға
Зер толған, жазылмаған əн шығарсың.
Аты-жөнi есiмде жоқ, қайсыбiр жылы Оңтүстiктiң Созақ
ауданына барғанда бiр əжемiз:
– Мен саған Шəмшi туралы əңгiме айтайын, – дедi. – Студент-
пiн. Пединститутта оқимын. «Əншi болсам!» деп армандап
жүрген кезiмде Шəмшi аға Шымкентке көшiп келгенiн естiдiм.
Iздеп жүрiп таныстым. Екi бөлмелi үйде тұрады екен. Бала-
шағасы – Алматыда. Ойымда түк жоқ. «Аға, жаңа əнiңiздi еш-
кiмге бермеңiзшi, бiрiншi рет өзiм орындаймын!» деп қыр
соңынан қалмаймын. Қаланың саябақтарын аралап, жиi-жиi
қыдырамыз. Сырласамыз. Сөйтсем, жұрт менi Шəмшi Қалдая-
қовпен жүредi екен деп өсек шығарыпты. Қатты ашуландым.
Жарыла жаздап Шəмшi ағаға жетiп барып ем:
– Не болды, айналайын? Емтиханнан «2» алдың ба? – деп
сұрады.
– Бүкiл қала менi сiзбен жүредi деп айтып жүр екен, аға? –
дедiм булығып. Сонда Шəкең:
– Ну и что же? – дедi орысшалап. – Ақыры айтылып қал-
ған екен, жалғастыра берейiк.
Не дерiмдi бiлмей, күлiп жiбердiм.
Əйгiлi əзiлкеш Оспанхан Əубəкiровтiң үйiндегi Нұрсұлу
жеңгемiз айтады:
– Өзiм жетiм қызбын. Детдомда өстiм. Қостанайда он
жыл орыс мектебiн бiтiрiп, Алматыдағы консерваторияға
түссем... Масқара-ай, Асанəлi Əшiмов, Шəмшi Қалдаяқов,
Райымбек Сейтметов, Сайын Мұратбеков, Нүкетай Мышба-
247
ева, Оспанхан Əубəкiров секiлдi студенттер. Қазақша сайрап
тұр. Мен ше? Бiр ауыз сөйлей алмаймын. Түсiнемiн, бiрақ
тiл жоқ.
Алланың бұйрығы шығар, Оспанханмен көңiлiмiз жара-
сып, тұрмысқа шығатын болдым. Оспанхан бiр күнi Шəмшi-
ден:
– Осы қызды алсам қайтедi? – деп сұрады. Сонда Шəмшi
ойланбастан:
– Алсаң – ал, орыс iздеп əуре болмайсың! – дедi.
Бiр үйде қонақ болған Шəмшi ағамыз қарсы жақтағы əдемi
келiншекке көзi түсiптi де «Осы отырыстан кейiн кездесейiк»
деп салфеткiге жазып жiберiп ыстық ықылас бiлдiрсе керек.
Ал, əдемi келiншек салфеткiнiң екiншi жағына «Бүгiн қолым
тимейдi» деп жауап қайтарыпты.
Соры қайнаған сол салфеткiнi тауып алған жеңгемiз Шəм-
шiнiң үстiнен «қылмыстық iс» қозғап:
– Мынауың не? – деп жауаптың астына алмай ма? Сонда
Шəкең дəкедей жұқа салфеткiнi жеңгейдiң қолынан жұлып
алып, үңiлiптi де:
– Неменеге ашуланасың? Сен долданатындай ештеңе
жоқ, отказ берiптi ғой! – дептi.
Жазушы Оразбек Бодықов:
– Бiр кiсiнiң Жасарал, Көкарал, Ақмарал, Генерал деген
балалары бар екен. Аттары қызық, ə? – дейдi.
– Ой, ол түк емес!, – дептi Шəмшi. – Бiр шалдың Мылтық-
бай, Найзабай, Наганбай, Патронбай, Шомпылбай деген бала-
ларын өз көзiммен көрдiм.
Рас па, өтiрiк пе? Аузын ашып аң-таң қалған Оразбекке:
– Немене, сенбейсiң бе? – дептi Шəмшi. – Бiздiң қазақтар
ат қойғыш. – Менiң «Сыған серенедасы» əнiмдi үзiлдiрiп
айтатын Зəуреш Есбергенованың аты – Закон. Кейiн Зəу-
реш боп кеткен. Октябрь деген спортшы, Февраль деген
секретарь, Совет, Коммунар деген журналист, Глазбай деген
режиссер бар. Тiптi Данышпан деген əйелдi де көрдiм.
Шiркiн, Шəмшi! Осы бiр астары қою асқақ əзiлмен не
айтқысы келдi екен?
2000 жыл
248
«ТОЌАЛ» ПАРТИЯСЫН
ЌАШАН ЌЎРАМЫЗ?
Күллi депутат күл шашып ойнаған баладай от басы, ошақ
қасының тiрлiгi емес, маңызды мəселенi май шаммен қарап,
қызу талқыға салды. Мəселе – бiреу, сұрақ – үшеу:
1. Қазақ қайтсе көбейедi?!
2. Делiқұл демографияны қалай дамытамыз?
3. Ол үшiн не iстеу керек? 2015 жылға дейiн халқымыздың
санын 20 миллионға қалай жеткiземiз?
– «Еркекке екi əйел алу туралы заң» қабылдағанымыз
жөн, – дестi депутаттардың басым көпшiлiгi байсалдылық
танытып.
– Дұрыс! – дедi бiразы ат үстiнде отырғандай қопаңдап. –
Бiр жарым миллиард халқы бар қытайлықтар Қазақстан жұр-
тының он бес-ақ миллион екенiн естiгенде «Олар бiр-бiрiн
танитын шығар?» деп таңырқасыпты. Бiз расында да азбыз.
Неге? Демографияның көңiне көк шығарып, профессор Ма-
қаш Тəтiмов айтқандай «көк көрпемiздi бүлкiлдету» үшiн
жаңадан партия құруымыз керек.
– Партия құрғаннан көбейсе, қазақтың саны баяғыда-ақ қа-
рыштап өсер едi ғой, – дестi бiрсыпыра депутат мырзалар. –
Топырағың торқа болғыр КПСС-тен бастап қанша партия
құрмадық. «Отан», «Ақ жол», «Асар», «Азаматтық», «Ауыл»,
«Аграрлық партия»... Ең соңғы Нəрiкбаевтың «Демократия»
партиясы... Айтыңдаршы, қай қазақтың жыртығына жамау
болып, кiмнiң тесiгiн бiтедi?
– Мəртебелi мырзалар мен ханымдар! Қадiрлi отандас-
тар! – дедi қатарынан қайта-қайта сайланған қадiрлi бiр
депутат. – «Отан» партиясын құрдық. Ендi «Тоқал» партия-
сын қалай құрамыз?..
Дау-дамай басталды.
– Оған бəйбiшелерiмiз көне ме?
– Бiр сиыр – айран, екi қатын – ойран...
– Ойлан, депутат, ойлан!
Сол сол-ақ екен, депутаттардың тоқал алу туралы ойлары
мол-ақ екен. Бiрiнен соң бiрi жамыраған қозыдай жарыссөзге
шықты.
249
– «Əйелiң жақсы болса,
Далада дабырлап сөйлейсiң.
Əйелiң жаман болса,
Үйде сыбырлап сөйлейсiң».
Дабырлатып та сөйлететiн, сыбырлатып та сөйлететiн аға-
ларымның айдай сұлу ай сұлу əйелдерi бұл мəселеге қалай
қарайды екен?
«Əйел бiр қолымен бесiктi тербесе, бiр қолымен əлемдi
тербейдi». Бiресе тербеп, бiресе тербетiлiп жүрген, бiресе
ағаларымызды тергеп, бiресе тергетiлiп жүрген аршыған жұ-
мыртқадай аппақ жеңгелерiмiз не дейдi?
Сарапқа салсақ, Қазақстандағы еркектердiң орташа жа-
сы – 58. Ал, əйелдердiң орташа жасы – 70. Көрдiңiздер ме,
əйелдер көп жасайды. Өйткенi, еркекке қарағанда анағұрлым
күштi.
«Əйел ашуланса – шай қайнатады» дейдi. Шай қалай қай-
найды? Бұрын отпен қайнаушы едi, қазiр тоқпен қайнайды.
Əйелдер – ең қуатты электр. Тоқ ұрса жаман болады. Ойла-
найық. Тоқал алу тоққа түскенмен бiрдей. Тоқал алғыш бол-
саңдар өздерiң-ақ ала берiңдер. Тасқынның алды – жаман,
арты жақсы. Кiшкене артын күте тұрайын...
– Мəселенi бiз шешпеймiз, мəнiстiң бəрi əйелде! – дедi
мəсiнiң қонышындай жылтыраған бiр депутат. – Өйткенi
«əйел – қырық шырақты». Ендеше, əйелдiң жаны – қырық!
Еркектiң жаны ше? Екеу-ақ! Екi-ақ жаны бар еркекте ес
бола ма? Бiр еркек газетке мынандай жарнама берiптi:
«Қырық жастағы əйелiмдi жиырма жасар екi қызға айыр-
бастаймын!». Бұл ендi «төрт бөлмелi үйiмдi екi бөлмелi екi
үйге айырбастаймын» деген далбаса да.
Айырбасқа көнбейтiн, айылын жимайтын кербез сұлу ке-
лiншектерiмiзбен кеңесейiкшi.
– Кеңесетiн не бар? – дедi бiр депутат. – Əйел – кiтап. Бiр
кiтапты қашанғы оқисың, түк қызық емес.
Оған бiр депутат оқалақ тигендей одыраңдап қарсы шықты.
– Əйел кiтап емес – кiтапхана. Оны өмiр бойы оқып та-
уыса алмайсың. Менiмше, еркек – цирктегi ат секiлдi, ал
250
əйел – сол атты үйрететiн дрессировщица. Қолында – қам-
шысы. Алэ-э-оп! «Жел!» десе желе қалады, «Кел!» десе келе
қалады. «Қат!» десе қата қалады. «Жат!» десе жата қалады.
Аузына кəмпит сап алдай салса бiттi... Екi танауы шелектей
болады.
Əйелдiң жұмысы ауыр. Бiр сағат ас дайындаған əйел 8 ша-
қырым жол жүргенмен бiрдей. Қазақстанның қап арқала-
ған қатын-қалаштары 8 шақырым емес, күнiне сексен шақы-
рым жаяу жүредi. Ал еркектерi ше? Тамақ əкелгенше талтайып,
төргi үйде төңкерiлiп жатады. Құдды аударылып қалып тұра
алмай жатқан қоңыз секiлдi. Шыбын қақпайды-ау сабаздар.
Жанын аяйды. Неге аямасын. Еркектiң жаны екеу-ақ қой.
Əйелдер ашуланса анау-мынау, ады-бұдысын аузына
сақтамай айтып-айтып тастайды. Сөзi таусылса көзi бар,
ботадай боздап жылап жiбередi. Негiзiнде əйелдер күлкiсi
келмесе күлмейдi, ал жылағысы келсе кез келген уақытта
жылай алады. Ықыласпен жылаған ыстық жас денсаулыққа
өте-мөте пайдалы. Өйткенi, бойдағы удың барлығы ауыз бен
көз арқылы айдалаға ағып кетедi.
Ал, еркек ше? Ұр! Жыламайды. Киiз тепкендей тепкiле!
Жыламайды. Керiсiнше өзiңе қарсы ұмтылып, «Ой əкеңдi...»
деп əкiреңдеп, жатқан орнынан қасқырдай қарғып тұрады.
Бiттi! Бар қимылдағаны сол-ақ.
Бiрақ, еңiрегенде етегi жасқа толатын еркектер де бар.
Олар неге жылайды дейсiз бе? «Аралдағы жеңешесiн» са-
ғынғандай ауылдағы ажырасып кеткен бəйбiшесiн ойлап,
қамыққанда көзiнiң жасы көл болады. Сол бiр солқылдап
жылаған əуенге құлақ түрiп көрiңiзшi.
Аумайсың
Жас баладан, жас баладан,
Пəк бəйбiше сен едiң.
Тастайын деп, тастамағам,
Жəй əншейiн серi едiм,
Бе-е-е-еу, бəйбiше!
Еркек болып жаралдым,
Қыз-қырқыннан нəр алдым.
251
Жадыраған жаның гүлдей
Бəйбiше,
Мен өзiңдi сағындым ғой,
Айналайын, бəйбiше!
Бəйбiше,
Еркек едiм, еркек едiм,
Ерке болған жаныңа.
Ендi саған еркеледiм,
Тоқал алып тағы да.
Бе-е-е-еу, бəйбiше.
Еркек болып жаралдым,
Қыз қырқыннан нəр алдым.
Жадыраған жаның гүлдей
Бəйбiше,
Мен өзiңдi сағындым ғой,
Ауылдағы бəйбiше!
Айналайын бəйбiше...
Əйел туады. Туған сайын қаны жаңарады. Жаны жаңара-
ды. Құндақтаулы баласын құшақтап, айналып-толғанады.
Ийдi! Ал, еркек ше? Туа алмайды. Тiптi кiмдi айналып, кiмдi
толғанып жүргенiн өзi де аңғармай қалады. Сондықтан да,
көрiнген сұлуға көзiн сатып жүргенше, еркекке екi əйел ал-
ған анағұрлым тиiмдi! И морально и экономически...
Осы кезде бiр əйел депутат:
– Еркектер екi əйел алса, əйелдер екi күйеуге тиюге бола
ма? – деп сұрады.
– Болмайды! – деп депутаттар үзiлдi-кесiлдi қарсы шық-
ты. – Өйткенi, еркек он əйел алса, жылына он бала туғыза-
тындай мүмкiндiгi бар. Ал əйелдер он күйеуге тисе де жы-
лына бiр-ақ бала туады. Сондықтан да болмайды. Одан
демография дамымайды.
Депутаттар он бес минөт үзiлiске шыққанда «Тоқал» пар-
тиясына мүше болуға ниет бiлдiргендерге «Лейла, Лейла,
Лейлажан» деген əн орындалды.
252
Лейла, Лейла, қалқам-ай,
Əрбiр ғашық əр қалай.
Əйел болса балтадай,
Еркек болар жаңқадай.
Лейла, Лейла, қалқам-ай,
Қалқам Лейла, қал қалай?
Бəйбiше-тоқал екеуi
Бидай менен арпадай.
Арпа-бидай – ас екен,
Алтын, күмiс – тас екен.
Тоқал алсаң басталар
Бəйбiшеңмен бəсекең.
Лейла, Лейла, соқтықпа,
Жүйрiк жетпес жоқтыққа.
Тоқал алар тоқ адам,
Ораза, намаз – тоқтықта.
Лейла, Лейла – Лейласың,
Лейла жаным, қайдасың?
Бəйбiшелер бiлмейдi-ау
Тоқалдардың пайдасын.
Лейла, Лейла, елпектеп,
Көзiн сатып мөлтектеп.
Тоқал қуған еркектен
Бокал қуған еркек көп.
Үзiлiстен соң демiн басып келген депутаттар «Отан»
партиясын құрдық. Ал, «Тоқал» партиясын қалай құрамыз?»
деп қырық пышақ қырқысып, қызылшеке айтысын жалғас-
тырды.
– Халықтың санын көбейту үшiн еркек пен əйелдiң айыр-
машылығын анықтайтын ғылыми-зерттеу институтын ашсақ
қайтедi? – деп, нəшiне келтiрiп нəзiк сөйлейтiн бiр депутат
ұсыныс жасады.
253
– Жоқ жерден жұмыс тауып... Сол үшiн сорымызды қай-
натып институт ашамыз ба? Еркек пен əйелдiң арасында екi-
ақ айырмашылық бар емес пе? Еркекке əңгiме айтсаң бiр
құлағынан кiрiп, бiр құлағынан шығып кетедi. Ал, əйелге
жеткен əңгiме екi құлағынан кiрiп, аузынан бiр-ақ шығады.
Сондықтан да дүниенi дүр сiлкiндiрген Наполеон «Əскердi
басқарғаннан əйелдi басқарған қиын» деп бекер айтпаған.
Əйелдер – əскерден де күштi. Жанына тисең жаулап алады.
Қазақстанның қаһарман армиясы жасасын! Ура-а-а!
Əйелдердiң жаны көп болғасын ба, əйел туралы əңгiме
де көп. Кавказдықтар «Əйел – чемодан, алып жүруге ауыр,
тастап кетуге қимайсың» дейдi.
Бiздiң қазақтар ше? «Үйдi он еркек емес, бiр-ақ əйел тол-
тырады» дейдi. «Ерiн баққан əйел, елiн де бағады» дейдi.
«Əйел – үйдiң туы, еркек – үйдiң қуы» дейдi. Қу деген – зы-
миян емес, аққу деген сөз. Еркектер – аққу. Көлге қонады,
көлден ұшады. Көлiне қонбай со күйi ұшты-күйлi ұшып
кететiн аққулар да бар.
«Əйел – тау, еркек – киiк. Бiр тау бiр киiктi аш та қылмайды,
тоқ та қылмайды. Өз тауыңда жайылсайшы, шырағым!» деп
кейде əкелерiмiз жекидi.
...Əйелдер айтпайды. Тiптi көйлектi не үшiн сатып ала-
тынын да айтпайды. Мысалы, Күлзия көйлектi көршiлердiң
көзiне түсу үшiн алады.
Зымзия көршiнiң көзiн қыздырып, қызғаныш тудыру
үшiн алады.
Мағира ондай көйлектi бұрын-соңды ешкiм кимегенi
үшiн алады.
Бағила болса жұрттың бəрi киiп жүр ғой деп алады.
Ал бiздiң Жəмила ше? Жай əшейiн алу үшiн ала салады.
Баршылық та...
Тiптi киiмнiң түсiне де қарамайтын, түсi түгiлi түсiп
қалған тiсiне де қарамайтын əйелдер бар. Байтоқтың бəй-
бiшесi сондай əйел. Түсi бар, тiсi жоқ. Соған бiр көршiсi «Ай-
налайын-ау, аузыңдағы отыз тiс опырылып түсiп қалыпты.
Қызыл иек боп қашанғы жүресiң? Тiс салдырып алмайсың
ба, бейбақ-ау?» десе, ол жеңгемiз былай дейтiн көрiнедi:
254
«Тұймысқа шыққаныма жиыйма төйт жыл болды. Ешқайда
баймаймын. Телевизый қайап, үйде отиам. Менi кiм көйiп
жатый? Тiшiмдi кiмге көйшетем?».
Ендеше жеңгелерiмiз тiсiн де, iсiн де түзеу керек. Сонда
ғана бiздiң халқымыз көбейiп, қазақтар қанат жаюы мүмкiн.
– Халықты көбейту үшiн əуелi əйел туралы заң қабыл-
дауымыз керек! – дедi қадалған жерiнен қан алып сөйлейтiн
бiр заңгер-депутат. – Ол үшiн Қазақстан Республикасы қыл-
мыстық жəне басқа да iстер жөнiндегi кодекстердiң кейбiр
статьясына мынадай түзету енгiзу керек:
1. Күйеуiн көзiмен атқан əйелдер Қылмыстық кодекстiң
58-шi статьясына сəйкес, суық қаруды қолданғаны үшiн
жауапқа тартылсын.
2. Ернiн бояп, қасын жұлып, шашын қысқартып, кiрпiгiн
ұзартып... Қысқасы, бет-аузына бес кiлемнiң бояуын жаққан
əйелдер 177-шi статья бойынша документтердi қолдан
жасағаны үшiн түзеу жұмыстарына жiберiлсiн.
3. Бес-алты жыл бiрге тұрып бала сүюден қасақана қашқан
ерлi-зайыптылар 145-шi статья бойынша өз мiндеттерiне
қалай болса солай атүстi қарағаны үшiн айып салынсын.
4. Жиырма бес жасқа дейiн құрығында бiр рет тұрмысқа
шықпаған бикеш 8-шi статья бойынша қылмысты қасақана
iстегенi үшiн қатаң жазалансын.
5. Көп жiгiттермен көңiлдес болған əйел 23-шi статья бо-
йынша «мүлiктi ысырап етiп», сондай-ақ «счетчик» орнатпай
электр энергиясын есепсiз шығындағаны үшiн өкiметтiң
бюджетiне тапқан табысынан салық төлейтiн болсын.
6. Табаны тайғанақтап, удай мас боп келген марғасқа
күйеуiн үйiне кiргiзбей қараңғы далаға қаңғыртып жi-
берген əйел «Жануарларға қатал қарау» туралы 200-шi
статьяның 2-шi тармағына сəйкес, төбесiн көрсетпей, төр-
кiнiне жер аударылсын. Немесе еркек байғұсқа тоқал алып
берiлсiн.
Есiнегенге де елiктейтiн бiр депутат əйел туралы əңгiме-
нi бiр ақын əрiден қозғады.
– Сүйемдi қарыс қылатын да – əйел, жақынды алыс қыла-
тын да – əйел, жоқтан бар қылатын да – əйел, барыңа зар қы-
латын да – əйел.
255
Адамдардың 99 пайызы елiктеу арқылы өмiр сүредi, бiр
пайызы ғана өз пiкiрiмен жүредi. «Анау «Мерседес» мiнiптi,
мен неге мiнбеймiн? Анау көкем асқақтап тоқал алыпты, мен
немене одан кеммiн бе?» деген сияқты елiктейтiндер көп.
Мен сол бiр пайыздың iшiндегi еркек депутатпын.
«Бiр əйел – ырыс,
Екi əйел – ұрыс,
Үш əйел – үш бұрыш».
Негiзiнде төртеуден қайтқан дұрыс!
Бұл мақалды шығарған сiрə, сол 99 пайыздың iшiндегi
еркектер болу керек...
Əйел еркектiң оң қабырғасынан жаратылған. Ал, қабырға
қисық болады, оны түзетем деп сындырып алып жүрме.
Осы тұста əлгi депутатқа əдеттегiдей сан-қилы сұрақтар
қарша борады.
– Ағай, өзi сұлу, өзi бай, өзi ақылды жiгiтке күйеуге шы-
ғуға бола ма?
– Болады. Ол үшiн үш күйеуге бiрдей тию керек.
– Жақсы əйел жаман еркектi миллионер ете ала ма?
– Əрине, жақсы əйел жаман еркектi миллионер ете алады.
Егер еркек миллиардер болса...
Сұрақтан соң «бiр пайыз» ағамыз тiрнектi мəселеге тiке-
лей көштi. Халқымыздың азайып, демографияның мешеуле-
нiп жатқанына кiнəлi ең бiрiншi коммунистiк партия жүйесiн
кiнəлап, күстаналады.
Талай-талай талдырмаш коммунист-қыздарымыз қызмет
қуып, «қызыл билеттi» құшақтап тұрмысқа шықпай қалғанын
тiлге тиек еттi де, қырғыздың əуенiмен «Коммунист – тоқал»
деген замана нақышын зар илеп айтты.
Ол кезде ол қыз бала едi,
Əдемi едi-ау, əдемi.
Пионер кезден ғашықпын,
Басында бантик бар едi.
Арманды қуып аңсады ол,
Содан соң болды комсомол.
256
Комсомол қызға ғашық боп,
Аулыңа салдым қанша жол.
Ол қыздың ойы сан-сақта,
Махаббат емес – мансапта.
Коммунист болып алғасын,
Арамыз кеттi алшақтап.
Қиялап өтiп тұсынан,
Сонда да жүрек ұсынам.
Алып та қашқым кеп едi,
Қорықтым қыздың сұсынан.
Қызмет қуып жүргенде,
Жастық шақ өттi бiр демде.
Қызмет деген, қыздар-ай,
Опа да болған кiмдерге?
Ол кезде жап-жас өндiрмiз,
Кəусардай тұнық мөлдiрмiз.
Қазiр-ақ оны алар ем,
Тоқал боп тисе сол бiр қыз!
Суда бiр сусар жатпай ма,
Сусарды мерген атпай ма?
Коммунист-қыздың тағдыры
Қабырғама батпай ма?!
Ғылымның жаңғағын шағып, дəнiн жеп дəндеген бiр де-
путат-ғалым əйел мəселесiн əлiмсақтан қозғады:
– Орыстардың «Семья» деген сөзi «Мен – жетеумiн»
деген мағынаны бiлдiредi. Яғни, өзi, əйелi, əке-шешесi –
төртеу... Өмiрге үшiншi баласы келгенде ғана «Семь – Я!
Мен – жетеумiн!» деп қуанған. Қазiргi қыздарымыз күйеуге
тиген күнi «Семья болдым» деп есептейдi. Бұл дұрыс емес.
Əскери адамдар полковник шенiн алған сияқты əйелдерге
үшiншi баланы туған күнi «Семья» деген атақты марапаттап
257
беру керек. Ол үшiн осы бастан қыздардың құлағына құя
берсек демографиямыз сөзсiз дамиды.
Сiздер «қыз» деген сөздiң қайдан шыққанын бiлесiздер
ме? Ғалымдардың дəлелдеуi бойынша «Сүй, күй, өртен, жан,
сосын сексеуiлдiң шоғындай қыз-қыз қайнап қыз» деген
сөзден шыққан. Мен əнебiр жылы халық санағы кезiнде
қыздарды санау туралы мынадай жаңалық аштым: «Көлдiң
жағасында күнге қыздырынып жатқан көп қыздың қанша
екенiн есептеу үшiн, олардың балтырларын санайсың да,
одан шыққан санды екiге бөлсең, қанша қыз екенiн бiрден
бiле қоясың». Қыздар – тың тақырып, зерттелмеген ғылым.
Бiздiң Бүйенбай деген профессор ағамыз да қыздар туралы
докторлық диссертация қорғаған. Оның жаңалығы «Бұрын
қыз-келiншектердiң шашы – ұзын, ақылы – қысқа болушы
едi, қазiр құдайға шүкiр, екеуi де теңелдi».
Қу түлкiнiң құйрығындай бұлғаңдаған қыздар-ау! Бет-
терiңдi берi бұрып, құлақтарыңа құйып алыңдар. Қыз-қыр-
қынға айтатын мынадай тұжырымым бар:
1. Бiрiншi рет үйленсең – махаббат, екiншiсi – есеп, үшiн-
шiсi – əдет.
2. Əйел – еркектiң екiншi жартысы. Ал, тоқал – бiрiншi
жартысы.
3. Əйелдер əдемi жiгiтке əуес. Ал, жiгiттер жаңасына жа-
ны құмар.
4. Махаббаттың оты теңге тастаған сайын лаулап жанады.
5. Арулар – алынбаған қамал. Бiр қамал – үстi-үстiне ша-
буыл жасау арқылы алынады. Екiншi қамалды алу үшiн –
түбi шөгiп, отыра бастаған оңтайлы кезiн күтесiң. Үшiншiсiн
келiссөзбен-ақ алуға болады.
Əнеугүнi бiр қарындасқа «Ерте жарықта енеңдi тап, айна-
лайын. Қашанғы қамал боласың, өз еркiңмен берiл!» десем,
қиқаяды. Неменеге қиқаяды? Бiлмеймiн...
«Ағай, мен сiздiң айтқан адамыңызға өлсем де тимей-
мiн!» дейдi.
– Неге тимейсiң?
– Кəрi!..
– Айналайын-ау, о кiсi кəрi болса, қазанға сап пiсiрiп же-
мейсiң ғой. Айналайын-ау, ол кiсi кəрi болғанымен, «новый
258
қазақ». Айналайын-ау, айдаладағы танымайтын бiреуге ти-
генше, өзiмiздiң танитын кiсiге барсайшы.
– Ағай, жiгiт таңдап жүрмiн! – дейдi.
– Дұрыс... Таңдасаң таңда. Алдын-ала жiгiт таңдаудың
ешқандай сөкеттiгi жоқ. Мен де саған таңдасайын.
Əрине, жiгiттердiң ұзын бойлысы ұстамсыз болады, қыс-
қасы – қызба, тапалы – тентек, қортығы – қорқақ, семiзi –
сезiмсiз, арығы – арам, кеуделiсi – кесiр, қысық көзi – қу,
ашық көзi – ақымақ, мұрындысы – мисыз, желкелiсi – жал-
қау, алқымдысы – аңқау, өңдiсi – өсекшiл, ерiндiсi – есеп-
шiл, бiлектiсi – бұзық, иықтысы – икемсiз, аққұбасы – ал-
дағыш, сарысы – сұмпайы, қарасы – қызықшыл, сұры – се-
зiкшiл келедi. Ал, таңда! Əшейiн айтам, қарындас. Бұл –
жiгiттердiң бойдақ кезiндегi бет-бейнесi ғана. Үйленгесiн
бас екеу болады, бас екеу болғасын мал екеу болады, мал екеу
болғасын бала екеу болады, бала екеу болғасын проблема де-
ген бəле екеу болады. Сол кезде жiгiттерiңдi жiптей иiрiп,
жiңiшкертiп, өздерiңе сай өзгертiп, ыңғайлап аласыңдар.
Сонда жiгiттердiң ұзын бойлысы – ұстамсыз емес ұстам-
ды болады, қысқасы – қызулы, тапалы – тамаша, тентегi –
тектi, орташасы – ойлы, қортығы – қомақты, семiзi – сырбаз,
арығы – алғыр, кеуделiсi – кербез, қысық көзi – қылықты,
ашық көзi – ақылды, мұрындысы – мықты, желкелiсi – жұ-
мыскер, алқымдысы – алымды, өңдiсi – өр, ерiндiсi – ер,
бiлектiсi – бипаз, иықтысы – ибалы, аққұбасы – аршыл, сары-
сы – сыршыл, қарасы – қауқарлы, сұры – сұмдық болады.
Бұның бəрi үйленгенсiн ғана шындық болады.
Таңда, қарындас! Еркектер де – тауар. Арзаны бар, қым-
баты бар. Өзiмiздiкi бар, импортныйы бар.
Айтпақшы, жiгiттердiң тағы бiр екiншi сорты бар. «Ой-
пырмай, үйленсем бе екен, үйленбесем бе екен? Үйленсем –
өзiм құримын, үйленбесем – тұқымым құриды!» деп сары
уайымға салынып жүрген сұрбойдақтар да жеткiлiктi.
Айтпақшы, жiгiттердiң тағы бiр үшiншi сорты бар.
– Қарындас, танысып қояйық. Атыңыз кiм?
– Кетшi-ей!
– Қарындас, қай жерден келдiңiз?
259
– Кетшi-ей!
– Қарындас, жасыңыз нешеде?
– Кетшi-ей! Мен саған кет дедiм ғой. «Кет!» дегенде, ит те
кетедi. Нағып кетпейсiң?
– Қарындас, «Кет!» дегенде кететiн ит болады, кетпей
ырылдап тұрып алатын ит болады. Ал, кетпеймiн, қайтесiң?
Көрдiңдер ме, көлденең жолыққан қыздың жасын сұрап,
қиылып, кетпей қоятын қимас жiгiттерiмiз де бар.
Жалпы, қыздың жасын сұрамайды. Қыздың жасы – он сегiз.
Ал, еркектiң жасын ше? Сұрайды. Алайда «Ағай, жасыңыз
нешеде? Əйелiңiз бар ма?» деп сұрайсың ба? Ыңғайсыз ғой.
Бiрақ, қай еркектiң қалай ұйықтайтынын бiлсеңiз бар ғой,
о сопақ бас сорлылардың қанша жаста екенiн аңғару қиын
емес.
Мысалы, еркек екi жасқа дейiн ойнаған асығымен ұйық-
тайды.
Жиырма мен отыздың арасындағы еркектер өлiп-өшiп,
сүйiп алған ғашығымен ұйықтайды.
Отыз бен қырықтың арасындағы еркектер айналасын ай-
пап, жанындағыны жайпап, жұмыстағы қыз-келiншектердi
айналдырып, үйренген кəсiбiмен ұйықтайды.
Еркектер елуге дейiн дiңгектеп, алпысқа аяқ басқасын
қыз-келiншектердiң кез келгенiмен... Яғни, қызыл, көк, са-
ры, жасылмен ұйықтай бередi.
Ал, алпыстан асып, жетпiстiң желкесiн көрген еркектер
грелкасын құшақтап, дəрi iшетiн қасығымен ұйықтайды.
Сексеннен секiрiп, тоқсанға тоңқаймай жеткен еркектер
көрпесiн қымтап, құдай берген нəсiбiмен ұйықтайды.
Мiнеки, қарындас! Саған осы сан ұйқының қайсысы ке-
рек? Қалауың бiлсiн. Таңда...
Қыздар, қыздар, кiмсiңдер?
Қызғалдақтай гүлсiңдер.
Қыздар, қыздар, гүлсiңдер.
Кiмдерменен жүрсiңдер?
«Теңiн тапса – тегiн бер»
Деп жүрегiм дүрсiлдер.
260
...«Қызға – қырық жерден тыйым» дейдi қазақ. Жалпы, қыз
туралы қилы-қилы мақал көп. «Жол мұраты – жету, қыз мұ-
раты – кету», «Қызың үйде болғанмен, қылығы – түзде», «Қи-
қар қызды алғаннан, қыдырып өткен артық», «Қыз бен қой-
дың жүрмейтiн жерi жоқ»...
– Қызым,
Сен тайтаңдама, күлме.
Бастықтың машинасына мiнбе!
– Мама, онда тұрған не бар?
– Бастық басыңды айналдырып
«Айым!» дейдi,
«Күнiм!» дейдi.
Бетiңе өп-өтiрiк ыржиып күлiмдейдi.
Сосын
«Қасың қандай,
Қиылған шашың қандай!»
Деп əндетедi.
Əндеткесiн қыз байғұстан əл кетедi.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Айналайын-ау, бiлесiң бе,
Бүгiнгi бастықтар
Қыздарға «золота» обещайт етiп,
Морожный сатып əпередi.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Бастықтың машинасына мiнсең,
Ол сенi тiке тауға апарады.
– Мама, онда тұрған не бар?
– Айтқанына көнсең – көндiң,
Көнбесең – тастап кетедi.
– Мамочка,
Əлi күнге алдаған жоқ менi ешкiм.
Тауға қанша барсам да,
Жаяу қайтқан емеспiн!..
Қыздар – ай, қыздар – жұлдыз, қыздар – спорт. Қыздар –
мойынның массажы. Жаныңнан өткен жайсаң қыздарға жал-
тақ-жалтақ, жалтақ-жалтақ қараған сайын мойның шыны-
ғып, «остеохондроз» деген аурумен ауырмайсыңдар.
261
Қаз бен қыздың осал жерi қайсы? Мойын! Ендеше, қаң-
қылдаған қаздарымыздың да мойны мықты болсын, аңқыл-
даған қыздарымыздың да мойны мықты болсын!
...Уh!
Ырду-дырдудың соңы концертке ұласты. Қазақстанның
халық əртiсi Досхан Жолжақсынов домбырасының құлақ-
күйiн келтiрiп, қыздарға қырық кеңес айтты.
1. Бойдақ жiгiттi сүйiп қалма. Өйткенi, ол саған дейiн
үйленбеген и саған да үйлен-
бейдi.
2.Ажырасқан еркектерден
аулақ жүр, сенi де жер қапты-
рып кетуi ықтимал.
3. Бала-шағасы бар ерто-
қымды еркекке жабыс. Өйтке-
нi, ондайлар өз əйелiн де жақ-
сы көредi, саған да өлiп-өшедi,
екi жаққа бiрдей. Суда да, құр-
лықта да жүретiн қосмекендi
жəндiк секiлдi еркекке тоқал
боп қалуың ғажап емес.
4. ?..
Ақылды азырақ айтып, кеңе-
сiн келте қайырған Досхан то-
қал алғыш шал-шауқандардың
құрметiне «Ауыл қарттары» деген əйгiлi əнiн айтып, залды
күңiренттi.
Дүниеге келер бiр рет
Өзiңе-өзiң жаумысың.
Бəйбiше, саған құрмет,
Тоқалым, аман-саумысың?
«Қос кеменiң құйрығын
Ұстаған кетер суға» деп,
Тоқал алсаң – шүйлiгiп,
Шиебөрiдей шулап ек.
262
Тiлекке тiлек қосқандай
Махаббат – жүрек өлшемi.
Ұл туып берсе қошқардай
Тоқал да – жардың бөлшегi.
Орныңды басар ол тұрып,
Үкiдей ұлың үлпiлдеп.
Айтады ауыз толтырып
«Ассалаумағалейкум!» деп.
Керер деп тағы кереге
Жəутеңдеп жəрдем күтiп ек.
Бiр тоқал алып бере ме
Депутат я Үкiмет?
Андай да мұндай айтысып,
Сап жүрген кезде бұлтақты.
Менiмен бiрге шайды iшiп,
Тоқалым тағы ұл тапты.
Алмасаң да некелеп,
Тоқалға алғыс жаудыршы.
Жас тоқалды жетелеп,
Қарттарым, аман, сау жүршi!
Уh!..
Сонымен, Парламент мəжiлiсiнiң депутаттары халықтың
санын көбейту мақсатында «Еркекке екi əйел алу туралы»
заң жобасын бiр ауыздан мақұлдай алмай, бастары қатты.
Алда-жалда «Тоқал» партиясы құрыла қалса, оның прези-
денттiгiне Заманбек Нұрқадiлов, вице-президентi болып
Алматы қаласының əкiмi Виктор Храпунов, жауапты хат-
шысы Тұңғышбай Жаманқұлов, көп тоқалдың көркемдiк
жетекшiсi Əкiм Таразиды сайлау туралы шешiмдi кейiнге
қалдырды.
Өзеуреген депутаттар өзбек əуенiнiң мақамымен «Тоқал
туралы» жаңа əндi жамырап айтып тарқасты.
263
А-а-а... байқадым,
Басты сосын шайқадым.
Тоқал алған ерлəриңə
Тоба, шүкiр айтамын.
Майға тоқаш пiседi,
Көкем көк шəй iшедi.
Ерлi-зайып арасына
Есi кеткен түседi.
А-а-а-а-а-а-а!
Тоқал, тоқал дермəсəң,
Тоқаш берсем жермəсəң.
Тоқал алған ерлəриңнəн
Айналайын дермəсəң.
А-а-а... байқадым,
Басты сосын шайқадым.
264
Тоқал алған ерлəриңə
Тоба, шүкiр айтамын.
Салма жаным, айғайға,
Перiште жолдан таймай ма?
Шал да болса тиiп ал,
Бас-басыңа бай қайда?
Бұ жұрт не деген пысық-ей! Жер сiлкiнiп, су таситынын
ең əуелi мысық пен жылан сезедi деушi едi. Бiздiң пысықтар
ол екеуiнен де озып кеттi. Заманбек Нұрқадiловтiң сөзiне
жазылған «Өмiр де, өмiр, өмiр-ай!» əнiнiң əуенiмен «Тоқал
да, тоқал, тоқал-ай!» деген əндi күн iлгерi дайындап қойыпты.
Сөзiнiң нобайы мiнеки...
Өмiр де, өмiр, өмiр-ай,
Бiрде тұнық, бiрде лай.
Тоқал алам дегенге
Жасама бөгет – тұр былай!
Тоқал да, тоқал, тоқал-ай,
Əр түрлi əуен, нотадай.
Нар жiгiттер бұйдалап
Боздатып жүрер ботадай.
Ақылды болса бəйбiше,
Тоқалды өзi-ақ ап берер.
Алқым жүнiң ағарса,
Жас иiс бiрақ жат келер.
Бiлмесең егер бағалай,
Түсiрер бiр күн сабаңа-ай.
Махаббат оты маздаса,
Маған да – жұлдыз, маған – ай.
Бəйбiше, тоқал, жас иiс,
Құрдымын бiлмей құмарсың.
Қайсысымен сен тұрсаң,
Соған ғана ұнарсың.
Өмiр де, өмiр, өмiр-ай,
Бiрде тұнық бiрде лай.
Тоқал алам дегенге
Жасама бөгет, тұр былай!
...Заман да заман, заман-ай!
2001 жыл
266
МАЗМЎН
Əу баста «Бутя» деген есiммен елге танылған Болат
Əбiлев бармағынан бал тамған бiр суретшiге өз бейнесiн
салдырыпты. Кел деген кезiнде барса – суретi дайын. Ғажап!
«Ұқсамасаң тумағыр» дегендей, тұп-тура өзi. Айнымайды.
– Қанша берейiн? – дейдi Болат риза болып. Суретшi ас-
пандағы бағаны айтады. Тарс ашуланған Бутя:
– Не болды сонша қымбаттатып? – дейдi шекесi тыры-
сып. – Көп болса бiр-екi қорап бояуың кеттi. Бiр-екi қылқала-
мыңның ұшы тозған шығар. Қымбат! Өте-е-е қымбат!..
Сонда суретшi:
– Мəселе қылқаламның тозған-тозбағанында емес қой! –
дейдi жайбарақат. – Тиын-тебен тұратын бояумен мен сенiң
суретiңе мазмұн бердiм. Мə, бiр жəшiк бояу! Өз суретiңе
өзiң мазмұн берiп көршi, қане?!
2004 жыл
267
МАЌЎРЫМ
«Қазақ тiлiн қалай үйренем?» деп қамықты ма екен, əлде
талқаны таусылды ма, қызмет бабымен жүрген үш мили-
цияның бiреуi кенеттен қайтыс болады.
«Бала-шағасына қалай естiртемiз?» деп екеуi ақылдасады.
– Сен бар! – дейдi бiреуi.
– Да, нет... Лучше ты иди. Ты же чуть-чуть казахша зна-
ешь! Я вообще ноль! – деп екiншiсi ат-тонын ала қашады.
– Бiздiң министрiмiз Зауытбек Тұрысбеков қазақша бiлсе
де, жиналыстарда қазақша сөйлемейдi.
Сен де орысша айта бер! – дейдi.
Ол келiспейдi. Амал жоқ, «чуть-чуть казахша» бiлетiн
милиция қайтыс болған досының үйiне кеп, есiгiн қағады.
Ештеңеден бейхабар марқұмның əйелiне табалдырықта тұ-
рып:
– Күйеуiңiз үйде ме? – деп сұрайды.
– Жоқ!
– Қайда?
– Жұмыста.
– Қашан келедi?
– Кешке...
– Шынымен кешке келе ме?
– Иə, кешке келедi.
Қазақша қалай естiртудiң жөн-жоралғы, дəстүрiнен мақұ-
рым милиция:
– Кешке келе ме? – деп қайта сұрайды.
– Иə, кешке келедi.
Сол сəтте ол бас бармағын екi саусағының арасынан
жылт еткiзiп:
– Мə, келедi! – дептi.
2002 жыл
268
ƏДЕМI ƏУЕН
Бокстан əлем чемпионы Бақтияр Артаевтан:
– Музыкаға əуессiң бе? Қай əуендi естiсең құлағыңның
құрышы қанады? – деп сұрап едiк, ол ойланбастан:
– Олимпиада ойындарында алтын медальды алқымы-
ңа тағып тұрып Қазақстанның əн-ұранын естiгенге не жет-
сiн! – дедi жымиып.
269
ТОР ДОРБА
Спорт комитетiнiң төрағасы Дəулет Тұрлыхановтан:
– Құдайға шүкiр, Қазақстанда бокс жақсы дамыған. Кү-
рес те күштi, палуандарымыз арыстандай атылып тұр. Ал,
ендi көңiлiңiзге келсе де айтайық, елiмiзде ең оңбай қалған
спорттың түрi – баскетбол. Неге? – деп сұрап ек, ол қысқаша:
– Қазiргi нарық заманында бiреудiң торына бiрдеңе тас-
таған бiр қазақты көрдiң бе? Қанында жоқ нəрсеге қазақ жү-
гiрмейдi! – дедi жымиып.
2005 жыл
270
ЕКI НҐЛ
Стадион. Ығы-жығы. У-шу. Қыз бен жiгiт футболға кешi-
гiп келдi. Жанындағы жанкүйерден:
– Есеп қанша? – деп сұрады жiгiт. Көршiсi қазақ болса да
қазақша сөйлемейтiн қисық екен:
– Два ноль! – дедi қитығып.
– Оһо-о-о! – дедi жiгiт делеңдеп. Наши?
– Да нет... Ты не понял! – дедi əлгi қисық. – Там ноль, там –
ноль – два ноль!
– Есеп қанша, ағай? – деп сұрады қыз да жанындағы жан-
күйерден. Онысы қазақшаға судай қазақ екен:
– Нөл де нөл! Итжығыс! – дедi.
– О-о-о, тамаша! – дедi қыз кəдiмгiдей қуанып. – Бiз еш-
теңе жоғалтпаппыз ғой!..
Ана тiлiмiз бен халықаралық қатынас тiлiн футбол ко-
мандасына теңей қалсақ, кiм ұтып жатыр деп ойлайсыз?
Қазақ тiлi алда ма? Əй, қайдам? Есеп 1 де 0 – орыс тiлiнiң
пайдасында!
Елбасымыз «гол» соқпаса, есептi теңестiру қиын-ау. Қа-
зақ тiлi қоғамының су жаңа Президентi Өмiрзақ Айтбайұлы
да шабуылға шығатын шығар.
2003 жыл
271
ЕПТЕП
ЕЅКЕЙIЅIЗ!
Бойы көк тiреген
бəйтеректей жазушы-
ғалым Тарақты Ақселеу
Мемлекеттiк сыйлықтың
лауреаты болғасын
базарға барыпты да:
– Маған бiр кiлə алма
тартыңызшы! – дептi.
– Ала бұлттың ар-
жағынан қарамай, ептеп
еңкейiңiз! – дептi са-
тушы. – Бұл алма емес,
асқабақ қой, аға!
Алыстан қараған ға-
лымға асқабақ та алма-
дай боп көрiнедi екен-ау,
ə?..
2004 жыл
КҐП ПАРТИЯ
– Бокс деген не?
– Құшақтасып жүрiп «пышақтасу».
...Қазiргi көп партияның көптеген мүшелерi боксшыдан
аумайтыны несi?
2001 жыл
272
СЎЛАТЫП САЛДЫ
– Каратэ деген не?
– Бiр ұрып ұзынынан түсiретiн спорттың түрi.
– Қалай?..
– Былай!
Қара таяқты алды да, қақ маңдайдан бiр-ақ пердi. Əлгi
бейбақ ауруханаға түсiп, ертесiне есiн жиған кезде:
– Мiне, каратэ деген осындай! – дедi. – Бiрақ онда таяқпен
емес, қолмен ұрып сұлатады.
... Оған несiн күлесiз? Намысына тисең, кез келген қа-
зақ – каратист.
2006 жыл
ТАПЌЫШ БОЛСАЅ, ТАПШЫ!
Мəртебелi мырзалар мен ханымдар! Айдай сұлу арулар
мен бикештер! Сəлеметсiздер ме? Ешкiм амандаспайды ғой,
ей? Сiздер немене, амандасуды ұмытып қалғансыздар ма? Е,
мейлi! Ендеше, ескiше... Баяғыдай бас салып құшақтасып,
жер тепкiлеп желпiнiп тұрып амандасайықшы. Сағынған
шығарсыздар.
– Здравствуйте дорогие товарищи!
– Бəрiмiз бiрiмiз үшiн, бiрiмiз бəрiмiз үшiн – физкульт-
привет!
– Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын!
Əй, қайдам, сол жүз досың бiр-бiр сомнан бере қояр ма
екен қазiр?
Бiз не көрмедiк? Коммунизмдi көрдiк. Социализмдi көрдiк...
Коммунизм кезiнде жұмыссыздық жоқ болатын, бiрақ
ешкiм жұмыс iстемейтiн.
Ешкiм жұмыс iстемейдi, бiрақ жоспар асыра орындалады.
Жоспар асыра орындалады, бiрақ дүкендерде түк жоқ –
жылан жалағандай.
Дүкендерде түк жоқ, бiрақ жұрттың бəрiнiң қарны тоқ.
Жұрттың бəрiнiң қарны тоқ, бiрақ ешкiм еш нəрсеге риза
емес.
273
Ешкiм еш нəрсеге риза емес, бiрақ бəрi бiр кiсiдей бiр кi-
сiге дауыс беретiн.
Ендеше, бiр кiсiнi қошеметтегендей бəрiмiз ду қол шапа-
лақтайықшы.
Е-е, кiмге қол соқпадық? Кiмге дауыс бермедiк? Бұрынағы
жылы сайлау болды. Депутаттыққа кандидат бiреу:
– Дауыс беруге бара жатырсыз ба? – дедi.
– Иə.
– Кiмге?
– Оны өзiм бiлем.
– Мə, маған дауыс бер! – деп сыңар туфлидi қолтығыма
қыстырды.
– Əй, сыңар туфлиiң не, ей, сенiң? Менi немене, бiр аяғы
жоқ ақсақ деп тұрсың ба?
– Егер маған дауыс берiп шықсаң, екiншi сыңарын ала-
сың! – дедi. Ашық сауда.
Ертеңiне көшедегiнiң бəрi көңiлдi. Бүкiл ауыл-аймақ су
жаңа туфли киiп жүр екен.
Сол су жаңа туфлиiмдi киiп тырпылдатып келе жатсам
бiр қу жiгiт қутыңдап:
– Ағай, ағай? – дейдi.
– Е, не?
– Сiзге жұмбақ жасырсам табасыз ба? – дейдi.
Ерiккенге ермек керек:
– Қандай жұмбақ? – деп таңырқаған болдым.
– Жұмбағым былай, аға: егер осы жұмбағымды тапсаңыз
бар ғой, сiзге айдың бетiнен алты сот жердi жекешелендiрiп
берем! – дейдi.
Жерде жекешелендiретiн ештеңе қалмағасын, алты сот
болса да айдың бетiнен алып қалайын деп арам ойладым да:
– Жасырсаң жасыр, бала, жұмбағыңды! – дедiм.
– Жұмбағым былай, аға: «Бiр қарасаң – бар, бiр қара-
саң – жоқ».
– Осындай да жұмбақ бола ма екен? Оп-оңай. Мұның
шешуi – қазiргi министрлер.
– О-о, таппадыңыз, аға!
– Ендi не?
– Бұл жұмбақтың шешуi – аспандағы бұлт.
274
– Бұлт?
Негiзi, оныкi де дұрыс, менiкi де дұрыс. Министрлерiң де
аспандағы бұлт секiлдi, аспандағы ала бұлт та жердегi ми-
нистрлер секiлдi бiр қарасаң – бар, бiр қарасаң – жоқ.
Ендi кетейiн десем:
– Ағай, ағай! – дейдi əлгi қу бала қутыңдап. – Тағы бiр
жұмбағым бар. Егер осы жұмбағымды тапсаңыз бар ғой, мен
сiзге үш бөлмелi үй беремiн... Жаңатас қаласынан!..
Е, мейлi, бiреуден – екеу жақсы, екеуден – үшеу жақсы.
Жүгiргеннен – тұрған жақсы, тұрғаннан – отырған жақсы,
отырғаннан – жатқан жақсы. Жаңатас қаласында жатсам да
жаман болмаспын.
– Жасырсаң жасыр жұмбағыңды! – дедiм.
– Жұмбағым былай, аға: «Бiр жылда екi рет өседi».
– Сондай да жұмбақ бола ма? Оп-оңай. Оның шешуi –
тағы да министрлер.
– Жоқ, аға. Тағы да таппадыңыз. Шешуi – қойдың жүнi.
– Қойдың жүнi?
Негiзi, оныкi де дұрыс, менiкi де дұрыс. Министрлер де
қойдың жүнi секiлдi бiр жылда екi рет өседi, екi рет қырқып
алып отырады.
– Ағай, тағы бiр жұмбағым бар!
– Əй, бала, асығыспын! – деп сiздерге жеткен жерiм осы.
Ет қызуымен ендi сiздерге екi-үш жұмбақ жасырайын.
Егер шешсеңiздер бар ғой, социализм кезiнде кассаға салып
күйiп кеткен ақшаларыңызды пайызымен қайтарып берем.
Келiстiк пе? Ендеше, былай:
Маған,
Маған,
Маған,
Маған.
Бұл не? Ауыз? Жоқ. Қасық? Жоқ. Таппадыңыздар. Бұл
жұмбақтың шешуi – кетпен. Тағы бiр жұмбақ:
Бiрде маған,
Бiрде саған.
Бiрде маған,
Бiрде саған.
275
Бұл не? Сыбайлас жемқорлар? Жоқ, ол емес. Қарыз? Жоқ,
дұрыс емес. Шешуi – ара. Иə, ағаш аралайтын ара.
Ендi ақырғы жұмбақ:
Мен оған қараймын,
Ол маған қарайды.
Бұл не? Тапқыш болсаң тапшы, ал! Айна? Ол емес. Қыз
бен жiгiт? Жоқ! Шешуi – сiздер мен бiздер. Яғни? Көпен мен
көрермен.
(Осы тұста əлгi қу жiгiт айғайлап келедi).
– Ағай, ағай!..
– Қыр соңымнан қыдыңдап қалмай қоймадың-ау. О не?
– Ағай, ағай! Бiр жұмбағым қалып қойыпты.
– ХХ ғасырдың жұмбағы таусыла ма?
– Бұл – ХХI ғасырдың су жаңа жұмбағы.
– Онда жасыр.
– Жасырсам былай:
Бержағынан кiрiп,
Аржағынан шығады.
Аржағынан кiрiп,
Бержағынан шығады.
– Бар болғаны осы-ақ па? Оп-оңай. Шешуi – жағымпаз.
– Қаңғып кеттiңiз, аға.
– Онда шекесi жылтыраған шенеунiктердiң кабинетi!
Олардың кабинетiнiң екi жағында екi есiк. Баяғы бала кезi-
мiзде басы тесiк етiк айдалада жатушы едi ғой. Тышқан қоны-
шынан кiрiп, басынан шығады да, басынан кiрiп қонышынан
шығатын. Дəл сол сияқты шенеунiктер де кабинетiнiң бер-
жағынан кiрiп аржағынан шығады, аржағынан кiрiп бержа-
ғынан шығады. Шешуi сол.
– Маңына жуымайды.
– Ендi не?
– Шешуi – ине.
– Ине?
– Иə, ине.
– Сонда ине қанша рет кiрiп, қанша рет шығады?
– Ол, инеге емес, түймеге байланысты.
– Сонда... Түйме кiшкентай болса, ине аз кiрiп, аз шығады
да, түйме үлкен болса көп кiрiп, көп шығады ма?
276
– Солай, аға.
– Өзiңде түйме бар ма?
– Мiнеки, аға.
«Омырауда он түйме қатар-қатар,
Ағытқанша түймеңдi таң да атар».
– Омырауда он түйме дейсiң. Бiр түймең түсiп қалған ба?
Тоғыз-ақ түйме ғой.
– Санау бiлесiз бе, аға?
– Бiлем.
– Санаңызшы.
– Бiр, екi, үш...
– Сосын?
– Төрт, бес, жетi...
– Ой, аға, алтыны ұмытып кеттiңiз.
– Ə, алты бар екен ғой? Алты, жетi, сегiз...
– Сосын?
– Тоғыз, он, валет, дама, король, тұз!
– Картаны қатырады екенсiз, аға. Карта ойнайсыз ба?
– Картаң бар ма?
– Жоқ.
– Ендi немен ойнаймыз?
– Ақшамен.
– Ақшаң бар ма?
– Болмаса болады да.
– М-м... Ұтам дегенiң ғой.
(Екеуi ақша шығарып, карта секiлдi жүре бастайды).
– Жасыңыз үлкен ғой, аға. Сiз жүрiңiз.
– Iрiсiнен жүрейiн. 20 теңге.
– 20 теңгеңдi 50 теңгемен бастым, аға!
– Мə, 50 теңгенi бас.
– 50 теңгеңдi еңiретiп 100 теңгемен бастым.
– Мə, 100 теңге жүрдiм. 200 теңгемен басасың ба?
– Жоқ, 1 доллар. Бастым.
– Ойпырмай, 1 доллардың алдында 100 теңгенiң жүзi жар-
қын болмай қалыпты-ау. Мен саған басқанды көрсетейiн.
Мə, 100 доллар! Басқыш болсаң басып көршi.
277
– 100 доллар? Оны
немен бассам екен, ə?
Қарызға басуға бола ма?
– Болмайды.
– Ендеше, баса алмай-
мын, аға. Көтердiм!
– Əй, сенiмен
ойнамаймын. Қу бала
екенсiң.
– Тағы бiр су жаңа
ойын бар, аға.
– Қандай?
– ХХI ғасырдың
ойыны. Музыкалық
ойын.
– Дискотека ма? Əлде,
казино...
– Соған ұқсас.
Магнитофонның
кассеталарымен карта
ойнаймыз.
– Өнер жұлдыздарын
картаға саламыз ба?
– Иə, дəп солай. Мiне, кассеталар... Жасыңыз үлкен ғой,
жүрiңiз.
– М-м... Ермек Серкебаев!
– Көзiр ғой, аға.
– Е, көзiр екен ғой. Онда Роза Рымбаева!
– Ол да көзiр.
– Ендеше Қайрат Байбосынов!
– Өңшең көзiрдi қайдан жинап алғансыз?
– Қазiр, құдайға шүкiр, көзiрлер көбейiп келедi. Бiр əн
айтса – клип, екi əн шырқаса – көзiр.
– Жай кассетамен жүрсеңiзшi.
– Мақұл. Мə, ендеше. Бақыт Шадаева, Меруерт Түсiп-
баева, Гүлнəр Сиқымбаева.
– Халық қаһарманы Роза Бағлановамен басам оны.
278
– Қашанғы басасың,
мен де iрiсiнен жүрейiн.
Мə! Халық қаһарманы
Əзiрбайжан Мəмбетов!
– Тұңғышбай Жаман-
құлов! Бастым.
– Атаңның басы! Халық
қаһарманын Тұңғышбай
қалай басады?
– Қазiр оған қарамай-
ды, аға. Баса бередi. Жүрi-
ңiз.
– Жолыңа қақпан құ-
рып əзiл-сықақ театрла-
рын жүрейiн. Мə! «Терiс-
қақпай», «Күлкi керуенi»,
«Шаншар».
– Халық əртiсi, экс-депу-
тат Құдайберген Сұлтан-
баев. Бастым.
– Дұры-ы-ес. Ендi не
жүрсем екен? (Мына жақ-
тан бiр қыз Мақпал Жүнi-
сова секiлдi ыңылдап өлең айтады).
Адамдар сұрамаңдар, сұрамаңдар,
Өмiрде мен сүйетiн бiр адам бар.
– Ə-əй, қыз, «подсказ» берме. Шошаңдамай тұр.
– О-о! Жүрдiм. Мақпал Жүнiсова! Көзiр, аға. Басыңыз.
– Ə, балақай «мəш» бердiң. Мə! Заманбек Нұрқадiлов.
Басылды ма?
– Басылды, басылды. Тамаша басылды! (Əндетiп). Тама-
ша, тамаша, тамаша!
– О-о, онда «Тамаша».
– «Көпен келе жатыр!..» Бастым.
– Баса алмайсыз, аға.
– Е, неге!
279
– «Тамашаны» басу үшiн Көпенге көбiрек ойлау керек,
көсiлтiп ойнау керек.
– Ойбай, көкем келе жатыр!
– Көпен келе жатыр!..
– Көкемiз бiздi басып жiбермей тұрғанда тезiрек бұл ара-
дан тайып тұрайық.
...Жұмбақ. Тапқыш болсаң тапшы, ал. Келе жатқан көке-
мiздiң аты кiм екен, ə?
2000 жыл
ЌАЙНАЄА МЕН КЕЛIННIЅ ЌАЌТЫЄЫСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |