Өтежан НҰРҒАЛИЕВ
Қашанғы
Бөлшектенбес
Тас боласың.
Қашанғы
Қара сирақ
Аш боласың?
Ғафу ет, поэзия!
Буыныңды сындырып,
Жол көбейтiп,
Пəршек,
Пəршек
Шығардым масқарасын,
Неғұрлым
Жол көбейсе,
Соғұрлым
(Қалта тесiк),
Ас боласың!
Мен
Əлi де
Қараймын жырға биiк.
Сəлеммен:
Ө –
те –
жан
Нұрғалиев!..
1987 жыл
336
ЌАРЫН ЌАЛАЙ АШАДЫ?
«Отырды ендi ужинға.
Ойлашы –
Ужин нужен ба?»
Əбдірахман АСЫЛБЕКОВ
Абдрахман
Думал,
Думал
ГОЛОВОЙ:
– Сатирадан
Айту үшiн салалы ой,
Ужин
Əбизəтiлнi нужен!
Абдрахман
Думал,
Думал
ГОЛОВОЙ:
– Қарным aш па,
Сөз тiркесiм шала ғой.
Отырды да
Тойып алды ужинға.
– Оқырманның
Қарны ашқаны нужен ба?
1984 жыл
337
ƏДIЛБЕКТIЅ ƏНI
«Бiреуге қайрым жасаса,
Жадырап түсер жақсы адам»
«Басқаның қамын ойласаң,
Көпшiл боп содан кетерсiң»
«Ойланбай, аңғал сөйлесең
Қаларсың күйiп, от басып» т. б.
Əдiлбек АБАЙДIЛДАНОВ
Ойын алып
Мақал менен мəтелдiң,
Мен бiрталай
«Төрттағандар» əкелдiм.
Ым бап-бап,
Ым бап-бап.
Ойлар кеттi-ау
Қымбаттап.
1976 жыл
338
ДАРЫН МЕН ЌАРЫН
«Ағаңның қозы қарны созылады...»
«Жақсылау əйел көрсем, сол қарнымды
Бiр демде iшке тартып жиып алам».
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ
Қозы қарын
Кəдiмгi қозы қарын
Бiлемiз ғой,
Бiлемiз созыларын.
Дарын барда,
Тұм-аға, дарын барда
Бiраз сөз
Шығын бопты-ау «қарындарға!»
1981 жыл
Т¤РТIНШI Б¤ЛIМ
Езу тартар
ЭПИГРАММАЛАР
340
ЇШIНШI КАНАЛ
Драматург Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА
Алматы
телевизиялық программа
Күндiз:
10.15. «Құдағи келiптi».
12.45. «Бөлтiрiк бөрiк астында».
14.45. «Қуырдақ дайын».
Кешке:
17.00. «Өзiме де сол керек!»
19.30. «Жат елде».
Москва
21.05. «Көктөбедегi кездесу»...
Ой зорайды бұдан кейiн дəмемiз,
«ОРБИТАДАН» көрсек екен жəне бiз!..
1974 жыл
САТИРА СТАДИОНЫНДА
«Сатира» командасының негiзгi құрамы:
Асқар ТОҚМАҒАМБЕТОВ.
Қазақ ССР сатира «федерациясының» председателi.
Қақпашы:
1. Садықбек Адамбеков.
Қорғаушылар:
2. Балғабек Қыдырбекұлы,
3. Сақтапберген Əлжiков,
4. Жүсiп Алтайбаев, (Капитан)
5. Сейiт Кенжеахметов.
Жартылай қорғаушылар:
6. Ғаббас Қабышев,
7. Есенжол Домбаев,
8. Оспанəлi Иманалиев.
Орталық шабуылшылар:
9. Шона Смаханұлы,
10. Үмбетбай Уайдин,
11. Оспанхан Əубəкiров.
«Запаста»:
Əбдiрахман Асылбеков.
(Негiзгi топта ойнайтын шамасы бар,
Бiрақ ептеп жылайтын «баласы» бар).
Аға жаттықтырушы:
Темiрбек Қожакеев.
Бұларды жұрт қашанда
Құрметпен қарсы ап жүр.
Мыналар ғой:
1. Мыңбай Рəшев,
2. Қойшығара Салғарин,
3. Қажытай Iлиясов
Командаға бiр келiп,
Бiр кетумен шаршап жүр!..
1972 жыл
342
ПОРТРЕТ
Актер
Асанəлi ƏШIМОВКЕ
Жасап шықты
Талайлардың бейнесiн.
Ал актерға
Айтар болсақ кейде сын:
Өзгерсе де ролi
Өзгермейдi түр-өңi.
1978 жыл
ШЫРАЙ
Сықақшы
Шона СМАХАНҰЛЫНА
Тақырып табылмаса
Тым шырайлы,
«Шымшыған»
Санын қайтып шымшылайды.
1972 жыл
343
АЌМЫЛТЫЌ
Сықақшы
Қажытай IЛИЯСОВҚА
Бұ Қажытай кiм өзi?
Жарылмаған жаңғақтай.
Бiр қарасаң мiнезi
Жел айдаған қаңбақтай.
Бұлың-бұлың не түрлi
Жоспары көп миында.
Майда қоңыр секiлдi,
Ұқсас бiрде құйынға.
Ал, теңейiн ендi кеп
Қызыл айдар қоразға.
Сын сықақта зеңбiрек,
Атылмайды.
Оғы аз ба?!
1991
жыл
ШИПА
Ақын Мұзафар ƏЛIМБАЕВҚА
Минерал су құрамы
Мыналардан тұрады:
Натрий
0, 2135 гр.
Кальций
0, 040 гр.
Хлор
0, 0531 гр
Фтор
0, 0016 гр
Сульфат
0, 625 гр.
Карбонат
0, 0240 гр
РН
8, 25 гр.
344
Мұзағаңның құрамы
Мыналардан тұрады:
Лирика
53,8%
Зерттеу
5,4%
Мақал-мəтел 20,2%
Аударма 12,1%
Мақала
6,6%
Жұмбақ 1,7%
Жаңылтпаш 0,2%
Бəрiн қосқанда = 100%
1977
жыл
ИIРIМ
Сықақшы Үмбетбай УАЙДИНГЕ
Бiз ойлаймыз:
Үмбетбай
Инабатты кiсi деп.
Үйiне барар күн батпай.
Жүрген емес «кiсiнеп».
Есiледi жiбектей,
Жанға жайлы күлкiсi.
Сəл нəрсеге дiр етпей
Жүре алмайды бұл кiсi.
Сықақты ойлап, қайғырмай,
Тартып кетсе «иiрiм»...
Кейде адасқан айғырдай
Жоғалтады үйiрiн.
1990
жыл
345
ЎЙЌАС
Ақын Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВКЕ
Күнi-түнi тынбастан
Жаздыңыз-ау «Тың-дастан»
Əзiлдесiп Сiзбенен
Сiзге ұйқас iздеп ем:
– Ғафу!
...тату.
– Ғафу!
...жату.
– Ғафу!
...ашу.
Соңы кеттi-ау ұйқаспай
Сiздiң кейбiр ұйқастай.
1976
жыл
МЎНАР
Театр сыншысы
Əшiрбек СЫҒАЙҒА
Кезi келдi сайрайтын
ұранды шақ,
Тү-у-у-у биiктен
шолады қыран құсап.
Мемсыйлықты алғасын
тұрмаса екен
Бiздiң жыл санауымызға
дейiнгi храм құсап?
2004 жыл
346
ТАП БАС!
Сықақшы
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫНА
Ғаббас!
Ғаббас!
Осы сөзге оқырман,
Ұйқас iздеп, тап бас!
– Ғаббас!
– Айтқанынан қайтпай,
«Жоғарыға» жақпас?
– Ғаббас!
– Саяз судай сарқырап,
Ылди iздеп, ақпас?
– Ғаббас!
– Мұз қатса да мұртына,
Мұңын бiрақ шақпас?
– Ғаббас!
Оспанханды тiрiлтпей
Iшкен асы батпас?
– Ғаббас!
1990
жыл
ИIСКЕДI
Сықақшы Ислам ШҰҒАЕВҚА
Лириканы иiскедi,
Бiрақ тиiспедi.
«Сəбилердi» иiскедi,
Бiрақ тиiспедi.
347
Сатираны иiскедi,
Бұған да тiктеп тиiспедi.
Əдебиетпен осылай
Əзiлдесуi тиiс пе едi?..
1975
жыл
ƏТТЕЅ!
Сықақшы
Мыңбай РƏШЕВКЕ
Оқып оның көр ойын,
Несiн тiзе берейiн.
Өзiңiз де бiлесiз
Кiлең нардай «геройын».
Бiр «геройы» қыр жақта,
Ендiгiсi бiр жақта.
Бəрi, бəрi, бəрi бар
Ұйқас,
Буын,
Ырғақ та...
Оқырманы қолдаса
Теңеу де көп онда аса.
Бəрi,
Бəрi,
Бəрi бар...
Көркемдiгi болмаса.
1990
жыл
348
ДАБЫЛ!
Драматург
Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВҚА
Жиырмасыншы ғасырда
Жалқау емес Қалекең.
Пайғамбардың жасында
Шаршамайтын шал екен.
Апталардың iшiнде
Қадiрлiсi əр жұма.
Қалағамыз күшiнде,
Жасап жатыр тəржiма.
Бұ қазақтың киносын
Көтере алмай толғанды.
Жыны келiп,
Күйгесiн
«Мың бiр түнiн» қолға алды.
Қаға бермей дабылды,
Арғы жағын сұрама.
«Ремонтқа» жабылды
Комедия,
Драма!..
1990
жыл
МЎХТАР МЎЅЫ
Ақын Мұхтар ШАХАНОВҚА
Басыбайлы бар əнiм –
Балқаш пенен Аралым!
Асанқайғы атамдай
Ел аралап барамын.
349
Айналайын Аралым,
Мұңлы көзбен қарадың.
Бетiн тырнап жүрмiн бе
Жазылмайтын жараның?!
Ақындарда ар тұнық,
Көргенiм жоқ тартынып.
– Құтқарыңдар Аралды
Бара жатқан тартылып! –
Деп ұрандап осылай
Күн өтуде, досым-ай.
Түн ұйқымды төрт бөлiп,
Жата алмаймын шошымай.
Қаулы талай қаралды:
«Құтқарыңдар Аралды!»
Қорға қаржы аударған
Жiгiттер де жарамды.
Ақша теңiз бола ма,
Арал қайтып тола ма?
Сүттi сиыр секiлдi
Суалғаны обал, ə?
Сырды жатар бүгiп кiм,
Көбеюде үгiт тым.
Арал,
Арал,
Арал деп,
Мен жырымды ұмыттым.
Мəскеуге де тiк барып,
Көргенiм жоқ тiптi арып.
...Поэзиямды Аралдай
Жүрмеңiздер құтқарып!
350
ЌОШЌАР
Сыншы Темiрбек ҚОЖАКЕЕВКЕ
Сөйлемейдi бет алды,
Жаратқасын өткiр қып.
Ерттеп мiнiп деканды,
Қорғап шықты докторлық.
Құлағы ылғи түрiк жүр,
Қыбырлатпай шəкiрттi.
«Сатира!» деп қырық жыл
Атандай даусын ақыртты.
Тұзы жеңiл өзiнiң,
Таусылмайтын дау көп пе?!
Тiрiсiнде көзiнiң
Ұшырады нəубетке.
Оқырманның ойшылы-ай,
Темкеңдi жұрт бiлсiншi.
Қошқар баққан қойшыдай
Қозысы жоқ.
Кiм сыншы?..
1990
жыл
2008-ЖЫЛЄЫ ТОЙ
Фантаст жазушы
Абдул-Хамид МАРХАБАЕВҚА
Зал.
Мүшелтой.
Төр жақтағы бiр шалға
Қарап отыр бар халайық.
351
Ол шалымыз, əрине.
Фантаст А-Х. Мархабаев.
Аты-жөнi кiм деме,
Бiреу шықты мiнбеге:
– Қазақ фантастикасының
Қабырғасын қаласқан,
Жюль Вернмен таласқан
Абдул-Хамид ақсақал
Жетпiс жасқа толып отыр.
Сондықтан да бүгiн
Мүшелтой болып отыр.
Əбекең
Бəле екен!
Фантастикада көп iс бiтiрдi,
Он шақты роман,
Отыз шақты повесть бiтiрдi!..
(Ду қол шапалақтау)
Бүгiн, сөйтiп, Əбеке,
Қиялдаймыз да.
«Ғарыштағы бiр тостақ қымызыңмен»
Жетпiске жетiп келсең ұялмаймыз ба?..
1980
жыл
ЖАРАСЌАН ЖАЙЛЫ
ЖАЅА КЇЙ
Ақын Жарасқан ƏБДIРАШЕВҚА
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дiңгiлдiң.
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дырың-ң-ң.
352
Дəмдi, мəндi жырың-ң-ң.
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дiңгiлдiң
Дiңгiл,
Дiңгiл,
Дырың-ң-ң.
Сын жазушы ең бұрын-н-н.
«Даланы» алдың ыңғайға,
Турабидей сын қайда?!
1977
жыл
СЫЙ...ЫРЌЎЙЫМШАЌ
Жарасқанның 50 жылдық тойына
Жарасқан-ау,
Саған ненi қимаймын?
Үй сыйлар ем, өз басыңда үй дайын.
Жарты əлемге жария сап одан да
Арғымақтай ақ «Волганы» сыйлайын,
«Волга» бiрақ бензинiңе тоймайды.
Бензин бiтсе саласың ғой ойбайды.
Мен одан да бiр «Жигули» сыйлайын.
Сай-салада сайтан қуып ойнайды.
«Жигулиiң» бас бiлмеген асаудай,
Соғысарсың тормозын да баса алмай.
Мен одан да бiр «Москвич» сыйлайын,
«Москвичтi» тоқтатып ед қашан ГАИ?
«Москвичiң» көп сынады пырт етiп,
Бiр тетiктен кете берер бiр тетiк.
353
Мен одан да «Запорожец» сыйлайын,
Алсаң болды өз атыңа тiркетiп.
Əй, бiрақта, пошымы оның пошым ба.
Қу моторы артқа бiткен сосын да.
Мен одан да велосипед сыйлайын,
Иномарка, крутойға қосылма!
Өмiрiңе серiк еттiң əн-күйдi,
Əзiлiңдi айтып жүрсiң əрқилы.
Велосипед мұз үстiнде жүре алмас,
Мен одан да сыйлайыншы конькидi.
Жарасқан-ау, сен ертерек шошынба,
Мұндай сыйлық сыйлай алмас досың да.
Автомобиль тез тозады,
Тозбайтын
«Авторучка» əкеп тұрмын осында!
1998
жыл
354
«ЫЅЌАЌ»
Композитор-əншi
Ескендiр ХАСАНҒАЛИЕВКЕ
Ел аузыңа қараған,
Атың көпке тараған.
Ыңқақ,
Ыңқақ,
Тарарам.
Ыңқақ,
Ыңқақ,
Тарарам.
Махаббаттың маңынан
Ұзай алмай барады əн!..
1976
жыл
«И» ЖƏНЕ «Р»
Балалар ақыны
Əнуарбек ДҮЙСЕНБИЕВКЕ
– Ара – дешi.
– Айа.
– Сара! – дешi.
– Сайа.
Көзiн ашып баланың,
Тiлiн «Р»-ға келтiрдi.
Лирика да кем түспей
Таразы басы тең тұрды.
– Əнуарбек! – дешi.
– Əнуайбек!
– Əнуайбек!
1974
жыл
355
ЕПТЕУ МЕН СЕПТЕУ
Ақын Қадыр МЫРЗƏЛИЕВКЕ
А т а у:
Балалар-ау, балалар,
Қадыр деген аға бар.
I л i к:
Қадыр деген ағаның
Сағындық-ау «Сабағын».
Б а р ы с:
Қазiр бiрақ ағаға
Көңiл ептеп қалады, ə?
Т а б ы с:
Себебi бұл ағаны
Ұмытқан жоқ бала əлi.
Ж а т ы с:
Шекер тiлдi ағада
Шеберлiк көп, шама да.
Ш ы ғ ы с:
Айналар ек ағадан
Жазса тақпақ жаңадан.
Көмектес:
Сөйтiп, ақын ағамен
Табысуды қалар ем!.
1975
жыл
356
АЌЫН МЕН АТОМ
Ақын Мұқағали МАҚАТАЕВҚА
Сен қорқасың басыңнан «Атом ба?» деп,
Жарасады сондай бас ақынға тек.
Бiз қорқамыз атомның сол қуатын
Заһар суға көп жұмсап жатыр ма деп.
1974
жыл
«ИСТ...»
Жазушы Сəтiмжан САНБАЕВҚА
– Журналист?
– Санбаев!
– Сценарист?
– Санбаев!
– Артист?
– Санбаев!
– Тракторист?
– Санбаев!
Жұмысымның
Жұрнағы ылғи «ист!» дейдi.
Қалың қауым қолын соғып
Қайсысына «Бис!» дейдi?
1975
жыл
357
АУЫЗ ТИДI
Балалар ақыны Сұлтан ҚАЛИЕВКЕ
Жазушы едi мысалдары тұшымды,
Əр жанрдан ауыз тиiп ұшынды.
1977
жыл
Əншi Ақжол МЕЙIРБЕКОВКЕ
Жас əншi жалын болып алаулай ма,
Мынау қайда деймiз-ау, анау қайда?
Қаны қою халықтың əнiн салмай,
Əуес болып барады «əлəулайға».
1976
жыл
358
НЕ ЖОЌ СЕНДЕ?
Ақын, драматург Нұрлан ОРАЗАЛИНГЕ
Не жоқ сенде?
Адамға тəннiң бəрi бар.
Қазақтың қаны, Алаштың сенде ары бар.
Шыңғысханға қарсы шыққан найманның
Қызын алған жiгiттiң де бағы бар.
Не жоқ сенде?
Шекпен де бар, шен де бар.
Қазып көрсең қазыналы кен де бар.
Менделеев таблицасы секiлдi
Элементтiң бəрi, бəрi сенде бар.
359
Не жоқ сенде?
Барған жерде бағаң бар,
Тарлан болсаң тайдырмайтын тағаң бар.
Қазақтардың ай мүйiзi бiр төбе,
Қырғызда да Айтматовтай ағаң бар.
Не жоқ сенде?
Дастарқанға дархандығы қосылған
Қазаның бар, ошағың бар, мосың бар.
Кеңшiлiк пен Жарасқаның бақилық,
Көзi тiрi Иранбектей досың бар.
Не жоқ сенде?
Алатаудай тауың бар.
Мыңға жуық қаламгердей қауым бар.
Бетегеден биiктердi сүймейтiн
Бесенеден Бекдiлдадай жауың бар.
Не жоқ сенде?
Бар жiгiтсiң, барлығына күмəн жоқ.
Жүрiсiң бар су төгiлмес сылаңкөк.
Бəрi бар-ау, бəрi бар-ау...
Тек сенде
Жайнамаз жоқ, суы жылы құман жоқ.
* * *
Жетi жаста жетiлдiң қара танып,
Тайлағыңнан сен өстiң нар атанып.
Жайнамаз бен бiр құман сыйлайыншы,
Алпыстан соң жүрерсiң дəрет алып.
Əйтпесе сенде бəрi бар!..
2007
жыл
360
ƏДЕБИЕТТЕГI ƏЅГЕЛЕК
Ақын Несiпбек АЙТҰЛЫНА
Қандай теңеу айтасың
Айтұлына, апырмай?
Тапалдардың тайпасын
Бастап жүрген батырдай!
Қарасаңыз пiшiмге,
Полк емес – батальон.
Тапалдардың iшiнде
Нағыз талант – Наполеон.
Бұдан гөрi қоңдырақ
Тəуiр теңеу табам ба?
Винтовка емес,
Ол бiрақ
Нақ ұқсайды наганға.
Ағайынға – қолбала,
Алты алашқа сыйлы адам.
Ұқсамайды бомбаға,
Аумай қалған минадан.
От па,
Шоқ па,
Жалын ба?
Ақ көңiлi – əйнектей!..
Самауырдың жанында
Шəмбiсi бар шəйнектей.
Сорып iшiп сонда да,
Талғамайды күй талай.
Ұқсамайды «Волгаға»,
Май жемейтiн «Тикодай».
361
Əдебиет – ас-тамақ,
Оқырманға дəм керек.
Айтұлы асқабақ
Болмаса да – əңгелек.
Түйреуiштей түйремес,
Сөзi – бидiң сөзiндей.
Несiпбегiм ине емес,
Бiрақ, ине көзiндей.
Сөз қылмаймыз бiтiмдi,
Iс тындырсаң сүйiктi.
Қазандағы сүтiңдi
Ұйытатын – ұйытқы.
Карлик деп те айтар ек,
Теңеу тауып не түрлi.
Көз алдында «Бəйтерек»
Көлбеп тұрған секiлдi.
2000 жыл
362
Бабы күштi ақынның басына бақ боп қонған бəйбiшесi
Бақытжамал туралы баллада немесе
Жүрсiн ЕРМАНОВТЫҢ
ЖҮРЕК СЫРЫ
Айналайын ақ құсым,
Балапандай баптадым.
Басқа қонған бақпысың,
Аққуымдай аппағым!..
Гитарадай мүсiндi,
Пернедегi əнiмсiң.
Жанбай тұрған iсiмдi
Жандыртатын жалынсың.
Аспандағы айымсың,
Кейде сенi «Нұр!» десем...
Бiрде – бишi қайыңсың,
Бəйтерексiң – бiрде сен.
363
Ұйықтағанда – патшамсың,
Оянғанда – уəзiрiм.
Кассадағы ақшамсың,
Картадағы – көзiрiм.
Өлеңдегi – лиригiм,
Айтыстағы – ақыным.
Алынбаған сыйлығым,
Жарылмаған атомым.
Бақшадағы – өрiгiм,
Жұпар иiсiн жұтамын.
Ғасырдағы – қорығым,
Менiң «Қызыл кiтабым».
Берекедей сезiнем,
Беделiм мен бет-арым.
Жұртбаевтай – шежiрем,
Омашевтай – деканым.
Таптың қыз бен ұлды да,
Ғұмырымсың жалғасқан.
Айтовтай – сұңғыла,
Майтановтай – марғасқам.
Саясатта – тiрегiм,
Парламентте – сөзiмсiң.
Кандидаттың бiрi едiң,
Депутатым – өзiңсiң.
Шығарасың заңыңды
Шыр-пыр болып ей, жаным.
Шығарады жанымды
Шырылдатып кей заңың.
Шымырланып ширықтым,
Одан сайын ұштадың.
364
Аюындай цирктiң
Менi үйретiп ұстадың.
Кəмпит берiп, қамшылап
«Алэ-оп!» деп билеттiң.
Айналамыз – аншлаг,
Дос жиюды үйреттiң.
Елдiң бəрi елеңдер,
Қолым қалай ұзарған?
Адам болам дегендер
Арғындардан қыз алған.
2011 жыл
АТЫ КҐП АДАМ
Алматы облысының əкiмi
Серiк ҮМБЕТОВКЕ
Атын айтып шақырса
Жалт бұрылып қараған,
Өз есiмiн бiле ме
Өмiрдегi əр адам?
Ата-бабаң əуелi
Ат қойса да дəстүрлеп,
Атын айтпай мықтының,
Атайды оны:
– Қасқыр! – деп.
Жiгiт бұзық болса егер
Жiберетiн жұлып тек.
365
Оның атын өзгертiп
Атайды жұрт:
– Жүлiк! – деп.
Тамашалап тар жердi,
Тайраңдайтын тайтаң көп.
Албастыдай пенденi
Айтпайды ма:
– Сайтан! – деп.
366
Түнде шықсақ көшеге
Түрлi нəрсе көрер ек.
Ұшып-қонған сұлудың
Былайша аты:
– Көбелек!
Тоқпан жiлiк сындырып,
Топ бастайтын бар жiгiт.
Елге туған ерлердiң
Ерекше аты:
– Нар жiгiт!
...Бiр кiсi бар ендеше,
Жүрмейтұғын түндетiп.
Оның аты – Серiк те,
Фамилиясы – Үмбетов.
Талай, талай, талайлар
Танысса да жақын кеп,
Атын айтпай Серiктiң
Атайды тек:
– Əкiм! – деп.
Ишаралы, ибалы,
Имансызбен қас кiсi.
Қорғанышы сияқты
Қолындағы тəспiсi.
Атаққа да, атқа да
Сонша зəру, қат па едi?
Аты келсе бəйгеден
Дейдi жұрттар:
– Атбегi!
Расында кiм екен
Үмбетовтiң аты осы?
Журналистер қойған ат:
– Өнердiң өгей əкесi!
Басатұғын байқатпай
Бұл өмiрдiң таты көп.
Аты-жөнi болғанмен,
Көп адамның аты жоқ.
2000
жыл
368
ШУАЌТЫ ШАЌТАР
Достарыңызбен бөлісу: |