Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата17.01.2017
өлшемі1,49 Mb.
#2112
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

ӨТКЕЛДЕР МЕН ӨТКЕНДЕР
Қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті ақын Кәкімбек 
Салықов – ұзақ жылдардан бергі аға досым. Өлең өлкесінің 
жезқанатты жезкиігі, аяулы азамат, айтулы тұлғамен кез-
десуге, жүздесуге асығып жүретінім жасырын емес. Саналы 
ғұмырын халықтың ұлы болып өткізіп келеді Кәкімбек аға.
Жезкиік ғұмыр...
Желерсің-дағы өтерсің,
Өтерсің анық...
Парызың елге өтелсін.
Бір қазақ сендей ұлтының ұлы болсын да, 
Бір ақын сендей өлеңнің жүгін көтерсін, –
деп жыр арнағаным да бар еді. Қазақстан Жазушылар ода-
ғының 70 жылдық мерейтойына қатынасуға Астанадан кел-
ген Кәкімбек Салықовты өмірінің өткелдері мен өткендері 
жайлы, қоғам мен тіршілік жайлы сыр-сұхбатқа шақырдық.
– Сіздің Кеңес Одағы ыдырар алдында КСРО Жоғарғы Ке-
ңесінің Экология жөніндегі комитетін басқарып жүрген ха-
лық депутаты болғаныңыз белгілі. Қоғамдық жұмыстар мен 
ақындық жолыңыз елге келіп, зейнеткерлікке шыққаннан 
кейін де кем соққан жоқ, ал мемлекеттік қызметке, не толып 
жатқан саяси күрескерліктің қызуына түспегеніңіз қалай?
– «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, жүрегім жалын ат-
қан сөз дайында» деп Қасым Аманжолов ағамыз айтқандай, 
бастан кешкен өткелдер мен елмен бірге кешкен уақиғаларды 
өзіме айтқызғаныңызға рахмет, әйтпесе бұл сұраққа сыр-
тымнан әркім өз бағдарынша жауап беретінін айдан анық 
түсінемін. 

192
Кеңес Одағы ыдырап кеткеннен кейін Мәскеудегі аса 
биік лауазымды кісілер жаман қызмет ұсынған жоқ. Әсіресе 
бұрынғы КСРО-ның бірінші вице-премьері болған Вита-
лий Догужиев экологияға байланысты орынбасары ретінде 
жаңа құрылған үлкен корпорацияға шақырды, бүгінгі Елба-
сымыз Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде де, елде де тұғы 
ры 
биік мемлекеттік қызметтерді ұсынды, осы күндегі Сол-
түстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров мыр-
за да Мәскеудегі сол кезде өзі ұйымдастырған кәсіпкерлік 
мекемесінің мәдениет жағын басқаруды атады. Мен бұл 
азаматтардың бәріне де алғыс айтып, елге оралып, Алматыда 
қызмет істеу, ақындық жолымды жандандыру жағын ойлай-
тынымды алға тарттым. Алматыға келгеннен кейін көптеген 
жылдар жан аямай атсалысып жүрген Арал апатының алдын 
алу мәселесіне Нұрсұлтан Әбішұлының ұсынысымен қызмет 
істедім. Арал проблемалары жөніндегі Ұлттық комиссияның 
бас сарапшысы болып, қолымнан келгенше, бұрынғы Одақтық 
келісімдер мен шешімдер құлдырап кеткен соң, Арал апаты-
на қарсы тұрар жаңа жоба, бағдарламаларын жасауға қызу 
қатынастым. 1995 жылдан бастап Халықаралық Қ.И. Сәтбаев 
қорының президенті болып сайландым да, ұлы ғалымның 
туғанына 100 жыл толатын мерейтойды өткізуге атсалы-
стым. Қай қияда жүрсем де ана сүтімен дарып, бойға сіңген 
ақындықтан қол үзбедім.
Шөліркеген далама
Жаңбырлы бұлт болар ма ем,
Піскен кезде мол егін
Диқан болып орар ма ем, –
деп те елді аңсағыш болдым. Өйткені 1975 жылы Жезқазған 
облыстық партия комитетінің екінші хатшылығынан СОКП 
Орталық Комитетінің инспекторы болып тағайындалдым. Бес 
жыл өткеннен кейін Қазақстанның бұрынғы басшысы Д. Қо-
наевқа арнайы келіп, талай рет елге сұрансам да орайы бол-
мады. Ақыры он жылдай сол «Үлкен үйде» қызмет істеп, бес 

193
жылдай Қарақалпақ Автономиялы Республикасында облыс-
тық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқар дым. 
Осы жылдар қаншама ауыр тисе де, бауыр елге барымды ая-
мадым. Қазақстаннан келемін деген небір қазақ, небір орысты 
апармадым, сол елдің азаматтарын көтеріп, тәрбиелеуге бар 
күшімді жұмсадым. 
Қарақалпақстанда өткен жылдар мені эколог етті. Өзіңіз 
айтқандай, Халық депутаттарының алғашқы съезінде Жоғар-
ғы Кеңестің Экология жөніндегі комитетінің төрағасы боп 
сайланып, Чернобыль, Арал, Семей полигоны мәселелеріне 
қызу кірістім. Әлемдік экологиялық форумдарда ел жырты-
сын жыртуға бірталай уақытымды арнадым, көптеген елдерде 
болдым. Міне, Арал апаты, одан кейін Каспий теңізінің тасуы 
жайлы мәселелермен айналысуды азаматтық парызымдай са-
надым. Егер Сәкен, Мағжан, Қасымдар тірі жүрсе, сол айқастан 
қалмас еді. Классик жазушы ағамыз Әбдіжәміл Нұрпейісов, 
ақиық ақынымыз Мұхтар Шаханов, еліміздің әйгілі арыс-
тарының бірі – Еңбек Ері, марқұм Еркін Әуелбековтер де ба-
рынша атсалысты ғой. Арал апатының барша мәселелері әлі де 
шешіліп болған жоқ, ол жүрегімнің бір шетінде беріш болып 
жатыр. Ол – үлкен сөз, бөлек әңгіме.
Сұрағыңыздың тағы бір бөлігі менің көптеген партия-
лар мен қозғалыстардың біріне қатыспауым жайлы ғой. Ол 
рас. Өмір жолым кеншіліктен басталса да, партияның солда-
ты болып қайда бармадым. Ал туған елім тәуелсіздік алып, 
Коммунистік партияның тағдырымды басқаруынан есен-сау 
құтылған соң, қалған өмірімді ақындық жолына арнап өтуді 
арман еттім. Біле білсек, қоғамдық жұмыстың ең үлкені – 
ақындық. Ақындық деген – ел алдындағы зор жауапкершілік, 
оны ақтай алсақ та бұл жалғанға жайдан-жай келмеген болар 
едік.
– Меніңше, осы айтқандарыңызды абыроймен орындап 
ке лесіз. Сіздің ақындық жолыңыз «Кенші ақын», «Жезкиік 
ақын» деген үлкен атақ, даңқ әкелді. «Жезкиіктің» дүбірі қан-
дай еді, сол ұстанымыңызбен жүре бермей, эпикалық күрделі 
дүниелер – «Тәттімбет», «Дала», «Ақын Тайжан», «Қаныш 
13-267

194
жолы» атты көптеген поэмалар жазып, сонеттер мен әзіл-
дер жинағыңызды да ұсындыңыз. Осы көп тақырыптылық 
шашырандылыққа ұшыратпай ма? Оған қоса аудармаларыңыз 
да бір төбе.
– Бұл үлкен де күрделі сұрақ. Баяғыда лирикалық өлең-
дерім 
нің арасына «Лифтегі сұлу» секілді әзілдерімді қос-
қанымда, Жазушылар одағында поэзия секциясын басқа-
рып отырған бұл күнгі ақиық ақынымыз Қадыр Мырзали-
ев «Сіз жақсы лирик болып қалыптасып келесіз, әзілдерді 
жаңа жинақтары ңызға көп кіргізбей, жинай беріңіз, соңыра 
пенсияға шық қанда бәрін жинап, бір кітап етерсіз» дегені бар 
еді. Мен ақылды інімнің ескертпесін орындап, әзілдерді жинай 
беруші едім, соның нәтижесінде «Көңілді күлкі қыздырар» де-
ген әзілдер жинағым жарық көрді. Ал поэма жазуға жасымнан 
машықтанып кеттім де, лирикалық өлеңдер төңірегін де ке-
ңейтіп, сонеттерге 1970 жылдардың аяғында кірістім. 
Бұл жерде мен қазақ поэзиясында сонеттер неге жоқ де-
ген сұраққа жауап ретінде өз поэзиямыздың ұлттық өресін 
кеңейткім келді. Сонеттен тізген алғашқы гүлтәждерімді 
Мәскеуге келген академиктер Евней Бөкетов пен Зейнолла 
Қабдоловқа оқығанымда, олар қуанышпен құптап еді. Бұл 
еңбектерімді бөлек «Сонеттер» атты жинағыма кіргізгенім 
рас. Күрделі тақырыптағы «Тәттімбет» секілді поэмалар өмір-
дің үлкен белесі ғой, көптеген шағын поэмаларым да бар. 
Шынболат Ділдебаевтай дарынды ақын інімнің арқасында 
«Дала» атты поэмам сахнада ширек ғасыр өмір сүрді. 60 ком-
позитор 500-ге тарта өлеңдеріме ән шығарған екен, лирикалық 
өлеңдерім үшін бұл зор бақыт қой. Өмірім қаншалықты сан 
түрлі жағдайда өтсе, өлеңім де сол дүниенің жаңғырығы 
емес пе, «шашырандылықтан» сақтасын, бірақ қай жүйедегі 
өлеңдер болса да, адам жанын жалықтырмас рухани азық бо-
лып туса құба-құп емес пе. 
Сан салалы поэзияның көптеген желілеріне қармақ сал-
сам, ол-дағы ұлттық поэзиямыздың даму тағдырын кеңірек 
ойлағаным. Аудармамен де көп шұғылданамын, ол да үлкен 
һәм нақтылы сабақ қой. Ал біздің ақындық кредомыздың басты 

195
мәселесі – қоғам өміріне жіті қатынасып, оған жүрек тілімен 
жауап беру деп түсінемін. Екінші бір үлкен мәселе – Ж. Шаях-
метов, Ж. Жанғозин, Е. Бөкетов, Н. Тілендиев, Ф. Кәрібжанов, 
М. Бейсебаев, Б. Әшімов, М. Сағдиев, Е. Әуелбековтер тура-
лы очерктер, естеліктер жазсам, бұл да қоғамдық жұмыстың 
күрделі түрі ғой. Ол асыл азаматтардың әрқайсысы туралы 
әділ баға бере алсақ, ол да жас ұрпақ үшін үлкен сабақ емес пе.
«Шашырандылық» жайында Медеу Сәрсеке досым да ескерт-
пе жасап еді. Оның айтқанындай, Үкілі Ыбырай, Ақын Тай-
жан, Молдахмет Тырбиев, Садық Асатов сияқты ақындардың 
еңбектерін жинап, кітап етіп шығаруға көп уақыт бөлгенім рас. 
Досым үшін ол уақыттың ысырабы болып көрінсе, өзім үшін 
азаматтық парызым болып қуантады. Олардың өз еңбектерін 
жарыққа шығарғаннан кейін, өздері жайлы өз туындыларым 
жарық көрді. Бұл жұмысты Қаныш Сәтбаев, Шоқан Уәли-
ханов, Мағжан Жұмабаев жайлы да жүргізіп келемін, ол да 
жанымның жақсы көрген талпынысы. Жезқазғанның ғи-
ратты азаматтары жайлы кітабым, әрине, өте көп уақытымды 
алды, ал жезқазғандық бауырларымның қуанышын немен 
өлшерсің? Сондықтан осындай да «шашырандылыққа» жол 
беремін. Тақырып үлкен, сауал терең, әзірше жауабым осылай 
тәмамдалмақ.
– Сіз туралы сөз болғанда, Кремльдегі өткен он жылыңыз 
жайлы, Генсектер жайлы өмірдің қыры мен сырын естігіміз 
келеді. Оған не дер едіңіз?
– Бұл сұрағыңыз – асығыс жауапты көтермейтін ауыр сұрақ. 
Өжеттігіңіз қызықтырып отыр. Сіздің орныңызда болсам, мен 
де өткір-өткір сұрақтарды төгілтер едім. Жауап үшін кем де-
генде жеке повесть, не үлкен очерк жазуым керек, дұрысында
бұл тақырып ойланып жазар мемуарлық кітабымның зор 
бөлшегі деп түсінемін. Ал «Генсектер» деген соң ат-тонымды 
ала қашудан да аулақпын, құрғақ қасық ауыз жыртады деген 
ғой, сіресе тоқтату да жөн болмас. 
Орталық Партия Комитетіндегі инспекторлық жұмыс бө-
лімдер мен секторлардың қызметтеріне үш қайнаса сорпасы 
қосылмайды. Біз төртеу болдық, ол ұжымның парторгі едім. 

196
Бізді тікелей Орталық Комитеттің хатшысы И.В. Капитонов 
басқарды, одан кейін Е.К. Лигачевтың қолына көштік. 
Иван Васильевич өте инабатты, салмақты да сабырлы, 
мәселеге өте терең қарайтын адам-тын. Біздің жұмыс – шы-
нында да Генсектерге тікелей шығатын тексерістерді тындыру, 
қаулы-қарарларды дайындау. Әсіресе үлкен адамдарға арыз-
дар көп болатын, оларды мұқият қарап, шешім дайындау – 
біздің жауапты ісіміз. 
Бүкіл Одаққа қатысы бар екі күрделі жұмыспен И.В. Ка-
питонов екеуміз Генсегіміз Л.И. Брежневте болдық. Бірінде 
елдің экономикалық дағдарыстан шығу жолдарының қысқаша 
бағдарламасы, екінші жолда еліміздің экономикасын дұрыс 
жолға қою талабын партияның конференциясы қарасын де-
ген ұсыныс еді. Екеуінде де жолымыз болмады. Генсек бас-
тығымның аты мен әкесінің атын атап қиналған жоқ. «Ты, Ка-
питонов, стоишь на не неправильном пути, страна идет верным 
путем, давай непугай. Пока я Генсек, этого не будет, вопросы 
задавай на съезде партии. Зачем в такие дела впутываешь моего 
земляка из Казахстана» деп салды.
Леонид Ильичпен басқа да кездесулер болды. Әсіресе Қа-
зақстанның бір үлкен тойына келгенімізде көп жақын тартып 
кетіп еді, сол ілтипаты өз ағама ұнамай қалды ма, кім білсін?.. 
Генсектің тікелей тапсырмаларын да өзге жолдастармен бірге 
орындап жүруші едім, сол кездегі ұқыптылығым ұнаса ке-
рек. Кеңседе көп отырып қалғандарға қарағанда, әрине, біздің 
қызу еңбек қайнаған жерден келуіміз көп себін тигізді. Бірақ 
айтқанымыздың бәрін іске асырғызбайтын. «Жағың түскенше 
жамандық көрме» деп беретін қазақтың батасын ұққан-ау, 
жамбасы жерге тигенше тақтан түспей өтті ғой, жарықтық. 
Ю.В. Андропов мүлдем ерекше кісі еді. ЦК-ға кеш келіп, 
ерте кетті. Тәртіп мәселесін қолға алғанын біреулер келе меж 
де етеді, ол – әділетсіздік. Ол кісі не істеу керек екенін бар лық 
республикалардан 3-5 адамнан жинап, ел ақсақалдарымен 
ақылдасты. Міне, сол кездесуді дайындау үстінде құрылған 
топта болып, жетекшінің орынбасары болып бекідім. Маған 
Қазақстан мен Орта Азия республикаларының зиялыларын 

197
қарсы алу, дайындау, шығарып салу, траптан түсіп, ұшар 
ұшақтарына мінгенше бірге болу жүктелді. Сонда «Сіздер 
аппараттың білікті іскерлерісіздер, сол іскерліктеріңіз бен 
білімдеріңізді жұмсап, съездерде сөйлейтін делегаттардың 
сөздерін жазып беру тәжірибелеріңіз түбірімен жоғалсын, әркім 
өз ақыл-кеңесін берсін, маған сіздердің емес, олардың таза, 
шыншыл ақылдары керек, – деді. – Сіздердің ақылдарыңызды 
күнде тыңдап жүрмін ғой» деп бір күлдірді.
Ол жиын «Партия ардагерлерімен кездесу» деп аталып, 
1983 жылдың тамыз айында өтті. Шынында да, Генсек пен ел 
зиялыларының, партия ардагерлерінің әңгімелері шұрайлы 
шындықтың бетін ашардай таза күйінде өтті. Нәтижесінде 
Генсек бізге разы болып, арнайы сағат тапсырып, бір айлық 
жалақын мөлшерінде ақшалай сыйлық бергізіп, шала ба-
йып қалдық. Бекзадалығы мен жинақылығы табиғи үйлесім 
тапқан үлкен тұлға екен. Ол кісі тым болмаса енді бес жыл 
тұрса, елде әділет жолы басталып, басқаша жағдайлар дүниеге 
келуі мүмкін еді. Етек алып кетіп, елді шіріте бастаған былық-
шылықпен күресе бастағаны ақиқат.
Черненконың Генсек болуы үлкен елдің айықпас сырқа-
тының басталуы еді. Төрінен көрі жақын болып әрең жүрген-
де әлемнің бір тұтқасын ұстап тұрған империяны басқаруға 
кірісуі партияның әбден тозғанының белгісі болды демей не 
тұжырымға келмекпіз? Бір рет қана қызмет бабымен кездес-
тім. Бір танауы мен екі құлағына мақта тығып қойған екен, 
жаным ашып, шошып кеттім, құлайын деп тұрған ауру пілдей 
боп көрінген үлкен елді аяп кеттім. 
Михаил Горбачев жайлы жазарым да, айтарым да аз емес. 
Бірақ ол кісі туралы Е.К. Лигачев ақсақал «ол сатқын» деп 
тура айтты. Соны оқығанда, Горбачев алған Нобель сыйлығы 
есіме түсті. 
Бұл – өте күрделі кезең еді. Кеңес Одағының тұңғыш Пре-
зиденті, Жоғарғы Кеңестің төралқасын да басқарды. Сол 
төралқаға Р. Ғамзатов, Ш. Айтматов және мен мүше бол-
дық. Мәжілістерде талай айтыс-тартыстар болып жатады. 
Сол талқыласу мен салғыласуға Шыңғыс ағамыз белсенді 

198
қатынасатын, өзімнің де шақарлығым аз емес, үндемей қалған 
жерім жоқ болатын. Бір күні дачамыз қатарлас болғандықтан 
жиі кездесулерді пайдаланып, «Расул аға, Сіз неге үндемейсіз, 
кейде бір сүйеніш табамын ба деп, көптен дос болған соң сізге 
қараймын, міз бақпайсыз, ал Айтматов болса бірде қоштап, 
бірде тоқтау айтып жатады» дегенімде, «Ай, Какимбек, мой 
брат, бұл Горбачев пен Айтматовтың әңгімелері ұнамайды, 
осылар Одақты құлатады» деді. Ұлылығына күмәнім жоқ еді, 
мына сөзінен кейін ол кісіге тиісуімді қойдым. Тағы да Расул 
ағамен бір кездесуім өлең болып кетті.
Құшақ жайып ізетпен бағалайтын, 
«Расул аға, ассалаумағалайкум!
Саулық қалай? – дедім мен сабыр сақтап, –
Емханада нең бар көп жағалайтын?»
Қатты ойланды,
Қыздырды ма сұрақ бой,
Көзі күлді,
Сыбырлады-ау зиятты ой.
«Мына сырқат мемлекетте, – деді ол, –
Сау жүрудің өзі маған ұят қой».
Міне, Ғамзатов, ол сырқат мемлекетте сау жүруге ұялатын. 
Ал өзімді Қарақалпақстанда атақты ақын Ибрагим Юсуповты 
қатты қорғап, нық қолғабыс жасағаным үшін қатты сыйлай-
тын. «Ақынға ақын – дос» дегенді берік анттай сақтадың деуші 
еді. 
Адамзаттың абзалы Расул ағамыздың айтқаны айнымай дәл 
түсті, сырқат мемлекет құлады. Горбачевтің өзі де сұлап түсті. 
Хрущевті екі рет алыстан көрдім. Студент кезімде, Сталин 
өлгенде жастық шақтың өжет күшінің арқасында қошта суға 
қатынастым. Ол үшін күндізгі сағат төрттен түнгі төртке дейін, 
яғни «Колонналы залда» жатқан өлі жүзін көргенше тыным 
таппадым. Міне, Генсектер деген сұрағыңызға қысқаша айта-
рым әзірше осы ғана.

199
– Елімізді көп жылдар басқарған қазақтың біртуар ұлы 
Д.А. Қонаев жайлы сыпайы ғана айтып өттіңіз. Кеңірек 
тоқталсаңыз дұрыс болар еді. Сіз сыртта көп жүріп қалдыңыз, 
елде сан түрлі «сымсыз телефон» сылдырлап жатты, қызмет 
бабымен Сізге көңілі қалған жері жоқ па еді?
– Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты Димаш аға деп кеттік. 
Өз өмірі жайлы өзі де жақсы жазды, өзгелер де жақсы жазып 
жүр. Көп жыл бір жерде отыру да компартияның кезіндегі 
әдет, негізгі арманы дұрыс болғанымен, күнделікті өмірінде 
құлдырау жүріп жатты ғой, ол сырқаттан ағамыз да сау болған 
жоқ. Мен жас едім және партияның төменгі де, ең жоғары құ-
рылымында жүргенде де Димекеңнің Саяси Бюроға мүшелігі 
ол кісіге шаң жұқтырмайтын, мақтан ететінбіз. Өз өмірімде 
Димекеңе алғыс айтып, аға дегеннен басқа ешқандай өзара 
ұнамсыз сөз болмайтын. 
Ең алғашқы көргенім студент кезімде еді. Ол кісі Ғылым 
академиясының президенті болып сайланғаннан кейін Мәс-
кеу 
дегі түсті металл және алтын институтында оқып жүр-
ген біздермен кездесті. Қаныш аға да кездесу өткізген бо-
латын. Академик пен ғылым кандидатының арасындағы 
айыр 
машылықты студенттер көп айтты. Мен жиынға кеш-
теу келгендіктен ешқандай әңгімеге қатыспай үнсіз қалдым, 
көкейімде ол жолы айта қаларлықтай пікір тумады. Әйтеуір, 
тегін кісі таз болмас дегендей, әрі мамандығы кенші болған 
соң, өзі осы институттың түлегі болғандықтан да ішім жылы 
тартқаны рас еді. Сол үмітім ақталды да, мен институтты 
бітірген 1955 жылдың қаңтарында ол кісі Министрлер Ке-
ңесінің төрағасы қызметін атқаратын. 
Уранға байланысты мамандығы бар жас инженерлер бол-
ған 
дықтан біздерді шетелге жіберуге ұйғарды. Бір досым 
Германияға бірге кетейік деп шақырды, бір досым Қыр-
ғызстанға бармаққа азғырды. Мен біріне де көнбей, Мәскеуге 
іссапармен келген Д.А. Қонаевтың қабылдауында болып, 
Жезқазғанға жолдама алдым. Бұл жолы Димекеңнің кіші-
пейілділігі мен кісілігі жақсы әсер қалдырды. Одан кейін 
Жезқазған кен-металлургия комбинаты партия комитетінің 

200
хатшысы қызметін атқарып жүргенде Орталық Партия Ко-
митетінің Бірінші хатшысы кезінде жақсы кездесу, сұх-
баттасудың сәті түсті. Әсіресе баяғыда сабақ берген профес-
сорларды, оқытушыларды еске алғанда, сол институтты кеше 
ғана бітірген мен үшін көптеген есімдерді, олардың мінез-
құлқын, өздеріне тән дәстүрлерін үлкен кісінің ұмытпағаны 
таңғалдырды. Одан кейін Жезқазған партия комитетінің екін-
ші хатшысы ретінде талай кездестім. Менің Мәскеуге қыз-
метке алынуыма ол кісінің қатысы болды деп есептеймін, 
оның себептерін талдау көп уақыт алар еді, қысқа ғана келелі 
мәселелерге тоқталсам жөн болар еді.
Мәскеуде жүрген кезімде Олжастың «АЗиЯ»-сының тал-
қыға түскен кезінде бір рет дұрыстап сөйлесіп, өзінше кең 
түсінік беріп, О. Сүлейменовті талқылаған кезде қорғаудың 
тәсіл, тәртібін сөз етті. Мен Олжасты өзім де жақсы көруші 
едім, елдің бірінші басшысының ақынды жақтағанына қуа-
нып, айтқанындай, өзім қатынасқан жиындарда істің әділетіне 
көшердей пікір білдіріп жүрдім. Әсіресе Е.К. Лигачев Орталық 
Партия Комитетіне хатшы болғанда менімен Олжас жайлы 
әңгімелесті, пікірімді барлады. Содан кейін Олжастың қолда 
бар еңбектерін оқып шығып, қайтарып беруге сұрады. Біз ол 
кісіні Егор Кузьмич дейтінбіз. Бір жұмадан кейін кітаптарым-
ды қайтарып берді де, «Вы правы, никакой он не националист, 
просто особо одаренный человек многим, которого понять па-
рою бывает трудно» деді. Содан кейін Олжас туралы бөтен сөз 
тоқталды.
Димекең екінші бір мәселеде ақылдасқаны ардақты 
клас 
сик жазушымыз Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» 
Лениндік сыйлыққа ұсынылған кезде-тін. Димекең бұл мәсе-
леге атсалысқаны рас, бірақ ондай күрделі істе Орталық Партия 
Комитетінің майталман, ақсақал хатшысы Михаил Сусловтың 
айтқаны болатын, ол өзгеге ырық бере қоймайтын. «Грузин 
жазушысы Н. Думбадзенің романы – күнделікті өмір көрінісі, 
ал қазақ жазушысынікі – тарих, оған Мемлекеттік сыйлық та 
жетеді» деді.
Секретариаттағы талқылаудан шыққаннан кейін Димекең 
«Ілияс менің досым болса да маған көнбейді. Ағаңыз ғой, сіз 

201
ретін тауып, Ілекеңмен ақылдасып қайтыңыз. Сөйтіп ағаңыз-
ды Мемлекеттік сыйлыққа көндіріңіз» деді. Мен мақұл көр-
дім. Бірақ Ілияс ағамыз, қаншама бір-бірімізді жақсы көрсек 
те, менің айтқаныма да, Орталық Комитеттің әдебиет, мәде-
ниет бөліміндегі сыйластық жағдайында өткен әңгімелерде де 
«Лениндік сыйлықты бермесеңдер, Мемлекеттік сыйлығыңа 
рахмет» деп бір айтқанынан қайтпады. Жазушылар одағында 
болған үлкен әңгімеде де сол қалпында қарысты да қалды. 
Мен телефонмен звондап, Димекеңе бәрін айтқанымда, ол кісі 
«Әне, біліп айтқан екенмін, ол нағыз көкбөрі, айтқанынан 
қайтпайды. Мен Мәскеуге жүрерде өзімен сөйлесіп, «Әй, 
Ілеке, Лениндікті бермесе, Мемлекеттікті шаппай аласың» 
деп едім. Сонда Ілияс «Балығы болмаса, бақасының керегі 
жоқ, қазақ бақаны жемейді» деді. Ағаңды көндір дегенім сол 
ғой» деп күлді. «Солай, Хаке, ол әйтпесе Ілияс бола ма?!» деп 
әңгімені тоқтатып еді. Бірде «Димеке, осы Хаке дегеніңіз маған 
артықтау ғой, атымды атағаныңыз жөн» дегенімде, «Хаке, 
Сіз төрде отырсыз. Әлі жассыз, үлкендігіңізге үміт зор» деп 
шығарып салып, өз тәртібінше сөйлесе беретін. Үлкендердің 
ол да үлкен мінезділіктерінен шығар. Қаныш ағамыз өзінен 
кейінгілермен сөйлескенде «батырым» деп бастаушы еді. Үл-
кендердің кішілерге ілтипаты сабақ аларлық керемет қой.
Димекеңе өкпем жоқ, ол кісі кейінгі кезде маңайдағы қор-
шаған ортаның азғырындысында болған шығар, жасы да 
ұлғайды ғой, әйтеуір ел жаққа жақындатудан жасқанды. 
Елдегі «гу-гуді» де білемін, ол жөнсіз алыпқашпа сөздер, ал 
нағыз деректі дүниелерді артынан кеңірек жазармын.
Маған әлемде екі елдің бұрынғы бірінші басшыларын сый-
лау дәстүрі ұнады. Біреуі – Америка, олар барлық бұрынғы 
президенттеріне тепе-тең құрмет көрсетеді. Екіншісі – Тәжік-
стан, онда Орталық Партия Комитеттерінің бірінші хатшыла-
рына бірдей құрмет көрсетіп, зираттағы ескерткіштеріне шейін 
бір деңгейде зор құрметпен ұстайды. 
Жұмабай Шаяхметов жөнінде кереғар пікірлердің еш қи-
сыны жоқ. Мен Мәскеуде қызмет істеп жүргенде Қазақстанда 
он үш жыл Министрлер Кеңесінің төрағасы болған ардақты 

202
ағамыз, қазақтың асыл перзенті Нұртас Оңдасыновпен дәм-
дес, сыйлас болдым. Сонда ол кісі «Жұмекең көсем еді ғой, 
Омбы жақтан Қазақстанның бір шетінен ғана кіріп, төріне 
шыққан кісі осал емес. Тек қана уақыт өте ауыр еді» дейтін. 
Меніңше, бәрінің де үлкен еңбектерімен қатар, қызмет бабын-
дағы олқылықтары бар, бірақ әрқайсысы өз хал-қаді 
рінше 
басқарды. Біреулер Шаяхметов пен Сталин сыйлас болды 
десе, енді біздің кездегі достарымыз Брежнев пен Қонаевтың 
достығын алға тартады. Осының бірінде де бөтен сөз жоқ. 
Ел басқарған ұлы ағаларымыз да кең кісілер. Әрқайсысы 
өз дәуірінің ірі тұлғалары бола білді. Сондықтан оларды бір 
дәрежеде қадір тұту жөн. Димекең жайында айтар сөз көп, ал 
тоқетері, сыйластығымыз үзілмеді.
– Қаламгердің бүгінгі хал-ахуалы жайлы пікіріңізді білсек. 
Қазақ қоғамында руханиятқа байланысты көзқарас өз 
дәрежесінде деп айта алар ма едіңіз?..
– Қаламгердің хал-ахуалы дегеніміз – бүкіл қазақ әде-
биетінің кешкен күні емес пе. Тәуелсіздігіміздің алғашқы 
жылдарындағы тығырық бүкіл елге ауыр тигенде, жазушы 
қауымға да оңай соқпады. Соңғы жылдары, әсіресе Иманғали 
Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзалардың кешегі 
бірі үкімет төрінде, бірі министр болғанда жасаған қамқор-
лық ықпалдары жазушылардың еңселерін бірсыдырғы көтеріп 
тастады. Бірақ әлі де мәселе ойдағыдай шешіліп тұрған жоқ. 
Қаламақы деген айтуға ғана, негізінен «демеуші» тауып, кіта-
быңды шығару керек. Шыққан кітаптың да санын баспалар 
бір мыңнан асырмайды. Ал ол қай қазаққа жетеді? Ауыл де-
ген кітап оқудан қалып отыр. Мәселенің насырға шабуы тек 
қана ақындардың, не болмаса барша жазушылардың ахуалын 
өмірдің құлдыратуында емес, елге кітап, газет-журналдар ар-
зан бағамен молдап жетпесе, оқушыдан мүлдем айырыламыз, 
әне, сонда рухани ұлттық ыдыраудың үлкен кеселі туады. 
Міне, осы апаттан сақтанбасақ, тілімізден де айырыламыз. 
Менің қорқатыным осы.
Бұрын баспадан кітабың шығу зор қуаныш әкелетін, әрі 
ру хани, әрі ақшалай жарып қаламыз, ал қазір одан қалдық. 

203
Мемлекеттік тіліміз жөнінде тиісті шаралар қолданылып, 
бірсыдырғы әрекеттер жасалып жатыр, депутаттар да бұл 
мәселеге білек сыбанып кірісті, ал ауылға кітап арзан бағамен 
қашан жететіні белгісіз. Арзандатып та көбейтіп, ел қолына 
қалай жеткіземіз, кітаптың беделін қалай көтереміз, гәп осын-
да. Жаңа кітап шықса, ел үдере жұмылып оқитын, оқығанын 
ойына тоқып қана қоймай, пікірлерін баспасөз бетінде 
жеткізбеуші ме еді. Оның бәрі қайда қалды. 
Тоталитаризмді оңдырмай сынаған жөн, ал кеңестік дә-
уірдің өз идеологиясы үшін күресте кітапты зор құрал етке-
нін ескеріп, тәуелсіздікке жеткен еліміздің бүгінгі басшы-
лары бұл істі қолға алулары керек деп білемін. «Сөз түзелді, 
тыңдаушым, сен де түзел» дегендей, кітаптың тиражы мен 
қаламақы мәселелері дұрыс шешілмей, жазушылардың хал-
ахуалдары түзеле қоймас, тілі ашылса да қолы мен жолы әлі 
ашылмай тұр. 
Жазушылар одағына келсек, мен бұл жолы көп пікір айт-
пас едім. Себебі 70 жылдық тойымызда біраз ойлар айтылды. 
Одақтың бұл құрамы, әсіресе, Абай, Жамбыл, Сәкен, Мағжан, 
Сәбит, Ғабит тойларын жоғары дәрежеде өткізуге зор атса-
лысты. Басқа да, әсіресе, жасы ұлғайған жазушыларға демеу 
беріп, қуанышын бөлісіп, өлім-жітімін бірге көтерісуде одақ-
тағы жігіттер жандарын салып жүр. 
Жазушылар одағы – бүкіл Қазақстан жазушыларына ор-
тақ құрылым, қасиетті төр. Ендеше, бұл одақ та елорда – Аста-
надан орын алып, Алматыда үлкен бөлімшесін қалдыру керек 
деп білемін. Осы мәселе шешілсе, Астана еліміздің тек қана 
сая 
си, экономикалық, әкімдік басқарудың ордасы болмай, 
бүкіл ұлтымыздың рухани ордасы ретіндегі беделі арта түсер 
еді. Бұл жағынан қарағанда, мәдениетті өркендету жолында 
Астана да қыруар жұмыс істеліп жатыр. Ал әдебиетке келсек, 
олай деп айта алмаймыз. Үкімет те бұл мәселеде Жазушылар 
одағына деген құрметтерін үзбеуші еді, ал қазір Алматыда 
қалған қасиетті мекемені құрметтеу жолы табылмай жатқан 
секілді ме, әлде одақтағы жігіттердің өздерінің кеткісі келмей 
ме, не десек те қазақтың ұлы шаңырақтарының бірі – Жазу-

204
шылар одағын Астанаға әкелсек, көптеген жұмыстар жаңаша 
күйге түсіп, бүгінгі таңдағы келелі мәселелерді ел басындағы 
азаматтармен бірге шешер едік.
Жазушылар одағы Астанаға көшіп келсе, Алматыдағы қа-
зір 
гі отырған тамаша ғимаратты одақтың үлкен бөлімшесі 
жайлап, оған қоса бұл байлықты барлық ақын-жазушылар 
тағ зым ететін мұражай ретінде құрметтеп ұстау керек. Бұл үй 
біздің ақын-жазушылардың бас мешітіндей орында қала бер-
мек, ал жұмыстағылардың Астанаға аттанғаны ләзім. Екін-
шіден, Алматыда жазушылардың қаламгерлік көңіл құсын 
құйқылжытар төрі ретінде демалыс орыны болса, оған Жа-
зушылар одағының бұрынғы тау жақтағы үйі дес келмей ме. 
Қазіргі жағдайда ел алдында тұрған келелі мәселелерге жүйелі 
ат қосу – жазушылардың басты міндеті, бұл міндетті ел ал-
дында абыроймен орындамаса, одақтың да ғұмыры ұзақ бол-
майды. Олай болмасын десек, елордаға жиылып, Елбасына, 
үкіметімізге қосылып, халқымызға қажырлы еңбек етейік де-
ген көкейкесті сөзімді аяқтағым келеді.
– Кәкімбек аға, Сіз сөз арасында ретін тауып, қазақтың 
ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайында пікір 
білдіріп қалдыңыз. Медеу Сәрсеке Қанекең жайлы Мәскеудегі 
«ЖЗЛ»-дан шыққан тамаша кітабын жаңартып, ұлғайтып 
шығарды. Сіздің «Даналыққа тағзым» атты кітабыңыз да 
поэзия тілімен ұлы ғалымның бейнесін сомдаған екен. Осы 
тақырып кемеліне жетті деп білесіз бе, әлде Халықаралық 
Қ.И. Сәтбаев қорының президенті ретінде айтарыңыз бар ма?
 «Кешегі тоталитарлық заманда саяси қуғынға ұшырап, 
атылып кеткен Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Ораз, Тұрар 
секілді дарабоздардың тағдыры баршаға мәлім, ал Қаныш 
қалай аман қалды?» деген сұраққа әлі де түбегейлі, нақтылы 
жауап керек. Бүкіл Сәтбаев әулеті де қуғындалды, үш ағасы 
репрессияға ұшырап, ең ауыр жазаға ұшырады. Кезінде өзін 
де ұлтшыл деген лақаппен жұмыстан алып тастады, бірақ бағы 
жанып, Қазақстан Ғылым академиясының президенттігіне 
қайта оралды. 

205
Ұлы адамның бір ұлылығы – өзін, елінің атағын, ұлы ең-
бегін қорғай біліп, тұғырдан таймай өтуінде зор кереметтік 
бар. Қанекең – жүз жылда да оралмас энциклопедист, қайсар 
азамат, аса білікті ғалым, керемет ұйымдастырушы, үлкен 
әдебиетші, қазақ музыкасының білгірі, тамаша жазушы, 
аса көрнекті публицист қой. Қаныш ағаның өмірбаяны өте 
күрделі және байдың баласы, әкесі діндар, ағалары саяси 
репрессия ның құрбандары болғандықтан өзі де үнемі үрку мен 
қорқуда болды, сондықтан өз анасы Әлима жайлы деректерді 
жаңа-жаңа айқындап келеміз. Бұл да жабық қалған құпия. 
Оның себебі, Әлиманың әкесі Иса қажы еді. Баянауылдағы 
Иса қажының тұқымдарының таласын енді ғана айқындап 
қалғандаймыз. Ал қасында жүріп Қанекеңнің іс-әрекеттеріне 
қарсы болған Қарсақбайдың директоры Гүлий жайлы да 
оқушы қауым аз біледі. 
Қаныш тақырыбы – аласапыран заман жайлы үлкен сыр. 
Оны әлі толықтыра түсіп, көркем сөзбен келістіре ашып 
беру – болашақтың ісі. «Сәтбаевтану» сабағын техникалық 
жоғары оқу орындарында жүргізудің әрекеті жасалып жатыр. 
Құдайға шүкір, құралақан емеспіз. Қ.И. Сәтбаев атындағы 
Қазақ ұлттық техникалық университеті, Жезқазған, Павлодар 
университеттерінің күшімен бұл жұмыс баянды түрде жүрмек.
Ал Қаныш ағаның ғылыми еңбектерін зерттеу, кеңінен та-
рату жағы әлі кемшін халде жатыр. 100 жылдық тойына қар-
сы сегіз томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Геология-
лық мамандықтағы бауырларымыз бұл мәселені қолдарына 
дұрыстап алмай отыр. Ғылымның тәжірибеге ұлас қан нақты-
лығын көздеген Сәтбаевтың заманы туып отыр, әттең, сол 
кереметті ғылыми тұрғыдан ашып беру жайы ақсап жатыр. 
Қанекеңнің өз тілімен айтсақ, «тұяқтары тасқа шыдамай 
тасырқап қалды». Бұл мәселелерді қозғағаным, Қа 
ныш 
ағаның ғылымы мен өмірі – шексіз дүние, ол өлмес тақы-
рып. Жуырда Сәтбаевтың студент кезінде шығарған «Алге-
брасын» Еуразия университетінің ғалымдары қолымызға 
тигізеді. Бұл еңбектің де маңызы мен мәнісі әлі сөз бола жа-
тар деп сенемін.

206
Мен бұл мәселелерді Халықаралық Қ.И. Сәтбаев қорының 
президенті ретінде айтып отырған жоқпын. Асыл ағаның қызы 
М.Қ. Сәтбаеваның сұрауымен қордың банктегі есеп-қисабын 
осыдан екі жыл бұрын жапқанбыз. Қазір қоғамдық дәрежеде 
ғана ақысыз-пұлсыз жұмыс істеп жатырмыз. Ол – асыл 
дананың аруағын сыйлағанымыз. Өмір болса, әлі де Қанекең 
жайлы айтарымыз баршылық. 1999 жылғы Қаныш ағаның 
100 жылдығына арналған мүшәйраны өткізуге Қадыр Мыр-
залиев бастаған сарапшылар зор көмек көрсетті. Өмірімнің 
жиырма жылында Сәтбаевшыл ғұмырды Жезқазғанда шек-
сем, көз жұмылып кеткенше Қанекеңді, оның әулеті мен ұр-
пақтарын жырлап өтермін деп ойлаймын. «Абай, Шоқан, 
Мұхтар, Қаныш – төрт баған» дегенім де бар еді. Ұлттың ұлы 
тұғырының бірі деп Қанекемді әлі де жырлай бермекпін. Медеу 
досым да, басқа қаламгерлер де қарап жатпас деп сәт тілеймін.
«Қазақ әдебиеті» газеті.
2005 жыл

207

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет