Бағдарламасы бойынша жарық көрді Сақ Қ. С 17 Алаш мұрасы./ Қ. Сақ. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#22411
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
«Сен қозы текке қарап жүре алмайсың, 
Соқтықпа маған десем тіл алмайсың. 
Мойныңды қазір жұлып алайын ба, 
Суымды неге былғап ылайлайсың» – 
демей (Байтұрсынов А. «Қырық мысал») ме өзі үйден үркіп 
шыққан мырзалар. 
Осы өткен июнь аяғында Мəскеуде приказчик съезі бо-
лып,  ақырына  жетпей  қуылды.  Біздің  қазақ  басқосуы  бұл 
приказчик  съезі  емес.  Қазақ  болып  бас  қоссақ,  кемшілікте 
отырған  жетім  жұрт  үкіметпен  екі  араны  сөз  қылмай  қой-
маймыз,  мұны  осы  күнгі  газета  тілінде  «политика»  дейді. 
Политика – үкіметке таздың бөркін алғанмен бір есеп.
Қазақ  съезі  не  қазақ  жиылмай,  не  жиылған  кісіні  сөй-
летпей,  бұл  күнде  жақсы  басқосу  болмай,  арамтер  болып 
тарқайды.  Бас  қосқанда  сөйлейтін  сөздің  бəрі  сөйленіп, 
қағазға  жазылып,  мінеліп,  түзетіліп,  даяр  болмақ  шарт. 
Басқосу  төрт-бес-ақ  күн  болмақ.  Бұрыннан  жұртқа  жария-
ланып, жұрт пайдасы осы деген сөзге басқосқан жерде бата 
қылмақ.  Осы  бата  қылған  сөзді  жұрт  болып  іс  қылмақ  ке-
рек».
Бұл  жолдардың  кім-кімді  де  ойландырмай  қалмасы 
хақ. Ой тиянақты, оны жеткізуде бір мін жоқ. Қаламгердің 
публицистік шеберлігі еріксіз өзіне тəнті етеді. Əсіресе, сөз 
саптау  мəнері  көңіл  төрінен  орын  тебеді.  Ойды  астарлап, 
бүркелемей баяндау, оны оқырманға сыры қанық теңеулер 
арқылы бояуын бұзбай, қаз-қалпында жеткізе білу – екінің 
бірінің қолынан келе бермейтін өнер. Мұнда ол толыққанды 
көрініс  тапқан,  шебер  пайдаға  асырылған.  Бір  ғана  мысал, 
«Политика» – үкіметке  таздың  бөркін  алғанмен  бір  есеп» 
деген бірауыз сөзде қаншама мəн-мағына жатыр десеңізші! 
Мұндай  теңеу – бұрынды-соңды  қазақ  жазба  əдебиетінде 
кездеспеген  құбылыс.  Ол  тек  тапқырлықты  ғана  емес,  те-
рең білімділікті, біліктілікті жəне сөздің парқын білетін па-
рықтылық пен парасаттылықты талап етеді.
Мақала биік азаматтық рухта жазылған дедік. Оны мына 
жолдар тайға таңба басқандай айқын аңғартады: «Болатын 


122
басқосудан қашпаймын, болмайтын басқосуға арамтер бол-
маймын.  Тірі  болсам,  хан  баласында  қазақтың  хақысы  бар 
еді,  қазаққа  қызмет  қылмай  қоймаймын».  Бұл  жолдарды 
тебіренбей оқу мүмкін емес. Елін, жерін, туған тілін сүйген 
ұлдың  жүректен  шыққан  сөздері  жүректерге  жылылық  ұя-
латады. Міне, қаламгер шығармашылығының тылсым күші. 
Публицист шеберлігінің шоқтығы биік екендігін танытатын 
мұндай сөз саптау мəнері – бүгінгі журналистер бойынан та-
была бермейтін, өнеге аларлық, үлгілі өрнек. 
Ə.Бөкейхановтың  ізін  ала  Ж.Сейдалиннің  ашық  ха-
тына  Ахаң  да  жауап  жазып,  өзіндік  пікірін  білдірген.  Кө-
семсөз  шеберінің  апталықтың 1913 жылғы 30-санында 
жарияланған  «Құрметті,  Жиһанша  мырза!»  атты  туын-
дысы  қазақ  баспасөзіне  жаңа  бір  үлгі  алып  келуімен  де 
аса  бағалы.  Біздіңше,  оны  ұлттық  журналистикамыздың 
тарихындағы  фельетон-мақаланың  алғашқы  нұсқаларының 
бірі  ретінде  қарастырған  жөн.  Əрине,  бұлай  дегенде  біз 
белгілі  əдебиет  теоретигі  Б.Томашевскийдің  сонау  жиыр-
масыншы  жылдары  жазып  қалдырған: «Жанрды  жіктеу 
өте  қиын.  Жанрлардың  ара-жігі  тарихи  тұрғыдан  ғана 
ажыратылады.  Оның  дұрыстығы,  дəлдігі  нақтылы  бір  та-
рихи  кезеңге  ғана  байланысты  болуы  ықтимал»,
1
 – деген 
пікірін  негізге  ала  отырып,  ой  түйгенімізді  ашық  айтуға 
тиістіміз.  Рас,  туындының  кейбір  тұстары  бүгінгі  талапқа 
сай фельетон жанрының фельетон-мақала түріне қойылатын 
шарттарды  толық  орындамай  тұруы  мүмкін.  Бірақ,  тұтас 
алып  қарағанда,  оның  бітім-болмысынан  соған  тəн  ерек-
шеліктердің лебі есіп тұрғанын байқамай қалу мүмкін емес. 
Шығарма, «біріншіден,  өз  заманының  толғағы  жеткен,  кө-
кейтесті  əлеуметтік  мəселесін  публицистикалық  үнмен  ба-
яндау  сарынында  сөз  еткен.  Екіншіден,  көркем  əдебиет, 
сатира  мен  юмор  элементтерін  бірдей  қамтыған.  Сөйтіп, 
сатиралық  шығарма  ретінде  оқушының  эмоциясына,  сезі-
міне əсер етеді, ал публицистикалық шығарма ретінде оның 
логикалық  ой-парасатына  əсер  етеді».  Көрнекті  ғалым, 
белгілі сатира зерттеушісі Т.Қожакеев белгілеп берген осы 
1
 Томашевский Б. Теория литературы М.: Госиздат, 1928, 158-162 стр.


123
шарттарды  орындауына  қарап  жəне  қалам  қайраткерінің: 
«осы екі фактордың тоғысуы фельетонға үлкен күш береді, 
оның  жанрлық  ерекшелігін  белгілейді»
1
  деген  ғылыми 
тұжырымын  ескерсек,  бұл  туындының  қазақ  баспасөзі 
тарихындағы  алғашқы  фельетон-мақаланың  бірі  екендігіне 
көз жеткізе түсеміз. 
Фельетон-мақаланың фельетонның өзге түрлерінен ерек-
шеленіп тұратын талаптарының бірі, автордың жоғарыдағы 
еңбегінде көрсетілгендей, «қоғамдық мəні зор проблемалық 
мəселеге, қорытындыланған ой-пікірге, үлкен идеяға негіз-
деліп  жазылуында»  екен.  А.Байтұрсынов  қаламынан  туған 
туындыда бұл талап толық орындалған десек, қателеспейміз: 
«Сіздің  де,  біздің  де  ойлағанымыз – қазақтың  азып-тозба-
сына қызмет ету. Тілегіміз қазақ халқы басқа халықтармен 
қатар  жұрт  қалыбында  ғұмыр  шегуге  басқаларға  теңелсе 
екен деген. Сол үшін əркім білгенін, қолынан келгенін істеп 
жатыр.  Сіз  съезд  жасаймын  деп  жатырсыз.  Біздер  «домо-
строй» (жаңалыққа  қарсы  пікір  жазылған  орыс  кітабының 
аты)  кəкір-шүкірді  қазақшаға  аударып,  арзан  нəрселер  жа-
зып,  газета-мазета  шығарған  болып,  тырбанып  жатырмыз. 
Соның бəрін қазақтың көзі ашылып, көкірегіне сəуле кіруіне 
себепкер бола ма деп істеп жатырмыз», – деген жолдардан 
көтеріліп отырылған мəселенің жүгі ауыр екендігін тану көп 
қиындық  келтірмейді.  Мұнда  мысқыл  да  жоқ  емес.  Соны-
мен  бірге,  фельетон  жанрының  бұл  түрінде  «Идея  ерекше 
шабытпен,  көркем  элементтермен,  сатиралық  пафос,  ин-
тонациямен,  публицистикалық  əуез  үнмен  берілуі»  шарт 
екенін  ескерсек,  бұл  да  шығармада  толық  көрініс  тапқан: 
«Орыстың  мақалы  айтқандай, «Ұжмаққа  барғым  келсе 
де,  күнəларым  жібермейді»  деп,  қазақ  үстіне  ұжмақты  бір 
күнде-ақ  орнатқым  келеді,  бірақ  қолымнан  келмейді.  Ар-
зан  нəрселермен  қазақ  жұмысы  бітті  деп, «гүл  жастанып» 
көсіліп,  рахаттанып  қарап  жатқаным  жоқ.  Білгенімше, 
қолымнан  келгенінше  істеп  жатырмын.  Бірақ  ұсақ  іс  істеп 
жүргеніміз, зор іс істеп жатқан сізге айып көрінетін шығар. 
Бай жарлының кедейлігін бетіне басады. Сұм аңқаудың аң-
1
 Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы: Мектеп, 1983, 101 б.


124
қаулығын  бетіне  басады.  Іскер  жалқаудың  жалқаулығын 
бетіне басады. Өзіңіз қымбат нəрсе жазған соң, арзан нəрсе 
жазғанымды  бетіме  басып  отырсыз.  Өзіңіз  күндіз  дамыл, 
түнде  үйқы  көрмей,  жұрт  жұмысында  жүрген  соң,  менің 
«гүл жастанып» көсіліп, рахаттана жатқанымды бетіме ба-
сып  отырсыз.  Өзіңіз  буыныңыз  өсіп,  бұғанаңыз  қатып,  ер 
жетіп,  есіңіз  кіріп,  ақылыңыз  толысқан  соң,  емшек  табы 
ернінен  кетпеген  шəкірттердің  балалығын  бетіне  басып 
отырсыз. Өзіңіз чиновниктің жылтыр түйме, жан қылышын 
жұрт үшін құрбан қылып, чиновниктігін қимай, 20-сыншы 
числомен  жалование  (жалақы – С.Қ.)  алып  отырған  адам-
дардың  чиновниктігін  бетіне  басып  отырсыз.  Көкіректі 
керіп, көкке карап күпірініп, күйініп əркім-ақ сөйлер. Бірақ 
маңызы қанша? Мағынасы не? Аю маймылға айтқан екен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет