115
леп, бірін-бірі қолдап отырғаны коңіл аудартпай қоймайды.
Бұдан оларды шығарушылардың жеке бас қамынан бұрын
ұлт мақсатын биік қоя білген азаматтық болмыстарын жете
тани түскендей боласыз. Оған бір ғана мысал, «Қазақ»
газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап» тоқталуы» деген
мақала жарияланған. Онда «қазақтың айналдырған жалғыз
журналының бірнеше жыл шығып тұрып, ересек болған
соң тоқталып қалғанына» қапалы екендіктерін білдіре оты-
рып, «Қазақ» басқармасы «Айқапта» жарияланған жур-
налды шығарушылардың оқырмандарына соңғы арнауын
газеттерінде көшіріп басуды өздерінің азаматтық борыш-
тары санайды. Ал «айқаптықтар» болса, өз кезектерінде
журналдың қаражат тапшылығынан жабылатындығына
өкініштерін білдіре келіп, газет төңірегіндегілерге мына-
дай тілек-баталарын береді: «Журналды шығарғандағы
мақсатымыз халыққа жол көрсетпек еді. Газеташылық,
журналшылдық қазақ жігіттерінің қолынан келетін жұмыс
екендігін сыпат етпек еді. Біз бұл мақсатымызға жеттік.
Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Желкілдеп шыққан жас шөптей
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды
Достарыңызбен бөлісу: