(Алтынсарин сөзі)».
Осы жолдарды оқи отырып, бұл екі басылым арасын-
да елеулі идеялық қақтығыс болмағандығына көзіміз жете
түседі. Бірақ, соған қарамастан, күні кешеге дейін ол екеуінің
біріне-бірі қарсы қойылып зерттелініп келгені, ащы болса
да, тарихи шындық. Оны зерттеушілер кінəсінен емес, уақыт
талабынан, яғни сіреспе таптық идеология зардабынан туған
олқылық деп қабылдаған лəзім.
«Айқап» пен «Қазақ» арасында туындап отырған айтыс-
тартыс туралы алғашқы пікірлерді көрнекті мемлекет жəне
116
қоғам қайраткерлері Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтың
тарихи тақырыпта жазған еңбектерінен кездестіреміз.
1
Бір
айта кетерлік жай, өздері өмір сүрген уақыт талабына қай-
шы екендігіне қарамастан, олар бұл мəселеге объективті
түрде баға беруге тырысқан. Алайда, үстемшіл орталықтың
өктем саясаты салдарынан ол бастама жөргегінде тұншық-
тырылады.
Бертінірікте бұл тақырып өзгеше өң ала бастаған. Екі ба-
сылым арасындағы пікірталасты таптық мүдделерінің қай-
шылығынан деп
түсіндіруге тырысушылық уақыт талабынан
туындаған амал-əрекет болатын. Бұл жөнінде алғаш пікір біл-
дірген көрнекті ғалым Б.Кенжебаев екендігін зерттеушінің
1950 жылы жарық көрген «Қазақ баспасөзінің тарихынан»
деген еңбегінен оқып білеміз. Онда осы тақырыпқа қатысты
татардың «Уақыт» газетінің 1915 жылғы 9-шілдедегі санын-
да жарық көрген Нығметолла Күзембаевтың «Айқап» жур-
налы хақында» деген мақаласынан үзінді келтіре отырып,
ғалым негізгі талас туғызған мəселелер жерге орналастыру,
съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде болғанын дөп ба-
сып көрсетеді. Алғашқы мəселе бойынша, яғни жерге ор-
наластыру турасында туындаған пікірталасқа былайша си-
паттама береді: «Жер мəселесі жөнінде «Айқап» журналы-
ның маңында болғандар татарлардың əсерімен жерге отырық-
шы болуды қуаттады, «Қазақ» газеті маңында болғандар
қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі
түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі,
мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері мен
жарлы-жақыбайларының пікірі, мүддесі еді де, екіншісі қа-
зақтың ірі байларының пікірі, мүддесі еді (астын сызған біз
автор)».
2
Мұндай тұжырым сол бір «күйіп» тұрған жеке басқа та-
быну заманының талабынан туындағаны ешбір дəлелдеуді
қажетсінбейді.
1
Рысқұлов Т. Избранные труды. Алма-Ата, 1984, 159-160-стр.
Асфендияров С. История Казахстана (с древнейших времен), – Алма-Ата
– Москва, 1935, т.1, 225 стр.
2
Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзінің тарихынан. Алматы: Қазмембас,
1950, 20 б.
117
Оны айтқанда зерттеуші басқаша мақсат көздеген бо-
луға тиіс. Елуінші жылдардың басына қарай үстемшіл орта-
лықтың өктем саясаты ушығып тұрған уақытта «алашор-
дашыл, байшыл, ұлтшыл» деген «айып» арқалап, тар қапас-
та «кұлыпталып» ұсталынған «Қазақ» газетін ақтап алу
мүмкін еместігін жете түсінген ғалым, біздіңше, өзгеше
амал-айлаға көшкен. Ол кезінде көздің ағы мен қарасындай
болған қазақтың бір газет, бір журналының алғашқысын
ақтап ала алмасына көзі жеткеннен кейін, тым болмаса, тура
келген тажал залалынан екіншісін аман сақтап қалу үміті
болатын. Сол мақсатын жүзеге асыру үшін ғалымның екі
басылым арасындағы айтыс-тартысты тіліне тиек етпесіне
амалы да қалмаған. Оның жемісі де жоқ емес. Нəтижесінде,
«Айқап» ақталынып», қазақ баспасөзінің тарихынан сылы-
нып тасталынбай, ғылыми айналымда қалуына айқара
жол ашылғандығына тарих куə (біз бұл жерде журналдың
кезінде азды-көпті зерттеліп, тіпті диссертациялық жұмыс-
тың объектісі болғанын айтып отырмыз). Мұның өзі кезін-
де ғалымның үлкен жеңісі, ғылымның айтулы жетістігі бол-
ғандығы күмəн келтірмейді. Күні кешеге дейін ол журнал
бабалар рухын кейінгі ұрпақпен байланыстырып тұрған
бірден-бір аспалы алтын көпір қызметін атқарып келсе,
ол – зерттеуші еңбегінің жемісі. Сол үшін де қаламгерге
халқының алғыстан басқа айтары болмасқа тиіс.
«Айқап» пен «Қазақ» арасындағы айтыс-тартысқа қатысты
жоғарыдағыдай пікір, яғни оған таптық тұрғыдан баға беріп,
журналды «ақтау» үшін газетті «құрбандыққа шалу» бағыты
кейінгі зерттеушілер еңбектерінде де жалғасын тауып, көз-
жұмбайлықпен көшіріліп беріліп отырылды.
Соның салдарынан қазақ баспасөзі тарихына қатысты
оқулықтарда «буржуазияшыл ұлтшылдар өз табының тү-
бегейлі мүддесін қорғап, демократиялық басылымдарға
қарама-қарсы өздерінің баспасөз органын құруға кірісті.
Қоғамдық өмірдің мəселелері жөнінде «Айқап» журналына
кереғар Орынбор қаласында 1913 жылы февральда «Қазақ»
газеті шыға бастады. Журнал кейде «Қазақ» газетімен айты-
сып, буржуазияшыл ұлтшылдар («Қазақ» төңірегіндегілер –
118
С.Қ.) байлардың мүддесін қорғайтынын əшкереледі»,
1
– де-
ген сыңаржақ пікір қалыптастырылып келді. Ол бүгінгі күн
талабын қанағаттандыра алмайтыны былай тұрсын, оған
қайшы келетіндігі айтпаса да түсінікті.
Өкінішке қарай, осынау көкейтесті мəселе қазақ баспасө-
зіне қатысты соңғы уақыттарда жарық көріп жатқан зерттеу
еңбектерде де тиісті
бағасын алмай, қалыс қалып отырған-
дығы қынжылтпай қоймайды. Ал оған заман талабына сай
ақиқат тұрғысынан зерттеу жүргізіп, бағасын беру күн тəрті-
бінде тұрған өзекті мəселелердің бірі деп білеміз.
Сонымен, «Айқап» пен «Қазақ» неге айтысқан? Көрнекті
ғалым Б.Кенжебаевтың жазуынша, оның үш түрлі мəселе
бойынша өрбитініне жоғарыда тоқталдық. Атап айтқанда,
жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде
екі басылым басшылығы бір пікірге келе алмаған. Ол – тари-
хи шындық. Оны газет-журнал тігінділерінің материалдары
да растайды.
Екі басылым арасындағы айтыс-тартыс неден ушыға
түскенін көрсететін «Қазақ» газетінде мынадай бір мəлімет
жарияланған:
«Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сəт-
сіз күні басталған басқосу мəселесі шыға келді», – деп жа-
зады ол жөнінде М.Дулатов апталықтың 1914 жылғы
51-нөмірінде жарық көрген «Айқап» журналы» деген мақа-
ласында.
Бұған қарап, журнал мен газет шығарушылары арасын-
да осы басқосу мəселесі көтерілгенге дейін ешқандай келіс-
пеушілік болмапты деген ұғым тумауы керек. Олай ойлау
қателескендік болып шығады. Өйткені, бұл екі топтың ара-
жігін аша түскен мəселелер «Қазақ» газеті жарық көрмей
тұрып-ақ бой көрсетіп үлгергеніне «Айқап» материал-
дары куə. Оның бетінде жарияланған Ə.Бөкейхановтың,
А.Байтұрсыновтың жəне М.Дулатовтың жер туралы, қазақ
жазуы қақындағы мақалалары журнал басшылығы тарапы-
нан қолдау таппауы салдарынан Алаш азаматтары жеке ба-
1
Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) –
Алматы: Мектеп, 1981, 49 б.
119
сылым шығару мақсатына ойыса бастағаны ғылыми жұмы-
сымыздың бірінші тарауында таратыла зерттелінген бола-
тын. Сондықтан оған бұл арада тоқталмаймыз.
Əйтсе де, екі басылым арасындағы айтыстың шарықтау
шегіне жетіп, сыртқа сыр алдырған тұсы басқосу мəселесіне
тікелей қатысты. Ол былайша өрбиді:
«Айқаптың» редакторы М.Сералин журналдың 1913
жылғы 4-5 сандарында алғашқылардың бірі болып ағым-
дағы мəселелерді талқылап шешу үшін жалпықазақ съе-
зін шақыру жөнінде мəселе көтереді. Оған журналдың
10-санында Райымжан Мəрсеков, 13-санында Жұбекен
Тілеубергенов, 16-санында Барлыбек Сырттановтар үн қата-
ды. Соған байланысты А.Байтұрсынов апталықтың 1913
жылғы 18-нөмірінде жарияланған «Басқосу турасында» де-
ген мақаласы арқылы «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің
пікірін білдіреді. Онда «басқосу қанша керек болғанмен,
оған қолайлы кез еместігін» ескерте келіп, Ахаң күрестің бас-
қаша жолын таңдау жөніндегі пікірін былайша жеткізеді:
«Қазақтың керегін өзге жолмен сөйлей тұралық, бұрынғыдай
емес, қазақта қазір бір журнал, бір газет бар, сыйғанынша со-
лар арқылы кеңеселік, сыймағанын хатпен сөйлесуге бола-
ды. Съезде сөйлесіп, кеңескенмен, түбі барып істеушілерге
тіреледі. Ісімізді істеушілер, жоғымызды іздеушілер көбей-
се, ойлаған пікір, көздеген мақсатқа жан бітіп тірілмекші».
Алайда, көрген-түйгені мол, отаршылдарға қарсы күрес-
те бай тəжірибе жинақтап, əбден ысылған қаламгердің
сөзі «Айқап» тарапынан қолдау таппайды. Журналдың
13-15-нөмірлерінде Жиһанша Сейдалиннің оған қарсылық
білдерген ашық хаты жарияланады. Онда ол Ахаң басқара-
тын «Қазақ» газеті төңірегіндегілердің съезд шақыруға ке-
ліспегендіктерін халық қамынан гөрі, жеке пайдасын жо-
ғары қойғандық деп бағалап, оларға тіл тигізе, тас атады:
«Съезд туралы сөз бола қалса, бетегеден биік, жусаннан
аласа жұмыс жүргізеді. Осы Указ бойынша съезд шақырып,
өздерінің мектеп, клуб, пансион, түрлі серіктік ашу, жерге
орналасу, қала сияқты істерін жүзеге асырып жатқан ел-
дер бар», – деп қалайда басқосу керектігін алға тартады.
120
Мұндай қаралау, əрине, «Қазақ» басқармасының шамына
тимей қалмаған. Көп үзамай, газет бетінде Ə.Бөкейханов
пен А.Байтұрсыновтың бірін-бірі толықтырған жауап хат-
тарының жариялануы – соның дəлелі. Екі мақаланың да
мазмұны бір, ол съезд шақыру мəселесінің буынсыз жерге
пышақ сұққанмен бірдей екендігін түсіндіруге саяды. Бірақ,
жазылуы əрқалай. Қос публицистің сөз саптау мəнері бөлек-
бөлек.
Алдымен, пікірталастың хас шебері Ə.Бөкейхановтың
апталықтың 1913 жылғы 24-санында жарық көрген ашық
хатын талдап көрейік. Туынды азаматтық пафоста, өткір де
өр рухта өрнек тапқан. Əдемі теңеу, ел-жұртқа мəшһүр мы-
салдарды тиімді пайдалана білуі күрделі ойды қарапайым
жеткізудің құрал-жабдығына айналған. Сондай-ақ, оның
«қырағы көз» патшалық цензураның алдында айласын
асыруға қызмет еткендігі де публицистің шығармашылық
шеберханасының биік деңгейін тайға таңба басқандай айқын
танытады.
Жауап хат бос байбаламға құрылмаған. Əр сөзінде мəн-
мағына бар. Айтылған ой артынан міндетті түрде дəлелденіп
отырады. Мəселен, «Басқосу – пайдалы, басқосу – мақсат,
бірақ бас қосқаннан табылар пайда өлшеулі. Басқосуды
Жиһанша бекер қампитады. «Сабасына қарай піспегі», өстіп
басқосуды өз орнына салайық», – деген ой-тұжырымын
мынадай уəждермен жеріне жеткізе дəлелдеп береді: «Жи-
һанша болыс басына екі кісі басқосуға жимақ. Бірінші һəм
екінші думаға қазақ депутат сайлағанда болыс басына екі
выборщик болған. Біздің Семей облысының выборщигі
184 еді. Семей облысының қазағы бар он облыс қазағының
бестен біріндей. Жиһанша сөйтіп басқосуға тоғыз жүз кісі
жимақ. Бас қосатын жері – Оренбург. Бұл болмайтын іс емес
пе? Тоғыз жүз қазақ қазақ жерінің бір шетіне жиыла ма?
«Істің ең қиын жері хакімнен рұқсат алу, іздену, үркітпей,
шошытпай жақсы қалыппен сөйлесу» дейді Жиһанша мыр-
за. «...Үркітпей, шошытпай» сөйлесемін деген бола ма? Өзі
бұрыннан үркіп, шошып тұрса, əуелі қазақ съезіне келе жа-
тып, үркемін, шошимын деп пікір қылса:
121
Достарыңызбен бөлісу: |