МАҒЖАН МЕН СƏКЕН ТУРАЛЫ
ТОЛЫМДЫ ЕҢБЕК
Журналистиканың қай қоғамда да арқалайтын жүгі ауыр.
Əрқашан шындықтың талабынан шығатын, əділдікті ту қы-
лып ұстап, ақпарат жинайтын, оны тұла бойынан сіңіріп,
жан-жүрегімен жұртқа жария ететін мамандық иесінің
қызығы мен шыжығы мол еңбегі атан түйеге жүк болар-
дай салмақты екенін көкірек көзі ояу жан айрықша сезініп-
түйсінері хақ. Журналистиканың қоғамдағы орны жайлы
Қазақстан телерадио корпорациясы қызметкерлерімен кез-
дескен кезінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мы-
надай құнды пікірді тілге тиек еткені бар: «Мемлекет
қауіпсіздігі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының күші
елдің қарулы күштерінен де күшті. Сондықтан да журна-
листер халыққа жоқ, санаға сақ болсын. Ұлттың рухани
ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «газет – халықтың көзі,
құлағы һəм тілі» деген қанатты сөзімен төркіндес пікір төл
мамандығымызға берілген жоғары баға болуымен ғана емес,
бет алысымызды бағамдайтын бағдаршам екендігімен де аса
маңызды».
Əңгімені журналистиканың жай-жапсарын баяндаудан
бастап отырғанымызда бір мəн бар. Осы жұрт Тұрсекеңнің,
Тұрсынбек Кəкішұлының о баста таңдап алған мамандығы
журналистика болғанын біле ме екен? Білсе, қазақтың маң-
дайына біткен киелі шаңырақ – Əбу Наср əл-Фараби
атындағы ұлттық университеттің журналистика факультеті
түлегінің еңбек жолы журналистикадан бастау алатыны кө-
біне айтылмай, қалыс қала беретіндігі қалай? Ағайындар-ау,
шындығына келсек, журфак шəкіртінің таудай талабы мен
бармақтай бағы өзі таңдаған төл мамандықпен тығыз байла-
нысты екенін кім жоққа шығара алады? Оқып жүріп аты алты
Алашқа мəлім «Лениншіл жас» (қазіргі Жас алаш) газетінің
бөлім мегерушісі қызметін абыроймен атқарғанын, кейіннен
Қазақтың мемлекеттік оқу педагогикалық баспасының аға
редакторы міндетін мүлтіксіз орындағанын айтпағанда,
бүкіл саналы ғұмыры қазақ журналистикасы ғылымымен
264
тығыз байланысты, егіз өріліп келе жатқаны сөзіміздің жаны
бар екенінің нақты айғағы. Бір «Садақтың» өзі неге тұрады?
Қолжазба журналдың ізіне шырақ алып түсіп, жоғалтып
ала жаздаған құнды мұрасын халқымен қайта қауыштыруы
ғылымға қосылған жаңалық, əлі бағасын келер ұрпақ берер,
ерлікке пара-пар еңбек десек, əсіре айтып, ауа жайылғандық
болмас. Бұдан басқа да қазақ баспасөз тарихын толықтыра
түгендеуге сүбелі үлес болып қосылған ерен еңбектерін
зерттеп, зерделеу болашақ еншісіндегі міндет деп білеміз.
Журналистиканың кең өрісі, шығар биігі публицистика
екені бесенеден белгілі. Көсемсөз – біздің пайымдауымызша,
сөз өнерінің қос қанатты бірегей тумасы. Бір қанаты – нақты
дерекке құрылатындығы десек, екінші қанаты – шалқар
шабытқа негізделетіндігі. Осы екі қасиет Тұрсекеңнің тұла
бойынан молынан табылады. Əз-ағаның терге малынған
еңбек жолынан терең бойлап сыр ұқсақ, оған айқын көзіміз
жете түседі. Қаламгерді көсемсөз шебері еткен журналисти-
ка болса, айтулы ғалым деңгейіне көтерген – публицистика.
Бұл пікірімізбен бас кейіпкеріміз келіспейді деп əсте ойла-
маймыз.
Түгел талдап жатпай-ақ, баспадан жарық көруіне үлесіміз
бар еңбегі – Мағжан мен Сəкен ғылыми эссесі жайлы сыр
суыртпақтасақ та көзіңізді айқын жеткізе аламыз. Бұл кітап
айрықша публицистикалық пафоспен, қалың оқырманын
ерекше елітіп, еліктіріп əкетер көркемдік қуатпен жазылуы-
мен ғана емес, құнды ғылыми дерек, дəйектерді ортаға салу-
ымен бағалы дер едік.
Осы орайда, кезекті бір кандидаттық диссертация талда-
нып жатқан Ғылыми Кеңесте қорғауға ұсынылған еңбектің
бір міні – публицистикалық стильде жазылуы деген сынға
қарсы Тұрсекеңнің мынадай бір уəж айтқаны ойға орала-
ды: «Айналайындар-ау, ғылым кімге, не үшін жазылады?
Ізденушінің жаңалығын көптің білуі үшін, қажетіне жарату
үшін емес пе. Ал ол публицистикалық стиль арқылы жүзеге
асса ше? Ендеше əлгіндегі пікір айтушының таңып отырған
міні ғылыми жұмыстың кемшілігі емес, артықшылығы дер
едім. Бір қалыптан шыққандай қасаң тілмен жазылған еңбек
265
кімге керек, кім оқиды оны? Одан да жұрт қызығатындай
ойы орнықты, анық та əсерлі болып қағазға түсірілсін, бұл
публицистиканың арқалайтын жүгі, сонда еңбектің қайтарымы
да молырақ болары хақ». Көңілге қонымды ескертпе ғалымдар
тарапынан қолдау тауып, мəйегі бар сөз негізге алынғаны-
ның осылайша куəсі болған жағдайымыз бар.
Тілге тиек етіп отырған еңбектің бізді тəнті еткен тағы
бір құнды тұсы – автордың ғылым үшін шындықтың ал-
дында бас июі, ақиқатқа тағзым етуі. Ол үшін өзін жазғыру-
дан да бас тартпайды: «...менде болсын, не Сəкенді зерттеп,
кітап жазғандарда болсын еш кемдік, қателік жоқ демеймін.
Біздің, əсіресе, Сəбит Мұқанов, Есмағамбет Ысмайылов,
Серік Қирабаев, Рымғали Нұрғалиев, менің Коммунистік
идеологияға бой алдырып, онсыз да қызыл Сəкенді онан
əрі қызылдандыра түсуіміз аз болған жоқ. Сəкеннің кеңес
үкіметін басқаруда партия тарапынан жасалып жатқанды
түсіне алмай талай бұлаңдағанын, Алаш қозғалысына
қатысқан ағаларына жалтаңдай қарап, қажетті жерінде
демесін жасағанын, большевиктік тор қыспақтан шықпақ
болып бұлқынғанын көріп отырып көрмедік, біліп отырып
айтпадық, қызыл бояуды баттита жағу қажет деп таптық».
1
Біздер, баспасөз тарихын зерттеушілер біржақтылыққа
ұрынудан аса абай болғанымыз лазым. Оның ауадай
қажеттігін ғылым дəлелдеумен келеді. Бұл жөнінде ел
тəуелсіздігінің елең-алаңында, өткен ғасырдың тоқсаныншы
жылдарының орта белінде жазған кандидаттық диссерта-
циямда дұрыс бағыт ұстанғаныма қазір қуанып отырған
жайым бар. Онда мынадай ой түйіндеппін: «Олардың (ке-
ңес дəуіріндегі ғалымдардың) зерттеулері бүгінгі талап тұр-
ғысынан шындықты бүркелемегендей болып көрінгенмен,
кезінде ағынға қарсы тоған іспетті тотаритарлық жүйенің
тар шеңберіне сыймай, сіреспе таптық идеологияның сыны-
на ілігіп, қараланып отырғанын ұмытпауға тиістіміз».
2
Осы
1
Кəкішұлы Т. Мағжан мен Сəкен: Ғылыми эссе. – Алматы: Қазақ
университеті, 1999, 26-27 б;
2
Сақ Қ. Ұлттық сана ұйытқысы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ
университеті, 2000, 9-10; б;
266
ойды Мағжан мен Сəкен авторы одан сайын нақтылап, шеге-
лей түседі. Жоғарыда тілге тиек еткен кемшілік сырын мы-
надай нақты дерекпен соқырға таяқ ұстатқандай айқындап
береді: «Бұған айрықша əсер еткен себеп жоқ емес. Тар жол,
тайғақ кешу орыс тілінде жарияланар алдында, 1984 жылы
З.С.Кедринаның Д.А.Қонаев басқарып отырған Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетіне Ұлттар достығына зия-
ны тиетін кітап деп мəлімдеме жасауы, оның пенделік жол-
мен қабылдануы, жандайшап болған хатшы Н.Жанділдин
əкімшілік жолмен Сəкен даңқына тосқауыл қоймақ болған
əрекеті Сəкеншілердің артығырақ сілтеуіне себепкер бол-
ған еді. Оның алғашқы көрінісі Сəбит Мұқановтың 1964
жылы 23 мамырда мерейтой үстінде əлеуметтік ашу қысып
жасаған баяндамасы болды: «Қайталап айтқанда, шегелеп
тұрып айтқанда, нығырлап негіздеп тұрып айтқанда, қазақ
совет əдебиетінің негізін қалаушы бірден-бір Сəкен Сей-
фуллин болды, – деген тезисті тістене тұрып айтқаны тегін
емес-ті. Осы позиция кейінгі зерттеулерге кілт, аттанар өріс
болды. Оған əркім əр тараптан əкеп өз бояуларын қосты.
Соның ішінде мен жаққан алқызыл бояулар, ойлар аз бол-
маса керек».
1
Əрине, бір мақаламен көлемі жиырма сегіз баспа табақ
еңбектің, онда да дерегі мен дəйегі, талдауы мен ой түюі
арнайы ғылыми-зерттеуге жүк болатын кітаптың бар қадір-
қасиетін толық ашып берем деу бос əурешілік болар еді. Біз
оны алдымызға мұрат етіп алғанымыз жоқ. Мақсатымыз
Тұрсекеңнің жеке-дара зерттеуді, зерделеуді қажет ететін,
кейінгі жас ұрпаққа үлгі алар тəжірибесі, берер өнегесі мол,
ізденіске толы журналистік жəне публицистік тұлғасынан
сыр түю, ой өрбіту болатын. Бұл бағытта атқарылар іс жа-
ңа басталып келеді деп түйіп, оның жалғасын табарына се-
німіміз бек кəміл екенін білдіргіміз келеді.
1
Кəкішұлы Т. Мағжан мен Сəкен: Ғылыми эссе. – Алматы: Қазақ
университеті, 1999, 26-27 б.
267
Достарыңызбен бөлісу: |