Бағдарламасы бойынша жарық көрді Салықов К. Шығармалары / К. Салықов. Астана: Фолиант, 2014



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

А.С.ПУШКИННІҢ 
«ЕВГЕНИЙ ОНЕГИНГЕ» ЕСКЕРТПЕЛЕРІ
Бірінші тарау
ІІ шумақ. Бессарабияда жазылды.
ІV шумақ. Dandy, франт.
XV шумақ. Шляпа аla Bolivar.
ХVІ шумақ. Белгілі ресторатор.
XХI шумақ. Чайльд Гарольдқа лайық, суынған сезімнің 
белгісі. Дидло мырзаның балеттері қиялыңды сергітіп таңға­
жайып қызықтарға бөлейді. Біздің романтикалық жазушы­
мыз осында бар поэзияны француздардың бүкіл әдебиетінде 
жоқ депті.
XXIV шумақ. Tout le monde sut qu’il mettait du blanc; et moi, 
qui n’en croyais rien, je commenсai de le croire, non seulement 
par l’embellissement de son teint et pour avoir trouvе des tasses 
de blanc sur sa toilete, mais sur ce qu’entrant un matin dans sa 
chambre, je le trouvai brossant ses ongles avec une petite vergette 
faite exprеs, ouvrage qu’il continua fiеrement devant moi. Je 
jugeai qu’un homme qui passe deux heures tous les matins ? 
brosser ses ongles, peut bien passer quelques instants а remplir de 
blanc les creux de sap eau.
(Confessions de J.J. Rousseau)
1
Грим өз ғасырын айқындады: бұл күнде бүкіл көкірегі ояу 
Европада тырнақты әдейлеп жасалған тарақшамен  тазалайды.
1
 Оның ақ бояуды пайдаланатынын бәрі білетін, оған қоса мен осындай дым 
сенбесем де, оның ажарының ағара бастағанына қарап бірдеме сезетінмін, оның 
күтінер жабдықтарының арасынан ақ бояу салынған шағын ыдыстарды да 
көретінмін. Ақыры бір күні бөлмесіне кіріп келсем, арнайы жасалған тарақшамен 
тырнағын тазалап жатқанына тап болдым, бұл ісін мақтан еткендей менің көзімше 
де тоқтатпады. Менің нобайлауым бойынша, егер адам әр тәуліктің екі сағатын 
тырнақтарын тазалауға жұмсаса, бір­екі минутты денесінің ақауы бар жерлерін ақ 
бояумен жаба салуға уақыт табар еді. («Тәубе». Ж.Ж. Руссо) (франц.)

195
XLII шумақ. Бүкіл осы күлкілі шумақ отандас аруларымыз­
ға марапат­мақтаудан басқа ештеме емес. Тап осылайша шым­
шып алғандай етіп, Буало XIV Людовикті мақтайды. Біздің 
бикештердің білімдері мен сыпайлықтарын және ар тазалығын 
шығыс әсемдігімен байланыстыратындарына Сталь ханым таң 
қалыпты (Діх annеes d’exl).
XLVII шумақ. Гнедичтің
1
 Петербург түнін сипаттаған Идил­
лиясын оқушы қауым біледі:
Міне, түн; бірақ бұлттардың алтын жолағы сөнер емес,
Жұлдыздар жоқ, Ай да жоқ, алақанда жатар бар аймақ. 
Алыстағы айдындарда көз тартты күміс желкендер, 
Кеудесінде аспанның кемелер келе жатқандай. 
Ымыртсыз шұғыла түнгі аспанды жайнатты,
Қан қызыл Батыс алмасты алтынымен Шығыстың.
Күн шапағы жетектеп алып келген секілді, 
Таң арайы шырайлы. Ол да бір алтын жыл еді, 
Жазғы күндер алғандай ұрлап бар билігін түндердің; 
Таң қалдырған солтүстік шетелдік қонақ көзіндей, 
Мөлт етіп сиқыр көлеңке жалғасқаны жарықпен, 
Шаңқай түсте көк аспан бояна алмас тап солай
Бұл айқындық солтүстік қызының әсемдігі сияқты, 
Көздері таза көкпеңбек, беттері аппақ алаулы,
Көз тартқанда ақ сары шашы көлеңке тастап толқыды.
Дәл сонда Нева мен сәнді Петрополь үстінен көрінер,
Ымыртсыз кеш пен көлеңке түспес шапшаң түн;
Сол кезде Филомела түн орталық әнін жаңа таратар,
Келер күннің шапағатына шырқау арналар.
Бірақ кештеу, таза жел соқты тундрасына Неваның;
Шық шылқыды;.........................................................
Түн ортасы, мінеки: кешкі шулы ескектер үні басылды,
Бүлк етпес Нева; қонақтар қалалық тарқады;
Жаға үнсіз, су бетінде діріл жоқ, әсемдік толы тып­тыныш;
Көпірлердің гуілі ғана өзенді бойлап зу етер;
Ұзақ дауыс деревня жақта алыстан әрең жетеді,
Шекара күзет және әскери қарауыл үндесті.
Әмбе тірлік ұйқыда......................................................
1
 Гнедич Н.И.(1784­1833 ) – «Иллиаданы» аударған ақын.

196
XLVIII шумақ. Тірідей әйел құдайды
Көрді ақын өңі тіленіп,
Ұйқысыз түн де ұнайды,
Гранитке өткен сүйеніп.
(Муравьев, Неваның Қыз құдайына)
L шумақ. Одессада жазылды.
L шумақ. «Евгений Онегиннің» алғашқы басылымын көрі ңіз.
Екінші тарау
ХІІ шумақ. «Днепрдегі су перісінің» бірінші бөлімінен.
XXІV шумақ. Гректің тәтті дыбысты есімдері, мысалға: 
Агафон, Филат, Федора, Фекла және сол сияқтылары жабайы 
адамдардың арасында қолданылады.
ХХХ шумақ. Грандисон және Ловлас – екі романның кейіп­
керлері.
ХХХІ шумақ. …Si javais la folie de croire encore au bonheur, 
je le chercherais dans l habitude (Шатобриан).
ХХХVII шумақ. «Бедный Иорик!» – Гамлеттің сайқымазақ­
тың қу басын көргендегі таңдануы (Шекспир пен Стернаны 
көріңіз).
Үшінші тарау
ІV шумақ. Алдыңғы басылымда «үйге ұшып барады» деудің 
орнына «қыста ұшып барады» деп жазылған (әрине, мағына 
бұзылған). Сыншылар оны түсінбей, келесі жолдарынан ана­
хронизм тапқандай ниет білдірді. Біздің романда уақыт ка­
лендарьға сүйенген деп сендіре аламын.
ІХ шумақ. Юлия Вольмар – Новая Элоиза. Малек – Адель – 
Мadame Cottin­нің орташа романының кейіпкері. Густав де 
Линар баронесса Крюднер повесінің тамаша қаһарманы.
ХІІ шумақ. Вампир – Байрондікі деп бекер айтылған повесть. 
Мельмонт – Матюриннің ұлы шығармасы. Jean Sbogar – Карл 
Надьенің белгілі романы.
ХІІ шумақ. Lasciate ogni Speranfa vol chentrate. Ұстамды 
автор атақты өлеңнің бірінші бөлігін ғана аударды. 

197
ХХVІІ шумақ. Марқұм А.Измайлов жұпыны шығарып жүр­
ген журнал. Баспагер бірде жұрт алдында мейрам күндері қы­
дырып қойдым деп кешірім сұрапты. 
ХХХ шумақ. Е.А. Баратынский.
Төртінші тарау
XLI шумақ. Журналдарда таң қалысыпты, сондағысы: жа­
байы крестьян қызын дева депті де, қасиетті бикештерді жас 
қыздар депті!
XLII шумақ. Бұл балалардың коньки теуіп жүргендері деп ті 
бір сыншымыз, әбден дұрыс.
XLV шумақ. Қызыққа қанса жан иі
Ақындықтың Аи­ы
Бағасымен шулы ұнайтын,
Ғашыққа не ақымақ жастыққа
Ниетім солай құлайтын.
(Л.П.­ға жолдау).
L шумақ. Август Лафонтен, көптеген отбасылық роман дар­
дың авторы.
Бесінші тарау
ІІІ шумақ. Вяземскийдің «Алғашқы қар» атты өлеңін кө рі­
ңіз.
ІІІ шумақ. Финляндияның қысын «Эдада» Баратынскийдің 
суреттеуі.
VІІІ шумақ. Баласын мысық шақырды.
Пешке кіріп жатуға.
Жас отау тойын тұспалдау; алғашқы өлең өлімге меңзейді. 
ІХ шумақ. Осылайша болашақ күйеудің атын біліп алады. 
XVII шумақ. Журналдарда: «Хлоп», «Молвь» және «топ» 
атты сөздері. «Вышел Бова из шатра прохладиться и услышал 

198
в чистом поле людскую молвь и конский топ» (Бова Королевич 
туралы ертегілер). «Холоп» деген сөз «хлопание» (крол ша па­
лақтау), нақ солай «шип» пен «шипенье».
«Ысқырынды ол жыланша».
(Көне орыс өлеңінен)
Бұлар орыс сөзінің бостандығына нұқсан келтірмейді.
ХХ шумақ. Біздің бір сыншымыз бұл өлеңдерден өнегесіз­
дікті тапқан тәрізді.
ХХІІ шумақ. Жұмбақты кітаптар Мартын Задеканың фир­
масынан шығады, оны Б.М. Федоров ешқашан болжам етпек 
күмәнді кітап шығармаған жан дейді.
XXV шумақ. Ломоносовтың белгілі өлеңдеріне пародия:
Таң алқызыл қолымен,
Сәресі тыныш сулардан
Әкетті күннің жолымен. т.т.
XXVI шумақ. 
Буянов, менің өз көршім,
...........................................
Кеше келді ол маған, мұртын қырып алмаған,
Күнқағарлы картозбен жүн­жұрқа үстінен қалмаған.
(Қатерлі көрші)
ХХІІ шумақ. Біздің сыншыларымыз, сұлу жыныстың та­
маша бапкерлері ретінде, осы өлеңнен өрескелді көріп, өрбіте 
сөгіпті. 
Алтыншы тарау
V шумақ. Париждің рестораторы (ресторан иесі).
XI шумақ. Грибоедовтың өлеңі.
XXV шумақ. Атақты қару жасаушы.
XLVI шумақ. Алғашқы басылымында алтыншы тарау бы­
лайша аяқталатын еді:
Ал сен, балғын шабытым,
Қиялдың қозға бағытын.
Қалғытпай сергіт жанымды,
Ұшып жет жөндеп халімді.

199
Ақынның жанын суытпа,
Қатыгезденіп қатпасын,
Тас болып үнсіз жатпасын
Өлімші құштар тымықта,
Ішінде қатал паңдардың
Мақтаншақ ақымақ жандардың.
XLVII шумақ.
Ішінде жалтақ қорқақтың,
Балалардың ерке, тым тентек,
Бек зұлым, қыңыр жортақтың,
Жабысқақ сыншы тым мөлтек,
Қасында қылымсы ділмардың,
Жағымпаз, жылпос құлдардың,
Ішінде қызба сәнқойлар,
Сыпайы сатқын даңқойлар,
Үкімнің шыққан сыртыңнан
Ішінде қатал ұрыстың,
Қаңырап қалған қуыстың,
Есеппен, оймен сөз қуған,
Шалшықта осынау мен көрген,
Қалыппын, достар, сендермен.
Жетінші тарау
IV шумақ. Левшин – шаруашылыққа арналған көптеген 
шы ғармалардың  авторы.
XXXIV шумақ.
Бақшадай жолдар көз тартар,
Ағаштар, шымды жыралар;
Жұмыс көп атақ құралар,
Кейде өткізбей тоқтатар.
Тоғайдан сағат тіл тартқан 
Жүргіншіге түсім аз,
Болғандай жолға кісі мәз
Жүргінші жыры үн қатқан!

200
Орыстың еркін жүрісі,
Екі жайда келер дұрысы:
Көкнәр – ата, Көкнәр – анамыз
Тудырса қысты аты аңыз,
Жорықпен жайлап шын құртар.
Көк мойын мұзбен жол құрсап
Бөгеттер салар тұңғыш қар,
Төгілген жеңіл құмға ұқсап.
Немесе аптап өткенде,
Даланы шөлейт етердей,
Шалшықтан ұшып өткелге
Көз жұмып шыбын жетердей.
(«Станция». Князь Вяземский).
XXXV шумақ. Бұл теңеу, ой өрісі белгілі шапшаңдығымен 
ойнақтап тұрған К ..... дан алынды. К......­нің айтуынша, бір 
күні ол князь Потемкиннің курьер ретінде жіберуімен импе­
ратрицаға бара жатқанда шапшаң жүріске қызғандығы сондай, 
оның арбадан сүйретіле шыққан қылышының ұшы жолдың 
әр шақырымында шарбаққа тиген таяқтай тақылдатып оты­
рыпты.
Сегізінші тарау
VI шумақ. Rout – биі жоқ кешкі жиын, шынтуайтқа келсек, 
тобыр демекпіз. 

201
«ОНЕГИННІҢ САЯХАТЫНАН» ҮЗІНДІ
«Евгений Онегиннің» соңғы тарауы ерекше басылды, оның 
алғы сөзі былайша жазылды:
«Түсіп қалған шумақтары көпшілік алдында ұялту мен 
келемежге алдырды (негізінде әділ әрі өткір). Автор ақ жү­
ректен, өзінің романының бүтін бір тарауын алып қалғанын 
мойындайды. Ол тарауда Онегиннің Ресейді аралауы берілген 
еді. Жаңа тарауды нүктемен не цифрмен белгілеу өз еркімде 
еді; бірақ қызығудан алыстап, тоғызыншы демей­ақ, оның ор­
нына сегізінші деуге ұйғарып, соңғы тараудың алдына салып 
мынадай бір шумақты құрбан еттім:
Қаламым тыныштық сұранды,
Мен жазған тоғыз өлең бар.
Қайығымды менің шығарды
Жағаға тоғыз толқындар  
Мархабат тоғыз музама... және т.т.»
П.А. Катенин (ақындық тамаша талантына сыншылық ке­
дергі жасамайтын) бізге өз ойын білдіргенде осы өзгешелік 
оқушы үшін тиімді болар, бірақ үлкен шығарманың бүкіл бол­
мысына нұқсан келтіреді; өйткені уездік бикеш Татьянадан 
атақты бәйбішеге айналу тым тез, тым орғаш көрсетілген 
деп еді. Ескертпесі – тәжірибелі суреткердің қатесін әйгілеу 
белгісі. Автор бұл ұғымның құндылығын сезді, бірақ осы та­
рауды оның ойына орай емес, жамағатқа жарасты болсын деп 
шығарып отыр. Кейбір үзінділері жарияланған болатын; олар­
ға біз бірнеше жаңа шумақтар қосып алға тарттық.
Е.Онегин Москвадан Төменгі Новгородқа аттанды:
......................... оның алдында
Макарьев
1
 әбігер қамданды
Байлығы берген қарқында.
1
 Макарьев – Төменгі Новгородтың түбіндегі қалашық Макарьевтегі мо­
настырдың қасында жәрмеңке алаңы болатын.

202
Үнділік інжу көрсетті,
Еуропалық шарап теңселтті,
Аттарын ақаулы санаған
Әкелді зауытшы даладан,
Ойыншы қарттың бұйымын –
Бір уыс ойын тастарын,
Помещик қыздың жастауын
Қыздары сәнқой киімін,
Бәрі жүр өтірік, қақсатса
Пайдакүнемдік мақсатта.
* * * 
Сағыныш!
Онегин Астраханға аттанды, одан әрі Кавказға кетті.
Теректе көрді шулы ағын,
Жағасын қазып жар құрған;
Көрді елдің өргек қыранын,
Бұғысын мүйізі дін аман;
Нар жатыр жартас жанында,
Жылқы жүр черкес жағында;
Шатырлар жайнап жоталы
Көрінді қалмақ отары.
Алыста Кавказ көмкөрген:
Жол ашық. Боқтау естілді,
Білмейді­ау, таулар еш тілді
Дыбыстың бәрін жөн көрген,
Арагва мен Кура сыр ұқты
Орыстар шатыр құрыпты.
* * * 
Сақшыдай  мәңгі шөлдерде,
Адырлар қысқан айнала,
Көрінді Бештау өр кеуде
Машук тұр жасыл паңдана;

203
Осы тау шипа сулары,
Сиқырлы дәру нулары,
Аурулар жүдеу қаптаған;
Біреулер намыс ақтаған;
Тік шегі сырқат кісі бар,
Ұзартпақ өмірін мүгедек, 
Келіншек дерті бір бөлек
Батырар суға ісі бар;
Ақ бас шал отыр тіл тежеп,
Жасарсам дейді бір мезет.
* * * 
Кеткендей  шексіз ой қамап
Мұңы көп жандар қасында,
Онегин терең бойламақ
Көз салды булы насырға;
Тоғысты ой тұман билеген:
Төсіме оқ неге тимеген?
Неге ақ бас шал емеспін,
Пайдасын күткен елестің?
Мен болып Тула шендісі,
Жатпаймын неге жын қағып?
Отыру қайда бой бағып,
Сырқырама меңдеп белгісі,
Жаратқанға етсем жалыныш,
Не күтем? Бәрі сағыныш!
Онегин содан кейін Тавридаға соғады:
Киелі аймақ ой бермек:
Атридпен егесті ер Пилат,
Бұл жерде өлді Митридат,
Осында Маицкевич жыр кернеп,
Жағада жүрді кеш жарық,
Литвасын өзінің еске алып.

204
* * * 
Жағасы жұмақ Тавриданың,
Кемеден алғаш көргенде
Алауы таңғы Киприданың,
Аялап сүйіп төнгенде;
Ғашықтар ұқсап салтына:
Сүйді аспан таулар төбесін,
Ну орман,   селен, белесін
Тастады жайып алдыма.
Көрінсе татар лашығы
Бой қызып, қаным тасыды!
Сағыныш ойға салды ма,
От­жалын қысты өкпемді,
Беу, мырза! Айтпа өткенді.
* * * 
Қай сезім ойға сөз берді?
Қайтемін қозғап мұң­зарын.
Бәрі өтті бәрі өзгерді,
Тыныштал, өткен жылдарым!
Таң қалып көрдік біз мұны,
Жайнаған жаға інжуі,
Теңіздің шуы, шатқалдар,
Сағынтқан сұлу ақ таңдар,
Есімі жасырын қалғандар....
Көктемдер бейне көрген түс,
Өткендей ұшып өрден құс,
Есімде асыл армандар,
Поэзия құйған кесеме,
Су қостым аздап есеме.
* * * 
Басқаша керек суреттер:
Беткейді құмдақ сүйемін,

205
Қос шетен, ескі үй бір бетте,
Сағындым қақпа тиегін.
Жатпайды бұлттар алаңсыз,
Сарайдың алды сабансыз,
Тал түбі есен сақтаған,
Жас үйрек қандай қаптаған!
Балалайка енді керегім,
Мас жігіт тұрған жер теуіп,
Үйірге жетті ерпейіп;
Үй иесі әйел – сенерім,
Тілегім менің – тыныштық,
Бір кесе сорпа бер ыстық.
* * * 
Жуырда, жауын­шашында,
Мал қора жаққа бұрылдым...
Тіфу! Қара сөз былығы расында,
Фламандар жолы бұрынғы!
Бұл емес жаным аң­таңы
Бақшасарай айтшы, фонтаны!
Осындай ойды миыма,
Беріп пе ең қосып сыйыңа?
Алдыңда үнсіз тұрғанда
Зарема үшін қамдандым,
Ішінде жан жоқ залдардың....
Үш жылдан кейін бұл маңға,
Онегин келіп көз салды,
Саяхатта мені еске алды.
* * * 
Одессада тұрдым шаң басқан...
Ол кезде ашық аспаны,
Сан қилы сауда алмасқан,
Көп желкен солар ашқаны;

206
Еуропаның исі аңқиды,
Оңтүстік әлемі балқиды
Әр түрлі сақта тірлігі.
Италия алтын шықты үні
Көшеде шулы қарқындай,
Жүргенде өргек славяндар,
Француз, испан, армяндар,
Молдаван, грек тартынбай,
Египет ұлы өңі дос,
Морали, Корсар қолы бос.
* * * 
Одессаны шулы жыры бар
Туманский біздің толғатты.
Көзімен сиқыр нұры бар
Уақытқа белгі орнатты.
Паш етіп ақын ғұмырды,
Көзәйнек киіп қыдырды.
Жағада жалғыз қадаммен,
Сонан соң жүйрік қаламмен
Одесса бағын паш етті.
Бәрі жөн, бірақ тал­ағаш
Көрінбес дала жалаңаш
Еңбегін көптің әс етті
Жас ағаш қуат алып та
Көлеңке берген халыққа.
* * * 
Жүйесіз туса әңгімем
Шаң басқан Одесса айтқызды.
Көрген соң көзім дәл білем,
Былығы қалам тартқызды.
Бес­алты апта жолында,
Жүргендей Зевес қырында
Одесса шыққан атағы;

207
Батпақта малтып жатады,
Белшеден батқан үйлері
Адамдар ағаш аяқпен
Көшені кезер азаппен;
Саз кешіп мырза күймелі
Арбаға өгіз жегіпті,
Арық ат орнын беріпті.
* * * 
Тас жарып жатыр балғалар,
Көшеге төсер бағытпен.
Қалаға адам таң қалар,
Қапталғандай сауытпен.
Одесса осы ылғалды,
Зор кемістік тың қалды
Дұрыстап бермей суын да
Ол еңбек соғар қиынға,
Сонда да жеңіл негізі
Мол екен шарап қаулаған,
Баж салық оған салмаған.
Оңтүстік күні, теңізі....
Сайранда, достым, ардақта,
Біз жүрміз ғажап аймақта.
* * * 
Мен кейде таңғы зеңбірек,
Шыққанда үні кемеден,
Қырқадан түсіп тезірек
Толқынға жетем тебеген.
Сонан соң трубкам қызынып,
Тұзы бар судан бұзылып
Мұсылманша жумаққа келісем,
Шығысша қою кофе ішем.

208
Сонан соң бейжай қыдырам,
Казино ашық, қақ жолда,
Шала ұйқы, ішімдік бар қолда,
Балконда маркер
1
 құрды заң;
Аулада әккі пайдагер,
Келісті екі саудагер.
* * * 
Байқасам алаң жанданды,
Ала мен құла әр маңда.
Ісі бар­жоқтар қамданды,
Бір қажет бар ғой әр жанда.
Есеп пен бәстің пендесі
Саудагер келді туда есі,
Аспанды сәні көркемдер
Таныс қой оған желкендер.
Заттардың жаңа не түрі,
Карантинге биыл түсіп пе?
Қажетті шарап пісіп пе?
Жұт па әлде өрт пе кепілі?
Аштық пен соғыс қадалып
Жоқ па оқыс сондай жаңалық?
* * * 
Бірақ та бізде қайғы жоқ,
Саудагер тобы қасында,
Устрица келсе біз де тоқ
Цареград жақтан осында.
Устрица келді! Бұл шаттық!
Ашқарақ жастар ас таптық
Қабыршықтан алып тұтамыз,
Тірідей не өлі жұтамыз,
Шашыратып лимон азырақ.
1
 Маркер – бильярд ойнаушыларға көмектесіп, есеп жүргізуші.

209
Айғай мен лаң   мол шарап
Қоймадан жетті біз қалап,
Жайнатты Отон
1
 қазір­ақ,
Құны бар қымбат әр сағат
Барады өсіп қат­қабат.
* * * 
Қарайып кетті көк аспан,
Операға барар сәт жетті:
Онда Россини төр ашқан
Еуропа Орфейі
2
 үндетті.
Сынға да қатты қанады,
Жаңарып қайта жанады.
Ол терген әуен қайнайды,
Ағындап, жанып, жайнайды.
Сүйіскен жастау кезіңде
Ғашығлық әлпеш әлдидей,
Шапшыған шарап аидей
Орайды алтын сезімге...
Беу, мырза! Тұрар бар ма жол
Шараппен қатар do­rе­mi­sol?
* * * 
Көз тартар ғажап қанша онда?
Көзілдірік те сұмдық табылмас.
Кездесу қызық тың жолда
Prima donna, балет ағындас.
Төрде отыр көзді қандырған
Негоцианка
3
 уыз балдырған.
1
 Отон – Одессадағы әйгілі ресторатор.
2
 Орфей – гректердің болжауынша ғажайып әнші, музыкант.
3
 Негоцианка – бай саудагердің, негоцианның әйелі.
14­256

210
Көрінді тұйық ол маған
Топталып құлдар ораған...
Маңайды барлап аңдымас
Керек пе Каверина арияң?
Мақтау мен әзіл жарияң.
Жұбайы қалғып ол да пәс,
Қол соғып фора орындар,
Есінеп қайта қорылдар. 
* * * 
Заулады финал; зал тарқап,
Кетуге қауым асықты;
Алаңда көбі тұр қарап
Жер, аспан жарық шашыпты,
Авзония
1
 бақытты ұлдары
Әндерін алаң тыңдады;
Лезде жаттап, шатпақтап,
Қосылдық біз де тақпақтап.
Тым кештеу Одесса ұйқыда,
Тымырсық әрі жып­жылы
Үнсіз түн. Ай пәс жылжыды,
Ақша бұлт қалды тыншыға,
Аспанды құшып тыңдайды;
Қара теңіз ғана шулайды...
* * * 
Одессада тұрдым сол кезде...
1
 Авзония – Италияның көне аты.

211
ТАҢБАСЫ ҚҰПИЯ ШУМАҚТАР

Б <илеуші> осал, жылпос жан,
Тер төккен жанды қолдамас,
Байқ <аусыз> даңқ бұйырған
П <атшалық> құрды қасқа бас
1
.

Ойладық жуас деп бұл пенде
Аспазшы бөтен расында
Екі басты қыранды
2
 түткенде
Б< онапарт> шатыры алдында. 
 

12­ші жылғы найзағай
Жетсе кім сеп болды ұдайы?
Ел ызасы әлде найзадай,
Б <арклай>, қыс, не орыс құдайы?
………………………………….

Жебеді құдай анық біз
Түскендей істің алшасы
1
 Қасқа бас – Александр I, патша
2
 Екі басты қыран – Ресейдің гербі.

212
П <арижге> жетіп қалыппыз,
Бас п<атша> – орыс п<атшасы>.

Қанша май басса, сонша ауыр
Ақымақ о<рыс> х<алқым> ай!
Мәзбісің денең толса құр.
.........................................

Мақсатым халқым сыйлаған
Мен саған ода арнар ем.
Тегі зор жазғыш
1
 тыңдаған 
Ескертті маған байқа деп.
...........................................
Альбионға теңіздер бұйырды.
...........................................

Мүмкін, жалға алып тынбаса,
Монастырге ақымақ жүгірді
Мүмкін, <Николай> ымдаса,
Қайтарар көпке <Сібірді>
...........................................
Мүмкін жолдарды жөндейді.
...........................................

Былапыт туған жиһангез
Патшалар одан қаймыққан
Тәж алып Пападан өшті тез
Көлеңкедей күннен қаймыққан,
1
 Текті жан – кн. Долгорукий И.М. – орыс ақыны, мысқылшыл.

213
...........................................
Тыныштық қинап дарға асты.
...........................................

Зілзала
1
 тынбай Пиринейде,
Неапольді жалын торлады.
Шолақ қол князь
2
 Моренге
Кишиневтан сәлем жолдады.
...........................................
Қанжар Л , көлеңке Б
 

Халқыммен бәрін басамын,
Конгрессте депті пат <шамыз>
Сені ойлап құрмас жасағын,
Александр құлы
3
 аты <аңыз>.

Полкі Титан Петрдің
Күлдіргі ескі мұрттылар
З<алымды> сатып лепірген
Қанпезер топқа ғұрпы бар.

Р <есей> б<ұқты> қайтадан
П <атша> да молдау есірді.
Түсінер барлап байқаған
Басқаша жалын көсілді.
1
 Зілзала, жалын – революциялық қозғалыстар.
2
 Шолақ қол князь – генерал А.К. Испиланти (1792­1828) соғыста бір қолынан 
айырылған.
3
 Александрдың құлы – А.А. Аракчеевті айтады.

214

Олардың өзге жиыны,
Бір шөлмек қалмас шарабы
Бір рөмке орыстың арағы.
...............................................
XIV
Мәнермен ашық шығынсыз,
Әулетке тәңірім бақ берген.
Никита тосар тынымсыз,
Илья күтер сақ келген.

Досы Марс, Вакх
1
, Шолпанның
Оларға Лу <нин>
2
 ұсынған
Осы деп назы қолқамның
Шабытпен шалқып ысылған:
 
Ноэлін П <ушкин> оқыса
Як <ушкин> үнсіз толқыса
Көрсеткен болар жанжалын,
Патшаны жарғыш қанжарын,
Рсейді ғана әлемде
Көрмек боп сайрап жосылған,
Ақсақ Т <ургенев> қосылған
Құл <дықты> жойып бар елде
Дворяндардан үміт тосқандық,
Ша <руаларға> берер бостандық.
1
 Вакх – шараптың құдайы. 
2
 Лунин – декабрист.

215
XVI
Болған іс мұзды Невада
Бірақ та ерте көктеммен
Каменка жақта жағада
Тулчиннің тауы көмкерген,
Витгенштейнде берік қазықтар,
Асау Днепр жуған жазықтар
Даласы Бугтың қабылдап
Жаңалық <кетті> дабылдап.
Ол жерде П <естель> күреске
Іздеді қажет сан амал
Суыққанды сол ғой генерал,
Муравь <ев> те кірді үлеске
Күш пенен істі белгі етті,
Ұш <қыншыл> сәтті тездетті. 
XVII
Әу, баста сондай келісімдер
Лафит пен Клико бастаған
Болды ғой достық есті үндер,
Алысқа алшақ баспаған,
Жүрекке бүлік қонбаған
Сергітер ғылым болмаған
Жүріпті жастар құр текке,
Құрды ермек кексе тентек те,
Көрінді солай ........................
Түйінге түйін  тоғысты ........
<Құпия тормен аңдумен> .........
<Ресей> ......................................
Патшамыз жүрді қалғумен.
...............................................

216


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет