Бағдарламасы бойынша жарық көрді Салықов К. Шығармалары / К. Салықов. Астана: Фолиант, 2014



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ТӨРТІНШІ ТАРАУ
«Ізгілік барлық затқа тән».
Неккер
1
I, II, III, IV, V, VI
VII
Әйелді қанша аз сүйсек,
Соншама жеңіл ұнаймыз.
Жалындап жанып көп күйсек,
Шығармай тордан сынаймыз.
Алдау да сиқыр ұғым боп,
Кетті ғой мақтар ғылым боп.
Хабаршы өзі жан­жаққа,
Шын сүймей батқан рахатқа.
Бірақ бұл әуре шатағы,
Маймылдар ескі қалпындай,
Мақтаншақ ата салтындай;
Ловластың
2
 тозды атағы,
Өкшелер биік ырқымен,
Жасанды шаштың ғұрпымен.
VIIІ
Қитұрқы жоқ мінез бағыттас,
Өзгеше таппас ретін,
Айтуға гәпті жалықпас,
Адамдар көптен білетін.
1
 Неккер – Францияның мемлекет қайраткері (1732­1804).
2
 Ловлас (ловелас) – Ридчарсонның «Кларисса Гарлоу» романындағы әйелдерге 
әрекет салғыш кейіпкердің есімі.

79
Баяғы ескі талқылар,
Есі бар жанды таң қылар,
Ондайды кімге білдірсін,
Он үшке жеткен бүлдіршін!
Көрмеген дүние өз басы,
Ант пен серт, үрей шатпағы,
Дәл алты парақ хаттағы,
Өтірік, өсек, көз жасы,
Анасы және  жеңгелер,
Ағалар салты дем берер!
 
ІХ
Тап солай Евгений ойлады, 
Алғашқы жастық салтында.
Басуға теріс тоймады,
Құштарлық жеңген қарқында.
Өмірдің өзі ерке етті,
Біреуге ынтық серт етті.
Өзгеден көңілі қалғанда,
Тілектен жұрдай қалған ба?!
Табысқа тайғақ сенгендей,
Жалғасып у­шу, тыныштық,
Жетті өсек­аяң ыңырсып,
Есінесе күлкі жеңгендей:
Сегіз жыл өтті межелі,
Өмірдің алтын кезеңі.
Х
Қыздарға құштар болмады,
Жүру де қалды алшақтап;
Қасарса – демес қорлады,
Жалтарса – жүрді жан сақтап.
Кездесті жиі табынбай,
Қалдыра білді сағынбай;
Көндікті кетсе жолатпай,
Қадірі қайтқан қонақтай.

80
Мінезі тәнті санқилы,
Карта ойнау бітсе тайқиды,
Үйіне жетіп ұйықтайды;
Білмейді болжап амалын,
Кешқұрым қайда барарын.
XI
Татьянаның алып жолдауын,
Онегин  жаны желпінді;
Ғашық тіл балғын толғауын,
Ұғынса мың ой серпілді.
Татьянаны еске алды,
Солғындау өңін көз шалды;
Тәтті түс таза жеңгендей,
Балқыды ессіз ергендей;
Басқарды­ау ескі ғадеті,
Сезімнің селі арбады;
Алдауға бірақ бармады,
Сенімнің  жеңді медеті.
Бақшаға кеттік жолды ашып,
Кездескен жерге қос ғашық.
XII
Тұрды олар сәл­пәл үндемей,
Онегин жақын тақады.
Сөйтті де сөгер мін демей,
Хат сырын айқын атады.
«Оқыдым, – деді, – пәк жанның
Сезімге ынтық жанғанын;
Тазалық сол ғой – жол құтты,
Жанымды қатты толқытты,
Сезімге сөнген бармақпын;
Мақтамаймын мен сізді, 
Әз жаным құрмет білгізді.

81
Жасандыдан аулақпын;
Тәубешіл көндім салтыма,
Сот бол да өзің талқыла».
 
XIII
Өмірді үй­жайы салтымен,
Сыйлағым келсе ардақтап;
Жұбайлық көніп антымен,
Бұйрыққа лайық салмақтап;
Жанұя құрсам сәулетті,
Бұйырса шаңырақ дәулетті.
Болмас қой қара бас қамы,
Ғашықшыл ешбір өлеңсіз;
Арманға асыл балар ем,
Бір Сізді таңдап алар ем,
Қайғылы күнге елеңсіз,
Кепілдік салтын шолар ем,
Бақытты шексіз болар ем.
XIV
Туғам жоқ рахат алуға,
Ондайға менің жаным қас.
Сұлулар естен тануға,
Сай қылық менен табылмас.
Жігітпін сізге шақ келмес,
Жұбайлық бізге бақ бермес.
Сүйісіп жеңсе әурең де,
Кетермін айнып әу демде;
Көзіңнің жасы азабын,
Жүрек жоқ менде сезінер,
Менсінбес түгіл безінер.
Ойланшы, раушан ғажабын
Гименей
1
 бізге баптайды,
Мүмкін көп күн сақтайды.
1
 Гименей – грек мифі бойынша жас отаулар құдайы.
6­256

82
XV
Пәлекет аспас жалғанда,
Жұбайы тұрмай бірге де,
Қалса әйел жалғыз арманда,
Тосумен күндіз түнде де;
Салқын жан  білген құныңды.
Тағдырды қарғап бүлінді,
Қызғаншақ әрі қатыгез,
Қатал сол айтпас жарты сөз!
Мен сондай. Қалай маздадың,
Жаныңа жайсаң тең бе едім?
Қай миға сыйды жазғаның?
Қалайша мендей қиын жан,
Тағдырдан саған бұйырған?
XVI
Арман мен жылдар оралмас,
Жаңарту қайда жанымды?..
Тап мендей ешкім сүйе алмас,
Ағаңдай сақтап арыңды.
Тыңдай бер мені қамықпай,
Айырбастар жас қыз жалықпай;
Ескі арман тозар жараспай,
Жаңартқан жапырақ ағаштай,
Жасарар әрбір көктемде.
Сүй басқаны деме зіл,
Өзіңді өзің жеңе біл;
Көз салма артта өткенге;
Кім мендей сені түсінер?!
Білместік отқа түсірер.
XVII
Евгений солай үйретті,
Татьяна ауыр мұңды ұғып,

83
Көз жасы жуып бұл дертті,
Тыңдады өксіп, булығып.
Қол созды Евгений. Мұңлы рең,
Емес қой сәнқой, дағдымен
Татьяна бойын жеңілтіп,
Еңкейді басын телінтіп;
Бақшалық ішін аралап,
Кетті олар, құпия бүкпеді;
Еш адам көзге түртпеді,
Елде бар салтты бағалап.
Екі жас ғұрпы бекінді,
Тәкаппар Мәскеу секілді.
XVIII
Оқушым, сен де мойында,
Әдепті қылық көрсетті,
Татьянамен қызбай ойынға;
Өресін биік өлшетті,
Жанына біткен ізгілік,
Сыртынан бірақ тың бүлік,
Өсек сөз аз ба қосқаны,
Өзінің қас пен достары,
(Тапқандай бірдей тақтасын)
Қалдырмас дымын дауы бар.
Әркімнің өз жауы бар,
Достардан құдай сақтасын!
Оларды айтсам шешіле,
Не түспес дейсің есіме?!
 
XIX
Ұйқымен естен қашырам
Ниеті қара қиялды;
Көкірекке тығып жасырам
Өсекті көпке зиянды.

84
Шатырда сұмнан тараған,
Қауымнан мақтау қалаған,
Маңайға тарап жүр салты,
Эпиграмма сүйгіш қыршаңқы,
Досыңыз шалқып айта алар,
Құрметті думан ішінде,
Қулық жоқ ерке түсінде,
Жүз мәрте мүмкін қайталар;
Қорғаның өтер суыспай,
Сүйеді ол сізді туыстай.
XX  
Құлақ сал, асыл оқушым,
Тілеймін әулет мерейін!
Мархабат: маған сол үшін,
Өзімнен хабар берейін.
Бауырлас бақыт құрардай,
Шын туыс болар мынандай:
Оларға ынтық нұр жауып,
Сүйейік, адал сыйлайық,
Халықтың сыйлы күнінде,
Рождествоға бармай қалмайық,
Не жедел хат арнайық;
Әр тәулік қалған бірінде,
Біздерді аңсар болмасын...
Көп жасап құдай қолдасын!
XXI
Қашан да таза махаббат,
Беріктеу дос пен туыстан:
Тұрса да дауыл анталап,
Сәт табар жаны ұғысқан.
Дәл солай. Бірақ жаңа салт,
Табиғат та тосар басқа шарт;

85
Қауымның да ойы күдік қой,
Осал жыныс түбіт қой.
Еркектің жеңер талғамы:
Ол айтқан өмір маңызы,
Жақсы әйел міндет­парызы;
Сол бикеш сізді алдады,
Десем мен оқыс сәтті айтам:
Жүрекпен ойнар ақ сайтан.
XXII
Кімді ойлап, кімге сенерміз?
Айнымас жанды анықта...
Іс пен сөз парқын көрерміз,
Өлшенсе біздің қалыпта.
Ол баспай өсек­аяңға,
Көңілде ермес алаңға;
Қатеміз оған қайғы емес,
Жайламас жанын жат кеңес?
Бос елес іздеп отырсың,
Әр істің артын түйе біл,
Өзіңді өзің сүйе біл,
Мәртебең зор оқушым!
Қолдарсың, мейлің, қолдама:
Бәрінен артық сол ғана.
XXIII
Кездесу сәтті бітті ме?
Түсіну әттең оп­оңай!
Махаббат ессіз күтті де,
Тосуда әлі тоқтамай.
Ащы ғой мұңы жас жанның,
Құштарлық оты сақталдың,
Татьяна жанып барады;
Төсектен ұйқы тарады,

86
Саулық пен тәтті жас құшақ,
Шат күлкі сауық құрыспай.
Бәрі өшті құнсыз дыбыстай,
Таня үшін өшті жастық шақ:
Үдетті дауыл әуресін,
Жапқандай күннің сәулесін.
XXIV
Татьяна солып барады,
Таңдайдан дыбыс тарамас.
Қызыққа сөнді талабы,
Сергуге бірі жарамас.
Бастарын шайқап көршілер,
Күңкілдер сөгіп ерсі дер,
Жетті дер қыздың мезгілі!
Тоқтайын, тусын сөз гүлі,
Ой қозғап етем өкініш;
Бақытты ғашық салтымен,
Сыр бермес жүрек қалпымен,
Қаулап тұр іште өкініш;
Айтуға соны асықтым:
Татьянаға өзім ғашықпын.
XXV
Сәт туды, тәтті тұтқынға,
Ольганың көркі түсірді;
Өзгеше Владимир ұқсын ба,
Елжіреп жаны түсінді.
Бірге жүр. Емес шошынар,
Қараңғы жерде отырар;
Қолына қолын салар да,
Саялар таңғы самалда;
Бәрі жөн. Сәнді түр­түсі,
Ұялшақ күйде жасқаншақ,

87
Қосылар бір сөз басталса­ақ,
Ольганың баурап күлкісі,
Алтын шаш қолдап жетегін,
Сүйеді көйлек етегін.
XXVI
Ольгаға кейде оқиды,
Ақылгөй ойлы роман.
Табиғат сыры санқилы,
Жаза алмас Шатобриан
1

Әйтсе де, екі­үш парақтар,
Сандырақ, жалған шатақтар...
Ондайға жеңіл баспайды,
Ұялып оқымай тастайды.
Оңаша кету молданып,
Шахматқа қарап үңіліп,
Үстелге тақап бүгіліп,
Отырар олар толғанып;
Ленский жеңсе біріндеп,
Кетеді бойы дірілдеп.
XXVII
Үйіне барған сәттердің,
Ольгаға бәрін арнайды.
Әр беті ұшқыр дәптердің,
Бояуға бәрін талмайды:
Салады кесене қасында,
Киприданы
2
 бейіт тасында;
Не кептерді лира
3
 шетінде,
Қаламмен не бояу ретінде;
1
 Шатобриан Рене (1768­1848)1 – француз ақыны.
2
 Киприда – грек аңызындағы махаббаттың құдайы  – Афродита солай аталады.
3
 Лира – Италияның музыкалық аспабы.

88
Естелік сәті келді шын
Парақта соңы бітпеген,
Қалдырар және құтты өлең;
Үн бермес қиял белгісін,
Ұшқыр ой берік ізіндей,
Көп жылдан қалған үзілмей.
XXVIII
Көргендер көп қой сан рет,
Уездік ханым альбомын,
Былғапты, айтсақ дәлірек,
Басынан бастап бар жолын.
Келместей жазғыш сауатқа,
Шатпақтар кірмес  санатқа.
Шын достық салтпен жазылған,
Қысқарған, қайта созылған.
Алғашқы бетте сөз кесті:
«Не жазсаң да, – делінген, –
Аннетта сізге берілген»;
Парақта соңғы кездесті:
«Кім сүйсе мені сенен зор,
Мен жайлы енді жазсын сол».
 
XXIX
Көп қызық арбап күн өтер,
Қос жүрек, жалын және гүл;
Бет тақтайын куә етер,
Махаббат антын көре біл;
Әскери ақын жазыпты,
Арамза жырмен азыпты.
Альбомға мұндай наз өлең,
Мен­дағы, достар, жазар ем.
Сенім мол, неге іркілем,
Менің де кейбір шатпағым,
Анықтар қолдау тапқанын,
Артынан қиқар күлкімен.

89
Талқыға салмас қас пен дос,
Бөсті дер қатты, әлде бос.
XXX
Беу, томдар шыққан әр сақта,
Жындардың кітап қорынан;
Туғанын  сөздің салмақта,
Дарынсыз ақын қолынан. 
Бояған шапшаң мәніспен,
Толстойша
1
 сиқыр әдіспен.
Әлде Баратынский дем берді,
Өртесін құдай сендерді!
Тамаша сұлу жол табар,
Тосуға шолақ альбомын,
Тұтатсам сонда жан шоғын,
Эпиграмма іште қозғалар;
Оқыған адам болар дал,
Ал, олар тосар мадригал.
XXXI
Мадригал Ленский жазбайды,
Жас Ольга сыйлар альбомын;
Ғашықшыл сөзі маздайды,
Отты әзіл байқар тар жолын.
Білдірмей сонда бір кемін,
Ольгаға арнар білгенін:
Айшықты адал кезең көп,
Эпиграмма толқыр өзен боп.
Языковша
2
 билеп шын сезім,
Жүректің үнін тыңдайды,
1
 Толстой Федор Петрович (1783­1873)1 – суретші.
2
 Языков Н.М. – ақын­романтик, Пушкиннің досы.

90
Кім болса соны жырлайды,
Элегиялар салар күмбезін.
Осында өткен әр күннің,
Айтары сенің тағдырың.
XXXII
Сақ сыншы тілін білсеңдер,
Бұйырды бізге  баста деп;
Элегиядан құрап гүлшеңбер 
Ұйқасшыл достар қоста деп
Бақырды: «Тынсын тақылдау,
Бақаша тынбай бақылдау.
Жабыспа өткен күндерге,
Жаңа сөз керек бұл жерге!»
– Жөн айттың, бізге көрсетші,
Бет перде, керней, қанжарды,
Өлімтік ойлы жандарды
Қайтар деп, бәрін сөз кесші,
Солай ғой? 
– Жоқ. Бұл залал!
Жазыңдар ода, мырзалар!
 
ХХХІІІ
Жылдардай артқан нар жүкті,
Жазыңдар ескі әдіспен...»
– Оданың төксе салты нұр!
Емес пе достым, бәрі­бір?
Сатирик
1
 бізге не деді?!
«Бөтен ой» назын тежеді,
Ғұрпыңды сезді құлқыңнан,
Қашты ма біздің мұңшылдан? –
«Элегия сыры тым ұсақ,
Бос қиялда бар заты,
Оданың озық мақсаты,
Қасиетті...» 

Сатирик деп атағаны Дмитриев Н.И. (1760­1837) – ақын
.

91
Айтар мың құшақ
Бармайын сөзге дәл қазір:
Дауласпасын қос ғасыр.
XXXIV
Табынтып атақ, еркіндік,
Дайын ғой жазар одасы;
Владимир шалқып желпінтіп,
Оқымас әттең Ольгасы.
Шын ақын сүйген адамға,
Жан сырын арнап қалар да.
Көзінше қыздың оқыған,
Сый аспас оған осыдан.
Сәтте сол үміт ақтаған,
Кездесіп құштар арманы.
Ғашық жыр оқып қалғаны,
Аруды маңғаз мақтаған!
Ол шат­ты... 
Қыз сәл күлсе де,
Басқаны көксеп жүрсе де.
XXXV
Қиял мен біткен санама
Үйлесім сәтті әлегін
Тыңдатам қария няняма,
Жас күндер көрген әлемін;
Түскі астан кейін еншіге,
Адасқан тиер көрші де;
Етектен тартып аңғартам,
Трагедия оқып сандалтам,
Әйтеуір зілсіз толқытам;
Аңсау мен ұйқас ойымда,
Сандалып көлдің бойында
Үйректер тобын шошытам:
Тәтті өлең үні жетеді,
Тағы құс ұшып кетеді.

92
XXXVI, XXXVII
Онегин нешік? Бауырлар!
Жасаңдар әнтек шыдамдық:
Ол неге бүгін зәру­зар,
Жеткізем хабар ұнарлық.
Евгений жұрттан безген жан;
Жаз келсе жетіде атар таң,
Жетеді сайлы кезеңге,
Шатқалда шапшаң өзенге;
Гүлнәрді
1
 жазған ақындай,
Геллеспонт
2
 кешер малтумен,
Кофесін жұтар балқумен,
Нашар журнал оқыр шалқумен,
Содан соң ол киінер...
XXXVIII, XXXIX
Қыдыру, оқу, қатты ұйқы,
Көлеңке, бұлақ сыңғыры.
Қара көз, ақ қыз жеңді ырқы,
Жас иіс болды білгірі.
Жүгенге көнгіш ұшқыр ат,
Түскі аста шымқай құнды зат,
Ақ шарап аздап ішкені,
Таса жер таңдап түскені:
Онегин өмірі киелі;
Сезімсіз бейқам тартып та,
Қызу жаз бойын шалқытса,
Еркелей Евгений біледі,
Қала мен достар қалды ұмыт,
Іш пысқан тойдан жан суып.

Гүлнәрді жазған дегені Байронның «Корсарындағы» кейіпкер.
2
 Геллеспонт – Дарданел бұғазын ертеде солай атаған.

93
XL
Солтүстіктегі біздің жаз,
Оңтүстік қысқа келемеж;
Жалт етіп өтсе, жылуы аз,
Болыппыз үнсіз елемес.
Аспанда күздің иісі бар,
Шуаққа тоғай кіріптар;
Қысқарды күннің аясы,
Азайды орман саясы;
Бұтадан жапырақ үзілді,
Даланы басты көк тұман;
Әндетті қаздар көш құрған,
Оңтүстік жаққа тізілді.
Жабықты қаусап маң дала,
Қараша келді аулаға.
XLI
Таң жетті түнгі салқында,
Қырдағы дүбір тоқтады;
Аш қасқыр қаншығы қасында,
Қақ жолға көзін оқтады;
Сезген ат міндет орындап,
Жолаушы жатса қорылдап,
Ызғыта тартты шапқылап;
Бақташы көзбен атқылап
Сиырды қумас егіннен;
Түсте де жарлық арнатып,
Жинамас керней зарлатып;
Үйде қыз жіпке берілген,
Иірді көнбей қалғуға,
Шырпы оты жайнап алдында.
XLII
Сықырлап аяз жылжытпас,
Далада күміс сән құрған...

94
(Оқушым күтсең гүлді ұйқас),
Ал, мінеки, ал, жылдам.
Паркеттен әсем сәндірек,
Қатты өзен, көк мұз ән тілеп;
Балалар көнбес қалуға,
Кәңкимен мұзды жаруда;
Қызыл табан қоңыр қаз
Жүзуге судың бетінде,
Орнықты мұздың шетінде.
Желкілдеп жауып, айтып наз
Тұңғыш қар көзге көрінді,
Жұлдыздай жерге төгілді.
XLIII
Қиырда не бар бұл кезде?
Серуенге селтең жарамас;
Селеннің сыртқы түрі өзге,
Бірыңғай сидаң жалаңаш.
Салт жүру келмес татымға!
Тағасы тозған атың да,
Дей көрме мұзда шынығар,
Қатқақта құлап жығылар.
Шатырың құрғақ су өтпес,
Оқысаң Прад
1
 пен Вальтер Скотт
2
.
Шығынды бірақ санап өт,
Ызамен ішсең, ұзақ кеш;
Ертең де тосар тамаша,
Қыс өтер сыйлы жаңаша.
 
XLIV
Онегин нақ Чильд­Гарольдша 
Жалқаулық қанды сырына:
Мұз салған суда шомылса,
Күн бойы баспас бұрыла;

Прад – Прад Должник (1759­1837) француз публицисі.
2
 Вальтер Скотт – ағылшын жазушысы (1771­1832).

95
Көп есеп ауыр жолында,
Топас кий өтпес қолында.
Бильярдта екі шарменен
Жарысып ойнар таңменен.
Деревня кеші жеңеді:
Кий қалды, бильярд жабылды,
Ас толды, камин жағылды;
Евгенийге Ленский келеді,
Үш қара жеккен ақ жалды,
Түскі асқа жылдам қарсы алды.
XLV
«Клико» не «Моэт жесірі»,
Бәрі де ғажап шараптар.
Мұз салу – ақын шешімі,
Сай болды талай талаптар.
Ипокренше
1
 жайнады,
Көбігі жігер қайрады.
Тыныш па, әлде бұзық күн,
Ол үшін өзім қызықтым;
Соңғы ойым тілді мың бұрар
Қалды ма есте, достарым?
Шапшыса шабыт қосқаным
Есердің ісін тудырар,
Әзіл мен жырым қаулады,
Тәтті түс, туды дауларым.
XLVI
Көбігі шулы жақпады,
Құптамай қарным еш сыйын;
Ішкенім Бордо
2
 ақтады,
Ақылға көндім мен биыл.
1
 Ипокрен – Геликондағы шабыттың қайнары, музалар мен Аполлонның тұрағы.
2
 Бордо – француздың жеңіл шарабы.

96
Аи­ға
1
 енді бармаспын,
Ғашықтай елтіп қалмаспын;
Жарқ еткен бергі сырты дос,
Құны жоқ және құлқы бос..
Шын досқа Бордо  жетуде
Қайғы мен мұңды ұға алар,
Жолдас боп алдан шыға алар,
Сендерге құрмет етуге
Бөліссін, шаттық қосыңыз,
Жасасын Бордо досымыз!
XLVII
От сөнді. Соңғы күлімен,
Көмілді шоқтың алтыны;
Ағында жалын үнімен,
Жалғасты будың қарқыны.
Камин пеш әбден деміккен,
Мүржеге түтін теліткен;
Үстелде шарап қалдығы,
Ымыртқа батып қалды үні..
Қыздырса достар жаласы
Кейде бір бокал шарапты
Тәбетім менің жаратты;
Ит пенен қасқыр арасы,
(Секілді сайран деме бос)
Сырласып отыр екі дос:
XLVIII
«Көршілер сау ма? Татьяна ше?
Өз Ольгаң қандай мәнерде?» 
– Шарапты жарты құй кесе...
Қосылды бәрі сәлемге,

Аи – шампанның бір түрі.

97
Тағзым ет деп сұрады,
Өздері күйлі тұрады;
Ольганың иығы, төсі де,
Көз тояр өсті көсіле!
Біз барсақ қалай тік тұрмас;
Әйтпесе үңіл сен күйге,
Екі рет бардым ол үйге,
Тұмсықты енді сұқтырмас.
Мен қалдым бекер баптана,
Сен қонақсың келер аптада.
XLIX
«Мені ме?» – Иә, Таня тойына
Сенбіге – туған күніне
Шақырды, сақта ойыңа,
Сен бармай қалма бүліне. –
«У­шуды халық талғайды,
Кім болса сол қаулайды...»
– Бұзылмас ол үй сәулеті,
Жиналар туыс, әулеті.
Барайын бірге дос шыда!  
Көрші қыз құрмет жасатты,
Тағы бір шөлмек босатты,
Стақандап саспай қосты да,
Ольганы мақтай жөнелді,
Ғашықшыл жаны кенелді.
L
Қуанды. Мерзім екі апта,
Бақытты күні шешілді. 
Некелі төсек тақап та,
Ойлантып гүлтәж көсілді.
Зерледі шалқу әлемін,
7­256

98
Гименнің
1
 мұңлы әлегін;
Жабығу ерік бермеген
Түсіне кіріп көрмеген.
Дегенмен бізге қас Гимен,
Күнделік өмір табы бар
Суреттер адам жалығар,
Романдай жазған Лофонтен
2
.
Ленскийім байғұс адал жан,
Осыған лайық жаралған.
LI
Сүйді оны... солай әманда
Ойлады. Болды бақытты.
Нұрлы жан көнген сенімге
Ақылын кері тартыпты;
Жүгендеп жүрек жүдеген,
Мас мейман бір түнеген
Көбелек дерсің дер күнде,
Көктемгі салған зер гүлге;
Кейде оңбас пысық көреген
Ойлантып басы айналмас,
Іспенен сөзге байланбас,
Өзге ойды ол жоқ жебеген;
Жүрегін өмір суытты,
Ұмытпас берді ғұрыпты!
1
 Гименнің – грек мифологиясындағы некенің құдайы.
2
 Лофонтен (1759­1831) – неміс жазушысы.

99
БЕСІНШІ ТАРАУ
«Білме бұл сұмдық түстерді,
О, Светланам, сен менің!
Жуковский
І
Сол жылы күздің шуағы,
Аймақта тым кеш алданды;
Табиғат ұзақ шыдады,
Қаңтарда ғана қар жауды.
Үшінші таңда таңдана,
Әйнектен көрді Татьяна
Таңғы әсем аппақ ауланы.
Шатырды күртік жаулады,
Терезе толы қысқы өрнек.
Ағаштар күміс жамылған,
Сауысқан тойы табылған.
Жеңіл қар басты тауды өрлеп:
Кілемін қыстың айнала,
Жамылды аппақ сай­сала.
ІІ
Қыс келді... Шаруа шаттанып,
Жаңартар жолын шанамен;
Пысқырып аты баптанып,
Желеді қарлы даламен.
Бұрқыратып жол жарып,
Күркелі күйме келді ағып;
Ат айдап жәмшік желдеулі,
Тұлып пен қызыл белбеуі.

100
Бір бала қыза түсіпті:
Күшігін салған шанаға,
Жегіліп ат боп далада;
Тентектің қолы үсіпті:
Жылап та күлуін қарашы,
Терезеден ұрысты анасы.
 
ІІІ
Бірақ та бәлкім нақ сондай,
Табиғат сізді маздатпас:
Суретке ынтық тап болмай,
Жоқ сұлулық таңдантпас.
Тәңірі алға ұмтылтып,
Басқа бір ақын құлшынтып,
Алғашқы қарды жырлады.
Тарқатып құмар нұрлады,
Оқысаң тәнті болар ма ең?!
Шалқыпты шабыт пәрменді,
Шанамен салған серуенді;
Мен сайыспан олармен.
Сенімен де сыр жоқ ашатын,
Фин қызын жазған жас ақын
1
.
IV
Татьяна нәзік жанымен
Өзі де білмей күлетін.
Ызғарлы салқын қарымен
Орыстың қысын сүйетін.
Аязды кеште қыраулы,
Шана мен шуақ ұнаулы;
Шұғыла шашса уыз қар,

«Жас ақын» – Баратынский Финляндия қысын «Эде» деген өлеңінде сипат­
таған.

101
Крещен кешін қызықтар
Ескіге құрмет жарасты.
Осы үйде еркін нұрланып,
Қызметші қыздар жиналып,
Бикештерге арнап бал ашты:
Болжады оларға «көріпкел»,
Әскери күйеу жорықпен.
V
Ырымға Таня сиынған,
Көне сөз құлы алдында;
Ашқан бал кетпес миыңан,
Көрген түс, сыры Айдың да.
Әр белгі болды жорамал,
Құпияға жанын ораған;
Түрткілеп іштен қинады,
Көкірекке бәрі сыймады.
Бет жуып мысық пәле де,
Мияулап мұрнын көп шұқыр:
Сенімді белгі ол тықыр.
Шақырар қонақ және де
Қос мүйіз Айдың келбеті,
Сол жақтан тосып жер беті.
VI
Қыз сұрланар дірілдеп,
Аққан жұлдыз лезде
Аспанда ұшса біріндеп,
Айналған дағды мінезге;
Түседі Таня дауылға,
Жылжыған жұлдыз сауында.
Тілегін жүрек жеткізер,
Көргенін көзге көп тізер;

102
Тап болса қара монахқа,
Не қоян  жонда бұққанда,
Бір кесіп жолын зытқанда,
Денесін үрей тонап та,
Сезімге қайғы қосатын,
Қиядан пәле тосатын.
 
VII
Құпияны шындық санатты,
Жанына үрей жаншылып:
Табиғат осылай жаратты,
Біздерден қалмас қайшылық.
Святки
1
 келді. Қуаныш!
Бал ашу сұлуға жұбаныш;
Өкініш ермес жастарға,
Өмірдің жолын бастарда,
Көреді жайнап жатқанын;
Бал ашар қария расында,
Бет тақтайының қасында,
Жоғалтып барлық тапқанын;
Бәрібір сеніп қараса,
Былшылдар сәби балаша.
VIII
Татьяна сергек қалпында
Балауызға суда қарайды:
Ол салып ғажап жарқылға,
Төгеді ғажап арайды;
Толтырған суға ыдыстан
Шеңберлер туды ығысқан;
Сақина шықса етті елең,
Сарынға салды ескі өлең:
1
 Святки – 7 қаңтарда басталатын христиан мейрамы.

103
«Еркектер онда бәрі бай,
Күмісті күреп алуда,
Әндеттік мақтап қалуға»
Қалар дейді­ау жарымай;
Ән сазы төгіп аяныш;
Мысықшыл
1
 қызға бәрі аңыз.
 
IX
Түнгі аяз, аспан жайдары;
Жұлдыздар көшті заулама,
Нұрлы аспан көзді байлады...
Татьяна шықты аулаға,
Үстінде ашық көйлекпен,
Айнаның Айды көрсеткен,
Жанына қайғы батқаны­ай,
Қалшылдап Айдың жатқаны­ай...
Қар басып біреу өтті... қыз
Жүгірді оған қарқындап,
Дауысы шықты жарқылдап
Сыбызғы дерлік қарлы қыс:
«Сіз кімсіз?» десе тапты жөн:
«Есімім, – деді, – Агафон.
X
Бал ашу қиын болса да,
Нянясы бәрін бастатқан;
Жасатты Таня моншада,
Екі адамдық дастархан;
Әп­сәтте тынды Татьяна...
Ойлантты мені Светлана,
Шыдадым көңіл жараспай...
Танямен бірге бал ашпай.
Татьяна бекер сассын ба,

Мысықшыл – аңыз бойынша ұзату тойын хабарлар ырым.

104
Төсекке кірді бел шешіп,
Жебеді Лель
1
 тез сезіп,
Құс жастықтың астында
Айна еді қыздың тыққаны.
Бәрі бар. Татьяна ұйықтады.
XI
Татьяна ғажап түс көрді.
Шығардай құтты жол алдан
Қарлы қыс, дала күш берді,
Кешқұрым мұңға оранған;
Күртіктер толқып алдында
Борандап басты қарқынға
Тулаған ағын ақ басты.
Қыста да тыным таппас­ты,
Қос сырғауыл жабысқан
Көпір боп бірге мұзданған,
Ағыннан өтер жол салған
2
;
Иірімде шулы табысқан,
Аң­таң болған сәт өтпей,
Тоқтады Таня қалт етпей.
XII
Айрылысар сол деп жол берер,
Татьяна сөкті бұлақты;
Ар жақтан оған қол берер,
Жан жоғы қатты сынатты;
Бір кезде қардан жік шықты,
Қос құлағы тік шықты,
Ақ аю
3
 жүні үрпиген,
Ұлуын оның кім сүйген?..
1
 Лель –Көне славяндардың махаббат құдайы.
2
 Ағыннан өтер жол салған – үйленудің жебеушісі.
3
 Ақ аю түсіне кірсе, ырым бойынша қыз ұзатылады екен.

105
Тырнағы өткір табанын
Шошынған қызға ол созды,
Татьяна шошып қол созды
Тапқандай үркек амалын;
Бұлақтан өтті. Не деді?
Соңынан аю келеді!
XIII
Етеді әрең жан шыдам,
Татьяна өзін зорлайды;
Сабалақ жүнді жалшыдан
Кетуге қашып болмайды;
Қырқылдап аю келеді,
Алды – орман, қалың белеңі;
Тұр қарағай қалжырап,
Бұтақтар қардан салбырап,
Аралас қармен аспаннан
Ақ қайың, терек, жалаңаш,
Үстінен түнгі бар ағаш,
Түседі сәуле жасқанған;
Бұта мен жолды қар басқан,
Көрінбес бір із қалмастан.
XIV
Алды – орман, аю – артында;
Келеді Таня қарлатып,
Түскендей жан алқымға, 
Құлақтан қалар тал тартып
Алтын сырғасын алардай;
Қар ойнар қосыла талардай;
Кебісі батып қалады,
Орамал желдеп барады,
Барлығын қайтіп қия алар;

106
Аюды сезіп артында
Киімнің шетін тартуға,
Қолдары нәзік ұялар;
Бұлтартпас аю үңіліп,
Күш те жоқ кетер жүгіріп.
XV
Қыз құлады, аю кеп
Құшақтап ала жөнелді;
Таня үнсіз­демсіз талды леп
Сезбейді қорқу дегенді;
Шапса аю ағаш ішінде
Күрке тұр жолдың үстінде;
Шөл дерсің, із жоқ жан басқан
Шалғайда түкпір қар басқан,
Терезе оты наздана
Күркеден у­шу ағылды
Аюға құда табылды:
«Жылыншы, деді, аз ғана!»
Өзі өктем әрман барды да
Есіктің қойды алдына.
XVI
Ес жиып Татьяна қарады,
Аю жоқ, сенбеу жарамас;
Ар жақтан у­шу тарады
Жатқандай беріп қаралы ас;
Түрі жоқ енді кешіккен,
Сығалап көрді тесіктен;
Сасып та қалды абыржып,
Үстелде шымқай құбыжық:
Біреуі мүйізді иттұмсық
Қоразбен отыр тұр­тұрлап;
Ешкісақал жезтырнақ,
Тұр қаңқа, қортық мың қырсық,

107
Жартылай мысық мияулап,
Жартылай тырна тыраулап.
 
XVII
Одан да асар сұмдықтар:
Өрмекшіге шаян мініпті.
Мойнында қаздың қу бас бар,
Қып­қызыл орамал іліпті.
Билеп тұр жел диірмен,
Қанаттарын ескі иірген;
Үру мен адам сыбыры,
Ысқырық, жылқы дүбірі!
Көргендей зорын қорғанның,
Татьяна мейман ішінде
Таныды түр­түсін де
Кейіпкерін осы романның!
Онегин шолып маңайды,
Есікке жіті қарайды.
XVIII
Ым қақса бәрі жарқылдар;
Ол ішсе бәрі қылғытар;
Ол күлсе бәрі қарқылдар;
Қабағын шытса үн жұтар;
Ол отыр төрде жойқын боп:
Таняда енді қорқу жоқ
Таңырқап ептеп абдырап,
Есікті ашты азырақ...
Саңғал жел сонда сөндірді
Шырағдан түнгі шамдарын;
Бұрқ етті сұмдар ақ жалын;
Онегин көзімен көндірді.
Ол тұрса бәрі қаптады,
Есікке қарай аттады.

108
XIX
Үрейі кетті, асығыс
Татьяна даяр қашуға;
Бірақ та болмас, қапылыс
Шырылдап салу ашуға.
Евгений ашты есікті,
Тамұқтың жыны есіпті.
Келді ару; күлді өздері
Жайнады тағы көздері;
Табандар, қолдар күректей
Дудар бас сұмдық түрлері,
Қан басқан мұрт пен тілдері.
Мүйіздер, қолдар сүйектей,
Тік сілтеп бәрі желікті:
«Менікі, дейді, менікі».
XX
«Менікі!» Евгений дегенде,
Әп­сәтте сұмдар кетеді;
Қараңғы суық еденде,
Қызбенен қалды екеуі;
Онегин жайды құшақты,
Бұрышта қызды жұбатты;
Орындыққа жайлы жеткенде,
Бет тақап ниет еткенде,
Жүгіріп Ольга келіпті,
Ленский соңынан еріпті;
Онегин  қолын сілтеді,
Алартып көзін желікті
Қонақтарды боқтап шіреніп;
Татьяна жатыр тірі өлік.
XXI
Дау қызды, Евгений кенеттен
Қол салды үлен пышаққа...

109
Құлады Ленский; сау еткен
Естілді дауыс ұзаққа;
Көлеңке мұңға боянды...
Татьяна шошып оянды...
Жайнап тұр алау жарқылы.
Бөлмеде әйнек арқылы
Нұр сәуле қызғылт еркіндеп;
Келді Ольга шошып, жоқ шыдау,
Ақ жүзі Аврорадан
1
 ақшылдау
Көбелектей жеңіл желкілдеп:
«Айт, дейді, барды ішіңде,
Не көрдің бүгін түсіңде?»
XXII
Ол жатыр сіңлісін аңдамай,
Төсекте кітап құшақтап;
Парақтар жылжып әрі қарай,
Үндетпес қыз жоқ тіл қатпақ.
Бұл кітап емес зиялы,
Ақынның тәтті қиялы,
Шындық жоқ тартар кеңеске
Виргилий, Расин
2
 емес те,
Емес Скотт, Байрон, Сенека
3
;
Сән журналынан көп төмен,
Арулар құрмет етпеген:
Ол достар, Мартын Задека
4
 
Халдейлер даңқын қорушы,
Ол балгер, түсті жорушы.
 
1
 Аврора – Рим мифологиясындағы таң шапағының құдайы.
2
 Расин – Жан Расин (1639­1699) – француз драматургі.
3
 Сенека – Сенека Луций Анней Младший (4­жыл, б.ғ. дейін) – философ.
4
 Мартын Задек – ойдан шығарылған кейіпкер.

110
XXIII
Бұл кітапты тым терең
Саудагер көшкін жеткізді;
Бір күні сәтін тапты ерен,
Татьянаны таңсық еткізді.
Мальвинамен
1
 жыртылған
Үш жарымдай пұл тұрған,
Ақшаға қалған сылапты,
Сорақы мысал жинақты,
Еміле, Петриаданың
2
 екеуі
Мармонтельдің
3
 томын үшінші.
Дегендей Мартын түсінші
Таняға жақты жетегі:
Сылаған сол шаттықпен
Кітаптар досы жастықпен.
XXIV
Көрген түс оны шошытты...
Түсіну мехнат шатпақты;
Қиялдан мәніс тосыпты,
Маңызын Таня таппақшы.
Алғы сөз ашты бар жігін,
Түсінді Әліп­би жарлығын;
Сөздерге: орман, албасты,
Қыл көпір, аю жалғасты.
Көп күдік жатыр осында 
Мартын Задекаға сенбеді.
Қатер ғой түстің бергені
Қасіреті қалың оқиға.
Қинады оны сол жағы,
Көп күндер жорып болжады.
1
 Мальвина – М. Котеннің «Мальвина» атты романының кейіпкері.
2
 «Петриада» – А. Грузинов жазған поэма.
3
 Мармонтель – француз жазушысы.

111
XXV
Қызыл күрең пәк қанатпен,
Атқан таң бойлап сайларды;
Шыққан күн ашқан салтанатпен,
Бастады думан тойларды.
Ертемен Лариндер үйінде,
Қаптады қонақ үйіле;
Әркімдер түрлі шамамен,
Күймелі арба, шанамен;
Алдыңғы үй сабылыс, құбылыс,
Төр жақта достар түйіскен,
Ит үріп қыздар сүйіскен,
Есікте у­шу сығылыс.
Қонақтар дәмді бағалар,
Әйелдер, у­шу балалар.
XXVI
Жұбайы кербез келісті,
Пустяков жуан келіпті;
Гвоздин
1
 – іскер жемісті,
Қайыршыға қолын беріпті;
Скотинин
2
 ақ бас дүбірлі
Шұбырды үбір­шүбірлі
Екі жастан отыз жастағы;
Петушков сәндік бастады,
Немере ағам Буянов,
Күңқағарлы кәртөзбен
(Таныстығын дәл сезгем),
Советник кәрі Флянов,
Кәрі жын, ескі жалақор,
Қылжыңбас, тажал, парақор.
1
 Гвоздин – Д.И. Фонвизиннің «Бригадир» атты пьесасындағы Гвоздиловтың 
өзгерген аты.
2
 Скотинин – Фонвизиннің «Тоғышарындағы» кейіпкер.

112
 XXVII
Панфин Харликовпен біріге
Келіпті мосье Трике;
Айтқыры Тамбовтың дүрі де
Көзілдірікті жирен, парикте.
Француздық қыры қалмаған:
Таняға шумақ арнаған,
Балалар әні білуім:
«Ұйқыдан оян, сұлуым».
Жинақта өлең өрлеткен
Бұл шумақ көпті қаратты;
Трике ақын талапты,
Өліктен алып өрлі еткен;
Аппақ Нина дегенді
Таня деп аппақ кенелді.
XXVIII
Мінеки, тақау қыстатқан
Қыздарға қызу от алып,
Бикештер сырын ұштатқан
Командир келді роталық.
Ол келді... Жел сөз заулайды!
Әскери музыка қаулайды!
Полковник өзі қолдаған,
Бал өтер бұрын болмаған!
Арулар қызды мың сырлы;
Ас келді сәтті жолменен
Жарысты қолдар қолменен.
Татьянаға қыздар ұмтылды;
Еркектер ермей, шоқынып,
Гу­гу­леп кетті отырып.
 
XXIX
Әу демде көп сөз басылды,
Ас жеудің туды мың түрі.

113
Аспаптар, ыдыс жосылды,
Рөмкелер шалқып сыңғыры.
Қонақтар қызды аңқылдап,
Қозғалыс құрды қарқындап;
Үдеді дауыс саңқылдап,
Қышқырды, күлді қарқылдап.
Бір кезде Ленский үйге енді,
Онегин бірге қасында
Нұр төкті бикеш асылға,
«Жасампаз ер» деп күйленді;
Ығысып қауым берді орын,
Жайлады достар той төрін.
XXX
Таняға қарсы отырды,
Таңғы Айдан солғын ажары.
Киіктей қашқан толқыды,
Түнере тартқан жанары
Жарқ етпес, бойы қызулы
Жан­тәні түгел бұзылды;
Екі дос сезбей сәлемін,
Екі көз сезді әлегін,
Есінен танар келді кез;
Бірақ та, демен күйреді,
Ерік пен сана биледі,
Аузынан шықты екі сөз;
Үн жетті тістен ырғалып,
Отырды сақтап бір қалып.
XXXI
Трагедия жүйкелік құбылыс,
Қыздардың талып қалуы;
Томсарса Евгений тым­тырыс:
Өткенді ол еске алуы.
8­256

114
Дарақы осынау думанда,
Ашуға өзін буғанда,
Аңғарып ару толқуын
Көз бұрды басып от, уын;
Тапқандай басқа жан талап,
Ленскийді болды жындантпақ.
Алмақшы өшін қылжақтап.
Ертерек құрып салтанат,
Қонақтардың бұзып  беттерін
Салуда сықақ суреттерін.
XXXII
Әрине, Евгений ғана емес,
Сасқанын қыздың байқаған;
Өзгеше бірақ той­кеңес
Басталды сөзі самсадан,
(Тұзы көп болып шөлдеткен);
Қара май тиген шөлмекте,
Блан­Манже түзер саулықты,
Цимлянский келді жаулықты;
Сонан соң түрлі рөмкелер,
Буыны қыздың беліндей,
Зизи
1
 бар жұтар ерінбей,
Өлеңмен жаным көмкерер;
Ғашықтан рахат алушы ем,
Содан мас болып қалушы ем.
 
XXXIII
Тығыннан тығыз босанған,
Сарт етті шөлмек, шарап та
Шапшу мен әуен қоса алған;
Сол кезде қызу қарап та,
1
 Зизи – А.П. Керннің немере сіңлісі Е.Н. Вульфтың бала кезіндегі есімі.

115
Трике тұрды орнынан,
Бар қауым сыйы зор бұған.
Деміккен қызды арбады,
Қолжазба шумақ арнады.
Ән салды. Көңіл бұратын 
Қонақтар айтты, қыз­дағы
Марапат сөзге қызбады;
Қарапайым, бірақ, ұлы ақын,
Сұлуға қолдап шулы ағын,
Ұсынды жазған шумағын.
XXXIV
Құттықтау сәлем басталды,
Татьяна төкті алғысты.  
Евгений сыры астарлы:
Қыз өңі ойға қалғызды,
Ұялған таппай таяныш
Тудырды ептеп аяныш.
Таняға тұрып бас иді,
Көздері не сыр тасиды?
Тартты ма нәзік шындыққа?
Сергітті­ау, сезім бір ыршып,
Тұр мүмкін әккі қылымсып,
Жан еркі, әлде қулық па,
Тапқызды күткен тоятты,
Жүрегін қыздың оятты.
 
XXXV
Орындықтар қызды қимылы;
Қонақтар төрге құйылды:
Арадай тынбай шулы үні,
Даладан үйге жиылды.
Көршілер әбден көңілді­ақ,
Бірі ояу, бірі қорылдап;

116
Әйелдер кешке тақады;
Қыздардың өсек қасабы;
Үстелдер жасыл ашылған:
Ойыншы шалдар аңғарған,
Ломбер, бостон
1
 таңдалған,
Баяғы вист
2
 те тасынған;
Осында бұл салт құлдары,
Жабыққан ан кез ұлдары.
XXXVI
Нақ сегіз роберт ойналды,
Вист құмарлар сегіз рет
Алмасып орын жайланды;
Шай келді, бірақ, негізден
Білген жөн түскі, кешкі астың
Уақытын шайдан қалмастың,
Деревня салты телінді,
Қарнымыз   сағат сенімді,
Бүркеулі сырды ұғыңдар;
Мен жазған айтар тармақтар,
Думанды қызу көп мақтар.
Сөз болса шарап, тығындар,
Тап сендей, Омир
3
, ағылғам,
Нақ отыз ғасыр табынған.
XXXVII, XXXVIII, XXIX
Шай тасыған қыздар гүл,
Шыныаяқ сыңғыр бірлесті;
Бір кезде залдан жалғап нұр,
Фагот пен флейта үндесті.
1
 Ломбер, бостон – карта ойындары.
2
 Вист – карта ойыны.
3
 Омир – Гомер.

117
Қозғаса күркір аспанды,
Ром мен шай де басталды;
Қыздарға қырғын толғана,
Петушков жетті Ольгаға,
Таняға Ленский, Харликовке
Жеткізді қыздың асылын,
Тамбовтан келген ақыным,
Буянов зытты Пустяковке;
Бәрі де залда қалқыды,
Бал толқып,  сәнді шалқыды.
XL
Романымның осы басында,
(Байқаңдар бірінші дәптерді)
Альбанша
1
 жазар расында,
Петербург балын сәт келді.
Тебіреніп кетсем шешіле,
Басқалар түсті есіме:
Таныстар, сұлу аяқтар.
Іздеріңе қарап жалақтар
Күн жетті аяққа көнбейтін!
Жастық шақ сөзден айныған
Ес кірді тұңғыш қайғыдан,
Сөзбенен істі жөндейтін;
Тап осы бесінші дәптерді
Қақ­соқсыз жазар сәт келді.
XLI
Біркелкі жөнсіз шабыстың,
Жас күндей буы тосқызбай;
Құйыны қызды вальстің,
Қалқып жүр өңкей қос жұбай.
1
 Альбан – (Альбани) Франческо (1578­1660) – итальян суретшісі.

118
Кек қайтар мезгіл жақындап,
Қуланды Онегин там­тұмдап,
Ольганы құшаққа алды да
Заулады көптің алдында;
Отырып та бірге тілдесті,
Сөз арнап өткен­кеткенге,
Қайтадан билеп бірлесті;
Ленскийді ыза меңдеді,
Өз көзіне өзі сенбеді.
XLII
Мазурка үні маздады,
Ертеде оның күркірі,
Сілкінте үйді жаздады,
Қосылып адам бүлкілі.
Сәкіде арудай ақпай да,
Сырғыдық лак тақтайда;
Бірақ та қала салтында, 
Мазурка ескі қалпында,
Заманға қырын тез бермей,
Секеңдеп түзер жұптарын
Сақтапты сақал­мұрттарын;
Дәстүрді ескі өзгертіп
Жаңа салт өмір апаты,
Ресейдің тапқан сырқаты.
 
XLIII, XLIV
Буянов кіріссе болғаны,
Әкелді ертіп қасына
Татьяна мен Ольганы;
Онегин Ольгамен асыға,
Қосыла тартты жымыңдап;
Қитұрқы назбен сыбырлап,

119
Мадригал добал жолдарын
Қаттырақ қысты қолдарын.
Жүзінде жайнап менмендік
Ленский бұл сәт ұнамай,
Жарылды жаны шыдамай,
Қызғаныш сол ма жеңгендік.
Мазурканы билеп татымды,
Катильонға
1
 қызды шақырды.
XLV
«Жоқ!» деді. Ойлар кім бұлай?
Онегинді Ольга тосып тұр.
Сөз байлап, ұрды­ау, о, құдай!
Ленскийді құртты нешік сыр.
Бесіктен шықпай нандырған,
Жел мінез сол ғой балдырған,
Қулыққа ойнап салды ма?
Опасыз жолға барды ма?
Көтермес Ленский соққыны;
Тентек қыз басын қаңғыртты,
Шықты да атын алдыртты,
Пистолетсіз шешу жоқ мұны;
Екі оқтың басым меселі,
Тағдырын мүмкін шешеді.
 
1
 Катильон – Балдың соңында орындалатын би.

120

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет