287
C
C
М. Жұмабаев
C
C
салқындар еді. Арқасын сандыққа сүйеп, текеметтің үстіне
отырып, жалғыз биенің саумалынан бір тостаған тастап
алар еді. Онан кейін пәленшекең, түгеншекеңдердің үйіне
барып, көрген-білгенін айтар еді. Болмаса өзі бармай-ақ,
пәленшекеңдерді шақыртып та алар еді.
Темірбайдың басында осындай ойлар отыр. Бірақ бұлар
бертінгі ойлар. Темірбайдың миын ә дегеннен бері бұрғы-
дай бұрап, шаяндай шағып отырған түпкі ой мынау:
– Бұлар мынау орды неге қазып жатыр? Не үшін? Кімге
деп?
Міне, осы ой қазір жазғытұрым тасыған өзендей тасып,
өсіп, Темірбайды билеп алды. Өзен басып су астында қалған
жағадағы талдың анда-санда қылт-қылт етіп көрініп-көрініп
кететін басындай аулы, малы, ұлы туралы ой анда-санда
бір соғып кетеді.
Темірбайдың басы айналып, көзі қарауытып кеткендей
болды. Казак-орыстардың қолындағы мылтық, жерді тыр-
нап жатқан екі күрек, иығына ақ бірдеңе жапсырып алған
төре – осылардың бәрі әп-сәтте біріне-бірі қосылып, айты-
латын жеті басты жалмауыз қиянатына кіріп, Темірбайдың
тап алдына келіп, іріген аузынан шіріген лебін бұрқ еткізіп:
– Екі жаяу қазір атылмақ!..– дегендей болды.
Ордың неге қазылып жатқанын Темірбай енді білді.
Біл ген соң мүлде үрейі ұшып кетті. Темірбай біресе жап-
жапанда жалғыз өзі адасып жүргендей болды. Біресе мы-
нау кісі өлтіргіштермен бірге өзі кісі өлтіргелі жатқандай
бол ды. «Жоқ! Өлтірмеңдер!» деп айтуға шама жоқ. Те-
мірбайдың жүрегі ойнап аузына тығылып, арам ет жегендей
жүрегі айнып, тамағы жыбырлап, құсқысы келді.
Екі қызыл орыс әлі қазып жатыр.
Ор тереңдеп, тапалдың белуарына келіп қалды. Енді
ордың ішінде тұрып екі адамға қазуға тар болып қалған
соң, жалаңбас адам ордан шығып, құба жонға шөккен нарға
288
C
C
Шығармалары
C
C
меңзеп жатқан белге қарап тұр. Темірбай ұзын бойлы қызыл
орыс, тегі, біреуді күтетін шығар деп ойлады. Өлімге басы
байланған екі адамды қатты аяп кетті.
– Ай, біреу көрінсе игі болар еді,– деп Темірбай да құба
жонға қарады.
Ешкім көрінбейді.
Жусап жатқан өңшең көк шулан қойдай болып қызғылт
құмның бетін жаппай жауып жатқан жусан көрінеді. Сұйық
сүтке меңзеген аспан жерге төніп, жылжымай, тырп етпей
табандап тұрып, аңызағын аямай төгіп тұр. Ыстық ауа
толқынданған торғынға ұсап кәдімгідей көзге көрінеді.
Ұзын бойлы адам құба қырға әлі қадалып қарап тұр. Басқа
шара болмаған соң, құба қырдың қойнына көңілмен, көзбен
ұшып кетпек болып қомданып тұрған тәрізді. Темірбай
ұзын бойлы адамның еңгезердей денесіне, ескі етіктің
қонышындай күн жеп қойған бетіне көзін алмай қарауға
шыдамады.
Казак-орыс жекіріп, ұзын бойлыны боқтап-боқтап жібер-
ді. Ұзын бойлы орға атып түсті. Жалпақ бетті тапал ордан
шығып, бұ да құба жонға қарады. Бірақ қадалып қарамады,
бұрылып, үйілген топырақтың үстіне отырып, біреу зорлап,
қорқытып күлдіргендей бас терісі ыржиды.
Иығына ақ бірдеңе жапсырып алған казак-орыс орыс-
ша лап бірдеңе деп ақырды. Басқа казак-орыстар күлкі-
қалжың дарын тыйып, қоңыр салқын түс алып, атып
тұр ды. Қолда рына мылтықтарын алып, желіге байлаған
құ лындай қаз-қатар тізіле қалды. Бастықтары ақырып-
же кі ріп, балағаттап бұй рық қылса, сүйсініп, көңілденіп
орын дайтындықтары көрініп тұр. Жұмыс бітіп қалды, енді
күнге қақталудан құтыламыз деп көңілденгендіктері де
көрініп тұр.
Төренің айқайын, казак-орыстардың дүрсілдеп тізіліп
жатқанын естіп, жер қазып жатқан екеу ордан атып шық-
289
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ты. Ұзын бойлы қолындағы күрегін пәрменмен анадай
лақтырып жіберді. Күрек жамбасынан жерге қадала қалды.
Екеуі жұлып алғандай біріне-бірі жалт қарасты да, ордың
шетіне қатар тұра қалды.
Темірбай:
– Енді атады-ау!– деді.
Осынау казак-орыстардың кім екенін, аты-жөнін білуі,
солармен кейін тағы жолығып амандасу, соларды енді та-
нысым-білісім деу Темірбайға мейлінше бір масқара жұмыс
болып көрінді. Темірбай жер бауырлап жатты. Жүрегі тарс-
тарс соғады. Жүректің соққанынан астындағы жер дүңкіп
дүрс-дүрс соққандай. Басы зырқылдап, күн ызғарлы аяз
болғандай денесі мұздап кетті.
Ұстанып жатқан бір бұтақ сырт етіп сынып қалды. Қуаты
құрып, қаны қашып, аузы аңқиып, аузынан сілекей ағып,
Темірбай қадалып қарап жатыр: сегіз казак-орыс мылтығын
оқтанып, екеудің қарсы алдында қаз-қатар тізілді. Бастық
казак-орыс анадай жерде көйлегінің жағасын ағытып, ақы-
рын бұйрық бергелі дайындалып тұр.
Ұзын бойлы қол алыспақ болып тапалға қолын берді.
Тапал қолды алып, қысып ұстап тұрып, амалсыз тартып
алғандай қолын ақырын тартып алды да, теріс қарады. Ұзын
бойлы шұлғыған аттай иегін көтеріп қалып, ілгері қарай
бір адым аттады. Сол арада бастық казак-орыс ақырып
қалды. Бұл ақырғанда сегіз казак-орыс қатар-құтыр еткізіп
бірден атып жіберді. Темірбай дереу көзін жұмды. Сегіз оқ
Темірбайдың өзіне атылғандай болды. Жазаласа, бір жақ
иіні дуылдап ашып ауырып кеткендей болды...
Біраздан кейін Темірбай көзін ашып қараса, екі жаяу
жоқ. Екі казак-орыс күрекпен орға топырақ салып жатыр.
Бұлар да топырақ салуды ұзамай тоқтатып, күректің ба-
сын етіктің табанына сүртіп, тазартып алып, матастырған
290
C
C
Шығармалары
C
C
аттарын босатып, аттанып, анадай кетіп бара жатқан жол-
дастарына қарай шаба жөнелді.
Темірбай қарағаннан шықпай аңырып бірталай отырды.
Бір мезгілде тұра келіп, бұғып басып ордың жанына барды.
Атылған екеудің денесі көрінбейді, топырақ басып
қалған. Тек біреуінің бес саусағы сорайып шығып тұр. Оқ
тигенде орға шалқасынан құлап, қолы жоғары созылған
күйінде қалғанға ұсайды. Қол – сәл сарғылттау ақ қол. Бас
бармағының бауыры жара, қан.
Темірбай екеуге көр болған орды жаба түсейін деп ең-
кей ді. Еңкейіп, қолы топыраққа тие бергенде, ойына сорай-
ып тұрған салалы ақ қол келіп, үрейі ұшып, кейін шегініп,
ыршып түсті. Жығыла-сүріне жан-дәрмен қаша жөнелді.
Темірбай қашып келеді. Басында мың түрлі ой найзағай-
дай ойнайды, жарқ етеді, жоқ болады, жарқ етеді... Мы-
нау қашып келе жатқан бұрынғы Темірбай емес, басқа
Темірбай. Бұрынғы ештеңемен жұмысы жоқ, момын шаруа
Темірбай анау екеумен бірге мынау көрге көмілген тәрізді.
Төңкерістің тау-толқынының бір мұрты Темірбайды да
қаққан тәрізді... Соғыстың, төңкерістің, ақ пен қызылдың
кім екенін, не екенін Темірбай енді ұққан тәрізді...
291
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ЖОЛЫҒУ
Жазғытұрғы уақыт. Жан-дененің балқыған шағы.
Сайлардың, борсыған шөптердің үстінде қалқығандай
болып, қанатын анда-санда бір қағып қалықтап жүрген
құстарға елжіреген қуанышпен қарап келе жатырмын.
Қалықтап жүрген құстардың көлеңкелері салмақпен
сырғанап бара жатқан шойыннан құйылған бір нәрселерге
ұсайды.
Достарымның сүйектері шөлде қалды. Тұл қалған тұл-
парларды жел қуып кетті. Алайда жаныма жалғыздық
батпайды. Жіңішке сүрлеумен баяғы Қарақорымның
жұртына бара жатырмын. Бір кезде Шыңғысханға орда
болған Қарақорым ғой ол. Алдынан Күн, артынан Ай туып
тұрғанда аңды бір жерде жатып аулаймын деп, барлық
Орта Азияның аңын Зарафшан өзенінің алабына айдатқан
Шыңғыс қой ол. Тәжіктер осы күнге дейін көлкіген сулы
саз күріш егіндіктеріне арық тан су жіберіп жүріп, жыл
сайын сол Зарафшан алабынан қан ша арқар-құлжаның
сүйегін, қабанның сойдиған-сойди ған азуларын тауып
алысады деседі.
Тірі қалған достарым жан-дәрмен тезек теріп, қалап,
тұтатып, бықсытып, монғолдың ащы шәйін қайнатысып
жатыр. Қасымда Тоқай, Салат, Әмір бар, мен ілгері жүріп
барамын.
Сүрлеу жүрген сайын жіңішкеріп келеді. Әрі-беріден
соң мүлде киік сүрлеуіне айналды. Тікенді тырбық бұталар
атымның төсін тілгілеп, етігімді түте-түте қылып, екі
өңірімді шұрқ-шұрқ қылып жыртып келеді. Артымда
келе жатқан Тоқай тебінгідей көзілдірік киген орыстың
жолшыбай Шыңғыстың қалайша аң аулағанын айтқанын,
Шыңғыстың тас жүрек, қан құмар Шыңғыс аталғанын өлең
қылып айтып келеді.
Бір мезгілде бір төбенің басына шыға келдік. Алдымыз-
дағы аңғарда баяғыда қираған Қарақорымның тастары
жатыр. Бір күнде Қарақорымның қара көлеңкесі барлық
292
C
C
Шығармалары
C
C
Орта Азияға түскен. Бұл күнде енді қираған үйлердің
талқан болып қалған тастарының жан-жағына түсетін жөнді
көлеңкесі де жоқ. Тастардың үстіне монғолдың тырбық
тікен шөптері шығып кеткен.
Бір күнде сызаттанып жүрекке түскен жарадай көзі
сы ғырайған бидай өңді монғол жарлық қағаз орнына
Шыңғыстың жүзігін белбеуінің бұрышына түйіп алып,
Қарақорым қақпасынан шауып шығып, оңға бұрылып,
Ер тіс пен Обьты басып, дарияға бет алып құйындатқан.
Солға бұрылып, Еділді басып, поляк елінің меңіреу ор-
мандарына жол тартқан. Әшекейлі кілемдер алып келгелі
аттың маңдайын Иранға қойып, шөлдерде желдей ескен.
Бұл күнде құлаққа ұрған танадай тып-тыныш.
Іңірдің ылғалды сарғылт көк қараңғылығы бірте-бірте
жылжып, жоғары көтеріліп, екі үзеңгіме жармасып келе
жатыр. Еңгезердей екі қара төбет етігімнің табанын жалап
келе жатқан тәрізді.
Тоқай:
– Жүре береміз бе?– деді.
Мен:
– Ие, жүре береміз,– дедім.
Сол арада астымыздағы атымыз осқырып-осқырып,
елегізіп, тоқтай қалды. Атым құлағын қайшыландырып
алған, дүрс-дүрс соққан жүрегі екі аяғымды теуіп-тартып,
теуіп-тартып тұр. Ердің алдындағы қасына жата қалып,
алдымыздағы топ шеңгелге қарадым. Мүмкін апаны-
на асығып қайтып келе жатқан қасқыр шығар. Болмаса
Балқаштан шөлге жортуылға шыққан жолбарыс шығар.
Жан-жағымды бір майда тыныштық басқан. Біреу жерді
жұмсақ жүнге бөлеп қойған тәрізді. Төмен жүріп бара
жатқан бұлттар түйенің жабағысына ұқсайды. Атым пыс-
қырып, жер тарпып, тып-тыныш болып тыңдап тұрады да,
қалш-қалш етіп кетеді. Өстіп тұрғанда, жібекті жыртқанда
шығатын үндей, су-су етіп ысылдаған бір үн шықты.
293
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Бір тастың үстінде шырағдан жарқ ете түсті, дөңбек
қара тас бітулі тұрған тас үйдің бір қабырғасы сықылды
болып көрінді.
– Уа, кім бар?- дедік.
Астымдағы ерім де, қолымдағы мылтықтың құлағы да
сатұр-сұтыр ете қалды. Соңғы уақытта түнді-түнге ұрып,
ақтардан қашып жүріп, күмәнді бір дыбыс естілсе-ақ, ал-
дымен ерде оңтайланып отырып алып, дереу мылтықтың
құлағына қол салуға әбден әдеттеніп алғамын.
Үн тағы шықты. Қажыған қарттың ажал сағатында
қырылдап сыбырлағанындай. Қараңғы түнде алдындағы
қойын қасқыр қырып кеткен қойшының есі адасып,
қырылып қалған қойын шәй-шәйлап қарлыққан дауыспен
қайырғанындай. Қырылған қойдың қайтпасын қойшы
бейбақ біледі-ау. Оның ендігі айқайы есінен адасып
дағдарған үні ғой. Осындай күйдегі осынау қойшының
қара тастай ауыр қайғысына ортақ кім болады? Құйрығын
қысып, қыңсылап айналып келіп қойшының етегін жалай
беретін ауылдың сабалақ жүнді төбеттері ғана болды ғой.
Алдында, ана жер, мына жерде дөңкиіп-дөңкиіп жатқан
қойдың өлекселеріне қарап есі шығып шәй-шәйлап
қырылдап қойшы тұрады. Қойдың бұрқыраған жүндерін
жел дыбысын сездірмей жорғалап келіп, сыпырып алып
кетіп жатыр.
Мен үндемей тұрмын. Атым жер тарпып пысқырып тұр.
Тастың үстінде көрінген шырағданның жарығы қалш-
қалш етеді. Қызыл-жасыл жалыны қалыңдай түсті. Сөйтті
де, шырағдан лап етіп сөнді. Мен тағы айқайладым:
– Уа, кім бар?
Тоқай сыбырлап:
– Тоқтай тұр, аға, байқайық...– деді.
Тағы үндемей тұрмыз.
Сол арада шілік сыбдырлай бастады.
Жоқ, мынау – адамның жүрісі. Біреу нығыз-нығыз басып
келе жатыр. Менің ойыма Қарақорымның қанқұмар ханы
294
C
C
Шығармалары
C
C
келді. Келе жатқан адамның аяқ басысы тым баяу. Дем
алысы бір түрлі қатты, тас жүрекпен дым алған сықылды.
Атым шегініп кетті. Жерге жабысып, еңбектеп жүрген
сықылды болып бүгжеңдеп шіліктен бір адам шыға келді.
Шықты да, қырылдаған дауыспен маған:
– Уа, сен кімсің? Қызыл орыспысың?– деді.
Мылтығымды көтеріп оқталып:
– Иә, қызыл орыспын,– дедім.
Шіліктен шыққан адам қырылдап:
– Олай болса, мен сенің табаныңа топырақ боламын,
саған айтатын сөзім бар,– деді.
– Айт.
Шіліктен шыққан адамның қолындағы шырағдан тағы
жарқ ете түсті. Менің жүрегім де алып-ұшып тұр, ауыздық-
пен алысып, атымның жүрегі де алып-ұшып тұр.
Шіліктен шыққан қазақ былай деді:
– Уа, баран мінген жолаушы, мен саған айтамын. Бір
күнде мынау жусан басып жатқан Қарақорымның ұсталары
алдаспан қылышты ақ патшаның ұсталарынан анағұрлым
артық соғатын болған. Мұны теріс деп тірі жан таласа
алмайды. Менің айтайын деп тұрған сөзімнің шындығы
да осындай. Сендер ақ патшаны өлтірдіңдер ғой. Бұларың
жарайды. Ақ патша неге өлтірілді деп айтатын жан мен
емес. Мен өзім ұстамын. Кедей жатақ қазақ ұста бола-
ды дағы. Орыс қаласының жанында қара лашығым бар.
Лашығымда құрулы тұрған көрігім бар. Менің ұсталығым –
тұқымымызға дарыған ұсталық. Арғы атам Қарақорымның
баяғы айтулы ұсталарының бірі болса керек. Менің бес
сиыр, екі атым бар еді. Бес-он қой, ешкім бар еді. Сегіз жыл
дегенде қалыңмалын әрең төлеп болып қатын алып едім.
Өзің кедей болсаң, қалындығың көрікті болса және біріңді-
бірің сүйетін болсаң, сегіз жыл түгіл, сексен жылға болса да
шы дамай амалың бар ма. Алғаным ару еді. Жүрісі – айдын -
да жүзген аққудай еді. Шаруа қылып олай-бұлай жүргенде,
аяққа айран құйып әке ліп маған ұсынғанда, жүрегім алас
295
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ұрып аузыма тығылушы еді. Орыс шын сүюдің не екенін
білмейді. Сендердің сүюлерің асау аттың бетімен лағып ту-
лап шабуы сықылды. Сол алғаныммен арқар мен құлжадай
тату-тәтті тұрып жатқан жайым бар еді. Менің арманым мал
көбейтіп бай болу емес, қатынымның арманы ханша болу
емес еді. Екеуіміздің де тілегіміз тек сүйіспеншілікпен өмір
сүру еді. Бірақ дегеніміз болмады. Кешегі күні кешке біздің
Аютай сайына иықтары жарқылдаған орыстарды ертіп
қанша қалың қолмен би-болыс келіп, менің барлық малым-
ды сойыс қылып қырып тастады. Қызыл орыс қарағым-ау,
ол иттер малдың қанына тоймай, қосағымның әуелі екі
емшегін кесіп алып, онан соң қанын судай шапшытып
кескілеп өлтірді... Барлық малымды тік көтере жау жеп
кетті. Бағып-қаққан малымның сүйектері саудырап қотанда
қалды. Сендерге тарту қылар тік басқан тұяғым қалған жоқ.
Мен сендерге көрсеткелі қазалы болған қосағымды алып
келдім. Аютай сайынан Қарақорымның жұртына дейін жи-
ырма шақырым жер қосағымның сүйегін арқалап келдім.
Мақсұтым – қосағымның сүйегін жаза баспай тиетін бір
мылтыққа айырбастау...
Қазақ өлікке жапқан кірлі көрпешенің шетін көтеріп,
өліктің бетін ашты. Өліктің сары балшықтай сап-сары
бетіне шырағданның майы тамып кетіп, шыжылдап қо-
ңырсы иіс шықты. Әйелдің аузын далитып қылыш тіліп
кеткен. Қылышпен тілгілеп азаптау аз көрініп, малғұндар
әйелдің бет сүйегіне шеге қағыпты. Тот басқан шеге со-
райып тұр.
Әйелдің бетіне тамған майды жалаңаш қолымен сүртіп
жіберіп, қазақ былай деді:
– Қосағымның аты Қаныкей еді. Болыс, жанындағы
иықтары жарқыраған орыстардың арағын ішіп алып,
мас болып қылжыңдап, емшегін ұстай беремін дегенде,
Қаныкей болыстың бетіне түкірді.
Қазақ осыны айтты да, еңкейіп, үзеңгіме жақындап ке-
ліп, етігімді сүйе бастады.
296
C
C
Шығармалары
C
C
– Қызыл орыс қалқам-ау, мылтығыңды бер. Мен Қа-
ныкей ді жиырма шақырым жер арқалап келдім. Қоса ғым-
ның сүйегін арқалап жүру ауыр да болса, ауыр болған жоқ.
Мен ұйқтап отырған құс түсінде күнді көріп отырған
шығар деп ойлап тұрмын. Әне, бір құс ұшып кетті. Қанат
қағуы шабандау. Шамасы, қанаты шықтан су болған-ау,
қолындағы тізгін де шықтан су болып қалыпты. Апырмай,
басымдағы ойдай астымдағы атым неге ұшқыр емес!
Мен жалғыз жүріп кеттім.
Жіңішке сүрлеу мені жаудан аман қалып, шөлде тезек
жинап, от жағып отырған достарыма алып келе жатыр.
Шетсіз шөлде жылтылдаған аз ғана от жалғызсырап жүдеп,
алыстан әлсіз ым қағады. Шық түсіп, шала сөніп бықсуға
бет алған дай. Шық қалың түсті ғой, қолымдағы тізгін су
болғандай мен келе жатқан сүрлеу де су.
Оттардың маңайынан аттардың бір мұңмен, жүдеген
үнмен кісінегені естіледі. Достарымның самбыр-самбыр
сөйлескенін естіп келемін. Қазір мен барысымен-ақ атты
оңдап ерттеп алып, бетпақ құмға бет алып, бойлап кетуге
тиістіміз. Ақтың қуғыншылары жақын.
Мен мылтығымды Қаныкейдің еріне беріп кеткемін.
Олар, Тоқаймен екеуі, Қарақорымның көп қаратасының
біреуінің етегіне Қаныкейді жерлемек болып қалған.
Онан кейін екеуі бізге қосылмақ. Қаныкейдің ері кел-
ген соң, әрине, штабтың хатшысы оның аты-жөнін сұрап,
жазып алады ғой.
Біз енді Қарақорымды басып өтетін сүрлеуді тастап,
бетпақ шөлдің қойнына кеулеп кірмекпіз. Таңды ескі мо-
лаға ұсайтын құм төбелердің, шөккен нарға меңзейтін бар-
қандардың ішінде қарсы алмақпыз. Таң сібірлеп ояна тын
шөл құстарымен құм қойнында ұшыраспақпыз.
Таңнан кейін күн шығады. Сәске болады. Күн төбеге
келеді. Жанды ой орайды. Жүректі шер шертеді. Күрең
құм біздің келген ізімізді күбірлеп сүйіп көміп тастайды.
Жазғытұрғы уақ. Жан-дененің балқыған шағы. Терең
ойдың шырағданын тұтатар да шақ болды-ау!..
297
C
C
М. Жұмабаев
C
C
САЙ
І
Аксинья моншаның артындағы мая шөптің етегіне
барып, көйлегін шешіп тастап, өзінің денесіне қарады:
терісі сүйе гіне жабысып қалған, денесінің түсі шикі жидек
сықылды сарғылт және денесінен күздікүнгі қуарған мүктің
иісі шыққандай.
Аксинья күрсініп:
– Бұл неліктен бұлай болды?– деді.
Үстіндегі аспан аппақ. Сүттен де ақ. Жер аспанға аңыза-
ғын атып, көкке борсыған иісін, күлімсі лебін жіберіп тұр.
Ауылдың басқа адамының бәрі еңгезердей, сап-сау, сеп-
семіз. Бетіне шертсең, қаны шапшып шығайын деп тұрған-
дай. Жүргенде алшаң-алшаң басады. Мұртынан күледі.
Уайым да жоқ, ой да жоқ, жағалары жайлау!
Аксиньяның ері Петр де – сол жаны тыныш көптің бірі.
Жүз жыл жыртылмаған қара топырақтай қап-қара сақалын
желк-желк еткізіп ылғи айтатын сөзі:
– Жігіттер, биыл егіннің шығысы шығыс-ақ. Құдай
берді!– дейді.
Және сөйлегенде қалай сөйлейді, жер ошақ қазған
бұқадай күр-күр етеді.
Аксиньяның қайын атасы Емелья баяғы Қазанның ха-
нындай бір маңғаз. Төбесі тақыр ескі моладай басы айна
жалтыр. Және ішіне көмілген қалмақтан қалған қазынаны
тірі жанға көрсетпей мелшиіп сақтап тұрған сол молаға
ұсап, ойын да адамға айтпайды. Мейлінше сөзге сараң адам.
Үстіне кигені қазақтың ала шапаны. Аяғында мәсі.
Жүргенде құрдай жорғалайды. Жеккені жорға, қағаздан
жасағандай жеп-жеңіл транпеңкесі бар. Қаладан ылғи түрлі
зат тасиды.
Алып келген нәрсесін әшекейлі қалайымен қаптаған
сандығына салып, жымың-жымың етеді. Жымың-жымың
298
C
C
Шығармалары
C
C
етеді деген жай бір сөз. Әсте беті күлмейді, жалтыр төбесі
жымияды.
Қала туралы сөз қозғалса, Петрдің айтатыны:
– Мейлі, бөліне берсін. Біздің шаруамыздың мұрты
сынбайды. Қаланың құтырғандары тентіреп бізге келеді.
Аксинья алдынан өте беріп, ерінің көзіне қарағанда,
Петрдің көзі оған суалып құрып қалып үңірейіп тұрған
аспандай болып көрінуші еді. Түнде Петр Аксиньяны
қысып құшақтап, жаншып, бетіне сілекейін тамызып,
пысылдағанда, Аксинья Петрге қарамай көзін жұматын еді.
Петрді жан алғыштай жек көруші еді.
Аксиньяның қайын енесі Фекла кемпір мая шөпті жа ға-
лап, жұмыртқа іздеп жүр. Биыл тауық жұмыртқаны жаман
салады. Кез келген жерге тастап кетеді. Фекла қурап тұрған
шөптің етегін, борсыған, қоңырсыған қиқымды ақтарып
жүр. Қызыл иегіне жабысып қалған ерні қолындағы қу
шөптей судырап:
– Аксинья, сен естідің бе, Ресейде туған баланың бәрі
аяқсыз болып туып жатыр дейді ғой,– деді.
– Білмеймін.
– Білмеймін! Әрине, білмейсің! Бұрын үлкенді сыйлау,
үлкеннің сөзін тыңдау бар еді. Бұл күнде бәрі өзі біліп
туған! Атасының басын біледі!.. Әрине, білмейді!.. Жұрт
азды ғой.
– Әже, менің жүрегім қобалжи береді. Жан тыныштығым
жоқ.
– Шіркеуге барып садақа бер. Не болмас дейсің. Заман
бұзылды ғой. Тажал шығып Ресейді жалмап жатыр. Қиямет-
қайым болды ғой.
Борсыған қиқымды ақтарып жүріп, сәлден кейін Фекла
кемпір тағы сөйледі:
– Әттең, шамам жоқ. Болмаса орманға барар едім. Сен
барсаңшы.
– Аю көрмеппін бе? Орманда нем бар?
299
C
C
М. Жұмабаев
C
C
– Саңырауқұлақ жина! Қала халқы нан орнына саңырау-
құ лақ жеп жатыр дейді. Қырылсын иттер! Саңырауқұлақ
жи насаң, мақпал көйлекке айырбастап алмайсың ба?
Мақпал болмаса, жібек көйлекке айырбастасаң бірдеңең
кете ме?..
Емелья қарттың үйі – үлкен үй. Әйнектері кішкене,
іші қара көлеңке. Тағы тастардан қалай салған тас күрке
сықылды. Үй маңынан ашытқан нан иісі шығады. Жаз бойы
әйнек жабылған емес.
Ашаршылық басталған кезде қаладан бос қаптарын
сүйретіп, қаусаған, ерні кезерген өңшең аштар келіп қайыр
сұраған болатын. Ауыл:
– Құдайдан сұра, Құдай береді!– деген.
Сонан аштар ауылға келмейтін болды. Бұлар келуден
тоқ таған соң, үретін адам жоқ болып, ауыл иттерінің іші
пы сатын болған. Бірен-саран келген қаланың қайыршыла-
ры ауылдың барқылдап қарсы быртиған төбеттеріне
күншіл дік пен қарайтын.
– Төбетке бір күнде беретін тамағын бізге бір жетіде
бермейді,– десетін.. Ауыл халқы:
– Өз сазайың. Тоқтық іздесең тыныш жүрер едің,– дей тін.
Жалпылдақ төбеттер жалбаңдап қайыршылардың жыр-
тық шапанының етегін жырым-жырым қылып: «сыйым
осы, енді келме» деп шығарып салатын.
ІІ
Аспан сарғылт қызыл түске кірген апақ-сапақ уағы еді.
Құмнан қызыл жол есті. Орыс ауылына шөлден қазақтар
келді.
Үлкен дөңгелектері арбаңдаған қазақ арба шиқылдап
ауылды шуға толтырды. Арба сайын түте-түте болған
текеметке оранып, қаққан қазықтай, кеуіп, семіп қалған
қазақ жатыр.
|