Бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме


Мырзалиевке Сасай азбан  Дуайт-тралайт, Жерді қазған  Мырзамызға   Мырзамыз.    Ризамыз. Асхат Сайдалинге



Pdf көрінісі
бет27/27
Дата19.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2251
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Мырзалиевке
Сасай азбан 
Дуайт-тралайт,
Жерді қазған 
Мырзамызға
 
Мырзамыз. 
 
Ризамыз.
Асхат Сайдалинге
Көкек, көкек, 
Асхат, Асхат,
Менмен есек 
Үйіңде жат,
 
Идейный. 
 
Ереймей.
Сатылған Сабатаевқа
Зиялы адам, 
Достан құрып,
Қиялы арам, 
Бостан жүріп,
 
Сатылған. 
 
Атылған.
Әбілқайыр Досовқа
Бетім, бетім, 
Ел биледі-ау,
Құдіретім, 
Сөз сөйледі-ау
 
Не дейін?! 
 
Әбіл жын!..
Райымжан Марсековке
Қарны ысылып, 
Қашқар барды,
Жаны қысылып 
Сәлде салды,
 
Рай-Марсек, 
 
Мінді есек.
Жүсіпбек пен Мұхтарға
Жүсіп жарқын, 
Қазір Жүсіп
«А» деп қарқын 
Артын қысып,
 
Жат
1
 еді-ау!.. 
 
Қашып па?
1
 Келісті, келбетті.
 

365
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Жас бала – мас, 
Мұхтар, Мұхтар,
Астында ағаш 
Ол да тоқтар,
 
Ат еді-ау! 
 
Асықпа...
Әбдірахман Байділдинге
Чик-чик, 
Сылдыр-сылдыр,
Колокольчик 
Былдыр-былдыр
 
Дин, дин, дин. 
 
Байділдин.
Жұмағали Тілеулинге
Көкшетаулық, 
Жерді шарлап,
Денге саулық, 
Жыладым зарлап,
 
Ақ жаулық. 
 
Ғали жоқ.
Сәкенге (Сейфуллинге)
Фуллин Сәкен, 
Бала ақымақ,
Кекең-кекең. 
Қожа, ташмай
 
Футурист. 
 
Басын кес.
Мұқтар Саматовқа
Құрейт, 
Азық-түлік,
Құрейт, 
Жина мүлік
   
Наркомпрод Саматов,   
Жайнатып.
Біркей (Бірмұқамбет) Айбасовқа
Біркей, Біркей, 
Анда-санда:
Шыбын-шіркей 
«Мен мұнда»,–
 
Молада. 
 
деп жылама.

366
C
C
Шығармалары
C
C
Жаһанша Досмұхамедов пен Халел Досмұхамедовке
Қайда екі дос? 
«Алла, хақ»,– деп,
Орал боп-бос... 
«Біз нахақ»,– деп
 
Қайда олар? 
 
Жүр бұлар.
Ахмет Байтұрсыновқа
Ақаң, Ақаң, 
«Я, жаппар хақ,
Тілек-батаң 
Мен шын нахақ»,–
 
Аққа жақ. 
 
Де де жат.
Ережеп Итбаевқа
Қотыр торы ат 
Семейіңе –
Құтырып жүр 
Көмейіңе
 
Итбаев, 
 
Кет тайып.
Сейтқали Меңдешевке
Қазақстан, 
Құжынаған құрт,
Солдатстан, 
Быжынаған бит
 
Тар балақ. 
 
Жорғалап.
Мұқанбетжан Тынышбаевқа
Ескі кебіс, 
Весьма тупой,
Собакеевич, 
Член Думы,
 
Жаны кер. 
 
Инженер.
Әлиханға
Ел ағасы, 
Есенбісің,
Елдің басы, 
Көсембісің,
 
О, Әли! 
 
О, пәли!

367
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Мұханбетжан Бейсеновке
Мен,   
Елден,
Мен, мен. 
Жерден
    Единый мен Коммунист.      Алып жүрмін көп үлес.
Мағжан  Бекенұлына
              І 
 
 
      ІІ
Қайда Мағжан?  
 
Қайда, ойбай,
Мағжан мынау:  
 
 
Мағжан?
Самолюб, 
 
 
Сөзге күймес,
Очень ленив,   
 
Қалам тимес
упрямый паренек: 
 
 
Қандай жан?
Көрсе әйел, 
 
 
Есінен де,
Көзі жоқ ол 
 
 
Күшінен де
   
Көбелек. 
 
 
Сөзі көп.
Я писал бы, 
 
 
Очень ленив,
Не бросал бы   
 
Самолюбив
Карандаш, 
 
 
 
Паренек.
Зато менің 
 
 
Көрсе әйел,
Постоянно қарным аш.  
Көзі жоқ ол
   
 
 
 
 
Көбелек.
Баю, баю, 
 
 
Орманда аю,   
 
Я зеваю,
Баю, бай. 
 
 
И бросаю
Баю, баю, 
 
 
 
Карандаш.
Орманда аю.   
 
Не бросал бы,
Қой, ойбай! 
 
 
Я писал бы,
   
 
 
 
 
Қарным аш...

368
C
C
Шығармалары
C
C
ТАТАР САУДАСЫ
Читік, кәуіш, адиал,
Шәріқ, Ғәріп, сациал.
Кәләм Шәриф, арақы,
Шикәр, ипи, тәмәкі.
. . . . . . . . . .  нафталин,
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
– Афарин, татар! афарин!
ҚАЗАН
Қазан, қазан.
Сақар мен азан.
Мешіт, таяқ,
Құран, арақ...
. . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .
ЕСЛАМ  ҚАЗАСЫНА  КӨҢІЛ  АЙТУ
Сонау Еслам үздік туған бала екен,
Байтақ елге асқар таудай пана екен.
Сол панадан, сол баладан айрылып,
Жалпақ Жауар
1
 жүрегінде жара екен.
Көлі кетіп, шөлге айналса – жер жетім,
Ері кетіп, шер байланса – ел жетім.
Білдім анық жастың үздік туғанын,
Көрмесем де, көргеннен соң ел шетін.
Білдім жастың асып туған бағасын,
Жас та болса, байтақ елге ағасын.
Қалың Жауар үстіндегі қамқаның
Тағдыр тартып жыртқан екен жағасын.
1
 Жауар – Қарауыл руының бір атасы.

369
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Есін жия ел деп құлаш сермепті,
Ағайынның бірін де жат көрмепті.
Ер азамат бір нақақтан қысылса,
Қорғау бопты, бірін қолдан бермепті.
Тартыпты ылғи тура жолға, мақұлға,
Асқар таудай пана бопты жақынға.
«Халық айтса, қалт айтпайды» деген ғой,
Ие бопты байтақ, терең ақылға.
Ажал – бір жол, аттап өтпек айла жоқ,
Өткен адам қайта келмес, қайла жоқ.
Солай, Зеке, елге тоқтау айтқан жөн,
Оймен азып, жасығаннан пайда жоқ.
Солай, Зеке, ой сабырмен басылар,
Өзіңіздей ағасы бар, жасы бар.
Жақсы туған ер азамат жоқ емес,
Ел асқар ғой, талай қымбат тасы бар.
Сол сұңқарды кім ұмытар, кім қиып,
Кетіпті өлім ел ойына у құйып.
Бірақ ақыл жеңгені жөн сол ойды,
Ой деген бір дария ғой тұңғиық.
Ой деген – бір терең дария тұңғиық,
Ой қажытар бір қайғы, бір нұр құйып.
Ой деген – сел, онда құлан қағы жоқ,
Ой дегенің – таусылмайтын кермиық.
Жүрген жері сауық-думан базардай,
Ажал шіркін қаратпайды ажарға-ай.
Жолаушымын, уақытым тар болмаса,
Жігіт екен арнап сөздер жазардай.

370
C
C
Шығармалары
C
C
Жігіт екен кемеліне келе алмай,
Арманда өткен толық жеміс бере алмай.
Кемеріне келіп, толса сонау жас,
Ел қалар ма ед ер жемісін тере алмай.
Тауда тас көп, тас ішінде тас болар,
Елде жас көп, жас ішінде жас болар.
Сақа құймас қолайына жақпаса,
Асыл туған жас байтаққа бас болар.
Мүше келсе, «ат боларлық құлын» дер,
Жақсы туса, сонда мынау ұлым дер.
Сол ұлынан ерте айрылса саналы ел,
Үзілгендей болды, дүние, жолым дер.
Солай, Зеке, қайысса да қабырға,
Болсын байтақ енді миға – сабырға.
Өлім жол ғой, ел – жолаушы сол жолда,
Енді қарай бермегейсің қабырға.
Ғибрат алып ақынның бұл хатынан,
Қайғыңды азайт көкіректен атылған.
Тар жолдарда жолдас болған жолдасым,
Кішілік айттым Зылиқаның да атынан.
ЖАУАРДЫҢ АЗАМАТТАРЫНА
Сағада сіз, байтаққа аға Зәкең бар,
Қарағашта хатқа жүйрік Бәкең бар.
Ғабдолла бар атқа мініп алысқан,
Елге сыйлы, байыпты сөз Шәкең бар.
Қалидан да естідім сөз орынды,
Жекемұрат жүйрік жігіт көрінді.
Аз сөзінен алғырлығы байқалады,
Ақылына тілі серік, порымды.

371
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Әлімжан да алғыр құсқа меңзеген,
Сөзді жиып, тізгін тартып, тежеген.
Мұхаметжан, Сыздық – екі азамат
Ешбір жаннан беті қайтып көрмеген.
Әркім жүр ғой әрбір түрлі халменен,
Біреулер жүр күнделікті сәнменен.
Араңызда бізден екі бала жүр:
«Ризық тартса, теріп же де, дәмменен».
Екеуі де ес иесі, есіңде,
Тартса ризық, еркін теріп жесін де.
Ойнар, ойлар, құрбысымен теңдесер,
Үйде отырып, түзде жүрмін десін бе?!
Олай болса, артық сөз ғой демеңіз,
Өмір – теңіз, су үстінде кемеміз.
Басар аяқ нық болғанда, ақыл жөн,
Аяқ асты тайғақ болсын демеңіз.
Солай, Зәке, бір себептен келіп ем,
Өмір – бір жол, адам – көшкен керуен.
Ес білгелі шетте жүрген жәйім бар.
Сергелдеңде – серуен де сергелдең!
НАҒАШЫЛАРҒА
Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа,
Дәм жазбады, бара алмадым ол жаққа.
Көрмесем де, көп кішілік сәлемім
Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.
Аралап ем шығыс, батыс арасын,
Ертіс, Еділ, Сырдария даласын.

372
C
C
Шығармалары
C
C
Дәм жазбады бүгінгі күн көруге
Ел-жұртымыз Баян – Шақа баласын.
Сол Шақада қажы Жүсіп дер еді,
Жақып пенен Өсіп те бар деп еді.
Ұл боп туып, тартып мінген ат жалын
Орда иесі Хасен де бар деп еді.
Жиеніңіз қажы Жұмабай әкем де,
Одан туған Нұрмағамбет, Бекен де.
Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз,
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?!
Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,
Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.
Дәм жазбады, бара алмадым бұл жолы,
Сәлемімді қабыл көріп алыңыз.
Сәлемнен соң, нағашы жұрт ағамыз,
Кіші болса, көзі ашық данамыз,
Баршаңызға тапсырғаным менің де,
Қолымызда Мұхамеджан балаңыз.
Есі бар ед байқағандай парықты,
Оңды-солды, қараңғыны, жарықты.
Күн туған соң, етігімен су кешіп,
Ел-жұртым деп сіздерді іздеп барыпты.
Барып, сізді асқар пана қылыпты,
Панаңызда бала тұрмыс құрыпты.
Өз балаңыз, ақылыңызды айтыңыз,
Албырт еді, ерке бала қылықты.

373
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Жиеніңіз қажы Жұмабай құтты еді,
Әкем Бекен Атығайға тұтқа еді.
Тұтқа десем, сөйлеу болар асыра,
Деуші болар: «Басқа тұтқа жоқ па еді?»
Не жоқ болсын, Шахаң елге аға еді,
Үздік туған, жанат тонға жаға еді.
Ел ағасы Исекең анау, қайраным,
Өрге бастап, төрге тартқан тайлағын.
Өрісін кең тарылтпайтын аз елдің,
Атығайдың алып жүр ғой байрағын.
Жиеніңіз ес білгеннен ел деген,
Өрге ұмтылған, өрге қарай өрлеген.
Кім ұшырамас алыс жолда шалысқа,
Күн де болды қолды қате сермеген.
Нағашы жұрт, сізге дұғай сәлемім,
Өзім жолда, барсын сізге қаламым.
Амандықпен көріскендей күн болсын,
Қоштық айтам, Қызылжар жүріп барамын.
 ЖАМБЫЛҒА
...Жан аға! Шықтым өлімнен,
Халімді менің көрсейші.
Жаның нұрға көмілген,
Нұрыңнан ұшқын берсейші!..

374
C
C
Шығармалары
C
C
Мазмұны
ӘңГІМЕ
ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ .......................................................................... 4
ҒЫЛЫМИ ЕңБЕК
ПЕДАГОГИКА .......................................................................................... 26
МАҚАЛАЛАР
БІРІНШІ МАЙ МЕЙРАМЫ .................................................................... 148
ЖАЗЫЛАШАҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ
ҺӘМ МЕКТЕБІМІЗ .................................................................................. 150
САЙЛАУ  .................................................................................................. 155
АҚАН СЕРІ ............................................................................................... 158
БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВ .................................................................................. 189
БАЗАР ЖЫРАУ ........................................................................................ 191
ӘБУБӘКІР АҚСАҚАЛ ДИБАЕВ ........................................................... 198
НАУРЫЗ ................................................................................................... 201
АУДАРМАЛАР
«КӨҢІЛДЕ ҚАЙҒЫ ҚАЛДЫРМАС...» (Арабтан)  .............................. 204
БАЛА МЕН ҚҰС (Орысшадан) .............................................................. 204
ЕРТЕҢГІ СӘУЛЕЛЕР (Орысшадан) ...................................................... 206
ШАЛДЫҢ ҮМІТІ (Кольцовтан) ............................................................ 208
ТҰТҚЫН (Лермоновтан) ........................................................................ 209
«ЖАУ ЖЕҢДІ, БЕРІК ҚАМАДЫ...» (Әбу Фирастан) ......................... 210
КҮН  ШЫҒАДЫ  ДА  БАТАДЫ (М. Горькийден) ................................ 211
АРАБТАН ................................................................................................. 212
ДӘРІГЕР (Дмитриевтен) ........................................................................ 213
ОРМАН ПАТШАСЫ (Гетеден) ............................................................. 214
БҰТАҚ (Мятловтан) ............................................................................... 216
ЕКІ БЕТІҢ, СҰЛУ ҚЫЗ (Гейнеден)... ..................................................... 217
АЙРЫЛДЫМ СЕНЕН, ЖАН СӘУЛЕМ (Гетеден) ............................... 217
КҮННІҢ БАТУЫ (Генрих Гейнеден) ...................................................... 218
САРҒАЙЫП  КЕЛГЕН  ЕГІН ТОЛҚЫНДАНСА (Лермоновтан) ....... 220
Максим Горькийден. СҰҢҚАР ЖЫРЫ .................................................. 221
ЖҰРТЫН СҮЙГЕН ЖҮРЕК ............................................................. 225
АНА ..................................................................................................... 233
ТЕМІРДІ  ЖҰМСАРТҚАН  АНА ..................................................... 241
ХАН  МЕН  ҰЛЫ ............................................................................... 250

375
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Всеволод Ивановтан. БАЛА................................................................... 258
ӨЗ  ӨМІРІМНЕН ӘҢГІМЕ .............................................................. 274
ТЕМІРБАЙ......................................................................................... 280
ЖОЛЫҒУ ........................................................................................... 291
САЙ  ................................................................................................... 297
Мамин­Сибиряктан. АҚБОЗАТ ............................................................. 309
П. Дороховтан. БОЛЬШЕВИК  БАЛАСЫ ............................................ 324
М. ЖҰМАБАЕВТЫң ЖАРИяЛАНБАҒАН ӨЛЕңДЕРІ
ЖҰМБАҚТАР ......................................................................................... 342
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ................................................................................. 344
ЖАС ҚЫЗ ................................................................................................ 345
ӘДЕМІ ҚЫЗ ............................................................................................. 346
ЖҰБАТУ .................................................................................................. 347
ҚАЙЫҢ .................................................................................................... 348
ЖИІЛЕНДІ ҚАРА ОРМАН .................................................................... 349
ШЫЛЫМ.................................................................................................. 349
БОЛСА ГҮЛСІЗ... ................................................................................... 350
ОЙ ............................................................................................................. 350
ТӨБЕТ ...................................................................................................... 351
ЖЕРДІҢ ЖҰМЫРЛЫҒЫ ....................................................................... 352
НЕМЕРЕ МЕН ӘЖЕСІ ........................................................................... 353
ҰЛБОСЫН ............................................................................................... 354
АТА, БАТА .............................................................................................. 355
СЫЛДЫРМАҚ ........................................................................................ 355
САЛ, САЛ БІЛЕК, САЛ БІЛЕК ............................................................. 356
БӨБЕКТІҢ ТІЛЕГІ .................................................................................. 356
СҰР ҚҰЛЫН ........................................................................................... 357
ЖІГЕР ШІРКІН ЖЕЛІНДІ ...................................................................... 358
АЛ ІШІҢДЕР, БҰЛ – ҚЫМЫЗ .............................................................. 358
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ӘЗІЛ.......................................................................... 358
ҚОЙШЫНЫҢ ӘЛӘУЛӘЙІ .................................................................... 359
СЫРЫҚ МОЙЫН, БІЗ МҰРЫН ............................................................ 360
БІР КЕЗДЕ ІШТІК АРАҚТЫ.................................................................. 360
ЭПИГРАММАЛАР ................................................................................. 361
ТАТАР САУДАСЫ ................................................................................. 368
ҚАЗАН ..................................................................................................... 368
ЕСЛАМ ҚАЗАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ .................................................... 368
ЖАУАРДЫҢ АЗАМАТТАРЫНА ......................................................... 370
НАҒАШЫЛАРҒА ................................................................................... 371
ЖАМБЫЛҒА ........................................................................................... 373

376
C
C
Шығармалары
C
C
Редакторы  Ғұсман Жандыбаев
Техникалық редакторы  3айра Бошанова
Көркемдеушi редакторы  Нұрлан Тазабеков
Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова
ИБ № 7274
Теруге  25.02.2013 жiберiлдi. Басуға 29.05.2013  қол қойылды.  
Қа  лы бы  84х108
1
/
32
. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Times New 
Roman». Бас па табағы 23,5. Шартты баспа табағы 20,0. 
Таралы мы 2000 дана. Тапсырыс № 964.
Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. 
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.
Мағжан ЖҰМАБАЕВ
ШЫҒАРМАЛАРЫ
(әдеби басылым)
2-том
Әңгіме, ғылыми еңбек, мақалалар, аудармалар, 
жарияланбаған өлеңдер
ЖШС РПБК «Дәуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан 
басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет