340
C
C
Шығармалары
C
C
Бір мезгілде бір үлкен үйдің қақпасының алдынан
тоқтап, екеуі биржевойден түсті.
– Апа, біз қайда барамыз?
– Осы үйге қонақ болғалы келдік. Қонақ болғың келе ме?
– Келеді.
Екеуіне Ломов есік ашты. Мишканы еркелетіп, арқа сы-
нан қақты. Мишканың қолынан жетектеп, апасы мен екеуін
бір бөлменің алдына алып келіп, бөлменің есігін ашты:
– Қане, жігіт, үйге кір,– деді.
Мишка кіре беріп еді, сақал-мұртын қырған ұзын бойлы
бір кісі Мишканы көтеріп алып, құшақтап сүйе бастады.
– Құлыным, Мишка-тайым, айналайын, айналайын!–
деді. Мишка аң-таң болып ожырайып бетіне қарап тұрды
да:
– Ата!– деді.
– Ие, ие, атаңмын, күнім, атаңмын. Жуырда келем деп
жазып едім ғой. Міне, келдім.
Мишка алақанымен атасының қырған сақалының орнын
сипап:
– Ине сықылды ғой. Сақалың қайда?– деді. Күн батып,
қас қарайғанша Мишка атасының жанында болды. Жұрт
орынға отыра апасы:
– Қане, Мишка, қайтайық,– деп еді, Мишка кішкене
томсарып тұрып жылап жіберді.
– Атам қайтпаса, мен де қайтпаймын.
– Мишка, жаным, маған үйге қайтуға жарамайды, мен
тағы кетемін.
– Мен де сенімен бірге кетемін!
Атасы күлді.
– Жоқ, құлыным. Сен өсіп үлк-е-ен жігіт болғанда, боль-
шевик боласың. Сонда екеуіміз ылғи бірге жүреміз,– деді,
Өксіп жылап отырған Мишка көзінің жасын сүртіп:
– Жарайды, ендеше мен тез өсіп, большевик болайын,–
деді.
341
C
C
М. Жұмабаев
C
C
м. жұмабаевтың
жарияланбаған
өлеңдері
342
C
C
Шығармалары
C
C
ЖҰМБАҚТАР
1
1
Екі басты, белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік бүйірі бар, қабыртқа жоқ.
Жүргенде қос табаны жерге тимес,
Бақай, төсек, толарсақ тобықта бар.
2
Бар екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді аяғы жоқ арға теліп.
Жаз болса, сары қымыз сапырулы,
Қасыға бір шығарып, бір батырып.
3
Мынау не – төбесі ме, табаны ма:
Табаны төбесімен шамалы ма?
Қары бойы жер қазып, қайра салып,
Қояды топырақпенен жабады да.
4
Шаңырақсыз түндікті,
Шіреніп жатқан бір мықты.
Тие көрме,
Тиіп кетсең ырғытты.
5
Бір жанның жанын алды жансыз нәрсе,
Нанарсың бұл нәрсені көзің көрсе.
Бір қабат мекен айтып жердің астын,
Жандыны жібермейді кезі келсе.
1
«Сана» журналы, 1923, №1.
343
C
C
М. Жұмабаев
C
C
6
Бір шаһар жаратылды бітеу қақпа,
Жүргізіп патшасы отыр алтын тақта.
Уәзірі он екіден жиырма төрт,
Әр уәзір алпыс жерде әр уақытта.
7
Қос қазық, екі желі, тоғыз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Құданың құдіретімен, таңғажайып,
Қарап тұр – сөйлемейді адам жоқта.
8
Ай болмас айдан айға ауыспаған,
Ақылын бәнде біліп тауыспаған.
Дүниеде өзі жансыз ғажап екен,
Адамзат тиіп кетсе дауыстаған.
9
Айтайын мен бір жұмбақ Ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр,
Қазандай қара тастың сол түбінде
Бір түрлі адам таппас зәһәр жатыр.
10
Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе харап қылар жердің бәрін
Кішкене болса дағы кемдік қылмас.
344
C
C
Шығармалары
C
C
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ
Күз
Жапалақ-жапалақ қар жауар,
Жаман қатын қыз табар.
Жамбасыңа мұз тоңар.
Лақ, тоқты қашады.
Қойшы талқан асады.
Жаз
Жыл құсын көргенде:
Самалық
1
! Самалық!
Көк құс көзін ашты ма,
Аяғын жерге басты ма?
Самалық! Самалық!
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Қап тауының көк құсы
Жүгірді ме, көрдің бе?
Самалық! Самалық!
Қыс
Ботаға жабу кидірген,
Бұзауды үйге сидірген,
Аяз, сені қайтейін!?
Қыздың бетін қызартып,
Мұздың мұрнын ұзартып,
Қызыл, сені қайтейін?
1
Бұл алақай деген мағынаны білдіреді.
345
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ЖАС ҚЫЗ
Қайғыландың, зарландың,
Ісіңді тастап мұңайып.
Ойнамайсың, ойлайсың,
Күлкіге салды кім айып?..
Жалғыз қалсаң бір үйде,
Өзіңді-өзің жылаттың.
Мөлдіреген көзіңді
Қайғылы жаспен бұлаттың.
Көп ойладың тыншымай,
Түнде де кірпік қақпастан,
Көзге ұйқы тығылып,
Таң жарық боп атпастан.
Жаңа піскен алмадай
Толып бір тұрған шағыңда,
Жастық қызыған көрместей,
Неге де сынды сағың да?
Қайғыға салды кім сені,
Тыныштық жүзін көрместен,
Ғұмыр бойы бітпестей,
Ажал жетпей өлместен?
Ерініңді қозғалтып,
Қай жауызды қарғайсың?
Сені бүйткен бейбақтың
Санадан жүзі сарғайсын!..
346
C
C
Шығармалары
C
C
ӘДЕМІ ҚЫЗ
Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сүйкімді, қара нәркес көзің еді,
Мап-майда қолға жұмсақ мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы жүзім еді.
Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді,
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.
Аһ, бүгін ол көріктің бірі де жоқ,
Ақсаған, аяғыңа дәл тиген оқ,
Өкіндің, жастық, мастық ісін еттің,
Аһ ұрдың, сыртың жалын, ішің – бір шоқ.
Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағыны, тез құп алдың,
Таза ат, жақсы көрік бәрі кетіп,
Ғұмыры құтыла алмас отта қалдың.
Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған» дейді енді жақын-жатың.
Күні-түн о да, бұ да соны айтар,
Жас төкпей неғып сонда шыдар затың.
Естілер бұ жаман ат қосағыңа,
Қайнатар кінә сақтар о шағыңда,
Жүрерсің ғұмырыңша тепкі астында,
Бір кірмес шын елжіреп құшағыңа...
347
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ЖҰБАТУ
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Құнан қойды сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем.
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Бурыл тайға мін, бөпем,
Ақ қызы бар ауылда,
балпаң байдың үйіне
Бұрала барып түс, бөпем.
Қымызынан іш, бөпем,
Қымызынан бермесе,
Қызын алып қаш, бөпем.
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем.
Кекеңдесе жеңгесі,
Жынға басын тық, бөпем...
Әлди-әлди, апатай,
Көп жылама, қалқатай!
Әлдилесем жыламас
Ақылы көп қалқатай.
Айналайын айымыз,
Алты қарын майымыз,
Жеті қарын жентіміз,
Ташкент, Бұхар – кентіміз.
Дуай-дуай кемелім,
Күнітайым қайда екен?
Саятайым сайда екен,
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қанеки?
Жаңа теріп жүр екен.
Жаңасынан қанеки?
Жаңа барып жүр екен.
Қызылорда.1926 жыл.
348
C
C
Шығармалары
C
C
ҚАЙЫҢ
Қайғылы қайың!
Аяныш жайың.
Сыбырлайсың,
Дірілдейсің,
Еңкейесің,
Күбірлейсің,
Ызғарлы жел
Соққан сайын.
Үскірік аяз
Болғандай аз,
Қар да басқан
Кебінге ұсап.
Сүйекке өтер
Суық құшақ...
Қашан, қайың,
Жетеді жаз?
Суға қанып,
Жапырақ жарып,
Күн болар ма
Шайқалатын,
Жылы желмен
Жайқалатын,
Құс даусына
Құлақ салып?..
Қайғылы қайың!
Қалың уайым
Басқан сені,
Жазды ойлап.
Тұр үскірік
Боран ойнап...
Жасыңды исін
Бір құдайың!
349
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ЖИІЛЕНДІ ҚАРА ОРМАН
Жиіленді қара орман
Қарағай, қайың аралас.
Мәңгі мылқау кәрі орман
Көктегі күнмен шамалас.
Аппақ кебін бүркеніп,
Мылқау орман түс көред.
Жел аза боп, өртеніп,
«Әпсүн» оқып үшкіред.
Мәңгі мылқау кәрі орман,
Былқ етпейді, түс көред.
Жел мінезді ессіз жан –
Маған түрлі ой келед.
Ұйқтасам мен орман боп
Тәтті-тәтті түс көріп,
Бетімнен тұрса жел жүріп,
«Әпсүн» оқып үшкіріп.
ШЫЛЫМ
Қолда шылым,
Тартып, күлін
түсіремін табаққа.
Кейде ұмытып,
Түтін жұтып,
жіберемін тамаққа.
Өмір – бұлақ,
Үміт – құрақ,
Жүзейін деп түсемін.
Дәл түсерде,
Су кешерде
Ұмытып, су ішемін.
350
C
C
Шығармалары
C
C
Кейде ұмытып,
Түтін жұтып,
Шашаламын, жөтелем.
Өмір – құрақ,
Үміт жырақ...
У ішемін де өлем!
БОЛСА ГҮЛСІЗ...
Болса гүлсіз,
Бұлбұл үнсіз,
Үнсіз бұлбұл – бір сұр құс.
Үнсіз өмір –
Сөнген көмір,
Отсыз жүрек – бос қуыс.
ОЙ
Ой деген – у,
Ауызға алсаң, қандырад.
Ой деген – у,
Жанды есінен тандырад.
Ой деген у –
Ішсең, мас боласың.
Ой деген – у,
Ішесің де соласың.
Ой – бір теңіз,
Қап-қара боп тебіренед.
Ой – бір теңіз,
Толқындана күңіренед.
Ой – бір теңіз,
Шетсіз, түпсіз, тұңғиық.
Ой – бір теңіз,
Жан түседі жан қиып.
351
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Ой улады –
Жаным ессіз, жаным мас.
Ой улады –
Жүректе зар, көзде жас.
Ой улады –
Көмір болды жүрегім.
Ой улады –
Сарғаямын, сөнемін!
ТӨБЕТ
Түн бойынша сақ төбет,
Үріп шықты шарқ ұрып,
Жауды біліп аңдыған.
Ас бермеді бәйбіше:
«Үрдің,– деп,– босқа құр кеше,
Барқылдақ,– деп,– алжыған!»
Түн болды тағы, кәр төбет
Бұралып жатты, үндемед,–
Қайтсін сорлы, қажыған!
Білгенін бөрі істеді,
Төбет тағы естіді
Кешегі сөзді «алжыған!»
352
C
C
Шығармалары
C
C
ЖЕРДІҢ ЖҰМЫРЛЫҒЫ
Оқудан қайтты жас Сапар,
Төрде отырған ақсақал
Орын берді қасынан.
– Не білдің, балам? Не хабар?
Жұлып алды жас Сапар
Тақияны басынан:
– Тыңдаңыз, міне, қария!
Жер деген – мынау тақия,
Тап осындай жұп-жұмыр,
Екі басы сопақ па?
Қараңыз енді Күн жаққа:
Лампы мынау – Күнің тұр.
Домалай ма?
Домалайд!
Құламай ма?
Құламайд!
Бұл осымен болды ма?!
– Тоқтат мынау шіркінді,
Басы жұмыр пенде енді
Жерді де жұмыр қылды ма?
– Жоқ, ата, бұл – жағырафия,
Міне, сізге тақия!
Сенбеуіңіз жарамайд.
Домалай ма?
Домалайд.
Құламай ма?
Құламайд,
Тап осындай домалайд!
– Мынаны қалай жүптейміз:
Біз неге құлап кетпейміз?
Домаланса, мұнысы не?
353
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Сөздің қарашы қатасын!..
Құласаң, құлап жатасың!
Жердің онда жұмысы не?!
НЕМЕРЕ МЕН ӘЖЕСІ
– Айтшы, әжетай, көк деген не?
Теңбіл-теңбіл көктеген бе?
Жұлдыз көзін жымыңдатса,
Ай-әжесі: «Тек!» – деген бе?
Бұлттар бөрте ешкідей дәл
Мана тізген көк көгенге.
Қатар көкте шұбырып барад,
Ағытып біреу: «Шек!» – деген бе?
– Қой, құлыным, обал, обал,
Молда оқытар, мектепке бар.
– Әже-ау, біздің Лұқбек айтад:
«Жер – ойнайтын доп,– деп айтад.–
Тағы алыста теңіз де бар,
Тіпті түбі жоқ!– деп айтад.–
Шөл деген бір жер бар,– дейді,–
Ылғи қызыл шоқ!» – деп айтад.
Айтшы, әже, әже, әже!
Рас па сол? Айтсаң қайтед?
– Мен білем бе, мен бір надан,
Ертең сұра, бар, молдадан!
– Айтшы деймін, айтшы, әжекем,
Теңіз деген сұйық па екен?
Алыста өскен тау бар дейді,
Басы көкке тиіп пе екен?
Тау жағындағы әлгі жүйрік
Қоян ба екен, киік пе екен?
Аю деген біздің мынау
Көк бұқадан биік пе екен?
– Тек!– деп ем ғой,– тентек, тентек,
Мұны айтатын мектеп, мектеп!
354
C
C
Шығармалары
C
C
ҰЛБОСЫН
Бауырсақ мұрны пұштиып,
Бесікте жатты Ұлбосын.
Әкесінің ойында:
«Ұлбосыным пұл босын!..»
Тышқан көзі сықсиып,
Ойнап жүрді Ұлбосын.
Әкесі енді жиірек
Ойлап жүрді: «Пұл босын!..»
Бүйрек беті бұлтиып,
Шолпы тақты Ұлбосын.
Күлім қақты әкесі,
Ойға батты: «Пұл босын!..»
Салмақты қыз боп ақылды,
Он бірге жетті Ұлбосын.
Мал алуға әкесі
Құдаға кетті: «Пұл босын!..»
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет
Он беске келді Ұлбосын.
Әкесі ойды иректейд:
«Отыра түссін, пұл босын!..»
Ирек боп қалды-ау ой шіркін,
Пұл болмады-ау Ұлбосын.
Ұлбосын биыл естіпті:
«Енді әйелге жол босын...»
Естіпті де досына:
«Мән-жай мынау... ал досым...» –
Депті. Сөйтіп, сол түнде-ақ
Кетіп-ақ қалған Ұлбосын.
355
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Бұрқырап отыр әкесі:
«Күл болмаса, бұл босын!»
Мен не деймін, қалқам-ау,
Жол босын деймін, жол босын.
АТА, БАТА
Мектептен (қайтты) Марияш,
Әліппесі қолында.
Шақырады оны атасы:
«Кел, құлыным, кел мұнда».
Марияш:
«Ата, ата!» – дегенде,
Атасы:
«Құлыным ата дейді ғой!»
Марияш:
«Бата, бата!» – дегенде,
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!
Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!».
СЫЛДЫРМАҚ
Бүлдірген беті бөбектің
Қолында отыр сылдырмақ.
Өзі сақ-сақ күледі
Сылдырмақтай сылдырлап.
Тоқтап, тыңдап тұрад та,
Сөйлеп қояд былдырлап.
Секіріп-секіріп түседі
Шұнаңдаған құлдыр лақ.
356
C
C
Шығармалары
C
C
Атасы қарқ-қарқ күледі:
«Құр, құлыным, құр-құрлап».
Бөбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Әлімжан аға болмысы
Сылдырмақты сыйдырмақ.
Ең болмаса, «байқаусыз»
Басып кетіп, сындырмақ.
САЛ, САЛ БІЛЕК, САЛ БІЛЕК
Сал, сал білек, сал білек,
Балдан тәтті бал білек.
Мектепке бар бір мезгіл,
Әжеңнің тілін ал, білек.
Сал, сал білек, сал білек,
Сабағыңа бар, білек.
Қыдыра берме қалтиып,
Етегіңмен қар күреп.
Сал, сал білек, сал білек,
Сұлу талдай тал білек,
Оқып-оқып, бір асқан
Әлім болып қал, білек.
БӨБЕКТІҢ ТІЛЕГІ
Тоқтышағым, тоғыз тап,
Саулық қойым, сегіз тап,
Сегізін де семіз тап.
Құла бием, құлын тап,
Құлын таппа, құнан тап,
Құнан тапсаң, егіз тап.
Бөкен жүнді бөрте ешкім,
Төрт айда бол төрт ешкім,
357
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Төртеуің де бөрте бол.
Өлмей, жітпей, есен боп,
Қой алдында көсем боп,
Төртеуің де серке бол.
Әукем, бұзауды алты тап,
Әукелері салпылдап,
Өгіз болсын атандай.
Бақайлары майысып,
Елемесін қайысып,
Адам мінсе де атамдай.
СҰР ҚҰЛЫН
Жазды күні сұр құлын
Сұлу еді сүліктей.
Құрық көрсе, құлдырап,
Жытушы еді еліктей.
Алдауға түсіп ұсталып,
Тұрғанда құлын байланып,
Жүруші еді Әлжан жаныңда
Сылап, сипап, айналып.
Қыс түсті, аяз, үскірік,
Көк мұздай бұлтсыз аспаны.
Отарда жатқан жылқыдан
Арық та келе бастады.
Топырлаған арықпен
Сұр да келді тыртиып.
Құлыншағын көргелі
Шыға келді Әлжан құнтиып.
358
C
C
Шығармалары
C
C
Сұр құлын жоқ алдында –
Жалбыраған жабағы.
Томпиды аузы Әлжанның,
Салбырады қабағы.
ЖІГЕР ШІРКІН ЖЕЛІНДІ
Жігер шіркін желінді
Болат жеген қайрақтай.
Мешеу болды жүйрік ой
Кететін орғып айдатпай.
Қолды қардан оқ үзді,
Ордаға байрақ байлатпай.
Өлер өмір, сөз қалар
Молаға қойған сайғақтай.
АЛ ІШІҢДЕР, БҰЛ – ҚЫМЫЗ
Ал ішіңдер,
Бұл – қымыз.
Бұл қымыздың арғы атасын сұрасаң,
Құлаша қулық бие сүті еді,
Томсарған ер қазақтың асы еді.
Бұл қымызды кім ішсін?
Бұл қымызды
Айлы күні айналған,
Бұлтты күні толғанған,
Құрығын қу найзадай таянған,
Томсарған ер қазақтың өзі ішсін!
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНА ӘЗІЛ
Шолақ айдар, шөп желке,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Был-сылқ етіп жүргенде,
Ойламайсың ба үйрек деп?!
359
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Өзім қазақ болған соң,
Бауырсақ мұрын, бүйрек бет,
Басқа айтпайды, мен айтам:
«Сендей сұлу сирек»,– деп.
ҚОЙШЫНЫҢ ӘЛӘУЛӘЙІ
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Ылғи ет жеп жүреді елде болысың-ай.
Ылғи ғана құйрық пен бауыр жер едім,
Егер ғана мен де болсам ауылнай, ауылнай.
Мына қолдың саласынан май тамар,
Ішіп болмай қымыз деген жай қалар.
Болыс болсам, арманым не, уа, шіркін!
Бірақ мына қойды кім бағар, кім бағар?
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Сағиласы маған көзін салады-ай!
Неге десең, мені түртіп қалады-ай,
Түрту түгіл, кейде нұқып «адыралай»,
Санымнан да шымшып-шымшып алады-ай!
Әләуләй, әләуләй, әләуләй!
Ой, қой, ой, қой, ой, бұзылған, соққан-ай,
Мына ісіңді егер білсе, бәлем, бай,
Екеумізді айдап шығар қосақтай,
Қой, бұзылған, қой, жолама, қой, ойбай!
Қой демекші, қойым қайда, Тәңір-ай?
Тапқан ба екен кебенегі тақыр жай?
Күннің көзі ысып кетті-ау, апырмай,
Қиын болды-ау ақсақ қойдай пақырға-ай!
Сағила бүгін тұщы қатық берсе егер,
Жарар еді-ау, апырмай, апырмай!
Шулай берме, Шопан ата, шәй, шәй, шәй!
360
C
C
Шығармалары
C
C
СЫРЫҚ МОЙЫН, БІЗ МҰРЫН
Сырық мойын, біз мұрын,
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Қыт-қытындай тауықтың
Құйылып тұр сөзіңіз.
Кірпішеткенің ұнындай
Опа басқан жүзіңіз.
Жүз төңкеріп көзіңіз,
Жақындайсыз өзіңіз.
Сізге кім ғашық болмасын?
Мәселен, біз өзіміз...
БІР КЕЗДЕ ІШТІК АРАҚТЫ
Бір кезде іштік арақты
Асқардан асқар аспаққа.
Ішеміз енді арақты
Қайғы мен қасірет баспаққа.
«Баспаққа» деген жай бір сөз,
Көз көмілді қаспаққа.
Четушкалап арақты
Жастайтын болдық бас жаққа.
361
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ЭПИГРАММАЛАР
Әліби Жангелдинге
Отағасы,
Кеткен соң қар,
Істің басы –
Мекеге бар,
Жас тоқал.
Сәлде сал.
Мадиярға
Жолдан азып,
Ақын Мәкең
Закон жазып,
Отыр ма екен
Майқы боп,
Қайқиып?
Мұстафаға (Шоқаев)
Шоқай, Шоқай
Көкек демей,
Қай жерде?
Секектемей,
Қай?
Қайтшы елге,
Айнам-ай!
Ойнамай.
Уалитхан Танашевқа
Қазақ ұлы,
Қи, қи, қи, қи,
Татар құлы
Ол форменный
Уалит ер,
Саудагер.
Айдархан Тұрлыбаевқа
Ертек,
Жуан қарын
Ертек,
Айдарханы
Ерте екен.
Қырт екен.
Асылбек Сейітовке
Бір-екі-үш ай
Шорман биге
Шапты да тай,
Тарттық сыйға
Басылды...
Асылды.
362
C
C
Шығармалары
C
C
Мұсылманбек Сейітовке
Мұсылманбек
Очень лестно,
Мұрты тіп-тік
Ну, конечно.
Судья.
Ну, ну, я...
Асфандияр Шормановқа
Асфандияр,
Баю, баю,
Граф Диуар,
Поздравляю,
Қайдасың?
Мещанин!
Шайбай Аймановқа
Айман, Шайбай,
Шу, Шорман дүр,
Қайда, ойбай,
Сен құрбан дүр,
Гүләйман?
Жылайман.
Смағұл Қазыбековке
Қазыбегім,
Пошел, пошел.
Қазақ елін
Я сам дошел.
Ұрайын!..
Құдайым!
Әлімхан Ермеков пен Халел Ғаббасовқа
Әлімге Ермек
«Халел, Халел»,–
Оқуға өрнек,
Деп те елдің
Жел есер...
Бойы өсер.
Нәзір Төреқұловқа
Жас марксшіл,
Я капитал,
Тағы бір «шіл»
Мәзірімді ал,
Төреқұл.
Қабыл қыл!
363
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Хайреддин Болғанбаевқа
Бортаң бала,
Бір кемі жоқ,
Бүгін қара,
Бір теңі жоқ
Кәрі тай.
Болғанбай.
Мұсылманбек Мейрамовқа
Арақ та жоқ,
Кетті қаңғып,
Қарақ та жоқ,
Басы даң боп,
Мейрам жоқ.
Колесо боп дөңгелеп.
Омартай Жәнібековке
Есек, есек,
Жүр ғой өзі
Қатын өсек
Шілдің боғы
Жәнібек.
Дәрі деп.
Тел Жаманмұрыновқа
Жаны – жамау,
Елді жесе,
Таңқы танау
«Шілмін» десе,
Тел қайда?
Сол пайда...
Иса Қашқынбаевқа
Шірік сиса,
Іздеп Мола
1
,
Доктор Иса,
Сен біржола
Қашқынбай!
Қаштыңба-ай?
Бақытжан Қаратаевқа
Сөнген айым,
Жүріп күшке,
Қаратайым,
Арақ іш те,
Бақытсыз.
Жаз арыз.
1
Ақмола.
364
C
C
Шығармалары
C
C
Достарыңызбен бөлісу: |