326
C
C
Шығармалары
C
C
Апасы күрсініп:
– Ақша жоқ, қарағым,– деді.– Осы күні қызметім жоқ.
Бір орынға кірсем, ақша болады.
– Сонда сүт сатып аласың ба?
– Алам, қарағым.
– Ендеше тезірек бір қызмет тапсаңшы.
5
Бір күні апасы ертемен кетіп, кешке бір-ақ қайтты. Үйге
жадырап күліп кірді.
– Мишка-тай, мен қызмет таптым, енді саған сүт сатып
алып беріп тұрамын.
– Қызметті қайдан таптың?
– Кооператив дүкеніне қызметке кірдім.
Содан былай Мишканың апасы кооператив дүкенінде
қызмет қылатын болды. Енді Мишка да күн сайын сүт
ішетін болды.
Бірақ бір күні анасы жұмыстан жабыңқы болып қайтты,
ертеңіне жұмысқа бармады.
Мишка таң болып апасына:
– Апа, кооперативке неге бармайсың?– деп сұрады.
– Жай, қарағым.
– Басың ауыра ма?
– Жоқ, жаным.
Мишка апасының көзі мөлтілдеп жасқа толып тұрғанын
көрді. Жылағанын Мишка көрмесін деп апасы теріс қарады.
Мишка апасының алдына отырып, мойнынан құшақтап:
– Апа, айтшы, неге жылайсың? Саған біреу тиді ме?–
деді.
Апасы Мишкаға: «Сенің байың большевик» деп әкімдер-
дің өзі қызметтен шығарып тастағанын айтты.
– Әкімдер дегенің кім? Ең үлкен әкім кім?
– Колчак.
Мишка қабағын түйіп, ішінен: «Асықпа, бәлем. Өскен
соң Колчак біткеннің мойнын үзермін» деді.
327
C
C
М. Жұмабаев
C
C
6
Қызметтен шығып қалған соң апасы жаман жасыл сан-
дықты әлсін-әлсін ақтарып, базарға киім-кешек шығарып
сататын болды. Сол ақшаны тамаққа жұмсады. Мишкаға
сүт те сатып алып тұрды.
Бір күні апасы Мишкаға:
– Көр-жердің бәрін сатып, бұл қаладан кетпесек бол-
майды,– деді.
– Қайда кетеміз?
– Басқа бір қалаға барамыз. Онда, бәлкім, атаңнан хабар
алармыз. Мишка қуанып:
– Жарайды, апа, тезірек кетейік,– деді.
Апасы көйлек-көншек сықылды нәрселерді бір қолтық
қылып буып, базарға кетті. Сатып, жолдық ақша қылып
алып, түнде биржевой жалдап, Мишкамен екеуі кемеге
мініп жүріп кетті.
Екінші тарау
1
Мишка үлкен кемеде ойнап жүгіріп жүр. Бір асқа түседі,
бір үске шығады Кеме өткір тұмсығымен суды тіліп жүріп
барады. Толқындар аузынан ақ көбігі шұбырып кеменің
темір тұмсығын, төсін жалайды. Кеменің тап тұмсығында
көк көйлекті біреу тұр. Қолындағы ұзын сырықты әлсін-
әлсін суға малып, тартып алып:
– Төрт!.. Төрт жарым!.. Төрт жарым!.. Бес...– деп айқай
салып тұр.
Кеменің ішінде төменде темір тормен қоршалған бір
ор бар. Орда жарқ-жұрқ еткен үлкен бір дөңгөлек зуылдап
айналып тұр. Торға жақын баруға қорқады.
Мишкамен қатар ұзын бойлы қара сақалды біреу тұр.
Мишка бұрын көрген адам емес. Түрі ашулы адам сықылды,
бірақ көзқарасы жылы.
– А, балақай, неге жақын тұрмайсың? Қорқасың ба?
328
C
C
Шығармалары
C
C
Мишка:
– Ие, қорқам,– деді.
Жат адам қолынан ұстап Мишканы тордың жанына алып
барды. Ордың түбінде, зуылдаған дөңгелектің жанында
қолында шүберек ұстаған бір адам жүр. Көмір сататын
көмірші сықылды бет-аузы қап-қара.
Мишка:
– Ағай, мынау көмірші ғой, ие, – деді.
Ағай күліп жіберді.
– Жоқ, бұл – машинеші, мынау машинаны басқарып
кемемізді жүргізіп отырған осы кісі.
Мишка:
– Менің атам да машинеші еді,– деді.
– Атаң қайда?
Мишка жанындағы ағайға жалт қарады. «Атаңның қайда
екенін ешкімге айтпа» деген апасының сөзі есіне түсе
қалды. Ағай Мишкаға жылы жүзбен қарап, күліп, Мишканы
еркелетіп басынан сипап тұр.
«Жақсы кісі ғой. Айтсам айтайыншы» деп ойлады да
Мишка:
– Атам большевиктермен кетті. Анау күні түнде біздің
үйге солдаттар келді. Апама ақырды. Апам түн бойына
жылады. Біз енді басқа қалаға бара жатырмыз, – деді.
– Атың кім?
– Мишка.
– Атаң аты кім?
– Дмитрий Иванович Киселев.
Жат ағай Мишканы тағы басынан сипап еркелетіп:
– Бар, Мишка, апаңа бара ғой. Апаң қайда?– деді.
– Жоғарыда.
Мишка жүгіріп жоғарыға шығып кетті.
2
Ұзамай ұзын бойлы адам да жоғарыға шықты. Кеменің
үстін айналып жүрді де, анасымен отырған Мишканы көріп,
анадай жерге барып, сүйеніп тұрды. Оны көре салып, Миш-
329
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ка жанына келіп, төменге қарады. Төменде ылғи мұжықтар
отыр. Бәрінің жанында бірдеңе салған қапшықтары бар.
Мишка:
– Ағай, мыналар қайда барады?– деді.
– Жұмыс іздеп қалаға барады.
– Неге?
– Тамақ керек. Ақша табу керек. Нан сатып алу керек.
– Үйлерінде наны жоқ па екен?
– Жоқ болғаны ғой.
Мишка томсарып, ойланып тұрды.
– Анау отырған сенің апаң ба?
– Ие.
Ұзын бойлы адам Мишканың анасының жанына барып
отырды. Мишкаға қарап басын изеп:
– Қылықты, зерек бала екен. Бар нәрсені сұрап білуге
ынталы,– деді. Мишаның апасы күлімсіреді.
– Жолыңыз оң болсын, қайда барасыз?
Әйел бара жатқан қаласын айтты.
– Онда туыстарыңыз бар ма?
Әйел:
– Жоқ, – деп күрсініп, басын шайқады.
– Болмаса, таныстарыңыз бар шығар?
– Жоқ.
– Олай болса, мен сізге бір таныс кемпірдің тұрағын
жазып берейін. Соған барып түсіңіз.
Мишканың апасы жат адамға күдіктеніп қарады. Жат
адам күдікті көзқарасты байқады да, әйелдің жанына жыл-
жып жақындап отырып, күбірлеп былай деді:
– Жай әншейін сөйлескен болып отыра беріңіз.. Мен
еріңіздің жолдасымын.
Әйел сұрланып, бозарып кетті. Сыбырлап:
– Тірі ме? Тірі ме?– деді.
– Тірі. Большевиктермен бірге шегініп, Ресейге кетті.
– Рас па? Дұрыс па?
– Ие. Ақтардан шегінгенде, мен сіздің еріңізбен бірге
едім. Ол кемеге мініп кетті. Мен үлгіре алмай қалдым. Енді,
міне, ақтардың арасында жасырынып жүрмін.
330
C
C
Шығармалары
C
C
Әйел жат адамға тағы қарады.
– Менің кім екенімді сіз қайдан білдіңіз?
Жат адам күліп, Мишаға қарап басын изеп:
– Өзінің атын да, атасының атын да маған Мишка айт-
ты,– деді.
Апасы Мишканы құшақтап, көкірегіне қысты.
Жат адам қалтасынан қағаз, қарындаш алып, бірдеңе
жазып, Мишканың анасына берді.
– Міне, әлгі таныс кемпірімнің тұрағын жаздым. Тура
соған барып түсіңіз. Жайлы қоныс болады.
Жат адам осылай деп тұра келіп, Мишканы басынан
сипап еркелетіп, төменге түсіп кетті.
Үшінші тарау
1
Мишка мен апасы енді Анна кемпірдің үйінде тұра
бастады. Күнде іңірде Мишка оқу құралынан әңгімелер,
өлеңдер оқитын еді. Апасы мен Анна кемпір атасының
жайынан ақырын әңгімелесіп отырушы еді. Бұлардың
әңгімесінен Мишка алыста кеңес үкіметі деген жер бар
екенін білді. Большевиктер сонда тұрады екен, Мишканың
атасы да сонда екен, өздері тұрған Сібірден кеңес жеріне,
атасына баруға болмайды екен. Хат жазуға да болмайды
екен, Колчак жібермейді екен...
Бір күні Анна кемпір бір жаққа барып, үйге келісімен
Мишканың апасына былай деді:
– Бір таныс адам жасырынып кеңес жеріне, большевик-
терге кетпекші. Хат жазып, содан беріп жіберу керек.
Мишканың апасы қуанып, дереу отырып хат жаза баста-
ды. Мишкаға:
– Мишка-тай, сен де атаңа хат жаз,– деді.
Мишка жалма-жан ойынды тастай беріп, қарындаш,
қағаз алып, әліппедегі ірі-ірі қаріптермен былай деп хат
жазды: «Атама көп сәлем. Ата, денің сау ма? Амансың ба?
Біз, апам екеуіміз, аман-есенбіз. Анна деген әжем бар. Әжем
331
C
C
М. Жұмабаев
C
C
мені жақсы көреді. Кітап сатып әпереді, ойыншық сатып
әпереді. Апам мені күн сайын көшеге шығарады. Әжемнің
«Доп» деген күшігі бар еді. Біреу нанға ине салып беріпті.
Бір-ақ күнде өліп қалды. Ата, өзің неге хат салмайсың. Хат
салсаңшы, бірақ хатты менің өзіме жеке жаз, апама бөлек
жаз. Ата, мен мынау хатты өзім жазып отырмын. Ешкім
былай жаз деп айтқан жоқ. Ата, біз сенен хат күтеміз, апам
да күтеді, әжем де күтеді, мен де күтемін. Ата, тез жаз, осы
хатты жазған: Мишкаң».
Екі күннен кейін Мишкалардың үйіне қара тон киген,
басында қоян құлақшыны бар, аяғында ұзын қонышты пи-
масы бар біреу келді. Апасының да, Мишканың да хатын
алып кетті.
2
Айнала қар басқан мидай дала. Жолсыз даламен қара тон
киген, қоян құлақшыны бар, пималы біреу кетіп барады.
Бір мезгілде жел қатайып, боран соғып кетті.
Жел жаяу жолаушының қарсы алдынан. Долы жел бетке
сабап, жүргізбей келеді. Жолаушы бірақ боранды тыңда-
май, құлақшынын баса киіп алып, тура тартып барады.
Жел күшейгеннен күшейді. Күрілдеді, дүрілдеді. Секіріп
биледі. Өкіріп тулады. Пысқырынып, ысқырынып, қарды
бұрқыратып боратты. Алай-дүлей қылды. Тістеніп төніп
келіп, жолаушыға:
– Батырамын, қатырамын, үсітемін, өлтіремін, қа-а-
айт!– дейді.
Жолаушы тыңдаған жоқ. Кетіп барады.
Ол неге қайтсын! Төс қалтасында Мишканың хаты бар.
Мишканың хатын атасына тапсыру керек қой.
Ай, қарға малтығып жолсыз жермен желге қарсы
жүрудің қиындығы-ай!
Жолаушы шаршады. Қалың қардан аяғын зорға суырып,
ілбіп келеді. Бір мезгілде демалайын деп тоқтады.
– Кішкене демалып, әл жинап алайын. Болмаса мүлде
әлден тайып, ауылға жете алмай қалармын. Ауыл енді
332
C
C
Шығармалары
C
C
жақын болса керек,– деді.
Сөйдеп, жолаушы қар үстіне отыра кетті. Біраз отырған
соң ұйқысы келе бастады.
– Қой, жүру керек. Ұйқтасам, қайтып оянбаспын, қатып
қалармын,– деді.
Сөйтіп тұрайын деп еді, иығынан бірдеңе басқандай
мең-зең болып тұрғысы келмеді.
– Жарайды, кішкене отыра тұрайын. Сонан соң жүрер-
мін,– деді. Көзін жұмды. Ішіме жел кірмесін деп, еңкейіп
бүрісіп отырды.
Боран бұрынғыдан қатайып кетті. Ызғырық жел ыс-
қырып, сақылдап күліп, санын шапақтап секіріп, ұршықтай
үйіріліп билеп тұр.
Жолаушының құлағына қобыздың үні естілгендей
болды. Жолаушы қобыздың күйін тыңдап отырып ұйқтап
кетті...
Таң ата жел басылды. Боран ашылды. Жарқырап күн
шықты. Даланы басқан қар жұлдыздай жымыңдап, ак
оқадай жарқ-жұрқ етіп жатыр...
Қоян құлақшынды жолаушы анадай дөңге қонған қара
құстай шөкиіп отыр. Қара тонның астында, қатып соқпай
қалған жүрегінің үстінде, төс қалтада Мишканың атасына
жазған хаты бар.
Төртінші тарау
1
Мишканың әкесі – Киселев жолдасқа большевиктер
үлкен бір жұмыс тапсырды: «Колчак жеріне барып, онда
қалған большевиктерді тауып алып, оларға бұлай-бұлай
деп айтып, өзің мұнда, кеңес жеріне қайтып кел», – деді.
Мишканың әкесі қуанып разы болды: «жұмысты да
орындармын, қосағым мен Мишкамды да көріп қай-
тармын»,– деді.
Сөйтіп, Киселев жолдас жол жабдығына кірісті.
333
C
C
М. Жұмабаев
C
C
«Наташа мен Мишка-тайым қатты сағынған шығар-ақ.
Енді көрісеміз. Қалай қуанар екен!»– деп, өз-өзінен күліп
қояды.
2
Киселев жолдас Колчак жерінің шетіне шойын жолмен
үш күнде келеді.
Енді жасырынып, жаяу мынау қар жамылған жалпақ да-
ладан көзге түспей аман өтсе, Сібірге кіреді. Сібірге кірген
соң қатын-баласын қалайда тауып алады ғой.
Киселев Мишкамды жуырда көремін ғой деп қуанып,
өз-өзінен күліп келеді. Көңілі қуанышқа толғандықтан,
күшіне күш қосылғандай болып, соны қарды бөгеу көрмей
тура тартып келеді.
– Тек Колчак қарауылшыларының қолына түсіп қалма-
сам жарар еді,– деп жан-жаққа елегізіп, қаранып келеді.
Бір мезгілде алыста бір қара көрінді.
– Бұл не болды екен,– деп ақырынырақ жүріп, көзін
алмай қараға қарап келеді. Құс па, адам ба, біліп болмайды.
Жақындап келді. Қараса еңкейіп отырған адам.
Үстінде қара тон, басында қоян құлақшын, аяғында
үлкен пима. Белуарынан аса қар басып қапты. Киселев
жақындап келіп, отырған адамның бетіне қарады. Үлкен
адам.
– Өй, бейшара-ай,– деп аяп, күрсініп біраз тұрды да,
Киселев жөніне жүріп кетті.
– Кім біледі, сорлының мен сықылды сағынған баласы
бар шығар-ау,– деп ойланып келеді. Бір мезгілде тоқтай
қалды.
– Кім біледі, қалтасында қағаз-мағазы бар шығар кім
екендігін, қайда шыққандығын жазған. Біліп, бәлкім,
туысқандары ұшырап қалса, айтуым керек қой,– деді.
Киселев үлкен адамға қайта келіп, қалталарын ақтарды.
Төс қалтасынан бірнеше хат суырып алды. Хаттың адрес-
терін оқи бастап еді, бір мезгілде таң-тамаша болды. Беті
құбылып, қолы дірілдеп кетті.
334
C
C
Шығармалары
C
C
Бұл не тамаша? Киселевтің өзіне жазылған хат! Өңі
ме, түсі ме? Жоқ, өңі. Хаттың тысында «Мәскеу, Дмитрий
Иванұлы Киселевке» деген ап-анық жазу бар. Қол қатыны-
ның қолы.
Киселев дірілдеп, жалма-жан конвертті жыртып, ішінен
екі хат алды: біреуі – зайыбының, біреуі – Мишканың хаты.
Мишканың хатын оқығанда жүрегі аттай тулап, қолы
қалшылдап, қағазды дұрыс ұстап тұра алмады. Хатты оқып
болған соң, бүктеп төс қалтасына салып, Мишканың хатын
тапсырған үлкен жолаушыны тағы аяп күрсініп біраз тұрып,
жөніне жүріп кетті.
Енді, әрине, қатын-баласының қайда екенін білді.
Қас қарайып барады. Алыстан ауылдың оты көрінді.
Ауылға соқпайын деп Киселев аттанар жағына қисая
жүр ді. Бір мезгілде қарсы алдынан сайдан үш адам шыға
келді.
– Тоқта, кімсің? Қайдан келесің?
– Інішектер, өз адамыңмын. Большевиктен қашып келе-
мін!
Солдаттар қарқылдап күлді:
– Оп-оңай нандыра қоямын деп тұрсың-ау, тағы не
өтірігің бар. Соқ!– деді.
– Бастыққа алып бару керек. Кім екендігі, қайдан келе
жатқандығы сонда мәлім болады. Максимов, сен алып
бар,– десті.
Максимов деген солдат Киселевті алып жүрді. Киселев
алдында, солдат мылтығын кезеніп артында келеді. Киселев
бастыққа жеткенше қалайда қашып құтылу керек деп ойлап
келеді. Бастыққа барған соң, сөз жоқ, абақтыға жабылады.
Мүмкін атып та тастар.
Босатпас па екен деп солдатқа сөз қатты:
– Інішегім, жолымнан қалдырмай жіберсең дұрыс болар
еді!– деді.
Солдат:
– Сөзді қой. Жүре бер!– деді.
Екеуі ауылға келіп қалды. Ауылдың тап іргесінде өзенгө
салған тар көпір бар екен.
335
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Көпірдің ортасы кезінде Киселев кенет бұрылып солдат-
ты итеріп кеп жіберді. Солдат қалпақтай түсіп, омбы оппа
қарға жоқ боп кетті. Киселев жан дәрмен-пәрменімен ұшып
жүгіріп, бір үйдің сыртында үйілген мая соломға барып
тығылды. Кеулеп кіріп, құлағын түріп жатты.
Мылтық атылды. Айқай-ұйқай дауыс шықты. Біраздан
соң дауыс, дыбыс басылып, түн болған соң, солом ішінде
маужырап, жылынып ұйқтап кетті.
Түнімен, ертеңіне күнімен сол жерде болды. Ертеңіне
қас қарая соломнан шығып, ептеп ауылдан құтылып, жөніне
жүріп кетті. Ұзамай бір үлкен тақтай жолға түсті.
Тақтай жол таң ата шойын жол станциясына алып келді.
Поезды күтіп, билет алып, поезға мініп, аман-есен екі күнде
қатын-баласы тұрған қалаға келді.
Бесінші тарау
1
Қалада Киселев Ломов деген ескі жолдасын тауып алып,
соның үйіне түсті. Ломов большевикке іштен тілеулес адам
еді.
Киселев келген күні-ақ қатын-баласы тұрған үйді іздеп
тапты. Көшенің бұлар тұрған үйге қарсы екінші жағымен
әлденеше рет жүріп, «не қатынымды, не Мишкамды көрмес
пе екенмін» деп терезеге қарады.
Алыстан болса да, көрсе, мейірі қанар еді-ау. Үйге кіріп
барса, Наташа мен Мишкасы қалай қуанар еді! Жоқ, кіруге
жарамайды. Шыдау керек. Кім біледі, үйде бөтен біреу бар
шығар. Мишка да әлі есі кірмеген бала. Атам келді деп
біреуге айтып қояр. Мишка ә дегенде танымас еді. Дегенмен
даусынан таныр еді.
Киселев терезеге қарап тұрып-тұрып, ауыр күрсініп,
пәтеріне кетті...
Бұдан кейін тағы әлденеше рет осылай көшеде тұрып, те-
резеге қарады. Бір күні терезеден Мишканы көріп қалғандай
болды. Өзінің осы қалада екенін қатынына қалай білдірудің
336
C
C
Шығармалары
C
C
жайын ойлады: «Хат жазсам ба екен. Жоқ, жарамас. Хат
басқа біреудің қолына түсіп қалуға мүмкін. Почтада хатты
ашатын да шығар. Жоқ, хат жазуға жарамайды».
2
Әрі ойлап, бері ойлап, Киселев ақыр аяғында осы қалада
қатын-баласы барлығын Ломов жолдасқа айтты.
– Сен ретін тауып қатыныма хабар қыл,– деді.
Ломов:
– Жарайды. Мен реттейін,– деді.
Сол күні кешке Ломов Киселевтің қатыны тұрған үйге
барды.
– Маған Наталья деген әйел керек еді,– деді.
Наташа жат адамға қарап таң болды.
– Іздеген адамыңыз менмін. Сізге не керек?
– Сізге айтатын сөзім бар еді.
Наташа боп-боз болып кетті. Бұл не айтпақ?
Әлде ерінен хабар әкелді ме екен?
– Не сөз? Айтыңыз!
Ломов көзімен Мишкаға ишара қылды да:
– Мүмкін болса, көшеге шыққаныңыз дұрыс болар еді,–
деді.
Наташа Мишка алдында айтуға жарамайтын сөз екенді-
гіне түсінді де, киініп, көшеге шықты.
Денесі қалш-қалш етіп, мұздап кеткендей болды.
Ломов:
– Бір адам сізге жолықпақшы. Сізді білетін адам, – деді.
Наташа тоқтап ойлады: «Мынау бұрын тіпті көрмеген
адамға сенуге болар ма екен? Әлде алдап торға түсірем
деген жұмыс па?»
Әрі-бері ойлап, Наташа ақырында тәуекел қылмақ бол-
ды. Бәлкім, ерімнен бір хабар алармын деген үміт еліктірді.
– Жарайды, жүріңіз.
Екеуі Ломовтың үйіне келді. Ломов Киселев тұрған
бөлменің есігін ашып:
– Міне, осында кіріңіз,– деді.
337
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Наташа жүрегі тоқтап бөлмеге кірді. Сақал-мұртын
қырған бір адам құшағын жайып қарсы шықты.
– Наташа!
– Дмитрий, Дмитрий!
Наташа ерінің құшағына кіріп, әрі жылады, әрі күлді.
– Дмитрий, қорғаным!
– Наташам... Жүдеп қалған екенсің... Тұрмыстарың қа-
лай болды? Мишкам қалай?
Наташа еріне бастан кешкен оқиғаның бәрін айтып
шықты.
Дмитрий мен Наташа былайша сөз байласты: Наташа
Мишканы алыш сурет көрсететін театрға – киноға бармақ
болды.
Киселев та сол театрға барып, алыстан болса да қара-
шығы – Мишкасын көрмек болды.
3
Наташа пәтеріне қайтқанда Мишка ұйқтап жатыр еді.
Ертемен оянған соң, Мишканың есіне кеше келген кісі
түсіп, апасына:
– Апа, кешегі кісі саған не айтты?– деді.
Апасы жымиып күлді.
– Ол кісі кешке таман Мишканы алып киноға бар,
Миш каға ойын көрсет деп айтты,– деді. Мишка апасына
се ніңкіремей қарады:
– Шын ба?
– Шын, шын.
Кешке екеуі киноға барды. Киселев та келіп, бұлардың
артында тұрып билет алып, сурет көрсететін үлкен бөлмеге
кіріп, Мишканың артындағы орындыққа отырды.
Мишка суреттерге қарап, жазылған сөздерді буынға
бөліп дауыстап оқып отыр. Қылығы балдан тәтті.
Киселев суретте жұмысы жоқ. Көңілі, көзі Мишкада...
құлынын алдына алып, құшақтап, иіскеп-иіскеп сүйгісі
келіп барады. Бірақ, не керек, бұлай қылуға жарамайды.
Әттең, дүние-ай, көз алдыңда отыр ғой, көз нұры қуа-
тыңды, балдай бөбегіңді құшақтап сүйе алмағандықтан
өмірде ауыр не бар дейсің!
338
C
C
Шығармалары
C
C
4
Апасы бұрынғы әдетінше Мишканы күнде серуенге
алып шығып жүрді. Бірақ енді ылғи Киселев тұрған көшеге
алып баратын болды. Мишка мұның мәнісін біле алмады.
Ол қаланың үлкен көшесінде серуен құруды жақсы көретін
еді. Онда дүкендердің әйнектеріне қойған суреттерге
қарайтын еді.
– Апа, үлкен көшеге неге алып бармайсың? Ылғи жаман
көшеге алып барасыз?
– Бәрібір ғой, қарағым. Қайта кісі аз жүретін көшенің
ауасы жақсы болады.
Киселев тұрған үйдің тап қарсысында, көшенің қарсы
қабырғасында бір ағаш орындық тұрушы еді. Сол орындық
тұсына келгенде апасы:
– Мишка-тай, шаршадың ба?– дейтін еді.
– Жоқ, шаршағам жоқ.
– Мен шаршап қалдым. Кішкене отырып демалайық.
Сөйтіп, екеуі орындыққа отыратын. Киселев әйнекке
келіп зайыбы мен Мишкасына қарап тұратын.
Наташа мен Мишка отырып-отырып, қайтпақ болып
тұрғанда Киселев үйден шығып, көшенің екінші қа быр ға-
сымен бұлардан сәл кейінірек жүріп отыратын. Дүкендер-
дің маңдайындағы ірі жазуларды Мишканың дауыстап
тұтыға-тұтыға оқығанын тыңдап, төбесі көкке жеткендей
болатын. Атасы Мишканың жүзін анық көрсін деп Наташа
тоқтап, көшенің Киселев келе жатқан қабырғасындағы ірі
жазуларды нұсқап:
– Мишка-тай, анау жазуды оқи аласың ба? Ай, оқи
алмассың,– дейтін. Мишка:
– Ие саған, оқи алмас! Мен қазір оқып берейін!– деп
қар сы қабырғаға бұрылып, тәштиіп тұрып, қабағын түйіп,
тұ тыға-тұтыға оқи бастайтын. Сонда атасы Мишкасының
жү зін анық көріп, құлынын құшақтап, иіскеп сүйгендей
болатын.
339
C
C
М. Жұмабаев
C
C
5
Бір күні апасы Мишкаға хат әкелді.
– Мишка-тай, міне, саған атаңнан хат келді,– деді. Миш-
ка ұшып апасына барды:
– Қане, қане, бер!
Апасы бір жапырақ қағазды ұстата берді. Қағазға ірі
қаріптермен мына сөздер жазылған еді: «Қарашығым,
Мишка-тайым. Міне, саған өзіңе жеке хат жаздым. Сенің
хатыңды алдым. Мен аман-есенмін. Сені қатты сағындым.
Жуырда қайтамын. Бірақ «атам келеді» деп тірі жанға айт-
па. Айтсаң, мен қайта алмай қаламын. Апаңа, әжеңе көп
сәлем айт. Апаң мен әжеңнің тілін ал. Қалқам, құлыным,
бауырыма қысып сүйемін. Жазған: атаң».
Мишка хатты күн бойына әлденеше қабат оқып шықты.
Күн бойына бұрынғыдай жадырап отырмай, бірдеңені
ойлап жүрді. Түнде шешініп жатайын деп отырып, хатты
апасына беріп:
– Апа, мынау хатты тығып қой. Біреу-міреу көріп қой-
масын,– деді.
– Кім көретін еді?
– Тағы солдаттар келсе... кім біледі...– деді.
Апасы күлімсіреп:
– Жарайды, жаным, тығып қоямын,– деді.
Көзі ұйқыға кетіп бара жатып, Мишка:
– Апа, мен атамның хат жазғанын тірі жанға айтпай-
мын,– деді.
– Жарайды, қозым, айтпа... енді ұйқтай ғой, еркем. Миш-
ка түн бойына жақсы түс көріп, ылғи күлімсіреп жатты.
Бір күні апасы Мишкаға:
– Серуендеп шығасың ба?– деді.
– Жоқ, қазір шыққым келмейді.
– Атқа мініп жүргің келе ме?
– Келеді.
– Ендеше жүр.
Екеуі шығып биржевой жалдап бір жаққа қарай кетті.
|