бураға байланысты «Бура қотан» деген ұлттық ойын болған.
Бүгінде бұл ойын дәстүрден сырт қалды. Бұл сөз тіркесі неден
шыққан? Мазасыз бура буыршынды шайнап, атан түйелерді /
ақталған түйе/ тықсырып, қотанға иірілген келенің ту-тала-
қайын шығарып, қатты мазасызданады. Осыдан «бура қотан»
атауы шыққан. Бұл - жастардың ұлттық ойынына айналған
рәсім. Қызойнақтың бір түрі. Бала кезімізде «Бура қотан» ойы-
нының шет жағасын көрдік. Оның түрлері көп. «Бұйда тартыс»
деген болады. Түйе көкпарға жатады. Арқан тартысқа жақын.
«Түйе қоржын» бәсекесінде жастар ауырлық көтеруден бақ
сынасады. Иықтасу, білек күшін сынасу, жағаласу, желке тар-
тыс «Бура қотан» ойынына тән. Иықтасудың тәртібі былай: екі
бала ортаға шығады. Шеңбер сызығынан бірін-бірі иығымен
итеріп шығару керек. Иықтасу сайысы жапондарда бар. Ойын
түрлері бураша шабынудан бастау алады. Мәселен, ортаға
шыққан екі сайыскер /үміткер бала/ бір-бірінің жағасына жар-
масады. Кім бұрын қарсыласының жағасынан ұстаса, сол бала
жеңіске жетеді. «Бура қотан» ойынында қызбалыққа салынып,
төбелес шығарғандар үлкендердің алдына барып айып төлейтін
болған. Бұл ойынның ең өміршеңі «иықтасу» делінеді. Бура ке-
леге түскенде, қарсыласын сайысқа шақырады. Айғырлар
шайнасады, бұқалар сүзіседі, буралар иықтасады. Кеуделі бура
бәсекелесін түйіп жібереді. Ұшырып түсіреді. Иықтасудың
мәнісі осы. Нардың бурасын «үлек» деп те атайды. «Өлі бура-
ның басынан тірі атан қорқады» деген де мақал бар. Түйеде
кие болады. Оны бақырауық, ыңыршақ ететін адамға «түйе
түлігінің киесі ұрады» деген. Түйе адамға шудасын, жылқы жа-
лын төсейді екен.
Түйенің шұбаты іштің кірнесін кетіреді. Жөтелге ем. Ты-
ныс жолдарын кеңітеді. Жүрек соғысын реттейді. Шаршаған
адамға әл береді. Жүнінен тоқылған киім адамды суықта тоң-
дырмайды. Тері ауруын болдырмауға септеседі. Төрт түліктің
ұлығы саналған түйеге қарап бой түзеген қазақ баласы сабыр-
лы, шыдамды болып өссе керек-ті. Әйтпесе, кейбіреу сомадай
басымен баланың мінезін көрсетеді. Сондайларға қарата:
«Түйедей болып түймедейге ентелегенің не?» - деп ұялтар еді.
Өркештілер бейғам келеді. «Түйе бойына сеніп жылдан құр
қалыпты» деген содан шыққан. Түйе шыдам-төзімнің жиын-
тығы есепті. Содан да халқымыз түйені төрт түліктің ұлығы
деп білген. «Ойсылқара» атандырып, қастер тұтқан. «Бас
білетін түйеге «әтшу» деген өліммен тең» деген аңғарым да
тәрбиелік мәнге ие.
36
Достарыңызбен бөлісу: