Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет6/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
1998 ж. 
Қай халық болмасын аңдарды кие тұтып, олардың тіршілік 
амалдарынан өздеріне керектісін пайдаланып,  қажеттеріне жа-
ратқан.  Қазақ халқы табиғатқа жақын болғандықтан, балаға 
ұқтырар сабағының әр мәтінінде аң мен  құстың, жәндіктердің 
тырбанысын үлгі етіп  ұсынып, өсер жастың  құлағына  құйған. 
Қоянға байланысты ертегілерде, аңыз-әңгімелерде, отбасылық 
күңкүл-шүңкілде «қоянның аяғын жегеннен» келеді шешенің 
сөзі. «Қоянжүрек  қорқақ» дегенді әке балаға айту арқылы өсер 
жасты жүректілікке үндейді. 
Момын аңдар - ақбөкен /киік/, арқар, елік, дала сәні-тін. 
Сонау он тоғызыншы жылдары /1920 ж./ ақиық ақын Сәкен 
Сейфуллин: 
29 


Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, 
Өзге аңға жануарды теңгермедім. 
Көздері мөлдіреген ақбөкенді 
Адамның баласынан кем көрмедім. 
Ақбөкен сахараның бота көзі, 
Атты екен қандай мерген көзі қиып, — 
деп сұлу аңға сұлу жыр арнайды. 
Қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықов: 
Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім, 
Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің. 
Жез марал жүреді екен арасында 
Қаптаған Бетпақтағы киіктердің... — 
деп жезкиікті «баяғы  қызыл ішік киген  қызға»  ұқсатады. Жа-
ралы киікті «ет кесіп өз етімен берсем-дағы, жөніңе 
жібермейтін емдеп  қана» деп аяушылық білдіреді. Бір суық 
қолды мергеннің киікті атып алмауын тілейді. Ақын барша 
сұлулықты жезкиікке теңеп, барынша шалқиды. 
Арқарды халқымыз ес көрген, тау еркесі деп іш тартқан. 
Көкжалға алдырмайтын өжеттігін жыр  қылған. Арқарды кие 
тұтуды атам  қазақ төрелермен байланыстырады. «Төресіз ел 
болмас, төбесіз жер болмас» деп келетін мәтелге сыйдырған-
да,  қазак  қауымы төре мен  қожаны пір тұтқан.  Қожа  ұлтты 
дінге /Исламға/  ұйыстырса, төре ел билігіне араласып, билік 
тізгінін  қолдарына алған. Содан да төрелерді «арқар  ұранды» 
деп өзгешелейді. Неге олай аталғанын үлкендерден сұрағаны-
мызда: «Арқар биікте жүретін жануар, төрені төрге шығарып, 
ел билігіне араластырамыз. Содан да «арқар  ұранды төре 
дейміз», — дер еді. Олай болса, арқарды айрықша кие тұтып, 
«биіктік тәңірісі» деп ырымдасак оның несі сөкет? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет