Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет7/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

III. МАЛ МЕН ЖАН 
Амандық 
«Басы аманның - малы түгел» дегенді үлкендерден сан 
естідік. Мал індетке  ұшырағанда,  ұры аз малға  құрығын 
төндіргенде, осы жұбатуға еріксіз тоқтайтын еді малы шығын-
далған шаруа. Әдетте,  қазақ атамыз амандасқанда: «Мал-жан 
аман ба?» деп малды бірінші аузына алады. Бұл — амандық 
білуге, сәлемдесуге жатады. Осы күні амандасуды /сәлемдесуді/ 
қысқа  қайырамыз. Үлкенге ықылассыз салқын сәлем беру — 
жас адамға жат әдет. Амандық-саулықты әкелеріміз  ұзыңдата 
созар еді. Мұндай амандасу дағдысы  қазақтарда ғана бар де-
сек,  қателесе  қоймаспыз. Халқымыз ойпаң-тойпаңды басынан 
көп кешірген. Табиғат апаты, жер теңселісі, су тасқыны,  құты-
рынған дауыл, жаздағы аңызақ,  қыстағы  қызыл шұнақ аяз, ақ 
түтек боран — бәрі-бәрі  қинайды. Одан іргеден сұғынған жау 
көз алартады. Атыс-шабыс, үргін-сүргіннен көз ашпаған 
бейкүнә халқымыз бір-біріне амандық-саулықтан басқа не 
тілесін?! Әр күні былай тұрыпты, әр сағаты қауіп-қатерге толы 
қазақ елін «мың өліп, мың тірілген» деп ақындар жырға бекер-
ден-бекер қоспаған. Жаудың бетінде, желдің өтінде жүріп, мал 
өсіріп жан баққан,  ұрпақ жалғастығы үшін жанын пида  қыл-
ған бабаларымыз «ел көшті, жау жетті» заманның ойпаң-той-
паңын көп көрген. Ел  қорғаған батырлар ат үстінен түспеген, 
тоя тамақ ішпеген. Алаңсыздық арман болған, ала шапқында, 
біреумен біреу жөн сұрасып, амандасуының өзі олжа. Күні 
бүгін үлкендер бір-біріне: «Амандығың  қайда?» — деп базына 
білдіріп жатады. Амандық білісіп, жөн сұрасуы, бүгінше айт-
қанда, ақпарат алмасуы болып табылады. Жөнін білдірме-
гендікті әдепсіздікке жатқызған. Содан да «жете амандасу» 
қазақ  ұлтына тән тәртіпке жатады.  Қол берісіп, төс 
түйістіргенде кісінің бір-біріне деген тілеулестігі артады. Хал-
жағдайды сұрасумен  қоса отбасының, ошақ  қасының, ауыл-
аймақтың жағдайына  қанығады. Сәлемдесу жас адамға емти-
хан іспетті. Сыншыл  қарт жастың сәлем беруінен ішін таниды. 
«Қабағы ашық, жанары таза екен» деп ықыласпен сәлем бер-
ген жасты жақсы көріп  қалады. Ондайда «дала академиктері» 
атанған қазақ шалы: «Көп жаса, балам!» — деп тілек білдіреді. 
Қос  қолды  ұсынып ықыласты сәлем беру — кісінің бір-біріне 
31 


деген тілеулестігін байқатады. Салқын сәлемдесу көңілге 
кірбің  ұялатады.  Қандай  қиын-қыстау жағдайда ықыласпен 
амандық білісу кім-кімді де бір көтеріп тастайды. «Сәлеміміз 
түзу еді» деп жатады үлкендер. Түзу сәлемнен  қалған соң, 
адамдардың бір-біріне деген бағасы төмендейді. Қазақ бабамыз 
амандықты малдан бастап, жанға ұластырады. Бұл арадағы ма-
лың —  қора-қопсың, астыңдағы мінген атың, соңына ерткен 
тазың,  қотандағы малың мен барша дәулетің. Ал жаның — 
бала-шағаң, отбасың. 
Мал — күнкөріс көзі. Содан да «малдының беті — жарық, 
малсыздың беті — көншарық (иі  қанбаған мал терісінен тіліп 
алынған  қайыс немесе өгіз терісінен жасалған кәдімгі шәрке)» 
делінеді. Малсыздың беті «көншарық» делінетіні — көңіл 
күйінің жоқтығы, жүдеубастығы. 
Қазақ атамыз өз малын өзі баққанды ар көрмеген. «Жаным 
— арымның садағасы, малым - жанымның садағасы». Бұл 
түсінікті нақыл. «Мал таппайтын еркек болмайды,  құрарын 
айт, бала таппайтын әйел болмайды, тұрарын айт» дегендегі 
аңғарымға әркім-ақ түсінеді. «Құрары» дегендегісі - малдың 
ит-құстан,  ұры-қарыдан, үргін-сүргіннен аман болып, мыңғы-
рып өсуі. «Малды өсіргің келсе, әрісін тап, тарыны ақтағың 
келсе, келісін тап», «Мал шелді болмай, төлді болмайды». Шел 
—малдың іш майы. Мал төлден өседі. Жас төлді «төл басы» деп 
ырымдайды. Ондай малды жұмсамайды, көбейтуге тырысады. 
Төл басы мал — мыңғырып өсіп, жүзге жетіп,мыңға  ұласқан. 
Қазақ атамыз тұңғыш немересін «төлбасым» деп айрықша 
жақсы көрген. Ондағысы әулеттің шаңырағын биіктетіп, 
елеулі азамат болып өссін, төл басы малдай өнікті  ұрпақты 
болсын дегені. Әке мен шеше бауыр еті — балаларын: «қозым, 
құлыншағым, ботам, тайлағым», — деп еркелеткен. Жан тарт-
қан баласына мейірімі түскенде «Қойдай  қоңырым,  қозыдай 
момыным» деп айналып-толғанады. Мал бағу — еңбектің 
елеулісі. Баланы әке-шешесі жас күнінен малға жақындатып, 
қозы бақтырған, тай үйреттірген, жылқы күзетіне шығарған. 
Төрт түлікке  ұйқастырып: «Қозыбақ», «Малдыбай», «Түйе-
бай», «Жылқыайдар», «Ботагүл», «Төлбасы»... деп ат қойған. 
Мал дәулетке жатады, ырзық-несібеге жатады. Жан асы-
рау үшін мал өсірген халқымызды амандық-саулық сұрасқанда 
малды бірінші аузына алуында сөкеттік жоқ. Осыған бір мысал 
сұранады:  Қазақта Жұмабай Шаяхметов деген тұлға болған. 
Тұлға деуімізде мәніс бар. Заман орайына  қарай ел билігінің 
тізгінін  ұстағандарды бірде аспанға шығарып, бірде жерге 
түсіріп әлекке түсіп жатамыз. Халық аузы дуалы. Дуалы 
32 
делінетіні — шындыққа бір табан жақын дегені. Елуінші жыл-
дары, біздің бала кезімізде  Қазақстан Компартиясының 
бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов назарға іліге бастады. 
Ленин мен Сталин болса-болмаса ауыздан түспейді. Әсіресе, 
Сталиннің  қүдіреті күшті ол кезде. Неміс фашистерін 
Сталиннің арқасында жеңдік деп отыратын әкелеріміз. Ста-
линге  Қазақстанның басшысы: «Жолдас Сталин,  қазақ халқы 
амандықты малдан бастайды. «Мал-жан аман ба?» деп аманда-
сады. Малды бірінші ауызға алады. Соғыстан тұралаған шаруа-
шылықты  қалпына келтіріп,  Қазақстан халқының әл-ауқатын 
жақсарту үшін колхозшыларға /қазақ шаруаларына/ меншік 
мал ұстауға рұқсат етсеңіз...» — деп өтініш жазыпты. 
Жұмабай Шаяхметовтің өтініші ескеріліп, үкімет  қаулы 
шығарған.  Қаулы «көсемнің»  қолымен бекітілген. Колхозшы-
ларға бір бие, бір сиыр  ұстауға мүмкіндік жасаған көсемді 
әкелеріміз жақсы көріп кетті.  Қазақстан басшысына алғыста-
ры шексіз еді (Өкініштісі, Ж.Шаяхметовтің есімі бүгінде көп 
атала бермейді). 
Хрущев билікке келгендегі әділетсіздікті көзбен көрдік. 
Үкімет меншік малға жаудай тиді. Алпысыншы жылдары ел 
арасына: «Маленьков (үкімет басшысы) берген байталды Хру-
щев келіп қайта алды», — деген сөз тарады. 
Мал табу оңай емес. «Мал — арыстанның аузында, 
түрікменнің түбінде» дегенді атам  қазақ тегін айтпаған. Мал-
дың амандығы — жанның амандығы. Мал бағуды бабаларымыз 
мәртебе көрген. Табиғат аясында шалқар кеңістікте жүріп 
әнге басқан. Таза ауа жұтып, денсаулығын шындаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет