Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет71/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

Үлкендік және басие 
Теріс батадан туындап жатыр Үлкені жоқ әулеттің  ұйымы 
болмайды.  Ұйымсыз  қауымда береке-бірлік аз болады. Әдетте, 
үлкендер /ақсақал, дуалы ауыз билер мен шешендер/ ерте ояна-
ды екен.  Қазақ қауымына әу бастан  құсұйқылық жарасқан. 
Бұрынғының үлкендері ерте тұратын болған. Намазға 
оянады. Пандат намазын күн шықпай оқуға тиісті. Күн шыға-
рып алса, намаз  қаза болады. Ауылдың үлкені ертелетіп  қырға 
шығады. Мал көзейді, дүйімнің амандығын  қыр басынан бақы-
лап, көз алдынан өткізеді. 
Өріске беттеген малдың бетін біледі, жоғалса, ауа жайы-
лып кетсе, іздеуге оңай. Тұсауын үзіп кеткен атты, шәлкес 
сәуріктің одағайлығын, суық жүрісті жүргіншінің беталысын 
бақылайды. Түтіні шықпай жатқан, түндігі ашылмаған шаңы-
рақты барлайды. Тәтті  ұйқысын  қимаған келіндерін мал саууға 
тұрғызуды да каперден шығармайды. Науқастың жайын біліп, 
аузына сусын тосу және міндет үлкенге. Ауылдың тынышты-
ғын алатын суық жүрісті сумақайдың, арам ойлы аусардың 
жолын бөгейтін тағы сол үлкендер. Бұған  қоса, ертелете атқа 
мініп, өрістегі жылқының, маңайдағы ауыл-аймақтың аманды-
ғын біліп, шолғыншылық міндетті атқаратын әдеті және бар. 
Абай айтқан «қыр басында бай-бай шал» атанып, келін-
кепшікке,  қатын-балаға мазасыз болатыны осындай себептен. 
Үлкенге мазасыздық жарасқан. Ата-бабаларымыз жан баққан 
сал бөксе, үйкүшік  қартты  қатарына  қоспаған. Негізі, үлкендік 
— айрықша  қастерлі  ұғым. Жас та болса, бас болуға жарап 
қалған азаматты сыншыл  қариялар «Үлкен болыпсың, бағың 
ашылсын,  қарағым!» деп батасын беріп жатады. Ондай есті 
жасты үлкендік санатқа жатқызған. Халықтың «Көп жасаған-
нан сұрама, көпті көргеннен сұра» дегендегі меңзеуі осыған 
қарата айтылған.  Қарақан басынан артылмайтын  қадірсізді 
«Не үлкендікке, не кішілікке жоқ» деп шенейді көпшілік. 
Әулеттің тентегі тәртіпсіздік жасағанда «Бұлардың үлкені  қай-
да?» дейтін сөз бар  қазақта. Жастарға ақыл айтып, жөн-жоба 
көрсету үлкеннің міндеті. Бүгінде ағайын арасының алшақтап, 
туыс-туғанның бір-біріне суық бауыр танытуы - үлкендіктің 
әлсіреуінен.  Ұқтыра білсе,  ұғынбайтын зерде жоқ. Жастарды 
жаппай кінәлап, түңіле  қол сермейтін үлкенсымақтардың 
өздерінде жан кедейлігі басым. Бұл арада ақыл кедейлігі деген-
ге келеді. Ақылды айта білудің өзі өнер.  Құрғақ ақыл кісіні 
мезі етеді.  Ұстазға тән  ұлағат, үлкенге жарасқан кеңдік кемшін 
аға буында. Жадағай үлкендік, жайдақ кісімшілік - ауыл-ай-
355 


мақ, туыс-туғанға бас иелік етемін деген зиялы аға буынға жа-
расымсыз. 
Үлкендіктен бас ие сезі шығады. Осы күні бас ие  ұғымы 
«үй иесі» деген тар аяда айтылады. Ата-бабаларымыз бас иенің 
мәніне өзгеше мән берген. Бүтін бір рудың, бір әулеттің 
үлкенін шаңырақтың батагөйін, ел назарындағы жақсысын -
бас ие деп білген. Ру-ұлыстың шежіресін жинап хатқа түсіру, 
жадында сақтау, туыс-туғанның тегін анықтап, жақсысы мен 
жаманын көңілінен өткізіп басалқылық көрсету, той-томалақ-
тарына  қатысып, жол көрсету, өлім-жітімде өлік жөнелтудің 
кәде-жоралғысын бұлжытпай сақтау, ата-баба аруағын 
қастерлеуді,  ұлттық үрдісті, оның асыл өзегі болып табылатын 
дәстүр-салтын бұлжытпай сақтау- Басиенің міндеті. Табиғат 
апаты, ашаршылық, үргін-сүргін, замана  қыспағы үдегенде 
«өле жегенше бөле жені» айтып, дәнекерлік көрсететін 
әулеттің басиелері. Содан да басиенің беделі артып, жақсылар 
санатына  қосылған. Ақылман атанған. Жаны тәтті жамандар 
қысталанда өз басын амандаудан аса алмаған. Бүгінгі өтпелі 
кезеңде жаңа экономикалық күнкеріс  қалпына түскен жаппай 
дүние  қуған жанталаста, бас  қамынан да  ұлт  қамы алаңдатады 
есті жандарды. Кеңес одағы кезеңінде әр ата руласып колхоз, 
кеңшарларға тоқайласты. Капиталистік жүйенің экономика-
лық саясаты ауылдарды күйретті. Адамдар /қазақтар/ бас 
амандап, күнкеріс  қамымен жан-жаққа шашылып кетті. Бұл 
ыдырау ағайынгершілікке нұқсан келтірді. Базарлық  қатынас, 
саудамен айналысып, өз күніңді өзің көрдің талабы жат 
тұрмақ жақыныңды да керек етпейтін жатбауырлыққа 
бейімдейді күнкөріс қамындағы күйбең пендені. 
Нақ осы кезеңде ағайын-туысқа жол көрсететін, бастарын 
біріктіретін бас ие керек.  Қор кұру керек пе,  ұйым құру керек 
пе, әулеттің үлкенінің  қабілеті осындайда көрінеді. Біз бұл 
арада рулықты  қоздыратын, үй ішінен үй тігуді айтып отырған 
жоқпыз.  Қысылтаяңда ағайынға  қолұшын беретін, торқалы 
той, топырақты өлімде моральдық һәм  қаржы жағынан 
жәрдем көрсететін басалқылықты көздеп отырмыз. 
«Адамның кішісі болғанша, иттің күшігі бол». Өзімсінуден 
айтылатын сөз. Үлкендік — мәртебе, табиғат сыйы. Алланың алқ-
ауымен бойға  қонатын  қасиет. Жинақтағанда - кісілік. Кішілік 
үлкеңдікке тең ұғым. Үлкенді жан тартып, сыйлайтын - кіші. Со-
нымен, кішілік жалпы  ұғымға жатқанымен, мән-мағынасы ішті 
ұғым. «Жақсы атаның баласы он үшінде баспын дер, ақылы шо-
лақ езбалдақ отызында жаспын дер». Саналы жас ертерек есеюге 
тырысады. Үлкенге жанаса жүреді. Бойына кісілік ертерек  қон-
356 
ған жасты үлкендер жан тартып: «Жақсының көзі, асылдың 
қиқымы, текті атаның баласы», - деп көтермелейді. 
Кіші кісімшіл болудан сақтансын. Жас адамның бойында 
әдептілік, биязылық  қасиеттер болса, үлкендер ондай кішіге 
«болайын деп тұрған бала екен» дегенді іркіліссіз айтады. 
Арғын ішінде  Қуандық, одан Алтай, одан Бекше, Байдалы 
бидің балалары момындау болып өссе керек. Сонысын мін 
көрген дуалы ауыз бір  қария «Байдалыдан сендей де бала туа-
ды екен-ау» деп  қорашсыныпты. Бидің баласы тұрып: «Түзге 
шығып сыналмаған, базарға барып пұл алмаған баласы едім», 
- деп сөз тауып кетіпті. Ата-бабаларымыз  ұрпақ тәрбиесін 
әрдайым назарда  ұстап, жол көрсетуден еш жалықпаған. 
Үлкендік пен кішіліктің бастау кезі - Тектілік. «Қасқа айғыр-
дың баласы  қасқа тумаса да, төбел туады» деген аңғарымда 
«атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген тілектестік бар. 
Тектілікті ғылыми тұрғыдан талдауды мақсат етпейміз. Ха-
лықтың тек-тамырынан (генетикадан) түсінігі бар адам бұл 
жайды айтпай-ақ пайымдайды.  Қан тазалығы  ұлттың айрықша 
артықшылығы. Бабалар  қасиеті  қан арқылы  ұрпаққа ауысады. 
Соған  қоса  ұлыс аясында  ұлттық шеңберде, рулық  қауымдас-
тықта, ата-баба дәстүріне негізделген  қатаң тәрбие  қалыбында 
жас  ұрпақ санасы шыңдалады. Көрші елдерден ауысқан адам-
шылық үлгісі де демесін  ұрпаққа. Ата-анадан, үлкендерден, 
ұстаздан, жақсылардан жұққан  қасиет және байытады жан 
дүниені. Ел аралап, жер көруден ғылымға бойлап, даналық 
мектебінен дәріс алудан да молығады. Осындай сан салалы 
тәрбиеден санаға сіңген тәлім-тектілікті шыңдап, шымырлан-
дырады. Алайда, соншалықты білімдар оқымысты болғаны-
мен, кісілігін кісімшілігі жеңіп кете беретін үлкенді тыңдамай-
тын, досқа опасыз ағайынға жанасымы жоқ суық бауыр,  қара-
қан басынан артылмайтын  қарауды,  қара ниет  қайырымсызды 
он жерден тыраштанып кеуделегенімен, халық ондай менменді 
жек көреді. «Тексіз, тегіне кісілік бітпеген  қысқа бақай ты-
раш» деп кекейді. 
Тектілік екінің бірінің бойынан табыла бермейтін киелі 
қасиет. Халық аузына ілігіп, үлкендерден бата алған бірегей 
азаматты «Болайын деп тұрған сабаз екен, тегінде бар еді 
кісілік» деп жұрт жаппай  қолдап кетеді. Бұған  қарап сонда 
өзгеміз келең тексіз болғанымыз ба деген пендешілікке баруы-
мыз орынсыз. Тектіні текті, жақсыны жақсы демесек, онда 
жаппай жадағайлыққа дес береміз. Халық жадағайлықты жа-
ратпаған. Жадағай жарамсақтар не болса соған бас шұлғып, 
жақсы мен жаманды ажырата білмейтін иіс алмас болып кетуі 
357 


кәдік. Ондайдар әліне карамай сынампаз келеді. Біржақты 
сыншылдық көреалмастыққа  ұласып,  ұлттық мінезімізге 
сіңісті болып кетуі мүмкін. «Жақсы аттан жығылса, жаман та-
башы» деп ондайларды халық  қатты тұқыртады. Тектіні, 
кісілікті азаматты көтермелеу  ұлттық  қасиетімізде бар үрдіс. 
Оның үлгісі  қазақтың қара өлеңінде жетерлік. 
Сауысқан шықылықтап бұлбұл болмас, 
Жабыны жемдегенмен дүлдүл болмас. 
Жаманмен мың күн бірге жүргеніңше 
Жақсымен болған жақсы бір күн жолдас... 
Тектілік әркімде бар. Алайда сол озғын  қасиетті бойымыз-
ға  қондырып, санамызға сіндіре аламыз ба?! Нағыз тектілік -
ұлтжандылық. Мейлі, сен бай болмай-ақ  қой. Дүйімді аузыңа 
қаратқан тілмар да болма. Әкім де, ғалым да емес шығарсың. 
Бірақ,  қаныңды сатпа. Оның мәнісі неде?!  Қанда бар 
қасиеттерді,  ұлттық байлығың - дініңді, тіліңді, салтыңды 
көздің  қарашығындай сақта. Сол жолда (жақсы мағынасында) 
майданға шық. Үлтымызда бар  қасиет өз бойымызда сақталса, 
онда біздің текті болғанымыз. Тегінен ажыраған  ұрпақ 
мәңгүрттің нақ өзі. 
Тектілік пен кісілік бір-біріне жақын  ұғым. Бажайлағанда 
мағынасы екі басқа. Тегінде бірдеңе болғанымен, бойына 
кісілік  қонбағанды халық тәуірге жатқыза қоймайды. Ондайды 
дүбәра, тыраш атандырады. «Кісі болар баланың әр талаппен 
ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» демей ме 
үлкендер. Тектілік қанда сақталса, кісілік өсер жастың бойына 
жүре келе, өмір сүруден жинақталатын  қасиет. Кісілікке бір 
сөзбен анықтама беру  ұшқарылыққа жатады. Аңғарымды, сал-
мақты, кісі танығыш, ойлы, көтерімді, білімді азаматты үлкен-
дер жыға танып: «Кісім-ақ!» — деп мағұрланады.  Қанаттанып 
келе жатқан жасты «Өзі кісі болып  қалыпты-ау!» дейтіні бар 
сыншыл  қариялардың. Бойына кісілік  қонбағанды «кісімшіл» 
деп жатады үлкендер жағы. Кісімшілдік өзін дәрежелеуден ар-
тылмайды. Кекір, кердең келеді. Бойында жылуары жоқ, суық-
бауыр келеді.  Қысқасы, кісімшілдік, не өзіне жоқ, не өзгеге 
жоқ жұғымсыздыққа жатады. Ондайларды «көкірек» деп таң-
балайды сыншыл көздер. 
Кісілікті жас үлкенге жанасымды, көпшілікке үйір келеді. 
Кеңқолтық және өзі. Жанның бәрін жан тартады. Кішіпейіл, 
аңқылдақ, ақжарқын мінезімен жатты да жатсынбай, өзіне дос 
қылып алады. «Жақсыда жаттық жоқ» деген нақылды халық 
осындай жұғымды кісілікті ерлерге  қарата айтқан. 
358 
Бойына кісілік  қонған, парасатты һәм пайымды, тектілігін 
ақылмен  ұштастырған туар айдай сүйкімді, шығар күндей 
нұрлы, жан-жағына шуақ себелеп жүретін, жүрегі жұмсақ, 
кеңпейіл жанды халық көтермелеп «жақсы адам» деп ауыз тол-
тыра айтады. 
Жақсының  қасиеті өлшеусіз. Оған халықтың берген баға-
сы дәлел. «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат», «Жақсы-
мен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас бол-
саң,  қаларсың ұятқа», «Жақсының жүрген жері думан, жаман-
ның жүрген жері лаң», «Жақсы жайсаң келеді, жаман сайтан 
келеді»... 
Қай дәуірде болмасын, елдігімізге  ұйытқы,  ұрпаққа бас ие, 
жол көрсететін көсемдер жақсылардан шыққан. Жақсының 
жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі де кішіге үлгі,  ұрпаққа тәлім. 
«Жақсы адам сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман адам сөйле-
се, аузынан жын төгіледі». 
Әйел  ұл тапса, «жаман немені туды» деп жатады үлкендер. 
Бұл арада «жаман»  ұғымы тіл өтпесін, сұқ өтпесін дегендіктен 
айтылған. Кішіні кейде үлкендер «өй, жаман ит » деп іш тарта-
ды.  Қомсынғандық емес, өзімсінгендік. «Сүйгенім, шұнағым!» 
деудің кері. Халықта нағыз жақсы мен жаманды: «Хас жақсы, 
хас надан» деп те бөледі. «Жаманға бір сөз айтсаң,  қорс етеді, 
балқыған  қорғасындай  қайран жақсы...» дегендегі өлең ұйқасы 
жақсының бағасы өлшеусіз екенін айқындап тұр. Халық жа-
манды тұқыртудан әсте тартынбайды. Сонда бұл жаманның 
жазығы не? Жазықты болған соң ғой, әйтпесе, неге шүйлігеді? 
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жа-
мандығын айт,  құты  қашсын» деп және нұсқайды. Жаманды 
адам катарынан шығар дегендік емес, мінін түзесін деген  ұзын 
ойдан туындаған сыншылдық. 
«Адамның жаманы жоқ» деген  ұғым бар халықта. Есі бар 
азамат жамандықтан іргесін бөліп, өзін жөнге салып, сыннан 
қорытынды шығарғанда «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін 
тұяқ жоқ» деп кеңшілік танытпай ма халық. 
Есте жоқ ерте заманда Жақсы есімді адам ат басын тіремей 
ме бір ауылға. Жұпыны киінген әлгі  қонақ көзге  қораш 
көрінеді.Сөзге жоқ үндеместің өзі болып шығады.. Жақсыдан 
ғибрат алып, ақыл-кеңесіне  қарық боламыз деген үлкен-кіші 
әлгіден сөзге жарымай, бір-бірін сұраулы көзбен бағады. Жақ-
сы ныспылы  қонақ ішіп-жеуден басқада жұмысы болмай және 
түңілдіреді жиналған  қауымды. Шыдамсыз біреу: «Сені сыр-
тыңнан хош көріп дабырайтушы едік, үндемеуге серттесіп пе 
едің, аузынды ашпайтының  қалай?» — депті.  Қонақ сонда да 
359 


тіс жармапты. Үй иелері күңкілдей берген соң: «Басқа пәле -
тілден», - деп немкеттгілеу айта салыпты. «Ақылды екен десек, 
нағыз жаман адам болып шықтың-ау, - депті ауылдың 
білгіштері. - Ең  құрығанда,  қонақ кәденің жолынан жығылма-
саңшы. Айтпасаң, арқалыққа асып  қоямыз.  Қамшыңды олжа-
лап, шапаныңды алып қаламыз». 
Қонақтан жөні түзу сөз шыға  қоймайды. Есерлеу біреу: 
«Шошалаға апарып  қамап тастаңдар, үндемегенді көрсетейік 
бұған», - деп  қара буралайды. Жел ауыздау ауыл ақсақалының 
бірі: «Жаман иттің атын бөрібасар қояды деп, жақсыдан садаға 
кеткірдің әжептәуір есімді  қор  қылуын-ай!» - депті. Мыналар-
дың бәтуасыз сөзінен мезі болған Жақсы есімді  қонақ  ұстам-
дылығынан таңбай: «Үндемеген үйдей пәледен  құтылады», -
депті жайымен ғана. 
Келесі күні сол ауылға тағы бір жолаушы ат басын тірейді. 
Есімі Жаман екен оның. Киімі жөндемді, өзі де әндемді, ауыз-
дыға сөз, аяқтыға жол бермеген ол үлкен-кішіні аузына  қара-
т а , әңгімеге  қарық  қылады. Кешегі үндемес  қонақтан сөзге 
жарымағандар сөзуар мейманға ынта  қояды.  Қотан шетіндегі 
күзетші, жылқы күзетіндегі жастарға дейін тілмар  қонақ отыр-
ған үйдің жабығынан сығалап, әлгінің әңгімесіне  құлақ тоса-
ды. Жерошақ басында ас  қамдаған әйелдерге шейін іштегі 
әңгімеге елігеді. Әңгіменің соңы берекесіздікке  ұласады. 
Қазандағы етті ит жеп кетеді,  қотандағы қойға  қасқыр шабады. 
Жылқыға  ұры тиеді. Жаман есімді  қонақ жылыстап кетеді де, 
келесі ауылға барып  қонады. Тағы да тілмарлыққа басып, 
құрғақ сөзді суша сапырады. Көрші ауылдан көргенін көйітеді. 
Қатындары салақ екен, отағасы олақ екен деп өсектің отын 
үрлей түседі.  Қазандарына арам ас салатын көрінеді деп және 
үстемелейді. Шетінен  ұры екен өздері деп те асқындырады 
сөзін. Сөйтіп, іргелес ауылдарды бір-бірімен араздастырып, 
жауластыруға дейін барады. Аты шығып  қалған Жаманды 
дүрелейді. Аузын шоқпен  қариды. Ел сөзін  ұстанған  қариялар 
бас шайқасып: «Аяғы жаман төрді былғайды, аузы жаман елді 
былғайды, арты жаман көлді былғайды» депті бірауыздан. 
Жамандықты ешкім ақшаға сатып алмайды. Жақсылықты 
да еншілеп, басы бүтін меншіктемейді. Істеген ісің, жүрген 
жүрісің, сөйлеген сөзің, тіршілікте жасаған іс-әрекетің, адам-
шылығың - бәрі-бәрі ойыңды өсіріп, кісілік  қасиетіңді артты-
рады. Көбінесе керісінше болып шығады. Кінәлі өзіңсің. 
«Жақсы ат жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен  құл бо-
лады»... 
360 
Жігіт 
Жасөспірімді  қолпаштаған үлкендер «Жігіт болып  қалып-
ты» деп ауыз толтырып айтатыны бар. Ертерек есейіп, есті аза-
мат болып өссін деген тілеулестігі. Жігітке байланысты ойы-
мызды бекіткенде мына бір ескілікті әңгіме сұранады. Көршілес 
өзбек пен қазақ арасында үлкен той өткен екен дейді. Өзбектің 
атақты байы елден асырып той жасамақшы болады.  Қазақ бау-
ырлар  қапы  қалмасын депті сауын айтқанда.  Қазақтар да  қапы 
қалмауға  қамданады.  Қазақ мырзасы күреске түсетін жігіт 
іздейді. Біреудің есігінде жүрген жалшыға көзі түсіп, «Қандай 
қабілетің бар?» деп сұрайды. «Түпу» деп түкіргенде, лебінен есік 
ашылып кетеді екен. Сыққанда, тобылғыдан май шығарған. 
«Жарайсың!» депті мырза.  Қазақ байы елде жоқ мисыз жүйрік 
ат іздеп және сарсылады.  Қой соңында итиген бір атқа тоқтап, 
сыншыға сынатады. Атбегі қой торыны байға бұйырып беріпті. 
Қазақ байы үлкен дайындықпен тойға барады. Сойысқа 
мал, оған  қоса еміздікті  қара саба апарады. Он екі  қанат ақ-
шаңқанның бес-алтауын тіктіріп тастайды. Тойшыларды ақ 
май,  қызыл етке бөктіріп, ауыздарынан ағызады. Сабадағы 
қымызды жабыла ішсе де, таусылмайды. 
Той жасаған өзбек байы  қазақ мырзасының дарақылығына 
тұшына  қоймапты. Тіктірген шатырын, мейіз  қосып пісірген 
палауын, жеміс-жидегін алдыға тосып, «ішіп жеңдер» деп мар-
дымсыпты.  Қазақ байын әжуалап: «Ә, бұл  қазақ-қардаштар 
сөздің өзін екіұшты айтады», - деп тойшыларға  қарата 
сөйлейді ғой. - «Үй» дейді де, «мүй» дейді. «Жігіт» дейді де, ар-
тынша құбылтып «мігіт» дейді. «Ат» дейді де, «мат» дейді. «Ет» 
дейді де, «мет» дейді. Осындай да сөз бола ма? 
Қазақ байы бірден дауласа кетпейді. Ішін алдырмай, әліптің 
артын бағады. Бәйгеде  қазақ мырзасы  қосқан  қой торы  қарақ-
шыға  қара үздіріп, жеке-дара келеді. Күресте  қазақ балуаны 
белдескенді тымақша атады.Қазақ байының мерейі өседі. Той 
тарқарда өзбек байынан рұқсат сұрайды. «Сый-сияпатыңа Алла 
разы болсын!» деп айта келіп, өзбек мырзасына базына 
білдіріпті: «Уа, мырза, тіл буынсыз ғой, - деп алыстан орағы-
та сөйлеп, датын айта бастапты. - «Жүйелі сөз жүйесін табады, 
жүйесіз сөз иесін табады» деген бар емес пе. Біз рас, «ет» дейміз, 
жал-жая, қазы-қартаны айтамыз. «Мет» сіздің су татыған палау-
ыңыз. «Үй» дегеніміз- біздің мына асқа тіккен жұмыртқадай 
ақшаңқандар. «Мүй» деген - сіздер тұрғызған жаппалар. Нағыз 
ат - мына біздің мисыз жүйрік  қой торы. Үш жүз сәйгүліктен 
суырылып шығып,  қарақшыға жеке келген. «Матымыз» — 
361 


сендердің шаң  қауып  қалған мәстектерің. Рас, «жігіт» дейміз, 
«мігіт» деп те айтамыз. Жігіт нағыз біздің түйе балуан. «Мігіт» 
өздеріңді жерге қаратқан босбелбеу өлі сүйектерің...» 
Сөзден жеңілген өзбек мырзасы  қазақ-қардаштарға үстеме 
сый беріп, аттандырған екен дейді. 
Нағыз жігіт бірсөзді келеді, опалы мәрт келеді. «Жігітке 
жеті өнер де аздық» етеді, «сегіз  қырлы, бір сырлы» болған жа-
расады. Жігітті ел мақтаса,  қыз жақтайды. Махаббат пен дос-
тықта сергектігімен көзге түседі. Сесті келеді.  Қысылғанда  қол-
ұшын беруге бейім тұрады. Сеніскен досына астындағы атын 
түсіп беретін мәрттікке және бар. Екі сөйлеу - жігітке мін. 
Тұрлаулы да табанды. Сүйгеніне сүйкімді, жолдасқа опалы. 
Халқымыз өжет те бетті,  қайсар да алымды азаматты 
жігіттің көкжалы деп айрықша көтермелейді. Тектілік те, 
кісілік те, ақыл-қайрат та, парасат-пайым да бір өзінен табыла-
тын, өнерде озғын азаматты «жігіттің сұлтаны» демей ме. 
Мұндай сынға толмағанды езбалдақ, сүңей, ынжық, бозөкпе, 
бозым деген жарамсыз сөздермен шенеген. 
Ғұмыр-тіршілік бір  қалыпта тұрмайды. Басынан бағы тай-
ған ерлерді: 
Қара бұлт түнереді жауарында, 
Боз іңген боздайды екен сауарында. 
Жігіттің иті қырын жүгіреді 
Басынан бақ-дәулеті ауарында... — 
деп аяушылық танытады тілектестер. 
Белдескенді атып  ұрған, бетіне жан баласын  қаратпаған, 
сұлуда кегі кетпеген, жақсы ат тақымынан, жақсылар  қасынан 
кетпеген жігіттің иті  қырын жүгіре бастағанда, жалған дос 
есепқой жолдассымақ сырт бергеңде, өнерге тіл бітеді. Кәдімгі 
сөз өнеріне. 
Жібекті түте алмаған жүн етеді, 
Әйелді күте алмаған күң етеді. 
Жаманға жазатайым ісің түссе 
Бәлденіп, жігеріңді құм етеді... 
Жігіт — бірегей келеді. Кішілер соларға  қарап бой түзейді. 
Ойын байытады. Нағыз жігіттің киген киімі, сөйлеген сөзі, жасқа 
жанасымы, үлкенге ілтипаты, жүріс-тұрысы, өнердегі алымды-
лығы, біліктілігі мен мінез байлығы — бәрі-бәрі соңынан ерген 
інілеріне үлгі. Жақсы ағаға еліктеп өседі талапкер бала. Ал сын-
шыл қарттар, үлкеңдер жағы тартымдылығымен көз сүйсіндірген, 
көңіл тоғайтқан азаматты «Жігітім-ақ екен!» деп көтермелейді. 
362 
Жігіт жеке басының  қасиетімен дараланып,  қатарынан оз-
ғындап алған соң, ел-жұртына таныла бастайды. Жігіт 
үйкүшік болмайды, ат үстінде жүреді. Сырт дұшпаннан елін 
қорғап, үлкен-кішіге  қамқор болу - жігітке тиемел. Астын-
дағы атын /бүгінше мәшинесін/, киген киімін, колындағы  қам-
шысын  қызықтап,  қыз-қырқыннан артылмайтын  қызылшыл 
жігітті сідікмасы, аусар деп кекейді сыншыл  қауым. Өмір -
майдан. Майданға түспей әйеншексіп сыртта жүретін, бас 
қамынан артылмайтындарды халық жігерсіз деп кекейді. 
«Жайшылықта бәрі ат, жан  қысылғанда арда  қызыл ат». 
Жігіттің де арда  қызылы болады. Елім деген азамат еленбей 
қалмайды. Халық - сыншы. Жастық-мастықтың әуенінде 
бұлғақтаған бозбаланы кешіре де біледі. Елім деген ерлер шыға 
бастайды жігіттерден дараланып. 
Ер тәуекелшіл келеді. «Отан үшін отқа түс, күймейсің» де-
ген  қағиданы  ұстанады. Ақындар ондай от кеуде азаматтарды 
жырға  қосады. «Елім» деп талай боздақ еңіреген, сыя алмай ар-
манда өткен жеріне кең...» деп еске алады. Нағыз ер жеке бас-
тың  қамынан да, халықтың  қамын ойлайды. Атамекеннің ты-
ныштығын, елдің амандығын тілейді. Сол жолда жанын пида 
қылады. «Ер бір-ақ өледі, ез күнде өледі» дейтіні сондықтан. 
Ұлттың тұтастығын, діннің бекемдігін, тіліміздің тазалығын 
[көзінің  қарашығындай  қорғаштайтын да ерлер. 
Дұшпан көзі ғып атқа мініп, жауқайдалағанмен, жеме-жем-
ге келгенде жалтарып кететіндерді «ез» дейді сыншыл халық. 
Ездің мақсаты ерлік көрсету емес, жұрт көзіне түсіп жақсы атты 
атану. Жалған патриоттар, отаншылдар, демократтгар /әрине, 
бәрі бірдей емес/ көз алдайтындар. Бас  қамын ойлаған мансап-
қор, дүниеқоңыздар ер болып жарытпайды. 
Ер — намыстың  құлы. «Ерді намыс өлтірер,  қоянды  қамыс 
өлтірер» деген бар. Ерге айтылған нағыз баға осы. 
Намыс 
Ерлік те, жігіттік те, түптеп келгенде, намыстан күш алады. 
Қайсарлықты кездік десек, соны лыпытып өткірлейтін  қайрақ 
/шарық/ — намыс. Не болса соған намыстанып, шала бүліну 
шынайы намысқа жатпайды. Нағыз ер кең келеді. Болмашыға 
болдырмайды. Айқасатын дұшпаны,  ұстасатын  қарсыласы 
өзімен дәрежелес келсе ғана білек сыбанады. Намысты  қолдан 
беру - жігітке мін. Ерге мүлде лайық емес. Елім деген ерлер, 
қайсар жігіттер бірінші кезекте  ұлт намысына шабады. Жеке 
басының  қамына шала бүлініп, топ жиғанды ар көреді. Ауыл 
363 


арасының  ұсақ-түйек  ұрыс-керіс, дау-дамайына араласа берсе, 
ерде не  қасиет қалады? Онда ол бірегей тұлға атанудан қалады, 
жікшіл болып шығады.  Ұсақталып кетеді. 
Нақ сол  ұсақсыған ерсымақтар бүгінде тамыр-таныстыққа, 
жең  ұшынан жалғасқан сыбайластыққа үйір болып барады. 
Содан да адам адам ретінде өзінің қасиетінен шарай көзге айы-
рылып, доллардың көлеңкесінде қалып жатыр. Мұны қоздыра-
тындар ашкөз, тойымсыздар. Бүтін адами  қасиетті долларға 
айналдырып алып,  қызыл аяқ ақ күмістің, байлықтың буына 
мас болғанды ерім деуге ауыз бара ма?! Жеке адам былай 
тұрыпты, осы күні дүниеге  құныққандар  ұлтының  қасиеті -
тілі мен дінін, ата-баба салтын саудалауға бар. Нағыз арлы 
жанның шырқырап, майданға түсетіні осы тұс. 
Тіл мен діннің, ата  қонысымыздың, салт-дәстүріміздің  ұлы 
қорғаны, сайыпкыраны елім деген Ерлер емес пе! Сол елім деген 
ерлердің жігерін жанып,  қайсарлығын шыңдайтын, ар-ұятын да-
мыл-дамыл сілкілеп,  қалғыған сананы сергітетін,  қаныңды 
жүйткітіп,  қайсарлығыңды өткірлейтін бірегей қасиет - Намыс! 
Намыстан  қол үзген жерде жігіттік пен ерлік жайына қала-
ды.Намыс та  қалғиды, бейжайлыққа бой алдырады.  Қазақта 
«еті өліп кеткен» деген сөз бар, сол намысқа  қарата айтылған. 
Өліп кеткен намысты тірілтіп, серпілтетін дауыс керек. Ол дау-
ыс өнердің үні. Дауылды күйлер мен әсерлі әндер, жүрегіңе 
жетіп, сүйегіңе шабатын жырлар. Оған  қоса ақындардың 
өршіл өлеңдері «елім» деген азаматтың сұсты  қабағы, от шаш-
қан көзі. Намысқа шабатын от жүректі батырлар, бәрі-бәрі на-
мыстың жаужүрек сардарлары. 
Ерте замандарда тақ пен баққа  құныққан озбыр патша 
теліміндегі бағынышты еліне қисынсыз талап қойыпты. «Намыс 
дегенді ұмытасыңдар, түге!» Кімде-кім намысқа тырысса, табан-
да жазаланған. Халық дағдарады. Намыссыздық —  қорлықтың 
үлкені. Намысты  қолдан бермейміз дегендер дарға асылады. 
Бара-бара жігітгерің еті өліп, жүнжи бастайды. Намыссыздық 
бірінші кезекте жүректегі жігерді, қайратты өшіреді. Бірте-бірте 
ардан бездіріп, барша қауымды миғұлаға айналдырып жібереді. 
Күндердің күніңде ел жақсылары бас  қосып,  құпия кеңес 
құрады. Аяққа тапталған намысты  қайтсек тірілтеміз деп. На-
мысты тірілтудің әдісі біреу, ол - бірлесу. Осыған тоқтайды да, 
ара-дара жұрт біріге бастайды. Үлкенге кіші тоқтайды, әкенің 
тілін бала алатын болады. Іні ағасын тыңдайды. Сыйластық 
дендеп, жүрек жұмсарады. Жұмсарған жүрекке намыс  ұялай 
бастайды. Бірауыздылық өліп кеткен намысты тірілтуге себеп-
кер болады.  Қой аузынан шөп алмас бозымдардың да санасы-
364 
на жете бастайды намыстың ұлы қуаты. Ширап, шымырланған 
азаматтар бірінші кезекте дұшпанына айбар көрсетеді. Жауға 
қарсы шабатын дәрежеге жетеді. 
Бұл мысалдан  ұғынатын тәлім біреу - бірлік болмаса, на-
мыс та  қожырайды.  Қазақта «Өзім араз болсам да, намысым 
араз емес» деген аталы сөз бар. Осыншама  ұлан-байтақ жерді 
ата-бабаларымыз  қалайша  қорғаған?! Ненің куаты оларға дем 
берген?  Қалғымайтын сергек намыстың арқасы ғой. Өзі араз 
болса да, намысы араз болмаған. Жеме-жемге келгенде бірігіп 
кеткен. Осы бір  ұлттық  қасиетті келер  ұрпақ қаперде  ұстасын. 
Ендігі жерде жау бізге көріне шаппайды. Жымысқыланып, ал-
дайды, арбайды. Жастарды ата-бабамыз  ұстанған ислам 
дінінен,  ұлттық  қасиетінен, өнерінен, әдебиетінен айыруға 
күш салады.  Ұлттық намысты жоғалтып алған соң, нағыз 
дүбәра /космополит/ болып шығасың. Дүбәра - өзіндегіні 
мансұқтап, сырт елдің өнеріне, әдет-ғұрпына көзсіз табынып, 
қазақ екенін  ұмытады. Осыдан келіп «қазақы намыс» деген 
ұғым туады. Оның мәнісі  қазақ екеніңді мақтан тұту,  ұлтың-
ның барша қазақи қасиетін бойыңа сіңіріп алу. 
Қысқасы, жатқа жақыныңды  қорлатпа,  қазақтық 
қасиетіңнен көз жазып  қалма, намысты ту етіп көтер,  қазақ 
екенінді әркез есіңе алып жүр. Сонда сенің намысың қалғымай-
ды, сергек жүресің. Сергек, сесті азамат ұлттық қасиетінен айы-
рылмайды. Өзінің Алаш азаматы қазақ екенін мақтан көреді. 
Батыры көп халық - намысты халық. Ондай елдің  ұлдары 
елжірек келеді,  қыздарының  қабағы ашық, жанары таза 
келеді.Балаға үлкендер бата бергенде «Таудай жігіт бол!» деп жа-
тады. Ондағысы - өскенде еліңе таудай қорған бол дегені. Батыр-
лық тұқым қуалай ма? Көбінесе тәрбиеден қонады бойға. Қаннан 
да ауысады. Бұрынғылар «батыр ауылының балалары» деп жақсы 
атаның  ұланын төрге шығарған. Бүгінше айтқанда, жастарды. 
Неге төрге шығарады? Елін сүюге баулудың амалы, отаншыл 
болсын дегені. Бабаларындай батыр болсын деп дәмеленгені емес 
пе. «Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді, өспес елдің баласы 
бірін-бірі  қатын дейді» деген аңғартуда көп мағына бар. Батыр-
лықты дәріптеу әдебиетте молынан, мақал-мәтел де жетерлік. 
Жырлар, дастандар, аңыз әңгімелер, ертегілер қаншама. 
Батыр ел  қорғаны, көбінесе, ат үстінде жүреді. Бейбіт 
өмірде де батыр керек. Еңбектегі ерендігі, өнердегі озғындығы, 
ғылымдағы даралығы,  қоғамдағы  қайраткерлігі халқына жұ-
ғысты болып жатса, неге батыр демеске?! Әсіресе, еңбектегі 
жанқиярлық жас  ұрпаққа үлгі. 
Қазақ халқының ең батыры көп ел екеніне жеріміздің кеңдігі 
365 


дәлел. Бүгінгі  ұрпақгың бойыңда батырлық кемшін бе? Халық -
ұлы ана. Оның кең  құрсағынан кілең ынжықтар шығып жатыр 
десек, құдайға күпір боламыз. Тәуелсіздік алып, жаңа заманға бет 
бұрған бүгінгі таңда халықшыл өрендерді көтермелеп, жігеріне 
жігер  қосу - баршамыздың міңдетіміз. «Е, оны  қойшы» деп  қол 
сілтеу, жаппай жайдақсуға соқтыруы мүмкін. «Біз ержүрек батыр 
халықпыз, бізден батырлар көп шыққан. Сендер де өскенде ба-
тыр атанасыңдар» деп, жас өскіннің  құлағына  құя бергеннен 
ұтпасақ, ұтылмаймыз. «Жақсы сөз — жарым ырыс». Тілегіміз түзу 
болуы керек. Шынайы тілек халықты бірлікке бастайтын жақсы 
қасиет. «Шын жыласа, соқыр көзден жас шығады». Нағыз адал 
тілек жасты тіл-көзден қағады. 
Тілек 
Халқымыз — жер жады, содан да батыры көп.  Қазақтар 
кілең ақынжанды, содан да ақыны көп. Батыр көптік етпейді. 
Алайда,  қаптаған ақын не бітіреді деуі мүмкін бір білгіштің. 
Айтып та жүр, айтыла да бермек. Түрікменнің  ұлы шайыры 
Мақтымқұлы: «Елге нәубет төнер болса, жәдігой мен тыңшы 
келер. Елге дәулет қонар болса, ақын менен жыршы келер», — 
деп тоқетерін бір-ақ айтқан.  Қазақ елі басынан  қайғы-қасіретті 
көп өткерген.  Қазақтың соңғы ханы Кенесарының басы сырт 
дұшпанның  қанжығасында кетті. Жігіт сұлтаны Наурызбай 
көрші елдің үй тентегінің  қолынан өлді. Біртуар Мәдидің 
түбіне жеткен кім? Алып күш иесі, асқан өнерпаз Балуан Шо-
лақты жайратқан жауызды түстей алдық па? Адамзаттың 
сұлуы -  қазақтың сұңқар ақыны Сәкенді оққа байлаған 
кімдер? Есіл Мағжанды атқандар опа тапты ма? 
Қазақтың маңдайына біткен марғасқаларының дені сырт 
дұшпанның сұғынан жайраған. Бұрынғы үлкендер «жақсымыз 
атқа мінер-мінбестен жалп етеді» деп күңіреніп отырғанын өз 
құлағымызбен естідік. Ақындық пен батырлықты айта түскенде, 
тілек сөзін қыстыруда еш оғаштық жоқ. Тілеуіміз дұрысталмай 
ісіміз оңалмайды. Бүгінде «тілек» тым жеңіл ұғымға айналып ба-
рады. Отбасылық, дастарқанға арналған тоқтық ишарасы есепті. 
Халық тілеулестікке, тілек тілеуге жеңіл қарамаған. Ұзын жолға 
ниет еткен,  ұзақ сапарға  қамданған азаматтың  қоржынына ана-
сы ырымдап «тілеу азық» салған. Ауылдың батагөй  қариясы: 
«Сапарың оң болсын, жолдасың  қыдыр болсын» деп тілек айт-
қан. Есті әйелдер күйеуі алыс жолға сапарлап кеткенде, 
үстіндегі киімін шешпей  ұйықтаған. Балалар күн сайын  қырға 
шығып жол қараған. Әжесінен үйренген өлеңін қайталаған: 
366 
Қараймын қарайғанға қабан ба деп, 
Атымды қамшылаймын шабан ба деп. 
Сұраймын өткеннен де, келгеннен де, 
Жан әкем сапардағы аман ба деп... 
Баласы майданға кеткенде, әкесі мойнына бұршақ салып, 
Аллаға жалбарынған. Боздағымды аман  қыла гөр деп тілеген. 
Анасы беліне буынған белбеуді шешпеген. Баласы  қиын са-
пардан аман-есен оралғанда, ырымдап жастарға бәсірелеген. 
Адам былай тұрыпты,  ұзын жолға аттанған басиені асыраған 
иті де іздеген.  Ұлып, тынышсызданған тазыга тамақ  құйып ал-
дандырған. Байлаудағы  қыран да иесін жоқтап, шаңқылдаған. 
«Елім» деген батырдың жақсы аты басқаның тақымында кет-
кенде, есті жануар иесін жоқтап ішін тартады екен, адамша 
күрсінеді екен дегенді үлкендерден сан естідік. 
Тілек, көбінесе, үнсіз айтылады. Ішінде жүреді адамның. 
Қарабайыр сөзбен көмкеріледі.  Ұйқасты өлеңмен өріледі. Бұқар 
жыраудың классикалық толғауы тілек-жырдың озық үлгісі: 
Бірінші тілек тілеңіз, 
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз, 
Сұрқия пасық залымның 
Тіліне еріп, азбасқа. 
... Жетінші тілек тілеңіз, 
Төреңіз тақтан таймасқа. 
Тоқсандағы қарт бабаң 
Топқа жаяу бармасқа. 
... Оныншы тілек тілеңіз, 
Анаң бір аңырап қалмасқа. 
Он бірінші тілек тілеңіз, 
Назыменен күлдірген, 
Құлқыменен сүйдірген, 
Ардақтап жүрген бикешің 
Жылай да жесір қалмасқа. 
Ақындар, шешендер, дуалы ауыз үлкендер тілекке салмақ 
түсіре білген. Сөзі майда, жаны таза адамды «тілеуі түзу» деп 
жатады. Үнемі өзі ғана жақсыатты көрініп, күншілдік пен 
көреалмастық сырқатына шалдыққан, жаманат хабарды 
сүйіншілеп жүретін жаужеттіні «Тілеуі жаман оның!» деп  қара 
халық түңіліспен бет бұрған. 
Тілекті әр жан иесі өзі тілеп, алдымен өз көңілін түзулеуге 
тиісті. Өзгеге айтқызған тілек — құр көз алдау. Жүректен шық-
паған тілек жүрекке жетпекші емес. Тілеуің түзелмей, жүрек 
түзелмейді. Бес уақытылы намаз оқыған адам әр намаздың со-
367 


ңында Жаратқанға жалдбарынып, тілек тілейді. Намаздың 
керектігі осыдан. 
«Ей, Алла, жан  қылып жаратқаныңа,  қара жер бастырып 
жүргізгеніңе шүкіршілік! Жаратушы жалғыз Алла, ниетімді 
қабыл ет, не тілесем әзір ете гөр.  Ұлдарымды  ұлықты ете гөр, 
қыздарымды қылықты ете гөр. Мінгішімді желісті ет, жайлауым-
ды өрісті ет, егісімді өнікті ет. Жаратушы ие, отбасымды, ошақ 
қасымды аман қыла гөр. Ел-жұртымды аман қыла гөр. Мұсылман 
баласын, жалпы адамзат баласын аман қыла гөр.Ей, Алла, төтен-
деп келген ажалдан сақта, ниеті бұзық арамнан сақта...» 
Шынайы тілек адамды сергітіп, бойын жеңілдетеді. Бас 
амандығын ғана тілемей, өзгелерге де тілектестік көрсету, дос-
жарлық таныту,  қуанышына ортақтаса білу - адамның ішкі 
сарайын кеңейтіп, әрқилы жағымсыз сезімдерден жүрегіңді 
аулақтатып, күншілдік, көреалмастық, табашылдық тәрізді 
пендешіліктен алыстатады. Жүрегі кең адамның басқаларға 
жаны ашығыш, аяушылық сезімі күшті, тілеулестігі басым 
келеді. Халқымыз мал байлығынан да жан байлығын, оның 
кеңдігін  қалаған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мынаған 
саяды: «Кең болсаң, кем болмайсың». 
Сұқ пен сіле 
Адамның адамсыз күні жоқ. Бес саусақ  қалай бірдей бол-
маса, адамдар да әрқилы. Бойы мен ойы да, мінезі де 
бірыңғайлы болып келмейді. Ниеті мен пиғылы, кісілігі де 
әрқалай. 
Халық — данагөй  ұстаз. Нағыз шебер  ұстаздың шәкіртіне 
үйретері қарапайым болып келеді. Сабағын қиыңдатпай, оңайла-
тып жүргізеді. Әке баласына, ата немересіне ұқтырады ғибратын. 
- Ата, саусақтар неге бірдей болмаған? - деп сұрайды 
немересі. 
- Өздерінен... 
— Қалайша? 
— Былайша, — дейді атасы. — Бас бармақ тұрып «ұрлық 
қылайық», - депті. «Қылсақ,  қылайық», - депті сұқ саусақ, іле 
бармақты  қоштап. 
Ортаңғы саусақ бұларды  қолдамай: «Құдайды  қайте-
сіңдер?!» - деген ғой. Кіші саусақ: «Құдай не  қылар дейсің?!» 
- депті кісәпірленіп. Шынашақ тұрып: «Әкел,  қара тоқтының 
қан-жынына тояйық», — депті. 
Атасы әңгімесін былайша түйіндер еді: «Ұрлыкка жол ашқаны 
үшін Алла тағала бас бармақты бес саусақтың ең тәпелі ғып жара-
368 
тыпты. Ортан саусақ адалдығына бола бәрінен де жоғары тұр. 
Ал шынашақ ниетінің таза болмауынан бәкене болып қалған». 
Ойлап-ойлап,  ұштығына жете алмайды бала. Шынашақ па, 
әлде, сұқ саусақ па барып тұрған кісәпір?! Жарайды, бармақ 
жазасын мықтап тартқан екен. Меніңше, сұқ саусақта бар пәле. 
Бармақты бірден  қоштай кетпегенде ғой, өзге саусақтар күнәға 
батпайтын еді. Мына  қызықты  қараңыз, сұқ саусақ әлі күнге 
ескі әдегінен арылмаған. Өзге саусақтар адам көңіл күйіне бай-
ланысты ербелеңдеп, елгезектік танытып жатқанда, сұқ саусақ 
жыланбастанып, жұртқа сұғын бағыттаудан бір жаңылмайды. 
Өзге саусақтар алақанда бас түйістіріп, жуаси қалғанда, сұқ сау-
сақ көрінгенді көзге шұқығандай етіп оқталудан бір танбайды. 
«Саусағыңмен түртпе,  қолыңмен нұсқама» деген тыйымды 
үлкендерден сан естідік. Саусақ шошайту — жаман ырымға 
жатқызылған. Сұқ саусақ тәрізденіп, не болса соған тесіліп, 
сұқтанатын адамды сыншыл жандар жек көрген . Ондайлар-
дың көрмейтіні жоқ. Аузында да дамылдық болмайды. 
Ғылымда дәлелденген, адамда физикалық  қасиет бар. 
Оның да тартылыс күші, қуаты болады. Сол қуатты биоток деп 
жүрміз. Сұқтанғыш, әсірекөргіш адамдарда жағымсыз әрекет-
ке бастайтын дене толқыны болады екен. Сол толқын әлгі 
сұғанақтың сөзі арқылы, назары арқылы екінші адамға бағыт-
талады. Кісіге деген тілеулестігі басым, ниеті түзу, жүрегі таза 
жандардың сұғы да жұмсақ, жанары аялы келеді. Ондайларды 
мейірімді, жақсы адам дейді халық. Жақсының алақаны жұп-
жұмсақ, сөзі майда келеді. Сілесі мен сұғы, мысы да залалсыз. 
Ондай адамның басқан-тұрғанын ырымдап, жас баланы отырған 
орнына аунатып алады тілеулес әке-шеше. Сұры жаман сұға-
нақтан,  ұры көзденген тілемсектен, көреалмастан халқымыз, 
бірінші кезекте,  ұрпағын  қорғаштаған. Көз тимесін, сұғанақтың 
сұғы өтпесін деп, дүние есігін ашқан сәбиге елеулі адамдардың 
есімін еншілетуден тайсалып, Итбай, Битбай,  Қордабай, 
Көтібар, Байқасқа, Сарығасқа дегізіп, елеусіз ат бере салған. 
Осы күні нәрестеге ат қойғанда халықтық рәсімді аяқасты етіп, 
тым ерсілікке  ұрынамыз. Нұрсұлтан, Олжас, Бауыржан, Сәбит, 
Ғабит, Мұхтар, Тоқтар... есімді азаматтар мыңдап бар. Солар 
атақты кісілердің есіміне лайықты болып өсті ме? Араларынан 
ішкіш, нашақор, қара ниеттер де шығып жатыр... 
Сұғы өткір адамды тілеуі жаманға жатқыздық. Тілеуі түзу, 
жаны жайсаң жақсыларда да сұқ болады. Ондай айрықша 
қасиеті бар кісіні бұрынғылар киелі, көріпкел, әулие, батагөй 
атандырған. Ерекше қастер тұтқан. Балаға ел аузындағы батыр-
лар мен шешендердің, тектілердің, хандар мен билердің есімін 
24-2628 
369 


бергенде, әлгі данагөй тірі болса, назасына  қалармыз деп, о 
дүниелік болса, аруағын тебірентіп жүрерміз деп тартынған. 
Арғын Байдалы би бір ауылға келіп  қонса, түскен үйдің паң 
бәйбішесі немересін «Байдалы, Байдалы» деп айтып,  қоймапты. 
Назаланған би «Не кіші Байдалы тұрар, не үлкен Байдалы тұрар» 
деп тамағын ішпей, теріс қарап жатып  қалыпты. Ертеңінде әлгі 
Байдалы есімді бала құдыққа түсіп кетіпті. Бала бидің назасының 
салдарынан  құдыққа түсіп өлді ме, болмаса, сәйкестік пе, оған 
куәлік бере алмаймыз.  Қазақ ғұрпында жақсының атын дабырай-
тып атау — әдепсіздікке, ерсілікке жатқызылған. 
Ырымдаудың негізінде тәлім-тәрбие жатады. Балаға көз 
тиеді деген сылтаумен  қүні кешеге дейін шешелеріміз  құдай-
дан тілеп алған жалғызына жаман киім кигізіп  қоятын. Бала-
ның бойындағы ерекше  қасиетін, өнері мен  қарым-қабілетін 
дабыралауды және артық көрер еді. Мұның астарында көп мән 
бар. Тым әлпештеп, еркелетіп өсірген бала өсе келе өзімшіл, 
өркөкірек, менмен болып өсуі кәдік. Осы күні балажан әке-
шеше аузынан емшек сүті кетер-кетпестен еркетотайын дүние-
ге  құнықтыруға икемдейді. Жап-жас бала көшеде мәшине ай-
дап жүреді, үстіне кигені үлде мен бүлде.  Қыздарын әлеміштеп 
боянуға және бейімдейді. «Көз тиеді-ау, сұқтының сұғы өтеді-
ау» деп тартыну бүгінгілердің  қаперіне де кірмейді. Әлі күнге 
құлағымызда әкенің  қамқор сөзі: «Балам-ау, алдымда не бар 
деп сақтанып жүр. Жаратқан ие «сақтансаң, сақтаймын» деген. 
Бұрынғының адамдары (шет жағасын біз де көрдік) 
перзенті  қашан ат жалын тартып мінгенше пәле-жәледен  қор-
ғаштап, неше түрлі ырым-жырым (басынан айналдырып са-
дақа беру, жеті шелпек пісіріп, көрші-қолаңға тарату, тұмар 
тақтыру, бас киімге үкінің сапарын тақтырып  қою, үлкендерге 
сәлем бергізіп, батасын алу...) жоралғыларын  қалт жібермей 
орындаған. «Тілдінің тілінен, көздінің көзінен сақтай гөр» де-
ген жалбарынышты сөзді дұғадай күбірлеп айтудан жалықпас 
еді қамкөңіл әке-шеше. 
«Сұқ өтеді, көз тиеді» екен деп баланы топтан алыстатып, 
көпшілікке араластырмау кері әсерін тигізетінін ата-бабалары-
мыз жақсы білген. Ондай бала бұйығы, жуас болып өседі. Ын-
жықтар сондайлардан шығады. Өсер  ұланды ата-ана көпшіл 
болуға баулыған. Тым өбектеген бала болбыр келеді. Болбыр-
лау, босаңға сұқ өткіш, көз тигіш келетіні тағы бар. Жас өскін 
ес білгеннен еңбекке ынталы болса, өнерге, ғылымға ден  қой-
са, пайдалы іспен айналысып, ертерек есеюге талаптанса, онда 
ондай жас бойына  қорғаныш болатын  қуат көзін жинай бас-
тайды.  Қабілет-қарымы жедел  ұшталған, өмірге деген таным-
370 
түсінігі тереңдей бастаған жас  ұланның бойына сыртқы 
күштен, сұқтан қорғана білу қабілеті жинақталады.  Қазақ атам 
көргіш көздің сұғынан, керек десеңіз, астындағы жүйрігін, 
қыран-бүркітін,  құмай тазысын да  қорғаштаған. Атын жабу-
лап, бүркітін оңаша ұстаған. 
Сұқ — тілеуі жаман адамнан болатын әрекет болып 
көрінеді көбінесе. Таңырқағансып, кәреалмастығын тікелей 
сұқты көзімен, аярсыған бүкпе сөзімен екінші бір адамға ба-
ғыттап, жалған тілеулестігін дұшпандыққа  ұластырады. 
Сіле -  қасиет. Мұндай  қасиет кез келген адамда болуы 
мүмкін. Бірақ ондай ерекшелігін тәжірибе  қылмайды. Ел наза-
рындағы белгілі адамдардың қысылғанда қиыннан жол табатыны, 
қауіп-қатерді алдын ала сезіп  қоятыны, әр жағдайды күн ілгері 
болжауы,  қарсыласын аттан аударып кетуі, айы оңынан туып, 
қолға алған ісінің өрістеуі, айтқаны айдай келетіні, үйреншікті 
жағдай. Десек те, мұндай сәттілік айрықша қабілетті, шырамыты 
бар адамдарға тән. Көз байлағыштығы және болады. Сіле -
көріпкелдіктің, әулиеліктің адам бойыңдағы нышанасының жи-
ынтығы. Кісі танығыштық, айрықша сезімталдық, ауа райын бол-
жағыштық, көріпкелдік, төрт түліктің қасиетін тап басу, табиғат 
амалдарының  құпиясын кітап оқығандай таратып беру - адам 
бойындағы сирек кездесетін қабілет. 
Аңыз әңғімелерде  ұшырасатын балгерлер, диуаналар, 
дәруіш-кезбелер, жауырыншылар, бақсылар, болжамшылар 
сілесі бар адамдар болған. Бүгіндегі  құмалақшылар, 
көріпкелдер, сәуегейсымақтар әншейін көз алдайтындар. Сіле, 
көп жағдайда, туабітті  қасиетке байланысты. Екінің біріне 
жұкпайды. Табиғат сынды алып «кітаптан» көз алмайды. Оқи 
береді, оқи береді. Өмірден көріп-білгенін де  қалт жібермейді. 
Ізденеді. Бүгінгі көріпкелсымақтар «түсімде аруақ аян берді» 
деп, бір-ақ түнде «қасиетті» болып шыға келеді. Темірге жан 
бітпеген, электронды  құралдардың жетілмеген кезінде адамдар 
көрегендікті /әулиелікті/ бір-бірінен іздеген. 
Адами  қасиеті сапалы, шыншыл, діндар, батыл да табанды, 
екі сөйлемейтін, айтқаны айдай келетін дуалы жандарды төбе-
ге көтеріп, төріне шығарған. Әлгі шырамытты сілесі бар 
бірегейге ықыласы ауған барша  қауымның. Жақсының наза-
рына ілігіп, көпшіліктің ықыласы түскен шырамытты жан 
қабілет-қарымын жетілдіріп, бүгінше айтқанда, ізденген. Бой-
ындағы сілесін жетілдіруге күш салған. 
Бала кезімнен тарақты Байғозы батырдың сілесі болған 
дегенді санама сіңіріп өстім. Батыр  ұзақ жасаған, өзгеше ару-
ақты болыпты. Жаумен жағаласта  қиыннан жол тауып кетеді 
371 


екен. Біреуге  қаттгы назаланса, әлгі адам назасынан өіп  қала-
тан болған. Назары түсіп, ризаланған кісі де мұрттай  ұшқан. 
Оның тағы бір қасиеті, ауа райын болжағыштығы екен. Бұрын-
ғыша айтқанда, есепшілігі. Жорыққа аттанарда күн  қабағына 
айрықша мән берген. 
Арқа өңірінде /Қарағанды облысыңың шегінде/  Қоңырқұл-
жа, Бәйбіше тауларынан бастау алатын Шажағай өзені бар. 
Бүгінде тартылып,  құрғап барады. Өзеннің бастау алқымында 
тарихи мәні бар «Сасық жартас» деген жер бар. Осы арада қал-
мақтармен үлкен соғыс болған. Тұтқиылдан келіп басып кірген 
жаудың  қарасыны мол болса керек. Байғозы көршілес  қараке-
сек руына жататын Керней Жарылғап батырға хабар жібереді. 
Іле жеткен Жарылғап: «Көзіңіздің тірісінде еліңізді жауға алды-
рып қойғаныңыз қалай?!» — дегенде: «Сәт аусын, Жарылғабым, 
қартайғанда саған бір кереметімді көрсетейін деп отырмын», — 
депті. Сөйткенше болмай, көк жүзіне тақиядай ғана бұлт ойнап 
шыға келіп, аспанды тұтаса торлай бастайды. Бір бие сауым ша-
масында сасық  қара тұман басады да кетеді. Байғозы тасада 
ұстаған жасағына бұйырып,  ұрысты бастаңдар депті. Жарылғап-
тың  қолы да кіріседі шайқасқа. Жау тұтқиылда тиген  қарсы 
күштен абдырап қалады. Біреуді біреу біліп болмайтын, жер ба-
уырлаған тұманның салдарынан  қалмақтар бірін бірі шаншып 
тастай беріпті. Масқара болып жеңіліп, кырғын тауыпты. 
Ел арасында Байғозы батырға байланысты аңыз көп айтыла-
ды. Шежіре бойынша, Байғозының әкесі Наймантай 
Меңілбаймен бір туған, ағалы-інілі. Меңілбай Наймантайдың 
ағасы. Меңілбайдың жеті баласы болған: Өтеген, Байгелді, Са-
сықбай, Бостыбай,  Құттыбай,  Қарабатыр, Жаңабатыр. Осы 
жолдардың авторы Меңілбайдың Құттыбай бұтағынан тарайды. 
Мына жыр жолдары  құлағымызда  қалған еді. Шежіреге 
түсіп, ауыздан ауызға тарап, бізге жеткен: 
Құттыбай Меңілбайдың бір баласы, 
Тентектеу батырлықпен шыққан аты. 
Найза ұстап Байғозыға серік болған, 
Сесінен сескеніпті дұшпан-қасы. 
Көш бастау — ол заманда оңай емес, 
Көшпелі ел ен жайлауда қылған кеңес. 
Қонғанда жаңа жұртқа дау шығады, 
«Анау ғой, менің жұртым мынау емес». 
Дегенді су сепкендей басатұғын, 
Көрмейді көш иесі аса тыным. 
Байғозы тарақтылар көшін бастап, 
Қайыспай көтерген ғой нардың жүгін. 
372 
Ерге сын қай кезде де ер сенімі, 
Байғозы сұспен тыйған селтең ұлды. 
Құттыбай көш жолында шырық бұзып, 
Ағаға қарсы келген тентек іні. 
Сөз тасып өшіктірген кейбір жылмаң, 
Қылышын ағасына ала ұмтылған. 
Күңк етіп батыр сонда суық тартып, 
Қиыстап көш жолынан бетті бұрған.. 
Қорланған киястыққа оты бар жан, 
Жағадан інісі алса несі қалған?! 
Біреуді назаланып қарғағанда 
Әдетпен теріс қарап жатып алған. 
Құттыбай іле ауырды түсі қашып, 
Сілесі ағасының кеткен батып. 
Төмендеп беті бері қарамады, 
Дүрлікті тәмам әулет асып-сасып... 
* * * 
Шарасыздан тезірек, 
Мына амалды тауыпты. 
Қара нардың беліне, 
Қалы кілем жауыпты. 
Жетектетіп келінге, 
Батыр аға үйіне. 
Шұбап жаяу барыпты. 
Қошқардай қып ұл тапқан, 
Аулақ жүрген жыртақтан. 
Биік қабақ бәйбіше, 
Қара шалға зіл батпан: 
«Көтер, — депті, — басынды, 
Кім қоштайды мұныңды, 
Жатырмысың жұтқалы 
Соңыңа ерген ініңді». 
Батыр басын көтеріп, 
Аздап қана жөтеліп: 
«Кештім, - депті, - тентекті, 
Кімнен өтпес қателік. 
Құдай емес, пендемін, 
Шарасызбын қазаға. 
Берекесін берсін артының, 
Қалған бала-шағаға... 
Осымен Құттыбайдың күні батты, 
373 


Назасынан батырдың ажал тапты. 
Артында ошарлы жұрт қала берді, 
Сөндірмей шаңырақтың отын жақты. 
Құттыбай Түркістанға, Әзіреті Сұлтанның іргесіне жер-
ленген. Оның сүйегін үлкен баласы - менің бабам Киікбай 
бастаған балалары апарыпты. (Үлкендердің айтысында сүйекті 
былғарымен  қаптап тастайтын көрінеді.) 
Тұжыра келгенде, кәріпкелдік, сіле мен сұқтың өткірлігі, 
қарғыс-наланың ойсаңдығы, киенің болатындығы күмән ту-
дырмайтын шындық. Әйтсе де, бос  қиялға, негізсіздікке жол 
беру - адам бойындағы сирек кездесетін  қасиетті әлсіретеді. 
Бұрынғының адамдары /ата-бабаларымыз/ Алланың бірлігіне, 
табиғаттың тылсымына бас иіп барып бойындағы  қасиетіне 
жүгінген. Айрықша  қабілетін ел  қажетіне жаратып, 
сәуегейлігін құрғақ долбарға жеңдірмей, Алланың әміріне, жа-
ратылыстың /табиғаттын/ заңдылығына негіздеп барып бол-
жамдаған қауіп пен  қатерді. Ай мен жұлдыздарға, күнге  қарап 
межелеген келер күндердің амалын.  Қыл аяғы  қара таста да 
қасиет бар деп мойындаған. Желкілдеген шөпті де  қастер 
тұтып, жүгірген аң мен ұшқан құстың да қасиет бар деп білген. 
Ата-бабаларымыз бәрінен де адамды жоғары  қойған. Содан да 
сілесі бар адамдарды әулие тұтқан. Рухына бас иіп, аруағына 
сыйынған. Сөйтіп барып Алланың  құдіретіне бас иген. Бір 
күш бар деп білген. Ол күш - Алла, соның құдіреті. 
Жол жиегіңде төңкеріліп жатқан таста да кие болады. Тасты 
жарып өскен талдың да  қасиеті бар. Жылан да киелі. Төрт 
түліктің де, ұшқан құс, жүгірген аңның да шарапаты бар. Әсіресе, 
ананың ақ сүтінің киесі өзгеше. Тоғыз ай көтеріп дүниеге әкел-
ген, одан ақ мамасын емізген, әлпештеп өсіріп жеткізген ананың 
ақ сүтін ақтау оңай емес. Шешені шермеңде  қып  қойған  қатігез 
қайырымсыз баланы анасының ақ сүтінің киесі жібермейді. 
Қасиетті мекендер мен қастерлі жерлер де тегін емес. 
Жанды-жансызды  қастерлеп,  қасиетін бағалауды ата-баба-
ларымыз біздерге аманат етіп  қалдырған. Ол - тыйым. 
Тәрбиені тыйымнан бастаған. Ата-ана өсер жасқа әр нәрсенің 
қасиетін  ұғындырып, тыйым салады. «Құмырсқаның илеуіне 
тиме, ырысың кемиді», «Малды басқа  ұрма, өспей  қалады», 
«Табақты теппе, нанды үгітпей же», «Жерді нұқып тепсінбе»... 
Халық ұғымында киенің ауқымы кең. Бұл — тыйым сабағы, 
тәрбие бастауы. Түйіндегенде, «Тек жүрсең, тоқ жүресің» 
дегені, есерлікке барма дегені, Жаратушыны да, жаратылысты 
да мойында дегені. 
374 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет