Сагат Арынұлы
(Тараз қаласы, 2009 ж.)
XI. АДАМ КӨРКІ - ШҮБЕРЕК
Көйлек
Адамға ең қымбат киім — көйлек. Сағынышты басады,
жүректі жұмсартады. Тұрғылас құрбы-құрдастар, тең құрбы-
лар сағынысып жүздескеңде: «Ит көйлекті бірге тоздырған төл
құрдас едік-ау», — деп балалық шақтарын еске алады. Майдан-
да от кешкендер «қанды көйлек дос едік» деп бір-бірін жан
тартар еді. Қызыл шақа сәбиді қырқынан шығарғанда, үстіне
қырық қасық су құйып, тігісі сыртына қараған көйлек кигізеді.
«Ит көйлегіміз» осы.
Әлі есімде. Тым кішкене кезім. Жұмин Төлеу деген ауыл-
дасымыздың Олжабай есімді жалғыз ұлы болды Сол Олжабай-
дың көйлегін ырымдап иттің мойнына сұғындырып, бізге
қуыңдар деді. «Кім бұрын итті қуып жетіп, мойнына кигізілген
көйлекті алып келсе, сол бала қант-кәмпитке кенеледі». Мен
және ферма бастықтың баласы Төкен, Тілеу, Қайныкеш —
бәріміз итті қуып бердік. Күшік тазы еді, қас қылғанда, айда-
лаға қашсын. Кемі бір бие сауым қуған шығармыз. Қайныкеш
жетіп ұстады. Көйлектік матаға ие болды.
Көйлек — қастерлі киім. Майданға боздақтарын аттандыр-
ған ана жауынгер баласын сағынғанда үйде қалған ескі
көйлегін иіскеп жұбанған. Аңыздан белгілі — Ибраһим пай-
ғамбарға Алладан уахи /әмір/ жетіп, баласы Исмағұлды /Смағ-
ұлды/ құрбандыққа шалмақшы болғанда, баласы әкесіне:
«Көйлегімді анама жеткізіңіз, мені сағынып, аңсағанда, иіскеп
мауқын бассын», — демей ме?
Көйлек қызды құлпыртып, әйел затын өңейтеді. Сұлудың
ажарын ашып, бойжеткеннің тұлға-тұрпатына өң береді.
Ғашығына ынтыққан бозбала:
Жыртылмайды ақ көйлек кең болғансын,
Екі құрбы ойнайды тең болғансын.
Саған айтпай сырымды кімге айтамын,
Көңілімнің ынтығы сен болғансын... —
деп алты қырдың астынан ән шырқаса, қыз да қарап қалмай:
Ақ көйлекті кимедім бөз болар деп,
Қыз ойнаққа бармадым сөз болар деп.
331
Таза сақтап жүректі жүрмін жеке,
Дәл өзіңдей бір жігіт кез болар деп... —
деп көңіл қошын іркіліссіз әнмен жеткізер еді.
Етегі ақ көйлектің желбіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген... -
деп іле жауап қайтарады тендес құрбы.
Көйлек кірлейді. Оны айтасыз, тозады. Көңілді де кір ша-
лады. Ғұмыр аумалы-төкпелі. Дос - сатымсақ, жолдас - опа-
сыз. Ағайын-туыс күншілдікке басады. Ғашықтар да бір-
бірінен салқынсиды. Алайда, ат құйрығын кесісіп, біржолата
кетісе алмайсың. Өйтсең, адамшылығың кемиді. Бәрінен до-
сыңның сатқаны қиын. «Бүгінгі дос ертең жау, мен не қылдым,
япырм-ау?!» - деп Абай да торыққан ғой.
Абайды аямаған дос-жаран сені оңдыра ма? Амалсыздан
сатымсақ достан сырт айналасың. Ескірген көйлекті ауыстыр-
ғандай, опасыз досты басқа біреумен алмастыруға тура келеді.
Осы бір пәлсапалық тұжырымды қазақтың шалдары айтып
отырар еді. Түйін мынау: «Егер сен қаптаған достарыңды
кірлеген көйлектей ауыстырып жаңалап отырмасаң, сатымсақ
бір күндері сені басқаға айырбастап жіберуі кәдік».
Жиырма бірінші ғасырда ғұмыр кешіп отырмыз. Бұл ғасыр
қазақ қауымына базарлық экономикалық қатынасты игеруді
міндеттейді. Қазақ сауданы білмейді деген бос сөз. «Саудада
достық жоқ» дегенді бірінші айтқан қазақтар. Жеке меншік
жүрген жерде, саудада өзім деген көзсіз өлермендік болмай
қоймайды. Оны да халық әу баста заңдастырып қойған. «Ортақ
өгізден оңаша бұзауым артық», «Өзім дегенде өгіздей қара
күшім бар»... Меншіктелмейтін нәрсе жоқ. Иесіздікті әркім-ақ
жаман атайды. Шешелеріміз «Әдіре қалғыр!» деп кейістік
білдіріп жататын. «Әдіре қалғырдың» мәні «иесіз қал» дегені.
Бірдеңені иеленгеннен кейін оның молыққанын қалайсың. Ба-
юдың бастауы бірдеңені иеленуден басталады. Марксшыл
білімпаздар: «Жеке меншік - барша ынсапсыздықтың, адам-
шылыққа жатпайтын қасиетсіздіктің қоздырғышы, бастау
көзі», - деп кесіп айтқан. Байығанның жөні осы екен деп
дүниеге ашкөзденіп, жаныңды салып, тең құрбыңды, ескі
көйлек достарыңды көзге ілмей, оларды жылтыраққа бола са-
тып жіберсең, не болғаны?! «Көрсеқызарға көйлек құтаймас»
деген де нақыл бар. Кербездік те жақсы қасиет. Адам киген
көйлегімен /киімімен/ түр-тұлғасымен, жүріс-тұрысымен,
мінезімен, сөйлеген сөзімен сұлу болуға тиісті. Адам - осын-
дай сан-тарапты қасиетімен адам. «Адам көркі - шүберек,
332
ағаш көркі - жапырақ», десек те, кербездікті сәнқойлыққа
жеңдіріп, көрсеқызарлыққа салынсақ, онда құдай берген
ажар-көрікті қолдан әлеміштеген жасандылыққа ұрынып,
сұлулықты сұрықсыздандырып аламыз. Модашыл ұрғашыны
қазақ атам «күнде қыз» деп кекейді, Тым әсіре боянуға төселіп
алғандарды «қызыл ерін» деп жақтырмайтынымыз тағы бар.
Бәрінен де ескі көйлек құрбыны көзге ілмей, «дүние, дүние»
деп жүгіргіштегеніміз қиын соғады. Қиын соғатыны, ондайлар
Абай таңбалаған «ала жылан аш бақаға» айналып кетуі кәдік.
Қатарлас ескі көйлек достарға не жетсін! «Көйлек - тәніңе
жақын, дос - жаныңа жақын». Аралас-құраластықта ғұмыр
кешкен ата-бабаларымыз ит көйлекті бірге тоздырған жора-
жолдас, қатарластарын артық көрген. Достықты туысқандық-
тан да жоғары қойған. Тер сіңді көйлекті бірге тоздырған ескі
достарға:
Ағайын жат болса да көзге тәуір,
Өкпем жоқ кеудемдегі бәрі бауыр.
Жауымның дәлдеп сұққан найзасынан
Досымның саусағымен түрткені ауыр... -
деп наз тастайды. Көйлек тозады, жақсы жолдас жан құрдас-
тар тозбақшы емес.
Орамал
Орамал - қолғанат. Орамалмен желпініп, сүртінеміз. Хал-
қымыз орамалға айрықша мән беріп, оны дәнекерлікке пайда-
ланған. Кәденің бәсірелі түрі. Орамал бердің деп өкпелеу
ерсілік. Содан да «орамал тон болмайды, жол болады» дегенге
салмақ түсіреді. Ондағысы бергенге өкпелемей кетсін дегені.
Кестелі орамал қыз бен жігітке дәнекер. Махаббат жеңге-
тайы есепті. Бойжеткен сүйген жігітке адалдығын ақ жібек
орамал сыйлап бекіткен. Жігіт те қызға деген көңілін орамал-
мен білдірген. Хатты орамалға түйіп ұсынған. Атақты Біржан
сал: «Шетіне орамалдың түйдім сусар, көп жылқы көгалалы
көлде жусар, кешегі ел қыдырған есер шақта, әні екен Біржан
салған «Жамбас сипар», - деп тегін әндетпеген. Орамалға
тәтті-дәмдіні, әтір, қалампыр түйіп ұсыну тіптен жарастықты.
Сусар - ерекше хош иісті болады.
Орамалдың қадір-қасиеті ел басына ауырлық түскен қиын-
дық жылдарда арта түскен. Орамал- аңсаулы көңілдің сағыны-
шын, қан кешкен жауынгердің елде қалған сүйіктісіне деген
махаббатын құсша алып-ұшып елге жеткізген. Орамалға бай-
333
ланысты әндер туыңдаған. Атақты композитор Мұқан Төлеба-
ев кезінде «Кестелі орамал» әнін жазған /сөзі Асқар
Лекоровтікі /.
Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
Жауынгер жарым, сен есіңе ал...
Деп жазған оюлап хаты бар, -
деп әңдетті жігіттер елуінші жылдары. Бозбала бойжеткенге
ұрынғанда, іргеден қол салғанда:
Қыздарда да қыздар бар ту қояндай,
Діңкемді қыздар құртты түнде оянбай.
Үркектеп суық қолдан кетпесін деп
Ояттым орамалмен дәтім қалмай, —
дейтіні бар. Қайын сіңлісіне көңілі кеткен жігіт қыздың
жеңгесіне орамал ұсынған. Шетінде гүйгені болады.
Орамал - махаббат пен достықтың белгісі есебінде адамдарға
дәнекерлік етеді. Қазақта «Орамал тастамақ» ойыны күні бүгін
жалғасып келеді. Жастар қыз ойнақта, үйлену тойында, түрлі бас
қосуларда бір-біріне орамал ұсынып, шарт қояды. Өлең сұрайды,
көңіл білдіреді. Оңаша жолығысуды ишаралайды.
Орамал - пәктік белгісі. Бір-біріне орамал сыйлаған екі жас
берген серттен айнып кетсе, орамалдың киесіне ұшыраған. Бағы
жанбай сәтсіздікке киліккен. Бүгінде тән саудалау деген сұмдық
шықты. Бәрі-бәрін ақша шешеді дегенді әуезелеп, ардай аппақ,
жаңдай пәк, көңілдей кіршіксіз ақ орамалды аяқтың астына тас-
тап, ардан безіп, арсыздыққа барған жеңілтек жастар шынайы
махаббатты желге ұшқан орамалдай қолдан шығарып алса, онда
оңдай опасыздың өмірде жолы болмайды, Орамалдың киесі ұра-
ды. Махаббат пен достықты желге ұшқан орамалдай
мәнсіздендіріп алса не болғаны?! Атам қазақ «Арыңды жастан
сақта» деп ұл-қызына өсиеттеп кеткен.
Тон
Халықтан сөз қалмаған. «Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақ-
тың терісі артық». Теріні илейді, содан уқалайды. Қолөнердің
керек жері осы тұс. Қойдан келген қойшы /менің әкем/ бойын
жылытып, қаужаған соң, қой терісін қолына алады. Алдымен
өлі етінен арылтып, шелін сыдырады. Қолының қыжыры жет-
пей жатса, ағаш балғамен тоқпақтайды. Әбден қырын сыңды-
рып алған соң, қол талқымен қарпып, уқалай түседі. Бір күн
334
емес, аптаға созылады тері уқалау. Тері кемеліне келгенде был-
бырап жұмсарады, ағарып өңін ашады. Содан соң шешейге ке-
зек келеді. Бабына келген қой терісінен тон, әйтпесе, тері шал-
бар пішіп тігеді.
Біздер елуінші жылдардың балалары қол өнеріне бейім
болдық. Әкеміз тері уқаласа, біз де қарап отырмай, түлкінің
қара қ ас қ а пұшпағын созғылайтынбыз . То қ тыша қ ты ң
елтірісіне жармасатын едік. Өзіміз уқалаған елтіріден шешеміз
тері желетке, әйтпесе, сүмірейтіп құлақшын тігіп беретін.
Елтірі құлақшын бастан суық өткізбейді. Елтірі тымақ та
тігіледі. Тері тон да кидік. Кәдімгі құлын жарғақ та болады
екен. Жарғақ - құлын мен тайдың, ешкінің терісінен істелетін
тонның бір түрі. Бүгінде құлын жарғақты «дубленка» деп
жүрміз. Құлын жарғақтың «дубленкадан» өзгешелігі - табиғи
теріден жасалады, түгі сыртына қаратылады. Ішкі жағын ас-
тарлайды. Тықырлау қозы елтірісінен астар жүргізеді. Тонның
мол пішілген түрін «тұлып» дейді. Тұлып — қойшы мен жыл-
қышыны, жолаушыны суыққа бермейді.
Тірі адамның күйбеңі бітпейді. Адамның күні адаммен.
Бірақ сол адамның адамға деген қысастығында шекара бол-
майды. Дүние үшін қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып
жатады. Дау өршиді, ашу асқынады. Жат тұрмақ жақынынан
да түңіле қол сермеп, жүзін теріс бұрады. Сондайда аңғарлы
қарттар тоқтам айтады: «Уай, жарқыным, тауда да бір мін бар,
астамсып иығымен көк тірейді. Таста да бір мін бар, қаттылы-
ғында қисап жоқ. Сөйте тұра құм үйіліп тау болмайды. Жа-
мандарда да бір мін бар, жақсыны терекше теңсеуден жалық-
пайды. Жақсыда да бір мін бар, елге тұтқа боламын деп
килікпеген жері қалмайды. Өз қолыңды өзің кесе алмайсың,
жақыннан кеткенде бауырды қайдан табасың?! Туыстан безіп,
жатқа қайтіп сыярсың? Қайт райдан! «Битке өкпелеп тоныңды
отқа салма». Ертеңгі күні «Асығыстық — шайтан ісі» болып
өкінішің өзегінді өртесе, қиыны сол болады» деп сабырға ша-
қырар еді.
Белгілі жауынгер акын Қасым Аманжолов майданнан от
кешіп оралып, серілігін перілігі жеңіп кеткенде сол кездегі
билік ақынның еркелігін шам көріп баспанасыз қалдырғанда,
партияға жағынған сыншылар өлеңін негізсіз сынағанда:
«Үстімнен түспей қойды-ау жаман тоным, көк бөрік көк жаға-
ның заманында», - деп шамырқанған ғой. Бұл арада ақын «жа-
ман тон» деп киімінің өңсіздігін, тұрмысының төмендігін
емеуріндеген. Біреуге біреу дос болғансып, дұшпандығын
көлгірлікпен бүркегенде «Тонын теріс айналдырып киді» деп
335
кекейді. Ұлтқа, халыққа дұшпандар «қой терісін жамылған
қасқыр» есепті. Халық ондайларды кешірмейді. Біреуге біреу
іш тартқаңда: «Тонның ішкі бауыңдай жақын емеспіз бе?!» —
деп көңілін ашық ұстайды.
Дау-дамайда, қиын-қыстауда кейбіреулер басамандап жал-
тарады. «Ат- тонын ала қашты» деген сөз тіркесі сондайларға
қарата айтылады.
«Судан тонын аямаған, жаудан жанын аямайды» деген ма-
қал да ғибратты. (Тон суға тисе бырысып, құрысып, киюге жа-
рамай қалады). Елім деген азаматтың батырлығына қарата ай-
тылған.
Тон - жылылық ұясы. Бой-басын жылы ұстап жүрген жас
шымыр- ширақ болып өседі. Әйткенмен де, тонға орана
берудің де қисыны жоқ. «Тоңғақты тон да құтқара алмайды»
делінген.
Ішік — тонмен ағайындас. Аң мен мал терісінен жасалына-
ды. Көбінесе, аң терісінен тігіледі. Содан да қымбат бағалы
киімге жатады. Бағасы тоннан да асып түседі. Қасқыр ішік,
түлкі ішік, бұлғын ішік, құндыз ішік делінеді.
Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,
Жас дәуренді өткіздім бермей баға... -
деп келетін Ақылбайдың (Абайдың баласы) өлеңі бар.
Ішіктің бағасы қымбат. Кедей қолды киімге жатпайды.
Тәуірлер ғана іледі иығына. Кедейдің түсіне де кірмейді. Ішік,
көбінесе, жол-жоралғыға жүреді. Түрікменнің ұлы шайыры
Мақтұмқұлы:
Тойға барсаң тимес саған сыбаға,
Ішік тұрмақ шапан тимес құдада.
Жарлы болсаң сөз билігін сұрама,
Жұп дегенің қанша айтсаң тақ болар, -
деп ішіктің бұлды екенін дөп басады /Дүйсенбек Қанатбаев
аудармасы/.
Ішік турасында ғибратты сөздер тапшы. Кедей қолды
киімге жатпағандықтан көп ауызға алына бермейді. «Ішік
кигеннің іші біледі» деген қанатты оралым әредік ауызға
ілігеді. Бұл тіркесті (мақалға келіңкіремейді) жіліктеп таратуға
келмейді. «Ішік кигенінің іші біліп» тұрғаны бай болғасын, бар
болғасын кидім, менің буыма жығылды дегені шығар. Әйтпесе,
кигенім ішік болғанымен, ішім қоңылтақ мінезге кедей жұқал-
таңмын дегені шығар. Қалай болғанда да осы «іші біледінің»
астарында көп мән бар.
336
Шапан
Ішік пен тоннан гөрі шапан көпшілік қолды келеді. Еңбек-
теген баладан бастап еңкейген шалға дейін шапан киген. Ке-
дей қолды бола тұра - шапан кәделі киім. Жолға, тарту-тарал-
ғыға, сый-сияпатқа дәнекер.
Табиғатпен қойындасып ғұмыр кешу қазақ халқының
пешенесіне бұйырған. Күнкөріс күйбеңіміз көшпелі болғаны-
мен, санамыз саңлақ келеді. Табиғатпен үнсіз тілдесіп, соның
қас-қабағымен болып ғұмыр кешу айрықша озғын сананы,
дархандықты, мәрттікті талап етеді әр жан иесінен. Ата-баба-
ларымыз табиғаттың қабағымен болып, жаратылыстың заңды-
лығына қол көтермеген, бұра тартқа бармаған. Қайта табиғат
амалына бейімделіп, оның тілін табуға тырысқан. Үстіне жап-
сырған киіміне шейін табиғатпен үйлестікте болған. Ұлттық
киімдеріміз жылы әрі ыңғайлы, кедей колды келеді.
Шекпен — түйе жүнінен тоқылады. Матамен тыстайды.
«Шекпендінің шіренген несін алған?!» деген қыжыртпа
сүйкеншіктердің аузында жүреді.
Шидем - жабағы жүннен сырып істелетін сырт киім. Мал-
шыны суыққа бермейді. «Шидем мен тон қабаттап киген мал-
шы, бет қарауға шыдамай сырт айналды...» («Қыс». Абай).
Қыс амалына, қақаған аязға шыдас беру кім-кімге де
оңай емес. Қазақ атам киімнің сұлуынан да жылуына бейілді
болған. Күпі - шидеммен туыстас. Қой жүнінен, түйенің шу-
дасынан матамен астарлап ыңғайлайды. «Күпінің битіндей»
деген тұрақты сөз тіркесі бар. «Жабылып кетті, кептігін жа-
сады» дегенге келеді. Күпінің битіне теңелгендер сондайлық
қауқарлы келмейді, жалғыз-жарымды додалап жеңіске
жететін әңгүдіктер. Осы күні күпі де кимейміз. Биттің де көзі
жоғалған.
Енді шапанға келейік. Шапанды «кедей қолды» деп
өзгешеледік. Шапан жолға ең көп жүретін қазақтың өзіндей
елгезек. Туыстас ағайындар өзбек, қырғыз , татар, түркмендер
де шапанды қастерлейді.
Шапан - тәрбиеге негіз. Халықтың дәстүр-салтының
көрнекі құралы есепті. Бүгінде заң делінетін өмір сүрудің
тәртібін ата-бабаларымыз халықтық тәрбиемен реттеген. Әйел
- еріне қарсы шықпаған, қыз — қылығынан жаңылмаған. Ұл -
ұландыққа тырмысқан. Содан да қазақ елі түрме салмаған.
Сақшы ұстамаған. Телісі /еркесі/ мен тентегін халықтық
тәрбие-тәлімнің талқысына салып, жұмсартып отырған. Ауа
жайылып адасқанды, тура жолдан ауытқыған күнәһарларды
337
22-2628
«алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген қағидаға сыйдырып:
«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», — деп
кешіре білген. Әдепсіз бен көргенсізге, сұғанақ су жұқпасқа,
ұры-қарыға айып салған. Ат- шапан айып төлеткен. Атқа ша-
масы келмегендер айыбын шапанмен өтеген. Төріне озған
үлкенге бас тартып, иығына шапан жапқан. Қарттар дүниеден
озғанда, иісі сіңген шапанын жақын-жуық, немере-шөберелері
иеленген. «Атамның жасын береді» деп ырымдаған. Шапан
түрлерін қайта жаңғыртып, тұрмысқа енгізу — келешек жас-
тардың міндеті. Ұлттық киімдерді ажарландыру оны жаңаша
үлгімен өмірге енгізу кезек күттірмейтін игі шара. Шапанның
құнын түсірмеудің бір жолы — оны бұлдай білу керек. Шапан
жабудың жолы осы екен деп оңды-солды тарату — құнын
түсіреді.
Біз ұлттық киім түрлерін таратуды мақсат етпедік.
Негізгілерін ғана айтып өттік.
Достарыңызбен бөлісу: |