«Түс — түлкінің боғы»
Қай халық болмасын ырымшыл келеді. Жаратылыс заң-
дарына деген түсінік, Жаратушыға деген құлдық — бәрі
тіршілік ырғағына үйлескенде, жақсы әдетке айналып, халық
санасына орнығады. Салтқа айналады. Халық не болса соны
ырым көре бермейді. Санаға сіңісті тәжірибеде шыңдалған
ырым-жырымды қолдайды. Соны әдетке айналдырып, ұрпақ
тәрбиесіне кіріктіреді. Содан да түсті ырымдауға халық ай-
рықша ынталы болған. Ежелгі көне әдебиет үлгілері -
ертегілер мен аңыз әңгімелерде, жыр-дастандарда батырлар
мен хандардың, әулие-әмбиелердің көрген түсін тәжірибе
қылушылық басым. Айрықша шырамыты бар ақылмандар,
данагөйлер, көп жасаған көнекөздер, ел билеген, елдің сөзін
ұстанған дарабоздар, батырлар мен жыраулар көрген түсін
тәжірибе қылып, соны өзі немесе өзгеге жорытып, замана
амалын алдын ала болжай білген. Керт басы үшін емес, ха-
лықтың амандығы үшін көрген түсін жақсылыққа жорыған.
Жаман түс бұқараны қауіп-қатерден алдын ала сақтандыруға
демесін болған.
Абылай ханның көрген түсін Бұқар жырауға жорытуы ел
378
арасында аңыз болып тараған. Хан көрген түстің сарыны қазақ
елінің болашағына сай келген. Жорушы Бұқар ханның түсін
дөп басады. Ұрпағың азады екен, бақа-шаянға айналып кетеді
екен деп тұспалдайды. Расында солай болған жоқ па. Хандық
билік құлап, қазақ халқы орыс отарлаушыларының қарама-
ғына көшеді. Хан ұрпақтары Кенесары мен Наурызбайды
дұшпандары өлтіреді. Сұлтандар биліктен біржолата
шеттетіледі. Абылай ханның көрген түсі айна-қатесіз қайта-
ланады. Бұл аңыз да шығар, аңыздың негізінде шындық бо-
лады.
Көрген түсін өлеңге түсірген ақындардың бірі Дияқажы
/1871-1931 ж.ж./. Азатшыл ақын қызыл империяның солақай-
лығына қалам қайратымен қарсы шыққан. Қаракесектің Кер-
ней бұтағына жатады. Керней Жарылғап батырдың ұрпағы.
«Қызыл белсенділердің» қолынан мерт болған.
Түрмеде жатқанымда түс көремін,
Қыздарым шам жағып тұр егіп егін.
Оянып жолдастарға түсімді айттым,
Иншалла, көгереді әулеттерім.
Түсімді өз басыма жорымадым,
Жанады қыздарымның шамшырағы.
Артымда қарақтарым өсіп жатса,
Құдайдан одан артық не сұрармын...
1930 жыл, 15 апрель
(Өлең Төрехан Майбас құрастырған
ақынның 2009 жылы жарық көрген
кітабының 7-бетінен алынды)
Өз көрген түсін өзі жору өмірде бар тәжірибе. Түсті әркім
әрқалай тәжірибе қылады. Мәселен, өз басым көбінесе жақсы
түсті ырымдаймын. Тауға шығып жүрсем, ісім өнікті болып,
мәртебемнің биіктегені. Түсімде қасқыр соғып алсам, онда мол
олжаға кенелгенім. Түйеге мінсем, бағымның өскені. Тоғай
араласам, ұрпағымның молыққаны. Түсіме сиыр кірсе, егін-
шөптің өнікті болғанына сыйдырамын. Атқа мініп жүрсем,
онда сапарға шығамын, жолым болады деп ырымдаймын.
Түсіме ит енсе, қайткен күнде біреумен іліктесіп қаламын.
Ренішке тап боламын. Көбінесе, көрген түсімді көңілге алудан
қашамын. Ырымшылдыққа берілуден жалтарамын. Нені бол-
сын құдайдан білу керек.
Түсті ырымдауға ата-бабаларымыз айрықша ынталы бол-
ған. Көбінесе, көрген түсін бағдарға алудан ұрпақтарын сақ-
379
тандырған. «Түс — түлкінің боғы» деп мән бермеуді өсиеттеген.
Түсінен шошыған кейбір сужүректі үлкендер тыйып
тастайды.Түстің себеп-салдарын жақсы жатып, жайлы тұруға
сыйдырып: «Жақсы жерде жатсаң, жақсы түс көресің, жаман
жерде жатсаң, жаман түс көресің» деп шындығына көшеді. Ра-
сында, солай. Мәселен, сен адасып, молаға түнедің делік. Шо-
шисың, түсіңе міндетті түрде өлген адамдар енеді. Қарны аш-
қан адам түсінде тағам жейді. Түсті үнемі бағдарға алып,
көрген түсім айнымай келеді деушілік күпірлікке жатады.
Көріпкелдікті тәжірибе қылатындар сондайлардан шығады.
Алланың ісін болжау пенденің қолында тұрған жоқ. Жақсы
түс көремін десең, жайлы жерде жат. Ұйқыға өзіңді дайында.
Жатар алдында таза ауа жұтып, серуендеп кел. Төсекке жатар-
да Алладан тілек тілеп, иман келтір: «Ей, Жаратушы жалғыз
Алла, таң атқанша он екі сағат мың бір рахманың бар. Өзіңнің
жарылқауыңа ділгерміз. Алаңсыз ұйқыны бұйырта гөр. Шай-
танның азғырындысынан қаға гөр. Алланың құлымын,
Мұхаммедтің үмбетімін. Ілгергі-кейінді қателік-кемшіліктерім
болса, кешіре гөр...»
Ұйқы сенің екінші өмірің. Онсыз қунап, әлденбейсің. Ми
тынықпаған соң, істеген ісіңде береке болмайды. Сонымен,
ұйқыға жаттыңыз. Міндетті түрде түс көресіз. Менің сізге
беретін кеңесім — көрген түсіңізге мән бермеңіз. Әншейін бір
күндізгі болған окиғаның мида қайталануы деп біліңіз. Өзі де
солай. Бірақ қорқынышты түс денені түршіктірумен қатар,
көңіл күйді бұзады. Есіңнен кетпейді біразға дейін. Тағы да
сондай түс көресің. Мұндайды үлкендер «Түсім оңалмай жүр»
дейді. «Түсі оңалмағанның ісі оңалмайды» деген мәтел сондай-
дан туындаған. Сонда не істеуің керек? Түс садақасы деген бо-
лады. Жоқ-жітікке тиын-тебеннен қарайлас, әйтпесе, көршіңді
құдайы асқа шақыр.
Көрген түсті жорытудың өз ығыты бар. Түсті міндетті
түрде жорыту деген болмайды. Түске мән бермеген қызығы.
Кейде өңіндегідей ап-анық түс көресің. Әлгі көрген түсің
ертеңгі ісіңнің жол көрсетушісі секілденеді. Кейде
ренжитінің, әйтпесе, қуанатының түсте қайталана береді.
«Тәуекел» деп өз түсіңді өзің жорып, іске кірісесің. Мұның
бәлендей ерсілігі жоқ. Кейде басқаша болып жатады. Шы-
тырманға толы түстен секем алып, қорқыныш пайда болуы
кәдік. Сондай жағдайда түс жорытудан қашпаңыз. Түсіңде
сені ит қапты дейік. Сонда не істеуің керек? Ондай жағдайда
дау-дамай, айғай-сүреңнен қашып жүр. Алла «Сақтансаң,
сақтаймын» деген. Әлгіндей қорқынышты түс қайталануы
380
кәдік өңіңде. Өзіңді жағымсыз істен тежеп, ұстамды болуға
тырыссаң, саған қастық ойлап, шайқасқа тіленген адам қапы
кетуі мүмкін. Көрген түсіңді, мейлі нашар, әйтпесе, жақсы
түс болсын, кім көрінгенге айтып, жорыта бермеу керек.
«Дұрыс жорымаса, түс ауып кетеді» дейді үлкендер. Мұндай
жағдай өмірде дәлелденген..
Аяғы ауыр әйел түс көріпті. Түсін біреуге жорытыпты
дейді. «Түсімде қасқырдың екі күшігі екі емшегімді таласа-
тармаса еміп жатты...» дейді. Әлгі адам ойланбастан «Сені
түбінде қасқыр жазым етеді екен. Сақтанып жүр» дейді
ғой.
Бұл сөз дуалы ауыз қарияның құлағына жетеді. Әлгі кісі
кейіп: «Әттеген-ай, теріс жорыған екенсің. Құрсағында қасқ-
ырдың бөлтірігіндей егіз ұл жатыр екен десең нең кетеді?!» —
деп әлгінің жер-жебіріне жетіпті.
Ақырында әлгі әйелді бір ауылдан екінші ауылға бара жат-
қанда қасқыр жарып кетіпті. Ішіндегі егіз ұлын суырып жепті.
Түсті дұрыс жорудың мысалы осы. Ал өзімнің түс көруге
байланысты жорамалым былай: «Өмірден түйген аздаған
тәжірибеме сүйенсем — жұмырбасты пендені Алла тағала тегін
жаратпаған. Білуімше, әр адамның иесі бар. Құдіреті күшті ие
соған бізді бақтырып қойғандай. Әлгі «бақташыны» періште
дейміз бе, аруақ дейміз бе, әйтпесе, космос адамы дейміз бе,
әйтеуір, бір күштің ықпалындамыз. Сол күш мына біздерді
қауіп-қатерден қақпайлап, түзу жолға салуға тырысады. Оған
біз көне қоямыз ба, амалы таусылған әлгі иеміз /Жаратушы
ие/ енді бізді бір-бірімізге бақтырады. Бірақ адам пақыр
біреудің ақылына бойұсынып, оңайлықпен иліге қойсын ба.
Әлгі қамқоршы адамдардың жуасыған тыншу сәтін /ұйықта-
ған/ тосады екен. Құбыжық болып елестесе, шошытып алар-
мын деп кәдімгі адам кейпінде түске енеді. Жақсылықтан ал-
дын ала хабардар етіп, қауіп-қатерден сақтандырады. Бірақ он-
дайды адамдар тәжірибе қылмайды. Елегісі келмейді. Содан да
әлгі бағымшымен арада кереғарлық туындамай ма.Менің азда-
ған пәлсапам осыған саяды. Бұл долбар, әншейін. Қалай бол-
ғанда да, үмітсіздік — шайтанның ісі. Жақсы түс көремін де-
сең, адамдарға жақсылық жасауға тырыс. Оларға жарқын
мінезіңмен қуаныш сыйла, өзің де көңілді жүруге тырыс.
Ішімдегіні тап деп тымырайма. Бәлденбе. Сонда жақсы ұйық-
тайсың, жақсы түс көресің.
381
Ырым
Ырым — киелі ұғым. Бірдеңені ырымдау, соны бағдарға алу
халықта бар салт. Жақсы көрудің, жан тартудың алғышарты
болып есептеледі. Ырым көру — жақсылықтың жоралғысы.
Қазақ атам ұлына Ырымбай, Ырымбек, Ырымжан деп ат қой-
са, қыздарын Ырымкұл, Ырымбала деп атаған. Халықтың
әдет-ғұрпында бар ырымдарды, ескілікті сенімдерді, бірдеңені
кие тұтуды жоққа шығаруға әсте болмайды. Бұған халықтың
өзі жол берген. «Балды да болма, балсыз да болма» дейді. Бал
аштырудан, құмалақ салдырудан, түс жорытудан, әйтпесе,
бірдеңені кие тұтып, ырым көруден қаш демейді. Десе де, он-
дай сенімдерге тым беріліп кетпе дейді. «Балсыз да болма»
деп аңғартуы соған саяды. Кәде-жоралғы, салт-дәстүрге жа-
татын ұлттық үрдістерді өмір қажетіне асырудың өз ығыты
мен реті бар. Тым ырымшылдық, не болса соны кие тұтып,
әдетке айналдырып кетушілік кісіні қолайсыз жағдайға
ұрындыруы кәдік. Ондайлар не болса соны көңіліне алып,
жұрттан өзін оқшаулап, ерсі жағдайға ұрынады. Қарапайым
мысал. Ақшадан қысылғанда, көршіңнен қарыз сұрайсың.
«Бере алмаймын, — дейді көршің кейістік танытып — түнде
ақша беруге болмайды ғой». Қазақта жоқ бұл қайдан шыққан
ырым?!
Қ ары з сұраған адам саған қысылғаннан келіп отыр.
Мұндай тыйым жоқ қазақта. Халықпен бірге жасасып келе
жатқан ырымды, бірдеңені кие тұтып, қасиет көруді мансұқ-
тап, жоққа шығару сені ұлттық мінез бен ұлттық қасиеттен ай-
ырып, дүбәралыққа /космополиттікке/ ұрындырады. Онда сен
өзге жұрттардың наным-сеніміне еліктеп кетесің.
Өмірде мынадай да ерсі жағдайлар кезігеді. Кейбір адам-
дар құрғақ ырымшылдыққа беріліп, кісісі өлген қаралы үйге
ыдыс-аяғын араластырмайды. Соны өздерінше жаман
ырымға жатқызады. Қазақта бар, оны өз басым жоққа шы-
ғара алмаймын, біреу қайтыс болғанда, жаназаға жиналған
адамдар қыдырғыштап, басқа үйлерге бас сұғып, қона жату-
ды сөлекет көрген. Кісісі өлген үйден қайтуың керек. Бұл
ырымға жатпайды. Өлікті сыйлаудың салты. Енді біреулер,
әсіресе, жастар жол кескенді ырымдайды. Оны жаман
ырымға жатқызады. Бұл - қазақта жоқ әдет. Кіші үлкеннің
жолын кессе, сөлекет көрінеді. Қазақ жол кескенді ырымда-
майды.
Әсіре ырымшылдық, оны әуезеге айналдырып алу — надан-
дыққа жатады. Не болса соны көңілге алушылық жүйкеге әсер
382
етіп, адамды жасық етіп жібереді. Ұйқыны ашып, көңіл күйді
төмендетеді. Бүгіндегі мазасыз ғасырдың /XXI ғ./ адамдары
Аллаға сыйынып, құдайдан білудің орнына, жалған көріп-
келдерге, құмалақшы, балгерлерге, сиқыршыларға жанасып,
солардың аузынан шыққан сөзге құдайдай сенеді. «Құмалақ-
шы сөй деді ғой, балгер бүй деді ғой» деп жалған көріпкелдерге
табынады. Одан да әлгі ырымшыл құдайдан білсін әрнені.
Жақсылық пен жамандықтың алма-кезек ауысатыны тіршілік
заңдылығы екенін, тағдырдан екенін мойындап, тәуекел етіп,
Аллаға көңілін түзулесін.
Мұсылмандық таза өмір шындығынан бастау алады. Шы-
найы мұсылман соқыр сенімге жататын көріпкелдікті,
балгерлік, сәуегейлікті қабылдамайды. Кісінің тағдырын,
келешегін жорып, алдын ала топшылау, Жаратушы құдіреттің
қолында. Тағдырды кесіп-пішетін- Жаратушы ие.
Халық - сыншы. Ондай надандарды, әсіре сәуегейді «Жа-
манның айтқаны келмейді, сандырағы келеді» деп бәтуасыз-
дыққа жатқызады. Пайғамбар хадисінде тайға таңба басқандай
анық жазылған: «Ырым жасаушы немесе жасатушы, бал ашу-
шы немесе бал аштырушы, сиқырлаушы немесе сиқырлатушы
мұсылман емес».
Осыған біреулер шала бүлінеді. Біздер /қазақ жастары/ не
болса соған табынып, сәуегейлердің айтқанына иланып, со-
ларды пір тұтсақ, тасты да, тауды да, жалғыз түп талды да, өлі
ескерткіштерді де кие тұтып, соған бас ұрсақ, онда ерте дәуір-
лердегі сәбилік санадағы адамдар тәрізді күнге, жұлдыздарға,
айға, пұтқа /тас құдайларға/ табынатын дінсіздер болып шық-
паймыз ба?!
Ырым-жырымға еліктеушілік діннен шығаратын жағдай.
Мұндай әсіре еліктеушілік: «Алла — бір, пайғамбар — хақ»
делінетін исламдық ғұрыптың өңін айналдырып, мұсылман-
дықтың бес парызына нұқсан келтіретін адасушылық. Кім
көрінгенді әулие санап, шөпті де, тасты да кие тұтып, ырым-
шыл болып кетсек, мұсылмандықтан алыстаймыз. Бара-бара
сәуегейді пір тұтып, Алланың бірлігін ұмытамыз.
Біз ырымшыл болма деп кесіп айтпаймыз. Не болса соған
иланып, ұсақтап кетпе дейміз. Алланың өзін ақылмен тануымыз
керек. ЬІрымдауды да, кәдені, жол-жоралғыны, бірдеңені кие
тұтуды да ақылға салған жөн. Халықпен біте қайнасқан тәлім-
тәрбиеге ұйтқы дәстүр-салтқа негіз болатын үрдістерді /салтты/
ақылмен қабылдап, өмірімізге бағдаршы етсек, одан ұтпасақ,
ұтылмаймыз.
Үлкендікті халық кие тұтады. Көп жасаған қарттарды, ана-
383
ларды данагөй деп біледі. Аузының дуасы бар деп және
қастерлейді. Қарттгарға қызмет көрсету — жастарға мәртебе са-
налған. Үлкендерді пір тұту - халықтық педагогиканың бас
сабағы. Қолына су құйып, таяғын ұстатып, атқа (мәшинеге
сүйеп апарып отырғызып) қолтықтап мінгізудің өзі кішілерге
ұпай қосатын елгезектікке жатады. Асқа отырғанда, алдын-
дағы етін турап беріп, сыртқа шығарда қамшысын қолына
ұстатып, үстіне шапанын жауып, кебісін аяғына тосу — бәрі-
бәрі ұлтымызға тән сыйластық. Жаңағы ата сыйлаған жас
көргенді атанады. «Болайын деген тай атқа үйір, өсейін деген
жас қартқа үйір» деген мақалдың бір ұшығы үлкенді сыйлауда,
қарияны пір тұтуда жатыр. Ырымдаудың қалыпты түрі - көп
жасаған қариядан жылы сөз естіп, батасын алуды бұлжытпау
болып табылады. Үлкендер отырған жерге жас баланы ауна-
тып алу, мінген атына ырымдап отырғызу, баланың аузына
киелі адамдарға түкірту - зиянсыз, ұлттық ырым. Керек
десеңіз, қастерлі салт.
Ұзақ жасап, дүниеден озған қарттарды, ақ шашты ананы
кие тұтып, киген киімін ырымдап алу, жаназашыларға шапан
үлестіру, орамал тарату бүгінде тым ерсілеу көрінеді. Жана-
заға келген адамдарға жаппай шапан беру халықтық дәстүрге
жатады деуден аулақпыз. Ырымдаудың өзіндік ығыты бар.
Қарияның тіршілігінде киген бір шапанын бер деп сұрауға
тиісті жақыны. Қартайып өлді екен деп жаназашыларға жап-
пай шапан үлестіру - дарақылыққа жатады. Орамал тарату-
дың айып-шамы жоқ. Дегенмен, орамал үлестіру де міндет
емес.
Ырымды ұстанудың ұлттық үрдіске /бірегейлікке/ айнал-
ған түрлері ұрпақ тәрбиесіне демесін. Ырымдауды «Балды да
болма, балсыз да болма» деген халықтық аңғарыммен тұжыр-
ған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |