Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет75/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77
Жеті  қазына 
Мәселе жеті  қазынада. Жеті санынан шыққан жеті  қазы-
наны  қатып  қалған  қасаң  ұғыммен кесіп-піше салуға болмай-
ды. Жеті  қазынаның негізі әріде. Алла бұйыртқан жеті  қазына 
болмаса, адам пақыр кең дүниеде алшандап жүре алмайды. 
Ақыр заман болады. Жеті  қазынаны астындағы атың, соңына 
ерген тазың,  қолыңа  қондырған бүркітің деу, былайша жара-
сымды. Алла бұйыртқан, еншілеп берген жарқыраған күнді, 
мекеніміз — жерді суды, жан-жануарлар мен өсімдіктерді, жеті 
қат көкті, сансыз жұлдызды, он сегіз мың ғаламды  қайда 
қоямыз? 
Жеті  қазынаның  қасиетіне жеңіл  қарауға болмайды. Жеті 
санының киелі болатыны осы себепті. «Жеті рет өлшеп, бір 
кес» дейді халық. Жеті  қат көк, жеті  қат жер. Адам жеті  қазы-
наның жиынтығы есепті.  Қазына өз бойында. Ақыл берді, ой 
берді Жаратушы ие. 
Жеті санының  қасиеті бұл айтқандармен бітпейді. Айта 
берсе, толып жатыр. Десек те, жеті санына байланысты ырым-
жырымға тым беріліп кету жұмырбасты пендені күпірлікке, 
күнәға батуға душар етеді. Не нәрсе болсын жеті санына бай-
ланыстыру — Алланың бірлігіне көлеңке түсіреді. «Бір Аллаға 
сиын, бір басыңды сақта». Бассыздық —ақыл-пайымның 
кемшіндігі, 
Сегіз саны да тегін емес. «Семіз, семіздің арты сегіз». Бы-
лайша, жаңылтпаш сияқты көрінеді. Мал баққан халқымыз 
төрт түліктің  қонды болғанын  қалаған. «Мал шелді болса, 
төлді болады». Демек, малдың өрісін тауып, дұрыстап бақсаң, 
қойын егіздетіп, жылқың үйір-үйір болып көбейеді. Дәулетің 
молығады дегені — «Семіздің арты сегіз» дегені соны меңзейді. 
«Сегіз  қырлы, бір сырлы». Діни  ұғымда «Сегіз пейіш» бар деп 
есептеледі. «Сегіз  қиыр шартарап» деп дүниенің кеңдігін айтқ-
аны. Абай сегіздің мәнін былайша жіктейді: «Қыс бенен жаз, 
күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық болды 
сегіз...» Сегізкөз — омыртқалар түйісі. Барша жүйке талшықта-
ры,  қан айналысы сегізкөзде түйісіп, содан тарайды. Үлкендер 
кіндікті атаға тәу еткенде «Егізім, егізімнен тараған сегізім» 
деп ауыз толтырып айтады. Сегіз — молығудың, көбеюдің ны-
шаны. «Сегізінде сергек болмасаң, семізінде селт етпес атана-
сың». Бұл да казақтан шыққан сөз. Иен далада емін-еркін 
ғұмыр кешкен халқымыздың өнері тар аяға сыймаған.  Қазақ 
өнерпаздарының сахнасы — дала. Дала сахнасында өнерін паш 
еткендерді халқымыз сал-сері атандырған. Серілерді  қастерлі 
389 


сегіз санымен байланыстырып, «Сегіз сері» атандырған. Сал-
дар серілерден гөрі топталып жүретіндіктен, оларды сегіз-то-
ғыз демей, салдар деп көпшелеген. Ел билеу тәртібінде халқы-
мыз сегіздікке айрықша мән берген. «Абылайдың сегіз биінің 
бірі — Байдалы би» деп келетін сөз тіркесі тарих оқулығында 
кездеседі. Билердің саны тек  қана сегіз болған. Сегіз санының 
қасиетіне бабаларымыз айрықша салмақ түсірген. 
Тоғыз саны да осал емес. Ана баласын тоғыз ай, тоғыз күн 
көтереді. «Тоғыз  қатынның толғағы  қатар келді» дегендегі 
тұрақты сөз тіркесі  қат-қабат тіршіліктің  қосарлануының 
айғағы. Былайша, ерсілігі жоқ сөз. Дүниеге сәбидің келуі, ана-
ның босануы - нағыз игілікті  қарбалас екенін меңзегені. 
Келіндеріміз торсық шеке  ұл, аққудай  қыз тауып жатса, одан 
артық нендей  қуаныш бар дейсің! Тоғыз  қатынның толғағын 
үлкендер бекерден бекер ауыздарына алмаған. «Тойған үйге 
тоғыз бар». Мақал, былайша,  қарапайым. Дастарқаны кең үйге 
әркім-ақ барады. Ішіп-жесем деп барады. Халықтың айтайын 
дегені дастарқаны берекелі,  қабағы ашық, кеңпейіл, бергенін 
бұлдамайтын адамдарды  ұмытпа, әрдайым назарда  ұстап, есіңе 
алып жүр, ондай үйге жасқанбай еркін кір дегені. 
Тоғыз  ұялы  ұлттық ойын «тоғызқұмалақ» деп аталады. 
«Тоғыз  қырлы, тоқсан сырлы». Ал керек болса! Ондай азамат-
қа баға жетпейді. Біртуар нағыз ер - солар. Сандаған жолдың 
түйіскен жерін «тоғыз жолдың торабы» дейді. Адам бір 
шешімге келмес бұрын «тоғыз толғанып, тоқсан ойланады». 
«Тоғыз ағайындыдан тобық дәметпе» деген мәтел бар. Төрт 
құбыласы сай туыстар өзімен-өзі болып, сені есіне алмайды 
дегені. Кыз бала тоғызға келгенде балиғатқа /әйелдік белгісі 
байқалады/ толады. «Үйірімен үш тоғыз». Кәде-жоралғы то-
ғыз-тоғыздан болып келеді халықтық салтта.  Қатып  қалған 
рәсім емес. Әркім шамасына  қарап жаңғыртады.  Қазақ 
ғұрпында балаға тоғыз жастан бастап асық жілік  ұстатады. Бұл 
- жігіт болды, сүйегі  қатайды дегені. Ата-анасы баласына то-
ғыз жастан бастап асық ойнауға рұқсат еткен. Тоғыз саны 
көбеюдің белгісі. Сандар тоғызға жеткенде күшейеді. Тоғыз 
қабат торқа, тоғыз көз сауыт, тоғыз  ұлды әке, тоғыз рулы ел, 
тоғыз ағайынды жігіт, тоғыз жол әкелген  құда, тоғыз жолдың 
торабы... болып кете береді. 
Он санына баға жетпейді. Екі  қолдың саусағы - он. Көп 
рулы елді он сан оймауыт, тоғыз сан торғауыт деп 
көтермелейді. «Он сан Алаш» деп те айтады  қазақтарды. 
Зерделі, зейінді адамды «әрнені он саусағындай біледі» деп 
мақтаймыз. Оннан әрі сандар күш ала бастайды. Он бірдегі ба-
390 
ланы «ойын баласы» дейді. Оны ойыннан шектеу - еркін 
жетілуіне кедергі. 
Он екі саны да осал емес. Бір жылда он екі ай бар. 
«Он үште отау иесі» деп баланың  құлағына  құяды ата-ана-
сы. Бұрындары он үштегі  қызды  ұзата берген. Он үш — мүшел 
жас. 
Он төрттегі баланы «ер бала» деп ерекшелейді. Он бесінде 
«бозбала» атанасың.  Қыздарға  қырындау басталады. Он бес-
тен-ақ болар бала белгі бере бастайды. Үлкендер «бозбаланың 
алаң-құлаңы жақсы» деп отырады.  Қыздың  құлпыратын шағы 
- он бес жас. «Қыз он беске келгенде мау тартады, ата-анаға 
сырт беріп жау тартады».  Қайтсін енді, табиғат заңы ғой. 
Он бес пен он алты нағыз білімге ентелеп, кітаптан бас ал-
майтын кез. Осы жаста жүректі таза  ұстауға тырысуың керек. 
Бұл жаста жаман әдеттерге бой  ұрып кетсең, келешегіңе 
нұқсан келеді... 
Сандардың  қасиеті мен жаратылысқа ықпалын, Алланың 
бірлігін айғақтайтын танымдық жағын тарата берсек, бір 
кітапқа сыймайды. Сан — Жаратушы мен жаратылыстың жи-
ынтық  ұғымы есепті. Жаратушы болмаса, жаратылыс та жоқ. 
Сандар болмаса, жаратылыс үйлесімі мен адам тіршілігінің 
мәні де келісімсіз. Керек десеңіз, тіршілік те жоқ. Математика 
жаратылыстың негізі екен. Адамның дүниеге көзқарасының 
негізі де сандар. Сандар физика мен математиканың қолғанат-
тары. Онсыз дамымайды. Сандар жөніндегі әңгіме адамның 
жас мөлшеріне  ұласса, оның айып-шамы болмас. Сонымен, 
жиырма беске келейік. Жиырма бес — толысу кезеңі. Адам 
әбден кемелденіп, дене  қуаты молығады. Тәннің жетілуінен 
жиырма бес жасты тым әсірелеп жібереді ақындар. Жиырма 
бесті тым бозбалашылыққа теліп, махаббатқа  қосақтау сәл ар-
тықтау... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет