«Қой сүйеді қозысын қоңырым деп»
генде ес-түсі қалмайды. Кірерге тесік таппайды. Сиырдың
сейгелдегені турасында күлдіргі әңгіме де бар. Соғыстан
кейінгі елуінші жылдар болса керек. Шет өңірінде ғұмыр кеш-
кен Байнамаздың Жұмаділі деген сөзшең, қара сөзге жүйрік
адам болыпты. Кеңес үкіметі орнаған жылдарда ауылдық дең-
гейде қызмет атқарған. Кейінде қызметтен шеттетіліп сиыр ба-
ғыпты. Сәске түс әлетінде ауданнан шыққан өкілдер сиыршы
Жұмаділге кезігіп: «Сиырың қайда баққан?!» - десе, қисық
сөзге жаны құмар ол: «Өздеріңдей ала шапанды атқамінерлер
алдына салып қуып кетті», - депті түк шімірікпестен. Колхоз
бастығына келіп жүгінген өкілдер: «Әнебір сиыршының есі
дұрыс па?! Табынды өздеріңдей ала шапанды өкілдер алдына
салып қуып кетті деп кекетеді», - демей ме? Сиыршының
«өздеріңдей атқамінерлер» дегені — кәдімгі сәйгел. Ала шапан-
ды дегені сәйгелге сәйкеседі.
Өгіздің шалымдысы болады. Ондай жүйрігін «шаң мүйіз»
дейді. Сиыр қарасан індетіне шалдығады. Сиыршы сиырға
кейігенде «Мәлік келгір!» деп анайы кетеді. Бұзауламайтын
сиырды «қу жатыр, қашақ» дейді. Бұл сөзді адамға қарата айту
бейпілдікке жатады. Бейпіл ауыздық — жаман әдет. «Сиыр
мүйізінен татиды, бейпіл - тілінен татиды» деген тыйымға тоқ-
таған жөн.
Әдетте, қоңыр түс көзге жайлы келеді. Жүрекке де жылы
тиеді. Табиғат құбылысы барша жанды-жансыз қоңырайғанда
сүйкімі артады. Қоңыр кеште қоңырлата ән саласың. Қоңыр
саулықтың соңындағы томпандаған қоңыр қозысын көрген
әке егіз туған қос қоңыры — баласын емірене аймалайды.
Әсерленген ол қоңыр домбыраның күйіне елтиді. Қоналқаға ат
басын тіреген қонағына қоңыр тоқтыны алып соғып, сойып та-
стайды. Қоңыр мінезді қонағы руда жоқ таптырмайтын адам
екен. Үй иесін әңгімеге қарық қылады. Айта берсе, таусыл-
майды. Қоңыр ән, қоңыр домбыра, қоңыр кеш, қоңыр ат,
қоңыр қой, қоңыр қозы...
Қазақ атамыз «қоңыр» атауын, көбінесе, қозы мен баласы-
на қарата айтады. Жақсы өсіп келе жатқан жеткіншегін «қос
қоңырым, үш қоңырым» деп мақтанышпен ауызға алады.
Сонымен, қоңыр қойдың қоңыр қозысына келейік. Қой -
момын жануар. Оған қоңыр сөзінің көбірек телінетіні содан.
Қой отшаң келеді. Алты жүзден аса шөп түрлерін қорек етеді.
Етінің асыл, майының шыны болатыны сол себептен. Бұл
40
түліктің биологиялық қасиетін таратып айтуды мақсат
етпейміз. Десек те, қазақ халқы қойды жылқыдан кейін екінші
орынға қойған. Сан ғасырлар бойында күнкөріс көзі болған
қой түлігіне байланысты аңыз-әпсана, мақал-мәтел бір кітапқа
сыймайды. Біз ең негізгілерін тілге тиек етеміз.
Жетімдік - тағдырдың ең ауыр сыны. Қой малы бір-біріне
үйірсек келеді. «Қойшы ұры емес, қой ұры» деген мақал осы-
дан шыққан. Бір отардағы қойлар екінші отарға қосылып кете
береді. Бірін-бірі жатырқамай, емін-еркін жайылып жүре
береді. Қойдың осы қасиетін ата-бабаларымыз ұрпағына
жұғыстыруға тырысады. Жесірін қаңғытпай, жетімін бауыры-
на тартқан. Енесінен көз жазған қозы заржақ келеді. Біздің
бала кезімізде қой сауылатын. Қозыны енесінен бөліп алып
жеке жаяды. Қозы бағатын баланы «қозышы» дейді. Қозылар
енесіне жамырағанда (енесімен табысқанда) төңірек азан-
қазан болып кетер еді. Қозылардың енесімен табысуын «жа-
мырақ» дейді. Жамыраған қозының дауысы сай-сүйектен өтіп
кетеді. Сөйткен емшек құмарқозы бір күндері тағдырдың
әмірімен жетім қалады. Енесін іздеп маңыраған жетімектің
үнінен зарлы дауыс, сірә да, жоқ шығар. Толассыз зарлағанда,
жүрегіңді жеп тастайды. «Жетім қозы тас бауыр, түңілер де
отығар» дейді халық.
Бүгінде жетімдерімізді елден елге асырып жіберіп жатыр-
мыз. Бұл - халықтық ғұрыпқа қайшы. Ішінен шыққан баласын
қиып кететін қатігез аналардың салдарынан «тастанды бала»
пайда болды. «Тастанды» сөзін бұрындары жесір әйелдерге
қарата айтатын едік. Енді балаға қарата айтатын болдық.
Қойдың да сүйкімсізі болады. Өз қозысынан жеритін ана-
лықты «мекер саулық» дейді. «Тұмсасынан жеріген тұсақ сау-
лық болып жарытпайды» деген нақыл және бар. Мекерлік —
малға да жараспаған. Қатыбастық, әсіресе, анаға сыйымсыз.
Бүгінде заман ыңғайына қарай қатыбас мекер аналар көбейіп
барады. Қандай қиын жағдайда да қазақ әйелі ішінен шыққан
баласын басқаға қимаған. «Іштен шыққан шұбар жылан» деп
бауырынан ұзатпаған. Қой малының балажандығын үлкендер
келін-кепшікке үлгі еткен.
Мал бағу — бұрындары өнер саналған. Кәсіптің ең маңыз-
дысы да қастерлісі — малшылық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еңбек
етуді малшылықтан бастаған. Қой мен түйе баққан. «Қой
семізі — қойшыдан», «Қой шелді болмай, төлді болмайды»,
«Жалқау қойшының қойы құрттағыш келеді»...
Қой түлігінің иесі — Шопан ата. Бәлкім, киесі шығар.
«Қойдың иесі болса, бөрінің тәңірісі бар», «Бөрінің аузы жесе
41
де қан, жемесе де қан» дегенге дес беріп, қасқырды кінәлай
берген де орынсыз. Оны да құдай жаратқан, табиғат тектісі де-
генге саяды. Қой баққан адамның да дөрекісі болады. Момын
хайуанды басынып, таяқ лақтырады. Балағат сөзбен «топалаң
тигір», «қасқырға жем болғыр», «иттің малы» деп көңілін отар-
дан сырттатқанымен қоймай, отарды өрістетіп, жөндеп бақ-
пайды. Осындайлық оспадарлыққа барған жалқау, қатыгез
қойшыға қарата «Шопанды құдай ұрарда қойға таяғы тиеді»
дегенді тұспалдайды. Бұл мақалдың мәні тереңде. Ұстазына
қарсы шығатын шәкіртке, ағасын сыйламайтын ініге, ел
қадірін білмейтін отансызға, ата-ана қадірін білмейтін қатыгез
балаға ас қадірін білмейтін теке тойлы ысырапқорға ескерту
бар түпкі мәнінде.
Баққұмарлар биліктегі көкесі көңілінен шықпай қалса, жа-
ғасынан алып, жұлқысудан тайынбайды. Абайдың «бүгінгі дос
ертең жау, мен не қылдым, япырма-ау» деп торығатыны сол
себептен. Сатымсақ жалған достар да жетерлік. Құдай ұрған
опасыздардың дені солар.
Қойдың отшаң екенін жоғарыда айттық. Өрісін тапсаң,
семіре түседі. Мейлінше семірген қойлар құйрығын тарта ал-
май, қотанда қалып қояды. Тым семіріп, денесін алып жүре ал-
май қалған қойды шайлап қалды дейді. «Шайлаған қойдай ма-
мырлап қалыпсың-ау» дейтіні де бар біреудің біреуге
сүйкеншіктеген қыжыртпасында. Десек те, семіздік малға жа-
расады. Оның ішінде қойдың семіздігі. «Жаман адамды«асыра-
саң, аузы-мұрнынды қан етеді, арық малды асырасаң, аузы-ба-
сынды май етеді». Сондай-ақ қазақта «Семіздікті қой ғана
көтереді» деген мақал бар. Басқа халықтарда жоқ соны ора-
лым. Болмашы бақ, шығымсыз атаққа мардымсып, аз дәулетке
мастанғандардың әуселесін көріп жүрміз. «Жаман атқа жал
бітсе, жанына торсық байлатпастың» керіне бағып, кекірейіп
шыға келеді. Бүгінде сауда-саттықтың дәмін алғандар байып
жатыр. Оған көз алартып, іштарлық көрсету жақсы қасиет
емес. Алайда, сондайлар өздерін халықтан бөлектеп, төбесімен
көк тірейді. «Жаңа байығанмен қоңсы / к ө р ш і / қонба»
дегендегі тұжырым осы.
Халық - ұлы ұстаз. Ұстаздан сөз артылмайды. «Жақсыдан
жаман туады, бір аяқ көжеге алғысыз. Жаманнан жақсы туа-
ды, адам айтса нанғысыз», «Адам айтса нанғысызды» қораш-
сынып, жолына кедергі болатындар, күндейтіндер бар. Сон-
дайларға қарата «Қой асығы демеңіз, қолайыңа жақса, сақа
ғой» дейді дана халық.
Қойшылыққа байланысты кәсіптік сөздер /терминдер/
42
бүгінде қолданыстан шығып, көнеріп барады. Қотан - үй
қасында қой жататын орын. Осыдан қотандау (қойды жусап
тынығатын орынға иіру) деген сөз шыққан. Қойды қотанға
иіреді. Бүгінде қойды шарбаққа қамайды. Үлкеңдер жастарға
бата бергенде «Қойың қотанды, отбасың ошарлы болсын» деп
ізгі тілегін білдіреді. Қой өрістейді, жайылады. Иіріліп жусай-
ды. Күйекке түседі. Ертеректе қошқарға күйек тағылған. Қош-
қардан күйек алынып, қойды қашыра бастағандағы күз
мезгілін «күйек алу науқаны» дейді. Әр кәсіптің ығыты бола-
ды. Дер кезінде, мезгілімен атқарылып, жедел жүзеге асуы ке-
рек. Осыны науқан дейді. Мал баққан ауылдар күйек алу нау-
қаны, көктемгі қой төлдету науқаны, қырқым науқанымен
абыр-сабыр болып жатады. Қой түлігінің бейнетпен бағылаты-
нын осыдан-ақ шамалауға болады.
Малға жанашырлық көрсету халқымызға тән қасиет. Төлін
адамша аялай білген. Малға үйірсек баланың жүрегі жұмсақ
келеді. Өсер жасқа дуалы ауыз қарттар: «Қошқар болар қозы-
ның маңдай тұсы дөң келер, азамат болар баланың бас терісі
кең келер», - деп баға береді. Бас терінің кеңдігі неден байқа-
лады? Мінезінен, жаратылыс-бітімінен ерекшеленеді ондай та-
лапкер. Болмыс-бітімі делінуі тұлға-тұрпатының ішкі
дүниесімен /мінез ерекшелігімен/ үйлесуі. «Асық ойнаған
азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, көтен жеген
озар». Қойдың көтеншегі майлы келеді. Қойшыларға тиесілі
сыбаға. Қой бағудың ата кәсіпке жататынын айта түскен
үлкендер: «Бәрің бірдей тойшы болсаң, жын боларсың, бәрің
бірдей қойшы болсаң, құл боларсың», — деп және ескертеді.
Бір рәуатта «үш ай /үш жыл/ қой баққан адамнан ақыл сұра-
ма» делінеді. Бұдан қой баққан адамның бәрі миғұла, кеще бо-
лады деген ұғым тумаса керек. Бүгінде ортақ шаруашылық да
ралыққа ауысты. Жеке меншік малын иесі өзі бақса оның несі
сөкет.
Малдың індеттен аман болғаны, адамның саушылығының
кепілі. Кеудесінен сыз өтпей, ене сүтін дұрыс еміп жетілген
қозы желқабыз ауруына шалдықпайды. Сүйегі қара
кеміктенбей, сары жілік болып өседі. Қазақта «уызына жарыма-
ған» деген астарлы сөз бар. Уызына жарымай қалған төл қатпа
болып қалады. Жақсы тәрбие көрмей өскен жасты «уызына жа-
рымаған неме» деуде бәлендей әбестік жоқ. Қой аз жасайды.
Сол себептен де қәриялар: «Кәрі қойдың жасындай ғұмырым
қалды»деп отырады. Бұл - тоқтамды сауап сөзге жатады.
Қой - момын түлік. Содан да қазақ атам балаларына Қой-
шыбай, Қойлыбай, Қозыбақ, Тоқтыбай, Қойшықара, Шопан,
43
|