Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды теңгермедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.
Ақбөкен сахараның бота көзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып, —
деп сұлу аңға сұлу жыр арнайды.
Қазақтың көрнекті ақыны Кәкімбек Салықов:
Жез қанат, күміс бауыр киік көрдім,
Дәруі сол ма дерсің күйік-шердің.
Жез марал жүреді екен арасында
Қаптаған Бетпақтағы киіктердің... —
деп жезкиікті «баяғы қызыл ішік киген қызға» ұқсатады. Жа-
ралы киікті «ет кесіп өз етімен берсем-дағы, жөніңе
жібермейтін емдеп қана» деп аяушылық білдіреді. Бір суық
қолды мергеннің киікті атып алмауын тілейді. Ақын барша
сұлулықты жезкиікке теңеп, барынша шалқиды.
Арқарды халқымыз ес көрген, тау еркесі деп іш тартқан.
Көкжалға алдырмайтын өжеттігін жыр қылған. Арқарды кие
тұтуды атам қазақ төрелермен байланыстырады. «Төресіз ел
болмас, төбесіз жер болмас» деп келетін мәтелге сыйдырған-
да, қазак қауымы төре мен қожаны пір тұтқан. Қожа ұлтты
дінге /Исламға/ ұйыстырса, төре ел билігіне араласып, билік
тізгінін қолдарына алған. Содан да төрелерді «арқар ұранды»
деп өзгешелейді. Неге олай аталғанын үлкендерден сұрағаны-
мызда: «Арқар биікте жүретін жануар, төрені төрге шығарып,
ел билігіне араластырамыз. Содан да «арқар ұранды төре
дейміз», — дер еді. Олай болса, арқарды айрықша кие тұтып,
«биіктік тәңірісі» деп ырымдасак оның несі сөкет?
Достарыңызбен бөлісу: