«Сиыр сипағанды білмейді»
Сиыр қасақы келеді. «Сиыр сипағанды білмейді, жаман
сыйлағанды білмейді». Жүріс-тұрысы ептейсіз. Жапалай сала-
ды. Көрінген қашаға сүйкенеді. Жалқау келеді. Жазда өріске
беттеуге еріншектеп, иіріліп жатып алады. Басқа мал тәрізді
үйірлесе қоймайды. Бөтен сиырды жабыла сүзгілейді. «Сиыр
сипағанды, жаман сыйлағанды білмейді» деген мақал осыдан
шыққан. Мал тұяғына ілесіп, жылдың төрт мезгілінің ығыты-
мен көшіп-қонатын қазақ халқы сиырдың көшке ілесе алмай-
тын өнімсіз мимырт жүрісіне бола молықтырып өсіре қойма-
ған. Жайлауда жазылып, табиғат аясында еркін тыныстаған
халқымыз сиырды «сасық» деп жақтырмаған. Үй маңына жо-
лап кетсе сүйкеншіктеп, одан тышқақтап, берекені алады.
Сәйгелдегеңде ес-түсі қалмай, есігі ашық тұрған үйге кіріп те
кетеді. «Сәйгелдеген сиырдай ес-түсіңнен айырылып қалғаның
не?!» дейді оспадарлыққа басқан әумесерге. Әке өлі сүйектеу
ұлына кейігінде «Сиыр шатыс, бойкүйез болбыр неме!» деп
таусылады. Сиырдың бүйрегі біртұтас келмей, буылтықтанып
тұрады. Осыған қарата «Өзі аз қазақты сиырдың бүйрегіндей
бөлшектемей, біртұтас бірлікте қарастырыңдар» деп жатады та-
рихшылар. Бүгінде жадағай жайдақ білгіштер қазақ халқының
тарихына қисынсыз сұғынып, рулық шежірені алға шығарып,
дәйексіз жорамалға барады. Қазақ ұлтының тарихын бірлікте
қарастырғаңда ғана ұлттық мүдденің үдесінен шығамыз.
Бұл түлікте де қасиет бар. Сүтінің молдығы мен етінің ма-
ңызы айрықша. Сиыр терісі қолөнердің өнікті түрі
өрімшілікке сеп. Сиыр терісінен былғары жасалады. Қамшы,
жүген, тартпа, құйысқан, өмілдірік тәрізді ер-тұрман әбзелдері
сиыр терісінің өнімі. Мінезі ауыр көнтерлі адамды «терісі
қалың, өгіздей көмпіс» деп ерекшелейді. Ежелгі әдебиет үлгісі
жыр-толғауда мал терілері сөздің көркемдігін күшейтуге
септеседі. Бұқар жырау «Керей, қайда барасың?» деген толғау-
ында «Мен — арғын деген арыспын. Азуы кере қарыспын. Сен
бұзау терісі, шөніксің /Шөнік — насыбай салатын жарғақ қал-
та/. Мен - өгіз терісі, талыспын /Талыс — етікшінің етік
тігетін саймандарын салатын тері ыдыс/» деп ел бірлігіне бола
бөлек қос болып елден жырыла көшкен керей ұлысына салмақ
салады.
Жас бұзаулаған сиырдың бұзауы шетінегенде бұзау
терісіне шөп тығып сиырды алдаусыратады. Тілімізде «тұ-
лыпқа мөңіреген сиырдай» деген тұрақты сөз тіркесі бар. Бол-
машыға алданғандарға қарата айтылады. Бәлендей ерсілігі
37
38
39
жоқ. Қисынсыздыққа келтірген желеу. «Сиырдың сүті —
тілінде», «Емшек те сатулы». Дұрыстап баға білсең, емшегінен
сүт сорғалап тұрады. Кейбір мінезі келіспегендерге «сүзеген
сиырдай көзіңді шатынатпа» деген тыйым бар. «Ел жатса да,
енекем жатпайды» /жұмбақтың шешуі — сиырдың мүйізі/.
Сиыр жылы берекелі жылға жатқызылады. Сиыр жазда
еріншектеп көп жата берсе, кыс қатты болады делінеді. Бұл
түліктің шалымдысын /жүйрігін/ «қара тіл» деп өзгешелейді.
«Шаң мүйіз» өгіздер шапқан атқа жеткізбейді. «Көшкен елдің
бұқасын еру елдің танасы басынады» деген астарлы сөз бар
/Еру ел - қонысында отырған ауыл/. «Бұқаның өзі қартайса
да, мұрны қартаймайды» дегендегі халықтық аңғарымда астар
бар. Бозбала шақтағы жігітшілігін ұмытпай, егде тартқанда зи-
нақор атанып, қыз-келіншектерге қырындайтын сұғанақ шал-
дарға қарата айтылған. Ондай «кәріні» ел арасында «шайтан
шал» деп жек көреді. «Бұзық бұқа бұзаумен бірге жайылар» де-
ген де мақал бар. Жас қыздарға бұқаша әукесін созатындар-
дың сазайы. Қай дәуірде де әйел затына суық қол сұғынбай
қоймайды. Жаугершілік замандарда қанқұйлы жау ауылды
шауып, қыз-келіншектерді олжалап кете барған. Бүгінгі таңда,
жиырма бірінші ғасырдағы капиталистік қоғам саналатын ба-
зарлық экономиканың бел алған тұсында ауыртпалық қазақ
әйелдеріне түсті. Әйелді тауар есебінде ұстайтын жабайы
капитализмнің сұғанақтары аруларды пәленбай долларға жы-
ғып, құшағына тартады. Ардан безген аусарлар ақшаның буы-
на елітіп, бұқаша есіріп, он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыз-
дардың пәктік пердесін жыртады. Соны мақтан көреді.
Қиын-қыстау замандарда тарыдай шашылып кеткен аз
қазақ тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға оралып жатыр.
Қытайдан, Маңғұлдан, Иран мен Түркиядан отанына келіп
жатқан қандастарымызды құшақ жая қарсы алудан кенде
емеспіз. Елбасымыздың пәрменді саясаты бұған кең жол ашып
қойған. Әйтсе де, сол елге оралған бауырларымызға көз алар-
тып, кекетіп-мұқататын кекірлер де бар. Олар Қытайдан орал-
ған туысқандарымызды «қытай» деп, Баян-Өлгийден ата
жұртқа қайтқандарды «маңғыл» деп қыжыртады. Қазақ халқы
қай дәуірде де елдесуді қош көрген. «Елге ел қосылса - құт,
елден ел кетсе — жұт» деп халықты бірлікке шақырған. Ауыз-
ша тарих саналатын шежірелік аңыздарда іргелі руларға кеп
ірге қосқан қандастарын бауырға тарту ежелден бар үрдіс.
Елге кеп қосылғандарға көз алартып, «кірме, қоңсы, шүршіт,
қалмақ» деп көкитіндерге: «Көшкен елдің бұқасын еру елдің
танасы басынар», — деген мақал ой салуға тиісті.
Түйедей төзімді түліктің бірі - сиыр малы. «Сиырдың
бұқасы буға семірсе, өгізі бейнетке семіреді». Соғыстан кейінгі
жылдардағы ауыртпалықты көзімізбен көрдік. Жайлауға өгіз
арбамен көшетінбіз. Шөпті өгіз машинамен шабатынбыз.
Қыста шанаға, жазда шөп машинаға, арбаға жегілетін өгіздер
күштілігімен, төзімділігімен ерекшеленеді. Біздің ауылда
«Құртқа» деген қоңыр өгіз болды. Бір өзі тонна тартатын еді.
Көшкімбайдың сары өгізінің даңқы ауылдан асып ауданға
жеткен-ді. Көшкімбай ағамыз сары өгізіне «Құлагер» деп ат
қойып алған еді. Ағайдың өз қолынан шыққан екі аяқты арба-
сы болатын. «Құлагерді» соған жегеді. Жазғы жаңбырды біздің
бала күнімізде «қара дамыл» дейтін. Көкиық болған шөпшілер
жаңбырды сылтауратып демалады. Дамылдайды. «Қара дамыл-
дың» мәнісі осы. Сондай тыныста Көшкімбай көкеміз
Құлагерін /сары өгізін/ екі аяқты арбаға жегіп алып, алыстағы
қойлы ауылдардың орталығы — Айшыраққа тартып кетер еді.
Айшырықта көкеміздің сүйген қызы бар деп естиміз. Қыздың
әкесі дөкей бастық. Сол дөкей бастықтың қызын /жеңгеміздің
есімі — Сауық/ көкеміз өгіз арбамен /1955 ж./ алып қашып,
қыздың әкесі қайдағы бір кедей жігітке барды деп, мені мазақ
қылып, қызымды өгіз арбамен алып қашты деп жатып кеп
ашуланған... Содан алыстағы ауыл бір жаз егер-дегер болып,
соңы, әйтеуір, жақсылықпен тынған еді.
Өгіз күш көлік есебінде ауылдың тынысын ашты, тәлім-
тәрбиеге ықпал етті. Жігіттер той-томалақта өгізбен тақым
тартысатын. Біздер, балалар өгіз жарыстырып, құмардан шы-
ғатын едік. Өгіз төзімді келеді. Алған бетінен қайтпай, өрге
тырмысады. Содан да халқымыз туған ауылының гүлденуіне
септесіп, жан аямай еңбек еткен бейнетқорларды «ауылды
өгіздей өрге сүйрегендер» деп мақтан тұтқан. Табанды да
тұрлаулы бейнетке үнемі иығын тосатын шаруаны «ауылдың
қара өгізі» дейтін еді қариялар. Сиыр малының тәрбие-тәлімге
жанасымы молынан. Қазақ баласына ырымдап «Қарабұзау»
деп те ат қойған. Дуалы ауыз қариялар: «Сөзді қуса дау шыға-
ды, сиырды қуса боқ шығады» деп те тақпақтаған. Бұл түлікті
өсірген Зеңгібаба өмірде болған адам делінеді. Оған байланыс-
ты аңыз шығыс халықтарында молынан. Қазақ қауымы
Зеңгібабаны малсақ, киелі адам деп пір тұтады. Сиырларын өзі
бағады екен. Аямпаз болыпты. Ғұмырында малға таяқ
сілтемеген екен дейді. Шәлкем-шалыс сүзегенге кейігенде
«құдайдан тап» деп налыпты. Содан Алла Тағаланың әмірімен
оқыра деген сона шағыпты. Оқыра сиырдың терісіне жұмырт-
қа тастайды. Сәйгел сонасы дегеніміз сол. Сиырлар сәйгелде-
|