Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет45/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

(Шернияз Жарылғасұлы) 
Далалық социализмнің негізінде орыстық социализм ор-
най  қалды. Ғылыми негізін салған Маркс пен Энгельс және 
Ленин болатын. Бұл социализм халыққа күштеп таңылды. 
Қанмен орнап еді, коммунистік  құрылыс өз-өзінен ыдырады. 
Барсын, өкінетін түк те жоқ.  Қазаққа үйлесетін тұстары бар 
еді. Орыстық социализмге айналып кетті де,  қазақтарды «қара 
орыс» жасауға аз-ақ қалды. Мінезімізді өзгерте алмады. Өз ба-
сым бұған куәлік бере аламын. Мінезімізді өзгертіп жіберсе, 
қазақ болудан  қалар едік. 
Ол да бір өткен заман.  Қанша бүркемелеп, мінезімізді бұза 
қойған жоқ десек те, кінәраты  қалды санада. Ол жөнінде осы 
еңбектің әр тұсында айтылды. Айтайын дегеніміз, заманның 
ықпалы, мінезге келтіретін залалы ғой. Өткен заманалардың 
жаңғырығына  құлақ тосқанда, тозғындыққа  ұшырағанымен, 
азғындыққа  қасарысып, беріспепті  Қазақ елі.  Ұлттық рухы-
мыздың күштілігінен деп білуіміз керек. Беріспей  қайрат 
көрсеткен. Азғындау - жаман әрекет. Жеке адам азса, оған 
аса жұқара  қоймайсың. Бүкіл  қауым азса ше? Ол енді індет 
бірден бірге таралған. Кеңестер одағы коммунистік  құрылыс 
азып тозғандықтан ыдыраған жоқ. Бейқамдықтан тартты са-
зайын. Өтірік айта алмаймыз, біз азғындаған  қоғамнан озғын 
қоғамға аунай салған жоқпыз. Олай десек, Аллаға күпір болға-
нымыз. Содан да бүгінгі саясаткерлер  / б у р ж у а з и я л ы қ 
230 
үстемдік, авторитарлық өктем  қоғам/ кешегі Кеңестер одағы-
ның аясында өмір сүрген адамдарды «төменгі деңгейдегілер» 
деп мін тағады. Халық - сыншы. «Тұсында әр заманның бір 
сұрқылтай» демей ме. Әр ханның тұсында бір сұрқылтай 
делінеді бір рәуатта. Оқырманға түсінікті болу үшін сұрқыл-
тайдың  қандай  құс екенін түсіндіре кетейік. Торғайдың 
үлкендігіндей ғана. Беймаза келеді. Сұрқылтай көзге елеусіз-
деу көрінеді. Ерекшелігі, алдамшы  қимылға жеткізбейді. 
«Бүгінгі  қазақтардың» данасы да бар, шаласы да бар. Бәрін 
күстәналау әділетсіздікке жатады. Олардың біразы барлыққа 
мастанған текетойлы. Мінезсіздер деуге келеді. «Жаман атқа 
жал бітсе, жанына торсық байлатпас» - осылар. Екінші бір топ 
/ұсақ байшыкештер/ өздерімен өздері болады.  Қара халықты 
ұмытып кетеді. Олардан іргесін аулақ салады. Мұндайлардан 
нендей мінез күтесің? Тіл мен дінге пысқырып та  қарамайды. 
Үшінші бір топ бизнесте ірі  қимылдарға барады. Арамнан бай-
ығандар. Сол әдетін жалғастыра бермекші. Бұлардың дұшпа-
нына көрсететін айбаты - оқтаулы мылтық. Көздегені бір-ақ 
мақсат — байығанның үстіне байи түсу. Төртінші бір топ 
билікке  қызмет еткенсіп, өз  қалтасын  қалыңдатуды ойлайды. 
Орынтаққа жайғасқандардың да жетісіп жүргендері шамалы. 
Көбісі жалтақ, көлеңкесінен  қорқады. Бүгін бар, ертең жоқ 
екенін біледі. Есебін тауып  қойны-қонышыңа тыққыштауды 
әсте  ұмытпайды. Сонда бұлардан нендей мінез күтуге болады? 
Шетінен сұрқылтай.  Қырандар қайда? Сұңқарлар ше? 
Шүкір, заң бар. Сол заңды орындатушылар да жеткілікті. 
Бәрін бірдей күстаналау әділетсіздік. Шама-шарқынша  қыз-
мет етеді. Әділ болғысы келеді.  Қызметті таза атқарғаны үшін 
жақсыатты бола алмайды. Неге?  Қоғамды коррупция, жең 
ұшынан жалғасқан парақорлық жайлаған. Адамның күні — 
адаммен. Біреуге біреудің ісі түспей тұрмайды. Жең  ұшынан 
жалғаспасаң, ісің бітпейді. Ісің түскен адам  ұзын арқан, кең 
тұсауға салып діңкеңді  құртады. Әлімсақтан солай. Пара беру-
ге жатпайды. «Сыйға — сый, сыраға — бал». Жең ұшынан жал-
ғасу жаппай етек алып, әдет-дағдыға айналып, асқынып, 
қабындап кетсе не болғаны? Көмейі кең парақорлар халық 
қамын ойлайды дегенге кім сенеді? Коррупция /ке ң аукымды 
пара/ ел шеңберінен шығып, сырт жұрттардың пайда 
іздегендерімен, ауыз жаласуына апарып соқтырса, онда ен 
байлық /жер асты байлығы, жер үсті байлығы/ талапайға 
түскені ғой. 
Рас, бәрі заңмен зеттеледі. Заң босаң болса ше?  Ұлттық 
мақсатқа  қызмет етпей, басқалардың мүддесіне  қызмет етіп 
231 


кетсе, ондай заң босаң болғаны ғой. Біздегі заң, көбінесе, өлі 
сүйек болбыр адамның кейпінде. Көңілжықпас көлгір заңдар-
дан не пайда? Айтайын дегеніміз, заңда да мінез болуға тиісті. 
Біздегі  қолданысқа енетін зандардың дені жұмсақ. Заңымыз да 
жұмсақ, адамымыз да жұмсақсып кетсе, онда сырт дұшпан 
басқа шығып алмай ма? Жалтақсу, көңілге  қарау, өсер жасты 
есіртіп жіберуі кәдік. Бүгінде  қоғамды немқұрайлық,  қауқар-
сыздық жайлап барады. Жеке бастың мүддесіне /жеке меншік-
ті  қорғауға/  қызмет ету, барлықты, байлықты  қорғаштау тым 
асқынып,  қара тобыр тасада  қалып кетуі кәдік.  Қазақ елі ешу-
ақытта ара-дара күй кешпеген, бірлікті  қалаған. 
Төменгі топтағылар не күйде? Ауыл  қазағы,  қала  қазағы, 
қара  қазақтар  қайда жүр? Шүкір, ел аман, жұрт тыныш. Өз 
күнін өзі көрер-ау. Заманға ыңғайласуда, жаңа экономикалық 
саясатқа бейімделуде озғындыққа қол жеткізіп жатса, не дауы-
ңыз бар? 
Нансыз емес. Дүкенде не керектің бәрі бар. Теледидар 
көреді. Нарық қарық қылды. Оған не дау айтарсыз? Мінезі ше, 
жан дүниесі тазарып болды ма? Діндар шығар шетінен. 
Дәстүр-салтынан айнымай,  ұлттық мүддеге  қызмет ете білсе, 
арман не. Өмірде, бірақ, олай болмай жатады.  Ұлттық идеоло-
гия әлсіз дегенді айтады ұлтжанды азаматтар. Осы жазбамызда 
біз де сол сарынды  қоздаттық. Жаһандану дегенді  қоздырдық. 
Соған  қарсы тұрайық деп те білгішсідік. «Қара орыс» бола 
жаздап, әупіріммен аман  қалдық деп те көсемсідік. Кеңес 
өкіметінің  құрдымға батып, енді  қайтып келместей болып 
қарасы батқанына Аллаға мың да бір шүкір деп тәубаға келдік. 
Әсіре сөз емес, шындығы сол. Еркін де Тәуелсіз, дербес 
мемлекетпіз. Оған кім дау айтады. Ендігі  қауіп  қай жақтан? 
Елбасы айтуындай айтып жатыр. Іргедегі көршілерімізді нағыз 
дос-жар деп айта алмаймыз. Сонау мұхиттың ар жағындағы 
Америка, одан берідегі дамыған елдер делінетін Еуропа 
мемлекеттерінің  құлқы адал ма? Еріксіз мысал келтіруге тура 
келеді. 
«...Соғыс бітті, тіршілік сабасына түсті. Жер бетінде ты-
ныштық орнады. Осындай шақта біз өзіміздегінің бәрін: ал-
тын-күміс, асыл заттарымызды, басқа да байлығымызды, күш-
қуатымызды басқаларды миғұла, мәңгүрт етуге жұмсауға 
тиіспіз. Адамның миы, санасы өзгеруге бейім. Дүниені алақұй-
ын етіп, басқалардың асылын жасанды жасыққа айналдыруға 
және солардың жасанды жасығын озғын дүние деп қабылдауға 
мәжбүр етуіміз керек.  Қалайша? Біз Кеңес одағынан /бүгінгі 
Қазақстаннан/ пікірлестерімізді, одақтастарымызды іздеп та-
232 
буымыз керек. Ондағы бас июді білмейтін  ұлттардың өзіндік 
наным-сенімінен айырылуына, жаппай етек алуына жол аш-
қаңда, нәтижесі көп кешікпей белгілі болады. 
Әдебиеті мен өнерін, адами мақсат-мүддесін өшіріп, салт-
дәстүрін мазақ  қылып көрсетіп, суреткерлерінің  қалың 
көпшілігінің көкейкесті ой-ниеттерін зерттеуден, айшықтап 
көрсетуден айырамыз. Әдебиеті, театры, киносы, бәрі де 
анайы, арзан сезімдерді малданатын, мадақтайтын болады. 
Жезөкшелікті, зорлық-зомбылықты, айуандықты, сатқындық-
ты, яғни  ұлтсыздық атаулыны дәріптейтін суреткерсымақтар-
ды  қолдаймыз.  Ұлттық мүддесін  қорғайтын шенеуніктері, 
дөрекі, пәтуасыз, күлкі-келекеге жем етіліп, ескінің сарқын-
шағы делінеді. Екіжүзділік, бетсіздік, суайттық пен сатқын-
дық, бірін-бірі көре алмаушылық, маскүнемдік пен нашақор-
лық, бірінен бірі хайуандық қорқу, өзара  қырқысу, сатқындық, 
білімділерін күндеу мен дұшпандық — осының бәрі оларды ыс-
тан бетер  қақтайды, күйелейді. Төңірегінде не болып жатқа-
нын аңғара алатындар, түсінетіндер азаяды, ал есі барларын 
дәрменсіздікке  ұшыратып,  қолжаулық етіп, өлтіре мазақтап, 
қоғамның сілімтіктеріне айналдырып, масқаралайды. Рухани 
бейшара, байғұс етіп, адамгершілікті мүлде  ұмыттырамыз. 
Ұлтын ойлайтындарды әсіреұлтшыл деп, салт-дәстүрін 
дәріптейтіндерді ескішіл, білімсіз деп өздері мазақ ететін бола-
ды. Бала кезінен, жасөспірім шақтарынан шырғалаңға душар 
етіп, әбден азғындатамыз,  қыздарын ардан жұрдай етеміз. 
Сөйтіп, олардан түйсіксіз, Отансыз тобыр жасаймыз...» 
Бұл үзінді Аллен Даллестің кітабынан алынды. АҚШ-тың 
бүкіл әлемді билеуге тиістігі туралы зымияндық саясаты осы 
жолдардан-ақ атойлап тұрған жоқ па? Бұдан елу жыл бұрынғы 
сарындау, бүгінде толығымен жүзеге асты.  Қызыл империяны 
құлатып тынды. Россия орнында  қалды. Америкаға алдырмай-
ды.  Қару-жарағы сайлы, іші майлы. Бізге,  Қазақстанға аздаған 
бөлігі ғана бұйырды. Оның өзі талапаймен кетті.Нәтижесі 
белгілі. Ел ішінде байлықты бөлісу науқаны жүріп жатыр. 
Бүгінгі саясат жеке меншікті  қолдап, дәріптейді. «Жеке адам 
байымай,  қоғам байымайды» делінетін тезис басты  ұран. Жем-
қорлықтың үдеуі, парақорлықтың асқынуы  ұйымдасқан  қыл-
мысқа айналып, «Берсе  қолынан, бермесе, жолыңнан» 
делінетін дағдыға айналып, насырға шауып кетпесіне кім 
кепілдік бере алады? Әркімге жан керек. Есігі жабылмайтын 
қазақ, төріне шыққанды төредей күтетін  қазақ, асыра шашпа 
жомарт  қазақ, «Бас жарылса, бөрік ішінде,  қол сынса, жең 
ішінде» дейтін кешірімді қазақ, «Өле жегенше, бөле же» дейтін 
233 


қазақ, «Адасқанның айыбы жоқ,  қайтып үйірін тапқанға» 
дейтін кеңпейіл  қазақ, кішісі үлкеніне, баласы әкесіне тоқтай-
тын  қазақ, мылтық орнына  қолына  қамшы  ұстайтын  қазақ, 
ердің  құнын екі ауыз сөзбен шешетін  қазақ, аталы сөзге тоқ-
тайтын  қазақ, аузына арам ас апармайтын  қазақ, дәстүр-сал-
тына берік,  ұлтжанды,  қаншыл  қазақ амалсыздан заман 
ыңғайына бейімделуге мәжбүр. «Адам адамға дос, жолдас, бау-
ыр» делінетін  Құран сөзі, әншейін айтарға болып  қалды. 
«Адам адамға  қасқыр» делінетін батыстық насихат ішімізге 
дендеп енді. Есіктен сығалауды  қойып, төрге озды. Телеэкран 
арқылы тіл  қата бастады. Батыстан келіп жеткен ақпарат тол-
қыны тасқынға айналып,  ұлттық  құндылықтарымызды жоқ 
қылып, типылдап кетуге бар. Сонда  қазақтық мінез,  ұлттық 
қасиетіміз, мыңдаған жыл бойында жинақталып  қордаланған 
дәстүр-салтымыз, тәрбие-тәлімдік  құндылықтарымыз, 
өнеріміз бен әдебиетіміз, адами болмысымыз  қайда  қалады? 
«Әкесі өлгенді де естіртеді» — мәнсізденеді. Мінезіміз орнында 
болатын шығар? Міне, гәп осында болып тұр. Аллен Даллестің 
аруағы риза шығар. Жаны жәннатта болғырдың айтқаны ай-
дай келуін  қарашы. Жә, болары болған шаруа ғой. Біздің 
қаузағанымыз мінез емес пе?! Кәдімгі  қазақтың мінезі.  Қазақ 
барда мінез де бар. Жоғалмайды. Өзгеретінін жоққа шығар-
маймыз.  Қалай өзгеретінін тап басып айтудан аулақпыз. Ептеп 
шамалауға болады. Бұрынғы мінез дағдысынан ауытқи  қойған 
жоқпыз. Нанбасаңыз, атам  қазақтың сөзіне  құлақ түрейік: 
«Жылды жұтқа санамайық, ел өлетін аштық жоқ», «Жау жетті, 
ел көштінің не  қисыны бар», «Шүкір, ел орнында, хан тағын-
да», «Дау қуған пәлеге жолығады, жол қуған қазынаға жолыға-
ды», «Бөлінгенді бөрі алады»... 
Мұның бәрі жалпақшешейлік. Жалпақшешейлік досты 
көбейтіп, дұшпанды азайтады. Оны  қазақ атамыз жақсы 
білген. Балажан ананың балалары шолжаң, еркетотай, 
сідікмасы, жалқау, болбыр болып өседі. Бізге ендігі жерде 
жалпақшешейлік үйлеспейді. Тәрбие-тәлімді ширатпасақ, 
ұрпақ болбырланып, босбелбеу болып, ойына не келсе, соны 
істейтін үйтентек болып шығуы кәдік. Үйтентектер көшенің 
«бомждарына» айналып кетсе, не болғаны?! 
Қазақта «Жауырды жаба тоқу» деген сөз тіркесі бар. Оның 
мәнісі - ит мініп, ирек  қамшылап жүре берге саяды. Өлі сүйек 
болбырлық содан шығады. Бүгінгі  қазақтар /«жаңа  қазақтар»/ 
жалпақшешейлік былай 
қалып, немқұрайлылыққа, 
немкеттілікке ойысқан жайы бар.  Қарақан бастың  қамы, жан 
сақтау күйбеңі, дүниеқоңыздық пиғыл - ортақ мақсат,  ұлттық 
234 
мүддені  ұмыттырып жіберуге бар. «Ел не болса, ол болсын, 
өзім аман болайын» деген көзқарас санада бұрыннан бар, 
бүгінде кемелінде. Сонда  қазақы мінез  қайда  қалады?  Қазақ-
тың  қамын кім ойлайды? Тіл мен дінді кім  қорғаштайды? 
Мінез өзгермейді дейміз.  Қарақан басынан артыла алмаса, 
өзім ғана болайын деген дүниеқоңыздық пиғыл санасына мық-
тап орнап алса, сонда ондай қазақта қазақтық мінез қала ма? 
Бізге тән жағымсыз әдет - тоқмейілдік. Аузымыз аққа 
тисе, үстімізге бүтін шапан ілсек, тақымымыз атқа тисе болды, 
көбеңси  қаламыз. Бүгін бар, ертең жоқ аз ғана барлыққа /бай-
лыққа емес/ текетойлы болып тыраштанамыз. Мінез шығара 
бастаймыз. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас-
тарың» осылар. Не байып жарытпайды, не қазақ болып жарыт-
пайды, шалапісті дүмбілездік әдет мінезсіздіктің көкесі. 
Енді бір дағды - жарамсақтық. Бір киген шапан, бір жеген 
тамағына бола, батагөйсіп, бардың базарын мадақтап өле жаз-
дайды. Көңілжықпастық десек те,  ұрпақ тәрбиесіне кері ықпал 
ететін көлгірлік нағыз. Жарамсақтар  құлқынына бола 
құдығыңа у тастауға бар. Айтақшылдардың үргішіне айналып 
шыға келеді. Жікшілдердің тобына да қосыла салады. 
Қара тобырға кінә  қоя алмайсың. «Жарлының бір тойға-
ны, шала байығаны». Зияткерлер /көзі ашық азамат/ жарам-
сақтанса,  ұлттың  қамының жоқшысы кім боп калады? Сонда 
қазақта жөні түзу мінез  қала ма? Біздегі бір әдет - кісіге жақ-
сыатты көріну. Ондайлар, көбінесе, зияткерлерден шығады. 
Сұлу сөйлейді, астыға көпшік  қойып,  қолпаштауға 
жеткізбейді. Мадақ-марапатты үйіп-төгеді. Досы былай қалып, 
дұшпанын да мақтай салады. Дау-дамайда бұғып  қалады. 
Бітімшілікке жаны  құмар, сондағысы жақсыатты көрініп, төбе 
билік атын алу ғана. Зекіндісі де аз, баланы маңдайдан сипай-
ды, тентекті арқадан  қағады. Сырты сырбаз, ішінің  құнары аз. 
Мұндай типтер басшы болмаса да, басшыға  қосшы болудан 
шет  қалмайды.  Қатарда жүреді. Зейнет жасына іліксе де, сырт 
қалмайды. Бір бөлмені иеленіп отыра береді шағын орынтақта. 
Өзіндік пікірден жұрдай. Пікірін ішінде тұншықтырып, өлтіре 
салады. Бұларды көз алдағыш көлгір десе жарасады. Момын 
қазақ деп айта аламыз ба? Нағыз  қаскөй  қасақылар осындай-
лардан шығады десек, нанармысыз?  Ұлтжанды азаматтардың 
жолына кедергі осындайлар емес пе? Мәймөңкелер бүгінде 
кеңсені жаулап алған. Оларды жағымпаз деп те айта алмайсың. 
Ондай жандайшаптарды бір көргеннен-ақ танып  қаласың ғой. 
Ал мына сыпайысыған біртоға сұлу торы аттай «сүйкімділер» 
саған алдыра ма? Билікке жақын, басшыға жағымды. 
235 


Мәмілегерлікке, тігісін жатқызуға, өзінен зорға сөз келтір-
меуге кәнігі.  Қазақ мұндайларды «мінезсіз» деп жек көрген. 
Мінезіміздің жасып, бірсарындылыққа бейімделуі деп осыны 
айтады. 
Тағы бір топ - көзге түскіштер. Жарамсақтармен ағайын-
дас. Жақсы аттылардың, мәмілегерлердің,  қатарында жүреді. 
Билікке де, жікшілдерге де, халыққа да жақын. Тең орталықта 
жүретіндей ме. Мақсаты не сонда? Ғалымдығы мен өнерпаз-
дығы, кісілігі ешкімнен кем емес. Кескін-кейпі де келіскен. 
Сөзге де бар, үндемеуге де  құмбыл.  Қайда да жұрт назарында 
жүреді. Теледидарды ашып  қалсаң, көз алдыңда тұрады. Ра-
дионы басып  қалсаң да соның дауысы саңқылдайды. Жиын-
жиналыста да төрде сол «көкеміз» отырады. Шетелдік сапар-
ларда делегация  құрамында, міндетті түрде «көзге 
түскіштердің» біреуінің төбесін көріп  қаласың. Көзге 
түскіштердің бүгінде мына өтпелі кезеңде  құдайы жарылқап 
тұр. Ауылда да,  қалада да,  қаптап жүр. Олардың көздейтіні бір 
ғана - мақсат. Жұрт назарында жүрсе болғаны. Әкім-қаралар-
дың, депутаттардың, кәсіпкерлердің, жаңа  қазақтардың шаш-
бауын көтеруді  ұмытпайды. Оларға кір келтіруге жоқ. Тіл, 
дінім, қазағым деп айтса тіліне теріскен шығады. Өйтсе онда ол 
көзге түсуден  қалып  қояды. Көлгір емес пе? Көлгірмен туыс-
тас, бірақ ол емес. Мұндайларды атам  қазақ «тыраш» дейді. 
Тыраштық зиянсыз делінгенмен, адам болмысына көлеңке 
түсіреді. Мінезді мәнсіздендіреді. 
Енді бір топ бар. Өзіндік  қана. Жеке адамның  қасиетіне 
сыйдырғанда, сондайлық бөжекей емес. Өзіндік адам бас пай-
дасынан артылмайды. Пара бергіштер осылар. Жағынуға да, 
жандайшаптануға да бейім. Халық мұндай типтерді іш тарта-
ды. «Өзім дегенде өгіз  қара күшім бар» дегенге сыйдырады. 
Бұлар бүгінде молықты. Көбейіп барады. Жан сақтаудан бас-
қаны ойламайды. Баюға да  құмбыл. От басындық  қана десек 
те, бұларда намысқа шабу,  қазағым деу кемшін. Жаһандану-
ынды, тіл мен діннің мәнсізденуі,  ұлттық  құндылықтарымыз-
дың жойылып бара жатқаны ойландырмайды. Өз күнін өзі 
көрсе болғаны, бұларда не жұмысымыз бар дерсіз. Топқа 
қосылмайтын, жиналыс-жиынға бармайтын, сайлауда  қалыс 
қалатын, ауласынан  қия басып сыртқа шықпайтын томаға-
тұйықтарды момын  қазаққа жатқызуға бола ма? Момын емес 
бұлар, немқұрайлыларың осылар. Өзен өртеніп жатса да мыңқ 
демейді.  Ұраны біреу — «Өзім аман болайын, бала-шағам аман 
болсын». Әркім-ақ солай дейді. Халықтың, ел-жұрттың аман-
дығын кім тілейді сонда? Мұндайларды атам  қазақ «тілеуі жа-
236 
ман» деп таңбалайды. Мінездіге жатқыза алмайсың, мінезсіз 
деуге аузың бармайды, тең орталықтағы дүбәралар. Дүбәра-
лық мінезге шауып кетсе, жан сырқауына айналып кетуі ғажап 
емес. Жұрттан  қашқақтау,  қоғамнан сырт айналу -  ұрпағына 
ауысса не болғаны?! Томаға-тұйықтық кәріні беделден айырса, 
жасты кісікиік әдетке  ұрындырады. Еш адам  қоғамнан тыс 
қала алмайды. Әр адам тәрбиеші боп табылады. Өзі өмір сүріп 
жатқан  қоғамның  қолқанаты.  Қолынан өзгеге жасайтын жақ-
сылығы болмаса да, халқына,  Қазақстанына деген тілегі түзу 
болғаны жөн. Әсіресе, мың өліп мың тірілген қазағына. 
Тағы біреулер бар. Өз өлінше сыншыл, сынампаз өзгені. 
Қоғамда болып жатқан оң өзгерістерді көруге жоқ. Тек 
кемшін тұстарын бадырайтады. «Қазақ оңбайды, ел болмай-
ды» деп те бөседі. Оған салса Елбасы да, әкімдер де, билік ба-
сындағы шенеуніктер де, туған халқының тілі мен діні, өнері, 
әдебиеті де түкке тұрмайды. Кім дейміз бұларды? Білгіш пе? 
Өзінен басқа ешкімді мойындағысы жоқ. Мейлі, өзі білсін 
деп қол сермей салуға болады. Оларың да қара жаяу емес. Әр 
нәрседен хабары бар. Газет те оқиды. Кітапқа да үңіледі. Түн 
ортасына дейін көгілдір экраннан көз алмайды.  Құтқармайды 
бірде-бір телесериалды. Мұндай ата-ананың балалары да 
төріндегі «үгітшінің» шырмауында. Көре берсін-ау, алатын 
тағыдымы бар ма? Жалған оқиғаны малданады. Біреуді біреу 
өлтіре салады. Біреуді біреу  қинайды. Зорлайды.  Қолдарында 
бір-бір пистолет. Махаббат та, достық та, адамдар арасын-
дағы алық-берік мылтық  қарауылымен шешіледі. Кілең  қыл-
мыскерден жас  ұрпақ нендей тәрбие алады? Одан  қалды 
төсек ойнағы. Ашық-шашық дене. Аллен Даллестің көксеп 
кеткені бүгінде /XXI ғ./ толығымен ақиқатқа айналды. Өзіміз 
мінездеген «сынампаз білгіш» дәл сол «батысшыл»  қазақ боп 
шыққан.  Қазақтық өркениет ол үшін ескіліктің сарқыншағы. 
Оның нысанасы әлемдік өркениет, жер шарындағы озғын жа-
ңалықтарды  құтқармайды. Бәрі-бәрі көз алдынан өтіп жатады. 
Аяққа оралғы, санаға тұсау, сезімді оятпайтын ескі заманның 
үрдістері, әдет-ғұрпы, салт-санасы оған түкке тұрмайды. 
Осындайлық озғындыққа жеткен жоғарғы санадағы  қазақты 
мінезсіз дей алмайсың. Бүгінгінің мінезділері осылар. Даукес 
және өздері. Аузыңды жауып тастайды. Сен білгенді мен де 
білемін дейді екі сөзінің бірінде. Әдебиеттің  / қ а з а қ 
әдебиетінін/ «жауы» да осылар.  Қазақшасы кемшін, орыстық 
дәстүрге тәрбиеленсе, оған шара жоқ. Осы  құрғақ білгіштер 
құртады діңкенді. Өнердің - дәстүрлі музыканың да дұшпан-
дары осылар. Сонда  қазақ  қалды ма өзі? Мұндайларды атам 
237 


қазақ «қасақы» деп кейістенеді.  Қасақыдан туған бала да оңған 
емес. 
Осы мінездеуді әрі  қарай жалғастыра берсек онда  қайталау 
боп шығады. Сабағымыздың дәмі кетеді. Абай: «Егер де 
қолымда закон болса, адам түзелмейді дегеннің тілін кесер 
едім», - деген ғой. Он жерден сынампаз болғанымен, ойшыл 
ақын адамның адами  қасиетін жоғары  қояды. Адамның  ұлы-
лығының өзі - оның заманға, өмірге,  қоғамға икемделгіштігі, 
бейімделгіштігі емес пе. Адамды  қатып  қалған  қара тас 
дейтіндер де бар. Жоқ, олай десек  қателесеміз. Жан асырау, 
қайтсе де аз күнгі тіршілікте адамша өмір сүру - адам пақыр-
дың мақсаты сол ғана. 
Енді сол мақсатқа көз жауын алған  қызылды-жасылды 
дүние іріткі сала бастайды. «Әй, мені көресіңдер ме?» — деп 
түлкіше бұлаңдайды. Атам  қазақ: «Дүние -  қызыл түлкі 
бұлаңдаған, бақ тайса ерге дәулет  құралмаған...» - деп дөп 
түседі үстінен. Сонда мінез де ірігені ме?! Ірітпей  қойсын ба 
қызылды-жасылды дүние. Ал ірісін дейік мінез, оны  қалай 
білесің?  Қазақты дүниеқоңыз дегің келгені ме? Адамзат бала-
сы еш уақытта дүниеге дәл бүгінгі кезеңдегідей ентелеп көрген 
жоқ. «Бай - бір жұттық» деуінде тоқтам бар. Тоқтам бүгінде 
бар ма, бар болса атап бере  қойшы. Кінәлаудан аулақпыз, 
ғұмырында байып, байлықтың не екенін білмей келген  қазақ 
бүгінгі таңда жаппай аттанысқа шықты. Тақымында бір-бір 
жүйрік. Ат мінбейді бүгінгі  қазақ. Темір тұлпарды тізгіндейді. 
Сұмдық-ай десеңші, жол апатынан, көлік соқтығысынан май-
ып болып жататындар  қазақтың өрімдей жастары. «Қой 
көрмеген  қуалап жүріп өлтірер» деген мақал бар  қазақта. Со-
ның кері.  Қызылды-жасылды дүние қазақтың есін алып, есірік 
қылып бара жатқанын көріп отырмыз. Соңда дүниеқұмарлық 
та мінезге жатқаны ма? Бұрын да болған ондай-ондай ауытқу-
шылық. Дүние - көздің  құрты, көңілдің дерті екенін білген 
атам қазақ «Кедей байға жетем дейді, бай құдайға жетем дейді» 
деп өлтіре әшкерелеген. Бүгінгі бет алыс басқа бір қауіпті ойға 
оралтады. Адам дүниенің тасасында  қалып бара жатқандай. 
Оның ішінде  қазақтар. Обыр тіршілік  қазақ бейбақты бұл қал-
пында тіке жұтып салуға бар. Көз арбаған  қызылды-жасылды 
дүниенің жарқылы «кел, кел» деп өзіне шақырған сайын теке 
тойлы  қазақ бейбақ еміне ентелеп өліп барады. Біз  қазаққа 
мәшине мінбей жаяу жүр демейміз. Жаныңды ойласаңшы 
дейміз. Бабаларымыз, бірінші кезекте, бастың амандығын 
тілеген. «Басы аманның малы түгел» дегені неге тұрады. 
Дүниеқоңыздық мінезге әсер етпей қоймайды. Өзге тұрмақ 
өзін де ұмытып, тек баюды мақсат еткендерден жөні түзу мінез 
шықпайды. Опасыз да, сатқын да,  қаныпезер де солар болып 
шығады. Ата-бабаларымыз «Мал - жанымның садағасы, жа-
ным - арымның садағасы» дегенді тегін айтпаған. Әдебиетте 
«Көзін шел басқан» деген тіркесті дүниеқоңыздарға, байлықты 
ғана ойлап, өзгені  ұмытқандарға қарата айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет