Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Байланысты:
Tuqyr

IX. ШАҢЫРАҚ 
Баспана 
Алғашқы адамдар баспана ретінде үңгірді паналағаны 
мәлім. Уақыт өте келе олар лашық тұрғыза бастады. Лашықты 
жетілдіріп, шымнан, кірпіштен, ағаштан баспана салуды 
үйренді. «Шым үй», «жер үй», «ағаш үй» делінгені содан. Дала-
лық өмір салтын  ұстанған бабаларымыз киіз үйді тұрмысқа 
енгізді. Оны табиғатқа еліктеп жетілдірді. Киіз үйдің ауқымды-
лығына, керегелерінің санына  қарай бес  қанат, алты  қанат, он 
екі  қанат, жиырма төрт қанат үйлер тігілген. Үзік, туырлығына 
орайластыра, сән-салтанатына  қарата «боз үй», «ақшаңқан 
үй», «ас үй», «қонақ үй», «отау үй», «үлкен үй», «ақорда», 
«көкорда» деп түрліше түрлендірген. Ақорда мен көкорда -
хандардың тұрағы. Ақшаңқан үй сән-салтанатымен көз тарта-
ды. Боз үй тұрмысы орташа адамдардың  құттыханасы.  Қазақ 
әулеттің бас иесі тұрағын үлкен үйді «қара шаңырақ» деп ата-
ған. Отау үй - жаңадан шаңырақ көтеріп, ата-анасынан енші 
алып бөлек шыққан үлкен бала мен ортаншы балалардың 
құтты тұрағы. Уақыт өте келе үлкен үй кенже балаға өтеді. 
Қара шаңырақтың иесі атанады. 
Аттың жалы, түйенің  қомында жүріп, мал тұяғына ілескен 
ата-бабаларымыз көш жолында жол-жөнекей уақытша күрке, 
итарқа, жаппа тұрғызады. Жаугершілікте жорық үйін бірге 
алып жүреді. Жылқышылар қосты тұрақ етеді.  Қос — қасиетті 
тұрақ. Соған байланысты «қара  қос» деп ерекшелеп атайды. 
Әдетте,  қосты тонаушыларға халық «қара ниет карақшы» деп 
қарғыс таңбасын басқан. «Қосты тонаған көмусіз  қалар» деп 
жас  ұрпаққа әрдайым ескертіп отырған. Жолаушы  қара  қосқа 
аялдаса, жарасымға жатқызылған. 
Әулеттің батагөй ақсақалы отырған үлкен үй  қара шаңы-
рақ болғандықтан, ру-әулет, ағайын арасында өршіген дау-да-
май, өкпе-араздық осы үйде талқыға түсіп, бітімгершілікке 
жол ашылған. Үлкен үй татулықтың  ұясы атанып, атадан ба-
лаға мирасқа беріліп келген. 
Қара шаңырақты  қастер тұту күні кешеге дейін жалғасын 
тауып келді. Әр атаның үлкен үйі болған. Үлкен үйдің төріне 
әйелдер шықпаған, жастар да әдеп сақтаған. Бұдан бірнеше 
ғасыр бұрын өмір сүрген атақты батырлар мен әулиелердің, 
248 
билер мен жыраулардың, ру басылардың  қара шаңырағы күні 
кешеге дейін сақталып, жалғасын тапты.  Қара шаңырақты кие 
тұтып  қастерлеу - жас  ұрпақтың ата-бабадан  қалған дәстүрлі 
үрдістерді әрі  қарай жалғастыруына игі ықпал етті.  Ұрпақтар 
сабақтастығының үзілмеуіне септігін тигізді. Бүгінгі тілмен 
айтқанда,  қара шаңырақ әр атаның, әулеттің мұражайы 
іспетті. Хатқа түскен шежірелік жазбалар, бұрынғы өткен ай-
тулы тұлғалардың, әулие-әмбиелердің, темір жақ шешен-
дердің, ту  ұстаған батырлардың тұтынған заттары мен киген 
киімдері,  қолына  ұстаған  қамшысы,  қару-жарағы,  қолданған 
ыдыс-аяқтары  қара шаңырақта сақталып келді. Осы бір игі 
үрдісті бүгінде неге жалғастырмасқа? Сені ер жеткізіп өсірген 
ата-анаңның, бұрынғы өткен аталарыңның көзі (киім-кешек, 
сыйлыққа алған заттары, тағынған орден-медальдары, жазған 
еңбектері, т.б.) келешек жастарға мұра болып, педагогиканың 
тілімен айтқаңда, көрнекі құрал ретінде ұрпаққа кызмет етпей ме. 
Үйге,  қара шаңыраққа байланысты тәлімдік тыйымдар, ма-
қал-мәтелдер мен ғибратқа толы аңыз әңгімелер жетерлік. 
Мәселен,  қосты тонағандар жазаланатын болған. «Қорқарың 
бар,  қосты неге тонайсың?!» деп дүрелейді екен ұрыны. Үлкен 
үйдің төріне көңіліңді адалдап, ізгі ниетпен ғана шығуың ке-
рек. Көңілінде арамдық болса, онда сені  қара шаңырақтың 
киесі ұрады. 
Қысқасы, шаңырақ киелі  ұғым екенін атам  қазақ ерте за-
маннан айтып кеткен. Біреудің төрінде отырып дауыс көтеріп, 
орынсыз мінез көрсеткенді үй иесі (отағасы): «Шаңыраққа 
қара!» — деп тыйып тастаған. Онысы шаңырақты сыйла дегені. 
Бұрынғылардан  қалған салтты, тыйымды еске салғаны. «Отау-
ын сайламай, көсеуін сайлайды» деген мәтелдің тәрбиелік мәні 
дау туғызбайды. Алдымен жар таңда, содан соң ғана дүние жи 
дегенге саяды. Кейбір берекесіздердің пайда көздеп,  ұсақсып 
кететінініне келіңкірейді.Бүгінде бұл мәтел «Үйлену оңай, үй 
болу қиын» деген жаңаша мәтінмен айтылып жүр. 
Отбасын  құруға, ерлі-зайыпты болып өмір сүруге, бас 
құрап түтін түтетуге үлкен дайындықпен келген жөн. Бүгін 
қосылып, ертең ажырасып жату ата-бабамыздың салтына  қай-
шы әрекет. «Отан - отбасынан басталады» деген  қанатты сөз 
тегін айтылмаған. «Ажырасу» деген сөз  қазақ  ұғымында өте 
ауыр түсініктердің бірі. Ата-ана екі жасқа тілек тілегенде 
«Құдай айырмаса, мен айырмаймын» деп жатады. 
Үйге байланысты тыйымдардың бірі — «Үй артында кісі 
бар». Яғни отбасындағы күңкіл-шүңкілді сыртқа шығарма 
дегені. Үлкендер: «Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай 
249 


тұрмайды», - дегенді де  қапысыз айтқан. Осыдайша отбасын-
дағы  ұсақ ұрыс-керіске кешіріммен қарай білген. 
Қазақ  ұғымындағы «Өз үйің — өлең төсегің» деген тіркес 
өзіңнің қара шаңырағыңа ештеңе жетпейді дегенді аңғартады. 
Жиренше шешен мен әз-Жәнібек туралы аңыз-әңгімелерде де 
бұл туралы шебер баяндалады. Әз-Жәнібек хан күндердің 
күнінде сарайынан шығып, ақылгөй шешені Жиреншенің 
құжырасына келген ғой. Сонда Жиренше аяғы  қостан шығып 
жатып: «Қайран, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», — деп 
көсілсе керек. 
Бес күндік опасыз жалған көзді ашып-жұмғанша өте шы-
ғары хақ. Өзекті жанға өлім бұйыршақ. Ырыс-берекенің ұйыт-
қысы  құтхана  қапелімде  қаралы шаңыраққа айналады. Үй 
иелері  қара жамылады. Тіршілікте сыйласып өт дегенді ата-ба-
баларымыз: Бір үй толған жансың, бір-біріңе меймансың... — 
деп көрегендікпен дөп айтқан.  Қазақтың біртуар ақыны 
Қасым Аманжоловтың: 
Адамзат мекенінің мейманымыз, 
Бір мезет дүниеге кетер соғып... — 
деген өлең жолдары жүректі шымырлатады. Үйге байланысты 
ырымдардың тәрбиелік ықпалы өзектілігін жоймақшы емес. 
Мәселен, сапарға аттанып бара жатқан адам орта жолдан 
бұрылып кері  қайтпайды. Бұл жаман ырымның нышаны сана-
лады. «Қонақтың жақсысы — үйді тінтпей кеткені» деп те айта-
ды.  Қонаққа келгенін малданып, жайбарақаттыққа салынып, 
астындағы атын,  қолындағы  қамшысын жоғалтатын, 
«шідерімді кім алдыға» басатын мейман үй иелерін әбігерге 
түсіретіні белгілі. Атақты Біржан сал шідерін жоғалтып, әнге 
басқан ғой.  Құдайы  қонақ болып түскен үйінің қызы Ләйлімге 
екі жапсар, бір сылтаумен ұрынып: 
Ләйлім шырақ, дегенде, Ләйлім шырақ, 
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ. 
Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек, 
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ,— 
деп қолқа салған екен атақты Біржан сал. 
Үй — дүниемен ажарланбайды,  қонағымен ажарланады. 
Шаңырағына  қонақ түспейтін сарандарды, үйінен дәм татыр-
майтын шығайбайларды тілі  ұзындар: «Оның үйі - үй емес, 
мола», — деп сыртынан мінеп отыратыны да жасырын емес. 
Әдетте батагөй ақсақалдар: «Үйің жанға толсын,  қораң малға 
толсын», — деп тілектерін айтып жатады. Үйді дүниеге сықап 
250 
қойсаң да, адамы жоқ болса суық тартып тұрады. Өсер жас «Ба-
лалы үй - базар, баласыз үй -  қу мазар» дегенді естен шығарма-
ғаны жөн. Шаңырақ әуел бастан  қазақ ғұрпында  қастерлі са-
налған.  Қосылған екі жасқа ата-ана, туыс-туғанның «Шаңы-
рағың биік, керегең кең болсын» деп бата бергені соның бір ны-
шанындай. Иә, үй — әр үйелменнің құтханасы. Ошағыңнан от, 
қазаныңнан ас кетпеуі үшін тырбанып еңбек етуің керек. Білім 
іздеп, көкірек көзіңді ашқаның жөн. Бір кәсіппен шұғылданып, 
мал табасың. Ата-анаға масыл кержалқауды сыншыл көздер: 
«үйкүшік, үйтентек» деп жағымсыз атаған. 
Жанұя 
Атам  қазақ амандық сұрасқанда: «Үй-ішің аман ба, мал-
жаның,  қора-қопсың, ауыл-аймағың аман ба?» — деп жатады. 
Бұл — мән-мағынасыз сөздер емес. Халқымыздың амандық 
сұрасып, жөн сұрасуының өзі мазмұнының тереңдігімен 
сүйсіндіреді. 
Үй іші мүшелерін жалпылап  қалай атаймыз? «Отбасы» де-
сек жарасымды. «Жанұя» десек те мағынасын жоғалтпайды. 
«Үйелмен» деп те айтады. Меніңше, оны бір ізге түсірудің 
қажеті жоқ. Жанұя дейтіні неліктен?  Қазақта «жаным  ұяда 
болса» деген жақсы сөз бар. Бұл тірі жүрсем, аман болсам де-
генге саяды. Бүгінде орыс тілді  қандастарымыз «семья» деп 
атаудан жаңылар емес. Отбасы, үйелмен, үй іші деуге 
кежегелері кейін тартады. Олай болса, «семьямен» иықтасып 
«келсең, келге» басқан «жанұяны» жатырқаудың еш  қисыны 
келмейді. Өз үйің - жаныңның ұясы емес пе?!  Қазақ «бір үйде 
неше адамсындар?» демейді. Неше жансыңдар дейді. Бала-ша-
ғалы жанұяны жанды-жақты дейді. «Жандымыз» - отбасы 
мүшелері. «Жақты» делінеті - жейтін ауызды меңзегені. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет